Кәсіпорынның инвестициялық жобасының тиімділігін бағалау әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2015 в 21:01, реферат

Описание работы

Курстық жұмысымның тақырыбы «инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау әдістері ».Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Мұнда жалпы инвестиция ұғымына сипаттама, оны ұтымды , тиімді қолдана білу амалдары мен түрлері, инвестициялық жоюалар, олардың тиімділігін талдау , бағалау қарастырылды
Инвестиция - бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы клешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе
І. Инвестиция ұғымына жалпы сипаттамасы және оның маңызы
1.1 Инвестицияның мәні, қызметі.
1.2 Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар.
1.3 Қ. Р–ң инвестициялық қызметін жүзеге
асыруы мен оның маңызды мәселелері.
ІІ. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістерін талдау
2.1 Инвестициялық жобалаудың мәні мен мазмұны
2.2 Инвестициялық жобалаудың қажеттілігі мен қолданылуы

ІІІ. Инвестициялық жобалаудың тиімділігінің бағалаудың шетелдік тәжірибесі


Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

реферат 12345.docx

— 57.05 Кб (Скачать файл)

   Қаржы-экономика критерийлер – бизнес-жоспарда айқындалатын жобаның құны‚ ағымдағы таза пайда‚ пайда мен пайдалылық (инвестициялардың қайтарымы)‚ тиімділіктің ішкі коэффициенті‚ өтелімділік кезеңі‚ тағы басқалар.

      Нормативтік критерийлерге  құқықтық талаптар (ұлттық және  халықаралық құқық нормалары)‚  стандарттардың‚ конвенциялардың  талаптары‚ экология талаптар‚  патент қабілеті және зияткерлік  меншік құқықтарын сақтаудың  өзге де шарттары жатады.

      Ресурстық критерийлер  жобаның іске асуының әлеуеттік  мүмкіндігін айқындайды және  олардың мынадай топтарын қамтиды: ғылым-техника ресурстар (қажетті  ғылым-техника бөлшектердің‚ тиісті  кәсіптегі және біліктіліктегі  мамандардың болуы)‚ өндірістік  ресурстар (өнімді өндіру үшін  қуаттардың болуы)‚ технология  баламалар‚ қаржы ресурстарының  көлемі мен көздері‚ тағы басқалар.

           Ғылым-зертхана  және тәжірибелік-конструкторлық  жұмыстардың орындалуын жеделдетуден  болатын нәтижені есептеудің  де елеулі мәні бар‚ өйткені  бір жағынан‚ зерттеулер мен  талдамалдар үдерісін жеделдету  жобаны іске асырудың осы саласында  айтарлықтай шығын жұмсауды талап  етеді‚ екінші жағынан‚ жаңа  тиімді өніммен (тауармен‚ бұйыммен) рынокқа ертерек шығу мүмкіндігі  пайда болады. Әрбір әлеуетті  жоба оның елдегі саяси‚ әлеуметтік  жағдайларға сәйкес келуге‚ олардың  өзгеруі мүмкін екендігі тұрғысынан  да бағалануға тиіс.

       Күрделі жұмсалымды  бағалаудың ең кең таралған  әдістері: өтелімділік әдіс‚ пайданың  жай нормасы әдісі‚ қаражатты‚  ағымдағы таза пайданы дисконттау  әдісі. Олардың көбісі ЮНИДО-ның  өнеркәсіптік техника-экономика  зерттеулерді дайындау жөніндегі  оқу құралында (БҰҰ басылымы) көрініс  тапқан. Соның негізінде әзірленген  бағдарламалар пакеті КОМФАР (COMFAR – Computer Model for Feasіbіlіty Analysіs und Reportіng немесе  инвестиция жобалардың техника-экономика негіздемелерін әзірлеудің компьютерлік үлгісі деп аталады. Алайда бағалау әдістері мен критерийлерін таңдау жобаның ерекшелігіне‚ оларда жаңа енгізілімдердің болуына‚ сала тұрпатына‚ басқа да бірқатар факторларға байланысты. Түпкілікті шешімді тапсырыс беруші (кәсіпкер) қабылдайды‚ инвестормен‚ серіктестермен‚ контрагенттермен‚ басқа да мүдделі тұлғалармен келісіледі.

       Қазіргі таңда кәсіорындардың тиімді инвестициялық саясат жүргізуі үшін аталған мәселелерді шешу қажет, атап айтқанда келесі шараларды жүзеге асыру керек:

-         салықтық жеңілдіктер мен инвестициялық  преференцияларды тек жаңа кәсіпорындарға  жаңа өнімді өндіру барысында  ғана беру;

-         Қазақстан Республикасының «Тікелей  инвестицияларды қолдау туралы»  Заңын инвестициялық жобаларды  сараптауды ұйымдастыру мен жүргізу  бойынша баптарын жетілдіру;

-         отандық және шетелдік инвесторлардың  құқықтарын теңдестіру мақсатында  жаңа «Инвестициялар туралы»  заңды жетілдіру;

-         «Құнды қағаздар нарығындағы  инвесторлардың құқықтары мен  мүдделерін қорғау туралы» Заң  қабылдау;

-         инвестициялық жобалардың қаржылық  тиімділігін бағалау бойынша  әдістемелік нұсқаулар әзірлеу, жобаларды талдау үшін нақты  қаржылық көрсеткіштер мен қаржылық  ақша ағындарын негізге алу;

-         инвестициялық жобалардың тиімділігін  бағалау үшін экономикалық көрсеткіштер  жүйесін әзірлеуде экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық сипаттағы  факторларды ескеру; инвестициялардың  тиімділігінің экономикалық негіздерін  анықтау барысында өндірістік  шығындарын толық есепке алып, кәсіпорынды да, тұтынушыны да  қанағаттандырарлық табыс алынуы  тиіс;

-         инвестициялық жобаларды бағалау  бойынша әдістемелік нұсқауларда  тәуекелділік факторларының міндетті  түрде ескерілуі, инвестициялық  жобаларға инфляция деңгейін  ескере отырып  түзетулер енгізу;

-         инвестициялық жобалардың тиімділігін  анықтаудың уақытша әдісін әзірлеу.

Аталған шаралардан басқа инвестициялар және инвестициялық жобалау туралы біртұтас заңдық және нормативтік-құқықтық негіздерді дәлірек айтқанда, Инвестициялық кодексті қалыптастыру қажет. Бұл инвестициялық саясаттың және инвестициялық жобалауды жетілдірудің негізгі бағыттарын нақты анықтауға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

                   Қолданылған әдебиеттер

 

  1.  Әлжанова Н.Ш. Инвестициялық жобалау. – Алматы: «Қазақ университеті», 2012. – 23-33 бб
  2. Бағдарлама «Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу» Экономика негіздері,№6, 2010. – 29-31 бб
  3. Цхай А.С. «Модели инвестиционного проектирования» Хабаршы-Вестник,№2, 2006.– 50-53 бб
  4. Бохаев Д. «Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері» Экономика негіздері, №6 2006. – 4-7 бб
  5. Демесинов Т. «Роль инвестиционного проектирования в финансовом обеспечении банками роста экономики страны» Хабаршы-Вестник, №4 2006. – 53-56 бб
  6. Бохаев Д. «Инвестицияның тиімділігін бағалаудың қарапайым әдістері» Қаржы-қаражат, №5 2007. – 29-32 бб
  7. Әмірқанов Ә., Тұрғұлова А.К. Қаржы менеджменті.Оқу құралы. – Алматы:2002. – 187-190 бб
  8. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы. – Алматы: экономика, 2003. – 158-166 бб
  9. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. – Алматы: Экономика, 2009. – 291-305 бб
  10. Байсартов Э. «Роль государства в инвестиционной сфере» Қаржы-қаражат,№6 2004. – 90-94 бб
  11. Супугалиева Г.И. «Банк аясындағы инвестициялау» Хабаршы-Вестник,№3 2004. – 26-29 бб
  12. Тулеубаева М.К. ҚР-ң инвестициялық қызметінің талдауы. Хабаршы-Вестник, №5 2004 – 69-71 бб
  13. Шаханов Т. «Инвестиционная политика коммерческого банка»Экономика негіздері, №3 2005. – 21-23 бб
  14. Молдахметова М.Н. «Инвестициялық стратегия механизмін реттеу» АльПари, №4-5 2009. – 70-73 бб

 


Информация о работе Кәсіпорынның инвестициялық жобасының тиімділігін бағалау әдістері