Антарктиданың табиғаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2012 в 15:19, курсовая работа

Описание работы

Ертедегі гректер солтүстікте туатын Жетіқарақшыны “Арктикос”- деп атап, кейінен бүкіл солтүстік өңірді Арктика деп атаған. Ал оған қарама-қарсы жатқан Оңтүстік өңірді Антарктика деп атаған. Бұлардың дәл ортасында біздің планетамыздың солтүстік және оңтүстік нүктелерін (полюстері) жатыр. Осы екі 90 полюстерде барлық ойша жүргізілген географиялық меридиандар түйісіп, нүктеге айналады.
Антарктида-Арктиканың орталық бөлігін алып жатқан Оңтүстік полярлық полюс құрлық. Антарктида жер шарының оңтүстік поляр аймағы болып табылатын Антарктиканың орталығында орналасқан бірден-бір материк.

Содержание работы

Кіріспе.....................................................................................................................3
І тарау Антарктиданың ашылу тарихы
1.1 Географиялық орны........................................................................................5
1.2 Антарктиданың зерттелуі...............................................................................8
ІІ тарау Табиғат жағдайлары мен табиғат байлықтары
2.1 Жер бедері........................................................................................................19
2.2 Геологиялық құрылысы мен пайдалы қазбалары........................................20
2.3 Антарктида сулары.........................................................................................21
2.4 Антарктида климаты.......................................................................................23
2.5 Фаунасы мен флорасы..................................................................................24
ΙΙΙ тарау Антарктиданың экологилық проблемалары
3.1Антарктиданың қазіргі экологиялық проблемалары...................................28
Қорытынды.........................................................................................................30
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,.......................................31
Сурет А....................................................................................,,,,,,,,,....................32
Сурет Б.........................................................................................................,,,.......32
Сурет В..............................................................................................................,,,,,33
Сурет Г...................................................................................................................33

Файлы: 1 файл

курсовая работа антарктида.doc

— 279.50 Кб (Скачать файл)

Совет  поляр  авиация  ұшқыштары:  А.  Алексеев,  Е.  Кошелев,  Э.  Лухт,  О.  Кольвиц  Арктиканы  зерттеуші  совет  кемелеріне   жол  көрсетіп,  Арктика  орталығына  ауа  жолын  ашты.  Бұдан  кейін  шетелдік  ескі  самолеттердің,  мұз  жарғыш     ғылымда кемелері  көбейді.  Совет  ұшқыштары,  Арктика  матростары,  ғылымдары  тұңғыш  жатқан    Арктика  байлығын:  көмірін,  мұнайын,  алуан  түрлі  металдарын  совет  елінің  игілігіне  жаратты.  Арктика  суынан  алуан  түрлі  аң  ауланды  және  ол   әр  жақты  зерттеле   бастады.  “Челюскин”  жорығының  эпопеясы  дүние  жүзін  таңқалдырды.  Оның  батыр  ұшқыштары:  Сигизмунд  Леваневский,  Иван  Доронин,  Михаил  Водопьянов,  Васили   Молоков,  Никалай Каманин 1937  жылы  22  мартта  О.  Ю.  Шмидт басқарған 4  моторлы   “Н-170” алып  самолетпен  экспедиция  мүшелері   Москвадан Рудольф аралына ұшты.  Басқа самолетпен  ұшқандар-В.  С.  Молоков,  А.  Д Алексеев,  И.  П.  Мазуректер,  екі  моторлы “Н-166” барлаушы    самолетінде-  П.  Г.  Головин.  Бұлар Рудольфке ұшып  келді.  5Май күні   Головин полюске жол барлау  үшін  бірінші болып ұшып,  5  сағаттан  кейін полюсте болды.  21  май күні  Рудольфтан  полюске   ауыр  жүкпен М.  В.  Водопьянов  самолеті  көтерілді.  Оның  бортында  О.  Ю.  Шмидт,  И.  Д.  Папанин,  экспедиция  мүшелері  -  геофизик  Е.  К.  Федоров,  гидролог  П.  П Ширшов,  радист  Э.  Т.  Кренкелдер  бар еді.  Бұлар жерден  алыстап Арктикаға    ішкерлеп    еніп  кетті,  бір сәтті штурман Спириннің полюс деген дауыс естілді.  Водопьянов  самолетін полюске қондырды.  Батыр ұшқыштары 1937  жылы  6  июньде  түнгі сағат 2-де  тұнғыш  рет Солтүстік полюске Совет туын  тігіп,  бірінші ғылми экспедиция  өзінің  қуанышты  митингісін  өткізді.  Митингіден  соң  4  самолет  экспедиция  мүшелері  полюске  қалдырып,  Москваға  ұшып  кетті.

Бұдан  кейін  зерттеушілер  көшпелі   мұз  үстінде  274  күн  жылжи  отырып,  1938  жылдың  19  февральына  дейін,  Арктикада  әр  жақты  зерттеу   сайын  ауа  райы   Москваға  хабарлап  тұрды.  Олар  Москвадан   Солтүстік  полюс  арқылы  Америкаға  ұшқан  В.  П.  Чкалов  пен  М.  М .  Громовқа  көп    көмек  көрсетеді.

Экспедиция  мүшелері  күн-  түн  демей  қалдық  мұзды,  Арктиканы  зерттей берді,  талай-талай  қауіп-қатерге  кездесті.  1938  жылы  1  февраль  күні  экспедиция  орналған  мұз  жарылып,   экспедиция   мүшелері  қалқыған    мұз   үтінде   су  ортасында  қалды,  техникалық  құрал,  тамақ  сақталған    шатырлар  басқа мұздардың үстінде кетті.  Палата  тұрған   жерденмұз тағы  да  жарылды.  Бірақ қажырлы Арктика зерттеушілер    осындай қиын  жағдайда   да  ғылми зертеу  жұмыстарын  тоқтатпады.  Мұндай  жағдайда  самолет көмектесе алмады,  тек  қана  бұларға жәрдемге  “Мурман”  және  “Таймыр”  кемелері  келіп,  оларды  құтқарады.

Я.  С.  Либин,  М.  Е.  Острокин  және   Н.  Т.  Черниговскийлер  бастаған  ғылми-зерттеу  экспедиция  құрлықтан  маңдаған  километр  қашық  жатқан   Арктика  мұзына орналастырылды.  Бұлардың  ғылми табысы  әр  жақты болды.  Осыжолы профессор Я.  Я.  Геккел  Солтүстік Мұзды   мұхиттың  түбіндегі    М.  В. Ломоносов атымен  аталатын  тау жотасын тапты.

Арктиканы  зерттеу  жұмысы  дүние  жүзелік  екінші  соғыстан  кейін  басталып,  полюс  маңы  одан  әрі  зерттеле  берді.  Көптеген  ғылми-зерттеу  станциялары  Арктика  орталығы  орналасып,  әр  жақты  ғылми    зерттеу   жұмысын жұргізді.  Сөйтіп,   Арктика  совет  дәуірінде  ашылып,  оның  таусылмас  мол  байлығы  игеріле бастады.  География ғылым    Арктика жайында біраз мағлұматтарға анық  болды.  Бұл зеркттеулердің   нәтежесінде   Арктиканың  мұз қозғалысы,  мұздың  қалындығы, суының  тереңдігі,  ағысы,  жануарлары  солтүстік жер   магниті,  ауа райы,  мұхит пен теңіздер  түбінің географиялық  жағдайын  тағы  басқалары зерттеліп анықталды.  Дегенмен  полюстің,  Арктиканың  ашылмаған құпия сырлары әлі де көп.   Олар  ашу болашақ ғылымдар-жас патриоттар,  сендердің үлесіңде  қалып отыр.                                                                                                                                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ тарау  Табиғат жағдайлары мен табиғат  байлақтары

 

 

2.1 Жер  бедері 

 

Антарктиданың  жер  бедері  бір-біріне  ұқсамайтын  екі  типке  бөлінеді: мұздық  бедері  және  құрлық  бедері.Геологиялық құрылысы  мен  бедерінің  ерекшелігіне  қарай  Антакрктиданың  батыс  және  Шығыс  болып  екіге  бөлінеді. Шығыс  Антарктиданың  мұз  қалқаны  жағалауда  күрт  биіктеп,  құрлықтың  ішкі  жағына  қарай  жазыла  береді;  оның  орталық  ең  биік  бөлігінің  ( Сов.үстірті  ауданында)  биіктігі  4000м  жетеді де,  негізгі  мұз  айырық  немесе  Шығыс  Антакрктиданың  мұздану  орталығы  болып  табылады.  Батыс  Антарктиданың  биіктігі  2-2.5  мың  метр  үш  мұздану  орталығы  бар.  Жағалауды  бойлай  көбінесе  шельеф  мұздықтарының  (әдетте  теңіз  деңгейінен  30-100 м  биіктікте)  кең  байтақ  жазықтары  жатады.  Олардың  ішіндегі  аса  ірілері  Росс  жазығы(538 мың  км)  мен  Фильхнер  жазығы (483  мың  км).  Шығыс  Антакрктиданың  мұз  астындағы    жер  бедері  биік  таулар  мен  терең  ойыстардпн  тұрады.  Шығыс  Антакрктиданың  ең  терең  ойысы  Нокс  Жағасынан  оңтүстікке  қарай  орналасқан.  Шығыс  Антарктиданың  орталық  бөлігінің  биіктігі  3390 м-ге  жететін  мұз  астында  жатқан  Гамбурцев,  Вернадский  таулары  бар.  Трансантарктида  тауларының (Керкпатрик  тауы4530м)  біраз  жерін  ғана  мұз  басқан.  Королева  Мод  жерінің  жоталары,  Принз-Царлз  таулары  т.б.  Мұздан  жоғары  көтеріліп  тұрады.  Мұнда  әсіресе  Антарктика  түбегінде  таулар көп  жағдайда  мұзды  жарып  шығып  тұрады.  Элсуорт  тауларында  Сентинел  жотасының  биіктігі  5140м-ге  жетеді.  Бұл  Антакрктиданың  ең  биік  жері  Антакрктиданың  мұз  астындағы  жер  бедерінің  ең  терең  ойысы  да  (2555м)  осы  жотаға  жақын  орналасқан.  Антарктиданың  құрлықтық  қайраңы  басқа  құрлықтар  мен  салыстырғанда  төмен  (400-500м  тереңдікте)  жатыр.  Жағалаудағы  табиғат  жағдайлары  ерекше.  Жыныстар  мұздан  жалаңаш  жатқан  үркен  алқаптарды  Антарктида  оазисі  деп  атайды.Олардың ішіндегі  ең  ірілері:  Бангер,  Вестфолль,  Грирсон,  Ширмахер  оазистері  мен Райт  құрғақ  аңғары.Тынық  мұхит  суларының  астында  шоңғалы  түрінде  жалғасады және  одан  соң Жаңа  Зеландия  тауларымен  қосылады.  Екінші  жағынан,  бұл тау жүйесі  құрылымының жалғасы аралдық

Оңтүстік -Антиль  иіні  болады,  бұл  иін  аралдары  ( Оңтүстік  Георния,  Оңтүстік  Оркней  және  Оңтүстік  Шетланд)  чсу  асты  тау  жоталарының  вулкандық  шыңдары  саналады.

         

          2.2 Геологиялық  құрылысы  мен   пайдалы  қазбалары.

 

Антарктида  құрлығы  бүкіл  Шығыс  Азияны,  Батыс  Антакрктиданың  орталығымен  Мэри  Берд  Жерінің  біразын  алып  жатқан  докембрийлік  Антакрктида платформасынан  және  Антарктика  түбегін,  Амудзен және  Беллинсгаузен теңіздерінің  жағалауын қамтитын,  құрылысы  Анд тауына  ұқсас мезозойлық  қатпарлы  белдеуден тұрады.  Антакрктида платформасы Шығыс Антакрктиданың  көп жерін  алып  жатқан  кристалды фундамент (архей)  мен платформаның  шет жақтарында  орналасқан(Трансантарктида таулары мен Мэри  Берд  Жерінің шегінде)көне каледондық  плитадан  түзілген.(Сурет Б)  Антарктида  платформасының  кристалды фундаменті  қалыңдығы  15-20  км-ге  жететін  әр  түрлі  гнейстерден,  кристалды  тақта  тастардан,  мигматиттерден  т.б.  Жыныстардан  құралған.  Бұлардың  арасында  докембрий  мен  төменгі  палеозойдың  интрузивтік  жыныстары ( габбро-анартозит,  чарнокит,  нефелипсиениттері)  жиі  кездеседі.  Фундаменттің  төменднгі  горизонттарын  ортаңғы  және  төменгі  палеозойдың  терригендік  шөгінділері  жауып  жатыр.  Құрамында  төменгі  палеозой  интрузиялары  кең  тараған  плита  фундаментінің  төменгі  ярусы  дорифейдің  гнейстенген  гранит  комплексінен   қалыңдығы  10  км-ге  жететін  жоғарғы  ярусы  рефей  мен  кембрийдің  терригендік  және  вулканоген  шөгінділерінен  тұрады.  Антарктида  қатпарлы  белдеуі  үш  ярустан  тұрады.  Олардың  төменгісі  пермьнің  аяғында  неиесе  тераста палеоздың геосинкльналдық

карбонатты-терригендік  қабатынан(10-12 км),  ортаңғысы  жартылай  платформалық  жағдайда  жаралған  юраның  құрлықтықтық-вулконеген  және  бордың  теригендік теңіз  шөгінділерінен(1-5км):  жоғарғысы  кайнозойдың  платформалық  жағдайында  түзілген  құм  тас пен  конгломерат  қабаттары  аралас  андезит  және  вазальт  лаваларынан(2  км-ге  жуық)  тұрады.  Антарктидада  тас  көмір,  темір  кендері  ашылды,  басқа  да  пайдалы  қазба  кендерінің  белгілері  табылды.  Антарктида  платформасының  геологиялық  құрылысының  канваналық  платформаларға  ұқсастығы  бұл  құрлықта  да  кен  орындарының  ашылуы  бар  екендігін  көрсетеді.

 

 

2.2 Антарктида  сулары   

 

Антарктида  маңайындағы  қайраң  жер  шарының  басқа  бөліктеріне  қарағанда недәуір тереңде( орта  5м)  батып тұр.  Бұл терең бату  сондай-ақ  материктің  шетін қамтитын  кейінгі кездегі төмен түсуімен  түсіндірілуі  мүмкін.  Материктің  қайраң  бетінде оның  ең  көп даму  кезіндегі мұз басу  әрекетінің  іздері  бар.  Материктік  қайраң  көлемінде  Антакрктиданың  шеткі  теңіздері  бүтіндей  дерлік  жатыр. 

Материктік  қайраңның  тіп- тік  беткейі  бір- бірінен  су  асты  жоталары  мен  түбінің  көтерілуімен  қашықталған  тереңдігі  4000-5000 м, солтүстігірег  жатқан  қазаншұңқырларға  апарады.  Неғұрлым  ірі  қазаншұңқырлар – Африка- Антарктика, Беллинсгаузен  қазаншұңқырлар.  Оларды  Африка  Антарктика  жотасы,  Австралия – Антарктида  көтерілуі  Оңтүстік Тынық мұхит көтеріліп  тұр.Суасты  жоталарының  шыңдары  су  бетіне  аралдар  түрінде  шығып  тұр.  Олар  әртүрлі  жастағы  булкандық  құрылыстар  болып  табылады.  Оңтүстік  поляр  суларының  беткі  қабаты  шектен  тыс  төменгі  температуралы  және  тұзды  болуымен  ерекшеленеді.  Қыста  Антарктиканың  Оңтүстік  бөліктерінде  судың  бетіндегі  температурасы   шамамен  -2 С, ал  солтүстікінде  -1С-қа  жуық  немесе  біршама  жоғары.  Жазда  судың  ең  беткі  қабаты  кейбір  жерлерде  тек  +2, +3  градусқа  дейін  қызады.  Біршама  суық  судың  баткі  қабатының  ұалыңдығы  бірнеше  ондаған  метрден  бірнеше  жүздеген  метрге  дейін  ауытқиды. 

Жоғарғы  ендіктегі  батыс  ауа  ағыстарының  басым  брлуына  байланысты  Антарктида  батыстан  шығысқа  қарай  судың  үнемі  жылжуы  болады .  Жердің  айналуынан   ауытқу  әсерінен  бұл  беткі  ағыстар  солтүстік  ағыстарды  да  алады,  сондықтан  судың  бір   бөлігінің   үнемі  солтүстікке  қайтуы  болады.  Осыған  байланысты   кейбір  тереңдікте  Антратикаға  біршама  жылы  су  әкелетін 

компенсациялық   ағыстар  түзіледі.  Бұл  сулар  тұрақты  температурасы +1,+2С-қа  жуық  мұхиттық  Антакрктида  суларының  орташа  қабатын  түзейді.  Бұл  қабаттан  төмен  ең  түбіне  дейін  температурадағы,  тіпті  біршама  төмен  суық  су  таралады.

Антарктика  суларына  жаз  уақытында  жүзуді  қиындататын  және  қыста  оны  мүмкін  емемдерліктей  қылатын  биік  толқындар (10-15 м),  теңіз  даукылы,  қар  басқынына  тән.  Оңтүстік  Мұхит – Дүние  жүзілік  ең  толқыны  күшті  бөлігі.

Антарктика  суларында  кеме  қатынасына  жүзіп  жүрген  мұздар  үлкен  қауіп  туғызады.  Олар  теңізден  және  континенттен  пайда  болады.  Теңіз  мұздары  қысқы  уақытта  күшті  теңіз  дауылымен  қар  басу  жағдайында,  әсіресе  беті  тегіс  мұз  түрінде  қалыптасады.  Теңіз  мұзы  оның  жиегі  55 оңтүстік  ендікке  дерлік  жеткен  кезде,  қыркүйек-қазанда  неғұрлым  алыс  солтүстікке  тарылады.  Жазда  теңіз  мұздары  ериді,  оның  жиегі  материктің  өзіне  дейін  шегінеді. Материктік  мұздықтардың  немесе  Шелефті  мұздардың  Антакрктика  екі  түрі  төрткүл  және  перамидалы  түрі  қардан  көпірлер  жатқан. Мұндай  көпір  жарықты  жасырып  қалады және  сондықтан  үлкен  салмақты  көтере  алмайтындықтан  айрықша  қауіпті,  кейде  тіпті  адамның  салмағымен  де  сынып  кетеді.

Антарктикалық  мұздықтар  немесе  тегіс  мұздықтар  теңізге  түседі  немесе  кейбір  жерлерде  биіктігі  бірнеше  ондаған  метрге  жететін  тіп-тік  құламалар—тосқауылдар  түзейді.  Мұндай  құлама  шельефті  немесе  материкті  мұздықтар  көп  жерлерде  оларға  теңіз  келе  алмайтындай  қылып,  Антарктида  жағалауын бойлай  жүздеген  километрге  созылады.  Мұз астындағы рельефтің төмендеуімен  мұз ішкі  аудандарынан  мұхитқа сырғып  түседі.  Бұл су  “шығарушы”  мұздықтар мұзының қозғалыс  жылдамдығының жылына  1000-1500 м дейін  жетеді. Мұз  қорларының  үздіксіз  толығуы  атмосфералық  жауын-шашын  есебінен  жүреді.  Еру  есебінен  су  шығыны  мардымсыз.  Зерттеулер  көрсеткендей,  қазіргі  уақытта  Антакрктиданың  мұз  жамылғысы,  бұрын  жорамалдап  жүргендей  азайған  жоқ,  тепе-тең  түйінде  тұр.  Тіпті  материктің  ішкі  бөліктерінде  мұз  массаларының  кейбір  ұлғаюы  жүруі  мүмкін. 

Мұз  басудың  шеткі  алқаптарында  антарктикалық  оазистер  деп  аталатын  мұздан  бос  аудандар  бар.  Кейде  ауданы  жүздеген  шаршы  километр  аудандарды  алып  жатқан  бұл  оазистерді  барлық  жаңынан  мұз  қоршап  тұр.  Олардың   бетінде  жаз  уақытында  қар  жоқ  және  мұз  баспаған  еріген  қар  суының  көлдері  кездеседі.  Жердің  нағыз  бетіндегі  ауа  температурасы  жағымды  болады,  ал  бірнеше  метр  биіктікте  шұғыл  төмендейді.  Құрлықтың  жекелеген  көтеріңкі  учаскілерін  мұздың  орағыта  ағуы  оазистердің   пайа  болуына  себеп  болады  деп  жорамалдайды,  материктік  мұз  басудың  шеткі  алқаптарының  кейбір  аудандарында  оазистердің жан-жақты  дамуы   мынаған  байланысты,  онда  мұз  басу  материк  орталығынан  мұз  массасының  механикалық  кемуіне  байланысты  ғана  болады.

Оазистердің,  мұз  бюаспаған  тіп-тік   тау  беткейлерімен  құламаларын  зерттеу  сондай-ақ  гравиметриялық,  сейсмикалық  және  магниттік  зерттеулер  тасты  Антарктиданың  геологиялық  құрылыстары  мен  рельефтің  бақылауға  және  оның  оңтүстік   жарты  шардың  құрлықтарының  басқа  бөліктерімен  байланысы  туралы  қорытынды  жасауға мүмкіндік береді.

Климаты

Жер  бетінде  ешбір  жерде  бүкіл  жыл  бойында  төменгі  температураның  осындай  тұрақтылығы  байқалмайды  және  Антарктика  матаригі  сиақты  осындай  төмнгі температура  ешбір  жерде  тіркелген  жоқ.  Антарктиканың  өзінің  климатын  қалыптастыруға  ғана  емес,  сондай-ақ  оңтүстік  жарты  шардың   үлкен  бөлігінің  климатын  қалыптастыруда  да  дүние  жүзіндегі  суықтың  аса  ірі  көзі  болып  табылатын  материктік   мұз  басу  үлкен  роль  атқарады.  Антарктиданың  мұз  бетінің   күн  сәулесін шағылыстыруда зор мүмкіншілігі  бар.  Ұзақ  поляр күні  бойында материктің  үстіндегі   жиынтық радиация  экваторға жақын,  алайда  оның  90 -і қайтадан  атмосфераға шағылысады.  Қыста бірнеше ай  бойы  Антарктиданың ішкі  аудандарында  поляр түні  үстемдік  етеді.  Осының  барлығы  материктің  радиациялы  шұғыл  теріс  балансына  себепші  болады.

Информация о работе Антарктиданың табиғаты