Валюталық бағам

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2015 в 23:47, реферат

Описание работы

Валюта — бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері және төлем құралы. Ол шетел мемлекетінің тиісті заңды төлем банкноты, тиыны, қазыналық билеті түрінде болады. Ол елдегі бүкіл ақша-несие жүйесіне басшылық жасайды, ол ақша эмиссиясының, сақтаулы тұрған уақытша бос қаражатының және коммерциялық банктердің міндетті резервтерінің монополиялық құқына ие.

Файлы: 1 файл

валюта сонгы нуска.docx

— 63.76 Кб (Скачать файл)

        І Валюталық бағам

       І.І Валюталық бағам түсінігі, түрлері

 

       Валюта — бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері және төлем құралы. Ол шетел мемлекетінің тиісті заңды төлем банкноты, тиыны, қазыналық билеті түрінде болады. Ол елдегі бүкіл ақша-несие жүйесіне басшылық жасайды, ол ақша эмиссиясының, сақтаулы тұрған уақытша бос қаражатының және коммерциялық банктердің міндетті резервтерінің монополиялық құқына ие.      

  Валюта бағамы екі ақша бірлігі айырбасының арақатынасын білдіреді немесе бір ақша бірлігінің басқа мемлекеттің ақша бірлігінде көрінетін бағасы болып табылады. Әр түрлі валюталарды жіктеудің негізгі сипаттамасы мынадай болады (1-кесте).    

 

                                     Кесте 1 – Валютаның жіктелінуі

Негізгі сипаттамалары

Валюта түрлері

Валюта  мәртебесі

    - ұлттық    

- шетелдік    

- резервтік

Заттай  формасы

- қолма-қол ақша    

- қолма-қол ақшасыз

Өзара қайтымдылық режимі

 

 

- еркін айырбасталатын    

- ішінара айырбасталатын    

- айырбасталмайтын (жабық)    

Валюта  бағамының режимі

- оның валюталық бірдейлігі арқылы белгіленген (тіркелген) бағам    

- өзгермелі бағам    

- тұрақты немесе тұрақсыз валюта


 

Кез келген мемлекетте «валюта» ұғымы белгілі бір мәнде қолданылады және мәртебесі бойынша былайша жіктелінеді:

  • Ұлттық валюта — мемлекеттің ақша бірлігі;
  • Шетелдік валюта — шетелдік мемлекеттің ақша бірлігі;
  • Резервтік — халықаралық төлем резервінің қаражаты мәртебесіне ие қандай да бір мемлекеттің ұлттық валютасы.

 

     Төлем құралы ретінде ұлттық валютаның  қабілеті мынада: ол басқа валюта түрімен тез арада және ең аз шамадағы шығынмен айырбасталады, яғни оның қабілеті өзара қайтарымдылығында және айырбасталатындығында. Осы өлшем бойынша барлық валютаның жіктелінуін үш топқа бөлуге болады:

  • Еркін айырбасталатын;
  • Ішінара айырбасталатын;
  • Айырбасталмайтын (жабық).

 

      Резиденттердің  де, резидент еместердің де кез келген операция түрі бойынша валюталық мәміледе белгіленген заң шеңберіндегі еркін валюта айырбасы еркін айырбасталатын валютаны белгілеу барысында жүзеге асырылады. Ішінара айырбасталатынға валюта мәмілесі бойынша мөлшер жағынан шектеу қойылған елдің валютасын жатқызуға болады.  

     Валюта  бағамының режимі бойынша валюта былайша жіктелінеді:

  • оның валюталық бірдейлігі арқылы тіркелген (біріктірілген) бағам;
  • өзгермелі бағам;
  • тұрақты немесе жұмсақ валюта.

 

      Тіркелген валюта бағамын анықтаудың классикалық нұсқасы «тіркеу» сөзінің мәнінен алынып отыр, яғни әр түрлі ұлттық валюталардың ресми белгіленген арақатынасын бейнелейді. Өзгермелі бағам болса, ол валюта биржаларындағы сауда – саттық барысында қалыптасады, әрі қандай да бір валютаның сұранысы мен ұсынысын бейнелейді. Әлемдік іс –тәжірибенің талдауы мынадай тұжырым жасауға мүмкіндік береді: бірде – бір ел осы келтірілген валюта жүйесіндегі элементтердің тек біреуін ұстанып, сонымен ғана шектеліп қалған емес, өйткені валюта саясатында осылардың барлық элементі бар. [1,85б]

       Валюта - бұл тауар және әрбір  тауардың бағасы болады. Валюта  тауарының бағасы - валюта бағамы .

       Валюталық бағам — бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.

       Валюталық бағамның қажеттігі:

  1. тауарлар мен қызметтермен сауда-саттықта, капиталдар мен несиелер қозғалысы барысында өзара валюталарды айырбастайды. Импортер ұлттық валютасын шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына ауыстырады.
  2. дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды, сол сияқты әр елдің құндык көрсеткіштерін салыстыруға;
  3. фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы шоттарын үздіксіз қайта бағалап отыруға.

 

     Валюталық бағамның құндық негiзi валютаның сатып  алу қабiлетi болып табылады.  Бұл  экономикалық категория тауар өндiрiсiмен  және тауар өндiрушiлерiмен дүниежүзiлiк нарықтағы өндiрiстiк қатынастарды бiлдiредi. Құн тауар өндiрiсiнiң экономикалық шарттарының жалпылама мазмұны болғандықтан, әртүрлi елдердiң ұлттық ақша бiрлiктiң салыстыруы өндiрiс және айырбас процесi қосылуынан тұратын құндық қатынасқа енгiзiлген. Тауарларды және қызметтердi өндiрушiлер мен сатып алушылар валюталық бағам көмегiмен ұлттық бағаларды басқа елдердiң бағаларымен салыстыру нәтижесiнде белгiлi бiр елде қандай да бiр өндiрiстi дамытудың немесе күрделi қаржы жұмсаудың тиiмдiлiк дәрежесiн анықтайды. 

 Кез  келген баға сияқты валюталық бағам  да құнның негiзiнен валютаның сұранысы мен  ұсынысына байланысты ауытқып  отырады.    

     Валюталық бағам көмегiмен тауарлар және қызметтердiң  өндiрушi және сатып алушылары басқа елдердiң бағалары бар ұлттық бағаларын салыстырады. Құн заңының әсерінен валюта бағамы қалай болса да бұрмаланады, оның әсерiне ақырында бағынады, әлемдiк экономиканың өзара байланысын бiлдiретін ұлттық және шетел валюталардың нақты бағамдық байланысы айқындалады.    

  Еңбектiң  ұлттық өнiмi әлемдiк нарықта тауарлардың  сатуының жанында құнның интернационалдық шарасының негiзiнде қоғамдық мойындау алады. Валюта бағамы нақ сол шеңберiнде дүниежүзілiк шаруашылық тауарларының абсолюттi ауысатын дәрежесiн түсiредi. Валюталық бағамның құн негiзi әлемдiк бағалардың негiзіне жататын халықаралық өндiрiстiң бағасы мен әлемдiк нарықта тауарлардың негiзгi жабдықтаушысы болатын елдің ұлттық өндiрiсінің бағаларына негiзделген, шартталған. [2]

       Валюта бағамын белгілеу – валюта бағамын айқындау. Валюта бағамын белгілеудің тарихи тұрғыда екі әдісі қалыптасқан, олар тікелей белгілеу, мұнда шет ел валютасы өлшемінің бағамы ұлттық валютаның белгілі бір сомасымен көрсетіледі (мыс., 1 АҚШ доллары = 6,8 француз франкі); жанама түрде белгілеу, мұнда валюта өлшемі ретінде валютаның белгілі бір сомасына теңестірілетін ұлттық валюта қабылданады (мыс.,1 стерлинг фунт = 1,55 АҚШ долл.). Кең таралғаны валюта бағамын тікелей белгілеу әдісі. Валюта бағамын ресми түрде орталық банк белгілейді, бейресми түрде банкілер белгілейді. Валюта биржалары сақталған елдерде валюта бағамын белгілеу күннің белгілі бір уақытында тіркеледі. Алайда биржалық белгіленім негізінен анықтамалық сипатта болады. Валюта нарығының көбінде бағам белгілеу кезінде фиксинг – валютаның банк аралық бағамын әрбір валюта бойынша сұраным мен ұсынымды салыстыру жолымен айқындау рәсімі қолданылады. Сонан соң сатушының бағамы (жоғары) мен сатып алушының бағамы (төмен) белгіленеді. Банкілер сатылатын шетел валютасын сатып алынатын валютадан гөрі қымбатқа бағалайды. Валюта бағамын белгілеу шетел валютасымен төленетін төлем құралының түріне, клиентке чекті, аударма векселін (траттаны) сату күнімен салыстырғанда нақты төлем төлеу мерзіміне қарай сараланады. Мерзімді мәміле бойынша белгіленімнің қолма-қол мәміле бойынша белгіленімнен өзгешелігі бар. Олардың арасындағы айырма форвард бағамы төмен болғанда спотбағамынан шегерім арқылы (таңбалануы: дисконт – dіs немесе депорт – D) немесе ол жоғары болса, сыйлықақы арқылы (таңбалануы: pm немесе репорт – R) айқындалады. Сыйлықақы валютаның мерзімді мәміле бойынша белгіленген бағамы қолма-қол мәміле бойынша белгіленген бағамынан жоғары болады дегенді білдіреді. Дисконт форвардтық операция бойынша бағам қолма-қол мәміле бойынша белгіленген бағамнан төмен екенін көрсетеді. Валютаның мерзімді мәміле бойынша сандық тұлғада белгіленетін бағамы (сыйлықақы мен дисконт әдісімен емес) аутрайт (out-rіght) деп аталады.  [3]

       Валюталық бағам – басқа елдiң ақша бiрлiгiне қатысты сол елдiң ақша бiрлiгiнiң қатысты сол елдiң ақша бiрлiгiнiң бағасы.    

  Бағамның  қалыптасуына  ықпал  ететiн  үш  факторлар  тобын  бөлiп  қарастыруға  болады:

- Саяси  тұрақтылық  валюталық заңдылықтардың  ырықтандырылуы, валюталық саясат  және  т.б.;

- Экономикалық халықаралық тәжиiрбиеде анықталатын  экономикалық  тiк  бұрыштың  шыңы  сияқты:  экономикалық  өсу, валюта  тұрақтылығы және  инфляцияның  төменгi  қарқыны, жұмыссыздықтың  төменгi  деңгейi, дүниежүзлiк  нарықтағы  тепе – теңдiк;

- Психологиялық жаппай  сұраныс, негiзгi  капиталды  тәуекелден  қорғануға  ұмтылыс  және  т.б.    

 Валюталық  бағамның  дамуы  жай  тауар  өндiрiсiнен  қазiргi  дүниежүзiлiк  шаруашылыққа  қозғалыстың  тарихи  процесiн  көрсетедi.   

      Монометализм  тұсында  –  алтын  немесе  күмiс  валютылық  бағамның  базасы  монеталық  паритет болып  табылды, яғни  ол  әр  түрлi  елдердiң  ақша  бiрлiктерiннiң  олардың металдық  құрамына  байланысты арақатынасын  сипаттайды. Ол  валюталық  паритет  ұғымымен  сәйкес келедi.    

  

                 Кесте 2 – Валюта бағамының классификациясы.

Критерийлер    

Валюталық бағам

  1. Бекiту тәсiлi

Қалқымалы     

Бекiтiлген

Аралас

  1. Есеп  айырысу тәсiлi

Тең құқықтық (паритетный)

  1. Келiсiмдер түрi

Жедел келiсiмдiк    

Спот-келiсiмдiк    

Своп-келiсiмдiк

  1. Белгiлеу(нұсқау) тәсiлi

Ресми     

Бейресми

  1. Валютаның сатып алу қабiлетiнiң паритетке қанынасы

Жоғарылатылған     

Төмендетiлген    

Паритеттi

  1. Келiсiм қатысушыларына қатынасы

Сатып алу бағамы    

Сату  бағамы    

Орта  бағам

  1. Инфляцияны ескеру, есептеу бойынша

Нақты    

Номиналды

  1. Сату әдiсi бойынша

Қолма-қол  сату бағамы    

Қолма-қол  емес сату бағамы    

Валюта айырбастаудың көтерме                    бағамы    

Банкноттық


       Жалпы  алғанда  валюталық  бағамның  қозғалысының  бағытарын  анықтайтын  факторларды  3 топқа  бөлуге  болады: фундаментальдi, техникалық, қысқа  мерзiмдi  күтпеген факторлар. 

       Қандай да бір елдің валюта бағамы барлық маңызды экономикалық факторлардың, атап айтқанда ақша айналысының жағдайын, өндірістің өсу қарқынын, бағаның деңгейін, еңбектің өнімділік деңгейін және т.б. жағдайын бейнелейді.

       Валюталық бағамдардың әр түрлi белгiлер бойынша жiктеуге болады.       Валюта  бағамы бірнеше классификацияға бөлінеді. Ол 2–ші кестеде көрсетілген. [4]

       Валюта бағамының өзгерісі бір елдің басқа елге қатысты бәсекеге қабілеттілігінің артуын немесе кемуін білдіреді.

 

                     

       І.ІІ Валютаның айырбас бағамы

 

       Валютаның айырбас бағамы – бұл əртүрлі елдер валюталарының арақатынастары; бір елдің ақша бірлігі бағасының екінші бір елдің ақша бірлігі бағасына қатынасы.

       Ұлттық жəне шетелдік валюта бағамын тіркеуді валюталық белгіленім (котировка) деп атайды. Шетел валютасы белгіленімінің тікелей жəне кері белгілеу деген түрлері болады. Шетел валютасының тікелей (тура) белгіленімі: ұлттық валюта бірлігінің белгілі бір көлемімен анықталатын шетел валютасы бірлігінің бағасы. Мысалы, 1 долл. = 150 тг.

       Шетел валютасының кері белгіленімі: шетелдік валюта бірлігінің белгілі бір көлемімен анықталатын ұлттық валюта бірлігінің бағасы. Мысалы, 1 тг. = 0,006 долл.

        Айырбас бағамы жалпы алғанда валюта нарығындағы валютаға сұраныс пен валюта ұсынысы арқылы анықталады. Валюталық нарық – əртүрлі елдердің валюталары сауда-саттыққа түсетін нарық. Көптеген банктер, фирмалар, биржалар, айырбас орындары шетел валюталарымен сауда-саттық қатынастарын жүргізіп отырады.

        Валюта бағамының атаулы жəне нақты валюта бағамы деген түрлері бар.

Атаулы валюта бағамы – екі ел валюталарының салыстырмалы бағасы. Яғни, бір ел валютасының екінші ел валютасына шаққандағы бағасы. Атаулы валюта бағамын белгілеу үшін «айырбас бағамы» ұғымы қолданылады.

        Нақты валюта бағамы – екі елде өндірілген тауарлардың салыстырмалы бағасы. Осыны мына мысалдан көруге болады: отандық өнім 90 000 теңге тұрады, ал тура сондай сапасы бірдей американдық өнім 6 000 долларға тең. Екі ел тауарларының бағасын бір валютамен есептеу қажет, мұндай жағдайда қалыптасқан атаулы айырбас бағамын назарға ала отырып, американдық тауардың бағасын теңгемен есептеу керек, мысалы, 150 тг./USD. Нақты айырбас бағамын табу үшін мына формула қолданылады:

                                            ε = Р/еР*,

мұнда, ε – нақты айырбас бағамы; Р – отандық тауардың бағасы;   

Информация о работе Валюталық бағам