Нарық жағдайында кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 19:32, дипломная работа

Описание работы

Саяси тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық рекформалардағы жетістіктер, табиғи және қоғамдық мүмкіншіліктеріміз біздің еліміздің іргетасы болып табылады. Егеменді ел болып жарияланғаннан кейін, шетелдік инвесторларды елдің экономикасына тарту стратегиялық мақсаттардың бірі болған еді. Нарықтық экономиканы тапқырлықпен жүзеге асырған өркенниетті елдердің тәжірибесі көрсеткендей, шетелдік инвестицияның экономиканы дамытуға, халықтың әл-ауқатын көтеруге үлкен септігін тигізетінін айғақтайды. Шетелдік инвестиция тарту жөнінде Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында алдыңғы орында тұр. Өзіндік жинақтаған тәжірибесі бар және тәжірибе негізінде бағыт-бағдарын айқындауда.

Содержание работы

КіріспЕ...............................................................................................................-3-
1 кәсіпорынның Инвеститциялық тартымдылығын арттырудың экономикалық негіздері......................................................................................................-7-
1.1 Кәсіпорындарда инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық мазмұны -7-
1.2 Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін анықтайтын көрсеткіштер 14
1.3 Инвестициялық жобаларды тиімді ұйымдастыру- инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық негізі .......................................-22-

2 «МаҚтарал» Ақ-ң Нарық жағдайында инвестициялық ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН талдау.............................................................................................................-31-
2.1 «Мақтарал» Акционерлік Қоғамының экономикалық қызметін талдау...................................................................................................................-31-
2.2 «Мақтарал» Акционерлік Қоғамының қаржылық жағдайын талдау...................................................................................................................-41-
2.3 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын талдау.........................-47-

3 кәсіпорындардың Инвеститциялық тартымдылығын АРттыру жолдары...................................................................................-51-
3.1 Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын жетілдіру..............................................................................................................-51-
3.2 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын күшейту жолдары...............................................................................................................-59-

Қорытынды..................................................................................................-64-
Пайдаланылған әдебиеттер көздері.............

Файлы: 1 файл

мактаарал.doc

— 507.00 Кб (Скачать файл)

Шикізат түріндегі мақьаны дайындау бойынша зауыттар арасында бәсекелестік туындайды. Осының салдарынан облыстың бірнеше аудандарында мақта қабылдау бөлімдері ашылады. Оларға: Мақтарал ауданында – 25, «Дихан», «Жамбыл», «Ділдабеков», «Абай» және т.б. Шардара ауданында – 18, «Достық», «Көксу», «Лесата», «Смағұл ата» және т.б. Сарыағаш ауданында – 6, «Ошақты», «Үкібай ата», «Ұзын ата» және т.б. Ордабасы ауданында – 4, «Спатаев», «Жеңіс», «Қара аспан», «Төрт күл».

2000 жылы Сарыағаш қаласында  жанар-жағармай материалдрын сатумен айналысатын «САБИ» атты көтерме бөлшек кешені ашылды.

 “Мақтарал” АҚ-ны өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық кодекс, Салық және бюджет төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ҚР кодексі (Салық кодексі), кәсіпорынның жарғысы, ұйымдастырушы құжаттар және басқа да заң актілері негізінде жүзеге асырады. Акционерлік қоғамның жеке фирмалық атауы, көрсетілген мөр таңбасы, арнайы мүлкі бар. Ол Қазақастан Республикасының заңына сәйкес өзінің барлық мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді. Кәсіпорынды құру мен қызметтің басты мақсаты – тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, шетел және отандық бәсекелестеріне орын бермейтін сапалы жиһаз өнімдерін шығару оны өткізу арқылы табыс табу болып саналады. Табыс табу негізінде кәсіпорын қатысушыларының экономикалық және әлеуметтік мүдделерін жүзеге асыру.

         2001 жылы 29-қыркүйек айындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған Қазақстан Республикасының кәсіпкерлер одағында 22 кәсіпорын болып, оның ішінде «Мақтарал» АҚ толық мүшесі болып саналды. Соның нәтижесінде 2002 жылы бас ғимаратқа толық жөндеу жүргізіліп, цехтарды қайта жарақтандыру салдарынан көптеген құрал-жабдықтар жарна есебінен реконструкцияландырылды. Мысалы, СБ-10 агрегатының орнына СБО, СЧ-02 тазалау машинасы және т.б. Осы шаралар нәтижесінде ксіпорындар тазалау әрекетінен талшықтар ұзындығына оң әсер берді, сондай-ақ электр энергияны сағатына 200-300 КВт-ға үнемдеуге мүмкіндік болды. әлеуметтік шаралар бағдарламасы бойынша зауыт территориясында 60 орынды асхана, мереке залы сонымен қатар мешіт салынды.

Кәсіпорынның өнім өңдеуімен  өткізу көлемі бір-бірімен байланысты көрсеткіш болып табылады. Өнімді өңдеудің шектеулілігімен сұраныстың көп кезінде бірінші орынға өнімді өңдеу көлемі шығады. Ал бәсекелестердің көбейіп нарықтың қаныққан шағында мақтаны өңдеу кәсіпорынның экономикалық жағдайына әсер ететін басты фактор болып отыр. Өңдеу көлемінің және оны өткізуді оның сапасы «Мақтарал» кәсіпорынының шығына, табысмен рентабельділігіне тікелей әсер етеді. Сондықтан да ол көрсеткіштерді талдау үлкен роль атқарады. Оның негізгі міндеттері өнімді өңдеу мен өткізудің динамикасын және жоспардың орындалу деңгейін талдау. Бұл көрсеткіштерге басқа фкторлардың әсерін анықтау.

Жалпы өнім – аяқталмаған  өндірісті қосқандағы кәсіпорынның барлық шығарылған өнімдері мен көрсетілген қызметтерінің қосындысы. Тауарлық өнімнің жалпы өнімнен айырмашылығы – аяқталмаған өндіріс пен ішкі шаруашылық айналымының кірмейтіндігінде. Аяқталмаған өндіріс пен ішкі шаруашылық айналымының құралымы бойынша кейбір кәсіпорындарда тауарлық өнім жалпы өнімге сәйкес келеді.

өнім өткізу көлемі өнімді жөнелтумен немесе төленуімен анықталады. Ол жоспарлы, салыстырмалы және нақты  қазіргі бағамен көрсетілуі мүмкін. Нарық экономикасы жағдайында бұл көрсеткіш алғашқы орында болады. өнімді өткізу өндіріс пен тұтынушы арасында байланыстырушы бірлік болып табылады. өнімнің нарықта жаппай сатылуы мен оған сұранысқа байланысты оған шығарылу көлеміде анықталады. «Мақтарал» кәсіпорыны мақта өңдеу саласында бәсекелестерінің қатары көп болғандықтан шикізат мақтасын дайындау мәселесі алға шығып отыр. Сондықтан  да дайындау пунктер жұмысын жетілдіру көзделген. Кәсіпорындағы өнім көлемі сұранысқа ғана емес өндіріс қуатынада сүйенеді. Қазіргі кезде шетелдерден техниканың жаңа түрлерін аліға көптеген алғы шарттар жасалуда. Талдауды өндіріспен өткізудің натуралды және құндық түрдегі динамикасы 2 кестеде ұсынылады.

2-кесте- «Мақтарал»  АҚ-ң өңдеу және өткізу көлемін  талдау

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі 

2004

2005

+/- ауытқу

%-к қарқында

1

Өңдеу көлемі құндық түрінде  натур. түрінде

 

мың тг.

тонна

 

1128777

86

 

2031800

112

 

903023

26

 

180

130

2

Өткізу көлемі құндық түрінде натур. түрінде

 

мың тг.

тонна

 

1581484

121

 

2030690

113

 

449208

-8

 

128

93,3


 Деректер көздері: “Мақтарал” АҚ-ның мәліметтерінен

Өңдеу көлемі құндық түрінде 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 1,8 есе  өсіп отыр, ал өткізу көлемі 1,3 есе артқанын көреміз. Айтып кететін жай 2004 жылы өндіру көлемі өткізу көлеміне қарағанда  төмендігі қоймада алдыңғы жылдардан сақталып қалған өнімді өткізумен байланысты түсіндіреміз.

Кәсіпорынның инвестициялық  тартымдылығын арттыру үшін, жұмыс  нақты өнім мен тұтынушыға жұмсалу  керек.

Ұйым құрылымы бөлімдердің  өзара жақсы байланыста болуын, жауапкершілік пен құқықтардың дұрыс бөлінуін қалайды. Алайда бұл мақсаттар кәсіпорынның басқару жүйесінің дамытылғанына да байланысты. Кәсіпорындағы қызметті ұйымдастырудың мәліметтері 1-суретте келтірілген.

    «Мақтарал» АҚ-да 2005 жылғы деректер бойынша 592 адам жұмыс істеді. Оның ішінде:

  • басқару аппараты – 34 адам;
  • өндірістік персоналдар – 385 адам;
  • қойма персоналдары – 18 адам;
  • құрама жұмысшылар – 93 адам;

Кәсіпорынның басқару  аппараты, сондай-ақ жұмысшылар жоғары кәсіпті мамандармен қамтылған. 2005 жылы еңбекақы қоры 190600 мың теңгені құрады. Есепті жылы өндірістік - өнеркәсіптік персоналдар саны 18 адамға азайғанына қарамастан бұл көрсеткіш 19610 мың теңгеге артқан. Жалпы қоғам жұмысшыларын ынталандыру жоғары деңгейде. Еңбекақыны ұйымдастыру Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы » заңы және басқа да нормативтік заңнамаларға сәйкес жүргізіледі. 2005 жылы 1 жұмысшының еңбек өнімділігі 1,3 есеге өскенін көреміз. Бұл еңбек шығынының азаю есебінен және өңдеу көлемінің өсуінен болуы мүмкін.

2-кесте-еңбек ресурстарының көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Өлшем

бірлігі

2004

2005

           Ауытқу

    +/-;

   %

1

Жұмыскерлер саны

 

адам

 

610

 

592

 

-18

 

97

2

Еңбек өнімділігі

мың

теңге

 

2571

 

3430

 

859

 

133

3

Жылдық еңбекақы қоры

мың

теңге

 

170990

 

190600

 

19610

 

111

4

1 жұмыскердің орташа  айлық еңбекақысы

 

теңге

 

23359

 

26829

 

3470

 

115


Деректер көздері: “Мақтарал” АҚ-ның мәліметтерінен

     Кестеде көрсетілгендей 1 жұмысшының орташа айлық еңбекақысы 3470 теңгеге яғни 115 пайызға өскенін көреміз. Еңбекақы негізгі және қосымша бөлімдерден тұрады. Негізгі бөлігі тұрақты болса. Қосымша – үстемақы мен сыйақыдан тұрады. Ұйымда жұмыскерлердің материалды қызығушылығын арттыру үшін кәсіптік шеберлігіне, басқа персоналдарды үйреткені үшін, жоғары біліктілігі үшін, және т.б. қосымша үстемақылар мен сыйақылар төленеді. Осы мәселе бойынша кәсіпорынның жұмысшылардың кәсіподағы жұмыс берушіге әлеуметтік әріптестік жүйесіндегі келісімнің Қазақстан Республикасындағы 2004 жылғы мемлекет, жұмыс берушілер және жұмысшылардың мүддесін қорғайтын кәсіподақтың Республикадағы ұйымдары ат салысып еңбек қатынастарын реттеуге үлкен үлес қосу керек. 

 


 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-сурет «Мақтарал» АҚ-ның ұйымдық құрылымы.

      Нарықты экономика жағдайында кәсіпорынның техника-экономикалық және қаржы экономикалық жағдайын талдаудың мазмұны мен маңызы зор болып табылады. Бұл кәсіпорындардың меншік иесі, жұмыскерлері, коммерциялық және басқа да тұлғалар алдында кәсіпкерлік қызметінің нәтижесіне толық жауап берушілік алатынына байланысты.

Шаруашылық субьектілердің экономикалық қызметін талдаудың көмегімен кәсіпкерлік қызметінің жоспары жасалады, кәсіпорынның даму қорлары анықталып, бөлімшелерінің, жұмысшыларының қызметтерінің нәтижесі бағаланады.

«Мақтарал» АҚ-ның  мәліметтерін пайдалана отырып, қызметіне  талдау жасап есептеп шығарамыз. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы шаруашылық қызметті үздіксіз жүргізумен қарыз міндеттемелерін мерізмінде өтеу үшін белгілі бір мерзімдегі кәсіпорынның тұрақтылығын және оның қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

«Мақтарал» кәсіпорынының  қаржы – экономикалық жағдайын талдау үшін алдымен технико-экономикалық көрсеткіштерін анықтаймыз. Ол 2- кестеде көрсетілген.

1. көрсеткіш бойынша,  өткізілген өнімнен түскен табыс  :

Әрине өнімді өткізу ол кәсіпорынның шығарылған өнімінің ең соңғы кезеңі деп айтсақ болды және ол кәсіпорын үшін өте маңызды. Бұл - өнім өткізу жұмысшының әсері оның цехтарының, түскен табыстарының талдауында және тағы басқа қаржы көрсеткіштерінде көрінеді, талдау кезеңі 2005 жылы 2004 жылға қарағанда 2030692 мың тг. болып, пайыз түрінде 128% артты. Бұл жалпы кәсіпорын өніміне сұраныстың бар екендігін аңғарады. (1,2 есеге сатудан түскен табыс артты.) Бұл көсеткіштің өсуіне сондай-ақ өнімнің нарықтағы бағасы, елдегі инфляция деңгейі әсер етуі мүмкін. «Мақтарал» АҚ-ның негізгі қызметі мақта талшықтарын тазалап, түк түрінде сату болғандықтан, кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметі көптеген сақтық шарларын ұстанады және тәуекелділік деңгейі де жоғары болып есептелінеді.

2-кесте-“Мақтарал” АҚ-ның қызметін техника-экономикалық талдау.

Көрсеткіштер

 

Жылдары

Ауытқулар

2004

2005

+/-

%

1

Өнімді өткізуден түскен табыс

мың тг

1581484

2030692

449208

128

2

Өткізілген өнімнің  өзіндік құны

мың тг

1447564

1805992

358428

125

3

Жалпы табыс

мың тг

133920

224700

90780

168

4

Кезең шығындары

мың тг

398747

547104

148357

137

5

Негізгі қызметтен түскен табыс

мың тг

-264827

-322404

57577

        122

6

Негізгі емес қызметтен  түскен табыс

мың тг

406670

389589

-17081

95

7

Салық салынғанға дейінгі  табыс

мың тг

141843

67185

-74658

47

8

Таза табыс

мың тг

99290

47029

-52261

47

9

Жұмыскерлердің тізімдік саны

адам

610

      592

-18

97

10

Жұмысшылардың жылдық еңбек  ақы қоры

мың тг

170990

190600

19610

        111

11

1 жұмыскердің орташа айлық еңбек ақысы

тг

23359

26829

3470

115

12

Негізгі қорлардың жылдық орташа құны

мың тг

532687

811703

279016

152

13

Қор сыймдылығы

тг

0,34

0,39

0,05

115

14

Қор қайтарымдылығы

тг

2,96

2,5

-0,1

84

15

Жұмысшылардың негізгі қормен қарулануы

мың

тг

873

1371

        498

157

16

Өнімнің 1 теңгесіне кететін  шығын

тг

0,91

0,88

-0,03

96

17

Еңбек өнімділігі

мың тг

2571

3430

859

133

Информация о работе Нарық жағдайында кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы