Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Июня 2014 в 22:07, курсовая работа
Зерттеудің өзектілігі. Әрбір қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда шығармашылық жеке адамды дайындау қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында творчестволық тұрғыда ойлаушы, тәуелсіз жеке адамды, дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. Шығармашылық жеке адамды қалыптастыру педагогикалық психология ғылымының кейбір жақтарын жаңаша қарауды талап етеді.
Кіріспе..................................................................................................................3
І тарау. Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері
Қабілет туралы ұғым...............................................................................9
Бастауыш сынып оқушыларының психикалық даму ерекшеліктері.20
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту...................................36
ІІ тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуын экспериментальды зерттеу.
2.1. Экспериментальды зерттеудің мақсаты, міндеттері, әдістемесі...........45
2.2. Экспериментальдық зерттеудің нәтижесін талдау.................................56
Қорытынды......................................................................................................68
Әдебиет тізімі....................................................................................................70
Академик Д.Ковалевский «ән айтқысы, би билегісі, әңгіме, ертегі, өлең құрастырғысы, сурет салғысы келмейтін баланы табыңызшы», - дейді. Шынында, табу қиын. Егер ондай бала кездесе қалса, ол жаман тәрбиенің нәтижесі деуге әбден болады.
Қабілеттілік нәтижесінің теориялық және практикалық негізін қалауда С.Л.Рубинштейн еңбектері зор роль атқарады. Ең алдымен қабілеттіліктің дамуы туралы, қабілеттің қалыптасуының негізін салса, кейінірек олардың көрінуінің психологиялық құрылымын ашып берді (33). С.Л.Рубинштейн қабілеттілікті нақты бір іс-әрекетке икемділік деп түсіндіреді. Оның айтуы бойынша қабілеттілік – жаңа бір іс-әрекетті жеңіл меңгерумен, сонымен қатар индивидтің бір іс-әрекеттен екінші іс-әрекетке көшуі мен қабылдау тәсілдерін терең меңгере алуы. Оның айтуы бойынша қабілеттің негізі – туа біткен нышан, тұқымқуалаушылықтың белгісі болып табылады, яғни, адамның жүйке, ми аппараттарының анатомиялық-физиологиялық ерекшелігі болып табылады. Осыған орай, ғалым «қабілет нышандарының негізінде дами отырып, нышанның өз бетінше функциялануы емес, тек дамудың негізгі кезеңі, алғы шарты» деп жазды.
С.Л.Рубинштейн іс-әрекет барысында қабілет пен ептіліктің өзара байланысы ерекше роль атқаратынын айтады. Бұл екеуінің бір-бірімен тығыз байланыста екендігін еске ала отырып, бір жағынан ептілік, білім т.б. меңгері қабілеті бар екенін білдірсе, қабілеттің қалыптасуы сол іс-әрекеттің ептілігі мен білімдерді меңгеру арқылы іске асатындығын түсіндіреді.
Б.М.Теплов қабілетті адамдар арасындағы жеке даралық психологиялық өзгешелік деп қарастырады (30). Б.М.Теплов қабілеттілікке анықтама бере отырып, қабілеттіліктің үш белгісін көрсетеді, біріншіден, қабілеттілік бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын жеке даралық психологиялық ерекшелік; екіншіден, қабілеттілікке барлық жеке даралық ерекшеліктерді жатқыза беруге болмайды, тек қандай да бір немесе бірнеше іс-әрекетті орындау барысында нәтижесі табысқа сәйкес жететін ерекшеліктерді, қабілет деп атауға болады; үшіншіден, «қабілет» түсінігі адамда бар білім, ептілік және дағдымен ғана шектеліп қоймайтындығын айтады, яғни тек ептілік, білім, дағды ғана бар деп айтуға болмайды, керісінше, сол ептілік, білім, дағды ғана бар деп айтуға болмайды, керісінше, сол ептілік, білім, дағдыны меңгеруге қабылетті деп санайды. Б.М.Теплов қабілеттіліктің дамуы – бір жақты ғана болмайды, оның қозғаушы күші қарама-қарсы ойлардың күресі деп көрсетеді.
Б.Г.Ананьев қабілет мәселесін жетілдіре отырып, қабілет тек индивидтің белсенді іс-әрекетінде тәжірибені меңгерудегі психологиялық аспектісі ретінде ғана көрсетпей, сонымен қатар психологиялық құрылым ретінде жеке адамның қабілетке байланысын көрсетеді. Оның айтуынша, қабілеттілік – ақылдың шығармашылық дамуының көрінуі (3). Тек білімдердің жинақталуы, әрі бұл білімдерді шығармашылық көрсетуінде ғана емес, жаңа бейне, жасампаздық әрекет құра алуы деп көрсетеді.
В.И.Корюкин өзінің «Шығармашылық әрекеттің приоритеті» атты еңбегінде адамзат санасының қалыптасуы, адамзаттың шығармашылық іс-әрекетінің дамып-жетілуі – қоғамдық дамудың негізгі факторы деп көрсетеді.
Ю.Е.Виноградов еңбектері аффектілі жағдай мен ойлаудың байланыстылығын, адам ой әрекетінде эмоционалды күйдің пайда болу жағдайы және оның ой әрекетінің құрылымна әсері туралы жан-жақты түсіндіреді.
А.Н. Леонтьевтің қабілет мәселесі туралы (22) айтылатын барлық еңбектеріндегі оның негізгі идеясы адамға берілген кез-келген психикалық іс-әрекет, соның ішінде қабілет ұрпақтан-ұрпаққа берілетін тәжірибелерді меңгеру барысында дамиды және қалыптасады. Оның техникалық даму деңгейіне байланысты, яғни мәдени жүйедегі қабілет тұқымнан берілмейді. Қабілет жаңа құрылым жасауды қажетсінеді.
Қабілет адамның қандайда бір нәрсені істеуге мүмкіншілігі және ол іс-әрекеттің нәтижелігі болып табылады.
Кеңес психологиясында, ең алдымен, С.Л.Рубинштейн және Б.М.Теплов өз еңбектерінде іс-әрекеттің нәтижелігі бойынша «қабілеттілік», «дарындылық» және «талант» ұғымдарына жіктеу жасауға тырысқан.
А.М.Матюшкин дарындылықты, таланттылықты, творчествоның көрінуімен, творчестволық адамның функциялануымен. өзіндік творчестволық іс-әрекеттің ерекшеліктерімен міндетті түрде байланыстыруды аса қажет деп есептейді.
Қабілет, дарындылық, талант мәселесін шешудің эмпирикалық негізін салушы, әрі осы күнге дейін қолданып жүрген оның зерттеу әдістері мен әдістемелерін ұсынған Гальтон болды. Оның айтуы бойынша қабілеттің детерминациясы – тұқымқуалаушылық пен ортаның сәйкестігі және жалпы қабілет пен арнайы қабілеттің өзара байланысы – қабілеттің дамуының негізі болып табылады.
Н.С.Лейтес дарынды балаларды зерттей келе, олар еңбекке тартымдылығымен өзгешеленетін және «еңбектен қанағаттануды сезінетін нағыз кішкентай еңбекқорлар болып табылады», - деп көрсетеді (21).
Барлық қабілеттің түрлерінің дамуын қамтамасыз ететін ең негізгі фактор – іс-әрекет, олай болса, балалардың негізгі іс-әрекеті – ойын әрекетін белсендіре отырып, творчестволық қабілетін дамытуға болатындығы дәлелдене түседі. Баланың айнала қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі көбінесе өзі үлгі тұтатын мұғалімдері мен ата-аналары болғандықтан, ересектердің бала қабілетінің дамуына әсері ұшан-теңіз.Сондықтан шығармашыл жеке адамды қалыптастыруда шығармашыл ұстаздың психологиялық дайындығы жоғары деңгейде болуы тиіс. Осыған орай мұғалімнің оқу барысында арнайы оқу жүйесін ұйымдастыру аса маңызды бола түседі.
Дамудың жас кезеідері барысында, әсіресе, соның ішінде – жалпы қабілеттің алғы шарттарының әртүрлі жақтары - әрбір балалық шақта - өзіне тән нақты жақтары болатындығына негіздеме бар. «Жалпы қабілеттің қалыптасуы үшін, тек ақыл-ой деңгейі ғана аса қажет емес, сондай-ақ оқу-тәрбиелік әсердің де, жас кезеңдерінде де мәні зор», - деп көрсетеді Н.С.Лейтес (21).
Қабілет мәселесіне байланысты әдебиеттерге шолу жасау арқылы оның дамуының төмендегідей тарихи кезеңдік сатыларын байқауға болады:
Біздің зерттеуімізге өзек болы отырған шығармашылық қабілеттің дамуы туралы мәселе өз бастауын творчествоның туындауынан алады.
Шығармашылық процесс – үнемі білімдер мен ептіліктерді өз бетімен жаңа жағдайға өткізу болып табылады, білім неғұрлым өз бетінше жүзеге асса, соғұрлым бұл ілімді қолдану творчестволық сипатта болады.
Шығармашылық іс-әрекеттің бірнеше белгілерін атап кетсек: таныс объектіден жаңа функция көре білу, зерттеуге жататын объектінің құрылымын көре білу, альтернативті шешімді көре білу және оны іздестіру, проблеманы шешудің бұрынғы танымалы тәсілдерін жаңа тәсілге қиылыстыру, басқа танымалы шешімнің айрықша тәсілін құра білу болып табылады.
Шығармашылықтың дамуында интеллектуалдық, қарым-қатынас және тапсырмаларды шешу жүзеге асырылады. Бала өзінің бос уақытының көп бөлігін ойынмен өткізеді. Олардың бірқатары шығармашылық қабілеттің дамуына әсер етуі мүмкін. Біздің қалай ойнайтынымыздың да мәні зор. Ойын барысында шығармашылық элементтерді қолдану арқылы, кез-келген ойын затына шығармашылық танымдық сипатта жүзеге асыру арқылы балалардың ойынында шығармашылық қабілетті дамытуға болады.
Шығармашылық механизмі туралы айтқанда, бұл шығармашылық қабілетті зерттеуді өзімен ілестіре жүреді.
Психология ғылымында қабілеттің үш концепциясы қалыптасқан. Оның бірі – қабілет толығымен әлеуметтік орта және тәрбиеге байланысты анықталады. Біршама дұрыс концепция – қабілеттің үшінші концепциясы. Оның өкілдері Б.М.Теплов, В.А.Крутецкий, Я.А.Пономарев концепцияларында кез келген адам белгіл бір нышанмен туылады, дегенмен табиғи күштер мен нышан, қабілеттің дамуы үшін әлеуметтік қолайлы жағдай қажет деп көрсетеді. Үшінші концепция табиғилықтың мәнін жоққа шығармайды, сонымен бірге қабілеттердің әлеуметтік тарихи сипатын ашып көрсетеді. Біз өзіміздің жұмысымызда осы концепцияны басшылыққа ала отырып, бастауыш мектеп оқушыларына әлеуметтік қолайлы жағдай құру арқылы олардың шығармашылық қабілетін дамытуға болатынын дәлелдеп отырмыз.
Д.Маймонның және тағы басқа зерттеушілер креативтіліктің дамуына еліктеу объектісі болып табылатын шығармашылық сипаттағы үлгі және жағымды жағдай жасау әсер етеді деп көрсетеді. Бастауыш мектеп жасындағы балаларда шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған біздің зерттеуіміздегі педагогтармен жүргізілген жұмыстарымыздың негізі де осы тұжырымдамадан алынды.
Қабілеттің дамуы мен қалыптасуына оқу мен тәрбие ерекше орын алады. Шығармашылық белсенділіктің даму барысы балалардың жас ерекшелік мүмкіншіліктеріне және іс-әрекет сипатына байланысты. Л.С.Выготский өзінің зерттеулерінде оқу мен тәрбие дамуды өзімен бірге сүйреп жүретін және дамудың алдында ілгері жүру деп оқу мен тәрбиенің негізгі ролін көрсетті.
Білімдерді меңгерудің екі жолы бар, олардың әрқайсысынан таным процестерінің сипаты анықталады. Бір жолы жаңа білімді өз бетінше алуға әкеп соғатын іс-әрекеттің белсенді қалыптасуына бағытталған: баланың заттар арасындағы байланысты байқауынан бастап бұрын ешкімге танымал болмаған заңдылықтарды көрсету және алдыңғы өнер табыстарына дейінгі жаңа білім. Екінші жолы – дайын бейнелер мен эталондарды меңгеруінде құрылатын қайта жаңғыру іс-әрекетіне бағытталған. Бірінші жағдайда шығармашылық продуктивті процесс туралы айтылады. Шығармашылық өлшемі ситуацияның жаңалығына, жаңадан қайта жасап шығару құралдары мен тәсілдеріне, алынған нәтиженің айрықшалығына байланысты болады.
Таным процесінің шығармашылық жолы – жеке адам өзінің шығармашылық мүмкіншіліктерін көрсетуге қажетті негізгі жағдай ретінде ішкі танымдық мотивация болып табылады. Жеке адамның шығармашылық мүмкіншіліктеріне: шығармашылық процестің ізденіс механизмі, мәсеені айқындауға осы мүмкіншілітердің өзі, айрықша шешім іздестіру, образды ойлауды өзіндік реттеу жатады. Мұның бәрі де қиял бейнелерінен туындайтындығы белгілі. Олай болса, шығармашылық қабілеттің дамуы – шығармашылық тапсырмаларды шешу қиялдың негізінен жасалады. И.М.Розете зерттеулері бала үшін сыртқы әлем туралы білім әлі жеткіліксіз болғандықтан, таңқаларлық әрі өткір ойлы және күтпеген нәтижелі бейнелерді құруын жеңіл қолдана алады.
Шығармашылық қабілетті дамыту мәселесі бойынша әдебиеттерге шолу нәтижесінде мектеп жасына дейінгі балаларда шығармашылық қабілетті дамыту мәселелері терең қаралғанмен, бастауыш мектеп жасындағы баланың шығармашылық жеке адам ретінде даму концепциялары жоқтың қасы деген тұжырымға келдік.
Осыған орай шығармашылық қабілеттің даму мәселесін ғылыми тұрғыда зерттеу барысында көптеген еңбектерден аңғарғанымыз, баланың шығармашылық қабілетінің дамуының ең нәтижелі кезеңі 3-5 жас деп көрсетеді. Ал біздің зерттеу жұмысымыз мектеп өмірінің алғашқы жылдарында да осы нәтижелі дамуды балада шығармашылыққа деген орнықты мотивацияны қалыптастыра отырып жалғастыруға болатындығын көрсетіп отырмыз.
Көп жағдайда шығармашылық қабілет жағдайында немесе шығармашылық таным мәселесі бойынша жеке қаралған, мұны тұтастай бір комплексте қарау көп ескеріле бермейді. Осыған байланысты біз өз зерттеу мақсатымызды бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуы мен интеллектуалды дамуының өзара байланысын және шығармашылық танымдығы негізгі жеке бастық құрылымдардың байланысын ашу арқылы, олардың шығармашылық қабілетін дамытудың психологиялық ерекшеліктерін анықтау деп алдық.
Оқыту үрдісінде балалардың шығармашылық қабілеттілігінің дамуына жағдай жасау – мемлекеттік білім беру стандарттық бағдарламасын іске асрудың негізгі құралы.
Ж.Аймауытов өз еңбектерінде «жақсы қойылған сұрау, жақсы жауап тілейді» дей отырып, балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға байланысты жақсы тапсырмалар мен жақсы сұраулар қойылса, соған сәйкес бала қабілеттіліктің жан-жақты әрі мәнді көрінуіне әсерін тигізетіндігін дәлелдейді. «Оқыту адамдардың табиғатына қарай болсын» деп айтылған ойы бар бала бойындағы қабілет құрылымы, бағыты, жүйесіне орай тапсырмалар беру – баланың білімді тез әрі жеңіл меңгеруіне, қабілеттің ақындылығына себепші болады.
«Кітаптан өмірге емес, өмірден кітапқа қарай жылжысын» деген ойынан бала мектептегі оқу бағдарламасынан алған білім жүйесін, өмірде білімді қолдана алуға, қоғамға пайда келтіретін жаңа ұсыныстар мен ой қорытындыларын шығара алуға, жаңа бейне жасауға бейім болу қажет деп түсінуге болады.
Балалар психологиясында әрбір жас кезеңдерінде, әсіресе, бастауыш мектеп кезеңіндегі психикалық даму ерекшеліктері – педагогикалық тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді ұйымдастыру мәселелеріндегі толғантатын жәйт.
Еліміздің болашақ елеулі азаматын, кәсіби шығармашылық тұрғыда жан-жақты жетілген жеке адамды даярлауда – кіші мектеп кезіндегі оқу үрдісін тиімді ұйымдастырудың алатын орны ерекше екеніді даусыз. Сондықтан бала бойындағы шығармашылық қабілеттің жандануына жол ашу, жағдай жасау керектігі жайында ғұлама психолог – педагог ғалымдардың еңбектерінде ерте кезден-ақ баяндалып жүр.
Білім негізі бастауышта қаланатын болғандықтан, ендігі кезекте бастауыш мектеп кезеңінде ұлттық ерекшеліктерді, бастауыш мектептің оқу бағдарламасына енгізіліп отырған жыл сайынғы өзгерістерді, баланың тұрғылықты мекен-жайының өзгешеліктерін, баланың жеке даралық психологиялық қасиеттерін ескере отырып, оқу үрдісінде нақты пәндер бойынша белгілі бір саладағы шығармашылық қабілеттілікті дамытуға тиімді әдістемелік жолды теориялық және практикалық тұрғыда ашып беру керек деп ойлаймын.
Психологиялық және педагогикалық әдебиеттерді талдау қабілеттің жалпы құрылымын практикалық түрде төмендегіше белгіленді.