Қазіргі мектептегі сынып жетекшісінің ата – аналармен жүргізу жұмысы түрлері, мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2015 в 17:31, курсовая работа

Описание работы

Әрбір отбасы (жанұя) бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.
Жанұя, отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің ұзақтығы мұраладың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын игерді. Сондықтан үйелмендік өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.

Содержание работы

Кіріспе
I. Педагогика ғылымындағы сынып жетекші жұмысы туралы теориялық негіздер
1.1 Жалпы білім беретін мектептерде тәрбие жұмысы
1.2.Мектептегі сынып жетекшісі жұмысының мазмұны мен түрлері
1.3. Сынып жетекшінің тәрбие жұмысын жоспарлау

II. Қазіргі мектептегі сынып жетекшісінің ата – аналармен жүргізу жұмысы түрлері, мазмұны
2.1 Оқыту процесінде сынып жетекшісінің мұғалім және ата-аналармен бірлесіп жүргізетін жұмыстары
2.2 Сынып оқушыларының тәрбиелік дағдысын қалыптастырудағы ережелерді ата-аналардың ынтымақтастық формаларда жүргізілуі

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Педагогика курсовой.docx

— 61.17 Кб (Скачать файл)

4. Оқушының мінездемесі

5. Қоғамдық негізде  орындалатын жеке дара педагогикалық  тапсырма беру

6. Педагогикалық  талап

7. Қиын жанұялармен  жұмыс

8. Педагогикалық  консультация, жеке әңгіме

 
Осы атқарылатын жұмыстардың мазмұнына жеке дара тоқталатын болсақ: 
1. Алғыс-қызметтің биік адамгершілік мотивтерін жүзеге асырудағы табыстарды қолдап, көтермелеудің шарасы. Ата-аналарға алғыс жариялау сынып жетекшісі мен мектеп әкімшілігінің жанұяға назар аударуының қамқорлық көрсеткіші.

2. Топтың жеке  әігімесі-жанұямен саралап жұмыс  істеудің жетерліктей тиімді  әдісі. Әңгімелесу тәрбие істерін  жақсарту жолдарын бірлесіп іздестіру  сипатында болды. Тәрбиелік міндеттерді  шешуде ата-аналармен толық әңгіме  жиналыс өткізукерек.

3. Жанұямен жеке  дара жұмыс жүргізу-сынып жетекшісінің  ата-анамен араласуының күрделі  түрі, баланың даралық қабілеті  мен отбасы туралы білімдерін  нақтылай түсуіне, жеке басты  дамытудың жеке бағдарламасын  жасау үшін ұйымдастырылады.

4. Оқушының мінездемесі - жеке адамды дамыту туралы, оның  негізгі жеке даралық ерекшеліктері  туралы құжат. Ол-оның оқушылармен  және ата-аналармен жеке жұмысындағы  педагогикалық қызметі, педагогтың  баланың қалыптасып келе жатқан  жеке басы жөніндегі мінездеме  таныстыруы. 
5. Қоғамдық негіздерде орындалатын жеке дара педагогикалық тапсырма беру - ата-ананың мектептің тәрбие жұмыстарына белсене қатысуы. 
6. Ата-аналармен жеке әңгімелесуге қойылатын психологиялық-педагогикалық талаптар-фактілерді жинақтау қорыту, бақылауды талдау және қорыту, педагогикалық тапсырма беру, мұғалімдер бөлмесінде, дәлізде талқыға салмай, жеке талқылау.

7. Қиын жанұялармен  жүргізілетін жұмыстар - бала үшін  күрестің әрқашан азап шегудің  куәгері болып көрінетін, оның  ата-анасының жеке басына қатысы  жөнінен инабаттылықтың барлық  нормаларын

барынша қатаң сақтау жағдайында өз әсерінің үдемелілігін қамтамасыз етуге тиіс. 
8. Педагогикалық консультация - ата-анамен жүргізілетін педагогтың жұмыстары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Мектептегі  сынып жетекшісі жұмысының мазмұны  мен  
түрлері. 
 
Сынып жетекшісінің бірінші міндеті жұмыс мазмұнына байланысты. Бір мақсатқа ұмтылған, ынтымақты оқушылар коллективін топтастыру сынып жетекшісі қызметіндегі басты және негізгі коллективін топтастыру сынып жетекшісі қызметіндегі басты және негізгі бөлім болып табылады. Коллективті топтастыру жұмысы актив арқылы, түрлі комиссияларды, штабтарды құру арқылы және коллективті түрде, жұмылып атқаратын жұмыстарды ұйымдастыру арқылы іске асырылады. Оқушыларды топтастыра отырып, сынып жетекшісі оқу-тәрбие міндеттерін шешуге жақсы жағдай жасайды. Сынып жетекшісі тек өзінің беделімен ғана емес сонымен қатар қоғамдық пікірді қалыптастыру жолдарымен де оқушыларға ықпал жасайды.  
      Балалар коллективін құру мен топтастыру – мұғалімдердің және, ең алдымен, сынып жетекшілерінің маңызды міндеті. Егер коллектив құрылса кез келген тәрбие міндеттерін шешу әлде қайда жеңіл болады. Оқушылар коллективін тәрбиелей отырып, сынып жетекшілері әр оқушының жеке басын қалыптастырады. Сынып жетекшісі оқушылардың өз әрекеттілігі мен инициативасына сүйенеді. Тәрбиеші беделі қаншама жоғары болса да, ол әрбір дұрыс ұйыммдастырылған коллективтің ықпалын ауыстыра алмайды. Табысты тәрбие жұмысынсыз коллективті топтастыру мүмкін емес. Тек коллектив арқылы сынып жетекшісі мектеп оқушыларының оқу міндеттеріне, қоғамдық пайдалы еңбекке, көзқарастарына ықпал етеді. Жақсы ұйымдасқан және топтасқан коллективтің әсерімен оқушылар саяси, адамгершілік және мәдени жағынан өседі.  

 
      Мектеп оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасайды, ата-аналардың барлық жұртшылықты қатыстырады.  
      Мектеп пен ата-ананың ынтымақтастығының бірнеше формалары бар. Сынып жетекшінің ата-аналармен байланысының басты формасы сыныптың ата-аналар жиналысы. Жиналысты көптеген мәселелер қаралады, мысалы, күнделікті өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланады, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолдары қарастырылады.

 
      Байланыс формаларының бірі – педагогикалардың оқушылар үйіне баруы. Мақсат: Оқушылардың үй жағдайымен, күнделікті өмірмен тұрмысымен танысу, оқу және тәрбиеге байланысты әр түрлі тақырыптарда ата-аналармен әңгіме өткізу, пікір алмасу.

      Сынып жетекшінің ата-аналармен ынтымақтастығының тағы бір формасы – педагогикалық насихат, яғни, ата-аналарға педагогикалық білім беру.

      Педагогикада жан-жақты үйлесімді дамыған, адамды тек коллективте ғана тәрбиелеуге болады дейді. Баланың жеке басы тек коллективте ғана соншалықты толық және жан-жақты дами алады. Коллектив баланың өзіндік ерекшелігін жойып жібермейтіндігі, қайта тәрбиенің сапасына, оның мазмұнына ықпал жасайды.

 
      Ұжым – тәрбие жұмысының ең баты формасы дұрыс тәрбие бірлігі мол, күшті, әсерлі, мықты ұжым құру арқылы ұйымдастырылады. Ұжымдағы тәрбиенің негізгі принциптерінің бірі. Ол мектепте қалыптасқан жаңа тәрбиелік қатынастарды бейнелейді. 

 
      Тәрбиенің теориялық жеке адамның қалыптасуы, ең алдымен, ол қызметте және басқа адамдармен араласу процесіндегі қатынастарға байланысты дегенді басшылыққа алады. Мектептегі алғашқы ұжымның негізгі түрі – сынып ұйымы, оқушылардың өндірістік бригадалары, сыныптан тыс үйірмелер, спорт коллективтері.

Бастауыш ұжымның ерекшелігі – ондағы барлық мүшелердің жеке байланысы, олардың арасындағы күнделікті істер және жолдастық өзара қарым-қатынас. Жалпы мектептік ұжымда оқушылардың тікелей қарым-қатынаста болуы әрқашан мүмкін бола бермейді. Кейде олар бір-бірін білмейді де. Педагогикалық ұжымның мектеп оқушыларына тәрбие ықпалы, оқушының адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы сынып жетекшісі арқылы жүргізіледі. Бұл ықпалдың тиімділігі көбіне сыныптың топтасқандығына, онда ұжымдық қызметті ұйымдастыруға байланысты. Оқу жылының басынан сынып жетекшісі сынып өміріне араласып, оның белсенді мүшесіне айналуы, әсіресе ұжымды құруды алғашқы көздерінде оқушылармен бірге көбірек болуы қажет. Сонда ғана ол сыныптың жұмысына жақсы бағыт беріп, оны басқара алады, ал оқушылар оны ең жақын адамы санайтын болады. 
Ұжымды ұйымдастыру жұмыстарын оқушыларын жасып, дамуы мен тәрбиелік дәрежесін есепке алып, олардың белсенділігін және осы сынып үшін тән бірқатар басқа жағдайларды ескере отырып жүргізу керек. Тек осы жағдайда ғана оқушыларды мақсатты ұжымға топтастыруға, оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамытуға болады. 

Ұжымдық істі ұйымдастыруда (оқу ісін тиімді ұйымдастыру, өнімді еңбекпен қоғамдық жұмысқа қатыстыру, түрлі қоғамдық тапсырмалар, ұжымдық ойын-сауықтарды ұйымдастыру т.б.):

- белсенділер тобын  айқындау және тәрбиелеу;

- оқушылар алдына  қызықты перспективалар қою;

- сыныпта жағымды  дәстүрлерді қалыптастыру;

- оқушыларға қойылатын  талаптардың бірлігі жүзеге асырылады.  
Білімнің жоғары дәрежесі – оқу-тәрбие жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың ең маңызды көрсеткіші. Сынып жетекшісі оқушылардың білім сапасын көтеруге қамқорлық көрсетеді, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырып нашар оқуда бермеуге әрекет жасайды. «Сынып жетекшісінің жұмысы туралы» методикалық нұсқау мектеп оқушыларының таным ынтасын, мүмкіндіктерін дамыту, әр оқушының психологиялық ерекшелікерін ескере отырып, мамандықты таңдату, балалардың денсаулығын қорғауға қамқорлық сынып жетекшісінің маңызды қызметі ретінде анықталған. Ал соның ішінде аталған міндетті жүзеге асыру тек педагогикалық ұжымның ғана емес, сонымен қатар сынып жетекшілерінің де күш-жігеріне негізделуі тиіс. Білімге деген құштарлықты және сүйіспеншілікті оятуда, оқу сапасын арттыруды қамтамасыз етуде сынып жетекшісі көп нәрсе істей алады. Оның күнделікті назары, талабы және барысын бақылауды – үлгерімді арттырудың маңыздың шарты.

- Оқу процесінде  саналы жауапкершілікпен қарауға  тәрбиелеу. Білімнің сапасы көбінесе  оқуға деген ниетке, оқуға деген  ниетке, оқуға көзқарасқа, ынта талпынысқа, шыдамдылыққа, зейін қоюшылыққа, белсенділікке, инициативаға, дербестікке, білуге  құмарлыққа байланысты. Осы қасиеттерді  қалыптастыру, оқу еңбегінің қоғамдық  мәнін түсіндіру сынып жетекшісінің  жұмысында үлкен орын алуға  тиісті. Ол оқушыларда білімді  қажетсіну сезімін тудыруға, білімді  практикада қолдана білу шеберлігін  қалыптастыруға, оқудың болашағын  ашып беруге тырысады.  
- Сабақта үлгермеушілікті туғызатын елеулі себептердің бірі – оқу жұмысын жүйелі және жоспарлы түрде жүргізу шеберлігі мен дағдысының жоқтығы. Мұғалімдер мен сынып жетекшісінің міндеті - әрбір оқушыны оқи білуге үйрету. Әсіресе оқу жұмысындағы табандылық пән зейін жинақылығы, ойланып оқуға әдеттілігі және өз бетімен кітап оқи білу, үйге берген тапсырманы орындауда дәйектілік сияқты қасиеттерді тәрбиелеген жөн. Бұл міндеттерді сынып жетекшісі басқа мұғалімдермен бірлесе отырып шешеді. Бастысы оқу жұмысы оқушылардың жалпы дамуына ықпал жасауына бірігіп күш-жігер жұмсап, қол жеткізуге. 

- Үйге берілген  тапсырманы дұрыс және уақтылы  орындау оқудың тиімділігін арттырады. Әрбір оқушының күн режимі болғаны жөн және оның орындалуы қажет. Бұл міндетті орындауға сынып жетекшісіне ата-аналар және сынып активі көмектеседі.

- Оқу жұмысында  өзара көмек ұйымдастыруға сынып  жетекшісіне актив және жастар  ұйымдары көмектеседі. Бұл жұмыс  үлгірмеушіліктің, екінші жылға  қалушылықтың және мектептен  қалып қоюшылықтың болмауына  септігін тигізеді. Сонымен қатар  өзара көмек жолдастықтың, достықтың, коллективизмнің дамуына әсер  етеді.

- Оқу-тәрбие жұмысының  міндеттерін сынып жетекшісі  жалғыз емес, өз сыныбының мұғалімдерімен  бірігіп шешеді. Оқу жұмысын келісіп  жүргізу, оқушыларға бірыңғай талап  қою, мұғалімдердің бір-біріне көмегі  оқудың және тәрбиенің сапасын  арттыруға көмектеседі. 

Қазіргі кезде пайдаланылып жүрген тәрбие бағдарламаларын жете 
зерттеудегі аса бір күрделі міндет педагогикалықжағынан дұрыс деп табылған ғылым негіздерінің әрбір оқушылар мен сынып жетекшісінің қол жетерліктей болуы мен ғылымилылығын үлестіруді іске асыру болып отыр. 
Тәрбиелік ғылымилылық принципі нәтижесінде мектеп оқушыларды ғылым, техника және мәдениет дамуының қазіргі заманғы деңгейіне сай біліммен қаруландыруды қолға алып отыр. Алайда, қазір пайдаланып жүрген бағдарламаны жасау үстінде оқу пәндерінің тәрбиелік мәні бойынша комиссия мына пікірді бір ауыздан қолдады, «орта мектеп оқушыларының қолы жеткен дайындык пен даму деңгейі жағдайында, мектепте тәрбие беру мазмұнына психологиялық, педагогикалық және мәдениеттің маңызды жетістіктерінің өзін тура енгізуге мүмкін емес». Жаңа бағдарлама жобасының бірінші вариантын талқылау кезінде, оның кемшілігі әлі белгілі дәрежеде орныққан деп немесе мектеп оқушыларының оның меңгеруі қажет деп есептеуге болмайтын, қазіргі заманғы ғылымның осындай бөлімдерінің бағдарламаға енгізгендігі болып табылатындығы атап өтілді. Сынып оқушыларының қазіргі ғылым жетістіктері мен танысуын өзін-өзі ақтаған, көкейтесті деп тіпті де қабылдауға болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Сынып жетекшінің тәрбие жұмысын  жоспарлау.

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспарьі –педагогикалық құжат. Тәрбие жоспарын құру, оның орындауындағы жауапкершлігін сынып жетекшісіне жүктеледі. «Сынып жетекшісінің жұмысы туралы» методикалың хатта тәрбие жұмысы бір жылға, жарты жылға немесө бір оқу тоқсанына жоспарланады деп көрсетілген. Сынып жетекшісінің жоспары тарбиенің мазмұнын, түрлері мен әдістерін таңдап алуға дөген комплексті көзқарасты қамтамасыэ етеді. Онда тәрбие мазмұнын негізгі түрлерінің, ең алдымен мектеп оқушыларына жан-жақты жарасымды саяси-идеялық, еңбек, адамгершілік т.б. тәрбие берудің тығыз байланысын ескеру қажет. Жоспар жасағанда сынып жеткяшісінің окушылардың жас өрекшеліктерін, қызығушылықтарын, ықыластарын ескерген жөн.

- Жоспарды қандай мерзімге  жасаған жөн? Мектөп тәжірибесі  көрсеткендей жарты жылға арнап, іске асырылатын жоспар жасау  өте қиын, ал бір жылға жасау  одан да қиын. Оның үстіне бұл  жоспарларының түрі өте көлемді  болады. Сондықтан да тәрбие жұмысын  тоқсан бойынша жоспарлаған жөн. Аталған басқа сынып жетекшілерінің  тәжірибесінде апталық жұмыс  жоспарлары да кездеседі. Олар  негізгі жоспарларды нақтылауға  мүмкіндік беріп, тәрбие жұмысын  ұйымдастырып өткізуді қамтамасыз  етеді. Оқу жылы басталар алдында  сынып жетекшісі жоспарды мектеп  директорының бектуіне береді. Одан  әрі жоспардың қандай мерзімге  жасалғанына қарай, тоқсан сайын  немесе жарты жылдың бойында  бекітіліп отырады. Орта мектептерде  жоспарды бекітуді директор оқу  тәрбие жұмысы жөніндөгі орынбасарына  немесе сыныптан тыс тарбие  жұмысын үйымдастырушыға тапсыруы  мүмкін. Жоспар бекітілген соң  онымен сыныптың барлық оқушыларын таныстыру керек. Жоспарды жүзеге асыру үшін сынып активін тартады.  
- Жоспар қаидай болуы керек, оган қандай талаптар қойылады? Жоспар пәрмеңді құжат болуы үшін, сыныпта тәрбиө жұмысының тиімділігін арттыру үшін ол бірқатар педагогикалық талаптарға жауап беруі керек. 
       I. Жоспардың белгілі мақсатқа бағытталуы. Тәрбие жұмысының жоспары іс-әрекетке басшылық бола алады, бұл үшін, ол мектеп оқушыларына тәрбиө берудегі нысаналықты, оны мектептің ортақ мақсатына бағындыруды қамтамасыз ететіндей идеялық жағынан мақсатқа бағытталған болуы көрек. Барлық жёкелеген тәрбие міндеттері мектептің негізгі мақсатын шешуге оқушларды жан-жақты дамытуга, оларды өмірге дайындауға жәрдемдесетін болуы керек. Жоспардың мазмұны идеялық-саяси, қоғамдық пайдалы бағытта болуын қамтамасыэ ету керек.

 
       ІІ. Сыныптағы тәрбие жұмысы мазмұнының, формаларының және әдістерінің әртүрлі болуы. Трәжірибелі сынып жетекшілері тәрбие жұмысының әртүрлі формалары мен әдістерін қолданады. Бұл тәрбие жұмысын эмоциялы және қызықты етуге көмектеседі. Жоспарда жалпы шаралармен қатар оқушылардың қызығулары мен білімділіктерін ескере отырып, топтық және жеке-даралық жұмыстарды қарастыру керек. Соңғы жылдары оқулар түрлі лекторийлар, саяси хабарламашылардың семинары сияқты тәрбие формалары кең өріс алуда.

ІІІ. Оқушыларды тәрбиелеудің сабақтастығын, жүйелілігін және дәйектілігін қамтамасыз ету. Бұл талапта әрбір келесі шаралар өзінен бұрынғылардың жалғасы болып табылады және тәрбиенің қол жеткен нәтижелеріне негізделеді. Жоспар өткен уақыт ішінде істелген істерді және жалпы мектептік жоспарда көрсетілген келешек міндеттерді ескере отырып  жасалады. Егер қол жеткен нәтижеге сүйенбесе, істелген жұмыстың нәтижелерін баянды етуі мүмкін емес. Бірінші, екінші, үшінші тоқсанның жоспарларында күзгі, қысқы және көктемгі каникул кездерінде жүргізілетін, ал төртінші тоқсанның жартысында еңбек пен демалыс мәселелерін ұйымдастыру кезіндегі жұмыстар көрсетілуі тиіс. Оқу жұмысынан айырмашылығы – оқушыларды тәрбиелеуде үзіліс болмауы керек.  
IV. Жоспардың нақтылы болуы. Жоспар жасағанда орындалмайтын міндетті қоймаған жөн. Белгіленген жұмыстардың көлемі оқушылар коллективінің мүмкіндігіне сай болуы қажет. Барлық жұмыстарды қамтимын деп сынып жетекшісі көп шараларды белгілемегені жөн. Бірнеше ғана нақтылы міндеттерді белгілеп, мұғалімдердің көмегімен оқушылар ұжымы арасында және ата-аналармен әртүрлі жұмыстарды жүргізген жөн. 
V. Жұмысты келісіп жоспарлау. Жоспарды жасамастан бұрын мектептің жоспарымен танысып, оқушылардың ұсыныстары мен тілектерін, сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен келісіп, олардың тілектерін ескеру керек. 
- Сынып жетекшісінің қызметін жоспарлаудың формалары. Сынып жетекшісінің жоспары тек мақсат емес, бұл тәрбие жұмысының сапасын арттырудың құралы. Сондықтан жоспардың формасы ыңғайлы, икемді, сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастырудың нақтылы жағдайларын ескерген болуы керек. Жоспарға өмір талап ететін және ойдағыдай орындалатын шаралар болуы керек. Әрине, ол шаралар кездейсоқ емес, тәрбие жұмысы жүйесінде біте қайнасқан буындар болуы керек. Мектеп тәжірибесінде сынып жетекшілерінің жоспарлары түрліше құрылып, әртүрлі бөлімдерден тұрады. Себебі, әр сыныптың жұмыс жағдайлары бірдей емес, жаңа бастаған сынып жетекшісі жоспарды кең, көлемді етіп жасаса, тәжірибелі педагог қысқаша тұжырымдауы мүмкін. Қандай  жағдайда болмасын сынып жетекшілерінің жоспары, тәрбие жұмысының негізгі мазмұны мен бағытын, сынып коллективінің даму болашағын бейнелейтін болуы керек.  
Сынып жетекшісі жоспарының үлгілі құрылымы. Сынып жетекшісінің жоспары әдетте төмендегідей бөлімдерден тұрады:

Информация о работе Қазіргі мектептегі сынып жетекшісінің ата – аналармен жүргізу жұмысы түрлері, мазмұны