Әлеуметтік саясат, оның қағидалары мен көрсеткіштері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2012 в 18:21, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі таңда өркениетті даму жолына түскен Қазақстан Республикасы қоғамның барлық саласында аса маңызды реформаларды жүзеге асыруда. Бұл реформалардың ішіндегі ең күрделісі әрі өте байыптылықты қажет ететін бағыты әлеуметтік саладағы реформалар болып табылады. Өйткені, біріншіден, әлеуметтік мәселе адамдардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты болғандықтан үнемі күн тәртібінде тұрады; екіншіден, мемлекеттің әлеуметтік саясаты әрқашан халықтың назарында болып, оның талқысы мен сынына түсіп отырады.

Содержание работы

Кіріспе.....................................................................................................................3
1. Әлеуметтік саясат, оның қағидалары мен көрсеткіштері.....................6
2. Қазақстанда еңбекпен қамтуды мемлекеттік реттеу...........................12
3. ҚР зейнетақы реформасы.......................................................................23
Қорытынды..........................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер ..............................................................................34

Файлы: 1 файл

Әлеуметтік коргау.doc

— 345.00 Кб (Скачать файл)

Әлеуметтік саясат –  мемлекет пен өзге де саяси-әлеуметтік институттардың қоғамның әлеуметтік өмірін прогрессивті дамытуға, азаматтардың өмір сүру деңгейін, сапасын жетілдіруге, олардың өмірлік қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, оларға қажетті әлеуметтік қолдау көрсетуге, осы бағытта тиісті қаржылық институттар мен басқа да қоғамдық потенциалды қолдануға бағытталған іс-әрекеті. Сондай-ақ, әлеуметтік саясаттың ең басты қызметтерінің бірі, біздің ойымызша, ол стратегиялық қызмет. Өйткені, әлеуметтік саясаттың оңтайлы ұйымдастырылуы қоғам дамуының тұрақтылығы мен прогрессивті дамуының кепілі болып табылады. Қазақстан жағдайында, әлеуметтік саясаттың басты стратегиялық бағыттарының бірі қоғамда орта тапты қалыптастыру және орта таптың әлеуметтік-саяси белсенділігін арттыру арқылы мемлекеттік саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету болмақ. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының қазіргі әлеуметтік саясатындағы өте маңызды мәселе – орта таптың экономикалық белсенділігін ғана емес, олардың әлеуметтік-саяси белсенділігін де арттыруға ерекше көңіл бөлу қажет.

Кең мағынасында әлеуметтік саясат – мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың, ұйымдар мен мекемелердің өмір сүруге қажетті жағдай жасауға, халықтың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға, қоғамдық ортада қолайлы әлеуметтік атмосфера туғызуға бағытталған теориялық ұстанымдар мен тәжірибелік шаралардың жиынтығы. Ал, тар мағынасындағы әлеуметтік саясат – мемлекет пен басқа да саяси және әлеуметтік институттардың қоғамның әлеуметтік саласының дамуына, адамдардың өмір сүру салты мен сапасын жетілдіруге, олардың өмірлік қажеттіліктерінің белгілі бір бөлігін қамтамасыз етуге, азаматтарға тиісті әлеуметтік қолдау, көмек көрсетуге және ол үшін қаржылық немесе өзге де қоғамдық әлеуетті қолдануға бағытталған іс-әрекеті.

Сол себепті әлеуметтік саясат мемлекеттің әлеуметтік мақсаттарының  қызметі мен міндеттерінің жүйесіне қызмет ететіндіктен, бұл жүйені тиімді басқару мемлекеттің табиғаты, әлеуметтік саясат үлгілері мен оларды жүзеге асырудың тетіктері туралы ғылыми негізделген білімді талап етеді. Ғылыми тұрғыда негізделген білім өз кезегінде әлеуметтік саясатты барлық деңгейде - мемлекеттік, аймақтық, жергілікті және жекелеген өндіріс орындарында ұтымды жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

 

2. Қазақстанда  еңбекпен қамтуды мемлекеттік  реттеу

 

Мемлекеттік билік органдары  әлеуметтік саясатты негіздегенде жеке адам өзі өмір сүріп отырған қоғам мүдделеріне, онда орын алатын кейбір проблемаларына немқұрайды қарай алмайтындай етіп жасауы қажет. Қазақстан жағдайында әлеуметтік саясат мемлекеттік биліктің барлық деңгейінде өзара тығыз байланыста жүзеге асырылуы және әрбір билік органы мемлекет алдындағы әлеуметтік-саяси жауапкершілігін терең сезінуі шарт. Сонымен, мемлекеттік заң шығарушы билік әлеуметтік саясаттың басым бағыттары мен құқықтық негізін айқындап, тиімді әрі орнықты жұмыс істейтін заңдар қабылдауы керек. Сонымен бірге, экономикалық даму деңгейіне орай мемлекеттік әлеуметтік кепілдік базасын жасап, оны экономикалық даму деңгейінің ерекшеліктеріне байланысты нормативтік құжаттар қабылдау арқылы жәрдемақылардың көлемін, тегін немесе жеңілдікпен берілетін әлеуметтік көмек түрлерін белгілеуі керек. Әсіресе, мемлекеттік бюджетті қабылдаған кезде оның әлеуметтік бағдарлануын ерекше қадағалауы тиіс. Өйткені, әлеуметтік саясаттың қаржылық бастауларын да негіздейтін осы заң шығарушы билік болып табылады. Ал, атқарушы билік мемлекеттік әлеуметтік саясат бойынша қабылданған заңдардың шеңберінде негізгі іс-шараларды жүзеге асырады, әлеуметтік саланың экономикалық тетіктерін реттеп отырады және әлеуметтік төлемдерді жүзеге асырудың тәртібі мен тиімді жолдарын анықтайды. Сондай-ақ, мемлекеттік атқарушы биліктің аса жауапты қызметі ол институционалдық құрылымдардың жұмыс бағытын тиімді әрі оңтайлы ұйымдастыру болып табылады.

Келесі деңгейде жергілікті әкімшілік билік органдары мемлекеттік  әлеуметтік саясаттың нақты іс-шараларын жергілікті жерлердің ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырады. Сонымен бірге, аймақтың экономикалық мүмкіндіктері жоғары болған жағдайда халыққа берілетін әлеуметтік көмек түрлерін көбейтуге тиісті.

Жұмыс беруші ұйымдар  мен өндіріс орындарынан мемлекеттік әлеуметтік саясатқа қатысты қабылданған заңдардың қатаң орындалуы, еңбек нарығының талаптарын орындау, еңбек ақысының деңгейінің төмен болмауы, сақтандыру шараларын жүзеге асыру талап етіледі.

Мемлекеттің әлеуметтік әрекеті оның құрамындағы үш бөлігі – экономикалық тиімділік, әлеуметтік саясат, биліктің құзыреттілігі және қоғамдық институттар әрдайым бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болған жағдайда ғана жүзеге асады. Қазіргі Қазақстан жағдайында әлеуметтік қорғау саласындағы саясаттың мақсаты – кедейшілік және жұмыссыздықпен күрес, әлеуметтік қазіргі талапқа сай инфрақұрылымды дамыту және сақтау, халықтың әлеуметтік-экономикалық шашыраңқылығын төмендету, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Дамыған мемлекеттердің әлеуметтік саясатындағы маңызды өзгеріс табысты жоғалту қауіптеріне қарсы сақтандыру институттарын қалыптастыру кезеңімен басталады. Ал, Қазақстан жағдайында ХХ ғасырдың соңында өзіндік ерекшелікті белгілері бар қазіргі сақтандыру жүйесінің алғашқы үлгісі қалыптаса бастаған болатын. Жалпы, қоғамның әлсіз топтарына әлеуметтік көмек көрсету негізінен қоғамдық тәртіпті сақтаудан туған қажеттіліктер болса, ал әлеуметтік сақтандыру құқықтық кепілдікті  талап ететін, жеке дара жақсы тұрмыс үшін жасалынады.

Жалпы теориялық-әдіснамалық тұрғыда негізделген әлеуметтік саясат - әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы қайшылықтарды жоюға әсерін тигізді. Қазіргі кезде жеке адамның материалдық жағдайы,  көп ретте ұжымдық келіссөздер мен саяси-әкімшілік шешімдердің нәтижесіне байланысты болып отыр. Осынау мәліметтер Қазақстан үкіметінің әлеуметтік саясатты белгілі бір дәрежеде тиімді жүргізгенін көрсетеді.

Қазіргі таңда әлеуметтік саясатты іскерлік менеджменттің құралы ретінде қарастыру заманауи талаптардың  сұранысына сәйкес бағытқа айналып отыр. Қоғам дамуының бастапқы кезеңдерінде шаруашылық прогресі көбінесе теңсіздік пен әділетсіздікке негізделетіні белгілі. Осы күні қалыптасып отырған нарықтық қатынастар да әлеуметтікті қамтамасыз ете бермейді. Нарықтық қатынастардың дамуы - бостандық пен қызмет еркіндігіне, әлеуметтік әділеттілікке жол ашып берді. Осының барлығы индустриалды елдерде әлеуметтік теңсіздікті азайту заңдылығын қалыптастырды. Жалпы алғанда нарықтық экономиканың осы күнгі үлгісі біршама әлеуметтік теңестіруді көздейді деп айтуға болады. Біріншіден, қоғамдық сананың нарықтануы қатысушылардың өзара келісімге келу деңгейін ұғынуды көрсетеді. Екіншіден, пісіп-жетілген нарық пен бәсекелестіктің қатты дамыған жағдайы тауар мен қызмет көрсету өнімдеріне тұтынушылардың табыстары жоғары деңгейде жауап беруіне мүдделі болуда. Демек, осы күнгі дамыған нарықтық қатынастар салыстырмалы түрде әлеуметтік теңдіктің қалыптасуына мүмкіндік береді. Бірақ оларды іске асыру белгілі бір қағидалар тұтастығына негізделген мақсаттық шараларды қажет етеді. Осы шаралар әлеуметтік саясат немесе мемлекет саясатының әлеуметтік аспектісі болып табылады.

Әлеуметтік бағдарламаларды  жасағанда және оларды іске асыру  кезінде тұрақты қоғамдық бақылаудың рөлі - институционалдық күштердің  тепе-теңдігін қадағалап, қоғамда демократиялық мәдениеттің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге ұмтылады. Дамыған елдердің әлеуметтік саясатта жүргізген тәжірибелерінен бірнеше бағыттар қалыптасқан болатын. Олар әлеуметтік сақтандыру, жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау, еңбекақы саясаты, еңбек нарығындағы әлеуметтік шаралар, тұрғын үй саясаты. Қазақстан жағдайында болсын немесе басқа да өтпелі кезеңді басынан өткеріп отырған мемлекеттерде де болсын еңбек қатынастарын таза нарық қағидалары негізінде анықтау дұрыс емес.

Қазіргі кезде Қазақстан Халықаралық Еңбек ұйымының толық мүшесі. Аталмыш ұйымға мүше болған елдерде оның негізгі қағидаларының орындалуы талап етіледі және сол бағытта ауқымды іс-шаралар жасалады. Мысалы, тұрақты төленетін еңбек әрекетінде ынталандыру шаралары; негізгі әлеуметтік төтенше жағдайларда әлеуметтік сақтандырулар механизмдерінің көмегімен кіріс бөлігінің орнын толтыру және алдын алу; әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын халықтың әлсіз топтарына әлеуметтік көмек механизмін көрсету; білім және медициналық көмек алуда азаматтардың басты құқықтар мен қызметтерге қол жеткізуіне жағдай жасау.

Әр түрлі әлеуметтік топтар мен категорияларға қатысты  әлеуметтік қорғау механизмі төмендегідей қорғау мен қолдауды жүзеге асырады. Біріншіден, халықты негізгі өмірлік  қолдау қызметімен барлық тұрғындарды қамтамасыз ету; Екіншіден, азаматтардың жұмыспен қамтылуында олардың құқықтарын жүзеге асыру; Үшіншіден, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының қажетті тұтыну деңгейіне көмек көрсету мен қолдау білдіру.

Қазақстанның әлеуметтік саладағы реформаларының таяу жылдардағы басты мақсаттары мыналар болып табылады: демографиялық өсімді  ынталандыру және өлім-жетім деңгейін төмендету мен салауатты өмір салтын насихаттау есебінен күтілетін өмір жасын ұзарту жөніндегі шараларды қамтамасыз ету, медициналық қамтамасыз етуді жақсарту және тұрмыста әрі өндірісте жарақаттануды азайту, сондай-ақ көші-қон процестерінің реттелуіне қол жеткізу жолымен демографиялық жағдайды жақсарту; әйелдердің қоғамдағы жағдайын жақсарту және нақты гендерлік теңдікке қол жеткізу; халықтың тұрмысы төмен топтары үшін экономикалық өсуді ынталандыру жолымен экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту – еңбекке қабілетті халықтың неғұрлым жоғары әлеуметтік тұтыну деңгейін қамтамасыз етіп, табыс табуына мүмкіндік беретін экономикалық жағдай туғызу; экономиканың нақты секторында жұмыспен қамтуды ынталандыру; халықтың экономикалық және әлеуметтік жағынан әлсіз топтарының тиімді жүйесін құру; халықтың тұрмыс деңгейін, жұмыспен қамтуды арттыру және кедейлік деңгейін төмендету; медициналық қамтамасыз етудің, жалпы кәсіптік және жоғары білім берудің жалпыға бірдей қол жетімділігін қамтамасыз ету; ұсынылатын әлеуметтік игіліктер мен қызметтердің жоғары сапасы мен оларды халықтың кеңінен таңдау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының азаматтарын әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін қаржыландырудың жаңа көздерін айқындау және қазіргілерін неғұрлым тиімді пайдалану [8].       

          

 

 

 

 

 

 

                                                             Қазақстан Республикасы

                                                                          Үкіметінің

                                                                   2011 жылғы «31» наурыз

                                                                     № 316 қаулысымен

                                                                         Бекітілген

            Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы

 

                     1. Бағдарламаның паспорты

 

Бағдарламаның атауы         Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме           Қазақстан Республикасы Президентінің 2011

жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың  іргесін                            бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010    жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген  Қазақстан Республикасын  үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі                                  2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама

Әзірлеуге және іске                 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты                    

асыруға жауапты                   әлеуметтік қорғау министрлігі 

мемлекеттік орган

 

Бағдарламаның мақсаты    Жұмыспен тұрақты,нәтижелі қамтуға               

                                                  жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру

Бағдарламаның міндеттері  Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды,

                                                 жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды

                                                 жұмыспен нәтижелі қамтылуға тарту;

                                                 Қазақстан Республикасын үдемелі   

                                                 индустриялық-инновациялық       дамыту                

                                                 жөніндегі   2010 – 2014 жылдарға арналған

                                                    мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін       

                                                    кадр әлеуетін дамыту;

                                                       Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру.

Бағдарламаны  іске асыру     1 кезең – 2011 (пилоттық)

мерзімі және кезеңдері           2 кезең – 2012 – 2015 жылдар

                                                   3 кезең – 2016 – 2020 жылдар

Нысаналы

 индикаторлар                         Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасында               

                                                       көзделген міндеттерді іске асыру барысында        

                                                      2016 жылға қарай мынадай нәтижелерге қол

                                                   жеткізілетін болады: 

                                                    Бағдарламамен 1,5 млн. дейін адам         

                                                    қамтылатын   болады;

                                                      кедейлік деңгейі 8,2 %-дан 6 %-ға төмендейді;

                                                     жұмыссыздық деңгейі 5,5 % аспайтын болады;

                                                жұмыспен қамтылған халық құрамындағы өз                 

                                                бетінше жұмыспен айналысушылардың үлесі               

                                                33,3 %-дан 26 %-ға төмендейді;

                                               Жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру

                                                есебінен еңбек өнімділігінің қосымша өсімі                        

                                               20 % құрайтын болады.

Қаржыландыру                  2011 жылы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын

көздері мен  көлемі             іске асыруға жұмсалатын республикалық бюджет

                                             шығыны 40,2 млрд. теңгені құрайтын болады.

                                             Келесі жылдары мемлекеттік бюджеттен

Информация о работе Әлеуметтік саясат, оның қағидалары мен көрсеткіштері