Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуын экспериментальды зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Июня 2014 в 22:07, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі. Әрбір қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда шығармашылық жеке адамды дайындау қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында творчестволық тұрғыда ойлаушы, тәуелсіз жеке адамды, дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. Шығармашылық жеке адамды қалыптастыру педагогикалық психология ғылымының кейбір жақтарын жаңаша қарауды талап етеді.

Содержание работы

Кіріспе..................................................................................................................3

І тарау. Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері

Қабілет туралы ұғым...............................................................................9
Бастауыш сынып оқушыларының психикалық даму ерекшеліктері.20
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту...................................36

ІІ тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуын экспериментальды зерттеу.

2.1. Экспериментальды зерттеудің мақсаты, міндеттері, әдістемесі...........45
2.2. Экспериментальдық зерттеудің нәтижесін талдау.................................56

Қорытынды......................................................................................................68

Әдебиет тізімі....................................................................................................70

Файлы: 1 файл

Дип.-Бастауыш-мектеп-жасындағы-балаларда-шығармашылық-қабілетті.doc

— 426.00 Кб (Скачать файл)

Жақын даму аймағы, қол жеркен аймеқпен өзара қызметтесе отырып, бала оны біртіндеп игеріп әкетеді.Сөйтіп қол жеткен рймақтың жоғары сатысына көтеріліп, жақын аймаққа өріс ашылады. Бұдан әрі психиканың бүкіл саласының қалыптасуы адамның белсенді қызметті өрістетуіне мүмкіндік береді. Бұл процесте ол бір жағынан, өзінің іскерлігі мен қабілетін нығайтып, жетілдіреді, жаңа дағдыларды игереді, екінші жағынан, материалдық және рухани байлықтар жасап, сол арқылы адамзат мәдениетіне өз үлесін қосады. Адам өмірінің осы кезаңінде даму туралы іс - әрекеттің танымдық, еңбек және басқа да қызмет түрлерінің әдістерін байыту ретінде айтуға болады. Баланың потенциалдық мүмкіндіктері неғұрлым жан – жақты, үйлесімді, толығырақ дамыса, ол есейген кезде оның қызметі соғұрлым мазмұнды, жан – жақты, табысты болады, оны жүзеге асырудың тәсілдерін ол соғұрлым серпінді меңгеріп, жаңғырта алады. Демек, шын мінісіндегі педагогиканың міндеті баланың ертеңгі күніне меңзейді. Ғалым – психологтар Л.В.Заеков, А.А.Люблинская, Д.Б.Эльконин лабороторияларында бастауыш мектепте оқытудың мазмұнын, сипатын өзгертуге арналған зерттеу жұмыстары жасалды.С.А.Рубенштейн, Е.Н.Кабанова – Меллер және басқалар өз зерттеулерінде оқыту дамудың негізгі шарты екенін көрсетті.

И.Я.Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып,адамның әр – түрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді.Мұндай анықтама интеллектуалдық іс - әрекетті жоғары орынға шығарады. Қаншалықты мәселе күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл – ой қызметі де соршалықты кең, ауқымды, демек, даму меңгейі де жоғары болады.

Осы мәселе төңірегінде еңбек еткен әртүрлі авторлар оқушының дамуының әртүрлі белгілерін атап көрсетеді. Мысалы, П.П.Блонский бұған индивидтің абстрактіден нақтыға және керісінше қозғалыс жасай алу қабілетін жатқызса; Д.Н.Богоявленский және Н.А.Менчинская – оқи алуды, яғни қысқа мерзімде жоғары үлгерімге жетуді, Н.Д.Левитов «даму» ұғымының мәнінде:

  1. Оқу материалын жылдам меңгеру;
  2. Өз бетінше жаңа мысалдар құрастыру дағдысын;
  3. Негізгіні және көмекшіні анықтай білу дағдысын;
  4. Оқиғаға, құбылысқа дұрыс баға беру дағдысын жатқызады.

Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар: байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттер атқара білу.

В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытынылай алу дағдысын есептейді.

Тұтас алғанда, барлық авторлар даму туралы ойларын оқыту барысында қабылдаудың, естің, зейіннің, ойлаудың, тілдің дамуы деген қорытындымен тұжырымдайды.

Оқыту барысында сабақтардың дамытушылық функциясын арттыруды басты мақсат етіп қояды. Бұдан шығар қорытынды білім берудегі басты міндет білім, білік, дағды қалыптастыру ғана емес, баланың ішкі күштері мен мүмкіншіліктерінің ширай түсуі. Ол үшін бала әрекет етуі керек.

Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден – кез-келген бала адамзат баласының оыс кезге дейінгі жинақтаған тәжірибесін меңгеруге бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды, білім, білік, дағдыны қабылдайды. Екіншіден, кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен, шығармашылық әрекеттің айырмашылығы ол баланың өзін-өзі қалыптасуына, өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдер іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.

Екі әрекетте оқушылар екі түрлі мүдделер көзделген мақсатты шешеді. Мысалы, оқу әрекетінде белгілі бір дағдыны қалыптастыратын, белгілі бір ережені меңгеретін жаттығулар орындалса, шығармашылық әрекетте баланың іздену жұмысы басты нысанада болады. Сондықтан оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, шығармашылық әрекет нақты жағдай шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады. Зерттеушілер шығармашылық әрекеттерге әртүрлі сипаттамалар береді.  Мәселен: И.Я.Лернер шығармашылық әрекет деп  білім, білік, әрекет, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуді, проблеманы бұрынғы тәжірибеге сүйене отырып шешуді, объектінің жаңа функциясын көре білу, проблеманы шешудің балама жолдарын таңдай білу, жаңа объект, жаңа шешім табуды белгілейді.

А.Н.Лук шығармашылық әреетті мәселені шешудегі көрегендікке, қырағылыққа балайды; ақылдың алғырлығын; әрекетті сынай, бағалай білу қабілеті, идеяларды іске асыру қабілетін, болжай білу қабылеттерді атайды.

Шығармашылық әрекетте репродуктивті, көшірмелік әрекет болмайтын: шабыт орын алады. Ол адамның барлық ішкі резервтерін сарқа жұмсауды талап етеді, ақырғы нәтижені көре білу, интуиция сияқты кезеңдерден өтеді. Шығармашылық әрекет жайлы басқа да психологтардың көзқарастары да назар аударарлық.

Шығармашылық әрекеттің ең негізгі күре тамыры интуицияны жоқ етуі деп есептейді (Я.А.Понамарев, М.С.Скаткин т.б.).

Осы еңбектерге және өз тәжірибемізге сүйене отырып, біз шығармашылық әрекет деп мәселені баланың өз бетінше өзгеше шешуі,  бұрынғы білімін пайдалана отырып, жаңа әдіс, жол шешімдерін таба білуі, шешімнің тапқырлығы, сонылығы деп білеміз.

Бүгінгі бастауыш мектепте баланың оқу әрекеті басым. Сабақтарда әсіресе тіл және математикадан оқушылар үнемі білімдік жаттығулар, типтес есептер шығарумен айналысады. Мұндай жаттығулар орындау, бір шешім іздеу, оны өз күшін байқау мүмкіндігінен айырады. Ал ілуде бір кездесіп қалатын қалыптан тыс жаттығулар тек өте жақсы оқушылардың орындауы үшін беріледі, өйткені ол барлық бала үшін міндетті таасырма емес. Мұндай жағдайды қанағаттанарлық деп айтуға болмайды.

Біздің ойымызша, бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Біз бұған оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған халықаралық ойын «Ойшылдар Одиссеясы» бағдарламасына қатысып, жұмыс істеу барысында көзімізді жеткіздік.

«Ойшылдар Одиссеясы» мектеп бағдарламасы 1978 жылы Американың Нью-Джерси штатында басталды. Оның негізін қалаушы докторы Самуэль Миклус. Ең алған рет РОУАН колледжінде 28 мектептен келген команда мүшелері шығармашылық тапсырмалар шешу жөнінен жарысқа түсті. Қазір бұл бағдарлама бойынша Американың барлық 51 штатында айналысатын мектептер бар. Сондай-ақ Австрия, Канада, Қытай, Жапония, Германия, Мексика, Россия мемлекеттерінде «Ойшылдар Одиссеясы» бағдарламасымен айналысатын мектептер саны жыл санап сөуде. Қазақстанда да 1994 жылдан бері осы халықаралық ойынға мүше болып, жарысқа түсіп жатқан 10-15 мектеп бар.

«Ойшылдар Одиссеясы» бағдарламасының негізгі мақсаты – қалыптан тыс ойлауға үйрету. Балалардың елестету, қиялдау және ктикалық әрекеттер арқылы шығармашылоық қабілеттерін дамыту.

1977 жылғы республикалық фестивальға  Алматы қаласы (№145 мектептің 3 сыныбы) қатысып, Польшаның Гданьск қаласында  өткен Еуропалық жарыста болып  қайтты. Бұл қазақ тілінде қатысқан тұңғыш команда.

Психологиялық және педагогикалық әдебиеттерді талдау бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерінің құрылымдық моделі 4 өлшем және 15 көрсеткіштермен сипатталады. Мазмұны негізделген, зерттеліп отырған осынау күрделі психикалық сапаның құрылымы графикалық түрде төмендегіше белгіленді. Кесте № 2.

 

 

Кесте № 2

Бастауыш сынып оқушысының шығармашылық қабілеттерінің құрылымдық моделі

 

 


 




 


 

 

 


 

 



 

ІІ тарау. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуын экспериментальды зерттеу.

 

2.1. Экспериментальды зерттеудің  мақсаты, міндеттері, әдістемесі.

 

 

Әрбір қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық даму сол қоғамның шығармашылық жеке адамдарының шығармашылық потенциалына енгізе отырып қоғамның жаңа талап-тілектерін, жаңа әлеуметтік сұраныстарды қамтамасыз ету үшіншығармалы ойлаушы, тәуелсіз жеке адамдарды, айрықша, стандартты емес шешім қабылдауға бейім ұрпақтарды тәрбиелеу қажеттілігі бүгінде аса маңызды болып отыр.

Қазақстан Республикасы орта білімді дамыту Тұжырымдамасында «Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабыдау білуге үйренуі керек.

Адам бойындағы қабілеттерді дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі табуына көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Ол өзіне-өзі, өзінің шынайы болмысына бастайтын жол іздеуі керек. Адам өзін-өзі жеьілдіруге де, сонымен қатар өзінен-өзі жойылуға да қабілетті болады. Адамның өз болмысын тануға ұмтылысында көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілектерін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады» делінген.

Шығармашылық потенциалдың дамуы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты жүзеге асады. Кіші мектеп оқушыларында жас ерекшеліктеріне байланысты жүзеге асады. Кіші мектеп оқушыларында бұл жағдай балалардың қызығуларын ескеріп құрылады.

Кіші мектеп оқушыларының қызығулары заттық әлеммен байланысты. Оларға тән жағдай үлкендерге бағдарлану, яғ,ни оларға еліктеу, оларды үлгі тұту ерекшеліктері педагог үшін мықты дамыту құралы болып табылады. Соның негізінде балалардың шығармашылық және интеллектуалды даму деңгейлері жоғарылап қана қоймайды, әрі олардың мінез-құлқындағы позитивті өзгерістер де жүзеге асырылады.

Біз мектептегі білімдер жүйесінде қазіргі кезде белгілі бір дағдарыс кезеңдерін көреміз, оның мәні-оқыту әдістерінің жеткіліксіздігі емес немесе мектеп өмірін басқаша ұйымдастыру емес. Бүгінгі күннің негізгі бір талабы – білімді адамнан әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын шығармашылық адамды дайындау.

Балаларда әлемнің көпбейнелі жақтарын шығармашылық таным негізінде көре білу қабілетін дамыту, соның негізінде интеллектуалды, креативті ұрпақты тәрбиелеп оқыту, педагогикаплық психологияның маңызды мәселелерінің бірі деп білеміз. Педагогикалық психология тұрғысынан шығармашылық іс-әрекетті зерттеу, соның бір аспектісі шығармашылық қабілет мәселесі аса мәнді сұрақтардың бірі.

Шығармашылық қабілетті  зерттеу проблемасына іс-әрекеттік ықпал және жеке адамды бүтіндей жүйеде қарастыратын Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейннің концепциялары, творчествоның мәнін түсіну үшін жеке адамды оның базалық ұғымдары жүйесінде бүтіндей ықпалда қарастыратын Н.И.Непомнящаяның концепциясы, творчество психологиясында жиі айтылып жүрген Л.Л.Гурова, А.М.Матюшкин, Д.Б.Богоявленская тағы басқалардың жеке адамның когнитивті және жеке бастық аспектілерін арақатыстыру концпциялары, К.Роджерс, А.Маслоу, Н.Роджерс тағы басқалардың шығармагшылық жеке адамның өздігінен дамуы дейтін гуманистік ықпалдары біздің зерттеулерімізге негіз болды.

Сондай-ақ зерттеуге методикалық өзек болған еңбектер – Б.М.,Теплов, Б.Г.Ананьев, В.С.Мерлин, Небылицин, П.Я.Понамарев, П.К.Энгельмейер, П.Торренс, Дж.Гильфорд, Г.Хейманс, Е.Вирсма, Дж.Рензулли, Э.Боно т.б. жұмыстары болды.

Оқу іс-әрекеті баланың тек өзінің барлық күштерін қолдану мүмкіншілігін ғана қамтамасыз етіп қоймайды, сондай-ақ оны жан-жақты етіп қалыптастырады. Қабілеттердің дамуы мен қалыптасуына оқу мен тәрбие ерекше орын алады. Қабілеттілік іс-әрекет барысында стихиялы қалыптасаы береді, дегенмен одан көп уақыт пен өте көп күш талап етіледі. Арпнайы оқыту мен тәрбиелеу қабілеттің даму барысын жылдамдатады, іс-әрекет механизміндегі қажет емес жақтарын іріктейді. Оқу барысында оқушы білімнің екі түрін меңгереді: табиғи және қоғамдық болмыс жағдайларында теориялық және практикалық міндеттерді шешудің тәсілдері туралы білімдер. Адамзатта жинақталған болмыс заңдылықтары туралы ілім және қабілеттіліктің дамуын қамтамасыз етеді. Қабілеттің қалыптасуы үшін ең негізгі роль тапсырмаларды шешудің рациогналды тәсілін меңгеру болып табылады. Мұндай мәсілдер болашақта жалпыланып, қабілеттің бір бөлігі бола бастайды.

Біздің пікірімзше, шығармашылық потенцияалды дамудың негізі – интеллектуалды және креативті даму ерекшеліктері мен олардың өзара байланысы мен өзара тәуелдігі,  шығармашылық таным сипаттамалары экспериментальды зерттелінуі керек.

Шығармашылық дамудың көрсеткіші ретінде қазақ мектеп оқушыларының интеллекттерінің даму жағдайын экспериментті зерттеу сипатталынған. Қазақ мектептеріндегі оқушылардың интеллектуалды дамуының диагностикалық нәтижелері қарастырылып, мектеп мұғалімдеріне дарынды, қабілетті баланы қалай түсінетіндіктерін анықтау мақсатындаанкеталар, сұрақнамалар жүргізу арқылы «творчестволы қабілетті бала» моделі жасалынды.

Шығармашылық қабілетті диагностикалай туралы сұрақ үнемі тұрады. Адамда шығармашылық қабілет бар екенін қалай бағалауға болады? Интеллект қабілетінің көрінуін анықтау үшін тапсырмаларды шешу жеткілікті, ал творчествоны қалай бағалау керек?

Шығармашылық қабілет диагностикасының интеллект тестінен айырмашылығы баршылық.

Шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерді диагностикалауға бағытталған тестілік тапсырмаларды осыған ұқсас өзгешеліктердің болуы – шығармашылық қабілетті көрсетуге арналған идеалды жағдайлар төмендегілерден тұрады деген ойға итермелейді: шектелмеген уақыт ішінде қойылған мәселе бойынша жұмыс істей отырып, зерттелінуші міндетті өзі қояды, шешу тәсілін өзі таңдайды, осының негізінде зерттелінуші тек субъективті емес, сондай-ақ объективті жаңа бірнеше өнімді тудыра алады.

Тесттердің көпшілігі баланың креативтілігінің дамуына әсер етеді, бірақ мұнымен бірге ірі қиыншылық болады, онда баланың жауабын бағалау өте қиын.

Бала қандай да бір потенциалмен туылса да, интеллект мінез*құлық формаларының дамуы үшін қажеттілік, өзі өмір сүретін ортамен өзара әрекеттестік байланысын дамытумен оны жетілдіру арқылы жүзеге асады.Интеллект коэффициентін Стенфорд-Бине тесті бойынша және Векслер шкаласы бойынша өлшеуге болады. Творчестволық ойлаудың өзгешелік белгілері болғандықтан және интеллектімен бірдей болмағандықтан, ІQ – 120 – дан жоғары болған жағдайда творчество мен интеллектуалды іс-әрекет арасындағы корреляция жоғалады, себебі творчестволық ойлауда интеллектіге тән ерекшелік болады.

Информация о работе Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуын экспериментальды зерттеу