Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2015 в 23:47, реферат
Валюта — бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері және төлем құралы. Ол шетел мемлекетінің тиісті заңды төлем банкноты, тиыны, қазыналық билеті түрінде болады. Ол елдегі бүкіл ақша-несие жүйесіне басшылық жасайды, ол ақша эмиссиясының, сақтаулы тұрған уақытша бос қаражатының және коммерциялық банктердің міндетті резервтерінің монополиялық құқына ие.
Алтын-валюта резервтерін қалыптастыру және пайдалану мемлекеттің валюта саясатының негізгі міндеттерінің бірі болып саналады. Халықаралық өтімділіктің көлемі мен құрылымы елдің халықаралық міндеттемелерінің қажетті төлем қаржыларымен қамтамасыз етілу дәрежесін анықтайды. Резервтік активтердің қосалқы қорлары үкімет органдарының да, елдің коммерциялық және қаржы құрылымдарының да борышқорлық міндеттемелерін өтеудің халықаралық есеп айырысуын жүзеге асыруға қолданылуы мүмкін. Алтын-валюта активтерін тиімді пайдалану валюта резервтерінің төтенше жоғары дәрежеде болуын, валюта қоржынын әртараптандыруды, активтердің құрылымдарын оңтайландыруды талап етіп, сонымен қатар ол сыртқы экономикалық қызметке мүмкіндігінше және барынша жәрдем көрсетуге, сонымен қатар ұлттық ақша бірлігінің валюта бағамын тиімді реттеуін қамтамасыз етеді.
Еркін айырбасталатын валюта резервтері елдің төлем балансын теңестіру үшін тікелей пайданылады. Ресми резервтердің құрамында болатын алтын авуарлары осы мақсаттарға своп операциялары арқылы немесе өздеріне қойылған баға бойынша нарыққа еркін айырбасталымды валютаға айналу сатысынан өткеннен кейін ғана пайдаланылуы мүмкін.
Республиканың төлем балансында көрінетін резервтік активтер ішкі қорланымның жылыстауы және елге шетел капиталы түсімінің нәтижесінде алтын-валюта өзгерісінің жағдайын көрсетеді. Төлем балансы тапшылығын жабу үшін, яғни үкімет сыртқы экономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз етудің негізгі көздерінің бірі саналатын қаржы тартатын алтын-валюта резервтерін қолданады. Халықаралық Валюта Қорының қарыздарымен және айрықша қаржыландыру бойынша операциялармен бірге резервтік активтер Қазақстанның халықаралық есеп айырысуын теңестіру үшін, өтімділіктің баламалы қаржылары ролінде шығады.
Алтын-валюта активтерінің елеулі көбеюі және ел экономикасына шетел валютасының айтарлықтай массасының түсуі, біріншіден, инфляцияны шұғыл жоғарылатуы, екіншіден, ұлттық акция бірлігі бағамының құлдырай құлауына соқтыруы мүмкін. Осы жылдарда жинақталған артық өтімділікті айықтырмай ақша базасын тұрақтандыру және инфляциялық үдірістердің дамуына қарсы әрекет ету мүмкін болмады. Сондықтан таза халықаралық резервтер салық банкісінің қысқа мерзімді ноталарын шығару және тарату бойынша активтендірумен бейтараптандырылды.[10]
ІІІ.ІІ ҚР валюталық бағам өзгерісінің мәні мен маңызы
Қазақстанның әлемдік экономикалық қатынастарда басқа елдермен сауда, экономикалық қарым–қатынасқа түсуі үшін, шетелдермен экспорт пен импортта, әлемдік капитал ағымдарының іске асуына және шетел валюталырының еркін айналымын ұйымдастыруда, сонымен қатар халықаралық әр түрлі қарым-қатынасты іске асыру валюталық жүйе негізінде жолға қойылады.
Ұйым шетелдік валютамен байланысты қызметті екі әдіспен жүргізе алады. Ол не операцияларды шетелдік валютамен жүргізе, не шетелдік қызметті жүзеге асыра алады. Сонымен бірге өзінің қаржылық есептілігінде ұйым деректерді шетелдік валютамен көрсете алады. 21 халықаралық қаржылық есептілік стандарттының (ХҚЕС) мақсаты– шетелдік валютамен операцияларды және шетелдік қызметті ұйымның қаржы есептілігінде көрсету, сондай – ақ қаржы есептілігінің көрсеткіштерін ұсыну валютасына қайта есептеу тәртібін орнату.
Шетелдік валютамен жасалатын операция есебі ҚР территориясында операция жасалған кездегі нарық белгіленген бағамды қолданып, қазақстандық теңгемен есептелуге тиісті ақшалай қаражатқа байланысты туындайтын қатынастарды реттейтін ҚР 24.12.2001ж. №278-11 «Салықтар және бюджетке міндетті басқа төлемдер туралы» СК қабылдауға байланысты, ҚР АК 282 бабымен, ҚР 2002ж. 24 маусымдағы №329-П «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» Заңымен, ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2002ж. 6 маусымдағы № ДМ -1-2-18/5689 «БВБ-да қолданылатын теңге бағамына қатысты» Хатымен реттеледі.
Негізгі мәселелер қандай айырбас бағамын (бағамдарын) белгілеу және айырбас бағамдарындағы өзгерістердің салдарын қаржы есептілігінде қалайша көрсету болып табылады. Осы стандарт:
(а) Шетелдік валюталармен операцияларды және қалдықтарды, 39 (IAS) Қаржы құралдары: тану және бағалау ХҚЕС–ты қолдану аясындағы туынды операциялар мен қалдықтардан басқаларын есепке алу кезінде;
(b) Шетелдік қызметтің шоғырландыру, тепе – тең шоғырландыру немесе үлесті қатысуды есепке алу әдістерімен ұйымның қаржылық есептілігіне енгізілген нәтижелері мен қаржы көрсеткіштерін қайта есептеу кезінде;
(с) Ұйымның нәтижелері мен қаржы көрсеткіштерін ұсыну валютасына қайта есептеу кезінде қолданылуға тиіс.
39 (IAS) ХҚЕС көптеген валюталық
Стандартта төменде көрсетілген мәндерде мынадай терминдер пайдаланылады:
Жабу бағамы – валюталардың баланс күнгі ағымдағы айырбас бағамы.
Бағам айырмашылығы – шетелдік валюталар бірлігінің бірдей санын қайта есептеу нәтижесінде пайда болатын айырмашылық.
Валюта айырбастау бағамы – бір валютаны басқасына айырбастау коэффициенті.
Әділ құн – жақсы хабардар, осындай операция жасағысы келетін, бір-біріне тәуелді емес тараптар арасында мәміле жасау кезінде активті айырбастауға немесе міндеттемені реттеуге болатын сома.
Шетелдік валюта – ұйымның қолданыстағы валютасынан өзгеше валюта.
Шетелдік қызмет – өз қызметі есеп беруші ұйым елінен немесе валютасынан өзгеше елде немесе валютада орналасқан немесе жүзеге асатын есеп беруші ұйымның еншілес, қауымдасқан, бірлескен ұйымы немесе филиалы болып табылатын ұйым.
Қолданыстағы валюта – ұйым өз қызметін жүзеге асыратын негізгі экономикалық ортада пайдаланылатын валюта.
Топ – еншілес ұйымдары бар бас ұйым.
Ақша баптары – қолда бар валюта бірліктері, активтер және валюта бірлігін нақты немесе белгіленетін сомаларда алу немесе төлеу жөніндегі міндеттемелер.
Шетелдік қызметке таза инвестициялар – осы қызметтің таза активтеріндегі есеп беруші ұйым үлесінің шамасы.
Ұсыну валютасы – қаржы есептілігі берілетін валюта.
Ағымдағы валюталық бағам – дереу есеп айырысуға арналған айырбас бағамы.
Қолданыстағы валюта ұйымның өз қызметін жүзеге асыратын негізгі экономикалық орта, әдетте, ол өзінің ақша қаражатының негізгі бөлігін жинақтап, жұмсайтын орта болып табылады.
Шетелдік қызметтің қолданыстағы валютасын анықтау және қолданыстағы валютаны есеп беруші ұйым пайдаланатын валютамен теңдестіру кезінде көңіл бөлінетін тағы да бірқатар факторлар бар (бұл контексте есеп беруші ұйым өзінің шетелдік қызметін еншілес ұйымы, филиалы, қауымдасқан ұйым немесе бірлескен қызмет арқылы жүзеге асыратын ұйым болып табылады):
(а) Мұндай шетелдік қызмет есеп беруші ұйым қызметінің жалғасы немесе едәуір дәрежеде дербес болып табылатын қызмет ретінде жүзеге асырыла ма; шетелдік қызметті жүзеге асырушы ұйым есеп беруші ұйымнан импорт бойынша алынатын тауарларды тек сататын және түскен түсімді оған аударатын болса, ол бірінші жағдайдың мысалы болып табылады. Шетелдік қызметті жүзеге асырушы ұйым ақша қаражаты мен басқа ақша баптарын жинақтайтын, шығын жұмсайтын, табысты қордалайтын және көбінесе өзінің жергілікті валютасымен қарыз алатын болса, ол екінші жағдайдың мысалы болып табылады;
(b) Есеп беруші ұйыммен операциялардың өз қызметін шетелдерде жүзеге асырушы ұйым қызметіндегі үлесі елеулі ме, әлде елеусіз бе;
(с) Шетелдік қызметтен келіп түсетін ақша қаражатының ағыны есеп беруші ұйымның ақша ағынына тікелей әсер ете ме, және де оны оның есебіне кідіріссіз аударуға бола ма;
(d) Шетелдік қызметтен қордаланатын ақша қаражатының ағыны орын алып отырған және, әдетте, күтілетін қарыз міндеттемелеріне есеп беруші ұйым тарапынан ақша қаражаты берілместен қызмет көрсетуге жеткілікті ме.
Ұйымның қолданыстағы валютасы өзіне қатысты негіз қалаушы операцияларды, оқиғаларды және жағдайларды көрсетеді. Тиісінше, белгіленгеннен кейін, қолданыстағы валюта, жоғарыда аталған операцияларда, оқиғаларда және жағдайларда, өзгерістер болатыннан басқа жағадайларда басқа валютаға ауыстыруға жатпайды. Егер қолданыстағы валюта гиперинфляциялы экономика жағдайларында пайдаланылатын валюта болса, ұйымның қаржы есептілігі 29 Гиперинфляция жағадайларындағы қаржы есептілігі (IAS) ХҚЕС–ына сәйкес қайта есептелуге тиіс. Ұйым, мысалы, осы Стандартқа сәйкес белгіленуге тиістіден басқа валютаны (мысалы, өзінің бас ұйымының қолданыстағы валютасын) өзінің қолданыстағы валютасы ретінде қабылдай отырып, 29 (IAS) ХҚЕС–ына көзделген қайта есептеуден құтыла алмайды.
Ақша бабының басты ерекшелігі – валюта бірлігінің нақты немесе белгіленген мөлшерін алу құқығы (немесе беру жөніндегі міндеттеме). Мұның мысалдары: қызметкерлерге қолма –қол ақшамен төленуге тиісті зейнетақылар мен басқа да жәрдемақылар; ақшалай түрде өтелуге тиісті міндеттемелер; міндеттеме ретінде мойындалған ақшалай дивидендтер. Нақ осылайша, ұйымның үлесті өз құралдарының тіркелмеген санын алуға (немесе беруге) контракт ақша бабы болып табылады, оның ережелері бойынша алынуға (немесе берілуге) тиісті әділ құн валюта бірлігінің тіркелген немесе белгіленетін бірліктеріне теңеледі. Және, керісінше, ақшалай емес баптың негізгі ерекше белгісі – валюта бірлігінің тіркелген немесе белгіленетін санын алу құқығының (немесе беру жөніндегі міндеттеменің) жоқтығы. Мұның мысалы: тауарлар мен қызметтерге алдын-ала ақы төлеу (мысалы, аванспен төленген жалгерлік ақы); іскерлік бедел; материалдық емес активтер; босалқылар; негізгі құралдар; сондай-ақ ақшалай емес актив беру жолымен реттеуге жататын міндеттемелер. Қаржы есептілігін әзірлеу кезінде әрбір ұйым, шетелдік қызметі бар ұйым (мысалы, бас ұйым) немесе шетелдік қызметті жүзеге асырушы ұйым (мысалы, еншілес ұйым немесе филиал) болсын - өзінің қолданыстағы валютасын 9–14–тарамақтарға сәйкес белгілейді. Ұйым баптарды шетелдік валютамен өзінің қолданыстағы валютасына қайта есептейді және сондай қайта есептеу салдарын 20–37 және 50–тарамақтарға сәйкес қаржы есептілігінде көрсетеді. Сонымен қатар, осы Стандартқа сәйкес, қаржы есептілігін әзірлейтін жеке ұйым немесе қаржы есептілігін Шоғырландырылған және жеке қаржы есептілігі (IAS) ХҚЕС–ына сәйкес әзірлейтін ұйым ондай есептілікті кез келген валютада (немесе валюталарда) ұсынуға құқылы. Егер ұйым өзінің қолданыстағы валютасынан өзгеше ұсыну валютасын пайдаланатын болса, оның нәтижелері мен қаржы көрсеткіштері де 38–50–тармақтарға сәйкес қайта есептеледі. Валюта — кез келген төлем құжаттары немесе халықаралық есеп айырысуларда пайдаланылатын және қандай да бір ұлттық ақша бірлігінде көрініс табатын ақшалай міндеттеме. Ол шетел мемлекетінің тиісті занды төлем банкноты, тиыны, қазыналық билеті түрінде болады. Ол елдегі бүкіл ақша-несие жүйесіне басшылық жасайды, ол ақша эмиссиясының, сақтаулы тұрған уақытша бос қаражаттының және коммерциялық банктердің міндетті резервтерінің монополиялық құқығына ие. Валюта нарығының негізгі тауары — шетелдік валютада белгіленген кез келген қаржылық талап. Бүгінгі таңдағы Қазақстанның валюта нарығы шетелдік валюталар операциясымен ғана шектелген.
Қазақстан заңдары бойынша валюталық обьектiсi болып шетел валютасы, шетел валютасындағы бағалы қағаздар, валюталық құндылықтарды, аффинирленген алтын мен басқа металдарды республикаға әкелу, алып кету және жiберу тәртiбiн белгiлеу болып есептелiнедi.
Қазақстанда валюталық бақылауды валюталық бақылау органдары және олардың агенттерi жүргiзедi. Валюталық бақылау органдары болып заң бойынша валюталық бақылау қыметiн жүргiзетiн ұйымдар, валюталық операциялар жүргiзетiн өкiлеттi банктер жүргiзедi.
Валюталық реттеу және валюталық бақылауда Қазақстан Ұлттық Банкi басты мекеме болып табылады және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 2007 ж. 30 наурыздағы №2155 Қазақстан Республикасының Заңы бойынша келесі қызметтерді атқарады:
- Қазақстан Республикасында шет ел валютасының және шет ел валютасындағы бағалы қағаздар айналысының аясы мен тәртiбiн белгiлейдi, шет ел валютасында операциялар жүргiзуге қажеттi шектеулер енгiзедi, соның iшiнде осындай операциялар мен сыйақы ставкаларының көлемiн де енгiзедi;
- Резиденттердiң және резидент еместердiң Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтармен операциялар жүргiзу ережелерiн белгiлейдi;
- Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету және жiберу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетел банктерiнде шоттар ашу тәртiбiн айқындайды;
- Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес валюталық операцияларды, валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау, валюталық операцияларды тiркеу және олар туралы хабарлау, айырбастау пункттерiн тiркеу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ айырбастау пунктiнiң тiркеу куәлiктерiн бередi және олардың қолданылуын тоқтата тұрады;
- Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқармасы айқындайтын тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгiлейдi;
- Алтын-валюта активтерiн құрайды және солармен операциялар жасайды;
- Мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша олардың құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер орындауға мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептiлiктiң тәртiбi мен нысандарын белгілейдi;
- Банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңдарын бұзу фактiлерi анықталған жағдайда, банктiк және валюталық заңдарда көзделген санкцияларды қолдануға құқылы;
- Жасасылған мемлекеттiк шарттарға сәйкес шетелдiк және халықаралық ұйымдармен шет ел валютасын тартады;