Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуын экспериментальды зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Июня 2014 в 22:07, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі. Әрбір қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда шығармашылық жеке адамды дайындау қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында творчестволық тұрғыда ойлаушы, тәуелсіз жеке адамды, дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. Шығармашылық жеке адамды қалыптастыру педагогикалық психология ғылымының кейбір жақтарын жаңаша қарауды талап етеді.

Содержание работы

Кіріспе..................................................................................................................3

І тарау. Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері

Қабілет туралы ұғым...............................................................................9
Бастауыш сынып оқушыларының психикалық даму ерекшеліктері.20
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту...................................36

ІІ тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуын экспериментальды зерттеу.

2.1. Экспериментальды зерттеудің мақсаты, міндеттері, әдістемесі...........45
2.2. Экспериментальдық зерттеудің нәтижесін талдау.................................56

Қорытынды......................................................................................................68

Әдебиет тізімі....................................................................................................70

Файлы: 1 файл

Дип.-Бастауыш-мектеп-жасындағы-балаларда-шығармашылық-қабілетті.doc

— 426.00 Кб (Скачать файл)

Бұған қатысты балалардың творчестовалық танымын зерттеу мақсатында жеке адамның дамуын базалық ұғымдарда зерттейтін «Идсалды әрекетті бейнелейтін сана ерекшеліктері» әдістемесін қолдандық.

Арнайы ұйымдастырылған оқу процесі арқылы бастауыш мектеп оқушысының творчестволық қабілетінің даму ерекшеліктерін зерттеуде жеке адамды творчестволық даумытуға бағытталған комплексті психологиялық шарттарды табу мақсатымен мынадай ұйымдастыру кезеңдері жүзеге асырылады: бастауыш сынып педагогтарына арнап «творчестволық қабілетті» бала моделін жасауға арналған анкеталар, сұрақнама, әңгімелесу процедуралары жүргізіледі, диагностикалық әдістермен таныстырылды, оларды сабақтарында қолдану, сабақта дәстүрлі емес жаңаша яғни, творчество элементтерін кіргізуге бағдарланған әртүрлі тапсырмалар, драматизациялық ойындар, әртүрлі ойын ситиуацияларын ұйымдастыру мүмкіндіктеріне дайындалды. Осы сабақтардың арқасында педагогтар эксперименталды топтарда осы тапсырмаларды балаларға үйретіп, олардың дамуына жағымды оң әсерлерін тигізді.

Жеке адамды базалық ұғымдармен әрі жеке адамды тұтастық ықпал негізінде зерттейтін Н.И. Непомнящаяның әдістемелерінің («Әрекеттің идеалды бейнесі ретінде сана ерекшеліктерін табу» әдістемесі және ззін ұғынуға және басқалармен қатынасын ұғынуға арналған «мен-басқамын» әдістемесі) мақсаты мына тенденцияны бағыттайды: бастауыш мектеп оқушысында творчестоволық қабілетті дамыту үшін, олардың жеке юасына деген комплексті психолгиялық ықпалдарды жүзеге асыру қажет.

Бастауыш мектеп жасындағы балаларда шығармашылық қабілеттің дамуына негіз болатын – интеллектінің жоғары деңгейде дамуы болғандықтан, зерттеу жұмысымызда жүргізілген психологиялық экспериментіміздің міндеті - әуелі экспериментке алынған 50 сыналушылардың интеллект деңгейлерін (IQ) анықтау. Соның ішінен IQ–і 120 дан жоғары 25 бала іріктелінді.

1-кесте

Диагностикалық әдістемелер

Топ үшін

Х

Көрсеткіштері

  1. Векслер
  2. Равен
  3. Торренс

132

123

118


                                                                               60               80                     100                 120                                 140

 

Кестеден көріп отырғанымыздай интеллект көреткіштері жоғары. Соның негізінде экспериментке іріктелген балалардың дарындылығы (интеллект пен творчестоволық даму) көрініп тұр.

Интелектіні тестілеумен қатар мұғалімдердің экспертті бағасы да қолданылады. Соның нәтижесінде 25 баладан 20-бала іріктелді.

Олар 2 топқа бөлінді (10+10).

1 топқа есеппен IQ -120-130 балл; 2-топқа: IQ-110-120 балл алғандар кірді. Шартты түрде оларды: 1-топ: «Интеллектуалды балалар» деп, ал 2-топ: «Жақсы көрсеткіштегі балалар» деп аталады.

Екі топтың айырмашылығы Стьюденттің Т критериясы бойынша осы екі топ жарты екі топқа бөлінді.

  1. «Креативтер»-(7 бала)- Торренс тесті бойынша жоғары көрсеткіш берді: IQ117; ал креативтілік 60;
  2. «Интеллектуалдар» - (8бала)- IQ-130; ал креативтілік-41;

Зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеу барысында мына жағдайларды алдық: (Пирсон бойынша есептелінген)

Вербалды және вербалды емес шкалалардың арасындағы корреляция аса жоғары болған жоқ: 0.38. Бұл шама сынаушылардың басым көпшілігінің не вербалды не вербалды емес қабілеттерді меңгергенін көрсетеді.

Осындай анықтаушы эксперименттерден соң, оқушыларға бүкіл оқу жыл барысында творчестоволық қабілетін дамытуға арналған дамытушылық жұмыстар жүргізілді. Мұның нәтижесін оқу жыл соныңда қайта диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы төмендегіше нәтиже алдық:

Векслер тесті мен Равен матрицалардың арасындағы корреляция аса көп емес: 0.30-0.40 аралығындағы аралықты қамтыды. Осыған байланысты мына жағдайды көрсетуге болады:

Интеллектінің әртүрлі жақтарын көрсететін диагностикалық әдістемелердің бедгілі бір бірлікті құрайтындығын байқауға болады. Енді Торрене тест көрсеткіштері бойынша корреляцияны табамыз. Онда біз бағалау көрсеткіштерінің төрт сипаттамасын және жалпы көрсеткішті алдық.

 

2-кесте 

Творчестоволық тест корреляциясы

 

 

Оқу жылы

Оқудың басы

Оқудың аяғы

Көрсеткіштері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Жылдамдығы

 

84

70

 

82

         

2

Икемділігі

   

80

 

88

33

       

3

Айрықшалығы

73

80

   

86

     

46

 

4

Жетілгендігі

       

86

         

5

Жалпы көрсеткіші

84

88

89

89

           

6

Жылдамдығы

           

74

73

 

82

7

Икемділігі

             

65

 

74

8

Айрықшалығы

           

65

   

85

9

Жетілгендігі

             

85

 

50

10

Жалпы көрсеткіші

               

49

 

 

Кестеде көрсетілген мәліметтер творчестоволық ойлаудың барлық көрсеткіштерінің байланысты екендігін көрсетеді: 1-тесте корреляция: 0.84.-0.89. аралығында; ал 2-тесте: 0.49-0.85 аралығында болды.

Қорыта айтсақ, 1 мен 2-тестің арасындағы корреляция саны аса үлкен емес. 2 тест уақыт аралығында сынаушыларда креативтіліктері өзгерді.

Зерттеудің міндеттерінің бірі – балалардағы интеллектуалды және творчестовалық қабілеттердің даму динамикасын анықтау. Бұл зерттеуде «креативтер» мен «интеллектуалдар» арасындағы вербалды емес сферадағы (Равен тесті) логикалық даму днамикасының мәліметтері берілген.

3-кесте 

Интеллект және творчестоволық ойлаудың даму көреткіштері

Топтар

Сынау шылар

Интеллектуалды даму көрсеткіштері

Шығармашылық ойлаудың даму динамикасы

Оқудың басы

Оқудың соңы

Оқудың басы

Оқудың соны

«креативтер»

7

116

111

60

57

«интеллектуалдар»

8

121

120

43

51


 

Интеллект дамуының көрсеткішінде Т-критерийі есептелінбейді, себебі айырмашылық аса үлкен емес. «Интелектуалдарда»- IQ өзгерген жоқ, тұрақты болып тұр. «Креативтерде» - IQ аздау көрсеткіш береді.

Ал Торренстің творчестоволық ойлау тестісі бойынша «Интеллектуалдарда» айрықшалық -11 бірлікке, жалпы көрсеткіш-8бірлікке төмендесе, жалпы көрсеткіш -3 бірлікке төмендеп, тек жетілгендік ғана 8 бірлікке, ал жетілгендік -4 бірлікке көтерілді.

«Кревативтерде» - творчестовалық ойлау төменірек болды, айрықшалық – 9 бірлікке төмендесе, жалпы көрсеткіш 3 –бірлікке төмендеп, тек жетілгендік ғана 8 бірлікке жоғарлады. Нәтижелерді статистикалық өңдеу барысы – Стьюденттің Т-критериясы бойынша екі топ Р>0.01 аралығында мәнді айырмашылық бар екенін көрсетеді.

Қорыта келсек, оқудың басында Торренс тесті бойынша жоғарғы көрсеткіш берген балаларда оқудың аяғында өз көрсеткіштерін төмендеткен. 2-тест креативтердегі творчестоволық қабілеттің даму динамикасының теріс сипатын берді.

Арнайы ұйымымдастырылған оқу барысында (педагогтар өткізген, сабақтағы әртүрлі дамытушы тапсырмалар, ойын әдістері)- интеллектуалдар алдыға шықты.

Яғни, нағыз креативтіліктің негізі – тек жоғары дамыған интеллектіде қалыптасады.

Интеллектуалдарда креативтіліктің жоғарылауына негізі себеп – олардың мотивациялық ішкі дайындауларын арнайы өзгерту керек, ол арнайы ұйымдастырылған оқу негізінде жүзеге асты.

Зерттеудің басында сыналушыларды интеллектуалды қабілеттеріне қарай екіге бөлгенбіз: «интеллектуалды балалар», «жақсы көрсеткішті балалар». Енді ос ыекі топтағы интеллект пен креативтілік көрсеткіштерін талдаймыз.

 

4-кесте

Интеллектуалды деңгейлері әртүрлі балалардағы креативтілік сипаты

Топтар

Саны

Жалпы көрсеткіштер

Оқудың басы

Оқудың соны

«интеллектуал. Бала»

«жақсы көрс. Бала»

10

10

48

51

59

53


 

Кестеден көріп отырғанымыздай, оқу жыл басында «интеллектуалды балаларда» креативтілік төмендеу, ал «жақсы көрсеткіштегі балаларда» жоғарғылау болады.

Зерттеудің нәтижелерін статистикалық өңдеу барысында 2 топтың айырмашылығы Р>0.01 р<0.05 аралығында дәлдік деңгейде болды.

«Жақсы көрсеткішті балалар»тобында интеллектуалды деңгей екінші топқа қарарғанда төмен болғаны белгілі, бұл жағдай ойлаудың аз шаблондылығына әкеледі, ал шаблондық творчестоволық тестерді орындауда аса қажет болады.

Ал оқудың аяғында мүлдем басқаша көрініс алынды. Себебі балалар арнайы ұйымдастырылған оқу процесінен өтті. Сабақтарда қолданылған әдістер мен әдістемелер, әртүрлі творчестоволық, интеллектуалды тапсырмаларды орындау, үйрену барысында балаларға жағымды эмоциялық қатынастар, олардың жауаптарын марапаттау, таорчестоволық іс әрекетке саналы бағдарлау, оң мотивация туғызу сияқты психологиялық жағдайлар өз тиімділігін берді.

2-тест көрсеткіштері бойынша  интеллектуалды және творчестоволық даму көрсеткіштерінің өзара байланысы өзгерді. Олардың арасындағы теріс корреляция жойылды. Интеллект пен креативтіліктің арасында оң байланыс орнады. «Интеллектуалды балалар» мен «жақсы көрсеткіштегі балалар» топтары арасындағы айырмашылықтар жойылды. Жоғарғы интеллектуалды балаларда креативтілік жоғарлады.

Алынған мәліметтер көрсеткендей арнайы ұйымдастырылған оқу процесі «интеллектуалды балалар» тобында творчестоволық қабілеттің даму динамикасын оң дәрежеге жеткізді. Ал «жақсы көрсеткіштегі балалар» тобында айтарлықтай өзгерістер байқалмады.

Баланың дамуы ең алдымен ақыл ой дамуымен, білімді, ептілікті, дағдыларды меңгерумен байланысты. Яғни ойлау стереотипінің шаблондығының өсуімен байланысты, жоғары интеллектуалды балалар осы стереотиптерді ерте меңгереді және алғашқы балалық креативтілікті ерте жоғалтады. Сондықтан да интеллектуалдарда төмен креативтіліктің болуы осыған байланысты. Ал төменірек интеллектуалды баларда (жақсы көрсеткішті бала) алғашқы балалық («аңқау») креативтілік ұзақ сақталады. Олар күтпеген жауаптарды, ерекше шешімдерді жеңіл, тез айтып, қолданады. Сондықтанда 1-тесте олар креативтіліктің жоғары деңгейін берді.

Ал нағыз креативтілік немесе «мәдени креативтіліктің» (Юркевич В.С.) болуы ойлаудың стереотипін жеңе алатын балаларда интеллект жоғары болады.

Арнайы оқу шартында жеткілікті түрде тек интеллект ғана емес әрі творчестоволық мүмкіндіктер де дамиды. Өткен тәжірибе стереотиптерін жеңе алатын жоғары интеллектілі балаларда креативтілік үлкен «өсімге» жете алады. Аталмыш көрсеткіштер зерттеу жұмысымыздың негізгі жорамалының бірінші жанама жорамалын дәлелдейді.

Жеке адам базалық ұғымдармен әрі жеке адамды тұтастық ықпал негізінде зерттейтін Н.И. Непомнящаяның «Әрекетті идеалды бейнесі ретінде сана ерекшіліктерін табу» әдістемесі мен өзін ұғынуға және басқалармен қатынасын ұғынуға арналған «Мен басқамын» әдістемесі бойынша өзкізілген эксперименттің міндеті – объектіге деген творчестоволық таным сипаттамалары неғұрлым жоғары болса, креативтілікте соғұрлым жоғары болатынын дәлелдеу.

Сынаушылардың креативтілігі мына көрсеткішпен анықталды: өнімділік көрсеткіші, яғни оған іс әрекет өнімін креативті мінез құлықтың мотивациялық негізін бейнелейді.

Мотивациялық – жеке бастық компонент сынаушылардың мынадай жауаптарының негізінде бағаланды: мәселені ұғынып айту, тапсырманы орындауға немесе орындамауға деген тілектер және ересектердің баланы бағалануына байланысты эмоциялық тәуелділіктерін де ескеріп отырдық.

Біздің экспериментімізде креативтілікті жеке бастық терең қасиет ретінде емес, тек мінез құлықтық, яғни ситуативті қасиет ретінде қарастырамыз. Сондықтан да сыналушылардың көрсеткіштерін рангілеуде креативтіліктің деңгейіне – мотивациялық – жеке бастық ситуация алынды. Төмендегі кестеде бастауыш мектеп оқушыларының творчестоволық таным сипаты мен креативтілігінің көрсететін корреляциялық көрсеткіштер берілген.

Информация о работе Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуын экспериментальды зерттеу