Бастауыш сыныпта казак тілін оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2014 в 06:38, курсовая работа

Описание работы

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат – саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ ұрпақ қоғам иесі. Сол келешек қоғам иелерін
жан – жақты жетілген, ақыл парасаты мол мәдени – ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

Содержание работы

Кіріспе
1.Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының ана тілін дамытудың теориялық негізі.
1.1 Сөз,сөйлеу және сөздік қор ұғымдарына сипаттама.
1.2 Оқыту процесіндегі дұрыс сөйлеуді қалыптастырудың педагогикалық мәселелері.
2. Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту және сөз мәдениетін қалыптастырудың жолдары.
2.1 Бастауыш сынып оқулықтарының балалардың сөздік қорын байытудағы орны.
2.2 Сөз мәдениеті – мұғалім шығармашылық еңбегі (мұғалімнің дұрыс сөйлеуге үйретудегі оқыту қызметі ).
3. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Бастауыш-мектепте-ана-тілі-сабағын-оқыту.doc

— 293.00 Кб (Скачать файл)

АТЫРАУ ИНЖЕНЕРЛІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ КОЛЛЕДЖІ

 

 

 

 

 

  КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

 

ТАҚЫРЫБЫ:  БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҚАЗАҚ  ТІЛІН ОҚЫТУ

 

 

 

   Орындаған:Қазбенова Ақбаян

   Тексерген:Қожантаева Гүлшара Болатқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        АТЫРАУ  2014ж

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

 

 

Кіріспе

1.Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының ана тілін дамытудың теориялық негізі.

1.1 Сөз,сөйлеу және сөздік қор ұғымдарына сипаттама.

1.2 Оқыту процесіндегі дұрыс сөйлеуді қалыптастырудың педагогикалық мәселелері.

 

2. Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту және сөз мәдениетін қалыптастырудың жолдары.

2.1 Бастауыш сынып оқулықтарының балалардың сөздік қорын байытудағы орны.

2.2 Сөз мәдениеті – мұғалім шығармашылық еңбегі (мұғалімнің дұрыс сөйлеуге үйретудегі оқыту қызметі ).

3. Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

 

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат – саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ ұрпақ қоғам иесі. Сол келешек қоғам иелерін

жан – жақты жетілген, ақыл парасаты мол мәдени – ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

Оқушының ой - өрісінің, сана – сезімінің жан – жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады. Бастауыш сыныпта оқушылардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге көзқарасын қалыптастырса, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады. Балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді. Біздің жарқын болшағымыз - өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты. Жас ұрпақ - өркениетті тәрбие шуағына шомылса ғана, білім нәрімен сусындаса ғана мемлекетіміздің көсегесі көгереді, егеменді ел баянды болады. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ екені ақиқат.

Қазақстан Республикасың президенті Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты жолдауының он жетінші бағытында: бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз үшін оқытудың әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек», -деп көрсетті.

Қазақстан Республикасы Заңының 4 – тараудың 16 – бабын қарастырып өтсек.

Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдармалары баланың жеке қабілеттерін оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын; негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кеңінен меңгерту үшін оқудың,

жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан

өзін - өзі көрсетудің, мінез – құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.

Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі – 4 – жыл.

Білім және ғылым минстрлігі « Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасы » жобасын әзірлеп, талқылауға ұсынылды.

Отандық бұқаралық ақпарат құралдары жетекшілерімен кездесуде, Н.Ә. Назарбаев « Шешімін күткен мәселелердің қордаланып қалғаны да осы жер... орта және жоғары білім берудегі реформаларды жеріне жеткізу керек » деп атап көрсеткен еді.

Білім беру жүйесіне енгізілетін түбегейлі жаңалық – ол 12 жылдық орта білім беру жүйесіне көшумен бірге, орта білім берудің III сатысында, яғни 11–12 сыныптарда бейіндік оқыту мен техникалық және кәсіптік білім беру.

Осы екі бағыттың қайсысында оқығанымен, оқушыларға 12 жылдық оқу бағдарламасы деңгейінде білім беріледі және жобада көрсетілгендей « орта білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеру оқушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттаумен – Бірыңғай ұлттық тестілеумен аяқталады.

Орта білім алу міндеттілігі, яғни 12 жылдық білім беру бағдарламасына сәйкес білім алу міндеттілігі еліміздің Конституциясының 30 – бабына

сәйкес келеді.

Бүгінгі таңда Қазақстанға дамыған шет елдердің орта білім беру жүйесінің моделі неғұрлым тиімді болады деп ойлаймыз. Қазақстанда міндетті орта білім екі сатымен (бастауыш және орта – 10 сынып) шектелуі тиіс, ал 11 және 12 сыныптар жоғары оқу орындарында іргелі білім алуға

негіз болатын арнайы пәндерден дәріс беретін жоғары орта білім сатысына айналғаны жөн деп есептейміз.

Қоғам сұранысынан туындап отырған осындай талапқа сәйкес оқушының ой-өрісін дамытып, алған білімдерін өз тәжірибесінде жаңа жағдайларда қолдану біліктілігін, ізденімпаз, шығармашыл тұлға қалыптастырудың бірден-бір жолы 12 жылдық білім беруге көшу екенін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр.

2004 жылы жоғарыда көрсетілген  мақсаттарға негізделген 12 жылдық  орта білім берудің  мемлекеттік  стандарты жарық көрді. 12 жылдық  білім берудің ең негізі бастауыш  буыннан басталады. 12 жылдық мектепке көшу білім беру процесін технологиялық деңгейге ауыстыруды көздейді. Бұл ретте жеке тұлғаға бағдарланған білім беру технологиялары, «ынтымақтастықта оқыту», жобалар әдісі, оқытудың әр деңгейлі топтың және қосарлы нысандары, шығармашылық «бойлау», сабақтарды эвристикалық жүргізу әдістері сияқты мектеп оқушыларының жас және жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеретін оқытудың нәтижелі нысандары мен әдістері пайдаланылуы тиіс.

 

 

1.Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың теориялық негізі.

Қазақ мектептеріндегі оқытылатын ғылым негіздері ана тілі арқылы жүргізіліп, оқушының дүниетанымын, ой-өрісін, тіл байлығын, ауызша және жазбаша сөйлеуін дамыту қазақ тілінің қалыптасқан заңдылықтары арқылы жүзеге асырылады.Сондықтан бастауыш сыныптарда ана тілінің  заңдылықтарын жете меңгеріп, әдеби тіл нормаларында еркін сөйлеп, сауатты жаза білу міндеті қойылып отыр. Өйткені – тіл дамыту сайып келгенде ой дамыту.

Тіл дамыту – ана тілі әдістемесінің аса жауапты да күрделі саласының бірі. Оның күрделі болуының себебі бала тілін дамыту міндетін жүзеге асырушы мектепте жүргізілетін пәндер қазақ тілі мен ана тіліне ғана байланысты болмай, оның сөйлеу әрекетіне де тәуелді.

Бастауыш сыныптарда жүргізілетін тіл дамыту әдістемесі – оқу-шыларға білім жүйесін меңгертуге, тілге деген икемділігі мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін әдіс-тәсілдері мен формалар, принциптер мен оқытудың мазмұны жайындағы ілім. Жалпы әдістеме ғылымның бір саласы.

Басқа ғылымдар сияқты тіл дамыту әдістемесі де теориялық ғылымдардың соңғы жетістіктеріне негізделе дамиды. Тіл ұстартудың ғылыми негіздері – тіл білімі, әдебиет және психология. Өйткені тіл - қоғам өмірінің объективті құбылысы, ол бүкіл халық үшін бірдей. Қай тілдің болмасын айтылуының грамматикалық және синтаксистік нормативтік ережелері болады. Мұны тіл білімі зерттейді. Ал сөйлеу – психикалық құбылыс. Ол - әр адамның өзіне ғана тән ерекшелігі. Сөйлеуде объективті шындықты осы адамның субъективті түрде бейнелеп, оған индивидтің көзқарасын білдіреді. Яғни адам тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау процесі, сөйлеу – психо-логияның зерттеу объектісі болып табылады. Солай бола тұрса да, күні бүгінге дейін мектептегі тіл дамыту жұмыстарын психологиялық ғылымнан оқшау жүргізіліп келеді. Соңғы кезде ғалымдар «Психология әдістеме ғылымынсыз-ақ өркендеп, өмір сүре береді, алайда әдістеме ғылымы психолгиясыз дамып, жетіле алмақ емес. Әдістеме толық мәнді ғылыми пән болуы үшін, ол психологиялық негізге сүйенуі қажет пікірді іс жүзінде дәлелдеп отыр.

Әдістеме теориясында тіл дамыту енді ғана қалыптасып келеді. Оның маңызы, қажеттілігі анықталғанымен, ғылыми негіздері, құралдары, мазмұны мен салалары, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыратын жұмыс түрлері, әдіс-тәсілдері т.б. жақтары анықталмаған.

Тіл – адамзат қоғамында қатынас, сөйлесіп пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс. Тіл мен қоғам өзара тығыз байланысты, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ». Тіл – адамзат қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам – тілдің өмір сүруінің шарты.Қоғамның өмір сүруі үшін, тіл қаншалықты қажет болса, тілдің дамып, өркендеуіне қоғам да соншалықты қажет.

Тіл – тірі тарих. Онда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған іс-тәжірибесі мен даналығы бар. Сананың аздығы мен көптігіне қарамай, әрбір халық өз тілінде асыл армандары мен әсем жан дүниесін, барша жақсылық атаулыға құрметін , адамзат бақытына кесір келтіргендерге лағнеті бейнеленген. Тіл – оны жасаушы халықтың тарихы, шежіресі, бүкіл өмірінің жаңғырығы мен ізгі арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады.

Ана тілі, бүкіл ақыл-ой дамуының негізі және бүкіл білімдердің қазынасы. Өйткені оқушыларға ғылым негіздерінен жан жақты білім мен дағды беретін, сауатты жазу мен мәдениетті сөйлеуге төселдіріп, тіл материалын меңгертетін де осы пән.

Ана тілі пәні дұрыс жазу, сауатты сөйлеу ережелерін меңгерту үшін ғана жүргізілмейді, сонымен бірге, логикалық ойлауды дамыту үшін де қажетті құрал. Өйткені сөз дарындылығының өрістеуі ойлау логикасымен байланысты. Өз заманында «Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны – логикалық сөйлеуді Отандық тіл ұстазы дамытуға тиіс», - деп көрсеткен ұлы педагог К.Д. Ушинский.

Еркіндікке қолы жеткен қазақ халқының болашаққа артқан үміті, сенімі осы қазіргі мектепте отырған, келешекте отыратын жаз жеткіншектерімізде. Тіліміз ғана емес, жалпы халық болып сақталып қалуымыздың өзі қазіргі оқушыларымызға ана тілін қалай меңгертуімізге байланысты. Енді бұл мәселеде жетпіс жылдай танытқан енжарлығымыздан таймасақ, белсенділік танытпасақ, тілсіз, тарихсыз мәңгүрт тобырға айналуымыз анық.

Міне, сондықтан саналы ересек ұрпаққа ұлы жауапкершілік жүктелмек, ол жауапкершілік – ата-бабамыздың әр сөзін сан ғасыр бойы сомдап жасаған ұлы қазына ана тілін көздің қарашығындай сақтап, кіршіксіз күйде келешек аманат етіп тапсыру. Сол арқылы жеткіншегіне туған халқының ақыл-ой тұжырымын, дәстүр-салтын игерту.  «біздің қазақтың ісң жаңа басталып келе жатыр...XX ғасырға дейін түріктің тілін аздырмай асыл қалпында алып келген, тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиісті. Атаның аздырмай берген асыл мүлкін қолына алып, быт-шытын шығарсақ, ол ұнамды іс болмас», деп жазған болатын осы ғасырдың басында қазақтың аса көрнекті ағартушы – педагог А.Байтұрсынов.                                                               

Тіл – рухани байлықтың шыңы. Рухани болмыстың деңгейлік баспалдақтары; танымдық, қазыналық, мән-мағыналық.  Тілін меңгерген адам – сара жолын сараптап, игерген адам.

Тілді меңгеру ананың ақ сүтінен басталып, бесік жырымен тербетіліп, өмір сатысымен нықталады. Өткен кезең мәдениетінің тұңғиығына бойлап, оның ішкі мазмұнын түсінуге тырысу адамды рухани жағынан байытады.

Қазақ тілі – аса бай тіл. Қазақ тілінің тазалығы жайында француз ғалымы     А.Жарри де Манси « Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі мейлінше таза тілдердің бірі» (Жарри де Манси « История древних и новых литератур, наук и язящных искуства Москва, 1832. 104-105 стр), - десе, В.В. Радлов « Зигро» журналының алтыншы  томының 70 бетінде жарық көрген « Средняя зарафшинская долина» мақаласында: « Қазақтың тілі ұшқыр да шешен, ойнақы да, өткір, сұрақ-жауаптарға оңтайлы, кейде тіпті таңқаларлық түрде тапқыр және бәрі де, тіпті оқымаған сауатсыздарының өзі де тілін жетік меңгерген, мұндай жағдайды біз тек Европадағы француздар мен орыстардың бойынан ғана байқаймыз», - деп жазды.

Татар ғалымы А.Саиди 1926 Қазан қаласында басылған «Тіл, әдебиет, жазу әрі олардың өсулері» кітабының 86 бетінде «Қазіргі ең таза, ең бай, ең

табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған бір тіл болса, ол

қазақ тілі мен қазақ әдебиеті біз мұны ашық айтуымыз керек», - дейді.

Көрнекті жазушымыз Ғабит Мүсірепов: «Ана тілі дегеніміз – ол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың өткенін де, болашағынан да қол үзеді», - деген.

Бүгінгі таңдағы мемлекеттің маңызды мәселелерінің бірі – тілдерді қолдану мен дамыту болып отыр. Ел басы Н.Ә. Назарбаев Қазақ тілін өркендетудің нақты 11 жолын атап өтті.

1. Қазақ тілді балабақша санын  тиісінше көбейту;

2. Қазақ мектептерінің санын  өсіру және осы заманғы технологияның  соңғы жетістіктерімен жабдықтау;

3. Қазақстанның барлық мектептерінде  оқушылар қазақ тілін еркін  меңгеріп шығуы үшін орыс мектептерінде қазақ тілі пәні аптасына екі - үш сағат емес, қазақ мектептеріндегі орыс тілі сияқты бес – алты сағаттық мөлшерде оқытылуы қажет;

4. Барлық орта мектеп оқушылары  бірыңғай ұлттық тестілеуде қазақ  тілі пәнінен міндетті түрде  сынақ тапсыруы тиіс;

5. «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдерге оқуға жіберілетін жастар қазақ тілін білуі тиіс;

6. Білім, денсаулық, сауда және халыққа  әлеуметтік қызмет көрсету саласы  мамандарының қазақ тілін жетік  меңгеруіне ұмтылу;

7. Қазақ тілін жетік білетін  мемлекеттік қызметкерлерге жан – жақты қолдау көрсету, әсіресе, мемлекеттік қызметке қабылданған қазақ қазақша сөйлеуі қажет;

8. Өзге ұлт өкілдерінің қазақ  тіліне жетіктерін баспасөз, теледидардан  жиі насихаттап, салт – дәстүр, әдепке байланысты түрлі конкурстар  ұйымдастыруы қажет;

Информация о работе Бастауыш сыныпта казак тілін оқыту