Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2012 в 18:21, курсовая работа
Бүгінгі таңда өркениетті даму жолына түскен Қазақстан Республикасы қоғамның барлық саласында аса маңызды реформаларды жүзеге асыруда. Бұл реформалардың ішіндегі ең күрделісі әрі өте байыптылықты қажет ететін бағыты әлеуметтік саладағы реформалар болып табылады. Өйткені, біріншіден, әлеуметтік мәселе адамдардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты болғандықтан үнемі күн тәртібінде тұрады; екіншіден, мемлекеттің әлеуметтік саясаты әрқашан халықтың назарында болып, оның талқысы мен сынына түсіп отырады.
Кіріспе.....................................................................................................................3
1. Әлеуметтік саясат, оның қағидалары мен көрсеткіштері.....................6
2. Қазақстанда еңбекпен қамтуды мемлекеттік реттеу...........................12
3. ҚР зейнетақы реформасы.......................................................................23
Қорытынды..........................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер ..............................................................................34
АТМГИ мамандық 5В0508000есеп және аудит, топ-ЕжА-11 ССО , қ/б
Студетттің аты-жөні: Құбашева Гүлжанат
АТМГИ мамандық 5В0508000есеп және аудит, топ-ЕжА-11 ССО, қ/б
Студетттің аты-жөні: Құбашева Гүлжанат
Кіріспе.......................
1. Әлеуметтік саясат,
оның қағидалары мен
2. Қазақстанда еңбекпен қамтуды мемлекеттік
реттеу........................
3. ҚР зейнетақы реформасы........
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер ..............................
Бүгінгі таңда өркениетті даму жолына түскен Қазақстан Республикасы қоғамның барлық саласында аса маңызды реформаларды жүзеге асыруда. Бұл реформалардың ішіндегі ең күрделісі әрі өте байыптылықты қажет ететін бағыты әлеуметтік саладағы реформалар болып табылады. Өйткені, біріншіден, әлеуметтік мәселе адамдардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты болғандықтан үнемі күн тәртібінде тұрады; екіншіден, мемлекеттің әлеуметтік саясаты әрқашан халықтың назарында болып, оның талқысы мен сынына түсіп отырады. Сондықтан да әлеуметтік саясат мемлекеттілікті орнықтыру мен мемлекетті басқаруда аса маңызды орын алады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттілігінің негізгі бағыттарының бірі- әлеуметтік мемлекет құру. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабы бойынша біздің еліміз әлеуметтік мемлекет деп жарияланған. Сонымен қатар, мемлекетіміздің басты Стратегиялық құжаты - «Қазақстан-2030» бағдарламасында елімізді әлеуметтік мемлекетке айналдыру мәселесі басым бағыттардың бірі ретінде атап көрсетіледі [1]. Бұл әлеуметтік мемлекет қалыптастыруды басты нысан етіп алған билік өзінің саяси жауапкершілігін сезінетінін дәлелдейді. Бір қарағанда, әлеуметтік мемлекет немесе әлеуметтік саясат деген мәселелердің күрделілігі байқалмай, түсінікті болып көрінгенімен, оның ішкі мәнін кез келген қарапайым адамның түсіндіріп беруі екіталай. Себебі, ұсынылған идея қоғамдық санада, халықтың күнделікті өмірінде өте қарапайым деңгейде тараған. Қалай дегенмен де, бұқара халық белгілі бір дәрежеде әлеуметтік мемлекет дегеніміз не, оның қасиеті, негізгі белгілері, өзіне тән ерекшеліктері, қызметі туралы нақты білуі қажет. Сондықтан, әлеуметтік мемлекет мәселесін барлық қырынан зерттеп қарастыру, оның мәні мен мазмұнын ашып көрсету теориялық және қолданбалық жағынан көкейкесті әрі маңызды мәселелердің бірі екендігі ешбір дау тудырмасы анық.
Қазіргі кезеңде Қазақстанның
мемлекеттік басқару
Әрбір ғылым теория негізінде пайда болып, тәжірибе жүзінде қолданбалы салаға айналады. Ғылымның адамзат игілігіне жұмыс істеуі қоғамның қарқынды дамуының жаңа белестеріне жетелейді. Көтеріліп отырған мәселенің көкейкестілігі саясаттану ғылымынан бастау алатындықтан, қазіргі кездегі демократиялық басымдықтар саяси үрдістер мен нарықтық қатынастарда қатар дами отырып, қоғам өміріндегі саяси және әлеуметтік өзгерістерді зерделеуге мүмкіндіктер береді. Саясат пен оның шешімдерінің, саяси қызметтің әлеуметтік саясатпен байланысы барынша шоғырланған түрде көрініс береді. Сондықтан әлеуметтік саясаттағы қарым-қатынас адамзат өмірінде дүниетанымдық әрі әдіснамалық маңыздылығымен айқындалады. Ал, мемлекет саясатының қоғам өміріне әсері болмайтын болса, оның нақты әлеуметтік мағынасынан айырылып, базистік тетігін жоғалтуы ықтимал.
Дүниеде адам пайда болғалы объективтік шындық ретінде адамдардың мүдделі топтарының қалыптасуы әлеуметтік және саяси мүдделерді өмірге әкелді. Бұл тарихи үрдістер әсіресе демократиялық бағытты таңдап алған Қазақстанның да дамуына тікелей әсерін тигізді. Қазақстан Республикасы экономикасы нарықтық қатынастарға өтуге байланысты әлемдік нарықтың талаптары мен заңдылықтарын қабылдауы тиіс. Сонымен қатар, қарқынды экономикалық-саяси жаңғыру ағымында әлемдегі дамыған индустриалды елдердің әлеуметтік саясат тәжірибелерін меңгеруінің де маңызы зор. Әлбетте, әлемдік деңгейдегі үрдістерге тең дәрежеде араласу үшін мемлекет ішкі саяси - әлеуметтік қатынастары мүмкіндіктерінің теориялық, құқықтық және қолданбалы негізін нығайтуы қажет. Әлеуметтік саясаттың басымдықтарының ерекшеліктерін зерттеу мақсатында әр елдегі жалпы саясаттағы оның алатын орнын, даму бағыттарын қарастыру қоғамтану, саясаттану, экономика, әлеуметтану және заң ғылымдарының өзекті мәселесі болмақ.
1. Әлеуметтік саясат, оның қағидалары мен көрсеткіштері
Әлеуметтік саясат проблемасы ғасырлар бойы экономика мен саясаттану, заң және әлеуметтану саласындағы ғалымдардың еңбектерінде үнемі көтеріліп келеді.
Әлеуметтік саясатқа ғылыми тұрғыда ерекше мән беріп, оның теориялық әдіснамалық негізін тереңдетуге О.В. Байдалова, Ф.Э. Бурджалов, Д. Белл, Дж. Гэлбрейт, Е.А. Гонтмахер, В.И. Жуков, С. И. Калашников, Дж. Кейнс, В.Н. Лексин, Дж. Миллъ, Т.В. Негина, Дж. Робинсон, И. А. Соболева, А.Н. Швецов, А. Фон Хайек сынды еуропалық және ресейлік ғалымдардың да қомақты үлес қосқандығы белгілі[3].
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты мен әлеуметтік мемлекет құруының ғылыми-теориялық тұжырымдамасы және оның негізгі бағыттары мен жүзеге асырылу жолдары ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері мен жыл сайынғы халыққа Жолдауларында да ерекше атап көрсетіледі. Президенттің жыл сайынғы Жолдауларында әлеуметтік саясаттың мемлекеттік саясаттағы орны мен ролі қаншалықты дәрежеде екендігінен нақты мәліметтер беріледі.
Әлеуметтік саясаттың зерттелу мәселесінде кеңестік дәуірде жарық көрген ғылыми еңбектерді назардан тыс қалдыру ғылыми әділетсіздік болар еді. Бұл еңбекті қайта сараптау мен сын тұрғысында салыстырмалы саяси талдау Кеңес Одағында әлеуметтік мемлекет құру тәжірибесінің, яғни социализмнің неліктен сәтсіздікке ұшырағандығы туралы ой қорытуға мүмкіндік береді. Мұндай еңбектердің қатарына С.Б.Баишевтің, Ф.М. Бородкиннің, Ю.Е. Волков пен В.З. Рогозиннің, С.С. Шаталиннің және т.б. ғылыми зерттеулерді жатқызуға болады [4].
Әрбір елдегі саяси трансформациялар жағдайында әлеуметтік саясаттың сипатына ерекше көңіл аударылатыны заңды құбылыс. Өйткені, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан мен бұрынғы одақтас республикаларда рухани және ғылыми құндылықтарды қайта қарау үрдісі басталды. Ол әлеуметтік мемлекет пен әлеуметтік саясат сияқты саяси ойда да орын алды. Бұл үрдіс нәтижесі әлеуметтік саясат бойынша жарық көрген еңбектердің теориялық және институционалдық негіздерінің дамуына ықпал етіп отыр. Оны саясаттанушы ғалымдардың әлеуметтік саясат мәселесіне тереңдей назар аударып, тақырыпты ғылыми тұрғыда кеңірек талқылауынан, аталмыш мәселеге қатысты арналған еңбектер санының өсуінен көруге болады. Осыған орай саясаттану ғылымында Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың теориялық және құқықтық негіздеріне талдаулар жасалуда. Отандық зерттеуші-ғалымдардың, саясаттанушылардың ғылыми-зерттеушілік еңбектерінде әлеуметтік саясаттың кейбір мәселелеріне - табиғатына, мәніне, құрылымы мен қызметіне, жүзеге асырылу механизмдеріне талдаулар жасалуда. Мұндай ғылыми зерттеулердің қатарына А.Ж. Абдрахманованың, Н.А. Аитовтың, М.М. Ахметованың, Р.Б. Әбсаттаровтың, Р.С. Жарқынбаеваның, А. Каримовтың, Н.И. Мұстафаевтың, А.Ж. Мұқажанованың, Н.З. Нығматулиннің, Қ.Ж. Нұғманованың, М.Б. Тәтімовтің, И.Н. Тасмағамбетовтің және т.б. авторлардың еңбектерін жатқызуға болады [5]. Дегенмен жоғарыда аталған жұмыстарда Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясаттың теориялық-әдіснамалық негізін жан-жақты зерттеу, әлеуметтік саясатқа саяси талдау жасау арнайы мақсат етіп қойылмаған. Бұл ғалымдар мен зерттеушілер аталмыш мәселенің тек жекелеген аспектілерін ғана қозғаған. Бұл еңбектер біздің зерттеп отырған мәселеміздің түрлі қырынан ашылуына, оған кешенді саяси талдау жасауға мүмкіндіктер береді.
Әлеуметтанушы ғалымдардың тұжырымы бойынша ежелгі кезеңнен бері өмір сүрген мемлекеттердің барлығында сол кезеңдердің дамуына тән әлеуметтік саясат жүргізілген. Қазіргі кезде әлеуметтік саясат мәселелері халық үшін де, саясаткерлер мен ғалымдар үшін де аса өзекті проблемаға айналып отыр. Тәуелсіз Қазақстан жүзеге асырып отырған түбегейлі экономикалық реформалар бұл өзгерістерге жауап бере алатын және соған сәйкес келетін мемлекеттік әлеуметтік саясатты қалыптастыруды талап етеді. Өйткені, «елдің экономикасын сауықтыруға бағытталған экономикалық реформаның күшті әлеуметтік саясатпен қамтамасыз етілуі өте маңызды, ал олай болмаған жағдайда бір реформа екіншісіне қауіп төндіре бастайды» [6].
Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленгендей, Қазақстан Республикасы – әлеуметтік мемлекет. Яғни, мемлекет өзінің бар мүмкіндігін, қамқорлығын өз қоғамының дамуы үшін, ондағы азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеру үшін бағыттауға міндетті. Әлеуметтік саясат мемлекеттің ішкі саясатының аса маңызды бағыты екені сөзсіз. Жалпы, әлеуметтік саясатты іске асыру экономиканың даму қарқыны мен әлеуметтік кепілдіктерді сақтау ісін шебер ұштастыруды талап етеді. Бұл орайда, бүгінде мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық рөлі өзгергенін есте сақтау керек. Халықтың мемлекет көмегіне шынында да мұқтаж, өз бетімен күн көре алмайтын топтарына басымдық беріледі. Ал қоғамның қалған бөлігі экономикалық еркіндік қағидалары, олардың құқықтық қорғалуы негізінде өзін-өзі қамтамасыз етуі керек. Қоғамдық дамудың негізгі көрсеткіштері – адамның даму жағдайлары, яғни еңбекке қолжетімділік және оған лайықты еңбекақы, ертеңгі күнге сенім, балаларды оқыту мен дамытудың кең мүмкіндіктері, медициналық қызметке қолжетімділік және салауатты өмір салты, еңбекке қабілетсіздерді қорғау, лайықты кәрілік болып табылады.
Жалпы, әлеуметтік саясаттың мәні әлеуметтік мемлекет ұғымымен астасып жатқаны аян. Бұл екі ұғымды бір-бірінен дербес қарастыруға болмайды. Ал, әлеуметтік мемлекеттің басты тұжырымдамасының негізі - әлеуметтік саясатқа келіп тіреледі. Әлеуметтік мемлекет құру барысында саяси билік азаматтардың әлеуметтік құқықтарын талап ете алатын мәдениетке дағдыландыру шараларын жүргізуге міндетті. Ал, мемлекеттің әлеуметтік саясаты құқықтық әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуының шарты болуы қажет. «Әлеуметтік мемлекет» деген ұғымның пайда болуы «полициялық» мемлекеттен, «қоғамдық келісім мемлекетінен» және «мемлекеттегі биліктің ең жоғарғы формасы ретіндегі» мемлекеттен нысаналы әлеуметтік саясатты жүзеге асырушы мемлекетке өтуін көрсетеді.
Бұл ретте қазіргі Қазақстан жағдайында әлеуметтік саясаттағы концептуалды өзгерістер тетігі, ең алдымен экономикалық дамудың көрсеткіштерімен өлшенетінін де атап өткен абзал. Дегенмен, бұл жерде экономикалық дамудың мемлекеттің әлеуметтік саясатын айқындаудағы ролін абсолюттендіруге болмайды деп ойлаймыз. Себебі, әлеуметтік саясат мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне ғана тәуелді емес, ол көп жағдайда елдің саяси дамуына, саяси күштердің арасалмағы мен өзара қарым-қатынасына да байланысты айқындалады. Олай дейтін себебіміз, әлеуметтік саясат қоғам мүшелерінің саяси белсенділігімен және саяси күштердің өз мүдделері үшін күресінің деңгейімен де айқындалып отырады. Сонымен бірге, мемлекеттің әлеуметтік саясатын қалыптастырып, оны жүзеге асыруда экономикалық ахуалмен бірге, психологиялық факторлардың да маңызды роль атқаратынын мемлекеттің даму стратегиясын тұжырымдаған Президент Н.Ә. Назарбаев ерекше атап көрсетеді: «Әлеуметтік стратегияны іске асыру мерзімі экономикалық даму стратегиясын жүзеге асыру мерзімімен сай келмейді, өйткені әлеуметтік стратегия қоғамның әлеуметтік құрамындағы құрылымдық өзгерістермен ғана емес, сондай ақ, қоғамдық сана-сезімді қазыналық тұрғыдан қайта бағдарлаумен де байланысты, ал ол экономикалық және әлеуметтік жағынан неғұрлым белсенді жаңа ұрпақ келмейінше мүмкін емес»[7]. Міне, сондықтан да әлеуметтік саясатты айқындағанда саяси биліктен жан-жақтылықтың, кешенділіктің талап етілуі заңды құбылыс. Әлеуметтік саясат тиімді жүзеге асырылуы үшін бірінші кезекте халықты масылдық психологиядан арылту аса күрделі іс-шара болып табылады.
Әлеуметтік мемлекеттің қайнар
көзі - әлеуметтік саясаттан басталад
«Бисмарктық» әлеуметтік
саясат үлгісі бойынша
«Беверидждік» әлеуметтік
саясат үлгісі бойынша кез келген
қоғам мүшесі әл-ауқаты мен экономикалық
белсенділігінің деңгейіне
Мемлекеттің әлеуметтік саясатының нәтижелі көрсеткіштері халықтың өмір сүру деңгейін сипаттайды, яғни халықтың өмір сүру деңгейінен әлеуметтік саясаттың қандай деңгейде екенін байқауға болады. Халықтың қажеттіліктеріне көңіл аудармау, еңбек, тұрмыс, демалыс, денсаулық сақтау сияқты әлеуметтік аспектілеріне деген көзқарастың бәсеңдеуі, яғни халықтың әлеуметтік құқықтарын шектеу әлеуметтік әділеттілік қағидасына қарама-қайшы келіп, соңында өндірістің төмендеуіне және қоғамда әлеуметтік қақтығыстардың пайда болуына негіз болуы мүмкін.
Әрбір мемлекет әлеуметтік
саясатты жүзеге асыруы барысында әлеуметтік
әділеттілік принциптеріне бағы
Информация о работе Әлеуметтік саясат, оның қағидалары мен көрсеткіштері