Мемлекет басқарушы жүйе ретінде»

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 09:28, реферат

Описание работы

Мақсаты: Мемлекеттік басқарудың мәні және оның экономикалық процестерді әрі қарай дамытудағы рөлін анықтау. Мемлекеттік басқару мәні және оның нысандарын басқару қажеттілігі.
Дайындалатын (зерттелетін) негізгі сұрақтар:
1) Мемлекеттік басқарудың мәні және оның экономикалық процестерді әрі қарай дамытудағы рөлі.
2) Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың демократиялық жүйесі.
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқаруда демократиялық

Файлы: 1 файл

Мемлекет басқарушы жүйе ретінде».doc

— 570.50 Кб (Скачать файл)

ТАПСЫРМА

Тақырыбы: «Мемлекет  басқарушы  жүйе  ретінде»

Мақсаты: Мемлекеттік басқарудың мәні және оның экономикалық процестерді әрі қарай дамытудағы рөлін анықтау. Мемлекеттік басқару мәні және оның нысандарын басқару қажеттілігі.

Дайындалатын (зерттелетін) негізгі сұрақтар:

  1. Мемлекеттік басқарудың мәні және оның экономикалық процестерді әрі қарай дамытудағы рөлі.
  2. Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың демократиялық жүйесі.
  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқаруда демократиялық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

Кіріспе...........................................................................................................................5

1 Мемлекеттік басқарудың мәні  және оның экономикалық процестерді  әрі қарай дамытудағы рөлі................................................................................................7

1.1 Мемлекеттік басқару мәні  және оның нысандарын басқару  қажеттілігі.........7

1.2 Мемлекеттік басқаруды жетілдіру  кезеңдері....................................................10

1.3 Экономиканың мемлекеттік секторын басқарудағы мемлекеттің рөлі .........14

2 Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың  демократиялық жүйесі.

2.1 Демократияландыру – мемлекеттік  басқарудың жаңа жүйесі .......................18

2.2 Қ.Р Билік жүйесін демократияландырудың алғы шарттарын жетілдіру жолдары......................................................................................................................21

2.3 Жүйелі демократиялық реформаларды  жүзеге асыру.....................................23

3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқаруда демократиялық

жүйесін дамыту жолдары.........................................................................................26

3.1 Билік жүйесін демократияландырудың  қазіргі жағдайы.................................26

3.2 Мемлекеттік органдар  құрылымын жетілдіру..................................................28

Қорытынды.................................................................................................................33

Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................35             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Елу жылда – ел жаңа деуші еді бабаларымыз. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі қысқа мерзімнің ішінде қоғамның өмір тіршілігін өзгертіп, жаңа саяси  жүйе қалыптастыруда экономика мен әлеуметтік салаларды реформалауда іргелі табыстарға қол жеткізді. Ұтымды әрі кезең – кезеңімен жүйелі түрде жүргізіліп жатқан қомақты іс – шаралардың оң нәтижелері еліміз таңдаған жолға  деген халықтың сенімін нығайтуда. Дегенмен өтпелі кезеңнің күрделі экономикалық және әлеуметтік проблемаларын шешкен сайын, қоғамның даму деңгейіне сәйкес халықтың өмір тіршілігін тиімді ұйымдастырудың жаңа және аса күрделі мәселелері күн тәртібіне қойылып отыратыны бәрімізге түсінікті. Еліміз іргесінің бұзылмай, тыныштығы мен тәуелсіздігін сақтап, экономикасы мен мәдениетін ілгері тұрған елдермен теңестіру үшін бүгінгі күннің шындық болмысына жауап беретін мемлекеттік басқарудың жетілген жүйесі қажет.

Демократиялық жүйе әзірше адам баласы ойлап тапқан, мойындаған, барынша оңтайлы деп танылған бір форма ғана. Ол үнемі жаңғыру, даму, жетілу, оңтайлану үстінде. Сондықтан да демократияны халық өзіне жақын тартып, оның қалыптасуына ынталы болып отыр. Әр ел демократияға өзінше айдар тағып, өзіндік атау беріп жатыр.

Қазіргі көптеген демократиялық  мемлекеттер - құқықтық мемлекет құру жолын ұстанған. Ал құқықтық мемлекетте мемлекеттік органдарға жоғары талап  қойылады, олардың жауаптылығы жоғарылайды.                              Мемлекет дегеніміз - өз аумағындағы халықты құқықтық жүйесі арқылы ұйымдастыратын, басқаратын күрделі саяси ұйым. Мемлекет – арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын және оның дамуының қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің, егеменді, саяси ұйымы. Мемлекет қоғамды басқаруды жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік жүргізуші топтың немесе халық топтарының мүддесін артықшылықтан қорғайтын биліктің ерекше ұйымы болып табылады.

Мемлекеттік механизм деген  – мемлекеттік органдардың мемлекеттік  билікті жүзеге асыру әдістері мен  құралдарының жүйесі. Яғни, мемлекеттік  механизм ұғымына – мемлекеттік  билік, мемлекеттік аппарат, мемлекеттік  билікті жүзеге асыру құралдары мен әдістері ұғымдары кіреді. Мемлекеттік орган - мемлекеттік аппараттың бір буыны. Ол – мемлекет атынан белгілі бір мемлекеттік функцияны жүзеге асыруға бағытталады. Мемлекет механизмі түсінігімен қатар, теория және практика жүзінде мемлекеттік аппарат түсінігі де кеңінен пайдаланылып келеді. Биліктің бірден-бір бастауы – халық болғандықтан мемлекеттік органдар халықтың еркін, мүддесін ескеру қажет. Халық еркі сайлаулар, референдум, мемлекеттік қызметке орналасу теңдігі, т.б. жолдармен ескеріледі. Сондықтан, мемлекеттік органдар өз қызметінде демократиялық қағидаларды басшылыққа алуы тиіс. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының жоғарылығы, демократизм, биліктің бөлінуі, заңдылық, жариялылық, кәсібилік, сайланбалылық және тағайындамалық жүйенің бірлігі, т.б. қағидалар. Еліміз егемендік алған алғашқы күннен бастап мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің қазіргі заманғы тиімді жүйесін қалыптастыруға баса назар аудартады. Осы орайда елбасы тануда Үкімет алдына міндет етіп қойған әкімшілік реформасы республикамыздағы бүгінге дейін өніктілігімен танылып келе жатқан келелі өзгерістердің заңды жалғасы деуге болады. Ол ұзақ мерзімді «Қазақстан  2030» стратегиясында көрсетілген кәсіби мемлекет құру жөніндегі жетінші басымдық негізінде іске асырылмақ. 

 

 

 

 

 

 

  1 Мемлекеттік басқарудың мәні және оның экономикалық процестерді әрі қарай  дамытудағы рөлі

 1.1 Мемлекеттік басқару  мәні  және оның нысандарын басқару қажеттілігі

Басқару – мемлекеттік  және қоғамдық ұйымдарда, қоғамдық құрылыстың барлық саласында қолданады, аз шығындармен барынша тиімділікке қол жеткізуді көздейтін болғандықтан да басқару теориясы мен тәжірибесі барлық деңгейлерге тән. Басқару – процесс  ретінде  жалпылама ортаға ие болып, табиғаттың барлық құбылыстарында, яғни табиғатта (өндірістік құралдар мен заттарын арттыруда) тірі табиғатта (биологиялық жүйелерде) және қоғамдағы әлеуметтік жүйені басқару процестерінде орындалады. Осыған байланысты басқару ісі барлық бірдей территориялық бөліктерде әлеуметтік – экономикалық жүйелерде объективті түрде жүзеге асырылады. Сонымен қатар менеджмент басқару процесіне объективті түрде қатыса отырып, өзінің қалыптасуы барысында қолайлы жағдай жасауды талап етеді. Орталық есебінде басқару әрекетінде әрбір территориялық ерекшелігін барынша ескеру, жергілікті экономикалық дамуы мен жасауын реттеуді қалыпты орынға қою талап етіледі.

Сонымен мемлекеттік  басқару мәні келесі қағида бойынша  айқындалады. Мемлекеттік басқару  деп – мемлекеттің билік күшін  пайдалану арқылы белгілі бір  мақсаттарға жету үшін адамдардың қоғамдық  өміріне тәжірибелі, ұйымдасқан және реттеуші бағытта әсер етуі аталады. Мемлекеттік басқарудың мақсаттылығын, тиімділігін адамдардың қажеттігін орындау барысындағы әлеуметтік бағыттылығы анықтайды. Ендеше мемлекеттік басқару - ерекше субъектілер тобының экономикалық, әкімшілік, саяси және әлеуметтік, мәдениет аяларына басшылық жасау процесінде міндеттерімен қызметтерді іс жүзінде орындаудан тұратын заңға тәуелді заңдық біліктілік ұйымдастыру қызметі. Мемлекеттік басқару мыналармен сипатталады:

  • қоғамдық пайдалы қызметтің нақтылы түрімен;
  • бұл қызметтің атқару өкім ету сипатымен;
  • арнайы уәкілетті субъектілердің жүзеге асырумен;
  • күнделіктілігімен және үзіліссіздігімен;
  • заңға тәуелді сипатымен;
  • қызметтің әр түрлі нысандарымен.

Мемлекеттік басқару  принциптері – оның мән мағынасын білдіретін негізгі бастамалары, идеялары. Мемлекеттік басқару принциптері екі түрге бөлінеді:

    1. Жалпы мемлекеттік басқару;
    2. Ұйымдастырушылық мемлекеттік басқару;

       Жалпы мемлекеттік басқарудың өзі бірнеше топқа бөлінеді:

      • жалпы демократиялық;
      • жалпы объективтілік;
      • жалпы ғылымдық;
      • жалпы нақтылық;
      • жалпы шапшаңдық;
      • жалпы тиімділік;
      • жалпы жариялылық;

        Ал ұйымдастырудың түрлері мыналар:

  • салалық;
  • желілік;
  • аумақтық;
  • функционалдық;
  • екі жақта бағалаушылық;
  • жеке дара басшылық пен олқылықты үйлестіру.

Мемлекеттік басқару ол жүйелі құрастыратын басқару қызметтерден тұрады. Олар:

    1. Жоспарлау қызметі – мұнда қандай мақсат қойылуы қажет, ол қашан және қалай орындалады деген сұрақтарға жауап беріледі.
    2. Ұйымдастыру қызметі – адамдарға өкілеттіліктер мен міндеттерді бөліп беру арқылы оларды ортақ нәтижеге жұмылдыру:
    3. Реттеу қызметі – адамдардың белгілі бір ұйым шеңберінде белгілі бір қызметтерді атқаруға міндеттейді;
    4. Қызметкерлермен жұмыс істеу қызметі - әлемдік тәжірибеде бұл қызметке маңызды көңіл бөлініп, қолданылып келеді.
    5. Бақылау қызметі – барлық жоғарыда аталған қызметтердің кері байланысын көрсетеді.

Мемлекеттік басқару  нысаны – атқарушы билік органдарының өзінің құзіреті шеңберінде жүзеге асырылған және нарықтық реттеуші мен белгілі бір сардарлар туғызатын қызметтің сыртқы көрінісі. Сондықтан нарықты экономика механизмінде мемлекеттің экономикаға араласуынсыз экономиканың толық өзін - өзі реттеуі мүмкін емес. Осы орайда мемлекет салық, инвестиция, жеңілдіктер беру арқылы нарықтық экономиканы реттеп отырады.

Сонымен қатар мемлекеттік  басқаруда келесі қағидаларды қамтиды:

  1. Қоғамдық  - саяси - мемлекеттік басқарудың әлеуметтік табиғатын зерттеу арқылы олардың даму заңдылығын анықтау;
  2. Функционалдық - құрылымдық - мемлекеттік басқару органдарының құрылымының заңдылығын түсіндіреді;
  3. Ұйымдық – құрылымдық - мемлекеттік басқарудың ұйымдастыру құрылымының заңдылығы мен бір – бірімен байланысын түсіндіреді;
  4. Мемлекеттік басқару қызметі - мемлекеттік басқару органдарының басқару әдістерін қолдау заңдылығын түсіндіреді;

Мемлекеттік басқару  әдістеріне – басқару субъектісінің  басқару объектісіне ықпал ету  тәсілі, амалы, ал басқарудың алдына қойған мақсаттар мен міндеттерге қол  жеткізу үшін басқарудың функцияларын іске асыру үшін пайдаланады. Мемлекеттік басқару әдісінің мынандай белгілері бар:

  1. Мемлекеттік қызметтің белгілі бір түрін мақсатты түрде танумен табиғи байланысты.
  2. Басқару қызметі субъектісін объектіге басқару ықпалын білдіреді.
  3. Басқару субъектісінің өз – құқық өкілеттілігін іске асырудың құралы.
  4. Тиісті объектіге арналған.
  5. Алға қойылған мақсатына нақты жағдайда қол жеткізудің қолайлы тәсілі.
  6. Белгілі бір мерзімдік шеңберлері болады.

 

1.2 Мемлекеттік  басқаруды жетілдіру кезеңдері

1991 жылы тәуелсіздік  алуымызбен Қазақстанда оның  тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша жедел түрде жаңа ұлттық мемлекеттік құру басталды. Алғаш рет және өте қысқа мерзімде мемлекеттік басқарудың жаңа, тиімді әрекет ететін жүйесін құрудың тарихи да ел тағдырын шешер мақсатты талдау жасалып, жария етілді, сөйтіп мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби корпусын қалыптастыру бастау алды. Мемлекеттік қызметтің тиімді кәсіби жүйесін құрудың Қазақстан тәжірибесі халықаралық деңгейде атап өтілген.

Дүниежүзілік банк, бірқатар өзге ірі халықаралық ұйымдар мен институттар бұл жәйтпен есептеседі және лайық көреді. Бізд мемлекеттік қызметті реформалауда ТМД -ның көптеген елдерінен ілгері бола алдық. Бүгінде Беларус пен Украина, Қызғызстан, Әзірбайжан, сондай-ақ алыс шетелдің кейбір елдері біздің тәжірибеге белсенді қызығушылық танытты, жетістіктерімізден үйренеді. Осы жәйттердің бәрі Қазақстан тәуелсіздігінің он жылында жүргізілген мемлекеттік басқаруды реформалау нәтижелігінің көрсеткіші болып табылады.

Қазақстандық қоғамтанушылар мен  заңгер – құқықтанушылар, әдеттеп, жаңа мемлекеттің құрылысы мен қалыптасуының төрт – бес кезеңін атап көрсетеді. Бұл нені білдіреді? Біріншіден, бүкіл прцесс өте жаңа, былайша айтқанда,  тым аз мерзімде жүзеге асыралғаны дәлелдейді. Екіншіден, он жыл бойына бірінші кезекте мемлекеттік құрылыс реформаларының нормативтік құқықтың және институттың  базасын жетілдіру жоспарлы да дәйекті түрде  жүргенін көрсетеді.

1991 жылғы желтоқсанда Қазақстанның  тәуелсіздік алуымен мемлекеттік  басқару жүйесін реформалаудың  бірінші кезеңі басталады.

Біз оны өте күрделі жағдайда қолға алдық. Бұл кезең өткенінің  әлі де айтарлықай күшті екпінімен, жергілікті әкімшіліктер бұрынғы партия комитеттеріне “егіздің сыңарындай”  ұқсас болып, өкілетті органдар бұрынғысынша  көне халық депутаттары кеңестерінің деңгейінде әрекет еткен ескі қалыптар мен қасаң дәстүрлердің тұтас қойыртпағы адамдардың санасында орын алып, нақты өмірде сақталып тұруымен сипатталады.

Информация о работе Мемлекет басқарушы жүйе ретінде»