Нарық жағдайында кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 19:32, дипломная работа

Описание работы

Саяси тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық рекформалардағы жетістіктер, табиғи және қоғамдық мүмкіншіліктеріміз біздің еліміздің іргетасы болып табылады. Егеменді ел болып жарияланғаннан кейін, шетелдік инвесторларды елдің экономикасына тарту стратегиялық мақсаттардың бірі болған еді. Нарықтық экономиканы тапқырлықпен жүзеге асырған өркенниетті елдердің тәжірибесі көрсеткендей, шетелдік инвестицияның экономиканы дамытуға, халықтың әл-ауқатын көтеруге үлкен септігін тигізетінін айғақтайды. Шетелдік инвестиция тарту жөнінде Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында алдыңғы орында тұр. Өзіндік жинақтаған тәжірибесі бар және тәжірибе негізінде бағыт-бағдарын айқындауда.

Содержание работы

КіріспЕ...............................................................................................................-3-
1 кәсіпорынның Инвеститциялық тартымдылығын арттырудың экономикалық негіздері......................................................................................................-7-
1.1 Кәсіпорындарда инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық мазмұны -7-
1.2 Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін анықтайтын көрсеткіштер 14
1.3 Инвестициялық жобаларды тиімді ұйымдастыру- инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық негізі .......................................-22-

2 «МаҚтарал» Ақ-ң Нарық жағдайында инвестициялық ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН талдау.............................................................................................................-31-
2.1 «Мақтарал» Акционерлік Қоғамының экономикалық қызметін талдау...................................................................................................................-31-
2.2 «Мақтарал» Акционерлік Қоғамының қаржылық жағдайын талдау...................................................................................................................-41-
2.3 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын талдау.........................-47-

3 кәсіпорындардың Инвеститциялық тартымдылығын АРттыру жолдары...................................................................................-51-
3.1 Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын жетілдіру..............................................................................................................-51-
3.2 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын күшейту жолдары...............................................................................................................-59-

Қорытынды..................................................................................................-64-
Пайдаланылған әдебиеттер көздері.............

Файлы: 1 файл

мактаарал.doc

— 507.00 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министірлігі

 

 

 

 

 

 

 

 

«Нарық жағдайында кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы»

 

 

 

 

 

 

Дипломдық жұмыс

 

орындаған:

тексерген:                                                                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

КіріспЕ...............................................................................................................-3-                                                                                                      

1 кәсіпорынның Инвеститциялық тартымдылығын арттырудың экономикалық негіздері......................................................................................................-7-                                                                                                      

1.1 Кәсіпорындарда инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық мазмұны                                                                                       -7-

1.2  Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін анықтайтын көрсеткіштер  14                                                                                                                                                                                                                                   

1.3 Инвестициялық    жобаларды   тиімді    ұйымдастыру- инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық негізі .......................................-22- 

                                                                                                           

2 «МаҚтарал» Ақ-ң Нарық жағдайында инвестициялық ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН талдау.............................................................................................................-31-                                                                                                              

2.1 «Мақтарал» Акционерлік Қоғамының экономикалық қызметін талдау...................................................................................................................-31-

2.2 «Мақтарал» Акционерлік Қоғамының қаржылық жағдайын талдау...................................................................................................................-41-                                       

2.3 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын талдау.........................-47-                          

 

3 кәсіпорындардың Инвеститциялық тартымдылығын АРттыру жолдары...................................................................................-51-                                                                                    

3.1 Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын жетілдіру..............................................................................................................-51-                                                                                                      

3.2 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын күшейту жолдары...............................................................................................................-59-                                                                                           

 

Қорытынды..................................................................................................-64-                                                                                                

Пайдаланылған әдебиеттер көздері.........................................-67-                                        

КIРIСПЕ

 

 

              Қазақстан нарықты экономика жүйесiне енгелi қоғам өмiрi көптеген өзгерiстердi бастан өткердi. Бүгiнгi таңда шаруашылықты жүргiзу барысында экономикалық саясаттың басты мақсаты өнеркәсiптiк өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады. Нарық жағдайында кәсiпорындардың тиiмдi қызмет етуi, экономикалық өсуi және дамуы адам ресурстары, материалдық ресурстары және басқа да ресурстардың ең тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк беретiн стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тәуелдi.

"Қазақстан – 2030" стратегиясы  әлемдiк трансформациялық үрдiстердiң  негiзгi ерекшелiктерiн, Қазақстан  геосаяси және ұлттық тарихы  ерекшелiктерiн, ресурстың әлеуметiн ескерек отырып, мемлекеттiң әлеуметтiк экономикалық даму векторын ұсынды./1/ Экономикалық аспектiде "Қазақстан – 2030" ең алдымен экономикалық өсу стратегиясы.

Нарықты қатынастар жағдайы кәсiпорын  мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың жаңа формалары мен әдiстерiн талап етедi. Үзiлiссiз дамуды, икемдiлiктi және қазiргi заманғы кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн бiрдей мағынаға ие бәсекелестiк пен ынтымақтастық сияқты нарықты экономиканың маңызды құраушыларының арақатынасын белгiлеу күрделi мiндеттерiнiң бiрi болып табылады.

Шаруашылық жүргiзудiң нарықтық жүйесiнде бәсекеге қабiлеттiлiк шешушi экономикалық категориялардың бiрi болып есептеледi. Бәсекелестiк қатынастарды дамытпай ұлттық экономикамыз серпiндi даму жүйесiне айналуы екiталай. Соңғы жылдары көптеген кәсiпорындар сапалы және оңтайлы бағада өнiм өндiру қажеттiлiгiн сезiмдi. Бұл дегенiмiз жалпы өндiрiс шығындарын азайта азайта өнiм сапасын, өнiмнiң бәсеке қабiлеттiлiгiн жоғарлату. Нарықты экономика талабы бойынша өндiрiс тиiмдiлiгiн барынша арттыру кәсiпорындардың өмiрлiк ұстанатын қағидаларының бiрi. Осы жағдай кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру, жалпы тиiмдiлiктi жоғарлату әдiстерiнiң басты бағыттарын анықтау өте маңызды.

Кез-келген меншiк нысанындағы кәсiпорындар үшiн белгiлi бiр кезеңге қаржылық нәтижесiн көрсететiн шығыстар мен табыстар арақатынастарын есепке алып, олардың есептi жылдағы нәтижелерiн бағалап, талдап тұжырым жасау өзектi мәселе болып табылады. Инвестициялық тартымдылықты арттыру жолдары барлық уақытта да маңызды болған және алдағы кезеңдерде бола беретiнi анық. Мемлекетiмiздiң өсiп-дамуының тағдыры қазiргi жас буын мамандарының қолында десек артық болмайды, яғни олар келешекте ұлттық экономикамыздағы кәсiпорындардың инвестициялық тартымдылығын қандай әдiстермен шешедi және қандай іс-шаралар кешенін қолданатыны өзекті мәселе.

        Инвестицияларды экономикаға тарту iшкi жинақтардың және қаражаттардың жетiспушiлiгiнен құтылуға, өндiрiстiң өсуiне, экспорттың жоғарылауына, импорттың төмендеуiне, тауарлық тапшылықтың қысқаруына және өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн жоғарылатуға көмектеседi.

Жалпы қазiргi кезде адамдар  экономикаға салынған инвестициялардың нақты тиiмiдiлiгiн көруi тиiс, ол жұмыс орындарының көбеюiнен, жаңа өндiрiстердiң пайда болуынан, еңбек өнiмдiлiгi артуы үшiн жағдайдың жақсаруынан танылады.

Осыған орай Қазақстанда инвестиция саласын одан әрi жетiлдiру мәселесiнiң маңызы артуда.

Дипломдық жұмыс тақырыбының  өзектілігі, президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылдың 1 наурызындағы халыққа жолдауында айтылғандай «елдің дамуын бәсеке қабілетті экономика құру арқылы жүргізу керек», сондай-ақ «Қазақстанның әлемдегі бесекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» болып табылады \2\.

       Экономикалық дамуға көптеген факторлар әсер етеді, олар табиғи ресурстардың саны мен сапасы, қолдану мүмкіншілігі, негізгі капиталдың көлемі мен сапасы, технологияның дәрежесі, жаңа техниканы қабылдау жүйесі, еңбек ресурстарынның кәсіптілік дәрежесі, оның ғылыми және мамандану сипаттамасы, өндірілген өнімге сұранысты арттыру және қолдана білу, ұлттық басқаруда бар ресурстарды тиімді қолданып өте көп мөлшерде сапалы өнім өндіре білу.

       Біздің стратегиялық алға қойған мақсатымыз- бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу. Сондықтан мемлекет пен жеке секторлар бір-бірімен екі жақты сенімділік пен табысқа негізделген жақсы қатынаста болу керек/3/.

       Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы өз аймағы бойынша саяси-экономикалық маңызды мәселелерді шешуде жетекші орынға ие болып отыр.

Саяси тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық рекформалардағы жетістіктер, табиғи және қоғамдық мүмкіншіліктеріміз біздің еліміздің іргетасы болып табылады. Егеменді ел болып жарияланғаннан кейін, шетелдік инвесторларды елдің экономикасына  тарту стратегиялық мақсаттардың бірі болған еді. Нарықтық экономиканы тапқырлықпен жүзеге асырған өркенниетті елдердің тәжірибесі көрсеткендей, шетелдік инвестицияның экономиканы дамытуға, халықтың әл-ауқатын көтеруге үлкен септігін тигізетінін айғақтайды. Шетелдік инвестиция тарту жөнінде Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында алдыңғы орында тұр. Өзіндік жинақтаған тәжірибесі бар және тәжірибе негізінде бағыт-бағдарын айқындауда. Қазіргі таңда шетелдік инвестицияларды елдің экономикасына жаңа әдіс-тәсілмен тарту мәселесі алға шығуда. Ол-дегеніміз көлемнен сапаға өту саясатын ұстану болып табылады. Бұл диплом тақырыбының зерттеудегі маңыздылығы. Қазақстанның қазіргі кездегі экономикасы үшін инвестиция өте маңызды рөл атқарады десек те болады,яғни казіргі уақыттағы өнеркәсіптік-экономикалық дағдарыстан шығуға көмектеседі деп білеміз. Өнімділіктің негізгі құралы ретінде инвестициялық әрекет экономикалық ортаға жаңа элементтер енгізетін әрекетке ие. Бұл кәсіпорын шеңберінде өнім өндіруде  ұтымдылықты қамтамасыз етуге, ресурстарды тиімді пайдалануға және әрине өзіміз айтып өткендей экономикалық дамуға әкеледі.

Дипломдық жұмыстың зерттеу обьектісі: «Мақтарал» Акционерлік Қоғамы..

Зерттеу негізі: кәсіпорында  инвестициялық тартымдылық үрдісін  танып-білу.

Диплом зерттеуіндегі  қолданған әдістер:

  • әдебиетке аналитикалық шолу;
  • инвестициялық үрдіске талдау жасау;
  • құрылымдық-функционалды әдіс.

              Дипломдық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдарының  теориялық және әдістемелік негiздерiн зерттеу, инвестициялық саясаттың тиiмдiлiгiн талдау және инвестициялық саясатты жетiлдiру жолдарын қарастыру болып табылады.              Аталған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:

---- кәсіпорынның инвестициялық  әрекетінің теориялық және  басқарудың әдістік тәсілдерін танып-білу.

----«Мақтарал» АҚ-ың инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдарын қарастыру.

----«Мақтарал» кәсіпорынының экономикалық қызмет әрекеттеріндегі қазіргі заманға лайық басқаруының даму жолын қарастыру.

       Дипломдық жұмыстың теориялық негізінде Қазақстан Республикасы Заңдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен бағдарламалары, отандық және шетелдік ғалым- экономистерінің еңбектері, бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтері алынды.

Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

1   Нарық жағдайында  кәсіпорынның  Инвеститциялық тартымдылығын арттырудың экономикалық негіздері.

1.1 Кәсіпорындарда инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық мазмұны.

Инвестиция сөзі латын тілінен шыққан, «Investire» - жұмылдыру деген мағананы білідіреді. Феодал эпохасы кезінде инвестиция деген вассалдың феодалдық қолына кіруін айтқан: бұл сөзбен Епископтардың орын тағайындауын да айтылатын, және шіркеудің жерін билеуге, сол жердің иесін білідіретін Инвестура жаңа жерге ие болу мен қатар және сол жердің ресурстарын билеуге, өз пайдасына қолдануға рұқсат берілген.

    Бір жағынан қарқынды инвестиция ақталады және сол жердегі территориялардан табыс табу бірнеше есе өсіп қоймай, және жер даму факторы ретінде қолданылды/4/.

    Инвестиция- деп қаржы-қаражат, банктік заемдер, пай, акциялар, және тағы басқа құнды қағаздар, технологиядағы машиналар, лицензия, товар белгілері, кредиттер т.б. мүлік немесе мүліктік құқықтар, интелектуалды игіліктер, жаңадан іске қосылған кәсіпорындар және т.б. жұмыс түріне, пайда табу арқасынада әлеметтік жағымды эффект өсіру деп айтуға болады.

    Ал инвестициялық қызмет бойынша түсінігі, шаруашылық қызмететті жүзеге асыру үшін әр – түрлі капитал салымдары.

   Инвестиция объектісі:

1. Мүлік инвестициясы (матриалдық инвестиция). Материалды  инвестиция деп – инвестиция тікелей өндіріс процесіне қатысады. (Мысалы: инвестиция - құрал жабдық, материалдарға, құрлысқа)

2. Қаржы инвестициясы  – қаржы мүлігін, басқа басқа  фирма жұмысына қол сұғу және т.б. фирмалардың құқықтық жұмыстарына қатысу (акция сатып алу.)

3. Материалы емес инвестиция  – материалды емес құндылыққа инвестиция салу. (кадрлер дайындау, реклама)/5/

    Объектіге қатысты инвестицияны екі түрге бөлуге болады: портфельдік және тікелей.

    Портфельдік – құнды қағазға салынуы, курстың өзгеруі байланысты дивидендтер алу, тағыда сол шаруашылықтың басқаруына қатысуға құқық береді.

    Портфельдің пайда болуы ол- құнды қағаздар және тағы басқа активтерді сатып алу арқасында пада болды.

    Портфель – бұл неше түрлі инвестициялық құндылықтар  жинтығы, бұл инструмент салушының жалпы бір тікелей нақты инвестиция нысанын көрсетеді. Портфельдің ішіне бір типті құнды қағаздар кіруі мүмкін (акция) және әртүрлі инвестициялақ құндылығы бар (акция, облигация, жинақталғын депозит, сертификаттар, және т.б.)

    Тікелей (реалды) инвестиция - мемлекетпен және жеке фирмамен инвестицияны бір өндіріске құйылуы.

    Тікелей инвестиция екі әр түрлі қолпакеттерден тұрады. Біріншісі инвестицяны жарғылық капиталға құю, ол дегеніміз қайта жасалған капиталды жағдай (компьютер өндірісі құрылымы, өндіру станоктары)

Екінші компонент –  инвестицияны товар – материалдық  қорға құю, бұл дегеніміз шиізат қорларын үлкейту, өндіріс процесіне  жататын, немесе өтпеген дайын тауарлар. Коммерциялық тауар – материалдық қорлар, капитал қорының бір негізгі бөлімі ретінде саналады экономикалық жүйеде; олар капитал құрал-жабдықтар сияқты өте қажет өндіріс ғимараты.

Тікілей инвестиция тағыда; ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.

    Ішкі – бұл шаруашылық субъектінің қаржаты өзінің өндіріс факторына өзінің қаржы – қаражаттан қаржыландыру.

    Сыртқы – бұл инвестициялық институттардың құралдарын өндіріс факторына, инвестиция керек шаруашылық субъект  Тікелей инвестицияға тағыда жалпы және таза инвестицияларды жатқызуға болады. Жалпы таза инвестиция бұл жалпы инвестиция деп аталады, өйткені ұсталымдарды шегерімнен кейін өзіндік капиталдан тұрады/6/.

    Ұсталыным сипаты бойынша:

Информация о работе Нарық жағдайында кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы