Валюталық бағам

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2015 в 23:47, реферат

Описание работы

Валюта — бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері және төлем құралы. Ол шетел мемлекетінің тиісті заңды төлем банкноты, тиыны, қазыналық билеті түрінде болады. Ол елдегі бүкіл ақша-несие жүйесіне басшылық жасайды, ол ақша эмиссиясының, сақтаулы тұрған уақытша бос қаражатының және коммерциялық банктердің міндетті резервтерінің монополиялық құқына ие.

Файлы: 1 файл

валюта сонгы нуска.docx

— 63.76 Кб (Скачать файл)

Р* - шетелдік тауардың бағасы; е – тікелей белгіленімдегі шетел валютасының атаулы айырбас бағамы. Нəтижесінде, мынадай сандарды алуға болады: 90 000 тг./(150 тг./USD).6 000 USD = 90 000/900 000 = 0,1.

        Бұл сан екі ел тауарының айырбасын көрсететін нақты айырбас бағамын көрсетеді. Мұндай жағдайда, американдық 1 дана өнімге отандық өнімнің 10 данасы сəйкес келеді. Олай болса, қалыптасқан осындай атаулы айырбас бағамы мен салыстырмалы бағалар кезінде отандық өнім арзан, ал шетелдік өнім қымбат болады. Егер қандай да бір себептерге байланысты, мысалы, Қазақстандағы инфляцияға байланысты отандық өнімнің бағасы 120 000 теңгені құраса, онда теңгенің нақты айырбас бағамы 0,13ке дейін өседі.

       Бірақ бұл мысал нақты шынайылықты қарапайым түрде ғана көрсетеді. Шын мəнінде бұл жерде тек екі тауардың ғана бағалары салыстырылмайды, екі елдегі бағалардың орташа деңгейі салыстырылады. Бағалардың орташа деңгейін есептеу үшін əдетте, ереже бойынша, өзгермейтін тауарлар жиынын көрсететін тұтыну қоржыны алынады, оны бізге Ласпейрес индексімен анықтауға болады. Сондықтан Р жəне Р* белгілерін ары қарай бағалардың орташа қазақстандық (отандық) деңгейі жəне шетелдегі бағалардың орташа деңгейі деп сипаттауға болады.

       Егер отандық валютаның нақты айырбас бағамы бір теңгеден төмен болса, онда отандық тауарлар шетелдікке қарағанда салыстырмалы арзан болады. Осыны қазақстандық мысалмен түсіндіретін болсақ, біздің тұрғындар отандық тауарларды көбірек, ал шетелдік тауарларды азырақ сатып алатын болады.

        Қазақстандық өндірушілер өз экспорттарын кеңейте бастайды, өйткені, шетел азаматтары да аса арзан қазақстандық тауарларды сатып алуға құлшына бастайды. Демек, қазақстандық таза экспорттың шамасы артады.

       Егер отандық валютаның айырбас бағамы бір теңгеден жоғары болса, онда отандық тауарлар шетелдік тауарларға қарағанда салыстырмалы қымбат болып табылады. Ел тұрғындары енді шетелдік тауарларды көптеп сатып ала бастайды. Отандық өндірушілер өздерінің экспорт көлемін қысқартады, ал

қазақстандық импортерлер елге əкелінетін шетелдік тауарлардың көлемін арттыра бастайды. Олай болса, таза экспорт төмендейді. Сондықтан да, осыған қарап нақты айырбас бағамының (ε) жəне қарқынының қаншалықты маңызды екендігіне көз жеткізуге болады. Тауарлар мен қызметтердің жалпы қозғалысы жəне сəйкесінше, төлем балансының қарқыны нақты бағамға тəуелді болып табылады.

       Таза экспорт нақты айырбас бағамының функциясы болып табылады, яғни таза экспорт (Хn) пен нақты бағам (ε) арасында кері байланыс бар:

                                                         Хn = ƒ (ε).

       Нақты айырбас бағамының формуласынан оның атаулы айырбас бағамына жəне екі елдегі бағалар деңгейіне тəуелділігін көруге болады. Өз кезегінде, атаулы айырбас бағамына бірқатар негізгі факторлар əсер етеді:

−  елдердің ЖІӨ-гі немесе ұлттық табысындағы салыстырмалы өзгерістер. Мысалы, Қазақстанда ЖІӨ Ресейге қарағанда тезірек өсетін болса, онда бұл Қазақстанның аса ауқатты азаматтары өз сұраныстарын импорттық тауарларға да арттырады дегенді білдіреді. Сəйкесінше, импорт үшін ресейлік валюта қажет жəне ресейлік рубльге деген жоғары сұраныс теңгенің

айырбас бағамын төмендетуге алып келеді;

− нақты пайыздың салыстырмалы қойылымдары. Егер Қазақстанда нақты пайыздық қойылым Ресейге қарағанда жоғары болса, онда капиталдар Қазақстанда ағылып, валюталық нарықта ресейлік рубльдің шамасы салыстырмалы түрде көбейе бастайды жəне оның бағамы төмендейді, ал теңгенің айырбас бағамы артады;

− алыпсатарлық операциялар жəне күтімдер. Егер валюталық алыпсатарлар, мысалы, егер Еуроодақ елдерінде экономикалық өсудің қарқыны АҚШ-пен салыстырғанда жоғары болатындығын білсе немесе күтсе, онда еуроға сұраныс артады, ал долларға сұраныс қысқарады жəне оның айырбас бағамы төмендейді.

       Нақты айырбас бағамының динамикасына əсер ететін аса маңызды фактор – бағалар арақатынасының өзгерісі. Мұндағы ең басты мəселе болып əртүрлі елдердегі инфляция қарқынының арақатынастары табылады.  Егер Қазақстанда инфляция қарқыны жəне оның күтімі Ресеймен салыстырғанда жоғары болса, онда уақыт өте келе өзіміздің теңгеге ресейлік рубльдің аз ғана бөлігін сатып алуға тура келеді немесе бір рубльге теңгенің көп бөлігін беру қажет. Осыған орай, біз Орталық банктің ақша-несие саясаты мен валютаның айырбас бағамы арасында тығыз байланыстың бар екендігін айта аламыз. [5]

       Тіркелген айырбас бағамы – бұл Орталық банктің елдер арасындағы валюталардың ресми арақатынасын бекітуі (мысалы, 150 тг./USD) жəне оны ұстап тұра алуы. Бұл кез келген азамат осы тіркелген ресми бағам бойынша елдің Орталық банкінен шетел валютасын сатып ала алады жəне оны осы бағам бойынша сата да алады деген болжамды білдіреді.

       Бірақ, Орталық банк пен үкімет айырбастың тіркелген бағамын бекіте алғанымен, шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныстың тұрақтылығын сақтап тұра алмайды. Өйкені шетел валютасының сұранысы мен ұсынысына əсер ететін көптеген факторлар бар. Олардың біршамалары:

− экономикалық субъектілердің инфляциялық күтімдері. Егерде, Қазақстанда инфляция қарқыны АҚШ-қа қарағанда жоғары болса, онда долларларға сұраныс өседі жəне теңгеге сұраныс төмендейді;

− салыстырмалы нақты пайыздық қойылымдар. Əртүрлі тең жағдайларда, егер шетелде отандық экономикаға қарағанда пайыздар жоғары болатын болса, онда экономикалық субъектілер пайыз түрінде көбірек пайда табу мақсатында өз депозиттері бойынша активтерін шетелдік валютада орналастыратын болады;

− экспорт пен импорттағы өзгерістер. Мəселен, АҚШ-тан Қазақстанға жөнелтілетін импорттық өнімдер долларға сұранысты туындатады, олай болса, қазақстандық импортерлерге американдық жеткізушілермен есеп айырысу үшін долларлық валюта қажет деген сөз. Ал Қазақстаннан АҚШ-қа экспортталатын тауарлар доллар ұсынысын туындатады, демек, қазақстандық экспортерлер отандық өнімдерді сыртқа шығара отырып шетел

валютасын алады. Сəйкесінше, осы факторларды есепке ала отырып, тіркелген айырбас бағамы тек валюталық басқыншылық операциясын қолданумен ғана белгілі бір деңгейінде ұсталынып тұра алады. Біз жоғарыда атап өткеніміздей, валюталық басқыншылық Орталық банктің ақша-несие саясатының төртінші жанама құралы ретінде Орталық банктің валюта нарығында айырбас бағамының оның тіркелген деңгейінен ауытқуы орын алғанда өзінің халықаралық резевтерінен шетел валютасын сатып алуы немесе сатуы арқылы жүзеге асырылады.

        Мемлекет айырбастың тіркелген бағамы туралы жариялай отырып, оны ұстап тұра алуына сенімді болуы керек жəне халықтың да үкіметке деген сенімі жоғалмауы тиіс. Егер Орталық банк айырбас бағамын 150 тг./USD деңгейінде ресми бекітетін болса жəне осы кезде арзан ақшалар саясатын жүргізетін болса, онда инфляция қарқынының өсуі валютаның айырбас бағамын «қара нарықта» (валютаның еркін нарығы іспеттес) одан сайын арттыра түсуі мүмкін, мысалы, 160 тг./USD. Мұндай жағдайда алыпсатарлар Орталық банктен долларларды 150 тг./USD бағамы бойынша сатып алып оны еркін қара нарықта 160 тг./USD. бағаммен барлығына бірдей қайта сата бастайды.

        Қалыптасқан осындай жағдайлар кезінде үкімет пен Орталық банк ерте ме, кеш пе, əйтеуір девальвацияға жүгінуге мəжбір болады. Девальвация – бұл тіркелген айырбас бағамы кезінде ұлттық валютаның бағамын ресми жарияланған түрде төмендету. Біздің мысалымыз бойынша, енді Орталық банк жаңа тіркелген бағамды жариялайды: 160 тг./USD. Девальвация саясаты сауда балансы жəне төлем балансы тепе-теңдігінің мəселесін уақытша шеше алады. Себебі үкіметтің осы шарасы тауарлардың экспортын арзандатады жəне оны кеңейтеді. Алайда, бір уақытта, девальвацияның салдарынан импорттық тауарлар қымбаттай бастайды. Сонымен, ұлттық валютаны девальвациялау импортерлерге тиімсіз жəне экспортерлерге тиімді болып табылады.

        Ревальвация – бұл тіркелген айырбас бағамы кезінде ұлттық валютаның бағамын ресми жарияланған түрде жоғарылату. Импортерлер мен экспортерлер тұрғысынан бұл жағдай девальвация шарасына қарама-қарсы болып табылады: импортерлер ұтады жəне экспортерлер ұтылады.

       Соңында, тағы бір көкейге түйетін жайт, яғни, «девальвация» жəне «ревальвация» ұғымдары айырбастың тек тіркелген бағамы кезіндегі жағдайларда ғана қолданылады.

       Еркін қалқымалы айырбас бағамы – бұл Орталық банктің валюталық нарықта нарықтық сұраныс пен ұсыныстың əсерінен айырбас бағамының еркін түрде құбылуына жол беруі. Қалқымалы бағам кезінде Орталық банк валюта басқыншылығын жүргізбейді, жəне сəйкесінше, оның алтын валюталық резервтері өзгермейді (ΔR = 0). Ал төлем балансы бұл кезде валюта бағамының құбылуынан тепе-теңдік қалпында болады.

       Еркін қалқымалы жүйе жағдайларындағы айырбас бағамының өзгерістерін валютаның құнсыздануы немесе қымбаттауы деп атайды. Біздің мысалымызда, шетел валютасының айырбас бағамы 150-ден 160 тг./USD-ға дейін көтерілгенде оны доллардың қымбаттауы (сəйкесінше, теңгенің құнсыздануы) дейді. Керісінше, шетел валютасының айырбас бағамы 160-тан 150 тг./ USD-ға дейін төмендегенде оны доллардың құнсыздануы (сəйкесінше, теңгенің қымбаттауы) деп атайды.

       Еркін қалқымалы айырбас бағамы төлем балансының тапшылығын немесе артықшылығын ұлттық валютаны құнсыздандыру немесе қымбаттату арқылы автоматты түрде реттейді.

        Орталық банктің валюта нарығындағы əрекеттерімен байланысты тағы бір маңызды ұғым бар. Егерде, ол экспортерлерден долларларды сатып алса, онда ол ұлттық валюта – теңгемен есептеседі. Шетел валютасын сатып алумен байланысты теңгені эмиссиялау жұмысы ақша базасын көбейтеді, ал соның салдарынан, ақша мультипликаторы арқылы ақша массассы (ұсынысы) да артады. Осының бəрі инфляцияны күшейтеді. Валюта басқыншылығының елдегі ақша ұсынысына əсерін бейтараптандыру үшін Орталық банк осы басқыншылыққа қарама-қарсы болып келетін ішкі активтер (мемлекеттік облигациялар) бойынша келісім-шарттарды жүргізеді. Осындай іс-əрекеттерді айықтыру (стерилизация) деп атайды. Мысалы, Орталық банк 10 млн.сомасында қолма-қол долларларды сатып алу кезінде атаулы айырбастың ағымдық бағамы бойынша теңгемен есептесті. Олай болса, валюта басқыншылығының нəтижесінде ақша базасы ұлғаяды. Оны айықтыру үшін Орталық банк ашық нарықта коммерциялық банктерге жəне тұрғындарға сондай сома көлемінде мемлекеттік облигацияларды сатады. Мемлекеттік облигацияларды сатып алу коммерциялық банктердің резервтерін төмендетеді. Сөйтіп, ақша базасы, яғни, С (қолма-қол ақшалар) + R (резервтер) өзгеріссіз қалады. [6]

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       ІІ Валюталық бағам өзгерісі

       ІІ.І Валюталық бағам өзгерісіне әсер ететін факторлар

 

       Валюта бағамына келесі факторлар әсер етеді :

- инфляция  екпіні;

- пайыздық  қойылымның өзгеруі ;

- елдің  төлем балансы ;

- ұлттық  табыс ;

- жағдаятты  факторлар ;

-белгілі бір валютаның еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда пайдалану дәрежесі;

- ұлттық  және дүниежүзілік нарықтарда  сенімділік дәрежесі.

       Басқа шарттар тең жағдайында инфляция деңгейі ұлттық валютаның бағамының көлеміне кері пропорционалды әсер етеді. Басқаша айтқанда инфляция деңгейінің өсуі ұлттык валюта бағамының төмендеуіне, ал инфляция деңгейінің азаюы керісінше ұлттық валюта бағамының жоғарлауына әкеліп соқтырады.

       Пайыздық қойылымның өзгеруі валюта бағамына екі түрлі әсер етеді. Бір жағынан олардың номиналды өсуі ел ішіндегі ұлттық валютаға деген сұранымның азаюына әкеледі. Себебі кәсіпкерлерге несие алу қымбатқа айналады. Ал несие алған жағдайда, кәсіпкер өз өнімінің өзіндік құнын көбейтеді және ол өз кезегінде ел ішіндегі тауарлар бағасының өсуіне әкеледі. Бұл ұлттық валютаны шетелдік валютаға деген қатынасында салыстырмалы түрде құнсыздандырады.

       Екінші жағынан, басқа шарттар тең жағдайында, белгілі бір елдегі пайыздық қойылымның өсуі шетелдіктерге осы елде өз капиталын ұстауы өте табысты болады. Екі түрлі пайызды ұтыс тігулердің өзгертуі валюталық бағытқа әсер етеді.Сондықтан пайыздық қойылымның өзгеруі валюта бағамына тікелей және кері пропорционалды әсер етеді. 

       Елдің төлем балансы валюта бағамына тікелей әсер етеді. Оң немесе активті төлем баланс ұлттық валюта бағамының өсуіне мүмкіндік жасайды. Себебі шетелдік дебиторлар тарапынан оған деген сұраныс көбейе түседі. Ал теріс немесе пассивті төлем баланс керісінше ұлттық валюта бағамының төмендеуін туындатады.Төлем балансының валюта бағамына әсерінің көлемі елдің экономикасының ашықтылығының дәрежесімен анықталады. Неғұрлым ЖҰӨ-де экспорт үлесі жоғары (неғұрлым экономиканың ашықтылығы жоғары), соғұрлым төлем балансының өзгеруіне байланысты валюта бағамының икемділігі жоғары.

       Ұлттық табыс өзі-өзінен өзгеретін тәуелсіз құрылым емес. Алайда ұлттық табыстың өзгеруіне әсер ететін факторлар, сонымен қатар валюта бағамына да әсер етеді. Демек тауарлар ұсынылымының өсуі валюта бағамын жоғарлатады, ал ішкі сұранымның өсуі валюта бағамын төмендетеді. Ұзақ мерзімді кезеңде ұлттық табыс неғұрлым жоғарғы болса, соғұрлым елдің валютасының құны жоғарғы болады. Қысқа мерзімде бұл үрдіс кері жүреді.

       Жағдаятты факторлар қысқа мерзім уақыт кезеңінде ұлттық валюта бағамының көлемін едәуір өзгерте алады. Демек экономиканың дамуының перспективасы қатынасындағы күтулер, бюджеттік және ішкі саудалық дефициттердің өзгеруі валюта бағамына тікелей әсер етеді.

Информация о работе Валюталық бағам