Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 08:27, курсовая работа
Бәрінен де бұрын адамдардың өмірдің әр түрлі сәттеріндегі бастан кешкен күйлерін бейнелеп беретін ғажайып мүмкіндігімен түсіндіруге болады. Халық шаттық құшағында екен — музыка әуені де салтанатты, қуанышты, ал солдат жорықта келе жатып ән салады екен — ән оны аса бір көңілдендіріп, қадамын ширатады; ана қаза тапқан баласын жоқтап аза тұтса — мұңды дыбыстар қайғыны айтып беруге көмектеседі. Музыка — адамның өмірлік серігі.
КІРІСПЕ.....................................................................................................3
1. Баланың музыкалық қызметінің мазмұны, түрлері мен формалары......4
1.1. Музыкалық тәрбие программасының сипаттамасы.......................4
1.2. Музыкалық репертуар......................................................................9
1.3. Музыкалық қызметті ұйымдастырудың формалары.............15
2. Музыка жетекшісі мен тәрбиешінің балалардың музыкалық
қызметін ұйымдастырудағы ролі...........................................................18
2.1. Музыка жетекшісінің қызметі мен міндеттері.......................18
2.2. Методикалық тәсілдер....................................................................19
3. Ән салу..................................................................................................................22
3.1. Ән салудың тәрбиелік маңызы...........................................22
3.2. Баланын, есту қабілеті мен даусының ерекшеліктері....... 24
3.3. Программалық талаптар................................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................30
Музыкалық-ырғақты қозғалыстар музыканың көркем образдарын қабылдауды және оларды қимыл арқылы бейнелеуді жетілдіру негізінде құрылады. Осыдан келіп программада музыкалық-ырғақ дағдылары мен бейнелі қимыл дағдыларының көлемі ескерілген.
Музыкалық-ырғақ дағдыларына эмоциялық әсерге бөленушілікті жетілдіруге арналған жаттығулар, музыкалық образдардың, олардың сипатының ауысуынан, шығарманың құрылымындағы бөлімдердің, формалардың ауысуынан, сондай-ақ метр-ырғақтық, динамикалық және екпіндік өзгерістерден туатын әсерлер енеді.
Бейнелі қимыл дағдылары өнердің әр түрімен байланысқан. Қимылдардың негізгі түрлері (жүру, жүгіру, секіру), гимнастикалық жаттығулар және сап түзеу дене шынықтыру жаттығулары саласынан алынған. Халықтық, сәнді билердің және характерлі бидің ең қарапайым элементтері би саласынан іріктелініп алынған. Бұлардан басқа драмалық, сюжетті-образды қимылдар да іріктелініп жүр.
Балалар музыкалық аспаптарында ойнауға үйретудің мазмұны түрлі аспаптармен, олардың құрылысымен таныстыру болып табылады. Балалар шағын ансамбльге қатыса отырып, дербес және коллективтік дыбысты дұрыс шығару дағдысын меңгереді.
Музыканы тыңдау программасы музыкалық шығармалармен танысуды және музыканы қабылдау дағдысын жетілдіру ісін қамтиды.
Балалардың музыкалық тәжірибесі байиды. Олар халық музыкасының түрлі жанрларымен, классиктердің және осы күнгі композиторлардың әндерімен және пьесаларымен танысады. Балалардың музыкалық әсерлері молаяды.
Музыканы қабылдау дағдыларын меңгеру музыканы тыңдау мәдениетінің алғашқы негіздері: шығарманы аяғына дейін тыңдау, оларды танып, формасын (кіріспесін, бөлімдерін) айыра білу, вокальдық музыканы аспаптық музыкадан, олардың түрлі жанрларын (би, лирикалық, салтанатты-қаһармандық) бір-бірінен айыра білуге қалыптастырады.
1.2. Музыкалың репертуар
Тыңдауға, ән айтуға, музыкаға ілесіп қимыл жасауға арналған шығармалар балалар бақшасында бөбектер тәрбиелеудің программалық міндеттерін ескере отырып, іріктелініп алынады және мынадай көркемдік-педагогикалық талаптарды қажет етеді:
музыка мазмұны мен формасының біртұтас болуын;
балалардың музыкалық қызметінің барлық түрлеріне сәйкес келуін;
балалар бақшасындағы мектеп жасына дейінгі балалардың әр түрлі топтары қабылдап, орындай алатындай болуын.
Музыкалық шығарманың мазмұны мен формасының бірлігі. Композиторлар немесе халық жасаған балалар музыкасы әрқашан да баланың танымы мен эмоциялық көзқарасын байыту үшін олардық тебіреніс-толғаныстары мен ынтасына етене жақын, бейнелі, жарқын болуға тиіс. Музыка әлеміне ену дегеннің мәні — қазіргі жағдайларда өзінше бір жаңа үнмен естіліп жүрген айрықша «музыка тілін» (сазды интонацияларды, іштей үйлесімді, жарасымды өрнек-бояуды) түсінуді үйрену деген сөз. Мұнымен бірге шығармалардық формасы (барлық музыкалық құралдардың комплексі ретінде кең мағынада түсінілетін) ауыр, күрделі болмауы тиіс.
Бала музыканы,
оның образдарын музыкалық бейнелеу
құралдарымен біртұтас күйде қабылдайды.
Мәселен, П. Чайковскийдің
«Бозторғай әні» («Песня жаворонка») фортепианолық
пьесасын
тыңдап отырып, балалар тіпті оның қалай
аталатынын білмегеннің өзінде де жарқын
музыкалық құралдар арқылы әсерлі әуенді,
құбылған үнді, биік регистрде берілген
қоңыр дыбысты сезіне
алады. Онда форма мен мазмұн бірлігі арқылы
есте сақталып қалатын музыкалық образ
жасалған, шығарманың зор көркемдігіне
қол жеткен, ал мұның өзі балаларға арналған
шығармаларды
іріктеп алу кезінде қойылатын негізгі
талап болып табылады.
Репертуардың музыкалық қызмет
түрлеріне сай болуы. Музыканы тыңдау, ән айту,
ырғақ жөніндегі музыкалық тәрбие программасына
репертуар да сай болуы тиіс. Тыңдау
үшін вокальдық және аспаптық музыка, көбінесе
программалық музыка (мәселен П. Чайковскийдің
«Қуыршақтың ауруы» («Болезнь куклы»),
«Жаңа қуыршақ» («Новая кукла») пьесалары
деп көрсетілген нақты программасы, тақырып
тізімдері бар) іріктеліп алынады. Сондай-ақ
шығарманың тақырыбы, жанры, сипатының
алуан түрлі болып келуі көзделеді.
Халықтық-ән творчествосынан бесік жырлары, ойын, хоровод, күлдіргі әндер мен билер іріктеліп алынады. Олар қарапайым, әсерлі, алуан түрлі — жұмсақ сазды, көңілді және ширақ қимылды келеді. Мұндай шығармалар (орыстардың, украиндардың, белорустардың, литвандардың, эстондардың, армяндардың, грузиндердің, азербайжандардың, татарлардың т. б.) жинақтарға енгізіліп, еліміздің барлық республикаларында балаларға арналып басылып шығарылып жүр.
Тыңдаған кезде баланың рухани дуниесін байытатын орыс және батыс-европа классиктерінің көркемдік сапасы жоғары шығармаларын балалар музыкасы қатарына қосуға болады. Бұларға: П. Чайковскийдің «Бала альбомын» («Детский альбом»), М. Глинканыд, С. Рахманиновтың полькаларын, П. Чайковскийдіц «Аққу көлі» («Лебединое озеро») балетіпің, Н. Римский-Қорсаковтың «Салтан патша туралы ертегі» («Сказка о царе Салтане») операсының жеке фрагменттерін, Э. Григтің, Ф. Шуберттің, Р, Шуманныц кейбір шығармаларын жатқыза аламыз.
Балаларға арналған көптеген шығармалар совет композйторлары С. Прокофьев, Д. Кабалевский, Ан. Александров, А. Островский, Е. Тиличеева, М. Раухвергер, М. Иорданский, Т. Попатенко, А. Филиппенко, 3. Левина, В. Герчик, Н. Леви, В. Агафонников және басқалардың ойларынан туындады және туындап келеді. Композиторлар өз творчествосында қиындықтарға жиі кездесіп отырады: балаларға арнап музыка жазғанда олар ән әуеніндегі, үйлесіміндегі, баяндау түрі мен шығарманың формасындағы ең қарапайым құралдарды қолдануы тиіс.
Тыңдау үшін белгіленген барлық, шығарманың тақырыдтары (тематикасы) балаларға жалпы тәрбие жұмыстарының барысында таныстырылатын құбылыстарға арналады, бірақ музыкалық образдарда бейнеленген өмір әсерлеріне жаңаша өрнек бояу беріліп, тереңдетіле түседі. Мәселен, С. Маршак сөзіне жазылған В. В. Витлиннід «Шекарашылар» («Пограничники») әнін тыңдағанда балалар біздің Отанымыздың шекараларын солдаттардың күзетіп тұрғанын ғана біліп қоймайды. Олар әуеннің шиеленісі мен интонациялық құбылысынан «шекарашылардың туған ел шебінде қас қақпайды» деген сөзді іштей ұға алады:
Және сонымен бірге олар әннін «теңіздерімізді, жерімізді, аспанымызды күзетеді» деген сөздері айтылғанда үзік-үзік ырғақ және іркіліс (пауза) арқылы бейнеленген батылдықты, табандылықты сезеді:
Балалар үйреніп, айтатын әндердің өз ерекшелігі — жарқын әуені болуы тиіс. Әнді бейнелі, әсерлі орындау үшін оның сипатын сезіп қана қоймай, сонымен қатар оны дұрыс айта білу керек. Мәселен, Н. Найденованың сөзіне жазылған Е. Тиличееваның «Барабан» деген әнінде әуен асықпай, анық, төменгі дыбыста орындалады. Бірақ әннің неғұрлым күрделі бөлігін дәл айту қажет
Бұл арада ырғақ сызығын дұрыс беру, көтеріңкі интервалдың (соль-до) сарынын дәл келтіру, екінші октаваның жоғары до дыбысының күшеюіне, даралануына назар аударттыру керек.
Сондықтан, әндерді іріктеп алғанда, қандай дағдыларды үйретуге баса күш салу керектігін айқын түсініп алған жөн. Балалар бақшасындағы ересек топта жеңіл, дыбысты ән айтуды қалыптастыру жұмысында репертуарға М. Иорданскийдің «Көгілдір шаналарын» («Голубые санки»), Р. Рустамовтың «Біз ән саламыз» («Мы запели песенку») атты шығармасын, ал ән айту дыбысын дағдыландыру үшін — орыстың «Әлди-әлди әлди-ай» («Бай, качи-качи») әзіл әнін (өңдеген М. Магиденко), А. Филиппенконың «Баққа барып бүлдірген тереміз» («По малину в сад пойдем») деген әнін алуға болады.
Түрлі музыкалық ойындарға, жаттығуларға, хороводтар мен билерге арналған репертуар музыкалық-ырғақ дағдысына және бейнелі қимыл дағдыларына үйретудің құралы болып табылады. Ойынның әр түрінің атқаратын өз міндеті бар. Мәселен, сюжеттік ойындар мен хороводтар балалардың әр түрлі кейіпкердің өзіне тән қимылдарын бейнелеуіне мүмкіндік береді; жаттығулар бидің алуан түрлі элементін меңгеруге мүмкіндік туғызады т. т. Бірақ қимыл қандай формада жасалса да ол өз қызметін атқарады - программалық дағдыларды меңгеруге үйретеді. Мәселен, Т. Ломованың музыкасына жазылған «Метро» ойынында балалар аккордтармен ерекше байқататын («есіктердің жабылуы») екпінге сай қимылдайды (бірде баяулап, бірде «жүйткіп» келе жатады, орындарын алмастырады, аялдайды т. т.). Музыка сарынының құбылуына қарай екпіндерін өзгертулері, дыбыстың даралану (акцентті) сәтін дәл аңғара білуі балалардық музыкалық-ырғақ дағдыларын меңгере түсулеріне мүмкіндік туғызады.
Репертуардың қабылдау мен орындауға оңтайлылығы. Программаға негізделген шығармаларға қойылатын соңғы талап — олардың балалардың қабылдауы мен орындауына жеңіл болуы. Балаларға ұғынықты сезім мен ойларды бейнелейтін көркем образдар, түсіпікті тақырыптар баланың әрқалайғы жасындағы өмір құбылыстары жөніндегі ұғымдарына сай келеді. Бірак музыка тілі өзінің күрделілік дәрежесіне қарай әр түрлі. Би сипатындағы фортепианолық екі пьесаны салыстыралық. Бірі орыстың биге арналған «Ей, ауызғы үйлер-ай» («Ах вы, сени») деген (Өңдеген В. Герчик) көп дауыспен үндестіруі күрделі емес халық әні. Екіншісі П. Чайковскийдің «Балалар альбомындағы», («Детский альбом») «Камаринскаясы». Орыстың халық әуені мұнда да жарқын және бейнелі, бірақ композитор оны вариация формасында берген. Әр вариацияның өзіндік сипаты мен динамикасы бар (әуелгісі баяу басталады да, ол бірте-бірте күшейіп барып, қайта бәсеңдейді).
Балалардың орындауы үшін әннің де қиыншылық тудыратын жақтары кездеседі. Егер балалар бақшасындағы әр түрлі топтарға арналған репертуардан алынған әндердің, әуендерін салыстырсақ, онда бұл әндер өздерінің диапазоны жағынан, сондай-ақ интервалдық аттамының өзіне тән ерекшелігі, музыкалық фразаларының ұзақтығы мен текстегі сөздерді айтудың қиындығы жағынан бір-бірінен ерекшеленетіндігін көруге болады.
Ойындарға, жаттығуларға, биге арналған шығармалар да өздерінің музыкалық образдарының дамуы, құрылымы, үйлесімді сүйемелденуі, екпінді және динамикалық өзгерістері, сондай-ақ қимылдың бірте-бірте күрделенуі жағынан өзгешеленеді. Сондықтан да әр түрлі жас топтарындағы балалардың музыкалық-ырғақ дағдыларын жетілдіруге көмектесетін программалық репертуарды іріктегенде осыларды ескеру қажет.
Программада ұсынылған әндерден, ойындардан, билерден, хороводтардан, жаттығулардан өзге шығармаларды да пайдалануға болады. Өйткені музыкалық репертуар жаңадан жазылған, кейде бүгінгі талапқа сай келетін өте қызықты шығармалармен үздіксіз толықтырылып отырады. Бұл шығармалардың балалардың мерекелік ертеңгіліктерінде, ойын-сауық кештерінде айтылуын қолдау керек. Бірақ мұндай қосымша материал әндер мен ойындардың программалық талаптарға сай болып, балалармен жұмыс істеудің тиімді жағдайлары ескеріле отырып пайдаланылғанда ғана көрнекі орын алатынын есте ұстау керек.
Тұрақты репертуардың бірсыпыра артықшылықтарының болатынын да ұмытпаған жөн. Жиі айтылатың және балалардың өздері орындап жүрген ән немесс одан өзге кез келген шығарма олардың игілігіне айналады және оны олар өздерінің жеке істерінде пайдалануы мүмкін. Мұның өзі оларды шығармаларды жете меңгеріп, дұрыс және табиғи түрде орындай алу дәрежесіне жеткізеді. Балалар мектепке музыкадан жан-жақты хабардар болып барады
Программалық репертуар жыл бойындағы тоқсан-тоқсанға мына төмендегілерді есепке ала отырып бөлінген:
әр ойынның, әннің, хороводтардың ерекшелігін есепке ала отырып, белгілі шартпен іріктелінеді.
Жалпы тәрбие міндеттеріне, өмір ағымына мектеп жасына дейінгі баланың бүгінгі замандағы тілек-қажеттеріне сай үйретіледі. Сондықтан әндердің, ойындардың, хороводтардың тақырыптары (тематикасы) коғамдық оқиғаларды, мерекелерді, маусымдық кұбылыстарды және балалардың осыған байланысты іс-әрекеттерін және т. б. бейнелеуге тиіс.
1.3. Музыкалық қызметті ұйымдастырудың формалары
Мектеп жасына дейінгі педагогиканың теориясы мен практикасы музыкалық қызметті ұйымдастырудың мынадай формаларын айқындап береді: сабақ, музыканы мерекелер мен ойын-сауықта, ойында, дербес және басқа қызметтерде пайдалану.
Сабақ. Музыка сабағы —белгілі бір жастағы балалардың бәрі бір мезгілде қатысатын оқу процесінің формасы. Олар коллектив болып ән айтады, ойнайды, билейді. Бәрі бірдей тебіреніс-толғанысқа бөленіп, ортақ іс атқаруға талаптанған балалар әрқайсысының ісінің сәттілігі мен сәтсіздігін — бүкіл коллектив ісінің сәттілігі мен сәтсіздігі деп біледі. Бұл, сөз жоқ, балалардың музыкалық қызметін ұйымдастырудың тиімдірек формасы болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі баланың музыкалық қабілеттері ересектермен және өзге балалармен бірлесе қызмет істеуінен көрінеді. Педагог әр баланың жеке басының жетілуіне дәйекті методикалық тәсілдерді қолдану, бүкіл коллективке ортақтандыру арқылы ықпал жасайды, Бұл ретте артта қалушының қиыншылықтарды жеңіп, тез ілгерілеуіне көмектесетін құрбы-құрдастарының үлгілі істері пайдаланылады.
Сабақтар музыкалық қызметтің барлық түрі бойынша жасалған программаға сай жоспарлы жүргізіледі. Педагог материалды бірнеше сабаққа бөле отырып, олардың әрқайсысын әрі дербес педагогикалық, әрі тұтас педагогикалық процестің бір бөлігін қамтитындай етіп ұйымдастырады. Балаларды сонымен қатар келесі сабақтарда не жайлы айтылатынына, онда қандай әнді үйренетіндігіне, мерекеге қалай әзірлену керектігіне т. б. еліктіру де маңызды. Сабақтың қай-қайсысы болса да өткен және алда жүргізілетін сабақтармен байланысты болуы тиіс.
Іс-әрекет алмасып отырады: балалар ән айтады, билейді, ойнайды, музыка тыңдайды. Бұл педагогка белгілі қиыншылықтар туғызады, өйткені ол балалардың назарын музыка аспаптары әуендерінің ауысуына байланысты бағыттап отырады. Әр түрлі эмоциялық және қимыл арқылы орындалатын тапсырмаларды ұштастыра білу жетекшінің оқытуды білікті әрі алуан түрлі етіп жүргізуіне жәрдемдеседі.
Сабақтарды ұйымдастыру балалардың жас ерекшеліктеріне қарай белгіленеді және ересек адам мен бала арасындағы қарым-қатынастың өзгере бастауымен айқындалады. Педагог тапсырмаларды бірте-бірте күрделілендіріп, методикалық әдістерді түрлендіре отырып, сабақтарды жоғары топтағы балалардың анағұрлым белсенді және өздігінен қызмет істей алатындай дәрежеде болуын ұйымдастырады.
Жұмыс барысда туатын талаптарды ескере отырып, педагог дербес сабақ формасын қолдана алады. Кейде бала сабаққа ұзақ уақыт қатыспағандықтан өзін қалай ұстауды ұмытып, қысылады, коллективтік қимыл-ырғақтан шет қалып қояды. Мұндайда жалпы сабақтан кейін қысқа уақыттық жеке сабақтар (2— 3 минуттық) өткізген жөн. Педагог баланың артта қалу себептерін анықтайды, ән айтудың, қимыл жасаудың кейбір тәсілдерін түсіндіреді және көрсетеді, оған белгілі бір тапсырманы орындау арқылы жаттықтырады. Артта қалған баламен 3—4 рет сабақ өткізгеннен кейін ол коллективте белсенді бола бастайды. Бірақ солай бола тұрса да педагог оған назар аудара жүріп қажет болған жағдайда жеке сабақтарға тартады.