Әлеуметтік саясат, оның қағидалары мен көрсеткіштері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2012 в 18:21, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі таңда өркениетті даму жолына түскен Қазақстан Республикасы қоғамның барлық саласында аса маңызды реформаларды жүзеге асыруда. Бұл реформалардың ішіндегі ең күрделісі әрі өте байыптылықты қажет ететін бағыты әлеуметтік саладағы реформалар болып табылады. Өйткені, біріншіден, әлеуметтік мәселе адамдардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты болғандықтан үнемі күн тәртібінде тұрады; екіншіден, мемлекеттің әлеуметтік саясаты әрқашан халықтың назарында болып, оның талқысы мен сынына түсіп отырады.

Содержание работы

Кіріспе.....................................................................................................................3
1. Әлеуметтік саясат, оның қағидалары мен көрсеткіштері.....................6
2. Қазақстанда еңбекпен қамтуды мемлекеттік реттеу...........................12
3. ҚР зейнетақы реформасы.......................................................................23
Қорытынды..........................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер ..............................................................................34

Файлы: 1 файл

Әлеуметтік коргау.doc

— 345.00 Кб (Скачать файл)

                                             қаржыландыру көлемі жоспарланатын кезеңге       

                                             арналған тиісті бюджеттерді қалыптастыру

                                             кезінде нақтыланатын болады. Бұл ретте                                       

                                                2012 – 2015 жылдары қаржыландыру көлемі жыл    

                                              сайын кемінде 100 млрд. теңгені құрайтын болады

 

 

Бағдарламаның міндеттері

1. Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды жұмыспен қамтудың белсенді бағдарламаларына тарту.

2. Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны (бұдан әрі – ҮИИДМБ) іске асыру үшін кадр әлеуетін дамыту.

3. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру. 

Бағдарламаны іске асыру  бірінші кезекте оқытуға, тұрғылықты жері бойынша  жұмысқа орналастыруға, өзінің жеке ісін ашуға және кеңейтуге жәрдемдесуге, ал мұндай мүмкіндіктер болмаған жағдайда, жұмыспен нәтижелі қамтудың қолжетімділігін кеңейту мақсатында экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық даму орталықтарына өз еркімен көшуіне жәрдемдесуге бағытталған. 

Осыған орай, Бағдарламаны іске асыру мынадай бағыттар бойынша  жүзеге асырылатын болады: 

1. Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу. 

2. Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу. 

3. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру. 

Бағдарламаны іске асыру  үшін: 

1) нормативтік құқықтық  базаны жетілдіру жөніндегі шаралар  қабылданатын болады; 

2) жекелеген мамандықтар  бойынша ағымдағы бос жұмыс орындары және болжамды жұмыс орындарының жалпыұлттық дерекқоры (бұдан әрі – Дерекқор) қалыптастырылды. Дерекқор индустрияландыру картасының жобалары, «Бизнестің жол картасы 2020» және жеке сектордың басқа да бастамалары есебінен қалыптастырылатын болады.

Индустрияландыру картасы, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыруға, кәсіпкерлікті дамытуға жауапты  орталық және жергілікті мемлекеттік  органдар мен ұйымдар қызметкерлерге деген бар және болжамды қажеттілік туралы өңірлер мен жекелеген мамандықтар бөлінісіндегі ақпаратты белгіленген нысан бойынша тұрақты негізде Бағдарлама операторына жіберетін болады.

Бағдарламада көзделген  іс-шараларды қаржылай қамтамасыз ету  мақсатында облыстардың, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың әрқайсысы үшін қаржыландыру лимиті өз бетінше жұмыспен айналысушылардың, жұмыссыздардың санына байланысты айқындалатын болады.  

Лимит бойынша берілген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын  қамтамасыз ету және бағдарламада көзделген  нәтижелерге (нысаналы индикаторларға) қол жеткізу мақсатында республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен жергілікті атқарушы органдар арасында мынадай негізгі параметрлер бойынша нәтижелер туралы келісімдер жасалатын болады:  

оқумен қамтылған Бағдарламаға қатысушылардың саны мен құрамы;

тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған, оның ішінде оқу оқығандар арасынан Бағдарламаға қатысушылардың саны мен құрамы;

экономикалық даму орталықтарына  қоныс аударатын Бағдарламаға қатысушылардың саны мен құрамы;

өз бетінше жұмыспен айналысатын қызметкерлер санының  қысқаруы; 

жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі;  

ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен деңгейде өмір сүріп  жатқан халық санының қысқаруы;

басқа көрсеткіштер.

Бағдарламаның іске асырылуын  басқаруды: 

республика деңгейінде:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жұмыспен қамту                2020 бағдарламасын іске асыру жөніндегі  ведомствоаралық комиссия (бұдан  әрі – ВАК).

Бағдарламаны іске асыруға  жауапты мемлекеттік орган және Бағдарлама операторы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Бағдарлама операторы) болады; 

облыстық (астана, республикалық  маңызы бар қала) деңгейде –  Бағдарламаны іске асыру жөніндегі өңірлік  комиссия (бұдан әрі – өңірлік  комиссиялар) және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар;

аудандық (қалалық) деңгейде –  Бағдарламаны іске асыру жөніндегі  аудандық (қалалық) комиссия (бұдан  әрі – аудандық (қалалық) комиссиялар) (облыстық маңызы бар жергілікті атқарушы органдардың қалауы бойынша құрылады) және жергілікті жұмыспен қамту органдары;

селолар мен ауылдар  деңгейінде – жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын болады.

Бағдарламаның орындалуын ұйымдастырудың маңызды құралдарының бірі жергілікті жұмыспен қамту органдары мен тікелей Бағдарламаға қатысушылар арасында жасалатын әлеуметтік келісімшарттар болып табылады.

Әлеуметтік келісімшарт  – жергілікті жұмыспен қамту органдары  мен  Бағдарламаға қатысушылар арасында жасалатын, тараптардың әлеуметтік қызметтерді көрсету (жергілікті билік органдары) және пайдалану (Бағдарламаға қатысушылар) бойынша өзара міндеттемелерін көздейтін келісім. 

Өңірлік, аудандық (қалалық) комиссиялардың үлгі ережелерін, әлеуметтік келісімшарттың нысанын Бағдарлама операторы әзірлейтін болады.

                                           Бірінші бағыт:

өз бетінше  жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды  және табысы аз  адамдарды оқыту  және олардың жұмысқа орналасуына  жәрдемдесу

Бірінші бағыт азаматтардың еңбек әлеуетін дамыту, тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналасуына жәрдемдесу арқылы олардың жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтылуын қамтамасыз етуге бағытталған. 

Бұл бағытқа өз бетінше  жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар  және табысы аз адамдар қатарындағы  Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар (бұдан әрі – адамдар)  қатыса алады. Бағдарламаға қатысудың басым мүмкіндіктері ауылдық жердегі жастар мен әйелдерге беріледі.

                                         Екінші бағыт:

                 ауылда кәсіпкерлікті дамытуға  жәрдемдесу

Кәсіпкерлікті ынталандыру  жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға  бағытталған. 

Бағдарламаның бұл бағытына ауыл кәсіпкерлері және өз бетінше  жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар  мен табысы аз адамдар қатарындағы  жеке ісін ұйымдастыруды қалайтын және оған мүмкіндігі бар адамдар қатыса алады. Жеке ісін ауылда ұйымдастыруды қалайтын әйелдерге қатысудың басым құқығы беріледі. 

                               

                                       Үшінші бағыт:

                еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру

Бұл бағыт Қазақстан  Республикасы азаматтарының экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден  экономикалық даму орталықтарына өз еркімен көшуіне жәрдемдесу арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шараларын көздейді.

Бағдарламаны іске асырудың үшінші бағытына қатысудың басым құқығын ауыл жастары иеленетін болады. Экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерді айқындау критерийлерін ауыл шаруашылығы, экономикалық даму және сауда мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органдар әзірлейтін болады.

 

 

                                  3. ҚР зейнетақы реформасы

Қазақстан Республикасының  қолданыстағы заңнамасы егде адамдардың көптеген құқықтарын бекітеді, бірақ  құқықтады жариялау оның автоматты, әсіресе егде адамдардың әлеуметтік жеңілдіктеріне, ақысыз медициналық  көмек алуға және дәрі-дәрмекпен ақысыз қамтамасыз етілуіне қатысты ережелерге қатысты құқықтық іске асырылуын білдірмейді. 
        Қазақстан Республикасының жоғарыда аталған конституциялық нормаларды іске асыруға бағытталған заңнамасын 3 бөлікке бөлуге болады: жасына тәуелсіз барлық азаматтардың, оның ішінде егде адамдар үшін аса маңызды құқықтарды бекітетін нормалар; егде адамдардың құқықтарына тікелей қатысты нормалар; егде адамдардың ерекше санаттарының ережелерін реттейтін нормалар. 
 
Бірінші топқа көптеген заңнама актілерінде: Азаматтық кодексте, Жер кодексінде, «Неке және отбасы», «Азаматтардың денсаулықтарын қорғау туралы», «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы», «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Тұрғын-үй қатынастары туралы» Заңдарда бекітілген нормалар жатады.

Екінші топтағы нормаларға «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы», «Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік  жәрдемақы туралы» Заңдарды жатқызуға  болады. 
           Үшінші топқа, мысалы, «Қазақстан Республикасындағы мүгедектік бойынша, асыраушысынан айырылған және жасына жеткен жағдайлар бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Ұлы Отан соңынына қатысушы мүгедектерді және оларға теңестірілген адамдарды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы», «Жерасты және ашық кен жұмыстарында еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» Заңдар жатады. 
      Аға буын өкілдерінің заңнама актілерінің бірінші тобы бойынша өздерінің мүліктік құқықтарын іске асыру проблемасына қолданылатын барлық заңнаманы егжей-тегжей қарастырмай-ақ, жекелеген құқықтық кемшіліктерді атап өту қажет.

Отбасы заңнамасында егде адамдардың отбасыдағы жағдайын, олардың балаларымен, немерелерімен  өзара қарым-қатынасын реттейтін  нормалар бар. Мысалы, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» Заңының 131-бабы кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалардың өздерінің көмек қажет ететін еңбекке қабілетсіз ата-аналарын асырауын және оларды қамқорлыққа алуын реттейді. Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда көмек қажет ететін еңбекке қабілетсіз ата-аналарға төленетін алимент сот тәртібімен кәметке толған еңбекке қабілетті балаларынан төленеді.

Осы Заңның 132-бабы кәмелетке  толған балалардың еңбекке қабілетсіз ата-аналарына қамқорлық жасамаған кезде және ерекше жағдайлар (ана-аналардың ауыр науқастануы, зақымдануы, оларға бөгде адамдардың қарағаны үшін ақы төлеу қажеттілігі, оларды халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің интернат-үйіне орналастыру) болған кезде кәмелетке толған балалар сотпен осы себептерге байланысты қосымша шығындарды өтеуге қатысуға тартылуы мүмкін. 
        Заңның 139, 141-баптары немерелерді аталары мен әжелерін, сондай-ақ өгей ұлдары мен өгей қыздарының өгей әкелері мен өгей аналарын асырауға міндеттейді. 
       Алайда қазіргі уақытта жас ұрпақта кейбір моральдық қасиеттердің төмендеуі қарт адамдарға қарым-қатынаста дөрекі әрі адамгершілік қадір-қасиетті қорлау жағдайлары көптеп кездесетіндіктен балаларды ата-аналарына материалдық көмек көрсетуге міндеттеу жеткіліксіз. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 824 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2007 жылдарға арналған заңнама жұмыстарының перспективалық жоспарына сәйкес 2007 жылдың 1-тоқсанында «Тұрмыстық күштеу туралы» заң әзірлеу жоспарлануда. Осыған байланысты, осы заңға тұрмыстық күштеу объектілерінің бірі ретінде «егде адамдар» санатын енгізу мақсатқа сай.

Егде адамдардың көбісі тұрғын-үймен қамтамасыз ету және оны ұстау проблемаларын көбіне тиісті тұрғын-үйдің болмауынан тәуелді  және қолайсыз жағдайларға түсе отырып, өз беттерінше шешеді.

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі «Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» Заңыңда денсаулық қорғау саласында балалардың, әйелдердің, сотталған аурулардың, туберкулезбен, ЖҚТБ-мен (жұқтырылған қорғаныш тапшылығы белгісімен), диабетпен ауыратындардың, әскери қызметшілер мен осы саланың зейнеткерлерінің құқықтары бекітілгенімен, егде адамдардың құқықтары белгіленбеген. Бұл ретте «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңда егде мүгедек адамдарға медициналық көмек көрсету тәртібі ішінара реттелген. Осылайша, денсаулық сақтау саласында қарттар заң шығарушылардың назарынан тыс қалды және жүйеленбеген жекелеген негізде қызмет көрсетудің негізгі өмірлік маңызды пакеттерінің бірін алады.

        Зейнетақымен қамтамасыз ету саласында егде жастағы адамдардың құқықтары толығымен реттелуде. Бірақ та жүргізіліп отырған зейнетақы реформасына байланысты біздің мемлекетіміздің басым міндеттерінің бірі болып табылатын азаматтарды қартайған шақта лайықты қамтамасыз ету құқықтарын іске асыру бөлігінде туындап жатқан проблемалық мәселелер аз емес. 

Өзінің экономикалық мәні бойынша зейнетақы екіжақты сипатқа ие екендігі белгілі:

бір жағынан, ол кедейшілік азайту мен қайыршылықты болдырмауға, яғни кірістің ең аз кепілдендірілген деңгейімен қамтамасыз етуге бағытталған. 
         екінші жақтан, ол жұмсалған табыстың орнын толтыруға және жалақының орнын басатын баламалы жеке коэффицентпен қамтамасыз етуге бейімделген. 
        Әр елде әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі пайда болған кезде, әдеттегідей осы мақсаттардың біріне жетуге бағдар алынған. Жалпы сипаттағы жүйелер, көбінесе жаппай кепілді, ең төменгі көрсеткішті қамтамасыз етуге, ал жекелеген кәсіптік топтарды ерекше қамтитын әлеуметтік сақтандыру жүйелері – жоғалтқан еңбекақыны өтеуге бағытталған, онда олар көбінесе кедейліктің алдын алу функциясын, атап айтқанда, әлеуметтік көмек көрсетуді басқа институттарға қалдырады. Зейнетақымен қамтамасыз етуді дамыту барысында осы екі мақсаттың конвергенциялануы орын алды: жалпы жүйелер сақтандыру жүйелерімен толықтырылды, ал сақтандыру жүйелері ең төменгі кепілдіктерді қамтамасыз ету туралы ережелерді қамти бастады. 
        1998 жылғы 1 қаңтарға дейін республикада зейнетақы жүйесі толық қызмет етті. Зейнетақы көлемі еңбекақының 50 пайызы есебінен белгіленді және соңғы жұмыс істеген он жылының 5 жылғы жұмыс өтіліне және еңбекақысына байланысты болды. Зейнетақыға әйелдер 55, ерлер 60 жаста шығатын. Бірақ қайта құру процесінің дағдарысы зейнетақы жүйесін күйреуге дейін әкеп соқты да ұрпақтардың «ортақтас» қағидасына негізделген зейнетақымен қамтамасыз етудің бөліп беру жүйесінің сәйкессіздігі айқындалды. 

Информация о работе Әлеуметтік саясат, оның қағидалары мен көрсеткіштері