Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 16:12, дипломная работа
Зерттеудің өзектілігі: қазіргі кездегі мектеп оқу-тәрбие үрдісінде елуден астам педагогикалық технологияларды қолданып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес, сондықтан мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекет тұрғысында жетілдіру арқылы оқушылардың білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті – технологияның қабылдауына, ынтасына, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.
Кіріспе ..........................................................................................................................7
1Дамыта оқытудың педагогикалық- психологиялық
теорияда қарастырылуы
1.1 Білім беру саласындағы дамыта оқыту жүйесі ............................................9-16
1.2 Дамыта оқыту тұрғысынан алынған бастауыш сыныптағы
пән мазмұнының ерекшеліктері………………………………………………..16-24
1.3 Оқу үрдісіндегі өзіндік жұмыстың маңызы және оны
ұйымдастыру жолдары……………………………………………………........24-31
1.4 Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысын
қалыптастыру түрлері………………………………………………………......31-33
2 Дамыта оқыту негізіндегі тәжірибелік сараптама.
2.1 Дамыта оқытуға байланысты жүргізілген психологиялық
эксперимент жұмысының мониторингі……………………………………...34-51
2.2 Теориялық және тәжірибелік зерттеудің нәтиже
көрсеткіштері………………………………………………………………........50-52
Қорытынды...........................................................................................................52-54
Пайдаланылған әдебиеттеp тізімі………………………
Біздің пікірімізге, бұл идея 4 түрлі логиканы біртұтас педагогикалық үрдіске синтездеп, оқушының интеллектуалдық дамуын (оқу әрекеті арқылы), іскерлігін (дағдыларды қалыптастыру арқылы), адамгершілік-этикалық (балалар бірлестігіндегі ұжымдық еңбек, қарым-қатынас) және рухани тәрбиесін (өз халқының мәдениетінің иесі, басқа мәдениеттер құндылығын түсіну) қамтамасыз етеді.
Осымен байланысты білім мазмұнын, оның құрамы мен құрылымын, оқыту әдістерін анықтауда дидактиканың дәстүрлі ұстанымдарымен (жүйелілік, көрнекілік, түсініктілік т.б.) бірге дамыта отырып оқытудың білімнің теориялық деңгейін көтеру, ойлаудың барлық түрлерін диалектикалық бірлікте дамыту, мазмұнның интегративті сипатын сақтау, оқушыны жасына лайық ұжымдық іс-әрекетке түсіру мәдениеттік сияқты іргелі ұстанымдар басшылыққа алынады.
Қысқаша осы ұстанымдарға тоқталалық. Оқу әрекетін қалыптастыру білім мазмұнының теориялық деңгейін көтеру, оқушы ойлауының эмпирикалық және теориялық түрлерін диалектикалық бірлікте дамыту ұстанымдарымен тығыз байланысты.
Соңғы уақытқа дейін (дәстүрлі дидактикада қазір де солай) бастауыш сыныптардағы оқыту нақтылы-сипаттау мазмұнымен ерекшеленеді деген тұжырым басшылыққа алынып келеді. Бұл тұжырым бастауыш сынып оқушыларына ойлаудың эмпирикалық түрлері ғана тән; сондықтан олар заттардың тікелей қабылдауға болатын сыртқы қасиеттерін ғана айырып, жалпылай алады деген зерттеулерге (П.П.Блонский, Ж.Пиаже) негізделді . Осыдан бастауыш сатыдағы оқытуға теориялық мазмұн енгізілмеді. Оқыту мазмұны оқушыларға ғылыми білімге ешбір қатысы жоқ эмпирикалық, утилитарлық білім (тұрмыстық деңгейдегі ұғымдар) беруге бағдарланды.
Ал мұндай білімді меңгеру үшін теориялық ойлаудың онша қажеті жоқ екені белгілі.
70-жылдардан бастап жүргізілген педагогикалық-психологиялық зерттеулер бастауыш сынып оқушыларының таным мүмкіндіктері туралы ескі түсініктерді өзгертті: бұл жаста оқушыларда ойлаудың эмпирикалық түрлерін тірек ете отырып, теориялық ойлауға өте аларлықтай мол әлеует бар екені дәлелденді.
Жаңа бағдарламалар мазмұны сыныптан сыныпқа өткен сайын біртіндеп күрделенетін, әрқайсысы эмпирикалық және теориялық ұғымдар жүйесінен тұратын ірі блоктармен құрылған. Бұл оқытуды оқу тапсырмалары түрінде құруға, жалпылық қатынасты бөліп модельдеуге, ойлаудың эмпирикалық және теориялық түрлерін диалектикалық бірлікте дамытуға жол ашады; оқушы абстрактылы ойлау арқылы құбылыстар мен заттар арасындағы байланыстарды, тәуелділіктер мен заңдылықтарды өздігінен ашып, түсінуге мүмкіндік алады, оқушыда зерделеу обьектісінің мәнді белгілерін анықтау, оны талдап, дәлелдеп талқылау, айқындау т.б. біліктер қалыптасады.
Жаңа оқу бағдарламаларының маңызды бір ерекшелігі – білім мазмұнының оқушының этикалық-адамгершілік, эстетикалық, экологиялық мәдениетін қалыптастырылып тәрбиелеуге бағытталып құрылуы. Ақиқаттың әр алуан салаларынан (ғылым, мәдениет, өнер, тарих, құқық т.б.) өз халқының озық өнерін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын бөлу арқылы басқа халықтар мәдениеті элементтерінен білім мазмұнын таңдап құруға негіз етіп алынатын мәдениеттік ұстаным бастауыш саты оқушысының жеке тұлғасын рухани және эмоционалдық жағынан тәрбиелеуді қамтамасыз етеді.
Мазмұнның негізіне алынған дамыта отырып оқыту идеясына және оның ұстанымдарына оқушының меңгеруі тиіс, білімнің мынандай үш құрам бөлігі сәйкес келеді:
дүниенің біртұтас бейнесі туралы білім (мұнда дүниенің ғылымдағы және әртүрлі көркем-мифтік, діни, т.б. түсініктердегі бейнесі өзара бірін-бірі толықтырады);
оқушыда қалыптасуы тиіс әрекет түрлері (оқу, еңбек, ойын, қарым-қатынас т.б.) туралы білім;
дүниені танып білудің ғылыми, логикалық әдіс-тәсілдер (бақылау, тәжірибе, талдау, синтез, модельдеу, жалпылау, т.б.) туралы білім.
Ал, мұның өзі білім мазмұнының құрылымында:
оқушының коммуникативті мәдениетін қалыптастыруда жетекші рөл атқаратын тіл (ана тілі, екінші тіл);
ақыл-ой мәдениетін тәрбиелеуде ерекше орны бар математика, адамтану, қоғамтану, жаратылыстану (дүниетану);
эстетикалық, адамгершілік, еңбек, дене тәрбиесін қамтамасыз ететін музыка, бейнелеу өнері, еңбек, дене тәрбиесі пәндері болуы керектігін көрсетеді.
Бұл пәндерді оқыту
үрдісін ұйымдастыруда
1.2 Дамыта
оқыту тұрғысынан алынған
мазмұнының ерекшеліктері
Дамыта отырып оқыту идеясы тұрғысынан әр пән мазмұнының ерекшеліктері мен біртұтас білім жүйесіндегі орнына, рөліне тоқталалық.
Тіл мен математика –
реалды ақиқаттың ең маңызды саласы
және адамның алуан түрлі
Ана тілі пәнінде ауызекі сөйлеуді және ойды жазба түрде сауатты жеткізуді жетілдіріп дамытуда сөздік қорды байыту, тілдегі көп мағыналы сөздерді, синонимдер мен антонимдерді, сөйлеудің синтаксистік құрылысын меңгерту ерекше маңызды.
Сөйлеудің екі түрін (ауызекі және жазба тіл) жетілдіру грамматикалық орфографиялық біліктерді қалыптастыру негізінде ғана жүзеге асады; осы екеуі өз төңірегінде бүкіл тілдік мағлұматтарды жүйелі топтастырып бастауыш сатыдағы ана тілі пәнінің негізін құрады.
Оқушының оқу әрекетін қалыптастыруға оқытудың бағытталуы оның тіл заңдылықтарын зерделеу, қолдана білу, ауызекі және жазба тілде сөйлеу біліктерін, каллиграфиялық дағдыларын тиімді меңгеруіне жол ашады. Осымен байланысты оқушылардың әртүрлі тілдік талдаулар жасай алу біліктерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Сондықтан тіл пәні бағдарламасының жаңа жобасында “Тіл және сөйлеу”, “Сөйлеу мәдениеті” сияқты пәндерді оқытудың басты мақсатын жүзеге асыруда айрықша маңызды арнайы блоктар берілген.
Қазақ тіліне басқа тілдерден енген, тіліміздегі сөздерде қолданысы өте сирек (тіпті жоқ) деуге болатын және соған қарамастан қаншама уақыт бөлініп оқытылып жүрген 7 әріппен (ё, ч, щ, ц, ь, ъ, э) орыс тілі пәнінде оқушыларды таныстырудың тиімділігі дәлелденіп негізделді.
Ана тілі пәнінің жаңа мазмұнын оқыту оқушыны шығармашылық ізденіске түсіретін іс-әрекеттік белсенді әдістермен жүргізілетіні сауат ашу кезеңін бұрынғыдай бір жылға созбай, бірінші жарты жылдықта аяқтап, одан соң тіл мен оқуды интеграциялап жүргізуге мүмкіндік береді.
Сонда оқу пәні 2-сыныптан бастап жеке пән болып оқытылады. Бұл пәндегі елеулі орын бұрынғыдай утилитарлық сипатта түсінік беру мен тек оқыту техникасын меңгеруге емес, көркем шығарманы қабылдаудың рөлін күшейтуге, әдебиеттік оқу әдістемесін жетілдіре отырып, оқушының біртіндеп оқу әрекетін қалыптастырып шығармашылық әлеуетін дамытуға, эстетикалық талғамын тәрбиелеуге, дүниетанымын кеңейтуге, әдеби шығармалардың кейбір жанрларын танытуға беріледі.
Осыған сай пән мазмұны халық ауыз әдебиетінің, қазақ балалар әдебиетінің шығармаларымен байытылған. Ұлттық мәдениет шеңберімен шектелмей, басқа халықтардың да шығармашылық ой-қиялының, арман-мақсаттарының жемісі болып табылатын шығармаларымен таныстыру көзделеді.
Пән мазмұнының “көркем шығармалар”, “ғылыми танымдық шығармалар” блоктары бойынша құрылуы оның білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мақсат, міндеттерінің толық жүзеге асуын қамтамасыз ете алады.
Екінші тілді оқытудағы негізгі мақсат – оқушыға сөйлеу туралы қарапайым ұғым беру, отбасында, тұрмыста, оқу үрдісінде, мұғалімнің, жолдастарының екінші бір адамның сөзін түсініп, әртүрлі типтік жағдайларда (“Танысу”, “Дүкенде”, “Ауруханада”, “Кітапханада” т.б.) сөйлеу біліктерімен бірге, дұрыс мәнерлеп оқу, сауатты жазу техникасын меңгерту. Сондай-ақ, ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасауға қажетті сөйлеу дағдыларын, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Пән мазмұны: 1) сөйлеу (сөйлеу қызметі, тыңдау, диалог құрастыру, аударма, оқу, жазу); 2) тілдік (фонетика, орфоэпия, сөз, лексика, грамматика, синтаксис, графика, орфография); 3) этномәдениет (сөйлеу әдептілігі, ұлттық ойындар, тағамдар, қол өнері, музыка, үй жиһаздары, т.б.) материалдарын қамтиды.
Пәнді оқытуда тілді практикалық жолмен үйретуге баса көңіл бөлінеді.
Математика пәні оқушылардың
танымдық, шығармашылық қабілеттерін,
интеллектісін қалыптастырып
Пән мазмұны төрт блоктан құралды. Оның ішінде математикалық білім негізін, оқытылатын тақырыптар мен бөлімдердің номенклатурасын, көлемін анықтау арифметикалық, алгебралық және геометриялық блоктардың үлесіне тиеді; сондықтан бұлар ең басты блоктар болып есептеледі.
Төртінші блок – мазмұндық-логикалық есептер мен тапсырмалардың жүйесі – алғашқы үш блоктың негізінде құрылады және оқушы зейінін, қабылдауын, қиялын, есте сақтауын, логикалық ойлау элементтерін дамытуға бағытталады.
Мәселен, математика пәнінің мазмұны мынандай құрамдас бөліктерден тұрады:
оқушының сандық сауаты, оның алгебра элементтерімен (сандық-әріптік белгілері, жалпылау-абстракция), геометриялық алғашқы түсініктерімен таныстыру, шамалармен (ұзындық, масса, аудан, уақыт), өлшем бірліктерімен, олардың қатынастарымен практикалық жұмыстар жүргізу;
бақылау, салыстыру, әртүрлі жекеліктен жалпы ортақтық, мәнсізден мәндіні айыру, заңдылықты түсініп есеп шығаруға пайдалану, қарапайым болжам жасап, оны тексеру, сызбамен, модельмен, әртүрлі мысалмен бейнелеу, берілген ұстаным бойынша объектілерді, ұғымдарды жіктеп топтастыру сияқты біліктер. Жалпы алғанда, математика пәніндегі қарапайым математикалық ұғымдар, түсініктер, білім мен біліктер, оларды оқушының тек еңбек және оқу әрекеттерінде қолдануы үшін ғана емес, сонымен қатар, олар мәдениеттің танымдық, коммуникативтік, еңбек, т.б. сияқты салаларын да меңгеруге көмектеседі. Ал, мұнсыз білімді әрі қарай жалғастырып, жалпы орта білім алу мүмкін емес. Дүниетану пәні адам, қоғам, табиғат, яғни реалды дүниенің ірі үш құрамдас бөлігі туралы оқушыларда біртұтас көзқарастың негізін қалыптастыруды және осы біртұтас дүниедегі адамның орны мен рөлін түсінуге көмектесуді басты мақсат етіп қояды.
Білім мазмұны “Адам”, “Қоғам”, “Табиғат” деп аталатын үш блоктан құрылады. Өзінің құрылымы, логикасы, мазмұны жағынан пәннің елеулі өзгешеліктері бар. “Адам” блогы – жаңа. Барлық блоктар мазмұны 1-4 сыныптарда үздіксіз оқытылады.
Дүниетану пәнінің тағы бір ерекшелігі – бұл пән мазмұны қазіргі заманғы ғылыми білімнің, мәдениеттің әртүрлі салаларынан (қоғамдық, жаратылыстану ғылымдары, экономика, этика, эстетика, құқық, өнер т.б.) хабардар ету негізінде дүниені танып білу әдістерімен (бақылау, тәжірибе, эксперимент, модельдеу, талдау, синтез, салыстыру т.б.) оқушыны қаруландыру арқылы оның ортамен сауатты қарым-қатынасын жан-жақты дамытып, тәрбиелеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Білім мазмұнын қамтитын ақпараттардың ауқымдылығы, мазмұн берілуінің жүйелілігі, білімнің теориялық деңгейінің жоғарылығы дүниетану пәнінің пропедевтикалық сипатын айқындайды және келесі сатыларда оқушылардың физика, химия, биология, тарих, қоғамтану, т.б. сияқты ғылым негіздерін нәтижелі зерделеуін қамтамасыз етеді, адамтану мәселелеріне арналған арнайы курс жасауға бастама болады. Еңбек, бейнелеу өнері, музыка, дене тәрбиесі пәндері біртұтас оқу-тәрбие үрдісінің ерекше қырларын ұйымдастыра отырып, сананың этикалық, эстетикалық түрлерін дамытудың, оқушының шығармашылық әлеуетін тәжірибелік іс-әрекеті арқылы ашудың, салауатты өмір сүрудің негізін қалайтын оқушы еркін, ағзасын шынықтырып жетілдірудің алғышарттарын жасайды, қажетті біліктері мен жағымды әдет-дағдыларын қалыптастырады.
Еңбек және бейнелеу өнері пәндерінің мазмұны бұрынғыдай тақырыптар бойынша емес, әр пәннің өзіне тән мазмұндық және іс-әрекеттік ұстанымдарға сай таңдалады. Екі пән бағдарламаларын бөлек жасауға болады, бірақ олардың интегративтік сипаты мүмкіндігінше сақталу тиіс. Мысалы, еңбек сабағында бұйым құрастырылса, бейнелеу өнерінде ол әшекейленіп, безендіріледі. Осы жұмыстардың барысында құрастыру, безендіру, түсті, бейнені (пішінді, мөлшерді т.б.) көркем қабылдау сияқты әрекеттердің әдіс-тәсілдері меңгеріледі. Әрине, бұл екі пәннің мазмұнында халықтың қолданбалы қолөнеріне ерекше мән беріледі. Осыған орай еңбек пәнінде “Халықтың қолданбалы өнері” деген арнайы бөлім енгізілуінің осы пәннің басқа тарауларында әртүрлі бұйымдар жасаумен және бейнелеу өнері пәнінде әртүрлі салаларымен байланысты беріліп отыратын халықтың қолөнерінің элементтерін жинақтап жүйеге келтірудегі маңызы ерекше екенін атап көрсеткен жөн.
Еңбек пәнінде атадан балаға мұра ретінде қалыптасып келе жатқан кәсіп түрлері, онда орындалатын іс-әрекеттер жайында мағлұмат беріліп, бұйымдарды жасаудың қарапайым элементтерін оқушыларға үйретуге ерекше мән беріледі. Еңбектің барлық түрлері, негізінен, тәжірибелік жұмыс орындау барысында жүзеге асырылады. Атқарылатын жұмыстың түрлері: сазбалшықтан мүсіндеу, мата, ағаш, металл, тері өңдеу, ою-өрнектің сызу, қию тәсілдері сыныптан сыныпқа қарай біртіндеп күрделеніп отырады. Сонымен қатар пән мазмұнында тоқу, өру, байлау тәсілдерін меңгертетін материалдар, қағаздан, матадан, жүннен жасалған киім-кешектердің, киіздің, тұскиіздің, сырмақтың кішірейтілген модельдері мен макеттерін жасаудың техникалық негізін үйрететін және оқушылардың өздеріне қызмет көрсету жұмыстары қамтылады. Бұл жұмыстар оқушылардың еңбек дағдысын қалыптастыруға, ұлттық сана-сезімін оятуға, ата-баба дәстүрін жалғастыра отырып ел экономикасын өркендетуге үлес қоса алатын еңбек адамын тәрбиелеуге қызмет етеді. Бейнелеу өнері пәнін оқыту оқушылардың көркем эстетикалық талғамын, яғни, көру, сезу, түсіну, қабылдау, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру арқылы оларға эстетикалық білім және тәрбие беру мақсатын көздейді.