Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 12:34, курсовая работа
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері жүргізілген реформалар бүгінгі күні нәтижелерін бере бастады. Республиканың қаржы секторы дамып, халықтың тұрмыс деңгейі мен экономикалық көрсеткіштер жоғарылап, экономиканың нақты секторының дамуына жағдайлар жасады.
Қазақстанның нақты секторына кіретін екінші деңгейлі банктердің, кредиттік серіктестіктердің, микрокредиттік ұйымдардың, басқа да қаржы институттарының заңдылық негіздері қалыптасты, олардың қызметтерін реттеу нормалары енгізілді, қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасы қабылданды. Осы көрсетілген шаралар респубилканың қаржы секторы дамуының жаңа сатыға көтерілуіне жағдай жасады.
Кіріспе ..................................................................................................................3
І бөлім Экономикадағы шағын кредиттік ұйымдар және оның негіздері
1.1. Шағын кредиттік ұйымдар және олардың атқаратын қызметі................5
1.2. Шағын кредиттік ұйымдардың негізгі тиімділіктері..............................9
1.3. Шағын кредиттік ұйымдардың қатынастары..........................................11
ІІ бөлім Экономикадағы шағын кредиттік ұйымдардың қызметін талдау
2.1. Шағын кредиттік ұйымдардың қызмет негіздері....................................14
2.2. Шағын кредиттік ұйымдардың экономикалық көрсеткіштері...............16
2.3. Шағын кредиттік ұйымдардың экономикалық қатынастары және негізгі тәсілдері..................................................................................................20
ІІІ бөлім Қазақстан Республикасындағы шағын кредиттік ұйымдардың дамыту мен мемлекеттік қолдау
3.1.Шағын кредиттік ұйымдарды дамытудың перспективалары................23
Қорытынды........................................................................................................26
Қолданылған әдебиеттер..................................................................................28
Қосымша
ЖОСПАР
Кіріспе ..............................
І бөлім Экономикадағы шағын кредиттік ұйымдар және оның негіздері
1.1. Шағын кредиттік ұйымдар және
олардың атқаратын қызметі.....
1.2. Шағын кредиттік ұйымдардың
негізгі тиімділіктері.........
1.3. Шағын кредиттік ұйымдардың
қатынастары...................
ІІ бөлім Экономикадағы шағын кредиттік ұйымдардың қызметін талдау
2.1. Шағын кредиттік ұйымдардың
қызмет негіздері.....................
2.2. Шағын кредиттік
ұйымдардың экономикалық
2.3. Шағын кредиттік ұйымдардың
экономикалық қатынастары және
негізгі тәсілдері.............
ІІІ бөлім Қазақстан Республикасындағы шағын кредиттік ұйымдардың дамыту мен мемлекеттік қолдау
3.1.Шағын кредиттік ұйымдарды дамытудың
перспективалары...............
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер....................
Қосымша
Кіріспе
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері жүргізілген реформалар бүгінгі күні нәтижелерін бере бастады. Республиканың қаржы секторы дамып, халықтың тұрмыс деңгейі мен экономикалық көрсеткіштер жоғарылап, экономиканың нақты секторының дамуына жағдайлар жасады.
Қазақстанның нақты секторына кіретін екінші деңгейлі банктердің, кредиттік серіктестіктердің, микрокредиттік ұйымдардың, басқа да қаржы институттарының заңдылық негіздері қалыптасты, олардың қызметтерін реттеу нормалары енгізілді, қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасы қабылданды. Осы көрсетілген шаралар респубилканың қаржы секторы дамуының жаңа сатыға көтерілуіне жағдай жасады.
Мемлекет саясатының негізгі бағыты орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау болып табылады. Басты назар ақпараттық инновациялық технологияларды енгізуге, кәсіпкерлерге ыңғайлы жағдайлар жасайтын заңдық актілердің қабылдауларына аударылады.
Тақырыптың өзектілігі: Микроқаржыландыру ұйымдары өз қызметтерінен тұтынушыларына арналған максималды пайда тапқысы келеді және өз шығындарын, тәуекелдерін төмендету мақсатын алға қояды. Тұтынушылардың сұраныстарына жауап беру үшін микроқаржыландыру қызметі несиелеу мерзімдері, несе көлемі, пайыздық ставка, тұтынушының қажеттіліктерін толықтай қамтамасыз етуі қажет. Барлық размер бәріне келеді деген әдістеме болмағандықтан микроқаржыландыру ұйымдары қаржылық қызметке сұранысты бағалау үшін формалдық емес сектордың ерекшеліктерімен танысу қажет. Тұтынушының сұраныстарын толық қанағаттандыру және төмен оперативтік шығындар микроқаржылық қызметтің тиімділігін бағалаудағы ең жақсы критерий болып табылады.
Микроқаржылық қызметтің негізгі тұтынушылары, кәсіпкерлік потенциалы бар (оның ішінде жұмыссыздар да бар), бірақ банк қызметін пайдалануға мүмкіндігі жоқ тұлғалар. Көптеген кәсіпкерлер бизнесті құру үшін негізгі кедергі қажетті қаржылық ресурстардың болмауы деп біледі. Микроқаржыландыру экономикалық дамудың өзінің тиімділігін әлемнің көптеген елдерінде дәлелдеген құралы болып табылады. Әдетте, микроқаржыландыру мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:
Курстық жұмыстың мақсаты: экономикадағы шағын кредиттік ұйымдар туралы сипаттама берумен оның экономикадағы ерекшеліктерін айқындау болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
І бөлім Экономикадағы шағын кредиттік ұйымдар және оның негіздері
1.1. Шағын кредиттік
ұйымдар және олардың
Экономиканың өсуін, оның ішінде нақты сектордың дамуын, кәсіпкерлікті дамытуды мемлекет өз тарапынан тұрақты қолданса да жұмыссыздық әлі де өзекті мәселе болып қалып отыр.
Мұндай жағдайда микрокредиттеу халықты қолдаудың итімді тұтқасы болып табылады. Кәсіпкерлік бастаманы ынталандырудағы, қаржы секторына жеке меншік капиталды тартуда оның алатын орны ерекше.
Микрокредиттеу ұйымдары жергілікті жерлердегі шағын кәсіпкерлер субьектісін дамыту мен қолдау институты болып табылады.
Микрокредиттеу ХХ ғасырдың 70-ші жылдары оны өзгелей алуға мүмкіндігі жоқ адамдарға кредит беру әдісі пайда болды. Микрокредиттеу тар мағынада қолданылады, бұл ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында әлеуметтік бағдарланған үкіметтік емес ұйымдармен әзірленген әдістемені пайдалана отырып, бейформалды шағын кәсіпкерлердің және тұрмыс жағдайы төмен халықтың кең тобына микрокредиттеуді беруді білдіреді.
Микрокредиттеу Орталық азияда тек 90 жылдың басында ғана қалыптаса бастағандықтан, бұл сектордың дамуы басқа елдермен салыстырғанда артта қалуда. Бірақ та микрокредиттеудің Орталық Азияда кеш басталуына қарамастан бұл сектордың әлемде дамуы тез қарқынды болғандықтан, өз дамуын тездетті. [1]
Дүниежүзілік банктің бағасы бойынша, қазіргі уақытта микрокредиттеу саласында әлемнің 56 елінде шамамен 16 миллион адамға қызмет көрсететін 7000-нан астам ұйым бар. Қазіргі уақытта микрокредиттеудің әлемдік индустриясында жағдай өзгеріп жатыр осы секторда әртүрлі әдістемелер қолданылатын болды, қаржылық қызметтердің диапазоны қаржылық қызметтердің диапазоны жинақ депозиттерінің, сқатандырудың, ақша аударудың есебінен кеңейе бастады. Заемдар топтық және жеке негізде ұсынылатын болды, ал сомалар мен кредиттерді өтеу мерзімдері әрі клиенттердің қажеттіліктеріге бейімделген болды. Туындап жатқан қажеттілікреге жауап ретінде, микрокредитік ұйымдар жаңа өнімдерді әзірлеуде.
Қазақстанда қажетті
құқықтық реформалардың үлкен бөлігі
қарастырылып, ол «Микрокредиттік
ұйымдар туралы» Қазақстан
«Микрокредиттік ұйымдар
туралы» Қазақстан
Дүние жүзіндегі барлық дерлік халықтардың қаржы қызметтеріне қол жеткізу мүмкіндігі жоқ, солардың ішінде табысы төмен халықтың мүмкіндігі өте төмен. Барлығын қамтитын қаржылық секторды қалыптастыру үшін өмір сүріп жатқан жеріне, табысына, меншіктегі мүлкіне қарамастан қаржылық қызметтерді қажет ететін барлық адамдарға тұрақты және экономикалық тиімді негізде қаржылық қызметтерді алуына жаңадан жағдай жасау қажет. Микроқаржыландыру барлығын қамтитын қаржылық секторды құрудың нақты әрекеті болып табылады. Ол кедейлікті азайтып, аз қамтылған адамдарға өздеріне-өздері көмектесу мүмкіндіктерін беру үшін жасалады. «Микроқаржыландыру ұйымдары» термині тұрмыс деңгейі төмен азаматтарға қаржылық қызмет көрсететін әртүрлі ұйымдарды көрсетеді.
Микроқаржыландырудың негізгі мақсаты кедейлерге көмектесу мен қаржылық қызметтерге қол жеткізу мүмкіндігін ұлғайту мен қаржылық, әлеуметтік делдалдықты клиенттерге көрсету арқылы кедейлікті төмендету. Дегенмен, микроқаржыландыру тек қана қаржылық қызмет емес, ол кедейлік және әлеуметтік маргинализациямен күресудің елеулі құралы болып табылады. Жетістіктердің тарихын көрсеткендей, микронесиелеу мен жинақтау қызметі адамдардың таңдау қабілетін жоғарылату және әлсіздіктерін төмендетудегі тиімді құрал бола алады. Табысы төмен халық топтары қаржылық қызметтерді экономикалық мүмкіндіктерін жоғарылату үшін қолдану, тәуекелдерді төмендету мен табыстарын өз болашақтарына және балаларының болашағыни инвестициялау арқылы әлеуметтік қорғалмай қалу жағдайын төмендету мүмкіндіктеріне ие болды. Қазіргі таңдағы көп мөлшердегі экономикалық мүмкіндіктер арқасында микронесиелеу қарыз алушының денсаулық сақтау, тамақтану, білім алу, тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстарын өсіру арқылы оның өмір сүру деңгейін және жанұя табыстарын көтере алады. Дағдарыс жағдайды игеру мен және өз бизнесін қуаттау үшін де несиелерді қолдана алады. [1]
Микроқаржыландырудың тарихына қысқаша шолу жасау, бұл саладағы соңғы даму процестерін жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді. 70-ші жылдардың соңы мен 80-ші жылдардың басында тұрмысы төмен тұрғындарға субсидия негізінде тікелей несие беріледі. Бұл алғашқы бағдарламалар өзінің табиғатынан инновациялық болғандығына қарамастан, ұзақтығы және ойластырылуы, қолдану ауқымдары бойынша шектеулі еді. Аталған бағдарламалар әрі шағын, әрі сыртқы ортадан оңашаланған және жобаға тым тәуелді болды. Донорлардан алғашқы капитал алған көптеген микроқаржылық ұйымдар, соңыра банкротқа ұшырады, ол өз кезегінде ұйымдардың жаңа несие берулеріне мүмкіндік бермеді. Тұрақсыздығымен қатар, мұндай алғашқы тәжірибемен тұрғындарды толық қамту жеткіліксіз болды. Әдеттегідей, бұл ұсынылған қызметтен кедейлердің ішіндегі табысы айтарлықтай төмен емес халық топтары ғана пайда тапты, қаржыны жергілікті жеке нарықта бұрмалау кең таралды.
Бангладештегі «Грамин Банк» және «Ракьят Индонезия» банкі секілді ұйымдардың жетістігі, тұрмысы төмен тұрғындарға қарағанда қаржылық қызмет көрсету, кедейшілікті төмендетудің оңтайлы құралы бола алатындығына бірінші рет дәлел болды. Бұл алғашқы үлгілердің шешуші шарты болып өзіндік жеткілікті қамтамасыз етуге жағдай жасады. Тәжірибенің сәтті болуына, біріншіден, құрылтайшылардың халықтық қажеттілігін түсінуі, екіншіден тұрғындарға тиісті де сапалы қаржылық зызмет көрсетілуі, үшіншіден, олардың дұрыс әдіс-тәсілдерді ойлап табуы себеп болады. мысалы, топтық несие берудің әдістемесін жасау микроқаржыландыру тарихындағы үлкен жаңалық болып есептеледі. Бұл табысты бағдарламалардың тарихы, әдістемесі және ұйымдастыру құрылымдары қысқа мерзім ішінде зерттеліп, мейлі жаңа қаржылық ұйымдар болсын, мейлі донор компаниялары болсын, олардың жұмыстарының негіздерін қалады. Көп ұзамай, бүкіл әлемде неғұрлым жетілдірілген және жаңа жұмыс әдістері жергілікті жағдайларға икемделген инновациялық микроқаржылық ұйымдар пайда бола бастады.
Бүгінде микроқаржыландыру
индустриясы бүкіл әлемге тартылып,
тұрмысы төмен 80 миллион, аз қамтылған
азаматқа қызмет көрсететін 10-нан 15 мыңға
дейінгі ұйымды қамтиды. Кедейлерге
көмек көрсету жөніндегі
Микроқаржыландырудың келешектегі шапшаң даму үрдістері байқалады: оның мүмкіндігі әлі толығымен пайдаланылған жоқ. Ол негізінен, осындай қызметтерді ұсынудың шектеулілігіне байланысты. Кедейлердің басым бөлігі қазірдің өзінде ресми емес қарыз берушілерге қымбат және сапасы төмен қаржылық өнім үшін төлем төлеуде, микроқаржылық ұйымдардың тәжірбесі көрсеткендей, клиенттер сапасы жоғары әртүрлі қызметтер үшін ақша төлеуге дайын. Нарық мүмкіндігінің әлі де потенциалы жоғары: есептеулерге сәйкес 1-2 млрд адам негізгі қаржылық қызметтерге қол жеткізуге мұқтаж болып отыр. Сонымен қатар қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ете алатын, сол сияқты халықтың микроқаржылық қызметтерді қамтуына әсерін тигізбейтін, жетістігі жоғары әдістемелер жасалынды. Тұрақтылықтың маңыздылығын ескермеуге де болмайды. СGAR соңғы стратегиялық құжатында айтылғандай. «Тұрақтылық микронесиелеудің салыстырмалы кішігірім донорлық қаржыландыруды тиімді қолданыла алатындығын білдіреді. Яғни ол жеке капиталдың ауқымды көлемін тарту, соның арқасында кедейлердің көп бөлігін қамту масштабтарын ұлғайту арқылы жүргізіледі».
Уақыт ағымдарына байланысты микроқаржыландыру ұғымы және масштабы өзгерді. Қазіргі кезде бұл термин табысы төмен клиенттерге бағытталған қаржылық қызметтерге (несиеелу, жинақтау, сақтандыру, ақша аударымдары қызметтерін қосқанда) қолданылады. Микронесиелеу көп қызметтердің бірі ғана болып қалады. Жинақтау мен сақтандыру қызметтерінің ролі ерекше маңызды болды, өйткені бәріне дерлік несие керек емес, көп адамдар үшін ақшаны жинақтау мен өзін тәуекелден сақтау анағұрлым қажет.
Барлық мүмкіншіліктерге микроқаржыландыру барлық проблемалардың шешімдері бола алмайды. Микроқаржыландыру ұйымдары экономикалық мүмкіншіліктерді материалдық негізге аудара алады, бірақ кәсіпкерлікті дамытуда қолайлы жағдай болмаса бизнесті жүргізе алмайды. Халықтың ең аз қамтылған топтарына несиені қолдануға және өз бизнестерін құруға басқа да көмек қажет. Микроқаржыландыру әлеуметтік және экономикалық дамудың бірден бір тиімді тәсілі болып қалады.
Микроқаржыландыру ваккумда өмір сүрмейді. Қаржылық қызметтерін алу мүмкіншілігін жақсартатын құрал болып табылады, бірақ та айта кету қажет, барлығына несие қажет емес. Бірінші тәжірибеден алған сабақтар микроқаржыландыру ұйымдарының, оның саясатының негізін қалады. Бүгінде микроқаржыландыру ұйымдарына әртүрлі өзекті мәселелер бойынша қол жеткен жетістіктермен танысуға мүмкіншілігі бар. Бірақ бәрі бір тәжірибелік құралдар толығымен қабылданбайды және қолданылмайды. Жоғары тиімділікке қол жеткізу үшін микроқаржыландыруға интеграцияланған, мақсатты бағыттағы стратегия мен тек қана қарызгерлер мен қарыз берушілердің ғана емес, барлық қатысушылардың қызығушылықтары қажет.