Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 09:28, реферат
Мақсаты: Мемлекеттік басқарудың мәні және оның экономикалық процестерді әрі қарай дамытудағы рөлін анықтау. Мемлекеттік басқару мәні және оның нысандарын басқару қажеттілігі.
Дайындалатын (зерттелетін) негізгі сұрақтар:
1) Мемлекеттік басқарудың мәні және оның экономикалық процестерді әрі қарай дамытудағы рөлі.
2) Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың демократиялық жүйесі.
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқаруда демократиялық
Жергілікті өзін-өзі басқару – демократияның нысандарының бірі, яғни мемлекетте халықтың еркін білдіру арқылы билікті қалыптастыру тәсілі. Қазақстан Республикасының Конституциясымен танылған және кепілдік берілген жергілікті өзін-өзі басқару халықтың мүддесін, оның тарихи және өзге де жергілікті дәстүрлерін негізге ала отырып, тікелей немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жергілікті мәні бар мәселелерді шешу жөніндегі дербес қызмет ретінде айқындалады. Жергілікті өзін-өзі басқару – халық билігін білдіру ретінде Қазақстанның конституциялық құрылысы негіздерінің бірі. Осыған байланысты жергілікті өзін-өзі басқару мейлінше демократиялық институт болып табылатындығын атап өтуіміз керек, ол азаматтарды қоғам істерін басқаруға қатысуға тартады әрі олардың саяси құқығын елеулі түрде қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктердің неғұрлым толық есебі қамтамасыз етілетін мәселелерді шешу қоғам мен мемлекетті басқарудың тиімділігін айтарлықтай арттырады. Енді халық сайлаған, жергілікті жерлердегі міндеттерді шешуге арналған жергілікті өкілді органдар – мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқарудың негізі болады. Әкімдерді тағайындауға келісім беру жөніндегі өкілеттіктерді мәслихаттарға беру біздің елімізде демократияның негіздерін одан әрі нығайта түседі. Қазақстан өз дамуының қазіргі жағдайында еркін, байыпты және жоғары моральды зор мүмкіндіктері бар қоғам құру мақсатына жету жолында маңызды қадам жасады.
2.2 Қ.Р билік жүйесін демократияландырудың алғы шарттарын жетілдіру жолдары
Билік жүйесін демократияландыру ісіне себі тиетін факторлар, яғни алғышарттар аз емес. Олардың қатарына сайлау, БАҚ, саяси партиялар және азаматтардың санасы мен мінез-құлық мәдениеті жатады. Бұл ретте сайлау -демократияның басты алғышарты. Оның маңызы туралы айтатын болсақ, француз ойшылы В.Гюгоның «сайлаулар тұрғанда революцияның керегі болмай қалады», - деген пікірі еріксіз ойға оралады. Сайлаулар туралы К.Поппер де өзінің «Ашық қоғам» атты еңбегінде қоғам тарапынан билікті бақылауда ұстауы үшін сайлаулар маңызды деген;
Сайлаулар жүйесін жетілдіру ісі :
1.Сайлау комиссиясын дұрыс жасақтау - басты мәселе. Сайлау комиссиясының мүшелері, біздіңше, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың, сайлауға қатысушы азаматтардың өкілдерінен жасақталуы тиіс. Әділдік болғанда ғана ел сенімі легитимдендіріледі.
2. Сенаторларды облыстық мәслихат депутаттары сайлайды. Келешекте оларды да мәжіліс депутаттары сияқты халық тікелей сайласа дұрыс болар еді. Сонда олардың халық алдындағы немесе аймақтар алдындағы жауапкершілігі күшеюі мүмкін.
3. Сайлау туралы заңда
депутаттардың жауапкершілігі
4. Алдын-ала дауыс беруге және қосымша тізім бойынша дауыс беруге тыйым салумен қатар, бақылаушылар мен кандидаттардың сенімді адамдарын сайлау процесінің барлық сатыларында қатысуына рұқсат ету қажет.
5. Партиялар үшін 7 пайыздық кедергі мөлшерін, біздіңше, азайту қажет.
Демократияның жарқын үлгісі – сайлау. Орталық сайлау комиссиясының ақпараттарына қарағанда, келесі жылы мәслихаттар сайлауын өткізу жоспарланып отыр. Жергілікті мәслихаттар депутаттары – халықтың жергілікті жердегі өкілдері. Жаңадан сайланған мәслихаттар депутаттары өз аймақтарындағы сайлау өткізілмеген аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлайтын болады. Бұл науқаннан Мемлекеттік комиссия тыс қалмақ емес.
Бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) демократияландыру жолындағы рөлі зерттеліп, оның үлкен саяси күш екені дәлелденеді. Себебі, қоғамдық сананы қалыптастыру тек БАҚ арқылы жүзеге асырылады. Еркін және тәуелсіз ақпарат құралдары жоқ елді демократиялық деп атауға болмайды. 2006 жылы қарашада Парламентте БАҚ туралы қабылданған жаңа заң бойынша оның қолданылу аясы кеңейді . Яғни электрондық БАҚ-қа ғана емес, теледидар және радиохабар салаларына, оның ішінде лицензиялау ісіне де қатысы бар. Екінші жаңалық-информация алу мен тарату еркіндігі, өз көзқарасын, сенімін, пікірін, сыни ой-пікірлерін ашық айтуға, таратуға мүмкіндігі, қадір-қасиетін түрлі өсек және кемсітуден қорғауы. Сөз еркіндігін пайдаланып, оны теріс жолда пайдалануға тыйым салынады. Жаңа заң жобасында мемлекеттің информациялық қауіпсіздігін қорғау туралы бап бар. Қандай бір БАҚ болмасын, оны монополиялауға тыйым салынады. Заң жобасында мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың мөлдірлігіне қол жеткізу көзделген. БАҚ құралдарын есепке алуды рұқсат ету - мәлімдеу принципі ұсталынатын тәртіпті бұзғанда ғана құқықтық тыйым салынады. Заң жобасында мемлекеттік тілді дамыту жағы көзделген. Нақтылы социологиялық зерттеулер нәтижелері көрсеткеніндей, көптеген БАҚ құралдары әлі де болса билікке бағынышты, сондықтан объективті информацияны күту қиын.
Оңтүстік Астана Тұрғындарын «31-арна» хабарына сенетіндер 47,8%, бұдан кейінгі орынды КТК алады - 36,9%, қалған телеарналарға сенетіндердің үлесі 15%-дан аспайды. Ал, Қазақстандық газеттердің ішінен «Время» және «Караванға» сенетіндердің үлесі 29,1% және 22,9% .
Зерттеулер нәтижесі бойынша мынадай ұсыныстар жасалынған:
1. БАҚ құралдарын тәуелсіз ету үшін оны белгілі бір күштердің монополизациялауынан азат етпей болмайды. Оны жүзеге асыру үшін информациялық кеңістіктің дұрыс қызмет ету принциптерін заң жүзінде анықтау қажет. Заңда антимонополиялық шаралар нақтылы түрде белгіленуі шарт.
2. Қоғамдық телеарнаның басты мақсаты - халықтың мүддесін қорғау. Қоғамдық телеарна көрсетілімдері көрермендердің негізгі үш қажеттіліктерін өтеуі тиіс. Олар: ақпарат, білім-ағарту және ойын-сауық бағдарламалары. Осы үш элемент эфирді бірдей қамтып, халқымыздың игілігіне бағытталуы керек. Қоғамдық телеарнаның коммерциялық телеарнадан айырмашылығы оның халық тарапынан қатаң бақылануында. Сондықтан қоғамдық телеарна елімізде өте қажет.
Қазір қалыптасып келе жатқан азаматтық қоғам, мысалы, үкіметтік емес ұйымдар халықты еңбекке тарту ісімен, кәсіпкерліктің негіздерін үйретумен, халықтың құқығы мен бостандығын қорғауға жәрдемдесумен айналысады. Оның дамуына жағдай жасайтын негізгі шарттар, біздіңше, мыналар: біріншіден, экономикалық негіздер - меншік түрінің алуандығы, мемлекеттік бюджет пен жеке коммерциялық сектордың (демеушілердің) қаржылары қайта бөлінгенде; екіншіден, әлеуметтік негіз - орта тап қалыптасқанда; үшіншіден, саяси негіздер - демократия институттары тамыр жайғанда; төртіншіден, заңдық негіздер - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, азаматтық қоғам институтттарын нығайтуға бағытталған заңдар қабылданғанда; бесіншіден, ұйымдастырушылық негіздер - «үшінші сектор» деп аталатын үкіметтік емес ұйымдар жеткілікті болғанда, және ең соңғысы, идеологиялық негіздер - либералды құндылықтар, әлеуметтік экономика мен толеранттылықтың қалыптасуы.
2.3 Жүйелі демократиялық реформаларды жүзеге асыру
Қазіргі уақытта, «Қазақстан
2030» Стратегиясының 14 жылдығында, экономикамыз бен мемлекеттігіміздің
берік іргетасын қалап, Қазақстан түбегейлі
жаңа кезеңге батыл қадам басып келеді,
бұл шын мәнінде тарихи ауқымдағы аршынды
самғау жасауына мүмкіндік берері сөзсіз.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін бірінші
кезекте Қазақстанның неғұрлым бәсекеге
қабілетті 50 елдің қатарына кіруін қамтамасыз
ететін шаралар қабылдануда. Осы күні
Қазақстан ішкі тұрақтылыққа, дамудың
әлеуметтік іргесінің беріктігіне қол
жеткізіп, өңірдегі ең еңселі экономика
сомдады. Экономиканың тұрақты дамуы
экономиканың өсуі мен өзіміздің қаржылық
мүмкіндіктерімізге сүйене отырып қажетті
реформаларды жүргізуге мүмкіндік береді.
Олар біздің қоғамымыздің қажет - тіліктерін,
қазақстандық нақтылықтарды ескереді.
Қазір жүзеге асырылып жатқан реформалар
мен қайта құрулардың мақсаты – бұл елдегі
саяси тұрақтылықты сақтап, сондай-ақ
бір мезгілде азаматтардың барлық конституциялық
құқықтар мен бостандықтарын қамтамасыз
ететін қоғам мен мемлекетті басқарудың
барынша тиімді осы заманғы демократиялық
басқару пішіміне қадам басу болып табылады.
Біз мемлекеттік басқарудың корпоративтік
басқару, нәтижелілік, ашықтық және қоғам
алдында есептілігі қағидатарын арқау
ететін сапалық жаңа моделін түзіп жатқандықтан,
аталған мақсат - тарға жету үшін Үкімет
халықаралық оң іс-тәжірибені ескере отырып,
әкімшілік реформа мен атқарушы билікті
ілгерілетуді жүзеге асыруда. Осы өзгерістердің
басты ерекшелігі – ол биліктің президенттік
басқару жүйесін сақтау, реформалардың
кезеңдестігі, қабылданған шешімдердің
екшенділігі. Елбасы өз Жолдауында мемлекеттік
органдардың стратегиялық, әкімшілік-атқарушылық
және бақылау-қадағалау міндеттерінің
бөлінісі процесін аяқтауды тапсырған
болатын. Аталған шаралар міндеттердің
қосарластығына жол бермеу, ведомстволар
арасында мүдделер тайталасын еңсеру
және олардың жұмысының тиімділігін арттыру
мақсатында қабылдануда.
Алдағы уақытта орталық мемлекеттік органдардың
негізгі міндеттеріне ел заңнамасын жақсарту
тұрғысында жүйелі жұмыс істеу, бюджетті,
оның жұмсалуын, жаңа технологиялардың
енгізілуін, қоғамдық тәртіпті, денсаулық
сақтауды, білім беруді, елдің қауіпсіздігін,
сыртқы және ішкі сауданы басқару кіруі
тиіс. Жолдауды іске асыру және мемлекеттік
қызметтердің сапасын арттыру мақсатында
қазіргі уақытта Үкімет мемлекеттік қызмет
көрсетудің сапалық стандарттарын дайындап,
оны енгізуде, осыған байланысты республикалық
және жергілікті деңгейде көрсетілетін
барлық мемлекеттік қызмет түрлерінің
тізілімі әзірлену үстінде. Осында көрсетілгендердің
барлығының жүзеге асырылуы мемлекеттік
қызметшілердің санының қысқаруына әкеледі,
оның есебінен қалған мемлекеттік қызметшілердің
жалақысы артады. Тек осылай ғана шын мәніндегі
жинақы және кәсіби мемлекеттік аппаратты
қалыптастыруға мүмкіндік туады. Мұндай
жағдайда мемлекеттік қызметшілер жауапкершілігін
арттыруға, сондай-ақ олардың жұмысқа
деген ықыласын нығайтуға бағытталған
неғұрлым қатаң талаптар енгізген дұрыс
болады. Аталған реформаларды жүзеге асыруда
ҚР Әділет министрлігі мен оның аумақтық
органдарына өте жауапты міндеттер жүктелген.
Әділет министрлігінің негізгі функцияларының
біріне ұлттық заңнаманы қалыптастыру
және заң жобалау жұмысын жүргізу кіретіндіктен,
Министрлікке әкімшілік реформаны жүргізу
үшін қажетті нормативтік құқықтық базаны
әзірлеуге қатысу арқылы жүргізіліп жатқан
құқықтық өзгерістерді заңи қамтамасыз
ету жүктелген. Мемлекеттік басқару жүйесін
жетілдіру жөніндегі мемлекеттік саясаттың
басты мақсаты - Қазақстан азаматтарды
үшін мемлекеттік органдармен көрсетілетін
мемлекеттік қызметтердің ресімделуін
барынша оңайлату, төрешілдік пен сыбайлас
жемқорлықты жою. Біздің қоғамымыз Мемлекет
басшысының тапсырмаларын іске асыру
жөніндегі мемлекеттік органдардың нақты
қадамдарының куәгері болып отыр. Қазақстан
Республикасы Әділет министрлігінің аясында
2006 жылы барлық облыс орталықтарында жалғыз
терезе қағидаты -бойынша Халыққа қызмет
көрсету орталықтары құрылды. Осы кезде
барлық аудан орталықтарында осындай
орталықтарды құру бойынша іс-шаралар,
сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталықтары
көрсететін қызметтердің тізбесін кеңейту
жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.
3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқаруда демократиялық жүйесін дамыту жолдары
3.1 Билік жүйесін демократияландырудың қазіргі жағдайы
Елбасының Қазақстан Республикасының Парламентi палаталарының бiрлескен отырысында Ата Заңымызға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiндегi «Қазақ-станды демократияландырудың жаңа кезеңi – еркiн демократиялық қоғамды жедел дамыту» ұсынысы қолдау тапты. Жаңарған Конституцияның I бөлiмiнiң 2-бап, 3-тармағы бойынша, «Республиканың әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы, оның елордасының мәртебесi заңмен белгiленедi. Қазақстанның елордасы Астана қаласы болып табылатыны» айқындалған. Конституциялық реформаның басты жаңалықтары – Президенттiк басқару нысаны сақтала отырып, мемлекеттiк басқару жүйесiндегi парламенттiң өкiлеттiлiгi нығайтылды. Солайша, Қазақстан президенттiк-парламенттiк басқару жүйесiне көштi.Сондай-ақ, Ұлттық банк төрағалығына үмiткер таңдауда алдымен Сенаттың келiсiмiн алу қажет. Сонымен қатар, Мәжiлiс депутаттарын сайлауда елiмiзде пропорционалды сайлау жүйесi енгiзiлдi. Бұл саяси партиялардың рөлi артуына себепшi болады. Қоғамдық ұйымдарды мемлекеттен қаржыландыруға тыйым салу туралы конституциялық шектеу алынып тасталды. Ата заңға өзгерiс енгiзу үшiн облыстар мен республикалық маңызы бар қала тұрғындарының үштен екiсiнiң қолдауын алу қажет. Конституциялық реформаның негiзiнде Қазақстан өлiм жазасына бiржола тыйым салған ел атанбақ. Осынау ең жоғарғы жаза – елiмiз бойынша өте ауыр қылмыстарға қолданылған-ды. Дегенмен, мемлекет басшысы өлiм жазасын кiсi өлiмiне соқтырған лаңкестiк ұйымдарға, әскери кезеңдегi аса ауыр қылмыстарға ғана қолдану қажеттiгiн айтып, конституциялық деңгейде қайта қарау туралы ұсыныс жасады. Президент осы аталған шараларды екi сатыда жүзеге асыруды тапсырды. Бiрiншi сатыда, яғни 2006-2008 жылдары қазiргi жаңарған Конституция негiзiнде демократияны жүзеге асыру. Екiншi сатысында, яғни 2009-2011 жылдары кең масштабта жүргiзiлетiн демократиялық реформалар.Конституцияға енгiзiлген өзгерiс бойынша Нұрсұлтан Назарбаевқа елдiң алғашқы президентi ретiнде республика басшылығына ешқандай шектеусiз қатарынан сайлауға түсу құқы берiлдi. Қабылданған түзетулер бойынша президенттiкке кандидатқа Қазақстанда соңғы 15 жылда тұруы туралы талап қойылды. Сарапшылар Президенттiк мерзiм шектелуiнiң алынып тасталған себебiн Н.Назарбаевтың алғашқы президент ретiндегi қоғам, мемлекет алдындағы ерен еңбегiне байланысты екендiгiн айтады. Елдегi билiк тармақтарын одан әрi демократияландыру iсiн жетiлдiру жолдары жан-жақты талданып, ұсыныстар берiлдi. Президенттiк-парламенттiк демократиялық билiкке көшу процесi зерттелдi. Депутаттар корпусы мүшелерiнiң көпшiлiгi «Нұр Отанның» мүшелерi болғандықтан, жергiлiктi өкiлеттi органдар бүгiнде жемiстi еңбек етуде.
Бiз демократия, халықтың еркi мен бостандығы және әйел теңдiгi, ер мен әйел құқығының теңдiгi туралы айтқанда, «дала демократиясы» атанған ежелгi қазақ қоғамының принциптерiн еске алудан қашқақтаймыз. Басқасы – басқа, бүгiнде жаңалық ашқандай жер-жерде, орынды-орынсыз «гендерлiк саясатты» жалаулатып, желеулетiп жүрген жандар бұл құбылыстың ертеден бар екенiн мойындағысы келмейдi. Және «дала демократиясы» тиiстi деңгейде, белгiлi ауқымда Грек философы Платонның «...Билiгi шектен тыс монархия жаман, еркiндiгi шектен тыс демократия жаман» деген пiкiрiне әлем саясатшылары мен ойшылдары ден қойған. Ал Аристотель бұл мәселелердi жаңа қырынан қарастырып, демократиялық басқару принципiнiң баламалы жолын ұсынған. Негiзi, Ресейдiң құрамына кiрмей тұрған кездегi қазақ қоғамында адам құқығы – ұлттық өмiр салтының, халықтың қарым-қатынасының, дәстүрiнiң өзегi.
Президент Н.Назарбаев ұстанған саяси стратегиялық бағыттың дұрыстығының арқасында Қазақстан демократиялық даму жолына түсiп, дүниежүзiлiк қауымдастыққа танылып отыр. Әлемнiң бәсекеге ең қабiлеттi 50 мемлекетiнiң қатарына қосылу мақсатын және бүгiнгi таңда дүниежүзiн қаусырған дағдарысты жаңару мен даму арқылы жеңуге шақырып отыр.
3.2. Мемлекеттік органдар құрылымын жетілдіру
Мемлекеттік биліктің атқарушы бұтағы да реформаланады, жетілдіріле түседі. Жолдамада көрсетілгендей, бұл билік тармағы бұдан әрі ықшамдалып, біраз өкілеттігін жергілікті органдарға береді. Ұсақ – түйек мәселелердің бәрін орталық билік өз қолында шоғырландырмай, төменгі буындарға ауыстырады. Президент Қазақстанның стратегиялық мақсатын айқындап берді. Біз әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруіміз керек. Сол мақсатқа жетуі үшін мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру қажет. Елде жүргізілетін әкімшілік реформаның негізгі мақсаты да сол. Мемлекеттік басқару құрылымын жаңарту жолында бірнеше бағыттарды қарастырып өтейік.
Біріншіден, министрліктер мен ведомстволар арасындағы өкілеттілік қағидаттарын заңдық тұрғыдан тұжырымдау, мемлекеттік уәзималарды жіктеуді аяқтау, мемлекеттік органдардың қадағалау және бақылау міндеттерін ретке келтіру. Осы тұста атап өтейік мұнда министрліктерге бағынысты комитеттердің рөлі мен үйлестірушілік қызметіне дербестік беріледі.
Осындай негіздегі іс – қимыл тапсырыс беруші мен атқарушының мемлекеттік басқарудың кез келген саласында монополияның жасалуына “жағдай туғызып келген”, “ортақ көгенге” шегенделуін шектейді. Нақтырақ айтсақ, бірыңғай бюрократиялық саты баспалдақтарын қайталап басудан арылтады. Мұның нәтижесіне келсек, министрлік біріншіден, мемлекеттік басқарудың инновациялық стратегиясын әзірлеу және енгізуге мүмкіндік алса, екіншіден, атқарушы агенттіктердің жұмысын сапалы әрі тиімді түрде бағалай алады. Үшіншіден, мемлекеттік тапсырыстарды конкурстық негіз бойынша, мемлекеттік және жекеменшік өндірушілер арасындағы түрлі мамандандырылған мекемелерге тең жағдайда үлестіре алады.