Әлеуметтік саясат, оның қағидалары мен көрсеткіштері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2012 в 18:21, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі таңда өркениетті даму жолына түскен Қазақстан Республикасы қоғамның барлық саласында аса маңызды реформаларды жүзеге асыруда. Бұл реформалардың ішіндегі ең күрделісі әрі өте байыптылықты қажет ететін бағыты әлеуметтік саладағы реформалар болып табылады. Өйткені, біріншіден, әлеуметтік мәселе адамдардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты болғандықтан үнемі күн тәртібінде тұрады; екіншіден, мемлекеттің әлеуметтік саясаты әрқашан халықтың назарында болып, оның талқысы мен сынына түсіп отырады.

Содержание работы

Кіріспе.....................................................................................................................3
1. Әлеуметтік саясат, оның қағидалары мен көрсеткіштері.....................6
2. Қазақстанда еңбекпен қамтуды мемлекеттік реттеу...........................12
3. ҚР зейнетақы реформасы.......................................................................23
Қорытынды..........................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер ..............................................................................34

Файлы: 1 файл

Әлеуметтік коргау.doc

— 345.00 Кб (Скачать файл)

«Қазақстан Республикасында  зейнетақымен қамтамасыз ету туралы»  Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңымен зейнетақы  реформасы басталды, нәтижесінде 3 қосарлас зейнетақы жүйесі қызмет етеді, атап айтқанда:

толық ортақтас жүйе – 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнеткер  жасында болғандар үшін;

аралас жүйе – зейнетақы  жоғарыда аталған күннен кейін белгіленген  және осы уақытта белгіленетін зейнеткерлер үшін;

жинақтау жүйесі 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жұмыс өтілі болмаған (немесе жарты жылдан кем болған) адамдар үшін.

Халық қартайған сайын алдыңғы екі жүйе кеми бастайды да жинақтау жүйесіне толық жол беретін болады.

«Қазақстан Республикасында  зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңның нормалары 2001 жылғы 1 шілдеден бастап зейнетақы төлемдері ерлерге 63 жасқа, әйелдерге 58 жасқа толысымен тағайындалады деп белгіледі. 
        Осы заңның 13-бабына сәйкес 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы, жұмысындағы үзілістеріне қарамастан, кез келген 3 жылғы орташа айлық кірісінің 60 пайызы есебінен есептеледі. 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңдегі орташа айлық кірістің көлемі жинақтау зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары аударылған кіріске сәйкес белгіленеді. 

Зейнетақы заңнамасының талдауы соңғы төрт жылдағы зейнетақы  көлемдерінің динамикасы мен оны  арттыру әдістемесін қарауға  мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 31 қаулысымен 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы көлемі 1994 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалып алынатын зейнетақы көлемінен 25 пайызға өсті, сондай-ақ 1994 жылғы 1 қаңтардан бастап 1997 жылғы 31 желтоқсанға дейін тағайындалып алып отырған және 1994 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған және зейнетақы тағайындалғаннан кейін жұмыс істеген екі жылғы жоғарылау жалақысынан қайта есептеліп алып отырған зейнетақы көлемінен тұтыну бағалардың 2001 жылғы орташа жылдық индексіне өсті. Қаулымен зейнетақының өсірілген көлемі тиісті қаржы жылына белгіленген 25 айлық есептік көрсеткіштің 76 пайызынан аспауы қажет деп реттелген. 
2003 жылы зейнетақыны екі кезеңмен көтеру жүзеге асырылды.  
1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы № 6 қаулысымен 2003жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақы көлемі алып отырған зейнетақы көлемінен 12 пайызға өсті, сондай-ақ өскенді есептегенде 2003 жылы белгіленген ең төменгі зейнетақы көлемі – 5000 теңгеден аспауы қажет.

1 маусымнан бастап  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 564 қаулысымен зейнетақы көлемдері зейнеткерлердің еңбек үлесіне байланысты саралап өсірілді. 

Осының нәтижесінде 1 034 000 зейнеткер көтеріңкі зейнетақы  алды, бұл зейнеткерлердің жалпы  саны 65,4 пайызын құрайды. Зейнетақының орташа өсу көлемі республика бойынша 2300 теңгені құрды. 5000-6000 мың теңге көлемінде ең аз зейнетақы алып отырған зейнеткерлер саны екі есе қысқарды; зейнетақының орташа көлемі 22 пайызға өсті (6485 теңгеден 7927 теңгеге дейін) және 6000 теңгеден 12000 теңгеге дейін зейнетақы алатын зейнеткерлердің үлесі шамамен екі есеге дейін өсті.

2004 жылғы 1 қаңтардан  бастап Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы  № 1337 қаулысымен зейнетақы көлемі  алып отырған зейнетақы көлемінен  тұтыну бағалардың 2001 жылғы орташа  жылдық индексіне - 5,4 пайызға өсті. Сөйтіп 2004 жылы орташа зейнетақы 8 571 теңгені құрды. 

2005 жылғы 1 қаңтардан  бастап Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы  № 1347 қаулысымен зейнетақы көлемі  алып отырған зейнетақы көлемінен  7,7 пайызға өсті.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы «Бәсекеге  қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» Қазақстан  халқына Жолдауында әлеуметтік мәселелер  мемлекет үшін басым болып танылды. Жолдауға сәйкес 2005 жылы зейнетақы көлемдері инфляция деңгейін озып индексацияланған, бұл ретте зейнетақының ең аз көлемі 6200 теңгені құрды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Қазақстан халқына Жолдауымен 2005 жылғы 1 шілдеден бастап барлық зейнеткерлерге 3000 теңге көлемінде қосымша (базалық) зейнетақы енгізілді. Базалық зейнетақыны есептегенде, ең төменгі зейнетақы деңгейі 9200 теңгені құрайды, зейнетақының орташа көлемі - 12000 теңге. 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы көлемі алып жүрген зейнетақы көлемінен 8 пайызға өсті. Одан басқа, 2006 жылғы 1 маусымнан бастап әскери қызметшілерінің, ішкі істер органдары және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің зейнетақылары өсті. Барлығы 2000-2006 жылдар аралығында зейнетақының орташа көлемі екі есе өсті, ал келешекте базалық зейнетақы көлемін ең төменгі күнкөріс деңгейінен 75 пайызды құрайтын деңгейге дейін көбейту жоспарланып отыр. Өткізген жұмыс нәтижесінде еліміздің барлық зейнеткерлері кедейлер санатынан шықты, себебі олардың табыстары кедейлік шегінен ғана емес, ең төмен күнкөріс деңгейінен екі есе асты.

2002-2006 жылдардағы зейнетақының орташа көлемдері (теңгеде) Алайда, оң жетістіктер зейнеткер жасындағы адамдардың тұтастай өмір деңгейінің төмен екенін жасырмауы тиіс. Зейнетақыны жыл сайын индексациялауға қарамастан, инфляция өсу үстінде, бұл қарттардың ақша жұмсау деңгейіне кері әсерін тигізеді.

Мысалы 2006 жылдың басынан  бастап шілде айына дейін бағалар 5,1 пайызға өсті, ал жылдық есеппен 7 айда – 8,7 пайызға. Салыстырмақ болсақ, 2005 жылы тұтыну бағалары индексінің өсуі жылдық есеппен 8,2 пайызды құрды. Осылайша, еліміздің экономистері базалық инфляция деңгейінің жоғары екенін атап көрсетіп отыр. Инфляция деңгейі жылдық есеппен, жеміс-жидекке, сондай-ақ бензинге, дизельдік жағар-жанар майға, көмірге және мемлекет реттейтін қызметтерге бағаның өсуін ескермегенде, жалпы инфляция деңгейі 8,7 пайызды құрса, 2006 жылдың 7 айында 8,1 пайызға жетті. Бұл ретте, жалпы инфляция деңгейі 8,2 пайызды құрса базалық инфляция деңгейі 2005 жылғы 7 айда 6,8 пайызды құрды. 

 

                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      

 

 

 

 

 

 

                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      ҚОРЫТЫНДЫ

 

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – ынтымақтастық қағидаларын  жеке жауапкершілік қағидаларымен  толықтыруды, оларды біріктіруді ұсынады. Орталық және аймақтық билік органдары өзара көмек көрсету мен қорғау, әлеуметтік қамсыздандырудың қажетті құрылымын құруға қабілетті әлеуметтік топтарды қолдауға өз күшін жұмсауға міндетті. Мұндай топтар кәсіби құрылымдарды, жергілікті қауымдарды, кәсіподақтарды, аймақтық ұйымдарды, қоғамдық бірлестіктерді және тағы да басқаларын біріктіреді. Практикалық тұрғыда, мемлекет ең алдымен жеке жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етуге тиіс. Жекеменшікті тануға негізделген экономикалық салада адамдардың іскерлік белсенділігін арттыруға қажетті жағдай жасау керек.

Әлеуметтік салада мемлекет негізінен өзін-өзі реттейтін, өзара  көмек көрсететін және ынтымақтастық  танытатын институттарды -  әлеуметтік сақтандыру серіктестігін, кәсіби қауіп-қатерден қорғау ұйымдарын, өзін-өзі басқарудың, өзара көмек көрсетудің және ынтымақтастықтың еңбек, аймақтық және басқа да жергілікті органдарын құру арқылы дамиды.

 Теориялық тұрғыдан еліміздің әлеуметтік мемлекет деп жариялануы, әлеуметтік-экономикалық даму мақсатына басымдық берілуі тұрғындарымыздың жоғары өмірлік стандарттармен қамтылуына баса мән берілгендігін айқындайды. Сонымен бірге, мемлекеттің әлеуметтік саясаты халықтың өмір сүру деңгейіне бағытталуы, негізінен әрбір азаматтың өзін-өзі көрсетуімен жүргізіледі деген пікірлер де аз емес еді. Яғни, әлеуметтік мемлекет (патернализмнің) пен әлеуметтік қызметтерді жекешелендірудің (радикалдық либерализмнің) орнына, қоғамның өзі жасалмайтын деңгейдегі әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ете алатын «жәрдемдік» мемлекеттер құрылады. Әлбетте, әлеуметтік реформалар бағдарламасы тежегіш ретінде емес, экономикалық өсім катализаторы ретінде болуы керек. «Жәрдемдік мемлекет» үлгісіне ауысу, яғни аз қамтылған отбасыларға арналған әлеуметтік трансферттердің азаюымен қатар, халықтың әлсіз топтарының үлесіне ресурстарды үлестіріп беруді қарастырады. Жалпы «жәрдемдік мемлекет», мемлекет пен қоғамдық (коммерциялық емес) сектордың және бизнестің арасында әлеуметтік міндеттемелерді бөлуді көздейді. Әлеуметтік қорғау саласында кедейшілік деңгейін төмендету мен жоқшылықты жоятын, халықты тиімді әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі жасақталуы қажет. Ол үшін өзін-өзі қамтамасыз ету кезінде пайда болатын қауіп-қатерлердің әлеуметтік сақтандыру түрлерінің қолайлы механизмдері қарастырылуы керек. Сонымен бірге мемлекеттің әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің басым бөлігінен, жеке азаматтардың өзіндік қамсыздандыру іс-әрекеттеріне көшуді жоспарлау қажет.

Тәуелсіздік алғаннан бергі  уақытта мемлекеттік даму тәжірибесін  жинақтаған Қазақстан Республикасының 1995 жылы жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейін әлеуметтік саясатта құрылып жатқан нарықтық үлгіге сәйкестендірілген, әлеуметтенуді күшейтуге бағытталған заңдық актілерді дайындау үрдісі басталды. Дәл осы уақытта Үкімет республика халқының әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, мемлекеттік механизмін құруды көздейтін елдің әлеуметтік құрылымын жасауды қолға алды. Бұл концептуалды құжатта әлеуметтік саясаттың мынадай басымдықтары анықталды:

- жаңа Конституцияда  бекітілгендей Президенттік басқару  жүйесі кепілдік беретін елдегі әлеуметтік тұрақтылықты сақтау және нығайту;

- әлеуметтік саланы  нарықтық қатынастың белсенді  субъектісіне айналдыру;

- аталған құрылымды  жүзеге асыруда экономикалық  механизмдерді пайдалану және  саяси құралдарды анықтау;

- психологиялық, рухани салада құқықтық қамтамасыз етуді қадағалау.

    Әлеуметтік реформалардың бағытталған тұжырымдамасы әлеуметтік саясаттың нақты басымдықтарын айқындап береді. Бұл басымдықтардың алға қойған міндеті:

- тұрғындардың радикалды  әлеуметтік өзгерістерге бейімділігін арттыру, халықтың экономикалық белсенді бөлігін ынталандыру;

- халықтың экономикалық  белсенділігін арттыру;

- нарықтық механизмдер  мен құралдардың рөлін күшейту,  халықтың сақталған ақша қоры  мен шетелдік қорлардың инвестициясын  әлеуметтік саланы қаржылай қамтамасыз етуге тарту;

- білім беру, медициналық,  әлеуметтік қамтамасыз етуде  мемлекеттік стандарттар негізінде  әртүрлі деңгейдегі бюджетті  қалыптастыру;

- қоршаған ортаның  бұдан арғы құлдырауын, кері кетуін  тоқтату.

Әлеуметтік саясаттың  саяси мүмкіндіктері субсидиарлы жауапкершілік қағидаларымен тығыз байланысты. Негізгі жауапкершілік ретінде, адамның өзіне және отбасына деген жауапкершіліктері танылады. Қосымша қоғамдық жауапкершілік  әрдайым мақсатқа лайықты және оны өзі жеке алып жүру мүмкіндігі жоқ болғанда кез келген адам және отбасы оны өз жауапкершілігіне алады. Сонда ғана салық пен өзге де жиналымдар түріндегі ресурстар әртүрлі қоғамдық мәселелерді шешуге бағытталған ұйымдарға жетеді.

 Сонымен қорытындылай келе айтарымыз, Қазақстандағы жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясат саяси жүйені бейтараптандырудың құрамдас элементі, ал оның теориялық базасы мәні жағынан либерал-консервативті үлгісі болып қала бермек. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында әлеуметтік мемлекет құру жағдайында  әлеуметтік саясаттың өзіндік үлгісі біртіндеп қалыптасып келе жатқандығы жөнінде тұжырым жасаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. 1.Қазақстан Республикасының Конституциясы. (Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы № 284-І заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген ресми мәтін. Өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.05.21. N 254 Заңымен).-Алматы.-2007.-40б;
  2. Назарбаев Н.Ә.Қазақстан-2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл ауқатының артуы.
  3. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.-Алматы: Білім, 1997.- 176 б.
  4. Мировая экономика: глобальные тенденции за 100 лет.-М.:Юрист,2003.- C.12.
  5. Джон Локк. Басқару туралы екі трактат. – Алматы: Ратитет,2004.-184 б.
  6. ЖанЖак Руссо.Қоғамдық келісім-шарт немесе саяси құқық принциптері. - Алматы: Үш Қиян, 2004.- 79 б.
  7. Удальцова М. Транзитное общество и его проблемы // Проблемы социальных взаимодействий в транзитном обществе. Сборник научных трудов.- НГАЭиУ.- Новосибирск, 1999.- 193 с. С.9.
  8. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы.- Алматы: Дәуір, 1992.- 56 б.- 20-21 б
  9. Мұхамеджанов М.Ә. Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың кейбір  мәселелері. // Ақиқат.- 2002.- №4.- 39-40 б.
  10. Отчет о человеческом развитии.Казахстан. 1998 год.-Алматы.-1998.С.-20.
  11. Қазақстан Республикасының Үкіметі, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2007 – 2008 жылдарға арналған Бас Келісім // www.enbek.kz


Тақырыбы: «Тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесіндегі мемлекеттің  ролі»


Информация о работе Әлеуметтік саясат, оның қағидалары мен көрсеткіштері