Антарктиданың табиғаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2012 в 15:19, курсовая работа

Описание работы

Ертедегі гректер солтүстікте туатын Жетіқарақшыны “Арктикос”- деп атап, кейінен бүкіл солтүстік өңірді Арктика деп атаған. Ал оған қарама-қарсы жатқан Оңтүстік өңірді Антарктика деп атаған. Бұлардың дәл ортасында біздің планетамыздың солтүстік және оңтүстік нүктелерін (полюстері) жатыр. Осы екі 90 полюстерде барлық ойша жүргізілген географиялық меридиандар түйісіп, нүктеге айналады.
Антарктида-Арктиканың орталық бөлігін алып жатқан Оңтүстік полярлық полюс құрлық. Антарктида жер шарының оңтүстік поляр аймағы болып табылатын Антарктиканың орталығында орналасқан бірден-бір материк.

Содержание работы

Кіріспе.....................................................................................................................3
І тарау Антарктиданың ашылу тарихы
1.1 Географиялық орны........................................................................................5
1.2 Антарктиданың зерттелуі...............................................................................8
ІІ тарау Табиғат жағдайлары мен табиғат байлықтары
2.1 Жер бедері........................................................................................................19
2.2 Геологиялық құрылысы мен пайдалы қазбалары........................................20
2.3 Антарктида сулары.........................................................................................21
2.4 Антарктида климаты.......................................................................................23
2.5 Фаунасы мен флорасы..................................................................................24
ΙΙΙ тарау Антарктиданың экологилық проблемалары
3.1Антарктиданың қазіргі экологиялық проблемалары...................................28
Қорытынды.........................................................................................................30
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,.......................................31
Сурет А....................................................................................,,,,,,,,,....................32
Сурет Б.........................................................................................................,,,.......32
Сурет В..............................................................................................................,,,,,33
Сурет Г...................................................................................................................33

Файлы: 1 файл

курсовая работа антарктида.doc

— 279.50 Кб (Скачать файл)

Мұз  массивтерінің  біршама  жылы  мұхит  бассейндерімен  көрші  жатуы  оңтүстік  жарты  шарда  бүкіл  жыл  ішінде  атмосфераның   күшті  айналым  жасауы  үшін  жағдай  туғызады.  Антарктиданың  мұздық  жамылғысының   үстінде  мұз  бетіндегі  ауаның  тұрақты  немесе  күшті  салқындауымен  байланысты  Антарктидалық  максимум  бар.  Суық  ауа  массасы  биік  орталық  үстірттен  жинала  келіп,  материктің  шетінде аса   күшті ағынды  оңтүстік-шығыс желін туғызады.  Максимум  шетін бойлай  әлсіз шығыс желі  басым келеді.  Материк айналасындағы мұхит үстінде біршама төменгі қысымдағы және  тұрақты батыс желдері басым циклондық әрекет  зонасы  жатыр.  Антарктика  максимумының  үстіндегі  біршама  шағын  биіктерде  поляр  маңындағы  депрессия  бар,  ал  көтерілген  ауа  ағыстары  басым  болатын  циклондық  шеңбер  үстінде  биік  максимум  түзіледі.  Атмосфераның жоғарғы  қабаттарында  қысымның  бұлай  таралуы  мұхиттан  материкке  біршама  жыл  және  ылғалды  ауа  ағынын  қамтамасыз  етіп,  мұз  басуға  су  беретін  жауын-шашын  жаууына  себепші  болады.

 

                                      2.4 Антарктида климаты

 

Антарктиданы  қоршаған  су  бассейндерінің  үстінде  әрқашан  да  төмен  бұлттылық, тұман, күшті  жел  мен  қар  жаууы  үстем.  Антарктика  иатеригінің  ішкі  бөліктерінде,  оның  шығыс  секторында  өте  төменгі  температурадағы  ашық  және  шуақ  ауа  райы  басым  болып  келеді. Совет зерттеушілері қыс уақытында Восток  станциясында – 83,3С температураны тіркеді. МГГ кезеңінде жұмыс істеген советтік  Пионер  станциясы үшін  шілденің  орташа  температурасы- 50С,  тамыздың  орташа  температурасы-52С құрайды.  Шілденің  орташа  температурасы -60-70С, ал  ақпанда- 20С -тан  төмен.(Сурет В)  Материкте жаз уақытында 0С-тан температура 3-4С жоғарылайды,  бұл кезде өте күшті инсоляция болатындықтан,  ашық  ауа райымен байланысты  болады.  Егер  материктің  шеті  жазда  циклондық  әрекет  ықпалына  ұшыраса,  бұл  әрқашан  суық  түсу  және  қар  жауумен  бірге  жүреді.  Тұтастай  алғанда  мұхиттық  шеңбер  материктің  шет  бөліктеріне  қарағанда  жаз  уақытында  едәуір  суығырақ,  ал  қыста  жылырақ.

 

2.3   Фаунасы  мен  флорасы.                             

Антарктиданың  үлкен  бөлігі  өсімдік  жамылғысы  жоқ,  сондай-ақ  тұрғылықты  жануарлары  да  шөл  болып  табылады.  Антарктиканың  өсімдіктері  материктің  тек  біріңғай  шет  жақтарында  және  субантарктикалық  аралдарда кездеседі,  ал  бай және  өзіндік жануарлар дүниесі ең  алдымен антарктикалық су  бассейндерімен,  ішінара материктің  шеткі алқаптарымен  байланысты. 

Антарктика  мен  оған  жанасып  жатқан  басқа  материктердің  бөліктері  айрықша  флора  патшалығына  бөлінеді.  Мезозой  уақытындағы  Антакрктика  материгі  флорасы  қалыптасуының  ірі  орталығы  болып  саналды,  алайда  климат  жағдайының  өзгеруінің  басталуы  оның  шұғыл  кедейленуіне  және  солтүктікке  миграциялануына  әкелді.

Жер  бетіндегі өсімдіктерден материктің  өзінде  мүк,  қына,  аласа балдыр,  саңырауқұлақ  пен бактериялар кездеседі.  300-ге  жуық  түрі  бар қына  неғұрлым  бай болып саналады.  Оны құрлықтың мұздан  босаған барлық  учаскілерінен кездестіруге  болады.  Сондай-ақ  мүк  те  недәуір  кең  тараған,  әсіресе  тіпті  шымтезекті  шағын  батпақтар  түзілетін  аралдарда  тараған.  Антарктида  да  мүктің  небары  75-ке  жуық  түрі  бар.

Тұщы  суда  еритін  балдырлар  жаз  уақытында  суаттардың  бетіне,  сондай-ақ  жазда  күннің  көзіне  еріген  қар  бетіне  орнығады.  Қызыл,  жасыл  және  сары  балдырлардың  шоғырлануы  су  бетінде  қызыл  дақ  жасайды.  Тым  ұсақ  балдырлардың  шоғырлануы  алыстан  көгалдарды  еске  түсіреді.

Гүлді  өсімдіктер  материкте  жоқ.  Жоғарғы дамыған өсімдіктердің ең  оңтүстіктегі  орны  Антакрктика түбегіндегі 64  оңтүстік  ендікте жатыр.  Онда  жатаған өсімдіктердің 10  түріне  дейін оның  ішінде  астық тұқымдас  селдірек  өсімдігі  және  ұсақ  ажарсыз гүлді солғын  жасыл  жапырақты  қалампыр  тұқылдас  колобантус  тараған.  Кей  жерлерде  олар  ұсақ  шалғындар  түзеген.  Аралдар  өсімдіктерге  недәуір  бай.  Онда  гүлді  өсімдіктердің   жиырмадан  астам  түрлерін  кездестіруге  болады,  олардың  ішінде  дәмді  және  жұғымды  көкөніс  әрі  құрқұлақ  ауруына  ем  кергелен  капустасы   бар.  Сондай-ақ  қой  үшін  жақсы  азық  болып  табылатын  қоңырбас  тұқымдас  дәнді  өсімдік – туссок  кең  тараған.  Аралдардың  барлық  өсімдіктері-- шөптесін  өсімдіктер;  олардың  жапырақты  түссіз  дерлік,  өйткені  тозаңдануды  насикомдар  ғана  емес,  жел  жүргізеді.  

Антарктика жер бетіндегі   жануарларға кедей . Жер бетіндік сүт қоректілер  онда жоқ, алайда кейбір құрттар, төменгі сатыдағы шаян тәрізділер мен қанатсыз насекомдар кездеседі. Қанаттарының жоқ болуы аймақта  күшті жел соғуымен және насекомдардың ауаға көтеріле алмауымен түсіндіріледі. Антрактика аралдарында қоңыздардың , өрмекшілердің, тұщы сұда тіршілік ететін малюскалардыңбірнеше түрлдері, ұшпайтын көбектің бір түрі табылды. Тұщы су балықтары жоқ.. Құстардан құрлықта  өмірсүретін ақ ржанка, конек, Оңтүстік Геграфия аралында ұя салатын үйректің бір түрі белгілі.  

Антрактиканың жер  бетінің  фаунасы осындай кедей болғанымен, теңіздегі және жартылай құрлықтағы жануаларға бай. Омыртқасыздардан сүт қоректілердің, құстар мен балықтардың негізгі азығы болып саналатын ірі шаян тәрізділер (криль) айрықша көп. Ірі медузалар (150кг дейін) қызықты. Көптеген балық нототенді және ақ қанды шортанның эндемиялы  тұқымдастарына жатады. Сүт қоректілердің ішінде ескек аяқтылар мен киттер көп кездеседі. Есекаяқтыларға қазіргі әртүлі түлендер мен құлақты түлендер жатады. Қазіргі түлендердің ұзындығы 3 метрге жететін Уэделл түлені көп таралған. Ол жылжымайтын мұзды алқаптарда тіршілік етеді.  Түлендердің басқа түрлері көбінесе  көшпелі мұздарда  кездеседі.  Туленнің  ең  ірісі- теңіз пілі-қазіргі уақытта күшті құртылып жіберілген,  алайда  оны кейде субантарктикалық аралдарының жағалауларынан  көруге  болады.

Осы  жануарларға   толығырақ  тоқталып  кеткенді  жөн  көрдім.  Антарктиканың жануарлар  дүниесін-оның  тіршіліксіз  жағалауларын  жандандырып  тұрған  пингвиндерсіз  елестету  қиын.  Мұнда  олардың  17-ден  астам  түрлері  бар.  Анағұрлым  көп  тарағандары  Адели  мен  императорлық  пингвиндер  дейтін  түрлері.  Императорлық  пингвин,  сөзсіз,  өте  ерекше  және  қызық  құс.  Арстан  Африкаға  қаншалықты  сай  келетін  болса,  ал  кенгру  Австралияны  еске  түсірсе,  императорлық  пингвин (Сурет Г)  де  өзінше  Антарктиканың  символы  болып  табылады.  Императорлық  пингвиндердің-биіктігі  120  см  және  салмағы  40-50 кг-ға  жететін  ірі  құстар.  Адели  пингвиндерінен  олардың  денелерінің  ірілігімен,  байсалды  пішінімен  тіпті,  түсінің  өзгешелігімен  де  ажыратуға  болады.  Олар  қандай  күшті  қатерден  болсын  тайсалмауымен   үлкен  құрметке  бөленген.  Мұны  құстың  жай  ақымақтығы  немесе  қауіпті  бағаламауы  деп деп  айту  дұрыс болмас  еді.  Бұл  пингвиндерді  олардың  қас  жаулары-теңіз  қабыландарының  қасынан  жиі  көруге  болады.  Пингвиндер  жыртқыштан  белгілі  бір  ара  қашықтықты  сақтап,  бірақ  онша  жақындамай  отырады.  “Императордың”  аппақ  омырауы  әр  уақытта  мұнтаздай  тап-таза,  ал  қара  көк  басы  мен  арқасы  жылтырайды  да  тұрады.  Қатқыл  кетірі,  қуатты  табандары  үшкір  мұздарының  адыр-бұдырлы  мен  күртік  қарлардың  үстінде  жүруге  бейімделген.

Су  ішінде  императорлық  пингвиндер өзінің  маңғаз  қалпын  жоғалтып,  шаттанып,  бір-бірін  қуалап ,  шапшаң  жүзеді.  Олар  су  астында  бүйірлеп,  тіпті,  шалқайыпты  та  жүзеді.  Ұсақ  шаяндар  мен  балықтарды  қорек  етеді.  Императорлық  пингвинге  жұмыртқа  басып,  балапандарын  өргізуге,  олардың  мұхит  саяхатына  дайындау, Антакрктика  жағалауындағы  жаз  айларындағы  қайнаған  өмірге қосу  үшін  антарктикалық жаз жетпейді.  Сондықтан императорлық  пингвиннің  ұрғашысы  жұмыртқаны  қыста шілдеде-тамызда,  ең  суық  аязда салады. 

Пингвиндер  балапандарын  бірігіп  асырайды.  Болашақ  ұрпақты  тәрбиелеуге  барлық  ересек  құстар  қатысады.  Балапандар  жұмыртқадан  үстін  жүнге  ұқсас  өте  жылы  мамық  жауып,  көздері  көретін  болып  шығады.  Бірақ  олар  бір  шама  тез  өседі,  бірақ  қанаттары  өте  баяу  қатаяды,  суға  жаздың  аяғы ақпанда  ғана  түседі.  Пингвиндердің  қауырсыны  ұсақ,  қабыршақ  тәрізді,  құстың  қауырсынына  ұқсамайды  тек  құйрығында  ғана  ол  сирек  сирек  қауырсынға  ұқсайды,  бірақ  қауырсының  өзегі  қатты  болып  келеді.

Байсалды,  тіпті  жабығыңқы  императорлық  пингвиндерге  қарама-қарсы  Адели  пингвиндері  көңілді  және  үйірсек  мінездерімен  ерекшеленеді.  Олардың  көңіл -күйі  үнемі  жақсы  әр  дайым  білуге  құмар  айналамен  танысады,  ештеңеге  сұрамсақтанбайды, бұл жерде оларға  азық  мол,  барлығын  байқап  жүреді,  сонымен қатар өзінде  қорғай  біледі.  Бөтен бірдеңе олардың ұясына  келуі ақ  мұң,  олар  барлығы бірігіп қуыр  жібереді. Олар  бірнеше рет шаңғышылардың жолдарын  бөгеп,  өжеттене  тап  берді.  Шаңғышылардың шегінуіне тура  келді.  Бұл пингвиндердің мекені  үнемі құрлықта  болады,  тіпті бұл құрлық  жартылай  мұздап,  қар басса да  осы жерден  кетпейді.  Аделькилер  оларды  осыдай  деп атайды, олар  үнемі 2  жұмыртқа  салады.

Пингвиндер  материк  жағалауларына  жазда  келеді,  мұхитта  қыстайды,  ал  ұя  басуқа  төмен  жатқан  аралдарды  таңдап  алады.  Олар  күннің  көзін  сүйеді  және  көзі  жақсы  түсіп,  жылу  мол  келіп  тұратын  жерлерге  тұруға  тырысады.  Аделилер  жары  тік  ,  бірақ  онша  биік  емес  құздарынының  баурайларына  шыққанда  аяқтарын,  жарғақ  қанаттарын  бәрін  іске  қосады.  Ұяның  айналасы  тәулік  бойы  ызы  шу,  тым  қуыт  болып  жатады.  Біреулері  теңізден  жем  саулары  толы  болып  келіп  жатады,  басқалары енді  теңіздеге барып жатады,  ал  үшіншілері  өздерінің балапандарын  көпшілік  бөлігі  екеуден ал азғантайдан немесе  біреуден  түнге қыздырады. 

Олардың  ұяларының  жанында  сағаттар  бойы  отыруға  фото  түсуге,  суретке  салуға,  ересектері  мен  балапандарын  санауға  немесе  жай  ғана  бақылау  жүргізуге  болады.  Пингвиндердің  ұясы  адам  таңданарлықтай:  ұсақ  тастың  кесектерінен  жасалған  білік  ішінде  қыұстың  ұясын  жылатын  ештеңе  жоқ.  Пингвиндер  тобымен  мұздың  жиегіне  барып  қайтады.  Оның  теңселе  жүрістері  күлкілі.  Олардың  ұйымшылдың  сезімі  жақсы  дамыған.  Алдында  келге  жатқан  пингвин  қалып  қалып  қойған  жоқпа  дегендей  мезгіл-мезгіл  тоқтап,  артына  қарайды.  Егер  тізбек  тым  созылыңқырақ  кетіп,  артта  келе  жатқан  қалып  қойса  онда  бастаушы  да  тоқтайды. Біртіндеп  артта  қалып  қойғандары  қуып  жетеді  де  бастаушы  керуен  одан  әрі  жол  тартады.  Алайда  алдында  келе  жатқан  жетекші емес;  мезгіл-мезгіл  басқа  пингвин  қуып  жетеді  де  орнын  алады.  Оған    сөзсіз  басқа  пингвин  бағынады. 

Еркек  шағала  жұмыртқадан  балапанын  жарып  шыққанша,  ұрғашысын  азықтандырады.  Ұрғашысы  тамақты  талап  етіп,  еркегін  пингвиндерді  өлтіруге  кәсіп  етуге  тонауға,  кәсіп  етуге,  алып  теңіздерге  ұшуға  мәжбүр  етеді  және  ызалана  шаңқылдайды. 

Еркегі  қанаттарын  қомдап,  ұядан  алыстау  бір  тұсқа  қонады,  ұрғашысы  сол  сәтте  оған  тап  береді.  Бұл  құс  бір  тастан  екінші  тасқа  секіріп,  жүнін  үрпійтіп,  аузын  арандай  ашып  тамақты  талақты  талап  етеді.  Шағала  балықты  құсып  үлгергенше  оны  ұрғашысы  оған  бас  салады.  Олжаны  беруге  асықтырып,  оның  еркегінің  мойнын,  басын  шоқыйды. 

Құстардың  жеп  көріп  кетуі  мүмкін  еді,  бірақ  олардың  белсенді  күресіне  сол  үшін  ететін  ерліктеріне  сүйсінесің.  Қарқара  бас  шағалалар  ерекше  батыл  құс.  Теңіз  құстары  пингвиндер  ұясының  үстінен  ұшып  өткенде  пингвиндер  бастарын  шайпап  ызаланып,  тұмсықтарын  төкеріп  қояды. 

Егер  бір  пингвинің  ұясынан  бір  жұмыртқасы  домалап  кетсе  шағала  пингвиндердің  ортасына  төмендеп  келіп,  жұмыртқаны  іліп  әкетеді.Содан  кейін  теңіз  құстарының  балапандары  дүниеге  келеді.  Бірде-бір  балапан  екінші  балапан  үш  күннен  артық  өмір  сүрмейді.  Жұмыртқаны  бірінші  болып  тесіп  шыққан  балапан  өзінің  салмағы  мен  күші  арқасында  ата-енелері  әкелген  тамақтың  басым  көпшілігін  жеп  қояды,  сондықтан  ол  сол  сәттен  көрші  шағалалар  жеп  қоятын  өз  бауырын  ұядан  итеріп  түсіреді.  Аман  қалған  балапанды ата-енесіне үнемі көзінің қарашығындай  сақтауға  тура  келеді.  Шағалалардың  балапандары қатайып алып,  ата-енелерінен  азықты  өздері  табандылықпен талап ете бастайды.  Олардың қаталдығы мен ашқарақтылығына тек таң қалуға  тура  келеді.  Шағалалар  тек  пингвиндердің  жұмыртқалары  мен  ғана  емес,  сонымен  қатар  олардың  балапандарымен  де  қоректенеді.  Үлпілдеген  сұр  пижама  киген  пижама  кішкентай балаға  ұқсайтын  пингвин-балапандар  қалың  мамықтарын  тастаған  кезде,  олар  колонияда  әрлі-берлі  жүгіріп  аянышты  аш  дауыстарымен  шаңқылдайды,  қысқа  аяқтарымен  зымырап  келе  жатып,  сүрініп  құлап  бастарын  соғып  алады.  Мекенінен  жүгіріп,  алыстап  кеткен  кей  сәттері  ол  шағаланың  құрбаны  болады.               Теңіз қабыландары.  Жағаға  жақын,  мұз сынып жатқан  жерге пингвиндер  жиналады.  Олар  сеңге өрмелеп шығып,  онымен  жағаға  дейін өрмелеп келеді  де,  жүзеді.  Тойып алғаннан  кейін қабылан тағы  да  дыбыссыз  суға  сырғанап  түсіп  кетті.  Осы  кезде  отыз  шақты  пингвин  суға  секіріп.,  дельфинше  сүңгіп  шаяндарды  аулай  бастаған  еді.  Шаяндардың  көптігі  сондай  тіпті,  теңіздердің  кейбір  жерлерінде  қызылт  сары  дақ  басқандай  көрінеді.  Пингвиндер  шаяндардың  өздері  түсуі  үшін  ауыздарын  ашу  ғана  қалды.  Бірақ,  қабылан  қайтадан  шабуылға  көшті.  Қабылан  өзіне  құрбандықты  таңдап  алып,  біреулердің  артынан  қуды.Пингвиндер  бұрылып  шыр  айналып  қашты.  Жыртқыш  әбден  тояттап,  суда  ұзақ  уақыт  қозғалыссыз  жатты  да,  одан  кейін  тереңге  сүңгіп  кетті. 

Киттің  пульсі.  Антарктида  суларының  зерттеушілері  едеәуір  тереңдікке  гидрофандар  түсіріп,  әр  қандай  мотордың  бір  қалыпты  ырнғағына  ұқсас  бір  дыбыс  ұстады.  Ғалымдар-мотор  мұрты  кит финвал,  ал  бір қалыпты оның  соғып тұрған  оның  жүрегі  екенін  анықтағанша көп уақыт жоғалтты.  Теңіз алабының  денесінің денесінде 8  тонна қан бар.  Осы қанды қозғалыста  тұратын “насос” қандай  болмақ?  Финовалдың  жүрегінің салмағы  200-250  кг.  Жүрек  оның  аттың  күшіндей  тең  қуат  береді.  Бірақ қалайша   киттің  жүрегі  үлкен  үзіліспен  жұмыс  істейді?  Мәселен,  мұртты  киттердің  жүрегінің  дыбысының  әрдайым  ұстай  бермейміз,  ол  тек  алыртың  аузы  ашық  жатқан  кезде  қана  естуге  болады.  Ал  аузын  тек  таяқтау  үшін  ғана  ашады.  Былай  айтқанда,”түскі  тамақ”  кезінде  ғана  Аузы  жабық  кезінде  киттің  жүрек  соғысын  оны  көптеген  салмағы  бірнеше  салмағын  жұтып  қояды. 

Антарктиданың  қазіргі  кездегі  зерттелуі XX  ғасырдың  бірінші жартысында  АҚШ,  Ұлыбритания,  Австралия және  басқа мемлекеттер Антарктиданы  зерттеу жөнінде арнайы  экспидиция  үйымдастырды.  Әрбір ел   өзінің  мақсатын  көздеп  жеке  әрекет  етті.  Зерттеулер  негізінен жағалауда  жүргізілді,  ал  материктің  ішкі  аймақтпры еміс-еміс  белгісіз  болып  қала  берді. 

Тек  халықаралық  геофизикалық  жүйеде(1957-1958  жылдары)  өткізілуіне  байланысты  дүние  жүзінің  он  екі  мемлекеті  бірлесіп  зерттеу  және  өзара  хабарлар  алысу  қажет  деп  шешті.  Кеңес  одағы  бұл  жұмысты    жетекші  орындарының  бірін  алды.  Кеңестік  экспедициялар  жоғарғы  ғылыми  және  техникалық  деңгейде  ұйымдастырылды.  Оларды  ұйымдастыру  үшін  Арктиканы  зерттеу  мен  игеруде  жинақталған бай практикалық тәжірбие  пайдаланады.  Халықаралық геофизикалық  жылдың  басталуы  қарсаңында  Кеңес одағының  Антарктидадағылыми  станциялары мен жұмыс тәжірбиесі  болмағанына қарамастан,  біздің  зерттеушілеріміз  континенттің  ішкері  жағына  батыл  саяхаттар  жасады. 

            

           ΙΙΙ Тарау Антарктиданың экологиялық  проблемалары

       

           3.1 Антарктиданың қазіргі экологиялық  проблемасы

 

 

Ғаламдық проблемаларды  ерекше білім саласы - глобалистика зерттейді. Аталған ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты және барлығы іс жүзінде жердегі экологиялық дағдарыстың даму процесімен қамтылады. Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, өйтпесе оның дамуы апатқа - өркениеттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық проблемаларды шешу үшін ғаламдық, аймақтық , ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді. Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды. Өйткені басқа проблемалардың ішінде ғаламдық экологиялық проблемаларды ең артықтау проблема деп санайды.Ғаламдық экологиялық проблемалар - ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені. Зор геосаяси проблеманың экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, Әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы және т.б. Олар тек қана барлық елдердің қатысуымен, БҰҰ-ның басқаруымен шешілуі мүмкін. Экологиялық проблемалардың ғаламдығы оны шешу үшін барлық елдердің жігерін жұмылдыру қажеттігін тудырып отыр; қарудың барлық түрлерін азайтпай экологиялық дағдарыстан айырылу мүмкін еместігі; биосфераның жалпыға ортақ ластануына қарай ядролық соғыс ғана емес, тіпті жай соғысты жүргізудің мәнсіздігі; қазіргі өркениеттің технологиялық құрылымын қайта құру, өмір негізі болатын табиғатпен өзара іс-әрекеттің жаңа сапалы әдістері мен құралдарын жасау; қоршаған ортаны қорғау проблемасы бойынша БҰҰ органдары жұмысының тиімділігін арттыру және оларгаОзоносфераның бұзылуы орны толмас жағдайларға, тері ісік ауруының күрт көбеюіне, көз катарактасына, жүйке жүйесінің әлсіреуіне, мұхиттағы планктонның жоғалуына, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің мутациясына алып келеді. 1980 жылдары Антарктидадағы ғылыми жұмыс станцияларында жүргізілген зерттеулерден атмосферадағы озон құрамының төмендегені байқалған. Осы құбылыс- «озон тесігі» деген атау алды. 1987 жылдың көктемінде Антарктиданың үстіндегі «озон тесігі» барынша үлкейіп, оның ауданы шамамен 7 млн км2 -ді құрады, яғни, ауадағы мөлшері қалыпты нормадан 30-50%-ға төмендеген. Антарктидадағы бұл құбылыс қыркүйек- қараша айларында байқалып, маусымның басқа кездерінде озонның мөлшері нормаға жақын болады. Кейін анықталғандай, атмосферадағы озонның мөлшері Солтүстік жарты шардың орта және жоғары ендіктерінде қыс-көктем (қаңтар-наурыз) айларында, әсіресе Европа, АҚШ, Тынық мұхит, Ресейдің европалық бөлігінде, Шығыс Сібір, Жапония үстінде жылдан- жылға азайып келеді. 1992 жылы Оңтүстік Америка құрылығы мен оған жақын кеңістіктерде озон құрамының айтарлықтай төмендегені (50%-ға) тіркелді. 1995 жылы көктемде Арктиканың озонды қабаты шамамен 40%-ға дейін азайған. Сонымен бірге Канаданың солтүстік аудандарында және Скандинавия түбегінің, Шотландия аралдарының, Қазақстанның, Якутияның үстінде «мини-тесіктер» қалыптасқаны тіркелген. Озон қабатының бұзылуы, яғни, «озон тесігінің» пайда болуы биосферада елеулі өзгерістер тудыруы мүмкін. Сондықтан бұл жағдай күрделі экологиялық мәселенің бірі. Озон қабатының бұзылу процесіне ғарыштық аппараттар, дыбыстан да жылдам ұшатын ұшақтар және ондағы толық жанып бітпеген отын өнімдері және ядролық жарылыстардан бөлінген заттар әсер етеді. төтенше өкілеттік беру.

Информация о работе Антарктиданың табиғаты