Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2013 в 13:33, дипломная работа

Описание работы

Өнім өндірісі және қызмет көрсету процессінде келесі экономикалық ресурстардың түрлерін пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және тоғайлы, жер қойнауы); еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі); өндіріс қорлары (өндірістік ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат, энергия, запас бөлшектер және т.б.), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.
Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................... 3

1. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Нарықтық экономика жағдайындағы негізгі капиталды тиімді пайдаланудың мәні, құрылымы мен жіктелуі....................................................... 7
1.2 Құрылыс материалдар өнеркәсібінің негізгі құралдарының ұдайы өндірісі ......................................................................................................................16
1.3 Негізгі құралдардың пайдалану тиімділігін бағалаудың әдістемелік негіздері .....................................................................................................................21

2. «ЖАМБЫЛГИПС» АҚ-НЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЖАҢАРТУ ДЕҢГЕЙІН КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ
«Жамбылгипс» АҚ-ның экономикалық белсенділігін талдау................ 29
«Жамбылгипс» АҚ-ның негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін талдау................................................................................................................. 39
Кәсіпорында негізгі құралдарды тиімді пайдалануын талдау ......................43

КӘСІПОРЫНДА НЕГІЗГІ КАПИТАЛДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ
ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ
Негізгі капиталдың тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату.........................................................................................................50
“Жамбылгипс” АҚ-ның негізгі капитал тиімділігін арттыру жолдарының негізгі бағыттары........................................................................58

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................64
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ..................................................................67

Файлы: 1 файл

КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ 70 бет.doc

— 533.00 Кб (Скачать файл)

Перспективалық анализ – бұл инвестицияларды талдаудың  негізгі түрі, оған баланста бар  негізгі қорлардың және оларды тиімді қолдануының бағалануы барлық ресурстар  түріне қолданылатын технологиялық  бағалануға негізделген, ол қайтарымдылық  және сыйымдылық көрсеткіштерін есептеуді және талдауды болжайды. Сонымен қатар негізгі қорлардың рентабельділігі және салыстырмалы үнемдеуін бағалау жүргізіледі.

"Жамбылгипс" АҚ-ның бойынша негізгі қордың қор қайтарымы келесідей:

2004 жылы  ФОо = 331500,5/143132,0 = 2,32   тенге

2005 жылы  ФО1 = 339136,9/168915,0= 2,02 тенге

2005 жылы пайдаланылған негізгі қорлардың 1 тенгесінен 2,02 тенгеге өнім көріп отырмыз.

Қор қайтарымның өзгерісін  сипаттайтын индекс:

Iфо = ФО1 / ФОо                (12)

          Iфо  = 2,02 / 2,32 = 0,86  немесе  14%

яғни, қор қайтарымдылық  коэффициенті 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда  –0,31 кеміген.

Қор қайтарым нәтижелерін салыстырғанда  базистік жылға қарағанда есептік  жылы қор қайтарым көрсеткіштері  айтарлық көтерілген. Қор қайтарым көрсеткішінің кемігенін 2 негізгі фактордың әсерінен деп түсіндіреміз, біріншіден негізгі қорлардың көлемінің өсу есебінен және екіншіден кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларын пайдалануды жақсартудан.

Қор қайтарымның кемуі  дәл қай фактордың есебінен кемитінін анықтау үшін келесі есептемені жүргіземіз. Бұл үшін келесі кестеде қор қайтарымға және оның өсу қарқынына әсер ететін негізгі көрсеткіштердің  абсолютті өзгерулерін көрсетеміз.

Қор қайтарымға факторлардың әсерін талдау барысында “Жамбылгипс” ЖАҚ-да  қор қайтарымының өзгеруіне өнім көлемі оң әсер етіп, өндірістік негізгі қордың орташа жылдық құны теріс әсер еткені анықталды, себебі өндірілген өнімнің көлеміне сәйкесінше негізгі қордың құны қайтарылмай отыр.

7 кесте – "Жамбылгипс" АҚ-ның  негізгі құралдарды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері

Негізгі көрсеткіштер

Өлшем  бірлігі

2004

2005

Ауытқу

+ / -

%

1

Өнімді өткізуден түскен түсім

мың тг

331500,3

339136,9

7636,6

102,3

2

Негізгі құралдардың  орташа жылдық құны

мың тг.

143132,0

168915,0

25783,0

118,0

3

Қор қайтарымы

теңге

2,32

2,01

-0,31

86,6

4

Қор сиымдылығы

 теңге.

0,43

4,32

3,89

10,05 есе

5

Жұмысшылар саны

адам

417

481

64

115,3

6

Қормен карулану

мың теңге.

343,2

351,2

308,0

102,3


Ескертпе - "Жамбылгипс" АҚ-ның мәліметтері  бойынша есептелінді

 

Жоғарыда көрсетілген  кестедегі мәліметтерді мына формулалардың  көмегімен анықтадық;

Негізгі қордың тиімділігін  сипаттайтын көрсеткіштер;

  1. Ққ=
    ; тг/тг       (13)
  2. Қс=
    ; тг/тг           (14)
  3. Кқарул=
    ; тг/Адам      (15)

“Жамбылгипс” АҚ-ның  негізгі қорлардың жылжуы туралы есеп беруіне сүйене отырып, негізгі  қордың тиімділік көрсеткіштері  қор қайтарымы, қор сыйымдылығы және жұмысшылардың қор қарулануы анықталды. Анықталған мәліметтерге сай, кәсіпорын жыл сайын жаңа құралдарды өндіріске еңгізгені нәтижесінде қор қайтарымы есепті жылы базистік жылға қарағанда біршама жоғарылаған.

Екі жыл көрсеткіштерін салыстыра келгенде  "Жамбылгипс" АҚ-ның кәсіпорынының негізгі  құралдарының жағдайы, яғни орташа жылдық құны төмендегенін байқаймыз.Есепті жылы 2004 жылмен салыстырғанда 54405,5 мың тенгеге көбейіп отыр. Менің ойымша кәсіпорындағы негізгі құрал –жабдықтың моральдік тұрғыдан шектен тыс тозуы сапалы өнім өндіруге, өндірістің толық қуатта жұмыс істеуіне мүмкіндік бермеуіне байланысты есептен шығарылып отыр.

2004 жылы  "Жамбылгипс" АҚ-ның қор қайтарымдылығы 2,12  тенге, ал 2005 жылы 0,62 тенгеге төмендеп  отыр. Қор қайтарымдылығы көрсеткіші  басшыларға бекітілген қорлардан  қаншалықты табыс алатынын көрсетеді.

Келесі қарастыратын  көрсеткішіміз ол қор сыйымдылығы, яғни 1 теңге өнім көлеміне қанша  негізгі қор келетінін көрсетеді. Қор сыйымдылығы – бұл өте  қажет көрсеткіш, ол капитал салымдарының үнемдеуімен немесе олардың ұлғаюымен  байланысты. Қарастырылып отырған кезең уақытында 2004 жылы қор сыйымдылығы 0,47 тенге, ал  2005 жылы  0,62 тенгені құрады.  Қор сыйымдылығы төмендеген кезде негізгі өндірістік қорлардың жақсы қолдануы байқалады.

       Сонымен бірге 1 жұмысшының қормен қарулануы 2005 жылы 437,5 мың тенгені көрсетті, ол  2004  жылға қарағанда 16 пайызға артты.

 Кәсіпорынның табысты қызметінде мүлкінің қоғалысы да маңызды роль  ойнайды.  Сондықтан кәсіпорын тозығы жеткен құрал-жабдықтарды есептен шығарып, оның  орнын  жаңасымен толықтыруға тырысып жатады. Тозығы жеткен құралдар есептен шығарылып, оның орнына басқа жаңа құралдармен ауыстырылып жатады.

Негізгі қорлардың толық  барын көп жағдайда белгіленген  бір мезгілдегі жағдайын сипаттайды. Мысалға, есептік жылдың жыл басына және жыл аяғына бар болуын негізгі қорлар балансынан алуға болады. Бірақ кейбір жағдайларда негізгі капиталдың бар болуы орташа бір кезең ішіндегі негізгі қорлардың қозғалысы салдарынан олардың түсімі және шығысы жүрген туралы сипаттама қажет болады. Орташа бір кезең ішіндегі бар болуын статистика орташа шамалардың формуласын пайдаланамыз: а) кезеңнің басындағы және аяғындағы мәліметтері бар болған кезде – орташа арифметикалық жәй;  б) тең емес интервалды уақыт моментіне мәліметтер бар болғанда – орташа арифметикалық. салмақтанған;  в) тең интервалды периодты уақыт моментіне мәліметтер бар болғанда – момент қатарының орташа хронологиялық. Бір сөзбен айтқанда негізгі қорлардың ортажылдық құны -  бұл кәсіпорынның жыл ішіндегі негізгі қорлардың бар болуының орташа мағыналы көрсеткішінің құны. Негізгі қорлардың ортажылдық баланстық құнынан басқа негізгі қорлардың ортажылдық құны ортажылдық бағада есептелуі мүмкін.

Негізгі қорлардың ортажылдық құнын келесі формуламен есептеуге  болады.

                              Фс = Фн + Фв · Тв/12 – Фл · Тл/12  (16)                 мұндағы,   Фн – негізгі қорлардың жыл басындағы құны;

Фв – жыл ішінде енгізілген негізгі қорлар құны;

Фл – жыл ішінде шыққан негізгі қорлар құны;

 Тв – жыл ішінде енгізілген негізгі қорлардың

             функционирлену уақыты;

 Тл – жыл ішінде негізгі қорлардың шыққаннан кейінгі

                                 өтіп кеткен уақыт. 

Негізгі қорлардың тозушылық  дәрежесін тозу коэффициенті арқылы есептейді, ол негізгі қорларды тозу сомасының, оның толық құнына қатынасымен анықталады немесе жарамдылық коэффициентінің 1 (100%) толығуын айтамыз.                                                                                                               

                      Тозу сомасы                                                  



                                       Негізгі қорлардың толық бастапқы құны        (17)

немесе      Ктозу = 1 – Кжарамд.

Негізгі қорлардың жарамдылық дәрежесін  анықтау үшін жарамдылық коэффициенті пайдаланылады, ол негізгі қорлардың қалдық құнының толық бастапқы құнына қатынасымен анықталады. Жарамдылық коэффициенті шығарылатын өнімге әлі ауыстырылмаған негізгі қорлар  көлемін сипаттайды. Ол тозу коэффициентіне кері пропорционалды.


                           Негізгі қорлардың қалдық  құны            

                                                       Толық бастапқы құн                               (18)


 

 

немесе     Кжарамд. = 1 - Ктозу

Тозу және жарамдылық коэффициенттерін жағдайына қарай  жыл басына және жыл аяғына есептелінеді. Олар негізгі қордың жағдайын оның техникалық деңгейін сипаттайды.

Негізгі қорлар қозғалысының көрсеткіштері период ішінде негізгі  қорлардың түскенде және шыққанда оның көлемін және құрылымын сипаттайды. Негізгі қорларды жаңарту коэффициенті есептік кезең аяғына оның жаңару дәрежесін сипаттайды, негізгі қорлардың қайта өндіріс көрсеткіші болып табылады, есептік жылы қозғалысқа түскен жаңа негізгі қорлар құнының жыл аяғындағы негізгі қорлар құнына қатынасымен анықталады:

 

                                                Жаңа  негізгі қорлар құны                           


                                  Жыл аяғындағы негізгі қорлар құны       (19)  

 

Ол қозғалысқа енгізілген негізгі  қорлардың қатынастық сипатын көрсетеді.Негізгі қорларды толықтырулар тек қана жаңасын сатып алу нәтижесінде ғана емес санымен қатар эксплуатацияда болған негізгі қорлардың түсімін сипаттау үшін түсім коэффициенті пайдаланылады:

 

                                         Жыл ішінде түскен негізгі қорлар құны              


                                         Негізгі қорлардың жыл аяғындағы құны         (20)


 

Негізгі қорлардың қайта  өндіріс динамикасын талдау үшін негізгі қорды жаңартудың   интенсивті коэффициенті пайдаланылады:

                                             Жойылған негізгі қорлар құны  


                                       Қайта енгізілген негізгі қорлар құны                   (21)


 

Бұл коэффициентті көтерген жағдайда негізгі қорларды ауыстыру интенсивтілігі төмендейді және керісінше.

Негізгі қорлардың тек  қана тозуы және өте ескіргендігінен  пайдаланылатын негізгі қордың шығу дәрежесін сипаттайтын  жою коэффициенті:

 

                                                  Жойылған негізгі қорлар құны            


                                           Негізгі қорлардың жыл басындағы құны         (22)


 

 

8 кесте -"Жамбылгипс" АҚ-ның негізгі құралдардың қозғалысын және техникалық жағдайын бағалау көрсеткіштері

Негізгі көрсеткіштер

2004 жыл

2005

жыл

 

+;-

 

%

1

Тозу коэффициенті

0,27

0,21

-0,06

-0,8

2

Негізгі қор жарамдылық коэффициенті.

0,73

0,79

0,06

108,2

3

Негізгі құралдардың  істен шығу коэффициенті

0,28

0,23

-0,05

82,1

4

Негізгі құралдар жаңару коэффициенті.

0,45

0,21

-0,24

0,5


Ескертпе - "Жамбылгипс" АҚ-ның мәліметтері  бойынша есептелінді

 

Жоғарыдағы кесте мәліметтері "Жамбылгипс" АҚ-ның негізгі  құралдарының техникалық жағдайын сипаттайды. Кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай негізгі құралдардың есепті жылы 21% тозғанын байқаймыз. Соған сәйкес 79% өндірісте жарамды болып есептеледі. 2004 жылы кәсіпорында негізгі құралддардың 28% істен шыққан, кәсіпорында тозған негізгі құралдардың есепті жылы тек қана 21% ғана жаңартылған, ал алдыңғы жылы негізгі құралдардың 45% қызметінің соңғы нәтижесіне әсер етті. Есепті жылы өндіріс тиімділігі күрт төмендеп кетті, өйткені кәсіпорын шығынмен жұмыс атқарды.

 

 

 

 

 

 

 

 

3. НЕГІЗГІ КАПИТАЛДЫ КӘСІПОРЫНДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ

 

3.1  Негізгі  капиталдың тиімді пайдалану  жолдарын  жоғарылату

 

Кәсіпорынның негізгі  өндірістік қорлары экономикалық болашақтық материалдық базасын, олардың өндірістік аппаратын құрайды. Негізгі қорлардың құрамын сапалы жетілдіру, оларды пайдаланудың  тиімділігін жақсарту еңбек өнімділігін көтерудің, өнімнің өзіндік құнын төмендетудің негізгі факторлары болып табылады.

Кәсіпорынның техникалық мүмкіншілігін тиімді пайдалануды  көтерудің негізгі жолдары –  бұл өндіріс үрдістерінің механизациясы  және автоматизациясы, құрал-жабдықтардың тұрып қалуын резервтік қуаттылықтың жүктеуін реттеу жолымен төмендету, негізгі номенклатураға кірмейтін өнім дайындау, құрал-жабдықтардың ауыстыру коэффициентін көтеру техниканы автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықтандыру, ғылыми техникалық жетістік шараларын жүргізу және т.с.с.

Өнімнің өндірісін өсіру, өзіндік құнын азайту, өнім сапасын жақсарту, мүлікке салықтың азаюы және баланстық өсімнің түсуі, кәсіпорынның негізгі құралдарын пайдалануын жақсарту оның қаржылық нәтижелеріне әсер етеді.

Кәсіпорында негізгі  құралдарды пайдалануды жақсарту мына жолдармен жетуге болады:

- кәсіпорындағы негізгі құралдарды арендаға беру немесе артық жабдықтардан, машина және басқа негізгі құралдарын жасату;

- құралдарды  жөндеулерді  уақытында және сапалы түрде  жоспар бойынша өткізіп тұру;

-   жоғары сапалы  негізгі құралдармен мүліктену;

-   қызмет көрсетуші персоналдардың квалификациялық деңгейін көтеру;

-  шамадан тыс моральды  және физикалық тозуды болдырмау  мақсатында негізгі құралдардың,  әсіресе активті бөлімді уақытылы  жаңартып отыру;

- өндіріс процессіне  материал және шикізат дайындығын  сапалы жақсарту;

-   өндірістің механизация  және автоматизация  деңгейін  жақсарту;

Информация о работе Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану