Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2015 в 21:01, реферат
Курстық жұмысымның тақырыбы «инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау әдістері ».Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Мұнда жалпы инвестиция ұғымына сипаттама, оны ұтымды , тиімді қолдана білу амалдары мен түрлері, инвестициялық жоюалар, олардың тиімділігін талдау , бағалау қарастырылды
Инвестиция - бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы клешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Кіріспе
І. Инвестиция ұғымына жалпы сипаттамасы және оның маңызы
1.1 Инвестицияның мәні, қызметі.
1.2 Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар.
1.3 Қ. Р–ң инвестициялық қызметін жүзеге
асыруы мен оның маңызды мәселелері.
ІІ. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістерін талдау
2.1 Инвестициялық жобалаудың мәні мен мазмұны
2.2 Инвестициялық жобалаудың қажеттілігі мен қолданылуы
ІІІ. Инвестициялық жобалаудың тиімділігінің бағалаудың шетелдік тәжірибесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
ІІ. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістерін талдау
2.1 Инвестициялық жобалаудың мәні мен мазмұны
Инвестициялық жоба - халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.
Инвестициялық жобаны қаржылық талдау қаржылық пайда, не зиян әкелетін жобаны қабылдау не қабылдамау жөнінде шешім қабалдау үшін қажетті мәліметтер алуға арналған.
Инвестициялардың тиімділігін анықтау жөніндегі мәселе әрбір компания мен әрбір инвесторлардың алдында тұрған үлкен мәселе. Капитал алу немесе өз кәсіпорынына басқа капитал енгізу жөнінде шешім қабылдамас бұрын, инвестицияны жоспарлау және талдау әдісін білу қажет.
Жалпы табысы
өте үлкен кәсіпорынның шығындары
өте төмен болады. Басқаша айтқанда,
жоспарлай отырып, кәсіпкер өзінің
барлық шығындарын жауып, пайда
әкелетіндей табыс табу болып
табылатын басты міндетін
Өндірістік қызмет тиімділігінің көрсеткіштеріне барлық активтер мен олардың құрамдас бөліктерінің табыстылғының салыстырмалы көрсеткіштері, іскерлік белсенділік көрсеткіштері, төлем қабілеттілгі және өтімділік көрсеткіштері жатады.
Инвестициялық жобаның тиімділік көрсеткіштерін 2 негізгі топқа бөлуге болады.
Біріншісі - өндірістік қызметтің тиімділігінің және жобаны жүзеге асырып отырған кәсіпорынның ағымдық және болашақтағы қаржылық жағдайының көрсеткіштері;
Екіншісі – инвестиция тиімділігнің көрсеткіштері немесе Кэш-Флоу дисконтталған белгілері.
Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенсек олар ақша ағымын талдау әдісіне негізделген. Жалпы іс жүзінде қаржылық жоспарды құраушы және инвестициялық жобаны жоспарлауға, талдау мен бақылауға мүмкіндік беретін 3 негізгі құжат бар: бухгалтерлік баланс, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігн арттырудың тек екі жолы бар: қымбатырақ және көбірек сату немесе арзанырақ өндіру.
Жобаның 3 вариантының «Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесі туралы» талдауын қарсатыралық.
Инвестициялық жорбаның 3 вариантын талдау негізінде жасалған қаржы-
шаруашылық қызмет нәтижесі туралы есеп
№ |
Атауы |
Инвестициялық жобаның варианттары | ||
бірінші |
екінші |
үшінші | ||
1. |
Өнімді өткізуден түскен табыс |
3000 |
3000 |
3000 |
2. |
Айнымалы шығындар негізінде есептелген өткізілген өнімнің өзіндік құны |
2500 |
2000 |
1600 |
3. |
Жалпы табыс |
500 |
1000 |
1400 |
4. |
Кезең шығындары (тұрақты шығындар) |
400 |
800 |
1000 |
5. |
Негізгі қызметтен түскен табыс |
100 |
200 |
400 |
6. |
Негізгі емес қызметтен түскен табыс |
10 |
20 |
40 |
7. |
Қалыпты қызметтен түскен табыс |
110 |
220 |
440 |
8. |
Табыс салығы |
22 |
44 |
88 |
9. |
Таза табыс |
88 |
176 |
352 |
Нарықтық қатынастары дамыған елдерде инвестициялық жобалардың тиімділгін бағалауда шығынсыздық әдісін қолданады, өйткені бұл әдіс қаржылық ақпараттың аса маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерге сату көлемін өзгертткеннен, оның кәсіпорыны қанша пайда табатындығын есептегенннен гөрі , сату көлемі қандай болған жағдайда оның кәсіпорыны зиян шекпейтіндігін есептеген маңыздырақ. Басқаша айтсақ зиянсыздық нүктесін табу қажет.
Зиянсыздық нүктесі – кәсіпкердің өз шығындарын жабатын белгілі бір уақыт аралығындағы сауда көлемінің деңгейі.
Зиянсыздықты талдау
келесілерді анықтауға
Сонымен қатар салынған қаражаттардың тез өтелуін қамтамасыз ететін жобаларға ерекше артықшылық беріледі.
Жобаның өтелу мерзімі дегеніміз – кәсіпорынның өндірістік қызметінен түскен түсімдердің инвестицияға жұмсалған шығынды өтеу уақыты. Ол жылмен немесе аймен өлшенеді. Формуласы келесі:
to = ИП / Д Г
t - жобаның өтелу мерзімі
ИП – бастапқы инвестициялар
ДГ - жыл сайынғы табыс
Жобаны жүзеге асыру үшін 60 млн. теңге қажет делік. Жыл сайынға орташа табыс 20 млн. тенге. Жобаның өтелу мерзімі 60: 20= 3 жыл
Бірақта жыл сайын табыс өзгеріп отыруы мүмкін. Бұл жағдайда өтелу мерзімі өзгеше болады. Жыл сайынға табыс болсын:
1-жыл – 12,5 млн.тг
2-жыл – 17,5 млн.тг
3-жыл - 24 млн.тг
4-жыл – 26 млн.тг
Алғашқы 3 жылдағы пайда 54 млн.тг құрайды, яғни бұл уақыт ішінде жоба өтелмейді. Сондықтан 4- жылы қалған 6 млн. тг өтеу қажет. 60:26=0,23.
Сонымен өтеу мерзімі 3 жыл 3 ай болды.
Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады. Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызады. Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын жоғарлатуымен және қонырғыларды жаңартуымен байланысты болады.
Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады және ол циклдың келесі кезеңдерге ие.
Бұл кезеңде
кәсіпорын жетекшілерінің
Жобаның бизнес-идеясы бірінші тексерілімнен өткеннен кейін, оң немесе теріс деген тиянақты шешім қабылдауға болғанға дейін оны ары қарай дамыту керек. Бұл кезеңде жоба жоспарының барлық бағыттарында – коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық, институционалды және т.б. – оны бірте-бірте нақтылау мен жетілдіру талап етіледі. Бұл кезеңде жобаның жекелеген міндеттерін шешу үшін бастапқы ақпараттарды іздеу немесе жинақтау аса маңызды болып табылады. Жобаның сәтті іске асуы жобаны талдау процесінде пайда болатын мәліметтерді дұрыс өңдеу алуға және бастапқы ақпараттардың шынайлығына тәуелді екенін түсіну керек.
Жобаны жүзеге
асыру алдында оның білікті
сараптамасы – жобаның өмірлік
циклына аса қажетті саты
2.2 Инвестициялық жобалаудың қажеттілігі мен қолданылуы
Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы отандық және шет елдік
инвестициялардың тартылумен тығыз байланысты болып келеді. Инвестицияларды әр түрлі қаржы құралдарын шығара отырып тарту бүгінгі күні кең көлемде қолға алынды. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз әсерін тигізуде. Инвестиция негізінен екі бағытта тартылады: бірінші бағыт несие алу арқылы, ал екінші бағыт бағалы қағаздар шығарып сату арқылы. Инвестициялық жобаларды дайындай отырып ссудалық қаражаттарды биснеске тарту соңғы жылдары Қазақстан банктерінде қолға алына бастады. Мұндай инвестициялық жобалардың тиімділігі есептелініп, қарыз алушыға қажетті сома әрбір аяқталған жұмыстан кейін беріледі. Инвестициялық жобалар негізінде несие алу барысында кепіл мүлікті талап етілмейді. Инвестициялық құралдардың арасындағы жобалар арқылы несие алу экономиканың нағыз секторларын дамытуда болашақта негізгі құрал болатыны сөзсіз.
Инвестициялық жобаны техникалық талдау міндетіне мыналар жатады:
жоба мақсаттарының көзқарастарына неғұрлым сәйкес келетін технологияларды анықтау;
жергілікті жағдайларды талдау, оның ішінде шикізатқа, энергияға, жұмыс күшіне қол жеткізуді және оның құнын;
жобаның іске асуы мен жоспарлаудың потенциалды мүмкіндіктерін тексеру.
Техникалық талдауды, әдетте, кәсіпорынның жеке сарапшылар тобы арнайы мамандарды шақыру арқылы жүргізеді. Техникалық талдаудың стандартты процедурасы қолда бар жеке технологияларды талдаудан басталады.[9]
Инвестициялық жобаның қаржылық талдау бөлімінде көлемді және еңбек сыйымдылығы жоғары. Бұл мәселені түпкілікті қарастыруға жекелеген тауарлар арналады.
Инвестициялық жобалаудың қаржылық бөлімінің жалпы нұсқасы қарапайым тізбекке негізделген:
Кәсіпорын қызметінің соңғы 3 жыл ішіндегі қаржылық жағдайына талдау жасау.
Инвестициялық жобаны дайындау кезеңіндегі кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау.
Негізгі өнім өндірісінің залалсыздығына талдау жасау.
Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысындағы пайда мен ақша ағымдарын болжамдау.
Инвестициялық жобаның тиімділік бағасы.
Болашақ инвестициялық жобаның бизнес идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес идеясын іске асыра ала ма деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек. Талдаудың осы түрі инвестициялық жобаны әзірлеу мен оны талдаудың алдан ала кезеңінің мазмұнын құрайды.
Батыстық жобаларды талдау тәжірибесінде әдетте төмендегі критерийларді қолданады:
Саланың пісіп-жетілуін оны даму жағдайының төрт түрінің біреуіне жатқызу арқылы талдау қалыптасқан: эмбрионалдық, өспелілік, пісіп жетілген немесе ескірген.
Екінші критерийге сәйкес, кәсіпорынның тиісті сала шеңберінде оның бәсекеге жарамдылығын орнату керек. Басқаша айтқанда, тауар мен қызмет көрсетудің мақсатты нарығында берілген кәсіпорынның басқа кәсіпорындармен салыстырмалы жағдайын анықтау. Әдетте кәсіпорынның негізгі алты жағдайын қолданады: басым, мықты, тұрақсыз, әлсіз, өмір сүре алмайтын.
Информация о работе Кәсіпорынның инвестициялық жобасының тиімділігін бағалау әдістері