Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыс үрдісіндегі дамыта оқытудың теориялық және тәжірибелік негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 16:12, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі: қазіргі кездегі мектеп оқу-тәрбие үрдісінде елуден астам педагогикалық технологияларды қолданып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес, сондықтан мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекет тұрғысында жетілдіру арқылы оқушылардың білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті – технологияның қабылдауына, ынтасына, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.

Содержание работы

Кіріспе ..........................................................................................................................7
1Дамыта оқытудың педагогикалық- психологиялық
теорияда қарастырылуы
1.1 Білім беру саласындағы дамыта оқыту жүйесі ............................................9-16
1.2 Дамыта оқыту тұрғысынан алынған бастауыш сыныптағы
пән мазмұнының ерекшеліктері………………………………………………..16-24
1.3 Оқу үрдісіндегі өзіндік жұмыстың маңызы және оны
ұйымдастыру жолдары……………………………………………………........24-31
1.4 Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысын
қалыптастыру түрлері………………………………………………………......31-33
2 Дамыта оқыту негізіндегі тәжірибелік сараптама.
2.1 Дамыта оқытуға байланысты жүргізілген психологиялық
эксперимент жұмысының мониторингі……………………………………...34-51
2.2 Теориялық және тәжірибелік зерттеудің нәтиже
көрсеткіштері………………………………………………………………........50-52
Қорытынды...........................................................................................................52-54
Пайдаланылған әдебиеттеp тізімі………………………

Файлы: 1 файл

Диплом - Жетписбаевой Асель.doc

— 511.00 Кб (Скачать файл)

Шағын комплектілі мектептің негізгі белгісі – бір сынып бөлмесінде мұғалімнің басшылығымен бірнеше сыныптардың қатар оқуы. Ендеше, шағын комплектілі мектепте оқытудың ерекше көңіл аударылатын саласы – оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары болуы тиіс.

Қазіргі таңда шағын комплектілі мектептер үшін арнайы дайындалған оқулықтар, оқу құралдары, т.б. дидактикалық материалдар жоқ. Дегенмен, қолда бар мүмкіндікті мейлінше тиімді пайдаланған дұрыс. Бүгінгі күні бастауыш сыныптарда математикадан қолданып жүрген төл оқулығымыз (авторы Т. Қ. Оспанов) оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастырудың бірден-бір негізгі құралы болып табылады. Оқулықта берілген тапсырмалар, жаттығулар жүйесі  оқушының ойлау қабілетін дамыту, өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру, білімді өзгеше қабылдау мақсатын көздейді. Ендеше, бұл оқулықты шағын комплектілі мектептер жағдайында біршама тиімді пайдалануға болады. Шағын комплектілі мектептерде оқушыларды         1-сыныптан бастап жеке жұмыс істей білуге, жаңа білімді өз бетінше игеруге, қарастырылып отырған ұғым бойынша заңдылықты,ережені, қорытындыны өзінше тұжырымдай білуге, есептерді шеше білуге, берілген есепке кері есеп құрастыра білуге, логикалық тапсырмаларды орындай білуге т.б. үйретеді. Бұл өздік жұмыстың жаңа материалды игеру түріне жатады. Мысалы, 1-сыныптың математика оқулығында (27-бет) “Қосу амалының ауыстырымдылық қасиеті” деген тақырып қарастырылады. Мұнда көрнекілік арқылы қосындылар құрастырылып, олардың компонеттерінің атауларын еске түсіріп алғаннан кейін оқушыларға қосылғыштардың орындарын ауыстырып, қосындылардың мәндерін салыстыруды ұсынамыз. Осыдан соң оқушылардың назарын қосындыларда “не өзгерді, не өзгермеді?” – деген сұрақтарға аударып, ережені оқушылардың өздері тұжырымдауына мүмкіндік береміз. Сондай-ақ, осы беттегі чемодан көтерген баланың суретіне қарап, оқушылар үлкен санға кіші санды қосу жеңіл болатынын өздері түсіне алады. Осы заңдылыққа байланысты өмірде кездесетін жағдайларға оқушылардың өздері мысалдар келтіруі өте маңызды.

Мұнда жаңа материалды өз бетінше игеру тапсырмаларына ерекше көңіл бөлген дұрыс. Осыдан кейін тақырыпта баяндалатын негізгі заңдылықтарды, ережені оқушының өзі табуына, байқауына, тұжырымдауына жол ашылады, тек қойылатын сұрақтар жүйесі мұқият құрылуы керек.

Оқушылардың жаңа материалды жеке игеруінде оқулықпен жұмыс істей білудің атқарар рөлі ерекше. Оқулықпен тиімді жұмыс істей білу үшін оқушының қажетті іскерлігі мен дағдысы болуы тиіс.

Шағын комплектілі мектептерде оқушыны оқулықпен жұмыс істеуге ерте бастан, яғни, бала мектепке келген күннен бастап дағдыландыруымыз керек. Егер мұғалім осы күннен бастап оқушының оқулықпен жұмыс істеуін дұрыс жолға қойса, онда келешекте мұғалімнің күнделікті жұмысын ұйымдастыру жеңіл болады. Оқушының оқулықпен жұмыс істеуінің белгілі іскерлігі мен дағдысын жақсы меңгеруі оның оқулықпен жұмыс істей білуінің маңызын көрсетті, ол мұғалім баяндаған материалды үйге өз бетімен толықтыруға,сондай-ақ, жаңа материалды өз бетінше игеруге және өтілген материал бойынша практикалық іскерлік дағдыларын толықтыра түсуге болатынын түсінуі тиіс. Егер оқушы 1-сыныптан бастап оқулықпен жұмыс істеудің осындай қағидаларын меңгерсе, онда 2-сыныпта қарастырылатын қиын емес тақырыптарды оқушылардың өздері меңгеруіне ұсынуға болады. Мұнда мұғалім тек оқушыға таныс емес белгілер, таңбалар және сөздер туралы түсінік берсе жеткілікті. Мысалы, 1-ші және 2-шы сыныптар қатар оқитын шағын комплектілі мектептерде 2-сыныпта қарастырылатын “Амалдардың орындалу реті. Жақшалар” тақырыбын оқушылардың өз бетінше игеруіне болады.1-сынып оқушыларында өз бетінше жұмыс істеу дағдылары әлі қалыптаса қоймағандықтан, бұл сыныпта мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жұмыстар көбірек болуы тиіс. Ал, 2-сыныпта оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдылары біршама қалыптасып қалғандықтан мұндай тапсырмаларды көбірек ұсыну керек.

Жоғарыда айтылған тақырып бойынша оқушыларға жаңадан енгізілетін жақша туралы түсінік беру және көк қоршауға алынған, қызылмен жазылған қағиданы есте сақтау керек екендгі жөнінде нұсқау берілсе, жеткілікті. Қалған тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындай алады. Айталық, 1-тапсырма бойынша оқушылар берілген екі өрнекті (10 - 4) + 1 және 10 – (4 + 1) салыстыра келе, ондағы берілген сандар бірдей екендігін, бірақ өрнектердің мәндері әртүрлі екендігін байқайды. Өрнектердің мәндерінің әртүрлі болуы өрнектерде қойылған жақшаларға байланысты екендігін ешқандай қиындықсыз түсіне алады. Осы ұғымды бекіте түсу үшін оқулықта берілген №2 жаттығудың:

 

 

6 – (3 + 1)  (80 - 20) + 30

(6 - 3) + 1   80 – ( 20 + 30)

 

тапсырмаларын және 4 – 1 + 2 = 1, 6 + 3 – 2 = 7, 8 – 5 + 1 = 2 сияқты өрнек көрсетілген мәнге ие болатындай етіп жақшалар қою тапсырмаларын беруге болады. Сол сияқты оқулықта берілген қалған тапсырмаларды да оқушылар өздігінен орындай алады. Мұғалім тек әрбір тапсырманың орындалу барысын қадағалап және нәтижесін тексеріп отырса болғаны.

Жалпы, шағын  комплектілі мектепте өздік жұмысты  ұйымдастыруға мүмкіндіктер көп. Мұғалім  оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмысының түрлерін әр пәннің ерекшелігін  ескеріп, күні бұрын жоспарлап, әр тақырыптың ауыр-жеңілдігіне қарай ұйымдастыруына болады. Сонда әр сыныптағы сабақ жүйелі, ал оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмысы сапалы болады. 

Оқушыларды өзіндік бақылауға  бейімдеу мәселесі “Білім беру заңында” көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының егемендігі жағдайындағы білім беру үрдісінің жаңартылуы тұрғысынан көкейтестіленіп отыр. Заңда осы заманғы білім беру жүйесінің басымдық міндеттері “тұлғаның рухани және физикалық мүмкіндіктерін ашу, адамгершіліктің берік негіздері мен салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке даму үшін жағдай туғызу арқылы интеллектіні байыту жатады” деп көрсетілген. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерді дамыту тұжырымдамасында өзіндік жұмыс және өзіндік бақылауға байланысты мақсаттар мен міндеттер нақтыланған. Ол міндеттерге мыналар жатады:

-оқушылардың тұлғалық пісіп-жетілу деңгейін қалыптастыру, өзін тәрбиелеуге, өзіндік білім алуға бейімдеу, тұлғаның үздіксіз білім алуына, өз бетінше білімін толықтырып, тереңдетуге ынта-ықыласын тудыру;

-санасын ашу арқылы нарықтық-экономика жағдайында оқушылардың өз ойларын жүзеге асыруға жағдай туғызу [8]

Қазіргі жағдайда адамға қажетті  білім көлемі күрт артып отыр. Сондықтан оқушыны өзінің белсенді оқу әрекеті арқылы өз білімін үздіксіз толықтырып отыруға үйрету аса маңызды. Толыққанды өзіндік оқу әрекетін қалыптастыру үшін мектепте оқушының өзіндік білім алуды қажетсінуін ояту және таным әдістерімен таныстыру керек. Оқу мақсаттары оқушының оқу әрекетінде іске асырылады.

Өзіндік бақылауға бейімдеу – оқушының өзін-өзі дамытытын белсенді тұлға ретінде өзін тануға, өзіндік дамуға, өзін бақылап, бағалауға қабілетті, мұғаліммен тең диалогтік қарым-қатынасқа түсе алатын тұлға ретінде қалыптастырушы фактор.

Өзіндік бақылау күрделі және кешенді сипатта іске асатын әрекет, өйткені оның әрбір құрамдас бөліктерінің өзіндік құрылымы бар.

Өзіндік бақылауға  кіретін өзіндік әрекеттер жүйесіне өзіндік білім алуды жоспарлау, алған білімін жүйелеу, қорытындылау және түзетіп отыру, білімін реттеу, түзету, өзінің танымдық әрекетін білім маршрутына сай жоспарлау жатады. Аталған бөліктер өзара тығыз байланысты біртұтас жүйені құрайды.

Оқыту үрдісіндегі өзіндік бақылау үш блоктан: өзіндік әрекет, өзіндік басқару және өзіндік бағалаудан тұрады.

Өзіндік бақылау  мен бағалау толыққанды үрдіс  ретінде белгілі бір мақсатта оқушының өзіндік басқаруы және өзіндік әрекеті аясында іске асады. Демек, бұл ұғымдар әр алуан өзіндік жұмыстармен тікелей байланыста болады.

Өзіндік әрекет блогының мақсатына өзіндік бақылауға бейімделуді жүзеге асыратын әрекет-қимылдарды оқушының таңдап алуы, оларды алдын ала жоспарлауы кіреді. өзіндік әрекет білім беру үрдісінің барлық кезеңдерін қамтуы тиіс. Өзіндік әрекеттің мақсатын айқындаудағы мұғалімнің мұраты – оқушының оқыту үрдісіндегі өзінің рөлін мойындауына қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету.

Өзіндік әрекеттің екінші бөлігі оқу-танымдық тапсырмаларды орындаумен байланысты болып, қимылдардың жиынтықтарының құрылым элементтерін, яғни операциялардың орындалу реттілігін анықтаумен сипатталады. Ал өзіндік әрекеттің үшінші бөлігі – құралға танымдық оқу әрекеті жатады. Өзіндік әрекет арқылы жүзеге асырылатын танымдық оқу әрекетінің түпкі мақсаты – тұлғаны қалыптастыру.

Осы үрдістің іс-әрекет жүйесіндегі субъект рөліндегі оқушы, ең алдымен, өзіндік бақылауды жүзеге асыруға қажетті өзінде бар білім мен білік деңгейін анықтап алуы керек. Бұл кезеңдегі мұғалімнің міндеті – оқушының өз білім сапасын жақсарту үшін өзіндік бақылауға бейімделудің маңыздылығы мен қажеттілігін ұғынуына және оқыту үрдісі барысында оқушының бұрыннан бар өзіндік бақылау білігін саналы түрде пайдаланып, бекітуге ықпал ету.

Осыған орай, біз өзіндік әрекет қимылдарын ашатын өзіндік бақылаудың 4 бейімдеу шарттарын  жасадық. Әрбір бейімдеу шартының өзіндік мазмұнын оқушыда бұрыннан бар білім мен дағдылар негізінде қойылған мақсатқа сәйкес жүзеге асырылатын нақты қимылдар жиынтықтарынан тұратындығын атап өткен жөн. Әрбір бейімдеу шарты дамып қалыптасудың белгілі бір кезеңінде ғана болып, тек өзіне ғана тән рөлді атқарады.

Өзіндік бақылау  және оның құрам бөлігінің біріне жататын өзіндік басқару тұтас бір дидактикалық жүйені құрайды. Осы тұрғыдан алғанда өзіндік басқару мен өзіндік бақылау ұғымдарын ішкі үрдістері жағынан қарастыру оқушының оқу – танымдық әрекетінің көкейкесті күйін талдауға, оның дамуын болжауға мүмкіндік береді. Енді осы мәселені теориялық түрде негіздеп көрейік.

Өзіндік бақылауға бейімдеу мақсатын жүзеге асыратын өзіндік басқару оқушылардың теориялық білімді терең игеруге, оның көмегімен өз білімін тұрақты түрде толықтырып және жаңартып отыруды қажетсінуді әдетке айналдыруды және ойлау әрекетін дамытып, өзіндік бақылауға бейімдеудің тиімді әдіс-тәсілдерін игеруге мүмкіндік береді.

Біздің пікірімізше, оқушыларды өзіндік бақылауға бейімдеу тиімді болу үшін мынандай шарттар орындалу керек:

-өзіндік бақылаудың мәні мен қызметтері нақтыланып, ашылуы;

-өзіндік бақылауға бейімдеуге арналған арнайы дидактикалық жүйе жасалынуы;

-тиімді қызмет ететін және дамитын арнайы жүйе анықталып, тәжірибелік сынақтан өтілуі.

Оқушыларды  өзіндік бақылауға бейімдеу жүйесінің  басты мақсаттарына өзіндік әрекет, өзіндік басқару арқылы өзіндік бақылаудың құрылымдық бөліктерін қалыптастыру жатуы тиіс. Осы үш бөліктен өзіндік бақылауға бейімделуге байланысты өзгерістерді байқауына мүмкіндік береді.

Оқушыларды өзіндік бақылауға бейімдеу мәселесін зерттеу стратегиясының өзіндік ерекшеліктері мен заңдылықтары бар.           Теориялық-әдіснамалық стратегия кез келген зерттеу міндеттерін шешуде басты рөл атқарады. Теориялық-әдіснамалық ізденістер бізді арнайы дидактикалық жүйеге әкелді. Бұл жүйенің мәні – адам өзінің жеке басының дамуының, позитивтік өсу ресурстарының және өзін өзектендіру механизмдерінің орталығы болып табылады.

Қазіргі заманда  дүниенің даму динамикасы күрт өзгеріп, соның нәтижесінде адамдар тұлғалық беделінен айырылғандай күй кешуде. Мұндай жағдайда адамға көмектесудің бірден бір жолы – өзін тануын дамыту, өзін мойындау, өзін түсіну қабілетін ашу, өзгермелі дүниеде өз мүмкіндіктерін толық пайдалана білуге үйрету.

Оқушыны өзіндік  бақылауға бейімдеудің педагогикалық  тұжырымдамасының басты мақсаты  баланың өзіндік еркін дамуына педагогтың кәсіби көмек көрсеті болып табылады. Бірақ, қандай да бір дарынды педагог болғанымен оқушы тұлғасын дәл өзі ойлағандай етіп қалыптастырып шығара алмайды. Бұдан шығатын қорытынды: мұғалімнің басты мұраты оқушының белсенді, толыққанды және шығармашылықпенөзіндік әрекетіне жол ашу, өзін дамыту, өзін өзектендіру, өзіндік бағалауын жеткілікті қамтамасыз ететін қажетті жағдайларды жасау және оны сақтау, яғни өзіндік дамуына жол ашу. Мұғалім мен оқушының ара-қатынасын объектілік-субъектілік қатынастан диалогтық, субъектілік-субъектілік қатынасқа айналдыру өзіндік әрекет (өзіндік жұмыс, өзіндік бақылау, өзіндік бағалау) арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Бірінші орынға оқушының дамуы емес, оның өзіндік дамуына түрткі болу, ояту қойылғаны жөн.

Өзіндік бақылау  жүйесін жүзеге асырудың әрі мазмұны, әрі басты   құралы – оқу-танымдық тапсырмалар жүйесімен, яғни дидактикалық құралдармен жұмыс істей білу. Біздің зерттеулеріміз бен педагогикалық  тәжірибеміз оқу-танымдық тапсырмалардың мән-мағынасы жайлы мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:

-тапсырма оқушы әрекетінің әрі мазмұнды, әрі процессуалды жақтарын бейнелейтін жаңа ұрпаққа әлеуметтік тәжірибе элементтерін берудің ең тиімді дидактикалық құралы;

-тапсырма білім беру мазмұны тұрғысынан білімнің, қимыл тәсілдердің тасушысы;

-тапсырма мақсатқа сәйкес білімді, білікті және дағдыны қалыптастырудың құралы;

-тапсырма оқушының оқу әрекетін басқару мен ұйымдастыру тәсілі;

-тапсырма дамыта оқытуды жүзеге асырушы, өзіне қызығу және өз қабілетін, мүмкіндіктерін, мінез-құлқын зерттеу көздері.

Оқу-танымдық тапсырмалар  мен есептер жүйесі оқушының білім  алу үрдісін құруға екі жағынан  келуге мүмкіндік береді. Оның бірі – тапсырмалар мен есептер жүйесі болса, екіншісі – оқытудың мазмұнымен байланысты. Осы ұстанымдарға орай оқушыларды өзіндік бақылауға бейімделуге қажетті оқыту мазмұнын құрастыру арнайы жасалынған оқу-танымдық есептер мен жаттығулар жүйесімен, демек оларды шешуге қажетті тұлғаның білім, білік сапаларының кешенімен анықталады. Бұдан оқыту үрдісі барысында оқушыларды өзіндік бақылауға бейімдеудің басты құралы ретінде дидактикалық, яғни оқу-танымдық тапсырмаларды пайдалану орынды деген қорытынды шығады.

Оқу-танымдық тапсырмаларды орындау әрекеті өзімен, сыныптастарымен, мұғалімімен диалог түрінде орнатылған ахуалды шешу үрдісі арқылы ұйымдастырылуы тиіс. Бұл оқушыны өзіндік бақылауға бейімдеу үшін “субъект - субъект” деңгейіндегі өзіндік таным үшін аса маңызды.

Өзіндік бақылауға тиімді бейімдеуге арналған оқу-танымдық  тапсырмалардың біз төмендегідей үш типін анықтадық:

1.Оқушының өзіне қатынасын тудырып, өзіне әр түрлі тұрғыдан қарауға мүмкіндік беретін тапсырмалар. Мұндай тапсырмалар тек пәндік білімді ғана игеріп қоймай, оқушының өзінің оқу-танымдық әрекетін бақылап, бағалауын, өзіндік бақылаудың нәтижесін алдын ала біліп отыруды таңдау білігін де арттырады;

2.Белгілі бір жағдайда орындалатын тапсырмалар (оқу-танымдық тапсырманың шарттары, оқушының мотивациялық күші, тапсырманы шешуге қажетті білімнің болуы және т.б.);

3.Өзіндік бақылауда жоғары табыстарға қол жеткізуге, оны әрі қарай мойындап өз әрекетінде қолдануға жол ашатын есептер мен тапсырмалар. Бұндай тапсырмалар өзіндік жұмыстарды орындауға оқушының         ынта-ықыласын, қызығуын туғызды.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыс үрдісіндегі дамыта оқытудың теориялық және тәжірибелік негіздері