Баланың музыкалық қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 08:27, курсовая работа

Описание работы

Бәрінен де бұрын адамдардың өмірдің әр түрлі сәттеріндегі бастан кешкен күйлерін бейнелеп беретін ғажайып мүмкіндігімен түсіндіруге болады. Халық шаттық құшағында екен — музыка әуені де салтанатты, қуанышты, ал солдат жорықта келе жатып ән салады екен — ән оны аса бір көңілдендіріп, қадамын ширатады; ана қаза тапқан баласын жоқтап аза тұтса — мұңды дыбыстар қайғыны айтып беруге көмектеседі. Музыка — адамның өмірлік серігі.

Содержание работы

КІРІСПЕ.....................................................................................................3
1. Баланың музыкалық қызметінің мазмұны, түрлері мен формалары......4
1.1. Музыкалық тәрбие программасының сипаттамасы.......................4
1.2. Музыкалық репертуар......................................................................9
1.3. Музыкалық қызметті ұйымдастырудың формалары.............15
2. Музыка жетекшісі мен тәрбиешінің балалардың музыкалық
қызметін ұйымдастырудағы ролі...........................................................18
2.1. Музыка жетекшісінің қызметі мен міндеттері.......................18
2.2. Методикалық тәсілдер....................................................................19
3. Ән салу..................................................................................................................22
3.1. Ән салудың тәрбиелік маңызы...........................................22
3.2. Баланын, есту қабілеті мен даусының ерекшеліктері....... 24
3.3. Программалық талаптар................................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................30

Файлы: 1 файл

Баланын музыкалык кызмети.doc

— 314.50 Кб (Скачать файл)

Балалардың музыкалық аспаптарда ойнаудың қайсыбір тәсілін меңгеруіне, кейіннен мерекеде орындау үшін қайсыбір шығарманы басқалардан «жасырын» үйренуіне т. б. сондайларға көмектесу қажет болған жағдайда шағын топпен сабақтар өткізілуі мүмкін.

Шағын топтармеы және жекелсй сабақтар өткізу сирек кезде-седі, олар кажеттілік туғанда және буған тиісті жағдай болғанда ғана өткізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2..  Музыка жетекшісі мен тәрбиешінің балалардың музыкалық

қызметін ұйымдастырудағы  ролі

2.1. Музыка жетекшіснің қызметі мен міндеттері

         Балалар   бақшасындағы   музыкалық   тәрбиенің жалпы ісіне музыка жетекшісі жауап береді. Ол мына істерді атқарады:

1. Жұмыс графигіне сай бүлдіршіндердің әр тобымен аптасына екі рет сабақ өткізеді. Бұл алдын ала үлкен әзірлікті, балалардың сауатты және әсерлі орындауы үшін музыкалық материалды іріктеп алып, үйретуді керек етеді. Программалық дағдыларды белгілеп, оның медгерілуін қадағалайды, көрнекі материалды, кұралдарды уақтылы әзірлейді, грамжазбаға жазылған шығармаларды тыңдайды. Шағын топтармен немесе жеке балалармен егер қажет болса жеке-жеке сабақтар өткізеді.

  1. Мерекелік  сценарийлердің,  ойын-сауық программаларының 
    жасалуына, олардың әзірленуіне, өткізілуіне жауап береді.
  2. Жеке консультациялар беру және бірлескен сабақтар өткізу 
    арқылы тәрбиешінің балаларды музыкалық жетілдіру саласындағы жұмысына басшылық етеді.

Консультациялар кезінде музыка жетекшісі тәрбиешіні жұмыс жоспарымен таныстырады, балаларға арналған шығармаларды үйретеді, әр бала меңгеруге тиісті шеберлік пен дағдыларға назар аударып, өткізілген сабақты талдайды (балалардың табысын және көмекті керек ететін қиыншылықтарын ескереді), таңертедгі гимнастикада, басқа сабақтарда, сейіл кезінде ойналатын күйтабақтарды іріктеп алады және т. б. істер атқарады.

Бірлескен сабақтарда музыка жетекшісі тәрбиешілердің ән айту мен қимыл саласындағы дағдыларын дамылсыз жетілдіре отырып, оларды жүйелі түрде оқытумен болады. Мерекелер мен ойын-сауықтарда жеке және коллектив болып орындауға арналған шығармаларды бірге үйренеді. Мұндайда әр баланың қабілеті ескеріледі: бірінің жақсы даусы болса, екіншісі тамаша билейді, үшіншісі жаттығуларды әдемі орындайды, ал төртіншісі мәнерлеп тақпақ айтады әрі мерекенің белсенді жүргізушісі болып шыға келеді.

  1. Мезгілімен үзбей педагогикалық кездесулер өткізіп тұрады, 
    оларда методикалық мәселелер шешіледі, мерекелік ертеңгіліктер 
    мен ойын-сауықтардық программасы талқыланады.  Оқу процесін 
    жетілдіру мақсатындағы қосымша міндеттер белгіленеді.

Балаға музыкалық  тәрбие берудің жалпы процесіне ата-аналарды қатыстыра отырып, олармен жұмыс жүргізеді. Жеке әңгімеде, консультация кезінде, жиналыстарда музыка жетекшісі ата - 
аналарға балалармен отырып қандай   радио   және   телевизи хабарларын тыңдауға  болатыны,  семьяда  қандай ән  репертуарын пайдалану қажеттігі жайлы ақыл-кеңестер береді.

 

2.2. Методикалық тәсілдер

Оқыту әдістері методикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Тәсіл дегеніміз   әдістің   бір бөлігі және ол көмекші ролін атқарады. Тәсілдер көп,әрбір педагог олардың тиімді дегендерін таңдап алады.

Тәсілдер педагогтың неге үйрететініне — ән айтуға, тындауға, ойнауға, биге, кімдерді — (бүлдіршіндерді ме, әлде ересектеу балаларды ма) — үйрететініне қарай бір-бірінен дараланады. Мәселен, ересек топтар тыңдау үшін Д. Кабалевскийдің «Клоундар» деген шығармасын орындай отырып, әуелі педагог ылғи қимыл үстінде болатын көңілді клоундар туралы әңгімелей алады. Бірақ тап осы балаларға орыстың «Кешігіп қалма» («Не опоздай») деп аталатын халық әуенін орындағанда, педагог енді қозғалысты қай кезде қалай өзерту керектігін біліп отыруды ұсынады. Сөйтіп, балалар музыка сипатындағы өзгерістерді аңғарып, оларға сай қимыл-қозғалыстарды өздері белгілейді. Олар енді ойынға әзір.

Оқыту тәсілдері балалардың жасына қарай өзгертіліп отырады. Мысалға ән үйренуді алайық. Әуелі бүлдіршіндердің назарларын түсінікті, нақты образдарға аудару керек, М. Раухвергердің «Шымшық» әнін орындар алдында педагог ойыншық шымшықты керсетеді де былай дейді: «Шымшық ұшып келіп, терезе алдына қонды да, шиқылдай бастады. Балалар оған тұра тұр, ұшып кетіп қалма! — деп еді, шымшық ұшты да кетті (ойыншықты жасырып қояды) —әттеген-ай! Балалар, сендер шымшықтың қайтып келгенін тілейсіңдер ме? Мен оны шақырып өлең айтайын». Педагог ойыншықты пианино үстіне қойып, өлең айтады. Сөйтіп, осындай методикалық тәсіл ойын сипатын ашып, шымшықтың образын түсінікті, нақты етеді, әннің әсерлілігін арттырады.

Ересек топтарға бұл тәсілді қолданудың қажеттігі жоқ. Орындалатын әннің сипатына байланысты көңіл күй туғызу үшін кіріспе сөздің өзіақ жеткілікті. Ал егер педагог көркемдік әсерді күшейте түскісі келсе, онда өлеңнен үзінді оқығаны, иллюстрация көрсеткені жөн. Педагог Е. Тиличееваның «Бұл біздің Отан» («Это наша Родина») әнімен таныстырғанда С. Михалковтың мына өлеңін дауыстап оқып береді:

Кремльдің жұлдызы төбемізден қарайды,  

Нұры оның күллі әлемге тарайды.

Балалардың бар Отаны сүйікті, 

Одап артық  Отаны жоқ сүйікті.

Ән орындалғаннан кейін педагог «Біздің елде балалар жақсы, бақытты өмір сүреді, сондықтан балалар Отанға, партияға рақмет айтады»,— дейді.

Әр түрлі тәсілдер балаларды оқу процесіне саналы қарауға сонымен бірге болып жатқан құбылыстарға деген эмоциялық сезімдерінің оянуына ықпал етеді. Мысалы, М. Красевтің «Марш» әнінде мына фразадағы ырғақ суретін дәл орындатуға күш салу керек:

 

 

 

Балалардың тапсырманы түсінуі үшін педагог: «шырқа» деген сөзді созыңқы дауыспен айтайық та, барабан дыбысының қалай естілетінін тыңдайықшы» дейді. Сөйтіп, балалар әнді тек ырғақ жағынан дұрыс орындап қана қоймайды, сонымен қатар ырғақтың бейнелік мәнін де ұғады. Бұған қоса олар әуеннің осы бөлігінің тартымды үнінен эмоциялық әсер алады.

Мектеп жасына дейінгі дидактикада дербес қызметті дамытуға көмектесетін методикалық тәсілдердің маңыздылығы атап көрсетіледі. Бұл тәсілдер сондай-ақ псдаготтың балаларды музыка туралы пікірлерін айтуға, дұрыс, қызықты ескертпелер жасауға талпындырғанда, музыканы тыңдағанда қолданылады. Балалардың дербес әрекеті тапсырмаларды орындағанда, оларды шешу жолындағы ізденісінде айқындалады. Өзінің қабылдау қабілетін бақылауды дамытуға, өзге балалардың орындау шеберлігі сапасына баға беруге бағытталған тәсілдер пайдалы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Ән  саалу

 3.1.  Ән салудың тәрбиелік маңызы

Көптеген  алдыңғы қатарлы қоғам қайраткерлері әншіліктің адам өміріндегі ролін жоғары бағалап келеді. Н. Г. Чернышевский әншілікті «жоғары, жетілген өнер» қатарына жатқыза отырып, «Ән айту сөйлеудің әуелгі және елеулі негізі іспеттес» деп атап айтқан». Ән тыңдаушыға жарасымды музыка мен сөз арқылы әсер ете отырып, айтушының өзіндік сезімін білдіруге мүмкіндік туғызып қана қоймайды, сонымен қатар өзгелерді де эмоциялық ұғу, түсіну сезімдерін оятады. Оның балалардың қабылдауына айрықша оңай болатыны да осыдан. Адам даусының әсерлі ырғақтары мен бет-бейнесінің тиісті жерде құбылып отыруы бүлдіршіндерді елітіп әкетеді. Балалар бүлдіршін шағында-ақ, әннің мазмұнын толық түсінбесе де онан әсер алады. Ойы мен сөйлеуінің жетілуіне қарай жинақтаған жаңа ұғымдарының молаюына байланысты баланың толғаныстары күрделіленеді, сөйтіп, ән айтуға талаптанғаны сияқты оның айтылуына да ынтасы артады.

Коллектив болып  ән айту кезіндегі қарым-қатынас айрықша қуаныш сезімін туғызады. Мұны К. Д. Ушинокий: «Әнде, әсіресе хормен айтылатын әнде, адамды көңілдендіріп, сергітіп ала жөнелетін және сонымен қатар еңбекке жұмылдыратын ұйымшыл әншілерді ортақ іске құштарландыратын бір ғажап нәрсе бар... мектепке әнді енгізу керектігі де сондықтан; ол бірнеше сезімдерді күшті бір сезімге, бірнеше жүректерді сезімі күшті бір жүрекке біріктіреді; ал мұның өзі мектептегі оқудағы қиыншылықтарын жұмыла күш-жігер жұмсау арқылы жоюда өте-мөте маңызды. Әнде мұнан басқа жан дүниені, әсіресе сезімді тәрбиелейтін ғажап бір нәрсе бар», Осының бәрі ән арқылы өздерінің көңіл күйін білдіруі тән мектеп жасына дейінгі балаларға да түгелдей қатысты. Баланың бөлме ішінде жүріп, ыңылдап марш әуенін айтатынын, қыз баланың қуыршақпен ойнай отырып, оны бесік жырын айтып ұйықтатуға әрекет жасайтынын жиі көруге болады. Баланың даусы — оның нәресте кезінен қалыптасқан табиғи құралы. Сондықтан да ән баланың өмірлік серігі, оның бос уакытын толықтырушы, творчестволық, сюжеттік ойындар   ұйымдастыруына  көмекші. Ән айту арқылы музыкалық қызметтің: би, хоровод, балалар музыкалық аспаптарында ойнау сияқты түрлері де сирек орындалмайды.

Ән — төңіректегі  шындықты терең түсінудің жарқын, бейнелі формасы. Ән айту баланың әсемдік атаулының бәріне, ізгілікке деген дұрыс көзқарасын, ықылас-ілтипатын туғызады, ал кейде оған басқа информациялардан гөрі өзгеше қуатты сенімге бөлейді. Отан туралы, Ленин туралы, бақытты балалық шақ туралы, Москва туралы әндер аса бір асқақтықпен орындалады.

Ән айтуға үйрету процесі баладан үлкен белсенділікті және ой қуатын талап етеді. Ол өзінің ән айтуын басқалардың ән айтуымен салыстыруды, фортепианода орындалып отырған әуенге зейін бөлуді, музыкалық фразалардың, жаттығулардың әр түрлі сипаттарын салыстыруды, әннің орындалу сапасын бағалауды үйренеді.

Ән айту бала организміне жайлы тиіп, сөйлеу қабілетін жетілдіруіне, тынысын тереңдетуіне, дауыс аппаратын шынықтыруына көмектеседі.

Ән айтуға үйрету процесінде баланың негізгі музыкалық қабілеттері: эмоциялық әсер алғыштығы, музыкалық есту қабілеті, ырғақты сезінуі айрықша тез дамиды.

Хормен ән айтудың тағы бір ерекшелігі—оның бұқаралылығы мен оңайлығы. Музыкалық өнердің бұл түріне балалар бақшасында, яслиде, мектепте, көптеген үйірмелерде, студияларда, хорлар мен ансамбльдерде үйретіледі. Композитор Д. Б. Кабалевский әнді, маршты және биді бейнелі сөзбен музыка мәдениетіне тірек болып тұрған «үш кит» деп атады

 

3.2. Баланың есту қабілеті мен даусының ерекшеліктері

Ән салу — дыбыс жасаудың күрделі процесі, онда есту мен дауысты үйлестіру, яғни ән айту интонациясы (дыбысты дәл шығару) мен есту, дене тітіркеністерінің өзара әрекеттері өте маңызды орын алады. Музыка үнін есіне алғанда адамның жай толқып қана қоймай, сонымен қатар әрқашан да сезім дүниесіне күш түсіріп, сол үнді «іштей» әндететінін атап керсете отырып, орыс физиологы И. М. Сеченов бұған қоса баланың дыбысқа инстинкті еліктегіш келетінін айтқан. Ол былай деген: «Санаға айқын жатталған дыбыс немесе дыбыстар тобы бала үшін өлшем сияқты қызмет етеді, ол өз үнін осы өлшемге шамаластырады және онымен әбден ұқсастырғанға дейін тағат таппайды».

Балалар ересек адамдардың сөйлеу және ән салу интонациясына еліктейді, малдың, құстардың даусын айнытпай   салуға тырысады. Мұндайда есту қабілеті дыбыстың дұрыс, бұрыс еместігін аңғартады.

Есту мен дауыстың өзара байланыстылығын көптеген ғалымдар зерттеп келеді. Балалар даусының табиғатын зерттеуші доктор Е. И. Алмазов дамыған есту қабілетінің дұрыс және дауыс интонациясы үшін айрықша маңыздылығын атап көрсетеді. Балалардың ән салудағы кемшіліктерін талдай келіп, оның себептерін (есту. мүкістігі, тамағы кесел, есту мен дауыс арасында байланыстың, жоқтығы) атайды және бұл кеселдерді дәрігер дер кезінде қарап   емдеуі   қажет  дейді.

Егер оқыту дұрыс жолға қойылса, есту қабілеті қалыпқа келеді. Балалар бақшасындағы кіші топтарда балалардың назары әуенді дәл қайталауға: екі -үш нота негізінде жазылған қарапайым, шағын қайырмалар мен әндер айтуға аударылады. Тәрбиешінің әсерлі дұрыс орындаған әні мен дыбысы жүйеге келтірілген аспап үні әрқашан да үлгі бола алады. Бала тыңдайды, сонан соң жеке дауыстық интонацияға «ілескендей» болып, ересек адаммен бірге қосылып ән айтады. Бірте-бірте есту қабілеті тиянақтанады да, соның нәтижесінде лад — биіктігін есту қабілеті дамиды.

Мектеп жасына дейінгі  ересек топтағы балалар әуендік  естуді дамытатын үздіксіз жаттығулардың барысында қалыптасатын кейбір алғашқы биік дыбыс пен ырғақ жөніндегі түсініктермен танысады, әуеннің биіктеп — төмендеуін анықтайды, биіктігі, ұзақтығы әр түрлі дыбыстарды салыстырады, ннтервалдарды, шағын әндерді айтады. Баланың есту қабілетін үннің дұрыс шығуын үнемі бақылайды.

Балалардың мектеп жасына дейінгі шағында олардың дыбыс аппараты әлі қалыптасып бітпейді (желбезектері нәзік, таңдай қимылы шамалы, тынысы әлсіз, үстірт) және организмнің жалпы нығаюы мен жеке дауыстық бұлшық ет дейтіннің» жетілуімен қатар нығаяды.

Дауыс желбезектері толық  қабыспайтындықтан және олардың  тек жиектері ғана тербеліске түсетіндіктен ән үні ашық шықпай мүкіс естіледі де, мұқият болуды қажет етеді.

Бала даусын қорғау ән айтуға үйретудің дұрыс жолға  қойылуын қажет етеді. Бұған балалардың жасына сай келетіндей музыкалық материалды, яғни репертуарды ойластырып, іріктеп алудың   көмегі   көп.

Бала даусының естілу диапазонын зерттеу репертуардық дұрыс іріктелуіне көмектеседі Ән айту диапазоны дегеніміз — дауыс жақсы естілетін ең төменгі және ең биік дыбысқа дейінгі интервалмен (аралық) айқындалатын дыбыстар көлемі.

Балалардың жасына байланысты ән айту диапазонының ерекшеліктерін көптеген ғалымдар зерттеген. Н. Д. Орлова жұмыс істейтін диапазон деп аталатын «дыбыс шығаратын аймақты» (бірінші     октавадағы    ми-си   дыбыстары     шеңберінде)    анықтады.

Е. И. Алмазов, Н. А. Метлов, Н. А. Ветлугина, А. Д. Войнова, Р. Т. Зинич, А. И. Катинене және басқалар көптеген балалардың бірінші октавадағы ре-си шамасында биігірек дыбыстарды айта алатындығына қарамастан, дәл осы шамада балалар даусының еркін, табиғи шығатынын айтып жүр.

 

3.3. Программалық талаптар

Ән салуға үйретудің міндеттері. Программаның негізгі талабы — баланың өзіне түсінікті, қызықты жекіл әндерді шын пейілімен әсерлі орындауға үйрету.

Ән салудың көркемдік-педагогикалық маңызы мынада: ол музыкалық образдардың мазмұнын балалардың дұрыс түсінуіне, қажетті дағдыларға қалыптасып, әнді еркін, табиғи орындау үстінде өзінің сезімдерін көрсетуіне көмектесуі керек. Мәселен, бесік жырын орындағанда аялы қамқорлықты, мәпелеген нәзік сезімді ерекше байқату, әннің жан дүниеге жайлы, әуенінің ұйқы келтіретінін көрсету керек, сондықтан да оны баяу, біркелкі ырғақпен жырлап, дауысты бірте-бірте бәсеңдете беру қажет. Маршта шаттық, талпыныс, сергектік керек. Әнді ашық дауыспен, сөздерін анық етіп, айқын ырғақпен жылдам орындаған жөн. Ал бұл талаптардың мәні, міндеттері балаға түсінікті.

Информация о работе Баланың музыкалық қызметі