Қазіргі мектептегі сынып жетекшісінің ата – аналармен жүргізу жұмысы түрлері, мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2015 в 17:31, курсовая работа

Описание работы

Әрбір отбасы (жанұя) бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.
Жанұя, отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің ұзақтығы мұраладың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын игерді. Сондықтан үйелмендік өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.

Содержание работы

Кіріспе
I. Педагогика ғылымындағы сынып жетекші жұмысы туралы теориялық негіздер
1.1 Жалпы білім беретін мектептерде тәрбие жұмысы
1.2.Мектептегі сынып жетекшісі жұмысының мазмұны мен түрлері
1.3. Сынып жетекшінің тәрбие жұмысын жоспарлау

II. Қазіргі мектептегі сынып жетекшісінің ата – аналармен жүргізу жұмысы түрлері, мазмұны
2.1 Оқыту процесінде сынып жетекшісінің мұғалім және ата-аналармен бірлесіп жүргізетін жұмыстары
2.2 Сынып оқушыларының тәрбиелік дағдысын қалыптастырудағы ережелерді ата-аналардың ынтымақтастық формаларда жүргізілуі

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Педагогика курсовой.docx

— 61.17 Кб (Скачать файл)

                                             Жоспар 
 
Кіріспе 
I. Педагогика ғылымындағы сынып жетекші жұмысы туралы теориялық негіздер 
1.1 Жалпы білім беретін мектептерде тәрбие жұмысы 
1.2.Мектептегі сынып жетекшісі жұмысының мазмұны мен түрлері 
1.3. Сынып жетекшінің тәрбие жұмысын  жоспарлау 
 
II. Қазіргі мектептегі сынып жетекшісінің ата – аналармен жүргізу жұмысы түрлері, мазмұны 
2.1 Оқыту процесінде сынып жетекшісінің мұғалім және ата-аналармен бірлесіп жүргізетін жұмыстары 
2.2 Сынып оқушыларының тәрбиелік дағдысын қалыптастырудағы ережелерді ата-аналардың ынтымақтастық формаларда жүргізілуі 
 
Қорытынды 
Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               Кіріспе 
 
      Республика экономикасының өркендеуі кезеңіндегі жалпы білім беретін мектептерінің педагогикалық проблемаларын айқындау, жас буынды оқыту және тәрбиелеу процестерін жетілдіру тәсілдерін көрсету, оны іске асыру аса маңызды педагогикалық проблема болып отыр. Мектеп — өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің бүкіл жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп ешуақытта ата-аналардың қоғамнан бөлініп, өз бетінше жеке дербес мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен табиғи байланысты. Міне, мектептің тәрбиелік функциясы осында.

Мектептің тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру ролін атқарады. Ол ішкі тәрбие процесін басқарып қана қоймай, сонымен бірге мөлтек аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан мектеп оқушыларымен тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың жеке адамның дамуында және қалыптасуында класс жетекшісінің негізгі функциясы ата-аналардың ықпалын үйлестіріп, біріктірудің орталығы болып табылады.

Әрбір отбасы (жанұя) бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. 
Жанұя, отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің ұзақтығы мұраладың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын игерді. Сондықтан үйелмендік өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. 

Сынып жетекшісінің жұмысы оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені, бала тәрбиесінің мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.

Отбасы тәрбиесі - бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет 
алдьщдағы ата-аналардың борышы. Өкімет отбасына үнемі қамқорлық жасауды. Оған дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерін, жас натуралистер стансияларының, ғылыми техникалық және көркем шығармашылық үйірмелерінің жұмысының кеңейту: ананы, балалық шақты қорғау ерекше көңіл бәлуі: үйелмен мүшелерінің дем алуы үшін синаторилардің демалыс үйлерінің жүйесінің кеңейту: аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру. 
Отбасында басты мәселердің бірі: баланың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн кестесі, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру жатады. 
- Отбасылық қатынастар микроклиматының сипаттамасы, бір-бірінің көз-қарасын білуі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттеріне жауапкершілігі. 
- Қоғамға көз қарасы: еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие мекемелеріне қатысты.

- Үй –  ішіндегі тәрбиелік потенциалы: ондағы қалыптасқан тәрбие, қолданылатын  әдістер, ата – аналардың және  басқа мүшелердің педагогикалық  мәдени дәрежесі. 

Мектеп оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасайды, ата- аналардың, барлық жұртшылықты қатыстырады. 

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығының бірнеше формалары бар. Сынып пен отбасының байланысының басты формасы ата-аналар жиналысы. Онда көптеген мәселелер, мысалы, күнделікті өмір, еңбек демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланады, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолдары қарастырылады. 
Байланыс формаларының бірі – сынып жетекшісінің оқушылар үйіне баруы. Мақсаты, оқушылардың үй жағдайымен, күнделікті өмірмен, тұрмысымен танысу, оқу және тәрбиеге байланысты әр түрлі тақырыптарда ата-аналармен әңгіме өткізу, пікір алмасу.

Қазіргі кезде пайдаланылып жүрген мектеп бағдарламаларын жете зерттеудегі аса бір күрделі міндет педагогикалық жағынан дұрыс деп табылған ғылыми негіздерінің жетерліктей болуы мен ғылымилылығын үйлестіруді іске асыру болып отыр.

Дегенмен, сынып жетекшілер мен ата-аналардың арасындағы жұмыстар әліде болса өз деңгейінде педагогикалық талаптарға сәйкес жүргізілмейді. Клас жетекшілер көп жағдайда ата-аналар мен оқушылар арқылы немесе оқушы тарапынан бұзақылық жасаған уақытта кездеседі, жүйелі түрде ата-аналарға педагогикалық көмек беру сияқты тәрбие жұмысының комплексті түрде іске асырылу талабы сақталып отырылмайды. Сол себептен көптеген мектептерде оқушылар арасында нашақорлыққа, атыстарға душар болып жүрген оқушылар баршылық. Осындай мектептің, оның ішінде сынып жетекшілерінің жұмысындағы қарама-қайшылықтар мен кемшіліктер тәрбие жұмысының сапасын жақсарту міндетін барлық білім беру жүйесіне үлкен міндет артып отыр.

Жоғарыдағы мәселелерді талдай отырып біз курс жұмысымыздың тақырыбын «Сынып жетекшісінің ата-аналармен ынтымақтастық формалары» деген тұжырымға келдік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Педагогика ғылымындағы сынып жетекші жұмысы туралы            теориялық негіздер.

1.1 Жалпы білім  беретін мектептерде тәрбие жұмысы

Ата-аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі 
Қазақстан Республикасының Конституциясында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп отбасының міндеті анық көрсетілген. «Қазақстан-2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге «Отбасы туралы Заң», «Жоғары және орта білім тұжырымдамасында» әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген.

Сөйтіп, отбасының әуел бастан-ақ өзіне тән киелі міндетін орындау қажеттілігі бекемделе түсті.

Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналар мен қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы. 
Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы - ата-анасы. 
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады. Сынып жетекшісінің жұмысынан отбасы мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің мәні мен маңызын, ұстанатын бағыттарын түсінеді әрі оған қатысады.

Педагогика практикасында оқушылар ата-аналармен мектеп пен сынып жетекшісінің жұмысының бірнеше түрлі қызметтері бар.

1-кезең: Ата-аналарды  оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны  және әдістемесімен таныстырады. Сынып жетекшісі өзінің педагогикалық  ұстанымдарымен таныстырады. Өзінің  болашақта жүргізетін жұмыстарының  бағдарламасымен, мақсат, міндеттерімен  және тәрбие жұмысының жоспарымен, ата-аналар комитетінің жоспарлы  атқаратын жұмыстарын, кезекті мәселелерді  бірігіп талқылайды. 2-кезең:Ата-аналармен педагогикалық-психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру. Оны келесі әрекеттер арқылы іске асырады.

- тәрбиенің жекелеген  мәселелері бойынша ата-аналарға  арналған мектептік, сыныптық конференциялар  ұйымдастыру;

- қызығушылық негізінде  ата-аналарға сауалнамалар мен  анкеталық сұрақтар беру; 
 
- сыныптық ағарту жұмыстары, тәрбие міндеттеріне байланысты оқушылар мен сынып ұжымын жүйелі зерттеулер жүргізу;

- психологиялық, педагогикалық, медициналық, заң туралы кеңестер; 
Ата-аналар сауалнамаларына тоқталу. Ата-аналардан оқу жылының басында 3 түрлі сұраққа жауап алуға болады?

1. Балаңыздың бойынан  мектепке келгеннен кейін қандай  өзгерістер байқадыңыз? 
2. Мұғалімнің және ата-ананың тарапынан қандай көмек керек?

3. Ата-аналар жиналысына  қандай тақырыптар ұсынасыз?

Әр жиналыстан немесе жыл аяғында ата-аналардан әртүрлі сауалнамаларды алып қорытып, әрі келер жылғы ата-аналар жиналысын жоспарлауға болады. 
 
Әр жиналыс сайын кері байланыс парағы таратылып отырады. Бұл жұмыстан мен өзім жоспарлап өткізген жиналыстың бағасын білем және ұсыныстарды ескеріп келесі жиналыста талдап түсіндіруге тырысамын.

Заң: 
Ата-аналарға құқықтық білім беру негізінде өткізілген жиналыста ата-аналар топтарға бөлінеді. Әр топқа мынадай үлгідегі тапсырмалар беріледі: 
а) Қазақстан Республикасының құқығы жайлы балалардың құқығы қалай қорғалған? 
ә) Өз балаңыздың құқығы бұзылған кезі болды ма? Сіздің әрекетіңіз, т. Б

б) Ата-ананың бала алдында міндеті қандай? Сіз қалай орындап жүрсіз? 
Осы тапсырмалар төңірегінде ата-аналар ой бөліседі, пікір алмасады. Пікірталас соңында заңгер ата-аналардың және сынып жетекшісінің қорытынды сөзі айтылады.

- принциптер;

- ата-аналарға арналған  әдебиеттерге шолу, көрме ұйымдастыру

Оқырмандар конференциясын ұйымдастыру.

Формалары: 
- сынып жетекшісі ұйымдастырған сабақтан тыс барлық әрекетке қатысу (жорық, серуен, саяхат, сенбіліктер, жөндеу жұмыстары);

- жалпы мектептік  дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға  ата-аналарды қатыстыру (сыныптағы  іс-шараға қатысу және ата-аналар  арасында әр түрлі жарыстар  ұйымдастыру);

- әр түрлі жорықтарға  шығуды немесе дайындалуды ата-аналармен  бірге жүргізу; 
- отбасылық ойын байқаулары;

- оқырмандар конференциясы (ата-аналар жиналысының хаттамасына  тоқталу); 
- жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбие түзету жұмыстарын жүргізу; 
 
Алдымен отбасы тәрбиесін жүргізу бойынша психологиялық-педагогикалық кеңестер мен көмектер беру. Көп көңілді отбасындағы жиі кикілжің нәтижесінде психологиялық ахуалы ауыр және қиын бала өсіп келе жатқан отбасына бөлу керек.

Осы арада өзімнің ата-аналар жиналысында таныстыруды қалай ұйымдастыратыныма тоқтала кетсем. Ата-аналар әртүрлі қиындыларды біріктіру арқылы жұптарын табады. Әркім өз жұбын таныстырады. Таныстыру әр түрлі формада:өлең, эссе, сурет салу, әңгіме жазу, т. б. Осылай танысу ата-аналарды жақындастыра отырып, ұйымшылдығын арттыруға көп көмегін тигізетініне көзім жетті. Сол секілді әр жиналыстың басында өткен жиналыс пен соңғы жиналыс аралығында өз отбасында қандай елеулі, қуанышты оқиғалар болғанын әңгімелейді. Бұл әрекет ата-аналардың бір-бірінің қуанышына ортақтасуға, жақындастыруға және ынтымақтастығын арттыруға арналады.

Ұзын сонар баяндама оқып тыңдау сияқты ата-аналар жиналысын өткізудің ескі формасын осы сияқты жұмыстармен алмастырып түрлендіруге болады. 
Сынып жетекшісі, отбасы салыстырмалы түрде тәрбиенің тыйым институты, ал ата-аналардың тәрбиелік күш-қуаты мен мүмкіндігінің әр түрлі деңгейде болатынын ескеруі тиіс.

Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысының табысты немесе табыссыз болуы оның таңдаған ұстанымына, қарым-қатынас стиліне, педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзырлығына байланысты болатынын ұмытпау керек. 
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасында барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы жөніндегі қазақ халқына жолдауында негізгі стратегиялық бағыт «Халықтың көптеген топтарының бірлігі жекешіл және қоғамдық негіздерін салиқалы үйлестіру, мұның өзі қоғамымыздың жарасымды сатылы дәстүрлерін толықтыра түседі» деуінің өзі қоғамдық ұйым, бірлестіктердің дамуына мүмкіндік ашып отыр. Жас ұрпақты бір бағытқа бейімдеп, олардың іскерлік қабілетін тәрбиелеп жетілдіретін ерікті қоғамдардың бүгінгі ТМД елдерінде, тіпті Америка, Ұлыбритания, Франция сияқты өркениетті елдерде де өмір сүріп отырғанын жақсы білеміз.

Олай болса, жас ұрпақтың білім, білік дағдыларын қоғамдық іске бейімдейтін саясатын тысқары ерікті қоғамын құрудың мектептегі оқу-тәрбие ісін жүйеге келтіру де пайдалы екені сөзсіз.

Ата-аналардың өзіне мектеп тарапынан алға қойған мақсатымызды жүргізу үшін нақты педагогикалық көмектер ұйымдастырған абзал.

Бұл-тәрбие саласындағы аса бір қажеттілік. Тәлім-тәрбие беру барысында ата-аналардың да саяси сауатты, көкірегі ояу болғаны жөн. Осы мақсатта мектебімізде ата-аналар комитеті құрылып, оның мүшелері сайланды. Ата-аналар комитеті мүшелерінің өз алдына жұмыс жоспары құрылып, кездесулер өткізіліп тұрады.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс формалары

Даралық Топтық

Педагогикалық Ашық Сұрақ-жауап Жалпы лекция есік кеші ата-аналар жиналысы 
Білім мекемелерінің ата-аналармен әлеуметтік серіктестігі

Педагогикалық лекция, консультация

Ашық есік

Күні 
Сұрақ-жауап кеші

Жалпы ата-аналар жиналысы

Ата-аналар жиналысы

Жиналыс диспуттар

Жиналыс-практикумдар 
Тоқсандық қорытынды

Жиналыс

 
Ата-аналар комитетімен бірлесе сынып жетекшісінің жүргізілетін жұмыс түрлері: 
1. Алғыс

2. Топтың жиналыс  әңгімесі

3. Жанұямен жеке  дара жұмыс

Информация о работе Қазіргі мектептегі сынып жетекшісінің ата – аналармен жүргізу жұмысы түрлері, мазмұны