Нарық жағдайында кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 19:32, дипломная работа

Описание работы

Саяси тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық рекформалардағы жетістіктер, табиғи және қоғамдық мүмкіншіліктеріміз біздің еліміздің іргетасы болып табылады. Егеменді ел болып жарияланғаннан кейін, шетелдік инвесторларды елдің экономикасына тарту стратегиялық мақсаттардың бірі болған еді. Нарықтық экономиканы тапқырлықпен жүзеге асырған өркенниетті елдердің тәжірибесі көрсеткендей, шетелдік инвестицияның экономиканы дамытуға, халықтың әл-ауқатын көтеруге үлкен септігін тигізетінін айғақтайды. Шетелдік инвестиция тарту жөнінде Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында алдыңғы орында тұр. Өзіндік жинақтаған тәжірибесі бар және тәжірибе негізінде бағыт-бағдарын айқындауда.

Содержание работы

КіріспЕ...............................................................................................................-3-
1 кәсіпорынның Инвеститциялық тартымдылығын арттырудың экономикалық негіздері......................................................................................................-7-
1.1 Кәсіпорындарда инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық мазмұны -7-
1.2 Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін анықтайтын көрсеткіштер 14
1.3 Инвестициялық жобаларды тиімді ұйымдастыру- инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық негізі .......................................-22-

2 «МаҚтарал» Ақ-ң Нарық жағдайында инвестициялық ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН талдау.............................................................................................................-31-
2.1 «Мақтарал» Акционерлік Қоғамының экономикалық қызметін талдау...................................................................................................................-31-
2.2 «Мақтарал» Акционерлік Қоғамының қаржылық жағдайын талдау...................................................................................................................-41-
2.3 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын талдау.........................-47-

3 кәсіпорындардың Инвеститциялық тартымдылығын АРттыру жолдары...................................................................................-51-
3.1 Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын жетілдіру..............................................................................................................-51-
3.2 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын күшейту жолдары...............................................................................................................-59-

Қорытынды..................................................................................................-64-
Пайдаланылған әдебиеттер көздері.............

Файлы: 1 файл

мактаарал.doc

— 507.00 Кб (Скачать файл)

Бірінші инвестициялар; немесе нетто  инвестициялар, олар кәсіпорынды құрғанда немесе сатып алғанда жасалады.

  • Ұлғаюға инвестициялар; (экстенцивті инвестиция) бұл инвестиция кәсіпорынның өндіріс процесін ұлғайтады.

  • Реинвестиция: бұл инвестициядан түскен табыстан бос ақшаны қайта жаңа құрал жабдықтарды алуға, және жаңа өндіріс құралдарына құю, бұл кәсіпорынның негізгі қорларын ұстауға жұмсалған.

  • Ауыстыру инвестициясы: бұл ескі құрал – жабдықтарды, жаңа құрал- дабдықтарға ауыстыру.

  • Инвестицияны рационализациялау: бұл инвестицияны техника және технологиялық процестерді модернизациялау.

Шығарылатын тауарды өзгертуге салынатын инвестиция:

  • Әртараптандыруға салынған инвестиция: тауардың номенклатурасын ауыстыруына байланысты, жаңа тауар түрін шығару және даңа өткізу орындарын табу.

  • Инвестицияны кәсіпорында тоқтап қалмауын қамтамасыз ету, ҒЗКТЖ-ға жіберу, кадр дайындау, жарнама, қоршаған ортаны қорғау.

  • Буртто инвестиция: ол нетто – инвестициямен реинвестициядан тұрады.

  • Тәуекел инвестициялар немесе венчурлы капитал инвестиция, жаңа акциялар шығару түрінде, жаңа қызымет саласында шығарылатын, үлкен тәуекелмен байланысты.

Венчурлық капитал инвестициясы бір – бірімен байланысты емес объектілерге құйылады, бұл салынған ақшаның тез ауқуы. Бұндай капитал салымдар, өндірушіден біраз акциясын алумен жасалады, сонымен бірге соңғы акциялардың конверсиялақ құқығы бар/7/.

Капиталдың енгізілуі  тәуекелділіктің жоғары деңгейі кішігірім, шағын кәсіпорындарды қаржыландыруға, жаңа технологиялар енгізумен көрінеді. Тәуекел капиталдың өзінде бірнеше формалары бар: Ссудалық, акционерлік, кәсіпкерлік/8/.

   Ол ғылыми сыйымды кәсіпорындардың жарғылық капиталы жоғары және басқа фирмалармен тығыз байланыста болады.

Уақыт факторы бойынша:

  • Қысқа мерзімдік инвестицияляр
  • Ұзақ мерзімдік инвестициялар

Аннуитет – инвестиция, әр – бір уақыт мерзім кезінде жеке бір табыс алып келеді. Жалпы ол қаржыны зейнетақы сақтандыру қорларға енгізуі. Сақтандыру компаниялар мен зейнетақылық қорлар, ұзақ мерзімді міндеттемелер шығарады. Болашақта кездесетін шығындарды жабу үшін иелері сол шығындарды жабу мақсатында оларды құяды/9/.

Анри Кульман – жанама және тікелей  инвестициясы

Франция экономика мектебінің көрікті ғалымы – Анри Кульман инвестицияның класификациясын, проблемасын мүлде басқа аспектте қараған. Ол жанама инвестиция (ақшамен), ал тікелей инвестицияны (ақшасыз) жасауға болады деп ойлаған.

Екінші түрде еңбек өнімін тікелей  өндіру құрылымына ауыстыру, капталдың ақшалай форма кезеңіне аттап кету. Бұндай инвестицияның механизімі көбінесе ауыл шаруашылығанда жасалады. Мысалы: фермер ірі – қара малмен өз отарында бұзауларын тек қана амортизацияны жабу үшін ғана емес,  одан көп бұзаулар алу. Олар оз отарының санын ұлғайтуға әсер етеді. Бұл кезде тікелей инвестициялау жүргізіледі.Сондай-ақ бақташыны алсақ олда өзінің барлық гүлдерін, жемістерін өткізбей тек қана 75% сатады, ал 25% тұқымға кетеді, яғни өзінің шаруашылығын ұлғайтады.

    Тікелей инвестиция өте аз қолданылады өйткені өндірісте зауыт өз кірпіштерін өз жеріне тағы зауыт салуға арнамайды және осы қағида кең таралмаған/11/.

    Экономика дамуының құрылымдық өзгерiстерiн табысты iске асырудың, жаңа ғылыми-техникалық негiзде өндiрiстiк әлеуетті құрудың әлемдiк нарықта бәсекелестiк позицияны күшейтудiң негiзгi шарты жоғары инвестициялық белсендiлiк болып табылады. Оңтүстiк-Шығыс Азияда “жаңа индустриалды елдер” атты экономикалық феноменнiң пайда болуы, қазiргi заманғы ғылымды қажет ететiн салалардың тез дамуы осы елдер экономикасына тартылатын инвестициялардың тез өсуiнiң арқасында мүмкiн болды/12/.

    Нарықтық қарым-қатынастар жағдайында республикадағы өнеркәсiптiк өндiрiстiң дамуына инвестициялардың әсерiн анықтау үшiн, алдымен, “инвестициялар” категориясының әлеуметтiк-экономикалық мәнiн анықтап алу қажет.

    Инвестициялар – бұл, нарықтық экономикаға өту кезеңiнде пайда болған, Қазақстандық экономика үшiн бiршама жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлы жүйеде негiзгi қорларды қайта өндiруге, оларды жөндеуге жұмсалатын шығыстардың барлығын қосатын “жалпы күрделi салымдар” түсiнiгi қолданылады.

    Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтауда көптеген пiкiрлер бар. Пол Самуэльсон: “Таза инвестициялау” немесе капиталды құру деп, бiз қоғамның нақты капиталының (ғимараттар, құрал-жабдықтар, материалды-өндiрiстiк қорлар және т.б.) таза өсiмiн айтамыз. Тұрғын адам “инвестициялау” деп, өзiнiң жер учаскесiн, айналымда жүрген бағалы қағаздарды немесе басқа да меншiк объектiсiн сатып алғанын айтады. Бiрақ таза инвестициялау тек қана жаңа нақты капитал құрылған кезде ғана орын алады деп жазған.

    Әйгiлi “Экономикстiң” авторлары инвестиция түсiнiгiн кең түрде түсiндiрдi. Олардың анықтамалары бойынша инвестиция- “өндiрiс шығындары және өндiрiс құралдарын жинақтау және материалды қорларды ұлғайту”, яғни өндiрiс шығындарының және жинақтардың барлық жиынтығы/13/.

    Инвестиция көзi болып, жинақ қаражаттары табылатыны белгiлi. Бiрақ жинақтар бiр шаруашылық агентпен iске асырылады, ол инвестициялауды тiптi басқа адамдар тобы немесе шаруашылық субъектiлерi iске асыруы мүмкiн. Сондықтан ғалымдар тобы түсiнiктi анықтау кезiнде инвестицияның мәнiне ғана емес, оның мақсатты бағытталуына да көңiл аударады. В.Бочаров инвестицияны тұтынуға қолданылмайтын табыстың бiр бөлiгi деп түсiндiредi. Инвестициялық қорлар инвестициялық iс-әрекеттiң белгiлi объектiлерiне жұмсалады. Мұнда капиталдық құнның өсiмi табыс түрiнде немесе әлеуметтiк эффект түрiнде болады/14/.

   В. Фельзенбаум, инвестиция түсiнiгiн мағынасы бойынша “күрделi салымдар” және “қаржылық” (портфельдi) инвестициялар түсiнiктерiне, яғни меншiктен табыс алуға құқық беретiн акцияларға, облигацияларға және басқа да бағалы қағаздарға салынған салымдарға жақын келетiн нақты инвестицияларды қамтиды деп атап өткен/15/.

Инвестицияға анықтама бергенде, инвестицияның  тек қана мазмұндылық сипаттамасына  ғана емес, сонымен қатар олардың  мақсатты бағытталуына да аса назар  аудару қажет. Осы көзқарастан қарайтын болсақ, инвестиция жалпы ұлттық өнiмдi өндiруге жұмсалынатын табыстардың маңызды бөлiгiн құрайды, яғни капитал құрумен, физикалық капиталды кеңейтумен байланысты өндiрiстi кеңейтуге және жаңартуға кеткен шығындар болып саналады.

    lс-тәжiрибеде әр түрлi зерттеушiлер инвестиция түсiнiгiне әр түрлi мағына бередi. Жалпы тұрмыстық сана-сезiм деңгейiнде инвестицияны жер сатып алуға, қозғалмайтын мүлiк, акциялар сатып алуға, құрылысқа, техникаға, пайдалы қазбалары бар кен орындарына және т.б. қаржылық салымдарды салу деп түсiндiредi.

    Инвестицияларды нақты (капитал құрушы) – жаңа кәсiпорын құруға, iс-әрекеттегi кәсiпорынды қайта құруға немесе техникалық жарақтандыруға бағытталған салымдар және қаржылық (портфельдi) – мемлекеттiң, әртүрлi кәсiпорындардың, инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары мен акцияларын сатып алуға жұмсалған салымдар деп бөлуге болады. Бiрiншi жағдайда қаржы салымдарын жасайтын салымдар деп бөлуге болады. Бiрiншi жағдайда қаржы салымдарын жасайтын кәсiпорын-инвестор, өзiнiң өндiрiстiк өзiнiң өндiрiстiк капиталын – негiзгi өндiрiстiк қорларды және олардың жұмыс iстеуiне қажеттi айнымалы бағалы қағаздардан табыс-дивидендтер алу арқылы ұлғайтады. Мұнда өндiрiстi құруға ақша қаражаттары салымдарын, инвестициялық жобаларды iске асыруға қаржы құралдарын тарту үшiн акцияларды шығарған басқа кәсiпорындар мен ұйымдар жасайды.

 

Жаңа өндiрiстi құруға бағытталған инвестициялар

 

Өндiрiстi кеңейтуге бағытталған инвес-тициялар

 

Тиiмдiлiктi арттыруға бағытталған инвес-тициялар

 

Мемлекеттiк басқару

органдарының талаптарын орындауға бағытталған инвестициялар


 

Тәуекелдiлiктiң жоғары   Тәуекелдiлiктiң төмен

дегейi      деңгейi


 

1-сурет-Инвестиция түрi мен тәуекелдiлiк деңгейi арасындағы байланыс.

    Кәсіпорын деңгейінде инвестициялық тартымдылықты арттыруда бірінші болып, алдағы кезеңдерге арналған даму сипаттары үлкен орын алады. Инвестиция тарту жолымен дамудың алдағы кезеңдердегі көкжиегін нақты талдаулар жасау арқылы болжанған жетістіктерге қол жеткізу мүмкіндігі. Ол экономикалық тиімділік деңгейінің қатынастары, өнім өндіру мен оған кететін өндірістік шығындарды дұрыс есептеп, үнемді пайдалану. Кәсіпорындағы инвестициялық тартымдылыққа өндірілетін өнімнің өмірлік циклінің ұзақтығы тығыз байланысты. Инвестициялық қызметтің ұтымды жолдарының бірі инвестициялық тиімділікті бағалауды өте дұрыс есептеу шарт. Шаруашылық қызметтің негізгі шарттарының бірі болып, өндідістің барлық элементтерін ұдайы жаңартып, жетілдіріп отыру. Шетелдік тәжірибеде инвестициялық тартымдылықты арттыру көбінесе инвестициялық жобаларды ғылыми негіздеп, іс-тәжірибеге лайық, сондай-ақ макродеңгейдегі болатын өзгерістерге барынша төтеп бере алатын жобалар әзірлеумен анықталады/15/.

  1.2  Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін анықтайтын көрсеткіштер                                                                                                                                                                                                                                      

      Инвестициялардың барлық түрлерiнiң кәсiпорынның тiршiлiкке қабiлеттiлiгiн сақтауда және оның дамуында маңызы зор.

Нақты активтерге инвестициялауды  дайындау және талдау, инвестициялардың түрлерiне, яғни олар арқылы кәсiпорын  алдында, тұрған қандай мәселелердi шешу қажет екендiгiне байланысты. Осы позициядан инвестициялардың барлық мүмкiн түрлерiн келесi негiзгi топтарға топтастыруға болады:

1) Тиiмдiлiктi арттыруға  бағытталған инвестициялар. Олардың  мақсаты ең алдымен құрал-жабдықтарды  ауыстыру, персоналды оқыту немесе  өндiрiстiк қуатты, өндiрiс жағдайлары тиiмдi аймақтарға ауыстыру арқылы фирманың шығындарын төмендету болып табылады;

2) Өндiрiстi кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Мұндай инвестициялардың мақсаты – iс-әрекеттегi өндiрiстер шеңберiнде ертеректе құрылған нарықтар үшiн тауар өндiру мүмкiндiктерiн кеңейту;

3) Жаңа өндiрiстердi  құруға бағытталған инвестициялар.  Мұндай инвестициялар кәсiпорында  бұрындары өндiрiлмеген тауарларды  шығаратын немесе жаңа қызмет  түрiн көрсететiн мүлде жаңа  кәсiпорындарды құруды қамтамасыз  етедi немесе кәсiпорында өндiрiсте жүрген тауарлармен жаңа нарықтарға шығуға әрекет жасауға мүмкiндiк бередi.

4) Мемлекеттiк басқару  органдарының талаптарын қанағаттандыру  мақсатына бағытталған инвестициялар.  Инвестициялардың бұл түрлерi экологиялық  стандарттар, өнiмнiң қауiпсiздiгi және iс-әрекет шарттары жөнiнен үкiметтiң талаптарын орындау қажеттiгi кәсiпорын алдында тұрған жағдайда қолданылады/16/.

Инвестиция түрi мен  тәуекелдiлiк деңгейiнiң арасындағы мұндай тәуекелдiлiк логикасы айқын: ол инвестициялау аяқталғаннан кейiн фирма жұмысының нәтижелерiнiң өзгеруiне нарықтың мүмкiн реакциясын дұрыс болжай алмау қаупi деңгейiмен анықталмайды. Мақсаты нарыққа белгiсiз өнiм шығару болып табылатын жаңа өндiрiстi ұйымдастыру жоғары дәрежелi белгiсiздiкпен байланысты, ал нарықпен қабылдалынған тауар өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiн жоғарылату (шыныдарды төмендету), инвестициялау нәтижесiнiң минималды қауiп әкелетiндiгi түсiнiктi. Осы сияқты, мемлекеттiк басқару мекемелерiнiң талаптарын қанағаттандыру мақсатымен жасалған инвестициялар да тәуекелдiлiктiң төмен деңгейiмен байланысты. 

Толық ғылыми-техникалық өндiрiстiк циклдi инвестициялауға  болады немесе оның элементтерiн (сатыларын) - ғылыми зерттеулер, жобалық – конструкторлық жұмыстар, iс-әрекеттегi өндiрiстi кеңейту немесе қайта құру, жаңа өндiрiстi ұйымдастыру немесе жаңа өнiмдi шығару және т.б. iс-әрекеттердi инвестициялауға болады.

Өндiрiстiк-экономикалық потенциалды сақтау және дамыту – кәсiпорынның өндiрiстiк – шаруашылық iс-әрекеттiң маңызды бөлiгi болып табылады. Осы бағыттағы кәсiпорынның iс-әрекетi инвестициялық iс-әрекет деп аталады. “Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, инвестициялық iс-әрекет деп, инвестициялауды iске асыру үрдісімен байланысты кәсiпкерлiк iс-әрекеттi айтамыз.

Инвесторлар (инвестициялық iс-әрекеттi iәске асырушы немесе заңды тұлғалар), тапсырыс берушiлер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық iс-әрекет объектiлерiн  пайдаланушылар, жабдықтаушылар, инвестициялық  қорлар) және инвестициялық процестiң басқа да қатысушылары – инвестициялық iс-әрекет субъектiлерi болып табылады. Тапсырыс берушiлер ретiнде инвесторлар немесе инвестициялық жобаны iске асыру жөнiнде инвестордан алған жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкiн.

Инвестициялық iс-әрекеттiң субъектiлерi ретiнде жеке және заңды тұлғалар, соның iшiнде, шетелдiк тұлғалар, мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болуы мүмкiн.

Инвестициялық iс-әрекеттiң  объектiлерiн пайдаланушылар ретiнде  инвесторлар және басқа да жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттiк және жергiлiктi мекемелер, шет мемлекеттер  және халықаралық ұйымдар болуы  орта құрылмына мыналар кiредi:

Информация о работе Нарық жағдайында кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы