Шағын кредиттік ұйымдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 12:34, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері жүргізілген реформалар бүгінгі күні нәтижелерін бере бастады. Республиканың қаржы секторы дамып, халықтың тұрмыс деңгейі мен экономикалық көрсеткіштер жоғарылап, экономиканың нақты секторының дамуына жағдайлар жасады.
Қазақстанның нақты секторына кіретін екінші деңгейлі банктердің, кредиттік серіктестіктердің, микрокредиттік ұйымдардың, басқа да қаржы институттарының заңдылық негіздері қалыптасты, олардың қызметтерін реттеу нормалары енгізілді, қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасы қабылданды. Осы көрсетілген шаралар респубилканың қаржы секторы дамуының жаңа сатыға көтерілуіне жағдай жасады.

Содержание работы

Кіріспе ..................................................................................................................3
І бөлім Экономикадағы шағын кредиттік ұйымдар және оның негіздері
1.1. Шағын кредиттік ұйымдар және олардың атқаратын қызметі................5
1.2. Шағын кредиттік ұйымдардың негізгі тиімділіктері..............................9
1.3. Шағын кредиттік ұйымдардың қатынастары..........................................11
ІІ бөлім Экономикадағы шағын кредиттік ұйымдардың қызметін талдау
2.1. Шағын кредиттік ұйымдардың қызмет негіздері....................................14
2.2. Шағын кредиттік ұйымдардың экономикалық көрсеткіштері...............16
2.3. Шағын кредиттік ұйымдардың экономикалық қатынастары және негізгі тәсілдері..................................................................................................20
ІІІ бөлім Қазақстан Республикасындағы шағын кредиттік ұйымдардың дамыту мен мемлекеттік қолдау
3.1.Шағын кредиттік ұйымдарды дамытудың перспективалары................23
Қорытынды........................................................................................................26
Қолданылған әдебиеттер..................................................................................28
Қосымша

Файлы: 1 файл

Kursovaya.doc

— 3.10 Мб (Скачать файл)

Микроқаржыландыру ваккумда өмір сүрмейді. Қаржылық қызметтерін  алу мүмкіншілігін жақсартатын  құрал болып табылады, бірақ та айта кету қажет, барлығына несие қажет емес. Бірінші тәжірибеден алған сабақтар микроқаржыландыру ұйымдарының, оның саясатының негізін қалады. Бүгінде микроқаржыландыру ұйымдарына әртүрлі өзекті мәселелер бойынша қол жеткен жетістіктермен танысуға мүмкіншілігі бар. Бірақ бәрі бір тәжірибелік құралдар толығымен қабылданбайды және қолданылмайды. Жоғары тиімділікке қол жеткізу үшін микроқаржыландыруға интеграцияланған, мақсатты бағыттағы стратегия мен тек қана қарызгерлер мен қарыз берушілердің ғана емес, барлық қатысушылардың қызығушылықтары қажет.

Атап айтқанда, үш деңгейдің арасындағы үйлестіруді іске асырған жөн: микродеңгейде бұл  деңгейде мемлекет заңдылық шеңбердің шегін анықтайды, орталық деңгей-бұл деңгей барлық инфрақұрылымды қамтиды, бұл микроқаржыландыру ұйымдарының өз қызметтерін ұлғайтуға жағдай жасайтын қызметтер, микродеңгей немесе қаржылық қызметтерді бөлумен айналысатын деңгей кедей халық осы модельдің ортасында орналасқан. Табысы аз азаматтар бенефициар да, клиенттер де бола алады, сондықтан олардың қажеттіліктерін анықтау барлық қатысушылардың қызметінде басым бағыт болуы қажет.[4]

Донорлардың бұл модельге қатысу себебі, микроқаржыландырудағы  олардың атқаратын ролін көрсету, бірақ олар бөлініп көрсетілді, өйткені  олар тек қолдаушыларға ғана жатады. Донорлар микроқаржыландыру ұйымдарының мақсатқа жетуіне септігін тигізетін инвесторлар болуы қажет.

 

 

1.2. Шағын кредиттік  ұйымдардың негізгі тиімділіктері

 

Кредиттік қызметтер нарығында  микрокредиттік ұйымдардың пайда болуы  банктердің қызметтерімен салыстырғанда бірқатар басымдылықтарға ие, атап айтқанда:

  • жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді тіркеу үшін көзделген қарапайым процедураларды сақтай отырып, еліміздің барлық дерлік аймақтарында, соның ішінде ауылдық жерлерде микрокредиттік ұйымдарды құру мүмкіндігі;
  • бұл ұйымдар Ұлттық банк тарапынан лицензиялау мен қадағалауға жатпайды, себебі олардың қызметі банктік қызметтің шегінен тысқары жатыр;
  • берілетін микрокредиттер бойынша кепілдікті қамтамасыз ету мәселесі тараптардың өзара шешімі арқылы оңай анықталады. Банктер бойынша бұл мәселе аясында қадағалау органы тарапынан көптеген талаптар бар екендігі белгілі;
  • микрокредиттер беруді рәсімдеу процедурасы жеңілдетілген, бұл жағдай микрокредиттік ұйымдардың өзінің клиенттеріне жедел қызмет көрсетуін және әкімшілік шығыстарын қысқартуын қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.

Сарапшылардың ойынша, шағын  және орта бизнесі жақсы дамыған  әлемнің көптеген елдерінде осы  дамуға микрокредиттік ұйымдардың белсенді қызмет етуі сүйеніш болды деп  есептейді.

Қазақстан Республикасында микрокредиттік ұйымдар құрылуының мақсатына орай екі түрлі нысанда тіркелуі мүмкін. Айталық, микрокредиттік ұйым пайда алу мақсатында құрылса- коммерциялық ұйым болғаны. Ал шағын кәсіпкерлік субьектілерге көмек көрсету және олардың дамуын ынталандыру мақсатында құрылатын микрокредиттік ұйым коммерциялық емес болып табылады.[6]

Коммерциялық микрокредиттік ұйымдарға толық серіктестік, сенім  серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік нысанында құрылуы мүмкін шаруашылық серіктестіктер жатады. Аталған серіктестіктер арасындағы негізгі айырмашылықтар қатысушылар статусына және олардың серіктестіктің қарыздары бойынша жауапкершіліктерінің сипатына байланысты. (қосымша 1)

Микрокредиттік ұйымдардың жарғылық капиталының минималды мөлшері Заңмен анықталып, 1000 айлық есептік көрсеткішке тең (2008 жылға АЕК= 1168 теңге) болғандығына байланысты серіктестіктердің жарғылық капиталдарының минималды мөлшеріндегі айырмашылықтар қарастырылмады. [2]

Микроқаржыландыру ұйымдары өз қызметтерінен тұтынушыларына арналған максималды пайда тапқысы келеді және өз шығындарын, тәуекелдерін төмендету мақсатын алға қояды. Тұтынушылардың сұраныстарына жауап беру үшін микроқаржыландыру қызметі несиелеу мерзімдері, несе көлемі, пайыздық ставка, тұтынушының қажеттіліктерін толықтай қамтамасыз етуі қажет. Барлық размер бәріне келеді  деген әдістеме болмағандықтан микроқаржыландыру ұйымдары қаржылық қызметке сұранысты бағалау үшін формалдық емес сектордың ерекшеліктерімен танысу қажет. Тұтынушының  сұраныстарын толық қанағаттандыру және төмен оперативтік шығындар микроқаржылық қызметтің тиімділігін бағалаудағы ең жақсы критерий болып табылады.

Микроқаржылық қызметтің  негізгі тұтынушылары, кәсіпкерлік  потенциалы бар (оның ішінде жұмыссыздар да бар), бірақ банк қызметін пайдалануға мүмкіндігі жоқ тұлғалар. Көптеген кәсіпкерлер бизнесті құру үшін негізгі кедергі қажетті қаржылық ресурстардың болмауы деп біледі. Микроқаржылық қызмет тек қалаларға ғана көрсетілгенімен, саудагерлер мен ауыл шаруашылық өндірушілер де одан аз пайда көруде. Біршама табысты микроқаржылық ұйымдардың жұмыс тәжірибесі, әйелдердің ең жақсы потенциалды клиенттердің бірі болып табылатындығын көрсетеді. Бұдан әрі осы тарауда сөз болатын микроқаржыландырудың гендерлік аспектісі, өзекті мәселенің бірі.

Аз қамтылған, тұрмысы  төмен халық топтарына жоғары сапалы қызмет көрсету үшін микроқаржылық  ұйымдар жұмыс барысында инстуционалды  мүмкіндіктер мен мамандар біліктігілін арттыруға баса назар аударуы  тиіс. Жоғарыда аталған шаралардан бөлек, нарықты жан-жақты бағалап, микроқаржылық ұйымның негізгі міндеттерін нақты түрде  анықтау қажет. Мұндай сараптауды елдегі экономикалық және саяси жағдайға баға беруден, мемлекеттің әлеуметтік саясатын талдаудан айтқанда, микроқаржыландыру туралы заң мен саясаты, сонымен қатар елдің экономикалық даму деңгейін анықтаудан бастау керек. Жаңа кәсіпорындарды ашу үшін, бірқатар негізгі талаптарды орындау негізгі шарт болып табылады: экономикалық тұрақтылық деңгейі рыноктың болуы экономикалық тұрақсыздықты бақылау деңгейі және микроқаржыландыру қызметі үшін ең маңыздысы дамуға қажетті потенциал. Ең соңында, талдау барысында қаржылық қызмет көрсететін ұйымдарды және оның клиенттерінің кедейшілік деңгейі мен тереңдігі, халықтың шоғырлану деңгейі, білім деңгейі және мәдени негіздері секілді сипатын анықтау керек. Клиенттердің мақсатын анықтау кезінде, тағы да әйелдердің потенциалды роліне және қала мен ауылдағы тұрмыстары төмен халықтың арасындағы айырмашылыққа назар аудару қажет.

 

1.3. Шағын кредиттік  ұйымдардың қатынастары

 

Микроқаржыландыру қызметінің негізгі түрі бола отырып, микронесиелеу, жұмыс істеп тұрғандармен қатар, жаңа кәсіпорындарды да қаржыландыруға бағытталған. Микронесиелік қызмет, өз бизнесін дамыту үшін дәстүрлі банктік несие алуға мүмкіндіктері жоқ, шағын кәсіпорындардың иелерінің қарыз қаражаттарына қолжеткізуне бағытталған. Бұған қоса, микронесие өз ісін ашқысы келетін, бірақ банк несиесін алуға мүмкіндігі жоқ, экономикалық жағынан тығырыққа тірелген кәспкрелерге беріле алады. Осылайша, микронесиелеу, тұрмысы төмен тұлғалардың бұдан кейін пайда табу мақсатында бизнесін құруы немесе дамытуы үшін беріледі.[11]

Микронесиелердің негізгі  сипаттарында бірнаша айырмашылықтар бар. Микронесиенің мөлшеріне қатысты  жалпыға ортақ стандарттың жоқтығына қарамастан, микроқаржылық ұйымдар тәжірибесі көрсеткеніндей, аз мөлшердегі қаражаттың өзі аз қамтылған адамдарға үлкен көмек болады. несие көлемі біршама дамыған елдерде 5-тен 500 АҚШ доллары, ал орташа табысты елдерде 10 мың АҚШ доллары, ал орташа табысты елдерде 10 мың АҚШ долларына дейін жетуі мүмкін. Микробанк қызметі бюллетенінде келтірілген есептеу бойынша, несиенің орташа көлемі 532 АҚШ долларын құрайды. Сөйте тұра апта сайын немесе тіпті күн сайын өтеу мүмкіндіктері қарастырылады. Коммерциялық банктер секілді, көптеген микроқаржылық ұйымдар жауапты несиеалушыларға түрлі, біршама тиімді тәртіп ұсынады. Мысалы, өтеу мерзімдерін ұзартады немесе несиеге қомақты қаржы береді. Микронесиелеу шығындарын жабу үшін, осылайша микронесие қызметінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, пайыздық үстеме, әдетте коммерциялық несиелер бойынша жоғары пайыздық үстеме, бірақ солай бола тұра, өсім алушыларға төменгі талап қойылады.

Соңғы 20 жылда микронесиелеудің тұрақталған әдістемесінің тез  дамуы байқалуда. Бұл микронесиелеу ұйымдарына инновациялық және мейлінше жетілдірілген жаңа қызмет түрлерін ойлап табуға практикалық құралдар ұсынуда. Мұндай әдістемелердің ішінде біршама белгілі және тиімдісі топтық несиелеу. Бұл несие беру нысанында 3-10 адам ынтымақтастық топқа бірігеді. Топтың әрбір мүшесі  өзінің несиелік міндетін орындайды, сонымен қатар топтың өзге мүшелері үшін, заңдық кепілдіктен, болашақта несие алу мүмкіндіктерін жоғалтуға дейін түрленіп отыратын қандай да бір жауапкершілікті бөліседі. Қарызгер топқа деген сенім, топтық несиелеудің шешуші факторы болып табылады және әдеттегі банкті кепілдікпен қамтамасыз ету процесінің орнын алмастырады, сондай-ақ топ мүшелерінің одан да ірі, жеке несие алуға өтініштерін қабылдамас үшін микроқаржылық ұйымдарға ол адамдардың қаншалықты сенімді екендіктерін тексеруге мүмкіндік туындайды.

Төмендегі талаптар орындалған жағдайда, тұрмысы төмен тұрғындарға  несиелік қызмет көрсету біршама  тиімді әрі жеңіл болады.

Несиелік қаражатты  пайдалану неғұрлым икемді болуы  тиіс. Тұрмыс жағдайы төмен азаматтар несиелік қаражатты түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін, мысалы, жеке ісін ашу үшін, балаларының оқу ақысын төлеу, жалдау ақысын өтеу үшін алады. Нәтижесінде, қаражатты жұмсау икемділігі, осындай тұтынушылар үшін қойылатын ең маңызды талап болады. Ақшаның мақсатты түрде жұмсалуына минималды бақылау қажет, сонымен қатар несие алушы мен оның несиені өтеу мүмкіндіктерін жақсы білуі де қажет. Бұл кезеңде адам коммерциялық жобадан да маңызды болады. несиенің белгілі бір талаптарымен шектеулі, несие беруші және алушы тарапынан да қосымша шығынды қажет етеді. Ал қажетсіз талаптар көрсетілетін қызметті шектейтін кедергі ретінде қарастырылады.

Несиенің операциялық  шығындары мүмкіндігінше төмен  болуы қажет. Кедей тұрғындарға  экономикалық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану үшін, қарапайым процедуралар мен ақшалай қаражатқа тез арада қол жеткізу маңыздырақ.  Қажетсіз шектеулер, әкімшілік талаптар және несиені рәсімдеу процедурасының ұзақтығы операциялық шығындарды ұлғайтады. Операциялық шығын мәселесі тұрмысы төмен адамдардың қажеттіліктерін түсінуде және олардың микронесиелеуден көретін пайдасын қамтамасыз етуде аса маңызды болып табылады. Сондықтан да, микроқаржылық ұйымдар үшінде, тұтынушылар үшін де ауыртпалық әкелетін операциялық шығындарды барынша төмендету қажет. Несие беру қызметінің негізгі сипаты несиеге тез қол жеткізу мен қиындықсыз әкімшілік талаптың болуы.

Топтық кепілді сияқты кепілмен қамтамасыз ету, несиені өтеуді қамтамасыз етудің балама талабы ретінде  қабылдануы тиіс. Тұрмысы төмен халықта, әдетте банк саласынад кепілдікпен қамтамасыз етудің стандарттық тәжірибесі аясында талап етілетін меншік болмайды. Микроқаржылық ұйымдар, кепіл алу үшін қолданылатын балама әдістерге жүгінуі тиіс. Жоғарыда келтірілген топтық несие беру мысалы, несиенің өтелмей қалуын болдырмайтын және өз уақытындағы төлемді қамтамасыз ету үшін қолданылуы мүмкін, кепілмен қамтамасыз етудің түрлі балама жолдарының бірі болып табылады:

  • қауымдастықтағы қарым-қатынас;
  • әлеуметтік санкциялар;
  • топтық немесе бірлескен жауапкершілік;
  • репутация;
  • рәсімделген немесе жеке меншік;
  • микроқаржыландыру қызметін алудағы мүмкіншілік қызығушылық;

Несие тұтынушының қажеттіліктеріне сәйкес келуі тиіс. Микроқаржылық  ұйымдар, экономикалық орта мен жергілікті сұранысқа сәйкес келетін орта қызмет етуі тиіс.

Несие тек тұрақты  және өмір сүру мүмкіндігі бар ұйымдарға  берілуі тиіс. Тек тұрақты және жұмыс істеу мүмкіндігі бар ұйымдар  ғана микроқаржылық қызмет көрсету  келешегіне кепіл бола алады. Тұрақтылыққа жету мақсатында микроқаржылық ұйымдар, тек донор компаниялардың ғана көмегіне тәуелді болмауы тиіс, олар өз тұтынушыларына нарықтық бағаларды қолдануы тиіс. Бұл микроқаржылық ұйымдарға бәсекелестік жағдайында қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Табысты микронесиелер  мына нәрселердің көмегімен қарызгерлердің экономикалық қауіпсіздіктерін жақсартуға мүмкіндік береді:

-қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік перспективада несие алушының қарызгердің өтімділігін көтеру;

-несие алушының қарызгердің экономикалық қуатын көтеру;

 

 

 

 

 

 

 

ІІ бөлім  Экономикадағы шағын кредиттік ұйымдардың қызметін талдау

 

2.1 Шағын кредиттік  ұйымдардың қызмет негіздері 

Микрокредит беру Қазақстан үшін қаржылық қызметтердің жаңа түрі болып табылады.Микроқаржылық институттар бүгінде санаулы ғана болса да, несие ресурстарына деген жоғары сұраныс сақталуда, бұған көп жағдайда нақты сегменттің қамтылуы, микрокредиттерге қол жеткізудің және оларды беру рәсімдерінің жеңіл болуы себеп болып отыр.

KMF «KazMicroFinance» микрокредиттік ұйымы үшін 2011 жыл клиенттік базаның қарқынды өсуі‑мен ерекшеленді, яғни бір жыл ішінде клиенттер саны 16 000‑нан асып, 52‑ден аса пайызға ұлғайды, бұл ретте компания несиелерінің көп бөлігі бизнесті дамытуға жұмсалып отыр.Компания берген несиенің арқасында 2011 жылы Қазақстанның 46 000‑нан астам тұрғыны өз бизнесін нығайтуға және кеңейтуге, өзінің тұрмыс жағдайын жақсартуға, балаларына білім беруге, денсаулығын жақсартуға мүмкіндік алды деп сенімді түрде айтуға болады.[17]

Компанияның несиелік қоржының 2011 жылдың аяғында 7,5 млрд теңгені құрап, 2,4 млрд теңгеге немесе 47%‑ға ұлғайғаны клиенттік базаның оң қарқынмен өсіп отырғандығының көрсеткіші болып табылады.

80 500‑ден астам микрокредит кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға, тұтынушылық мақсаттарға және ауыл шаруашылығын дамытуға берілді,бұл Қазақстанның барлық микрокредиттік ұйымдары жекетұлғаларға берген несиенің 16%‑дан астамын құрайды.

Информация о работе Шағын кредиттік ұйымдар