Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 09:28, реферат
Мақсаты: Мемлекеттік басқарудың мәні және оның экономикалық процестерді әрі қарай дамытудағы рөлін анықтау. Мемлекеттік басқару мәні және оның нысандарын басқару қажеттілігі.
Дайындалатын (зерттелетін) негізгі сұрақтар:
1) Мемлекеттік басқарудың мәні және оның экономикалық процестерді әрі қарай дамытудағы рөлі.
2) Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың демократиялық жүйесі.
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқаруда демократиялық
Екіншіден - Орталық деңгейдегі мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру. Орталық және жергілікті атқару органдары арасындағы міндеттер мен өкілеттіліктерді бөлісудің оңтайлы жолдарын одан әрі нақтылай түсу. Орталық және жергілікті билік арасындағы өкілеттіктер жаңаша бөліністе болуы қажет. Үкіметтің құзырына мемлекет пен қоғамның даму стратегиясы, сыртқы және қорқорғаныс саясатын әзірлеу және оның іске асырылуын бақылау, саяси шешімдер қабылдау, нормаларды жасау қызметі, ұлттық қауіпсіздік проблемаларын үйлестіру міндеттері жүктелсе, жергілікті атқарушы органдарға халыққа қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, өңірлердегі экономикалық дамуға қолдау көрсету болып табылады.
Үшінші – Мемлекет органдар құрылымдағы қызметшілер санын біршама қысқарта отырып, мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлердің сапалық деңгейін көтеру. Маман – кадрлардың бәсекелестікке қабілеттігін оятып, жауапкершілігін арттыратын болады. Осы орайда өз тарапымнан қысқарту жұмысы негізгі 3-бағытта жүзеге асыруды жөн көремін:
1. Кейбір штаттардағы орынбасарлық лауазымдағы штаттардың қызметі тиімді емес, яғни “басшы көмекшісі” деген санатындағы мамандарды қысқарту;
2. Мемлекеттік басқару
органдарының қысқарту барысы
мемлекеттік басқару
3. Ең бастысы қысқарту шаралары ең керекті яғни қажетті стажы өтілі жоғары мамандарды ғана қалдыру ғана болмауы керек, бұл жерде жас толқынды мамандардыңда үлесі тепе – теңдік баланста болуы керек.
Төртіншіден – Мемлекет басқару органдарының қызметкерлерінің айлық жалақысын еңбегінің нақты нәтижелеріне қарай, қазақстандық ізгі жекеменшік компаниялармен салыстыруға келетін деңгейге дейін ұлғайту. Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру және сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында мемлекеттік органдардың бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесі елеулі өзгерістерге түседі.
Мемлекеттік органдар мен әрбір қызметкердің жұмыс сапасына бағалау жүйесі енгізілуі тиіс, ал жалақы мемлекеттік қызметшінің кәсіпқойлығы мен орындайтын жұмысының тиімділігіне ғана байланысты болуымен сипатталады.
Сондай – ақ, жыл аяғына дейін жалақы деңгейі жоғарыда айтылған мөлшерге ұлғаяды деп күтілуде. Ең аз жалақы, мәселен, қатардағы сарапшының айлық еңбекақысын 700 долларға, бас сарапшының, басқарма бастығының, депортамент басшысының жалақыларын тиісінше 900-1000, 1500 және 2000 долларға дейін көтеру жөнінде ұсыныстар жасалуда.
Мұның бәрі кезең – кезеңімен жүзеге асатын болады.
Бесінші – Мемлекеттік аппараттың тұрақтылығын және басқарымдылығын арттыруға байланысты. Орталық мемлекеттік органдарда Мемлкет басшысы тағайындайтын, олардың аппаратындағы жұмыстың тұрақтылығын қамтамасыз ететін Статс – хатшы жоғары әкімшілік лауазымының енгізілуі. Ол Мемлекеттік органның барлық ішкі істеріне жетекшілік жасайды, бұл жоғары басшылықтың саясатты әзірлеумен және стратегиялық мәселелермен айналысуына мүмкіндік береді. Бұл лауазым иелері Президент жарлығымен, сондай – ақ Үкімет отставкаға кеткенде ауысады.
Сонымен қатар құрылымдық
өзгерісте Мемлекеттік
1кесте - Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы
2кесте - Мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы
Қорытынды
Демократия өте ертеден келе жатқан еркіндік, әділеттілік құндылықтар сияқты тарихи процесс екендігі және ол тарихи даму барысында әртүрлі кезеңдерде неше түрлі мазмұнға ие болғаны қысқаша зерделенді. Демократия өзінің оң бағасын жаңа заман басталғанда, яғни ағылшын және француз революцияларының кезінде ғана алды. Монтескье, Гоббс, Локк, Руссо, Кант өздерінің көзқарастарында демократияны ақтап алды деуге болады. Билік бөлінісін ұсынды. Бұл - демократияның жаңа түрін таңдау еді.
Қазақстандағы қол жеткен либералдық демократиялық қоғамның жетістіктердің белгілері, меніңше, мынадай:
Экономика саласында: меншік түрлерінің әркелкілігі; еңбекке қарай бөлу принципі; кәсіподақтардың еңбекшілер құқын қорғауы; табысы төмен топтардың жағдайына қамқорлық;
Саяси салада: президенттік-парламенттік басқару, саяси пікірдің әртектілігі; көппартиялықтың болуы; сайлау жүйесінің демократиялылығы; құқықтар мен бостандықтар туралы демократиялылық заңдардың болуы; қоғамдық ұйымдар жүйесінің болуы; оппозицияның болуы;
Рухани салада: сөз, ұждан бостандықтары; өнер мен мәдениетінің дамуы; дамыған оқу ағарту жүйесінің болуы; зұлымдықты, нәсілшілдікті насихаттауды шектеу;
Әлеуметтік салада: жеке адамның әлеуметтік қорғалуы; әділетсіздіктен қорғау; әлеуметтік қамсыздандырудың сапасы және оған қол жеткізу.
Ең бастысы Қазақстанда президенттік-парламенттік басқаруға көшу демократияландыру ісіндегі өте айтулы оқиға болды. Ол тіпті де ел президентінің билігін осалдатпайды. Президент өзіне тән қызметін сақтайды. Ол елдің саясат алаңындағы түрлі биліктік күштердің қарым-қатынасын реттеп отырады.
Билік жүйесін демократияландыруды жетілдіру барысында, меніңше, мына ұсыныстарды жүзеге асыру қажет:
1. Биліктегі лауазым
иелерінің өз кезіндегі
2. Демократиялық идеологияда
ұлттық ерекшеліктерді
3. Парламенттің қадағалау
құқын кеңейту қажет. Қазіргі
кезде басталған
4. Жергілікті әкімдерді және соттарды азаматтардың тікелей сайлау мүмкіндігін қарастыру керек.
5. Демократияны өз
пайдасына бұрмалайтын
6. Заң жобасын тек үкімет ғана дайындамай, оған Парламенттің өзі де қатысқаны дұрыс.
7. ҰҚК қызметін демократияға қауіп төндірмейтіндей дәрежеде шектейтіндей құқықтық шешім қабылдаған дұрыс. Оның қатарын тазарта түсу керек.
8. Демократияға қол
жеткізу үшін адамдардың ол
жөніндегі ынтасы мен
Қорытып айтқанда қазір Президент Н.Ә.Назарбаев ұстанған саяси стратегиялық бағыттың дұрыстығының арқасында Қазақстан демократиялық даму жолына түсіп, дүниежүзілік қауымдастыққа танылып отыр.Енді әлемнің бәсекеге ең қабілетті 50 мемлекетінің қатарына қосылу мақсаты осы заманға сай қоғам өмірін жетілдіруді, демократиялық басқаруды одан әрі дамытуды талап етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер