Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2013 в 13:33, дипломная работа

Описание работы

Өнім өндірісі және қызмет көрсету процессінде келесі экономикалық ресурстардың түрлерін пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және тоғайлы, жер қойнауы); еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі); өндіріс қорлары (өндірістік ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат, энергия, запас бөлшектер және т.б.), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.
Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................... 3

1. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Нарықтық экономика жағдайындағы негізгі капиталды тиімді пайдаланудың мәні, құрылымы мен жіктелуі....................................................... 7
1.2 Құрылыс материалдар өнеркәсібінің негізгі құралдарының ұдайы өндірісі ......................................................................................................................16
1.3 Негізгі құралдардың пайдалану тиімділігін бағалаудың әдістемелік негіздері .....................................................................................................................21

2. «ЖАМБЫЛГИПС» АҚ-НЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЖАҢАРТУ ДЕҢГЕЙІН КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ
«Жамбылгипс» АҚ-ның экономикалық белсенділігін талдау................ 29
«Жамбылгипс» АҚ-ның негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін талдау................................................................................................................. 39
Кәсіпорында негізгі құралдарды тиімді пайдалануын талдау ......................43

КӘСІПОРЫНДА НЕГІЗГІ КАПИТАЛДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ
ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ
Негізгі капиталдың тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату.........................................................................................................50
“Жамбылгипс” АҚ-ның негізгі капитал тиімділігін арттыру жолдарының негізгі бағыттары........................................................................58

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................64
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ..................................................................67

Файлы: 1 файл

КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ 70 бет.doc

— 533.00 Кб (Скачать файл)

Тәнділігі бойынша негізгі  қорлар келесідей бөлінеді:

-    меншікті – ол  субъектке тиесілі және оның балансында болатын негізгі қорлар;

-  арендаға алынған – ол басқа бір субъекттен аренда шартымен белгіленген бір мерзімге алынған негізгі қорлар. Ағымды аренда кезеңде оны аренда берушінің балансында болады, ал арендаға алушы шотында 001 «Жалға берілген негізгі қорлар» көрсетіледі. Арендаға берілген негізгі қорлар қатарына ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі қорлар жатады, егер арендаға алушы келісім шартта белгіленген сатып алу құнын аренда уақыты біткеннен кейін немесе бітпей тұрып өткізсе, онда ол аренда алушының меншігіне өтеді. Оларды сәйкесінше 121, 122, 123, 124, 125 субшоттарда «Ұзақ мерзімді жалға берілетін негізгі қорлар» есептейді.

- қозғалыстағы - өндірісте және шаруашылық қызметте пайдаланылатын негізгі қорлар;

-    тоқтап тұрған – уақытша пайдаланылмайтын негізгі қорлар;

-  запастағылар – қозғалыстағы негізгі қорларды жөндеуде, аварияда немесе жойылып кеткенде ауыстыруға арналып қойылған негізгі қорлар.

Заттай құрамына байланысты негізгі қорлар:

- мүлікті – заттай құрамы бар объектілер (ғимараттар, құрылыстар, машиналар, құрал-жабдықтар);

-   мүліксіз – жерге, тоғайлық және сулы жерлерге (құрылыстардан басқа) капитал салымдары, яғни заттай формасы жоқ шығындар (жер учаскілерін жоспарлау, жалға алынған негізгі қорларға капиталдық шығындар және т.б.).

Өндірілген өнім және көрсетілген қызмет қай экономика  саласына және қызмет түріне жатса, соған  қатысқан негізгі қорлар сол  экономика  саласына және қызмет түріне жатады.


                                                               



 


 



 

 

 

 

 

 

   

1 сурет- Кәсіпорынның  негізгі қорлары

 

Негізгі қорлар жасайтын функциясына және мақсатты белгілеуіне  байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

1. Жер – субъекттің меншік құқығымен сатып алынған жер көлемі және құны. Жерге деген меншік құқығы «Жер учаскесіне меншік құқық актісі» мен бекітілуі тиіс. Инвентарлы болып жер бөлімшесіне меншік құқығы актісі берілген әрбір жер саналады.

2. Ғимараттар – еңбекке жағдай жасау, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, баспана және материалды құндылықтарды сақтауға арналған архитектурлы-құрылыстық объектілер. Инвентарлы объект болып әрбір бөлек тұрған ғимарат саналады.

 3. Құрылыстар – еңбек затын өзгертпейтін қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыру үшін арналған инженерлі-құрылыстық объектілер (шахталар, мұнай және газ скважиналары, платиналар, эстакадалар, мосттар).

Мүкаммалар (инвентарь) болып әрбір бөлек тұрған құрылыс саналады.

4. Өткізгіш құрылғылар – электро, жылу және механикалық энергияны тасымалдауға арналған құрылғылар (электроөткізу линиялары, жылу желісі, құбырлар).

5. Машиналар және құрал-жабдықтар. Мүкаммалар объектісі болып әрбір машина саналады, егер ол басқа бір объектінің бөлігі болмаса, өзінің құрамына кіретіндер құралдар, керек-жарақтар, қоршаулар, фундамент негізгі қорлардың бұл тобы 5-ке бөлінеді:

- күш машиналары және құрал-жабдықтар – жылу және электроэнергияны шығаратын машиналар, генераторлар; әр түрлі энергияны механикалық энергияға айналдырылатын машина-двигательдері (тракторлар және өзі жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар, іштен жану двигательдері).

-  күш машиналары және құрал-жабдықтар – еңбек өнімін шығару процесінде еңбек затына механикалық, теориялық және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдықтар (токарлы станоктар, насостар, электромоторлары, эксковаторлар, грейдерлер).

- өлшегіш және реттеуіш құралдар, жабдықтар және лабораториялық құралдар – бұл өндірістік процессті реттеу және өлшеу үшін арналған құрал-жабдықтар (дизаторлар, амперметрлер, микроскоптар, суөлшегіштер, монометрлер).

- есептеуіш техника – бұл процестерді автоматтандыруға және жылдамдатуға арналған машиналар, құрал-жабдықтар (компьютерлер және т.б. есептеуіш құралдар).

-  басқа да машиналар және құрал-жабдықтар – машиналар, аппараттар және басқа да құрал-жабдықтар (телефон станцияларының, радиобуындарының құралдары).

6. Көлік құралдары – адамдарды және жүктерді тасуға арналған жүру құралдары (автомобиль, теміржол, су транспорттарының қозғалу құрамы). Инвентарлы объектісі болып барлық оған қатысты құрал және жабдықтармен бірге бөлек объектілер табылады.

7. Аспаптар (құралдар) – бұл механикаландырылған және механикаландырылмаған қол еңбек құралдары немесе металдарды, ағаштарды және т.б. өңдеуге арналған машинаға бекітілген жабдықтар (кесетін, соғатын, езетін, жұқартатын еңбек құралдары – электро дрельдер, электро вибраторлар және т.б.). Инвентарлы объектісі болып тек қана басқа инвентарлық объектінің құрамына кірмейтін құралдар жатады.

8. Өндірістік жабдықтар және құралдар - өндірістік операцияларды жасауға   немесе   жеңілдетуге арналған құралдар –   жұмыс столы, шкафтар, және т.б.

9. Шаруашылық инвентарь – конторлық және шаруашылық инвентарь (үстелдер, шкафтар және клемдер).

10. Көпжылдық отырғызулар – жасанды, көпжылдық оптырғызулар (жеміс-жидектер, жүзім ағаштары, көпжылдық гүл отырғызулары, роза егіндері, тірі шарбақтар және т.б.).

11. Жерді жақсарту үшін капитал   шығындары (құрылыссыз) – шаруашылыққа пайдалану үшін жерді жақсарту шараларына инвентарлы сипаттағы шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, алаңды тастардан тазарту және т.б.).

12. Басқа да негізгі қорлар – библиотекалық қорлар, музей құндылықтары және т.б [4].

Нарықтық экономикаға өту жағдайында бухгалтерлік есептің мақсаты негізгі қорлардың қозғалысын, шығуын, түсімін дұрыс және уақытылы қадағалау; пайдалану жерлерінде олардың бар болуын және сақталуын бақылау; негізгі қорлардың тозуын уақытылы және дәл есептеу, сонымен қатар оның есепте дұрыс айқындалуы; жөндеуге кеткен шығындарды анықтау және осы мақсатқа бөлінген қаржыларды тиімді пайдалануды басқару; тиімді пайдалануды басқару, машиналардың, құрал-жабдықтардың, көлік құралдарының және басқа да объектілердің жұмысының тиімділігін көтеру үшін қорларды табу, сонымен қатар өнім шығаруын көтеру үшін өндірістік алаңдарды қолдану; негізгі қорлардың пайдаланбайтын, артық объектілерін шығару; кәіспорын басшысын есептеу техника құралдары базасында есептеп шығару жұмыстарын автоматтандыру жолымен негізгі қорлардың жағдайы туралы қажетті ақпаратпен жедел қамтамасыз ету [6].

Негізгі қорлар қандай да болмасын өндірістің  маңызды факторы  болып табылады. Олардың жағдайы  және тиімді пайдаланылуы кәсіпорынның шаурашылық қызметінің ақырғы нәтижесінде тікелей әсерін тигізеді.

Нарықтық экономикаға  өту шарттары еңбек коллективін  өндірістің барлық материалды-құндық факторларын соның ішінде негізгі  қорларды тиімді пайдалануды көтеру қорларын тұрақты іздеуге ниеттейді. Бұл қорларды мұқият экономикалық талдау жүргізудің  арқасында тауып және іс жүзінде қолдануға болады.

Негізгі қорлардың жағдайы  және оларды пайдалану – талдамалық жұмыстың негізгі бір аспектісі  болып табылады, себебі дәл осылар әр бір өндірісті  тиімді пайдаланудың негізгі факторы – ғылыми-техникалық прогрестің  материалды айналуы болып табылады.

Кәсіпорынның негізгі  қорларын және өндірістік қуаттылықтарын толық және тиімді пайдалану оның баруына әсерін тигізеді: оның еңбек  өнімділігінің өсуіне, қорқайтарымның, өнім шығарудың көбеюіне, оның өзіндік құнының төмендеуіне, капитал салымдарын үнемдеуге.

Өнеркәсіпті-өндірістік негізгі қорларды тиімді пайдалануды және жағдайын талдау мақсаты болып: кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшілерінің негізгі қорлармен қамтамасыз етілуін анықтау, оларға деген қажеттілігін анықтау, олардың өсу жоспарының орындалуын, жаңаруын және шығуын анықтау, негізгі қорлардың техникалық жағдайын әсіресе активті бөлігін зерттеу, негізгі қорлардың пайдалану дәрежесін және оған әсер еткен факторларды анықтау, құрал-жабдықтар паркінің толықтай қолданылуын және комплекттігін анықтау, қорқайтарым өсімінің резервтерін шығару, негізгі қорларды тиімді пайдалану есебінен өнім көлемін және пайданы көтеру.

Негізгі қорлар пайдалануына байланысты қозғалыстағы, запастағы және тоқтатылғандар болып, тиістілігі бойынша – жеке меншіктегі және арендаға берілгендер болып бөлінеді.

Қозғалыстағы – пайдаланудағы  негізгі қорлар (жұмыстағы, жөндеудегі немесе тоқтаудағылар).

Запастағы негізгі қорларға запаста тұрған құрал-жабдықтар және көлік құралдары (складтағы резервте тұрғандар), қолданудан шыққан негізгі қорларды ауыстыруға арналған.

Тоқтатылған негізгі  қорлар кәсіпорынның немесе бөлек цехтардың  уақытша қолданысынсын тоқтатуын  белгіленген тәртіппен құжатты  хатталғандар.

Жеке меншіктегі сол кәсіпорынға тиесілі негізгі қорлар. Арендаға алынған басқа бір кәсіпорыннан (ұйымдардан) уақытша пайдалануға салынған негізгі қорлар.

Негізгі қорлар қандай да болмасын өндірістің  маңызды факторы болып табылады. Олардың жағдайы және тиімді пайдаланылуы кәсіпорынның шаурашылық қызметінің ақырғы нәтижесінде тікелей әсерін тигізеді.

 

 

2 сурет - Негізгі қорлардың әр саладағы үлесі

 

Негізгі өндірістік қорлардың түрлі құрылымы әр саладағы өнеркәсіп кәсіпорындарында бірдей емес. Мысалға, ғимараттардың негізгі қорлардың толық құны жеңіл тамақ өнеркәсібіндегі үлесі көбірек (44%), құрылыстар – жанар-жағармай өнеркәсібінде (17%), таратқыш құрылғылар – электроэнергетикада  (32%), машина және құрал-жабдықтар – машина құрастыратын кешенді кәсіпорындарында  (45%) [6].

Негізгі қор бұл нақты  өзгертілмеген үлгіде өзінің материалды заттай бағалау құнында, ағымдық  ұзақ кезеңін жиі жоғалтады. Олар кәсіпорындарда ұзақ мерзімде  пайдаланып өздерінің бағасын өндірген өнімге аударады. Негізгі қорлар қозғалыстық ұлттық байлықтың негізгі бөлімі болып келеді және қай елдің  экономикасында болмасын анықтаушы ролінде ойнайды. Негізгі қорды тиімді немесе дұрыс пайдалану елдің экономикасын көтерілуіне негізгі жағдайда болып келеді.

1.2  Құрылыс   материалдар   өнеркәсібінің   негізгі    құралдарының    ұдайы өндірісі

 

Қазіргі нарық жағдайында ұдайы өндіріс тұсында жүріп  жатқан саясат аса маңызды мәнге  ие, өйткені негізгі құралдардың сапалық және сандық жағдайына жауап береді.

Бұл саясат тек макро  деңгейде ғана емес, сонымен қатар  микро деңгейде де қолданылу керек. Ұдайы өндіріс саясатының негізгі  мақсаты – макро деңгейде шаруашылық субьектілерге ұдайы өндіріс, жаңа техникамен мүліктену, реконструкциялар, өндірісті техникалық қайтақаруландыру, ұдайы өндірістің жай және кеңейтілген түрлеріне қолайлы жағдай жасау. Бұл міндеттердің барлығы да амортизациялық, салықтық, инвестициялық саясаттармен жүзеге асырылады.

Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі – жаңа құралдарды мүліктену, реконструкциялар, техникалық қайтақаруландыру, модернизация және капиталды жөндеулер жолымен оларды үздіксіз жаңарту үрдісі.

Ұдайы өндірістің екі  нысаны бар:

- жай ұдайы өндіріс,  негізгі құралдардың  тозу   шығындары амортизацияның  есебімен сәйкестенгенеді;

-  кеңетілген ұдайы  өндіріс, негізгі құралдардың   тозу   шығындары амортизация   есебінің сомасынан жоғары болған  кезде.

Негізгі қорлардың ұдайы  өндірісінің басты мақсаты –  кәсіпорында негізгі қорларды сапалық және сандық жағдайын қамтамасыз ету, сонымен қатар оларды жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау. Негізгі  қорлардың ұдайы өндірісі үрдісінде келесі міндеттер шешіледі:

-    әр түрлі  жағдайларға байланысты істеп  шыққан негізгі қорларды  қалпына    келтіру;

-     өндірістің  көлемін ұлғайту мақсатында негізгі   қорларды көбейту;

-   негізгі   қорлардың    түрлі    технологиялық, жастық құрылымдарын жетілдіру немесе өндірістің техникалық жағдайын көтеру.

Негізгі қорлардың ұдайы  өндіріс үрдісі түрлі көздер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Кәсіпорындарда негізгі құралдардың өндірісі үшін негізгі құралдар келесі арналар бойынша келуі мүмкін:

    • кәсіпорынның жарғылық капиталы ретінде;
    • капиталды салымдар нәтижесінде;
    • міндетсіз беру нәтижесінде;
    • аренда ретінде.

Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі сандық жағынан жыл бойы негізгі қорлардың балансында толық бастпқы құны бойынша мына формуламен көрінеді:

                          Фк = Фн + Фв – Фл         (1)

Мұндағы, Фк  - негізгі құралдардың жыл соңындағы құны;

                 Фн - негізгі құралдардың жыл басындағы құны;

                         Фв - негізгі құралдардың жыл бойына қозғалстағы негізгі          құралдардың құны;

                   Фл - негізгі құралдардың жыл бойына жою құны [3].

Модернизация (жаңғырту) – бұл жаңа құрал-жабдықтардың қатарына дейін негізгі құралдардың  ТЭК-ін жақсарту және моральды тозуды азайту мақсатында техникалық жетілдіру болып табылады. Жаңарту дәрежесіне байланысты модернизация  бөлікті және кешенді (түбірлі қайтажасау) деп екіге бөледі. Әдісі мен шартына байланысты модернизацияны типтік және мақсаттық деп бөледі.

Типтік модернизация – бұл сериялық құрылыста топтық біртипті өзгерістер;

Мақсаттық модернизация – нақты  өндірістің қажеттілігіне байланысты жетілдіру.

Модернизацияның шарты үнемдеу немесе  қосымша түсімдердің өткізілуі мына формуламен анықтауға болады:

С = П = (C1 – C2) V2 ,    (2)

мұндағы,          С - өнімнің өзіндік құнын азайту;

              П – қосымша түсім;

Информация о работе Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану