Антарктиданың табиғаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2012 в 15:19, курсовая работа

Описание работы

Ертедегі гректер солтүстікте туатын Жетіқарақшыны “Арктикос”- деп атап, кейінен бүкіл солтүстік өңірді Арктика деп атаған. Ал оған қарама-қарсы жатқан Оңтүстік өңірді Антарктика деп атаған. Бұлардың дәл ортасында біздің планетамыздың солтүстік және оңтүстік нүктелерін (полюстері) жатыр. Осы екі 90 полюстерде барлық ойша жүргізілген географиялық меридиандар түйісіп, нүктеге айналады.
Антарктида-Арктиканың орталық бөлігін алып жатқан Оңтүстік полярлық полюс құрлық. Антарктида жер шарының оңтүстік поляр аймағы болып табылатын Антарктиканың орталығында орналасқан бірден-бір материк.

Содержание работы

Кіріспе.....................................................................................................................3
І тарау Антарктиданың ашылу тарихы
1.1 Географиялық орны........................................................................................5
1.2 Антарктиданың зерттелуі...............................................................................8
ІІ тарау Табиғат жағдайлары мен табиғат байлықтары
2.1 Жер бедері........................................................................................................19
2.2 Геологиялық құрылысы мен пайдалы қазбалары........................................20
2.3 Антарктида сулары.........................................................................................21
2.4 Антарктида климаты.......................................................................................23
2.5 Фаунасы мен флорасы..................................................................................24
ΙΙΙ тарау Антарктиданың экологилық проблемалары
3.1Антарктиданың қазіргі экологиялық проблемалары...................................28
Қорытынды.........................................................................................................30
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,.......................................31
Сурет А....................................................................................,,,,,,,,,....................32
Сурет Б.........................................................................................................,,,.......32
Сурет В..............................................................................................................,,,,,33
Сурет Г...................................................................................................................33

Файлы: 1 файл

курсовая работа антарктида.doc

— 279.50 Кб (Скачать файл)

Тақырыбы:”Антарктиданың  табиғаты”

 

Жоспар

 

Кіріспе.....................................................................................................................3

І  тарау Антарктиданың  ашылу  тарихы

1.1  Географиялық  орны........................................................................................5

1.2  Антарктиданың  зерттелуі...............................................................................8

ІІ тарау Табиғат  жағдайлары  мен  табиғат байлықтары

2.1 Жер бедері........................................................................................................19

2.2 Геологиялық құрылысы мен  пайдалы қазбалары........................................20

2.3 Антарктида сулары.........................................................................................21

2.4 Антарктида климаты.......................................................................................23

2.5 Фаунасы мен флорасы..................................................................................24

ΙΙΙ тарау Антарктиданың  экологилық проблемалары

     3.1Антарктиданың  қазіргі экологиялық проблемалары...................................28

     Қорытынды.........................................................................................................30

     Пайдаланған әдебиеттер тізімі ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,.......................................31

       Сурет А....................................................................................,,,,,,,,,....................32

    Сурет Б.........................................................................................................,,,.......32

    Сурет В..............................................................................................................,,,,,33

    Сурет Г...................................................................................................................33

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                          

 

 

 

                                                            Кіріспе

 

Ертедегі  гректер   солтүстікте  туатын  Жетіқарақшыны  “Арктикос”- деп  атап,     кейінен  бүкіл  солтүстік  өңірді  Арктика  деп  атаған.  Ал  оған  қарама-қарсы  жатқан  Оңтүстік  өңірді Антарктика  деп  атаған.  Бұлардың дәл  ортасында  біздің  планетамыздың  солтүстік  және  оңтүстік  нүктелерін  (полюстері)  жатыр.  Осы  екі 90 полюстерде  барлық  ойша  жүргізілген  географиялық  меридиандар  түйісіп,  нүктеге  айналады. 

Антарктида-Арктиканың  орталық  бөлігін  алып  жатқан  Оңтүстік  полярлық  полюс  құрлық.  Антарктида  жер  шарының  оңтүстік  поляр  аймағы болып  табылатын   Антарктиканың  орталығында  орналасқан   бірден-бір  материк. 

Ежелгі  Гондвана  материгінің  құрамында  бірге  болғанына  қарамастан,  Антарктиданың  қазіргі  табиғат  жағдайлары  оңтүстік  жарты  шардың  басқа  материгіне  ұқсамайды.  Ол  айырмашылықтар  материктің  оңтүстік  поляр  аймағындағы  орнымен  түсіндіріледі.  Антарктида  басқа  материктерден  алшақ  орналасқан,  олардан  орасан  зор  мұхит  айдындары  арқылы  бөлініп  жатыр.  Антарктида  жағалауындағы  өте  салқын  мұхит  сулары  материкті айнала  қозғалатын  Батыс  желдерінің   шеңберлік  ағыс  жүйесін  құрайды.  Антарктида  жалғас  Тынық,  Атлант  және  Үнді мұхиттары суларының  шеткі  бөліктері  негізгі  мұхит  айдындарынан  осы  шеңберлік  суық  ағыс  арқылы  бөлініп  жатады.  Сондықтан  мұндағы  судың  беткі  температурасы  мен  тұздылығы,  тіршілік  дүниесі  құрамы  жағынан  аталған  мұхиттардан  үлкен  айырмашылық  жасайды.  Сондықтан  Антарктида  жағалауындағы  мұхит  сулары  шартты  түрде  Оңтүстік  мұхит  деп  аталады.  Материк  пен  оның  жағалауындағы теңіздер  табанына дейін  қалың  қайраңдар  мұздықтармен  құрсалған.   

Антарктиданың  жалпы  жері  13974  мың  км (шельеф  мұздықтар  мен  олар  арқылы  құрлыққа  қосылып  жатқан  аралдары  және  1582  мың  км-дей  мұз  күмбездерін  қоса  есептегенде). Материктің  ауданы 12,4  млн  км,  ал  қайраңдық  мұздықтар  мен  көршілес  аралдарды  қоса  есептегенде  14  млн  км-ге  жуықтайды.Оңтүстік  Америкаға  қарай  ұзынша  келген  енсіз  Антарктика  түбегі  созылып  жатыр.  Антарктиданың  ұзындығы  30  мың  км-дей  асатын  жиек  сызығы    бүкіл  өн  бойына  дерлік  биіктігі  бірнеше  ондаған  метрге  жететін  тік  жар  тосқауылдар  мұз  болып  келеді.  Антарктида  жер  шарындағы  ең  биік  құрлық.  Оның  мұз  жамылғысының  орташа  биіктігі 2040 м,  яғни  қалған  барлық  құрлықтардың  орташа  биіктігінен  (730м) 2,8 м  есе  артық.  Антарктида  мұз  астындағы  жер  бетінің  орташа  биіктігі  410 м.

Антарктиданың  негізгі  ерекшелігі,  жорамалданып  жүргендей,  неогеннен  бері  көлемі  біресе  кішірейіп,  біресе  ұлғайып  тұратын  материктің  мұздық  қалың  жамылғысы  болып  табылады.  Материктің  мұз  сауытын  Мұзды  Антарктида,  ал  оның  астында жатқан  құрлықты-Тасты Антарктида  деп атайды.  Бүкіл материкті қалың мұз басып жатыр.  Оның  территориясының 02-03  процентінде ғана  мұз қабаты  жоқ.  Бұл биік  тау шыңдары,  ал  кейде мұз құрсауының  жоғары  жағын қар басып жатқан  аспандаған  тау  сілемдері,  немесе  антарктикалық  көгалды  алқаптар  деп   аталатын  мұз  қабатынан  жақында  ғана  босаған  шағын  көлемді  жағалау  алаңдар.  Мұздықтар  күрделі  тау  құрылымдарын  жасырып  жатыр.  Ұлы  антарктикалық  мұз  қалқанының  ең  қалың  жері  қазіргі  дерек  бойынша  4200 метрден  астам,  ал  оның  көлемі  24  млн  км шамасында.  Оның  мұзы  бүкіл  дүние  жүзі  қалыңдығының  50 м  мұз  қабаты  боп  жабуға  толық  жететінін  айтсақ,  бұл  мұздың  жалпы  көлемі  туралы  өзінен-өзі  түсінікті  болар. 

Егер  Антарктиданың  мұздық  сауыты  ери  бастаса,  ол  біздің  планетамыздың  барлық  өзендерін,  қазіргі  өзендердегі  бар  суды  есепке  алғанда,  500  жылдан  астам  уақыт  қоректендіруге  жетер  еді,  ал  дүние  жүзілік  мұхиттық  деңгейі  мұздық  суынан  60  метрден  астам  көтерілген  болар  еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І тарау  Антарктиданың  ашылу  тарихы

 

1.1 Географиялық  орны

 

Материктің  мұз  сол  материктің  өзінің  бетін  ғана  емес,  сонымен  бірге  оған  жанасып  жатқан  көптеген  аралдарды,  сондай-ақ  шелльфті  мұздықтар  түзеп,  көршілес  теңіз  бассейндерін  де  жауып  жатады.  Кей  жерлерде  мұздар  теңіз  деңгейінен  недәуір  төмен  жатыр (-2555 м).  Материктің  мұздықтардың, шелльфті  мұздардың  жамылғысы  астындағы  құрлықпен  жанасып  жатқан  аралдар  ауданы  13,974 мон км. (Сурет А)   

Антарктиданың   географиялық  географиялық  орнына  байланысты  мынадай табиғат  ерекшеліктері  бар:

Жерінің  99%-ын  қалың  мұз  жауып  жатыр,  мұздың  орташа қалыңдығы  1720 м-ге    жуық,  ең  қалың  жері  4300 м (Шмидт  жазығы);

Антарктида-Жер  шарындағы  ең  биік  материк,  оның  мұз  жамылғысы  мен  қоса  есептегенднгі  орташа  биіктігі  2040 м.

Материктегі  мұздың  жалпы  көлемі 24  млн . Км  бұл  дүние  жүзіндегі  тұщы  су  қорының 80%-ын  құрайды.

Антарктида- Жер  шарының  суықтық  полюсі,  мұнда  1983  жылы  ғаламшарларымыздағы  ең  терең  температура (-89,2 С) тіркелген;

Материктің  ең  биік  нүктесі  биіктігі  5140  м  болатын  Винсон  тауы,  ал  теңіз  деңгейінен  ең  төмен  жатқан  жері  Бентли  ойысы (-2555 м);

  Антарктида  сөнбеген  жанартаулар  бар,  олардың   ең  ірісі  Эребус  жанартауы  (3794м);

Оңтүстік  полюс  үстінде  таңның  атуы  мен  күннің  батуын  жылына  бір  рет  қана     байқауға  болады.

Ертеде  халықтар  арасында  оңтүстік  жер  шарының  үлкен  материгі  бар  деген  лақап  тарап,  оны  дүние  жүзінің  геогрофтары,  теңізшілері  ұзақ  уақыт  іздеген.  Бірақ  Антарктида  сыры  ғасырлар  бойы  ашылмай,  ғылыми  жұмбақ  болып  қала  берді.  Жер  шарының  алтыншы  материгін  ашып  анықтау  жұмысты  оның  белгісібес  материгіндегі асқар  тауын,  құлазыған  шөлдерін,  оларды  қоршап  жатқан  мұхиттар  мен  теңіздердібелгілегеннен  кейін  жедел  қолға  алынды. 

Тарих  1502  жылы  Америго  Веспуччи  қатысқан  Португалия  экспедициясы  тұңғыш  Антарктида  суында  болды  деп  есептеді. ,  экспедицияның  осы  сапарында  Оңтүстік  Георгия  аралын  ашты.  Бірақ  оның  жолы,  дәл  қай  жерлермен  жүзгені  осы  күнге  дейін  белгісіз.  1520  жылы  Антарктика  суына Магеллан  кемесі  жақын  келді.  1526  жылы  теңізші  Франциско  Осеса   басқарған  испан  кемесі  Отты  Жер  аралының  оңтүстігін  аралап  шықты,  1548  жылы  пират  Ф. Дрейк  басқарған  ағылшын  кемесі де  сол  маңда  болды. Оның  өзі  де  белгісіз  жерде қалайда табамын деген үмітте  болады.  Шетел теңізшісі-- географтары алтыншы материкті Джемс Кук ашады десті. Ол  үш  жыл бойы  оңтүстікке  аттаныс жасады,  қайтсе  де  кемесін құрлық жиегіне тоқтатамын  деген ниетпен екі рет поляр  шеңберінде  болды.  1774 жылы 72 10/ оңтүстік ендікпен 100-120 батыс байлық арасында суда қалқып жүрген  айсбергтерді  көріп, кейін  қайтты. Д. Кук  қайтып  оралған соң << Мен  болған  жерден  әрі  оңтүстікке  ешкім  бара  алмайды,  оңтүстік  материгі  жоқ >> дегенді  айтты. Әрине, ол  кезде  атақты ағылшын теңізші-географның  бұл  пікірі теңізшілерге әсер  етпей  қоймады.Бұдан  кейін де  көпке  дейін жұрт Антрактидаға  экспедиция жібермеді,  тіпті оны  географиялық  карталарда да  көрсетпейтін  болды.

Ф.Ф. Беллинсгаузен (1779-1852) және  М.П. Лазарев (1788-1851).  Өткен  ғасырдың  басында  дүние  жүзі  жаратылыс  тану,  география  ғылымдары  жер  шарын  ғылыми тұрғыдан  зерттеп,  жаңа  жер-Антарктиданы  ашу  мәселесін  қолға  алды.  Бұл  сапардағы  көптеген саяхаттылар,  жиһанкез-теңізшілер  асқан  ерлік  көрсетті.  Олар  жер  шарын  құрлық  пен  де,  су  мен  айналып  шығуға тырысты.  Тіпті  саяхаттылардың  кейбіреулері  сәтсіздікке  ұшырап,  елге  қайтып  оралмады.              Антарктиданы  тұңғыш  ашу  ер  жүрек  теңіз  жүзушілері-Ф.Ф.Беллинсгаузен  мен  М.П.Лазеровтың  үлесіне  тиді.  Бұларға  басшылық  еткен  атақты  теңізшілері  И.Ф.Крузенштерн, Г.А.Сарычев, В.М.Головнин  тағы  да  басқалар  болды. 

1819  жылы  орыс  флоты   география  ғылымына  әлі  белгісіз  Антрактида  материгін  ашып,  Оңтүстік  полюс  суларын  зерттеу  үшін  бірінші  Орыс-Антарктида  экспедиция  ұйымдастырылды.  Бұл  экспедицияға  арнап  Кронштадт портында   “Восток”  және  “Мирный”  деген  екі  кеме  жасалды.  Экспедиция  бастығына  әрі “Востоктың ” командиры  Беллинсгаузен, “Мирныйдың”  командирине  Лазеров   тағайындалды.

Фаддей  Фаддеевич  Беллинсгаузен  1779  жылы 18  тамызда  Эстониядағы  Эзель  аралында  туған.  Кронштадттағы  теңіз  корпусында  тәрбиеленіп,  кейіннен  ағылшын  кемелерінде,  Балтық  теңізінде  қызмет  істеді.  Ал  1803  жылы  атақты  теңізші  Головниннің  басшылығымен  жер  шарын  сумен  айналып  шыққан  “Надежда  кетесінде  істеді”.  1806  бұл  экспедиция  оралғаннан  кейін  он  үш  бойына  Балтық  теңізін  де,  Қара  теңізінде  әр  түрлі  кемелердің  командирі  болды.  1819  жылы  майда  Петербургте  Антарктида  экспедициясын  басқаруға  тағайындалды.  Қара  теңізде  болған  шайқастарға  қатысты,  адмирал  атағын  алды.  Ол  теңіз  қызметімен  шұғылданды.  Оның  басшылығымен  Балтық  теңізінде жаңадан бірнеше гранитті  гаваньдар мен порттар іске  қосылды және  теңіз қызмет індегі  адамдардың  тұрмысын  жақсартуға  көп жұмыс жасады.  Сол кездегі ең  үлкен орыс  кітапханасы Кронштадттар  теңіз кітапханасын  ашты.

Беллинсгаузен  өмір  бойы  география  мәселесімен  шұғылданды,  дүние  жүзін  айналып  шұғуға  саяхаттарын  жазып,  жаңа  ашылған  жерлерді картаға  түсірді.

Беллинсгаузен  география  қоғамының  толық  мүшесі  болды.  Ол  орыс  флоты  тарихында  өшпес  із  қалдырды.  Орыс  теңізшілерінің  беделін  көтерді.  Сонымен  бірге  оның  оңтүстік  теңіздерде  жүзу  орыс  океанорафия,  океанорафия  ғылымының    даңқын  шығарды. 

Батыл,  ер  жүрек,  өз  ісін  жақсы  білетін  командир,  тамаша  теңізші,  геогроф  ғалымы  штурман  Беллинсгаузен  1852  жылы  25 қаңтарда  қайтыс  болды.  Кронштадтта  атақты  адмиралға  ескерткіш  орнатылды.

Михайл  Петрович  Лазеров  1788  жылы  3  қарашада  Владимир  қаласында  туған.1804  жылы  Москвада  теңіз  корпусын  бетіріп, “Суворов ” кемесінің  командирі болды.  1819жылы Мирный  кемесіне  командир  болып  тағайындалды.  Орыс  теңіз  мектебін  құрды.Нахимов,  Корнилов  сияқты  атақты  орыс  адмиралдарын  оқытып  тәрбиеледі.  Лазарев  1851жылы  11апрельде  қайтыс   болды.  1870жылы  Севастополь  портында  Лазарев қа  ескерткіш  орнатылды.

1819жылы  16 июльде  бірінші   Орыс-Антарктида  экпедициясы   жолға  шықты.  Кроншдт  портынан  шыққан  “Васток” “Мирный”  кемелері  Копенгаген,  Порстмут, Канар,  Рио-де-Жанейро  порттарын басып өтіп,  екінші  ноябрьде  онан   әрі Антакрктидаға қарай сапар шекті.  Бірақ 1820  жылы  16  январьда  Антарктидаға  не  бары  25  километр  қалғанда  соқыр тұман кедергі жасап,  кемелер оңтүстікке  өтіп  кетті.  Олар  осылай  бірнеше  рет  жақындап  келіп  қайтты.  Ақырында  екі жылдыан  аса, яғни  751  күнде  50  мың  миль,  теңізде  жүзіп,  Антарктиданы   тапты,  содан   1821  жылы  24  июльде  Кронштадт  портына  қайтып  келді.

Міне,  ер  жүрек  орыс  теңізшілеррі  Жер  шарының  алтыншы  құрлығы-Антактиданы  осылай  ашты.  Олар  осы  сапарында  жүрген  жерлерінің  ауа  райын, жердің  бағытын,  ауаның  қысымын,  ылғалдылығын,  сондай  ақ  алтыншы  материк  жағалауының  физикалық-географиялық  жағдайларын  зерттеді.

Ағылшындар  Антрактиданы  капитан Кук ашты  деп пайымдаған,  бұл   дұрыс емес. Оны дәлелдеу  үшін  академик  Ю. М. Шакальскйдің  төмендегі салыстырма цифраларын  келтірейік. Ол  былай деп жазды: Кук Оңтүстік  жарты шарда 1003 күн болды, оның  ішінде 60 оңтүстігіне  қарай  небары 75 күн,  мұз  маңында   80  күн  жүзді,  ал  Беллинсгаузен  экспедициясы  535  күнге  созылған  сапарында  60  оңтүстігінде  122 күн  болды  да, өте  қиын, қауіпті  мұз  айспебергтері  араларынан  100  күн  дегенде  жүзіп  өтіп,  бүкіл  Оңтүстік  полюсті, Антрактида  жерін  айналып  шықты.

Бәрібір, ағылшындар  не  десе  о  десін, шындыққа  жүгіну  керек! Антрактиданы  орыс  ғылымдары  ашқаны  анықталды.

Енді  АҚШ  бастаған  капитализм  елдері  Антрактиданы  зерттеп   пайдаланбақшы. Себебі,  Антрактида  жері  өте  бай, әрі  екі  құрлыққа  жақын: Оңтүстік  Америкаға -3100 км  Африкаға – 3980 км.  Осы  күнгі  полярлық  самолетке  ол  қашық  емес.  Антрактида  әбден  зерттеліп  оның  сыры  толық  ашылғанда  Оңтүстік  полюс  арқылы  самолеттер  ұшатын  болды.

Сөйтіп,  ағылшын  теңізшісі  Джемс  Куктың: “ алтыншы  материк  жоқ, болса  да  оны  адам  баласы  зерттеп  біліп  пайдаға  асыра  алмайды”, -дегенін     тарих  жоққа шығарды.

Информация о работе Антарктиданың табиғаты