Мемлекет басқарушы жүйе ретінде»

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 09:28, реферат

Описание работы

Мақсаты: Мемлекеттік басқарудың мәні және оның экономикалық процестерді әрі қарай дамытудағы рөлін анықтау. Мемлекеттік басқару мәні және оның нысандарын басқару қажеттілігі.
Дайындалатын (зерттелетін) негізгі сұрақтар:
1) Мемлекеттік басқарудың мәні және оның экономикалық процестерді әрі қарай дамытудағы рөлі.
2) Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың демократиялық жүйесі.
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқаруда демократиялық

Файлы: 1 файл

Мемлекет басқарушы жүйе ретінде».doc

— 570.50 Кб (Скачать файл)

Жаңа мемлекеттік билік органдарының қалыптасуы КОКП диктатының, жоспарлы социалистік экономика мен іс жүзінде барлық материалдық техникалық және қаржы ресурстары алыстағы  және “шет аймақтардың” қажеттеріне немқұрайлы Орталықтан бөлудің орталықтандырылған жерлесінің салдары ретіндегі аса терең экономикалық, саяси әлеуметтік және рухани дағдарысты еңсеруге байланысты міндеттерді шешудің шеруінде жүрып жатты.

Бұл кезеңде Қазақстанда кеңестік социалистік республика моделінен  президенттік басқару нысанындағы  мемлекетке көшу жүзеге асырыла бастады. Негізгі бастау елімізде жаңа жоғары мемлекеттік органның белгіленуі болды, оның функцияларын Қазақстан Республикасының Президенті атқарады. Бірінші кезекте атқару билігінің жоғарыдан төмен қарай ретті негізі құрылды. Бұл кезеңде атқару органдарының жүйесінде бұрын Республика Юриспруденциясынан іс жүзінде тыс тұрған салаларды басқаруды қамтамасыз еткен жаңа құрылымдар пайда болды. Олар – Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктері, Ұлттық  қауіпсіздік комитеті және басқалары. Атқару билігінің жүйесін нығайтуымен бір қатарда жергілікті өкілетті органдарының рефеормасы жүргізілді  1994 жылдың басында. Кеңестердің өзін – өзі таратуынан кейін жергілікті орындарда жаңа органдарда жаңа органдар – мәслихаттар құрылды.

Мемлекеттік органдарды реформалаудың екінші кезеңі конституциялық реформа өткізумен және  1995 жылғы  тамызда бүкілхалықтық  референдумда Қазақстанның Жаңа Конституциясы қабылдануымен байланысты. Негізінен  нақ сол кезде әлеуметтік экономикалық және саяси өзгерістер барысының ғана емес,  сонымен бірге бүкіл мемлекеттік басқару жүйесінің тағдыры айқылдалады.

1995 жылғы Конституция Қазақстан  Республикасында Президенттік басқару  нысанының орнатылғанын жария  етті. Конституцияның  нормаларға  сәйкес Қазақстан Республикасының  Президенті ішкі және сыртқы  саясаттың анегізгі бағыттарын  айқындап, биліктің заң шығару, атқару және сот тармақтарының келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының  нышаны мен кепілі болып табылады. 1995 жылғы Қазақстан Конституциясы  мемлекеттік билікті атқару, өкілетті және сот тармақтарына бөлудің  демократиялық принципі бекітті, сонымен бірге оның бірлігіне кепілдік берді.

Елдің қолданыстағы Конституциясы  бойынша Қазақстанда атқару билігінің  жүйесін республика Үкіметі басқаратын болды. Ал еліміздің  өкілетті  органдары қос палаталы  кәсіби Парламент және жергілікті мәслихаттарға өзгерілді. Қазақстан Жоғарғы сот басқаратын тәуелсіз сот жүйесі құрылды. Тұңғыш рет Қазақстан Конституцияның заңдылықтың сақталуын қадағалау жөніндегі  басты орган ретінде Конституциялық Кеңес тағайындалды.

Мемлекеттік  аппараты реформалау мақсатында осы кезеңде  Қазақстан Республикасы Президентінің  “Мемлекеттік қызмет туралы” заң  күші бар Жарлығы шықты. Нақ соның  негізінде мемлекеттік қызметті реформалау және мемлекетке қызмет ететін кәсіби корпусты қалыптастыру жөніндегі нақты жұмыс басталды.

Мемлекеттік басқарудың  реформалаудағы үшінші кезеңнің басталуы 1997 жылғы “Қазақстан  2030” стратегиясының қабылдануымен айқындалады. Бұл құжатта кәсіби мемлекеттік басқару жүйесі Қазақстанның  ұзақ мерзімді дамуының негізгі басымдықтарының бірі ретінде белгіленеді. Стратегияда нарықтық экономика жағдайы үшін оңтайлы және ұзақ мерзімді басым мақсаттарды орындауға қабілетті осы заманғы тиімді мемлекеттік басқару құрылымдарын құру міндеттері қойылды. Алға қойылған міндеттерді орныдау мақсатында мемлекеттік органдарды қайта ұйымдастыру жүргізілді. Министрліктер мен республикалық ведомстволардың саны 2 еседен астамға дерлік қысқартылды. Орталық және жергілікті билік органдарының өкілеттіліктері қайта  бөлінді. Жергілікті билік органдарының функциялары әлде – қайда кеңейтілген, атап өткен жөн.

“Қазақстан  2030” стратегиясының  негізінде ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар мен  іс – әрекет бағдарламалары талдап жасалып, қазір іске асырылуда.

Мемлекеттік  басқару  жүйесін жетілдіру туралы Президенттің И.Ә.назарбаевтың “Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына  Жолдауында айқын да ұғынықты баяндалған. Онда  Біз мемлекеттік басқарудың корпоративтік басқару, нәтижелілік, ашықтық және қоғам алдындағы есептілігі қағидаттарын арқау ететін сапалық жаңа моделін түзудеміз” - делінген. Ортақ мақсат – Үкіметті жаңғырта жаңарту, жоғары кәсіби мемлекеттік қызмет пен тиімді басқару құрылымын жасақтау болады. Мемлекеттік басқаруда  - әкімшілік реформасы – өте күрделі мәселе. Бізге оның Үкімет комитеттерінде талқылауын ұйымдастырып, аранйы таудаулар өткізуді қажет етеді. Бұл көп адамдарды қамтиды.

Корпоративтік басқаруды  жақсарту үшін “Самұрық” құрылды  және соған барлық жақты экономика берілді. Олар ұлттық компаниялардың капиталдану көлемін ұлғайтқаны, әлемдегі озық компаниялардың акцияларын сатып алғаны, бізге алдыңғы қатарлы технологияларды әкелгені керек. Біз сондай-ақ корпоративтік басқаруды жақсарту, мөлдір, Қазақстанда  экспорттың бағдарланған осы заманғы кәсіпорындар салу үшін ашық жұмыс істеу үшін “Қазынаға” барлық акция жиналды.

 

    1. Экономиканың мемлекеттік секторын басқарудағы рөлі

Қазақстан Республикасының  әлеуметтік-экономикадағы мемлекеттік  басқарудағы дербестілік саяси алғышарттарының қажеттілігін ескертеді. 20-жылдардың екінші жартысынан бастап бұрынғы Кеңес одағында, сондай-ақ Қазақстан қоғамдық саяси ахуал қарама – қайшылықтармен сипатталып, қоғамдық тұрақсыздықты көрсетті. Орталықтың Республика мен оның аймақтарының мүдделерін ескермеуі, қоғамдық және  территориялық еңбек бөлінісінде орын алып отырғандай, мекемелік және жергілікті мүдделердің қарама – қайшылығын үдете түсіп, табиғи ресурстардың бей берекет пайдалануына мүмкіндік береді, мұның ақыры экономикалық ахуалдың шиеленісіне түсуіне әкеліп соқтырады. Тұрақсыздықтың ең басты себебі жоғарыда аталғандай жүйенің ішкі тоқырауында болды. Кеңестік жүйенің күйреуі алдындағы айқын дәлел ауқымды кезекке тұру, талаптық жүйенің үдей түсуі, ақшаның құнсыздануы болып табылады. Тіпті  1993 жылдың аяқ кезіне дейін дербес экономикалық орын алмады. Сонымен көптеген мемлекеттердің айқын дәлелдегендей, барлық шаруашылық жүргізу жүйелерінің ішінде ең тиімдісі болып нарықтық экономика табылады. Ол еңбекті ынталандыруды жетілдіреді, өнім өндірушілердің монополитетіне жол бермейді және өндірісті тұтынушы сұранысына бағыттайды. Экономикада тәуелсіздіктің негіздері нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы экономиканы басқарудың маңыздылығы көрсетілген. Бұл жайлы республика дербестігінің экономикалық алғышарты мен өмір тіршілігін басқарудың барлық сферасын анықтайды. Атап айтқанда, олар Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігінің негізі: жерге, оның қойма байлықтарына ішкі және территориялық су ресурстарына өсімдік пен жан – жануарлар  әлеміне, тарихи – мәдени құндылықтарына, материалдық, қардылық ресурстарына, өндірістік және өндірістік емес объектілігіне деген төтенше меншігі.

Қазақстан экономикасы  мемлекеттік реттеудің субъектісі болып табылады. Бұған басқару  функциясы ретіндегі мемлекеттік реттеуде аса маңызды өзіндік қаржы – несие жүйесі, дербес мемлекеттік бюджет қалыптасуы, салық және кеден жүйесін ұйымдастыру жатады. Соңғы он жылдың бедерінде, Қазақстанда мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру бағытында жүргізіліп жатқан  реформалар, дамыған мемлекеттердің кадрларды басқару тәжірибесін саралаудың өзектілігін арттыруда. Демек, Қазақстанды алда әлеуметтік экономикалық және саяси демократиялық  жандандырудың жаңа дәуірі күтіп тұр. Ол үшін, аталған Жолдауда Қазақстанның даму барысының басымдылықты жеті бағыты айқындалды.  Яғни, серпінді түрде дамуға заманауи, бәсекеге қабілетті, ашық экономикасы, демократиялық қоғамы  бар,  барлық тұрғындардың өмірі жоғарғы талаптағы әлеуметтік стандарттармен қамтылған, құқықтық нығайған, басқа ұлттармен келісе отырып мемлекеттік тілі және қазақ халқының мәдениеті дамыған, геосаяси тұрақтылығы мен қауіпсіздігі қамтылған халықаралық қауымдастықтың толыққанды және жауапты мүшесі ретінде қалыптасуымыз керек.

Бұл ретте, мемлекеттік  қызмет саласында  сыртқы тәжірибелерді саралаудың маңызы ерекше екендігі сөзсіз. Дегенмен де, мемлекеттік қызмет барлық әлемде экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымның маңызды бір құрамдас бөлігі болып қалыптасқан,  ал атқарушы биліктің әрекетке қабілетті аппаратын құрудың  өткір проблемасы  көптеген  елдердің алдында тұрған мәселе. Басқарудың мемлекеттік әкімшілік жүйесі дамыған елдерде олардың мемлекеттік қызмет институттарын ұтымды ұйымдастыруымен, шенеуніктердің  кәсіпқойлығы мен құзыреттілігі және көп реттерде  олардың қызметін бақылаудың жақсы жолға қойылғандығымен айқындалатын жоғары  тиімділігімен ерекшеленеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының құрамында экономиканы  басқаруды ұйымдастырудың қағидалары бар. Біріншіден, Қазақстан экономикасы меншіктің әр түрлі нысандарына негізделеді. Мемлекет заң алдында меншіктің барлық субъектілерінің теңдігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, жеке меншікке қол сұғуға болмайды. Үшіншіден, мемлекет жеке кәсіпкерлік қызметтің еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді. Төртіншіден, монополистік қызмет пен бәсекелестің кез – келген шектеуіне жол берілмейді. Бесіншіден, әкімшілік аймақтың бірліктері дербес болып табылады.

Бұл қағидалар Қазақстан  экономикасын мемлекеттік басқарудың қазіргі жүйесінің негізін құрайды және республиканың халық шаруашылығының әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономикаға орнықты етуін қамтамасыз етуі тиіс. Экономиканың қарқынды дамуы, саяси тұрақтылық, басқару тиімділігі, заңнама қорының халықаралық талаптарға сай келуі – Қазақстан корпоративті басқару қағидаларын жүзеге асыруға ең қолайлы жағдай туғызуда. Азаматтық кодекс, «Акционерлік қоғам туралы» Заң қабылданып, биыл корпоративті басқару жөніндегі ұлттық кеңес құрылды.

«Самұрық» мемлекеттік  активтерді басқару жөніндегі “Қазақстандық холдингі”. Мемлекеттік холдингтің құрылуына байланысты бірқатар заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген  болатын. Оның құрамына «Қазақстан темір жолы», «Ұлттық компаниясы» АҚ (100-пайыз), «Қазпошта» АҚ,  «Энергетика желісін басқару жөніндегі қазақстандық компания», «КЕGOK» (100-пайыз), «Қазақтелеком» ( 50 –пайыз + 1 акция», «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы» АҚ (100-пайыз) кіріп отыр. Ұлттық холдингтің басты мақсаты ұлттық компанияларды басқарудың корпоративтік жүйесін жетілдірумен қатар, холдинг құрамына кіретін еншілес және тәуелді ұйымдардың құнды қағаздарын қор рыногына шығару болып табылады. Сонымен қатар ұлттық компанисымен мемлекеттік холдингтің құны артумен қатар, дамымақ. Басқарудың кезекті сатысында мемлекеттік активтерді басқаратын «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ холдингі дүниеге келді. «Қазына» АҚ-ның басты міндеті – экономиканы әртараптандыруға көмектесу, жобалар мен инновацияны қаржыландыру, шағын және орта бизнесті қолдауды қаржыландыру. Қор басшысы, сондай –ақ «Қазына» жұмысы барынша ашық болатынын атап өтті. Сонымен қатар, басты назарда инвестициялық жобалар барысында мемлекеттік кірісті қатынастыруға бағытталады және мемлекет жақсы дивиденттер алуы керек болады. Холдингтің өзі қарамағына өзіне сәйкес келмейтін кәсіпорынды қабылдай алмайды. Ауылшаруашылығы секторында «КазАгро холдинг» компаниясы құрылды. Мемлекет басқаның бәрін жекеменшікке таратып, өзіне бағалы, асыл тұқымды мал өсіріп, сататын компаниялардың жергілікті рынокта өздерін дәлелдеуіне, нығаюына кетті. Ал, әлемдік  рынокқа шығар тұста олардың басын қосқан «КазАгро» холдингына берілетін болды. Министрлікке қарасты жеті корпорацияның мемлекеттік акциялар пакетіне иелік ететін холдингке берілген.  Холдингтің капиталы  80 миллиард теңгені құрап отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың демократиялық жүйесі

2.1 Демократияландыру –  мемлекеттік басқарудың жаңа  жүйесі

1991 жылы барлық кеңестен  кейінгі кеңістікте шынайы демократиялық мемлекет орнатудың алғашқы кезеңі басталды. Көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстанның тарихында тұңғыш рет батыс демократиясының тәжірибесі ескеріле отырып, демократиялық қоғам және құқықтық мемлекет принциптеріне негізделген тәуелсіз мемлекет құрылды. Қазақстан тәуелсіздігінің бастапқы кезеңінде заңнамалар елеулі реформалауға ұшырады және бұл біздің елімізде заңдылық режимін бұдан әрі мықты етіп бекітуді талап етті. Сол жылдардағы қабылданған шешімдер Қазақстандағы демократиялық реформаның негізі болып табылды.Ол кезде ТМД-ның кейбір елдері өз мемлекеттеріндегі өзгертулерді саяси реформалардан бастаған жөн деп есептеді. Уақыт мұндай қайта құрулардың тиімсіздігін көрсетті. Осыған байланысты құқықтың экономикадан жоғары бола алмайтынын атап көрсеткен жөн, өйткені осы сәтте құқықтың қандай нормалары қажет екендігін нақ экономиканың өзі көрсетіп отырды. Осы тұрғыдан, экономикалық реформаларға басымдық берген Қазақстан таңдауы өзін толық ақтады және бүгінде елде ойдағыдай жұмыс істейтін нарықтық экономиканың құрылғанын нық сеніммен айтуға болады.

Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев бастаған реформалар бірінші кезекте мемлекеттің экономикалық қуатын күшейтуге бағытталды. Тарихи өлшеммен алғанда қысқа уақытта Қазақстанда нарықтық үлкен өзгерістер жүзеге асырылды. 1995 жылы Қазақстан Конституциясының қабылдануы қоғамды одан әрі демократияландыруда мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесін дамытудың негізін қалады. Ол 1993 жылғы бұрынғы Конституциямен салыстырғанда, мемлекеттік органдар билігінің шегін белгілеуді қоса алғанда, осы заманғы либералдық-демократиялық құндылықтарды толық бекітуімен ерекшеленді. Мемлекеттік қызметтің тиімділігі мен демократизмге билікті бөлу қағидаты арқылы қол жеткізілетіні белгілі, ол бүгінде барлық демократиялық мемлекеттердің негізгі конституциялық қағидаты болып табылады. Билікті бөлу қағидатын конституциялық тұрғыдан орнықтыру – мемлекет пен қоғамның тарихи ұзақ дамуының нәтижесі. Мемлекеттік билік функцияларын дербес және тәуелсіз мемлекеттік органдар арасында бөлу бүгінде құқықтық мемлекет және демократиялық саяси құрылыс құрудың міндетті шарты болып табылады.

Қазіргі кезде билікті бөлу Қазақстанның конституциялық құрылысының негізгі қағидаттарының бірі болып отыр. 1995 жылғы Конституция қос палаталы Парламенттің заңнамалық қызметті шоғырландыруды көздейтін функциясын нақты айқындай отырып, оның берік негізін қалады. Қос палаталы жүйесі бар Парламент өзінің заң шығару қызметімен білікті айналысуға, ымыралы шешімдер табуға қабілетті екенін көрсетті. Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің құқықтық саласы көптеген құбылыстар мен үдерістерге толы. Биліктің күш-жігері көбіне заңдарды қабылдау мен заңдылықтың сақталуына бағытталады. Сонымен бірге мемлекетсіз және мемлекеттік пәрменді биліксіз құқық ештеңе де емес.Қазіргі кезде біз қазіргі заманғы демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде Қазақстан мемлекеттілігі нығаюының келесі кезеңіне қадам жасап отырмыз.

Демократия, менің ойымша, ұдайы жетілдіруді қажет ететін үдеріс. Қоғамды демократияландырудың ғасырлық дәстүрін иелене отырып, әлемнің көптеген мемлекеттері оның кемелденуіне қол жеткізе алған жоқ. Мемлекет басшысының бастамасы бойынша қабылданған республика Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қоғамды одан әрі саяси және демократиялық жаңғыртудың негізін салды, мұның өзі Қазақстан мемлекеттілігінің заңды түрдегі эволюциялық дамуының, сондай-ақ қоғамда демократиялық үдерістерді одан әрі тереңдетудің айқын айғағы болып табылады. Осы процеске ықпал ететін басты фактор Парламенттің және мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейту, саяси партиялардың рөлін күшейту, сот жүйесі мен жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру болып табылады. Қазіргі жағдайларда қоғамды саяси жаңғыртудың қажеттігі Парламенттің рөлін күшейтуді қажет етті. Біздің Конституциямыз бойынша заң шығарушы және атқарушы билік дербес және бір-бірін алмастыруға тиіс емес. Сонымен бірге биліктің атқарушылық тармағының дербестігі биліктің өкілді органдарына белгілі шектерде есеп беріп отыруын жоққа шығармайды. Демократияның толыққанды болуы, ең алдымен, топтық қоғамдық мүдделерді білдіру бостандығы дәрежесіне байланысты.

Информация о работе Мемлекет басқарушы жүйе ретінде»