Шағын кредиттік ұйымдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 12:34, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері жүргізілген реформалар бүгінгі күні нәтижелерін бере бастады. Республиканың қаржы секторы дамып, халықтың тұрмыс деңгейі мен экономикалық көрсеткіштер жоғарылап, экономиканың нақты секторының дамуына жағдайлар жасады.
Қазақстанның нақты секторына кіретін екінші деңгейлі банктердің, кредиттік серіктестіктердің, микрокредиттік ұйымдардың, басқа да қаржы институттарының заңдылық негіздері қалыптасты, олардың қызметтерін реттеу нормалары енгізілді, қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасы қабылданды. Осы көрсетілген шаралар респубилканың қаржы секторы дамуының жаңа сатыға көтерілуіне жағдай жасады.

Содержание работы

Кіріспе ..................................................................................................................3
І бөлім Экономикадағы шағын кредиттік ұйымдар және оның негіздері
1.1. Шағын кредиттік ұйымдар және олардың атқаратын қызметі................5
1.2. Шағын кредиттік ұйымдардың негізгі тиімділіктері..............................9
1.3. Шағын кредиттік ұйымдардың қатынастары..........................................11
ІІ бөлім Экономикадағы шағын кредиттік ұйымдардың қызметін талдау
2.1. Шағын кредиттік ұйымдардың қызмет негіздері....................................14
2.2. Шағын кредиттік ұйымдардың экономикалық көрсеткіштері...............16
2.3. Шағын кредиттік ұйымдардың экономикалық қатынастары және негізгі тәсілдері..................................................................................................20
ІІІ бөлім Қазақстан Республикасындағы шағын кредиттік ұйымдардың дамыту мен мемлекеттік қолдау
3.1.Шағын кредиттік ұйымдарды дамытудың перспективалары................23
Қорытынды........................................................................................................26
Қолданылған әдебиеттер..................................................................................28
Қосымша

Файлы: 1 файл

Kursovaya.doc

— 3.10 Мб (Скачать файл)

2011 жылы компанияда мақсатты  топтың мұқтаждықтарына сәйкес өнімдік желі бойынша екі түрдегі (кепілсіз топтық және кепілмен жеке несие беру) бес несие өнімі ұсынылды (1‑кесте).

KMF‑тегі несие беру талаптары клиенттің кіріс көзіне (бизнес, агро,жалақы) байланысты болады, сомасы, мерзімі жәнекепілмен қамтамасыз ету бойынша ажыратылады. Кіріс көзі бойынша бұл өнімдердің барлығы төмендегідей түрлерге бөлінеді (2‑кесте).

Кірісінің көзі «бизнес» пен «агро» болып табылатын клиенттерге жеңілдікті кезең берілуі мүмкін. Жеңілдікті кезең клиент үшін қолайлы жағдай туғызады, клиенттердің ақшалай қаражатының ағыны маусым бойынша бөлінетін жағдайда икемді кесте жасалады.

Несиелік тарихы жақсы, тұрақты бизнесі бар және KMF‑те қаржыландырылу үшін үнемі мұқтаждықта болатын тұрақты клиенттер үшін төмендегідей несие өнімдері бойынша қосымша мүмкіншіліктер қарастырылған:

•  Автоматтық несие – «экспресс несиенің» аналогы. Мұнда несие беру кезіндегі құжаттарды дайындау рәсімі өте жеңіл. Автоматтық несие үнемі тек бір мөлшердегі несие сомасын пайдаланатын клиенттерге арналған.Тұрақты клиент бизнес беталыстары негізінде қосымша талдаусыз несие алады. KMF‑тің 5,5 мыңнан астам клиенті (бұл жалпы клиент санының шамамен 12%‑ын құрайды) ұдайы негізде автоматтық

несиені пайдаланады.

•  Клиенттердің айналым капиталын толықтырудағы немесе маусымдық ауылшаруашылық шараларынжүргізудегі мұқтаждықтары мен қажеттіліктерінеқолдау көрсететін маусымдық несиелер. KMF‑тің ша‑мамен 2000 клиенті 2011 жылы «Маусым» өнімінің артықшылықтарын пайдаланды.

•  Несие желісі – ұзақ мерзім бойы кезеңділікпен пайдалануға және несие сомасын қаржылық мүмкіндіктеріне қарай өтеуге болатын қарыз қаражатының лимиті.Несие желісі клиент үшін маусымдық жұмыстарды, құрылыс жұмыстарын жүргізу кезеңінде, тауар ақысын бөлшектеп төлеу және т.б. кезде артықшылық беретіндігі күмәнсіз. Несие желісінің сипатына қарай қарыз алушы қаржыны не айқын кесте (жаңартылатын несие желісі), не еркін кесте (жаңартылмайтын несие желісі) бойынша алады. Бұл ретте клиенттер жаңартылатын және жаңартылмайтын несие желісін бизнесті қаржыландырудағы қажеттіліктеріне қарай пайдала‑

нады. 2011 жылы 160‑тан астам клиент несие желісінің мүмкіндіктерін пайдаланды.

KMF әлеуметтік бағдарланған компания ретінде өз қызметтерін клиентке барынша жақындату және республиканың түпкір аймақтарында

несиеге қол жеткізу  мүмкіндігін кеңейту арқылы әлеуетті нарықты қамту міндеттерін алдына қояды. Сондықтан аймақты дамыту стратегиялық даму мақсаттарының бірі болып табылады және компанияда аймақтардағы құрылымдық бөлімшелер үшін бизнес‑рәсімдерді құруға ерекше назар аударылады.

2011 жылы Қостанай мен Ақтөбе қалаларында  компанияның екі жаңа филиалы ашылып, географиялық ауқым ұлғая түсті. Бұл екі жаңа

аймақта қол жетімді  микрокредиттер ұсынылады және тұрғындарды

сапалы қызметтермен қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, 2011 жылы жұмыс

жасап тұрған филиалдарда бүкіл филиал желісі бойынша жаңа 19 құрылымдық бөлімше ашылды, олардың басым көпшілігі ауылдық

жерлерде және жұмыс жасап тұрған 21 аймақтық бөлімшеге көмек ретінде іске қосылды. Осылайша, республиканың 1200‑ден астам ауылдары мен кенттерінің тұрғындары жақын жердегі аудан орталығында KMF микрокредитін алу мүмкіндігіне ие болып отыр, ал несие жөніндегі

кеңесті олар туған ауылында алады.Жыл бойы компания барынша бәсекелестікке қабілетті сапалы қызметтер жасауды, сондай ақ қызмет көрсету жылдамдығын жақсарту арқылы клиенттермен ұзақ мерзімді

қарым‑қатынас құруды мақсат етті.

2.2. Шағын кредиттік ұйымдардың экономикалық көрсеткіштері

 

 «KazMicroFinance» микрокредиттік  ұйымы» ЖШС – аймақтық желісі кең, бөлімшелері ірі қалаларда ғана емес, сондай‑ақ ауылдық аймақтардаорналасқан Қазақстанның аса ірі микрокредиттік ұйымдарының бірі. 2011 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша компанияның желісі Алматы, Астана, Қарағанды, Көкшетау, Қызылорда, Павлодар,Семей,

Талдықорған, Тараз, Түркістан, Өскемен, Шымкент,Ақтөбе, Қостанай

қалаларындағы 14 филиалдан, сондай‑ақ 41 бөлімшеден және қосалқы офистен тұрады.

Компания тарихы 1997 жылдан басталады, Қазақстандағы микрокредит беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін Американдық

Халықаралық даму агенттігімен (USAID) бөлінген грант қаржысы есебінен

ACDI/VOCA корпорациясы «Қазақстандық  қауымдастықтарға несие беру  қоры» корпоративтік қоры коммерциялық  емес ұйымының (ҚҚНҚ), яғни кейінірек  «Қазақстандық несие беру қоры»  (ҚНҚ) ұйымының негізін қалады. Коммерциялық қызметті жүзеге асыру үшін 2006 жылдың аяғында ЖШС нысанында еншілес компания «KazMicroFinance» (KMF)микрокредиттік ұйымы құрылды, оның еншісіне 2007 жылдан бастап бас компанияның бүкіл микрокредиттік қызметі беріледі. Жарғылық капиталында 86,16% үлесі бар ҚКҚ‑мен қатар, 13,84% қатысу

үлесі бар компания қызметкерлері KMF компаниясының құрылтайшысы болып  табылады.

2008 жылы Қазақстандық  несие беру қоры» микрокредиттік ұйымы» корпоративтік қоры бас компаниясының (ҚНҚ) атауы «KMF‑Демеу» КҚ деп өзгертілді.

Қазақстанның 2011 жылғы  Экономикалық даму нәтижелері елдің  макроэкономикалық көрсеткіштерінің қарқынды ұлғайғандығын көрсетеді, ол ішкі және сыртқы нарықтардағы қолайлы  коньюнктурамен, мұнай өнімдері және астық өнімдері бағасының өсуімен, жеткілікті инвестициялық ресурстардың жинақталуымен, сондай‑ақ дағдарыс салдарын жоюмен сипатталады. Сыртқы сауда айналымының өсуіне Кеден одағындағы кедендік кедергілерді алып тастау жағдайы ықпал етті.

2011 жылы Қазақстан  дағдарыс алдындағы экономикалық өсу траекториясына қайта оралып, рейтинг бойынша ЖІӨ өсімінің ең жоғарғы қарқыны бар көшбасшылар үштігіне кірді, яғни 2011 жылы оның өсу қарқыны 7,5%‑ды құрады. Инфляция деңгейі 7,4%‑ға дейін, жұмыссыздық деңгейі – 5,4%‑ға дейін төмендеді, Fitch Ratings мәліметтері бойынша елдің егемендік рейтингісі жақсартылды.

2011 жылы әлеуметтік  салада оң нәтижелерге қол  жеткізілді. Үкімет тарапынан жұмыссыздықты  азайту, кәсіпкерлік бастаманы дамыту, халықтың өмір сүру және қаржылық  сауаттылығы деңгейін көтеру бойынша бірқатар шаралар қабылданды. Микрокредиттік қызметтерге қол жеткізу арқылы халықтың әлеуметтік жағдайы нашар тобының және банктік сектормен қамтылмаған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мүмкіндіктерін кеңейтуге айрықша көңіл бөлінді. Ол үшін несиелік серіктестіктерді және микрокредиттік ұйымдарды мемлекеттік қолдау механизмін әрі қарай жетілдіру; микроқаржы ұйымдарының кәсіби қызметтер менақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ететін қосымша қызметтер мен инфрақұрылымды дамытуға арналған ынталандыру шаралары қабылданды.

Қазақстанның әлеуметтік‑экономикалық даму саласындағы оң беталыстар KMF компаниясына 2011 жылы басталған географиялық ауқымды кеңейту саясатын 2012 жылы жалғастыруға мүмкіндік берді, яғни Ақтөбе мен Қостанай қалаларында 2 жаңа филиал, 19 бөлімше мен қосалқы офис ашылды. Осы орайда KMF компаниясының даму стратегиясының негізгі міндеттерінің бірі – бұл халқы қаржы ресурстарына тұрақты түрде қол жеткізуді шұғыл қажет ететін ауылдарға бет бұру және шалғай аудандарды қамту.

Бұл жылды компанияның дамуына арналған инвестициялар, материалдық‑техникалық базаны жаңарту, ішкі рәсімдерді жақсарту, тәуекел менеджментін күшейту, несиелік қызметкерлер штатын кеңейту және клиенттерге қызмет көрсету сапасын жоғарылату жылы ретінде атап

өтуге болады. [15]

Жаңа құрылымдық бөлімшелерді ашу, оларды техникалық жарақтандыру, несиелік қызметкерлер штатын қажетінше  ұлғайту, жаңа несиелік өнімдерді енгізу және қоданыстағы түрлерін жаңарту, әр алуан маркетингтік құралдарды пайдалана  отырып, қызметтерді жылжытудың жаңа әдістерін қолдану 2011 жылға белгіленген көрсеткіштерді орындауға және асыра орындауға мүмкіндік берді. Есеп беру жылы берілген несиелер саны бойынша KMF компаниясының бүкіл тарихындағы рекордтық жыл болды. Бір жыл ішінде 80 626 несие берілді, ол алдыңғы жыл көрсеткіштерінен 49%‑ға көп болды (54 207). Несие қоржыны шамасы 45%‑ға ұлғайды және қоржынның дағдарысқа дейінгі деңгейінен 22%‑ға, белсенді клиенттер саны 52%‑ға көп болды, осы тұста несие қоржынының тәуекелі төмендеп, оның сапасы едәуір жақсарды. 2011 жылы қабылданған барлық шаралар KMF компаниясының есеп беру жылындағы ғана емес, сондай‑ақ ұзақ мерзімді болашақтағы экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға бағытталды. Есеп беру кезеңінде стратегияны жүзеге асыру үшін қосымша инвестицияларды, операциялық шығындарды ұлғайту талап етілді, ол 2010 жылмен салыстырғанда кейбір көрсеткіштердің төмендеуіне алып келді. Дегенмен, 2012 жылы KMF компаниясының таза пайдасы абсолюттік өрнектеуде 461 817 мың теңгені құрады, ол табыстар мен шығындар арасындағы оңтайлы арақатынастың сақталғандығын көрсетеді (1‑кесте).

1-кесте. 2011–2012 жж. KMF компаниясының негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер                                                                   2011                           2012

Таза пайда (мың теңге)                                                552 418                          461 817

Активтердің орташа пайдалылығы (RОА)                  8,4%                          5,9%

Капиталдың  орташа пайдалылығы (ROE)                  27,4%                         18,5%

Операциялық өзін‑өзі өтеушілік

(Табыстар/ Корпоративтік  табыс салығынан өзге шығындар)

135,5%                        124,4%

Қаржылық өзін‑өзі өтеушілік (Инфляцияға қатысты түзетілген операциялық өзін‑өзі өтеушілік)                                                                     127,1%                      117,61%

НҚ табыстылығы (Қаржылық табыстар/Орташа несие қоржыны)

44,7%            45,5%

Тәуекел құны (Резервтік шығындар/Орташа несие  қоржыны)   ‑0,7% ‑0,5%

Левередж (Капиталға қатысты міндеттемелер)             199,4%              245,8%


 

KMF компаниясының пайыздық  табыстары несиелік қызметтен  түскен табыстарға және банктегі  шоттар мен депозиттер бойынша  табыстарға бөлінеді. Несиелік қызметтен  түскен табыстарға клиенттерге  берілген несиелер бойынша табыстар, атап айтқанда, комиссиялық төлемдер бойынша табыстар және сыйақылар бойынша табыстар жатады. Банктегі

шоттар мен депозиттер бойынша табыстар – бұл банктердегі депозиттік шоттарда уақытша еркін ақша қаражатын орналастырудан алынған табыстар (2‑кесте).

 

2-кесте. 2011–2012 жж. KMF компаниясының пайыздық табыстары, мың теңге

Табыстар бабы                                                      2010              2011                     Өзгерісі

Клиенттерге берілген несиелер бойынша       2 203 775       2 879 751                29,1%

Банктегі шоттар мен  депозиттер бойынша     22 686          24 199                       6,7%

Жиынтық табыс                                                 2 226 461        2 903 950               30,4%


 

Шығындар

2011 жыл стратегияны  жүзеге асыруды, соның ішінде  географиялық кеңейтуді, қосымша  салымдар мен инвестицияларды,  сондай‑ақ операциялық шығындардың ұлғайтылуын талап етті.Операциялық шығындар қызметкерлерге арналған шығындардан және жалпы әкімшілік шығындардан тұрады.(3 қосымшаны қара)

 

 

 

 

 

KMF компаниясының төменде келтірілген есеп беру кезеңіндегі балансын талдау активтер мен қаржыландыру көздерінің жекелеген топтары мен баптарының үлес салмағынжәне динамикасын бағалауға мүмкіндік береді (4 қосымшаны қара). Есеп беру кезеңіндегі баланстың өзгеруіндегі оң тенденцияларды сипаттайтын талаптарға жататындар:

1. Кезеңнің бастапқы  сәтімен салыстырғанда есеп беру  кезеңіндегі баланс валютасы 40%‑ға өсіп, 9 135 857 мың теңгені құрады. Баланс валютасының өсу қарқыны инфляцияның өсу қарқынынан асып түсті (7,5%). Баланс валютасының өзгерісі KMF компаниясы несие қоржынының өсуімен байланысқан.

2. Баланс валютасында тікелей табыс әкелетін активтерүлесі 90%‑ды құрады және алдыңғы жылға қатысты 1%‑ға өсті.

3. Алынған несиелер бойынша міндеттемелер мөлшері, үлесі және өсу қарқындары және клиенттердің қолдарындағы несиелер мөлшері шамамен бірдей. Бұл мынаны түсіндіреді, яғни алынған несиелердің мақсатты пайдаланылуы – бұл несие қоржынын қаржыландыру және компанияның өтімділігін қолдау.

4. Меншікті капиталдың  баланс валютасындағы үлесі 29%‑ды құрайды.

5. Баланста жабылмаған  шығындар бар.

6. Өтімділіктің барлық  индикаторлары белгіленген ішкі 

нормалар шегінде тұр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Шағын кредиттік  ұйымдардың экономикалық қатынастары және негізгі тәсілдері

 

Қазақстан Республикасында шағын  қаржыландыру 90 жылдарда пайда болды. 20-шы ғасырда Микрокредиттеу бағдарламалары түрінде көрініс тапты. Бұл бағдарламалар  қорлар, микрокредиттік ұйымдар, кредиттік  ұйымдар арқылы беріледі.  Әдетте, аталған ұйымдар коммерциялық емес болып табылады.

ҚР-да микрокредиттік бағдарламалардың негізгі белгілері:

  • кредит мөлшері – салыстырмалы түрде кішігірім;
  • мақсатты пайдаланушылар – аз деңгейлі кірісі бар үй шаруашылығы және шағын кәсіпкерлік субъектілері;
  • кредит берілетін мерзім - негізінен, қысқамерзімді;
  • кредитті пайдалану – кіріс алу және бизнесті дамыту, сонымен қатар білім алу, медициналық қызметтер және т.б. алу мақсатында;
  • кредиттің шарттары – көбінесе қандай да бір одақтастықтың жергілікті жағдайларына сай келетін кредиттер берудегі икемді шарттар.

Информация о работе Шағын кредиттік ұйымдар