Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыс үрдісіндегі дамыта оқытудың теориялық және тәжірибелік негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 16:12, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі: қазіргі кездегі мектеп оқу-тәрбие үрдісінде елуден астам педагогикалық технологияларды қолданып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес, сондықтан мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекет тұрғысында жетілдіру арқылы оқушылардың білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті – технологияның қабылдауына, ынтасына, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.

Содержание работы

Кіріспе ..........................................................................................................................7
1Дамыта оқытудың педагогикалық- психологиялық
теорияда қарастырылуы
1.1 Білім беру саласындағы дамыта оқыту жүйесі ............................................9-16
1.2 Дамыта оқыту тұрғысынан алынған бастауыш сыныптағы
пән мазмұнының ерекшеліктері………………………………………………..16-24
1.3 Оқу үрдісіндегі өзіндік жұмыстың маңызы және оны
ұйымдастыру жолдары……………………………………………………........24-31
1.4 Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысын
қалыптастыру түрлері………………………………………………………......31-33
2 Дамыта оқыту негізіндегі тәжірибелік сараптама.
2.1 Дамыта оқытуға байланысты жүргізілген психологиялық
эксперимент жұмысының мониторингі……………………………………...34-51
2.2 Теориялық және тәжірибелік зерттеудің нәтиже
көрсеткіштері………………………………………………………………........50-52
Қорытынды...........................................................................................................52-54
Пайдаланылған әдебиеттеp тізімі………………………

Файлы: 1 файл

Диплом - Жетписбаевой Асель.doc

— 511.00 Кб (Скачать файл)

Аталып өткен  тапсырмалар типтері оқушыларды өзіндік бақылауға бейімдеудің арнайы жүйесінің барлық бөліктерінде жүзеге асырылуы тиіс. Біз анықтаған өзіндік бақылауға бейімдеу жүйесінің осы үш бөлігі жеке алынбай, бәрі бірге қолданылғанда ғана тиісті нәтижеге қол жеткізіледі, себебі әрбір бөліктің өзіндік атқаратын қызметі бар, бірін бірі алмастыра алмайды.                                                                                                                             Бастауыш мектеп –  оқушы тұлғасын мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан да, бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы, қиын да, қадірлі жұмыс.

 

 

1.4 Бастауыш  сынып оқушыларының өзіндік жұмысын  қалыптастыру түрлері 

 

 

Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқарасты болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Дамыта оқытудың да басты мақсаты – баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.

Әрине, бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері де әртүрлі болады. Дегенмен әр баланың бір нәрсеге бейімі болады.

Бейімділік  – оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың жасырып, тіпті тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау тек оқыту үрдісі кезінде үлкендердің басшылығымен жүзеге асады. Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себепті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.

Баланы оқу-тәрбие үрдісі негізінде дамыту мәселесі –  көп жылдар бойы көптеген ғалым-психологтардың, педагогтардың, практик-мұғалімдердің пікірталасын тудырып келген және күні бүгінге дейін күн тәртібінен түспей жүрген мәселесі.

Педагогикалық-психологиялық  бағыттағы әдебиеттерге, теориялық  материалдарға сүйенсек, баланың  жалпы дамуы негізгі 3 факторға сай жүзеге асады. Олар:

1.биологиялық фактор;

2.әлеуметтік немесе қоршаған орта;

3.тәрбие, яғни оқу-тәрбие үрдісі.

Ғалымдардың пікірінше, осы үш фактордың ішінде тәрбиенің, яғни           оқу-тәрбие үрдісінің рөлі зор.

Көптеген ғалым-педагогтардың, практик-мұғалімдердің тәжірибесіне сүйенсек, оқу-тәрбие үрдісі негізіндегі дамыту мәселесінде басты рөлді, ең алдымен, оқушының өзіндік әрекеті, белсенділігі атқарады.

Себебі, сабақ  қанша сапалы өтсе де, мұғалімнің білімі, тәжірибелік шеберлігі мол болсын да, бала тарапынан өзіндік белсенділік, әрекет болмаса, жұмыстың нәтижелі, сапалы орындалуы мүмкін емес.

Өз дәрежесінде  жете мән берілмей келген өзіндік  жұмыс жасауға соңғы жылдары  сапалы түрде бетбұрыс жасалуда. Оған дәлел – оқушыны дамытуға бағыттала құрылған бастауыш мектептегі білім берудің жаңа мазмұны, соның негізінде жазылған жаңа оқулықтар. Себебі мұнда оқушының өз бетімен білім алып, дамуына жете мән беріле бастады. Кезінде өзіндік жұмыстың бала дамуындағы рөлін жете көре білген және ол жөнінде еңбек жазған қазақ зиялыларының бірі  – ағартушы-ғалым А. Байтұрсынов.

А. Байтұрсыновтың оқу-ағарту саласындағы негізгі көзқарастары оның “Бастауыш мектеп”, “Қазақша оқу жайынан”, “Мектеп керектері” атты мақалаларында ашылған.

Автордың пікірінше, бала білімді тәжірибе арқылы өз бетімен алуы керек[9].

Ал мұндағы  мұғалімнің қызметі – балаға орындалатын  жұмыс түрлерін түсіндіріп беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру.

Оқушылардың өзіндік  жұмысы – мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушының оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау талап етіледі. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезімі, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады.

Дидактикалық  мақсатына қарай өзіндік жұмыстарды: жаңа материалды оқып үйренуге дайындық (1), жаңа материалды оқып үйрену, бекіту (2), қайталап, пысықтау және бақылау (3) деп бөлуге болады.

Оқушылардың өзіндік  жұмысының педагогикалық тиімділігі мұғалімнің жұмысқа жасаған басшылығының сапасымен байланысты.

Бастауыш сыныптарда оқытудың маңызды мақсаттарының                     бірі – оқушыларда өз бетінше жұмыс  істеу дағдыларын қалыптастыру.

Өзіндік жұмыстың негізгі ерекшелігі – оқушының берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындауы.

Өзіндік жұмыс  – шығармашылықтың жұмыстың бастамасы. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін олардың өзіндік жұмысынсыз дамыту мүмкін емес.

Бастауыш сынып  оқушыларымен жүргізілетін өзіндік  жұмыс түрлері:

Логикалық дамытушы ойындармен берілген тапсырмалар: құрастырмалы ойындар, ребус, сөзжұмбақ, анаграмма;

1.Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (кері есеп құру, мәтіннің мазмұнын өңдеу, т.б.);

2.Өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби шығармашылық бағыттағы жұмыстар: өлең құрастыру, әңгіме, шығарма жазу, т.б.

Мұнда басты назар аударатын мәселе – оқушылардың ауызша, жазбаша тілінің өзара ұштастырыла отырып, соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету. Соның негізінде ғана тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелеуге болады.

Бастауыш сыныптардағы өзіндік жұмысты ұйымдастыруда оның бағдарлама мазмұнына сай болуы, түрлі мазмұнда және формада көрініс табуы оқушыны шығармашылық бағытта жұмыс істеуге баулиды.

Қорыта айтқанда, өзіндік жұмыс – шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін олардың өзіндік әрекетінсіз дамыту мүмкін емес. Соның негізінде ғана тіл байлығы мол, сауатты да, шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Дамыта   оқыту  негізіндегі тәжірибелік сараптамасы

 

 

2.1 Дамыта  оқытуға  байланысты  жүргізілген  психологиялық 

      эксперимент жұмысының мониторингі

 

 

Мектеппен байланысты психология саласында орындалатын  ғылыми зерттеу жұмыстарының басым көпшілігі психологиялық эксперимент жүргізумен аяқталады және оған екі түрлі оқушылар тобы қатыстырылады. Бұл топтарды эксперименттік және бақылаушы топтар деп атау қалыптасқан. Эксперименттік топтың қатысуымен зерттеу жұмысының қағидалары, болжамы, құндылығы, ғылыми жаңалығы, тиімділігі және т.б. тексеруден өткізіледі. Бұл топтағы оқушылардың үлгерімі бақылаушы топтың үлгерімімен салыстырылады. Бірақ, бақылау тобындағы оқушылардың көпшілік жағдайда немен шұғылданатыны тасада, көмескі күйде қала береді немесе олармен сабақ дәстүрлі әдіспен жүргізіледі деп атап өту орын алған. Ал егер эксепримент оқушылармен мектепте өтілмейтін материалдарды саралауға арналса ше? Осы мәселенің қаншалықты орынды екендігіне және шындыққа үйлеспейтіндігіне алғашқылардың бірі болып И. Хаимзон күмәнданған еді.

Өкінішке орай, содан бері осы салада біраз жұмыстар жүргізілгенімен, педагогикадағы бұл сарын сол қалпында сақталып келеді. Мектеп оқушыларымен жүргізіліп келген жүздеген “жаңашыл” эксперименттердің барлығы бірдей сәтті аяқталған. Ал сәтсіз эксперименттер ше? Неге олар туралы ғылыми жұртшылық ештеңе білмейді? Эксперимент сәтсіз, нәтижесіз аяқталса, оны сол оқушылармен қайталап жүргізу деген болды ма? Сәтсіз эксперименттің салдары анықталып, соның нәтижесінде оқушыға келтірілген рухани залалдың мөлшері табылып, оны жоюға бағытталған шаралар қабылданып, қажетті әрекеттер жүргізілмесе, мұндай “тәжірибелердің” болашақта тағы да кездеспеуіне кім кепілдік береді?

Сондай жағдайда эксперименталдық материал түрінде тәжірибеге қатыстырылған балалар осындай жауапсыздықтан кейін өзін қалай сезінеді? Сол оқушылармен тек психологиялық эксперимент жүргізу ғана орын алып отырған жоқ.

Денсаулық сақтау мекемелері, қарулы күштер саласы, тіпті, әр түрлі дінді уағыздаушылар да оқушылармен тығыз байланыста болғысы келетінін жасырмайды. Неге халықтың болашақ ұрпағын осыншама рухани зақымдауға жол беріледі және кез келген тәжірибеге (қаншалықты ол құнды, маңызды болсын) оқушы өзінің еркімен қатыстырылмайды? Бұл сұраққа “Оқушыдан оның нені оқып, нені білгісі келетінін ешкім сұрамайды” деп жауап беруге болар еді.

Мысал ретінде дамыта оқыту негізінде жүргізілген  психологиялық эксперимент нәтижесіне көңіл аударайық.

Психологиялық  диагностиканың мақсаты:

- бірінші эксперименттік сыныпта оқушылардың  жеке  және жас ерекшеліктері ескерілген жалпы оқу  дағдысын, мектептегі оқуға дайындығын, оқу іс-әрекетіне бейімделу дәрежесін анықтау;

- екінші, үшінші  және төртінші сыныптарда –  оқу үрдісінің өлшемдерінің нәтижелілігін  (ойлау және жалпы оқудың білім, білік дағдыларының игерілуін тексеру) бірінші жартыжылдықтың сараптамалық қорытындысының негізінде    анықтау.                                                                         

Оқудың нәтижесін  қадағалауға арналған мониторинг эксперимент жұмыстарының бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Әр оқушының оқу жетістігі, білім, білік дағдысының қажетті меңгерілу жағдайы қадағаланады, сонымен қатар оқу жүйесі оқушылардың интеллектуалдық дамуына және оқу   іс-әрекетінің қалыптасуына қаншалықты ықпал ететінін анықтайды.

Оқушылардың оқу  мүмкіндіктерінің мазмұнын қадағалауға  төмендегілер кіреді:

- бірінші сынып  оқушыларының мектептегі оқуға  дайындығы;

- бірінші сынып  оқушыларының мектепке бейімделуі;

- оқушылардың  психологиялық қалыптасуының  ерекшеліктері.

- оқу-дағды әрекеттерінің  қалыптасу дәрежесі; 

- оқушылардың  даму деңгейіне педагогикалық  технологиялардың әсері;

- танымдылық үрдісінің даму дәрежесі; 

- оқыту процесіне  оқушылардың қанағаттану дәрежесі;

- дидактикалық  тәсілдердің оқушылардың денсаулығына ықпалы.

Эксперимент жұмыстарының сапасын сараптау үшін осы әдістемеде қарастырылған нұсқауларды  қолдану  қажет.

Мониторинг 1, 2, 3 және эксперименталды сынып оқушыларының оқу жетістіктерінің нәтижесін  анықтау мақсатында өткізіледі.

Мониторинг төмендегі бағыттар бойынша жүргізілді:  оқушылардың қозғалысы, денсаулығы, оқушылардың психологиялық қалыптасу ерекшеліктері, оқу жетістіктерін бағалау және қадағалау,  жаңа технология мен баға қойылмай оқыту бойынша мәлімет алу.

Бастауыш сынып  оқушысының дамуындағы ең маңызды жетістіктер оқу іс-әрекетінің шеңберінде психологиялық біліммен қалыптасады да,  келесі жас ерекшелік дамуына негіз болады.

Оқушылардың  мектепке  бейімделу кезіндегі  қабілетсіздіктерінің көріну критерийлері:

1.Оқу  дағдысының және  оқу әрекет элементтерінің қалыптаспауы;

2.Бастауыш сынып оқушыларының оқуға қызығушылығының  және  мектептен тыс әрекеттердің бағыттарына қалыптаспауына қабілетсіздігі;

3.Мінез-құлқының  зейінсіз, үлкендерге тәуелді, өздігінен жұмыс  жасай алмау қабілетсіздігінің байқалуы;

4.Мектеп өміріне қабілетсіздігі.

Мектеп өміріне  қабілетсіздігі оқуға дайындалу  уақытының ұзақтығынан, мектепке үнемі  кешігіп келуінен, апта және әр күннің соңына қарай баланың шаршауынан  байқалады.

Қолдың ұсақ буындарының  қосымша даму деңгейін анықтау

Тест 1

Балаға үлгі бойынша диаметрі 3–3,5 см шеңберді қолды  бір  бағытта  айналдыра отырып  салу. Егер бала қолының ұсақ буыны  баяу дамыса, онда бала шеңбердің орнына доғал салады немесе мүлдем кіші мөлшердегі шеңбер  салады немесе қолын қозғау арқылы т.б. әдістерді қолданып тапсырманы орындай алмайды. ( кесте 2.1)

Тест 2

Саусақтардың  ұсақ қозғалыстарының дамуы туралы баланың суретті қалай салып  немесе бояп жатқандығынан-ақ пайымдауға болады. Егер бала үнемі парақты  бұрып, саусақтар мен буындардың  ұсақ қозғалыстары арқылы сызықтар бағытын өзгерте алмаса, онда ол ұсақ буындардың даму деңгейі жеткіліксіз және сәйкес жаттығу қажет екендігін білдіреді. Әйтпесе жазудың графикалық дағдыларын меңгеруден айтарлықтай қалып қоюы мүмкін.(кесте 2.1 )

Оқу іс-әрекетінің қалыптасуының диагностикасы

Оқу іс-әрекетінің қалыптасуының диагностикасы баланың оқудағы жаңа әрекетіне бағытталған. Ойын әрекетіне қарағанда оқу әрекеті өзіндік  бірнеше ерекшеліктерді құрайды. Ол нәтижелі, міндетті және ерікті бағытты жоспарлайды.

Балалар оқуының алғашқы   жылында кездесетін  оқу тапсырмаларының көп бөлігі ережелер мен үлгілерді,   бір қатар шарттарды, кейбір талаптарды орындауға бағытталған. Міне, осы шеберлік оқу іс-әрекетінде жатқанмен  олар әлі де толық  оқу әрекеті бола алмайды, бірақ  шеберліктің негізін  құруға қажет.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыс үрдісіндегі дамыта оқытудың теориялық және тәжірибелік негіздері