Баланың музыкалық қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 08:27, курсовая работа

Описание работы

Бәрінен де бұрын адамдардың өмірдің әр түрлі сәттеріндегі бастан кешкен күйлерін бейнелеп беретін ғажайып мүмкіндігімен түсіндіруге болады. Халық шаттық құшағында екен — музыка әуені де салтанатты, қуанышты, ал солдат жорықта келе жатып ән салады екен — ән оны аса бір көңілдендіріп, қадамын ширатады; ана қаза тапқан баласын жоқтап аза тұтса — мұңды дыбыстар қайғыны айтып беруге көмектеседі. Музыка — адамның өмірлік серігі.

Содержание работы

КІРІСПЕ.....................................................................................................3
1. Баланың музыкалық қызметінің мазмұны, түрлері мен формалары......4
1.1. Музыкалық тәрбие программасының сипаттамасы.......................4
1.2. Музыкалық репертуар......................................................................9
1.3. Музыкалық қызметті ұйымдастырудың формалары.............15
2. Музыка жетекшісі мен тәрбиешінің балалардың музыкалық
қызметін ұйымдастырудағы ролі...........................................................18
2.1. Музыка жетекшісінің қызметі мен міндеттері.......................18
2.2. Методикалық тәсілдер....................................................................19
3. Ән салу..................................................................................................................22
3.1. Ән салудың тәрбиелік маңызы...........................................22
3.2. Баланын, есту қабілеті мен даусының ерекшеліктері....... 24
3.3. Программалық талаптар................................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................30

Файлы: 1 файл

Баланын музыкалык кызмети.doc

— 314.50 Кб (Скачать файл)

Сабақ процесіндегі негізгі  міндеттер мыналар:

балалардың ән айту шеберлігін, әсерлі орындауға көмектесетін дағдыларын қалыптастыру;

балаларды сабақ үстінде  және одан тыс жерде аспаптың сүйемелдеуімен және онысыз, тәрбиешінің көмектесуімен және өздерінше ән орындауына үйрету;

музыкалық есту қабілетін  дамыту, әннің дұрыс немесе бұрыс  айтылып тұрғанын, дыбыстардың биіктігін, ұзақтығын, әннің өзгеру бағытын анықтай алуға, ән айтып тұрғанда өз даусын ести білуге, қателіктерін байқауға, түзеуге (есту қабілетін өзінше бақылау) үйрету;

табиғи дауыс шығаруды қалыптастыра, ән айту диапазонын нығайтып әрі кеңейте отырып, әнді төмен дауыспен айтатын және дәл келтіре алмайтын балалардың бір дауыспен «гуілдеуін» жеңе отырып, дауысты жетілдіру;

ойындарда, хороводтарда, балалар музыкалық аспаптарында ойнауда творчестволық қабілеттерін көрсетуіне, өздеріне таныс әндерді дербес орындауына көмектесу.

Баланың өз инициативасы бойынша немесе балалар бақшасы  мен семьядағы ересек адамдардың ұсынысы бойынша жалғасатын бүкіл әншілік қызметі— тұрмыста, мерекелерде, ойын-сауықтарда, көбінесе сабақтарда ән айтуды үйретудің дұрыс жолға қойылуына байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

Көптеген жаттығулар «Музыкалық әліппеде» берілген. Оны 4—7 жастағы балалармен жұмыс жүргізгенде   пайдалануға   болады.   Кіші топтардағы балаларды оқыту процесінде олардың іс-әрекеттеріне байланысты ойын тәсілдерін, ойыншықтар, педаготтың жүйелі түрдегі көрсетулері кеңінен пайдаланылады,

Ойын формасындағы тапсырмаларға балалар қызығады, оңай түсінеді. Ойын тәсілдері алуан турлі. Бұл кейде шығарманың мазмұнынан туатын ойын болады. Орыстың «Әтеш» («Петушок») деген қысқа әнін үйреткенде педагог «Ваня» (балалар он айтып отырғанда ол ұйықтап жатады) мен «Әтеш (Ән аяқталғанда: «Ку-ка-ре-.ку!» деп шақырып «Ваняны» оятатын) атауларын таңдап алады.

Ойын тәсілдері кейде  педагогтың әншілік дағдыларды үйренуге көмектесетін нұсқаулармен байланысты болады. Сол «Әтеш» әнін айтқанда балаларға әтешті шақырғандай, оны мәпелегендей етіп, соңғы буынды созып әндету ұсынылады. Сөзбен нұсқау беру көбінесе көрсетумен байланысып отырады. Мәселен, В. Карасеваның «Қыс» («Зима») әніндегі «Міне қыс келді, айнала ағарып, ақ көрпе жамылды» деген сөздерді әнге қосқанда балалар кей сөздерін дұрыс айтпайды. Педагог ондай сөздердің мәнін түсіндіре отырып, фразаларды өзі әнге қосып айтады.

Әдеби текст көмекші болатын әндерді үйренген кезде ойыншықтар кеңінен пайдаланылады. Өздерінің алдарында тұрған қоян, аю, қораз сияқты ойыншықтарға қарап отырып, ән айту балаларға қызықты. Олар жалаушаларды аса бір қуанышпен желібірете көтеріп, немесе сылдырмақтарды сылдырлату арқылы музыкалық кіріспені немесе әннің соңын білдіреді.

Барлық топтардағы балалардың әрқайсысымен жеке де жұмыс жүргізе білу керек. Әр баланың әншілік қабілетін жылына бірінеше рет тексерген жөн. Бұл үшін сабақтарда әр түрлі тәсілдер қолданылады: әр балаға әннің бір шумағын айтып беру ұсынылады; біреуі бас жағын, екіншісі қайырмасын айтады; кезекпен бір-бір музыкалық фразаны орындайды. Байқау үшін жеңіл, жақсы меңгерілген ән алынады. Даусының дыбыс көлемі тар (2—3 дыбыс) әрі әнді дұрыс айтпайтын балаларға сабақ кезінде түрлі әндер айтуға үйрететін жаттығуларды ұсына отырып, жеке сабақ өткізу қажет.

Ән айтуға үйрету методикасы баланың ән айтып тұрған кезде кездесетін мүкіс ннтонацияны түзету, музыкалық кіріспеден кейін әнді дәл бастап кету, әнді сүйемелдеусіз орындау сияқты дербес әрекеттерін дамытуына көмектесуі тиіс.

Әлбетте, әнді сүйемелдеусіз айтуға үйрету өте қиын, дегенмен маңызы зор. Ән үйрете отырып, балалардан алдымен әнді фортепианоның сүйемелдеуімен, содан кейін онсыз,   бірақ   тәрбиешінің көмектесуімен айтуды, ал ең соңында әнді сүйемелдеусіз өз беттерінше орындауды ұсынған жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

1. Ленин В. И. 0 литературе и нскусстве. М. «Художественная литература», 1969.

2. КПСС во главе культурной революции в СССР. М. Политиздат, 1972.

3. Бетлугина Н. А. Музыкальное воспитание и всестороннее развитие ребенка в советском детском саду. В кн. Музыкальное воспитание в современном мире. М., «Советский композитор», 1973.

4. Гофмейстер Г. П. Природа и музыка как средство эстетического воспитания дошкольников.— В кң.: Эстетическое воспитание в детском саду. «Педагогические чтения». М., Изд-во АПН РСФСР, 1962, с. 15—30.

5. Иоса Е. П. Эстетичсское воспитание дстей средствами музыкп. В кн. Эсте-тическое воспитание в дстском саду. «Псдагогические чтегшя» М., «Иросвеще-ние», 1964, с. 12—20.

6. Кабалевский Д. Б. Идейные основы музыкального воспитания в Советском Союзе. В кн.: Музыкальное воспитание в современном мире. М., «Советский композитор», 1973.

7. Сохор А. Н. Музыка как вид искусства. М, «Музыка», 1970.

8. Шацкая В. Н. Музыкально-эстетическое воспитание детей и юношества. М., «Педагогика», 1975.

9. Бабаджан Т. С. Музыкальное воспитание детей раннего возраста. М., «Просвещение», 1967.

     10. Ветлугина Н. А. Игра па детских музыкальных инструментах,—«Дошкольное воспитание», 1974, № 5, с. 102—107.

     11. Ветлугина Н. Д. Содсржание музыкального воспитания и обучения ыа за-нятнях. Методы воспитания и обучепия на музыкальных запятиях,— В кн: Сис-тема эстетического восшітаііия в детском саду. М, Изд-во АПН РСФСР, 1962, с. 127—194, 255—274.

12. Ветлугина Н. А. Музыкальный букварь. М.., «Музыка», 1973.

13. Ветлугина Н. А. Музыкально-игровое творчество у детей 5—7 лет. Песенное творчество детей 5—7 лет.— В кн. Художественное творчество в детском саду. М., «Просвещение», 1974, с. 107—120.

14. Горбачевская В. А. Обучение детей в процессе музыкальной игры.— В кп.: Музыкальное воспитание в детском саду. «Педагогические чтения». М., Изд-во АПН РСФСР, 1960. с. 47—64.

    15. Зоткина Е. И. Музыкалькая игрушка как средство развития ритма слуха у детей.— В кн.: Эстетическое воспитание в детском саду. «Педагогические чтения». М,, «Просвещение», 1964, с. 46—52.

     16. Иова Е. П. Вопросы обучения пению в детском саду.— В кн.: Эстетическое воспитание в детском саду. «Педагогические чтения». М., Изд-во АПН РСФСР, 1962, с. 31—37.

17. Карант А. С. Формирование чистоты интонации в пении детей среднего дошкольного возраста.— В кн.: Эстетнческое воспитани.е в детском саду. «Педагогические чтения». М., «Просвещение», 1964, с. 21—28.

      18. Квитницкая Е. Н. Развитие музыкального слуха — условие формирования песенного творчества.—В кн.: Художественное творчество в детском саду. М., «Просвещение», 1974, с. 20—28.

19. Лифиц И. Ф. Музыкальное воспитание детей в детском сәду.— В кп.: Эсте-тическое воспитанис в детском саду, «Педагогичсские чтения», М., «Просвеще-ние>, 1964, с. 34—45.

      20. Лукьянова М. Б. Творчество детей в танцах.— В кн,: Художественное творчество в детском саду, М., «Просвещение», 1974, с. 29—32.

      21. Соковнина Е. Н. Активизация деятельности детей при игре на музыкальных инструментах,— В кн.: Художественное творчество в детском саду. М., «Просвещение», 1974, с. 56—61.




Информация о работе Баланың музыкалық қызметі