Бастауыш сыныпта казак тілін оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2014 в 06:38, курсовая работа

Описание работы

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат – саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ ұрпақ қоғам иесі. Сол келешек қоғам иелерін
жан – жақты жетілген, ақыл парасаты мол мәдени – ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

Содержание работы

Кіріспе
1.Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының ана тілін дамытудың теориялық негізі.
1.1 Сөз,сөйлеу және сөздік қор ұғымдарына сипаттама.
1.2 Оқыту процесіндегі дұрыс сөйлеуді қалыптастырудың педагогикалық мәселелері.
2. Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту және сөз мәдениетін қалыптастырудың жолдары.
2.1 Бастауыш сынып оқулықтарының балалардың сөздік қорын байытудағы орны.
2.2 Сөз мәдениеті – мұғалім шығармашылық еңбегі (мұғалімнің дұрыс сөйлеуге үйретудегі оқыту қызметі ).
3. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Бастауыш-мектепте-ана-тілі-сабағын-оқыту.doc

— 293.00 Кб (Скачать файл)

9. «Тілдер туралы» заңды қайта  қарап, замана талабына сай өзгерістер  енгізу;

10. Бұқаралық ақпарат құралдарына  қазақ тілінің қолданысы 50 пайыздан  кемімеуі;

11. 2010 жылға дейін жасалған «  тілдерді дамыту» бағдарламасына  тиісті толықтырулар енгізіп, әр облыстың мемлекеттік тілге көшу кестесін сақтау.

Соңғы жылдары журнал беттерінде шыққан мақалаларда да оқушылардың тілін дамыту мәселелеріне әжептеуір көңіл бөлгенін байқаймыз. Бұл жөнінде Ә. Сыдықовтың «Оқу-жазуға үйретуде психология не айтады?» деген мақаласын айтуға болады. Автор бұл мақалада балаларға оқығанда, жазғанда, көп салмақ түсетінін (көру, есту, сөйлеу мүшелері, қолы, саусақтары, мидың 4 түбегі бірдей қызмет істейтінін) айтып, оқуға, жазуға үйрету кезеңін 5-ке бөледі:

Көру, есту, сөйлеу, ойлау мүшелерінің қызметі қолдың қимылымен байланысты. Күштің көбі қол жаттықтыруға кетеді.

  1. Оқушы сөздің, сөйлемнің мазмұнын тез айыруға дағдыланады. Бұл кезде мұғалімнің көмегі керек.
  2. Оқушы өз бетімен оқып, шығарманың мазмұнын түсінеді, өз ойын шығарып, сөз жасау басталады.
  3. Оқыған нәрсені жазады.
  4. Сауалнама, қолхат сияқтыны жазады.

Аманжолұлы Сәрсеннің «Мектепте ана тілді оқытудың мақсаты, оның маңызы» деген мақаласында тіл сабағының мақсаты әңгімеленеді. «Ана тілді оқу тек оқу үшін керек. Балалар ана тілдің жобаларын, қағидаларын судай

жаттап алулары шарт емес, оны іс жүзінде, тәжірибеде пайдалана алса ғана, толық білгенге саналады», - дейді автор.

Ендігі бір көңіл аударатын еңбек – С.Жиенбаевтың «Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы» кітабы. 31 беттік бұл шағын еңбекте оқығанды балалардың қабылдауы оқу әдісіне байланысты екенін, әсіресе, мәнерлеп оқудың маңызын дұрыс көрсеткен. Оқығанды талдау (әңгімелесу, мазмұндама, қорытынды шығару) жұмыстарының түрлерін анықтай келіп, «Салалы сөйлеуді үйрететін жұмыс – мазмұндау жұмысы» екенін айтады. Кітапта мазмұндама мен шығарма жаздырудың орны былайша белгіленген: «... тіл дамыту жұмысы, оның ішінде жазба сөзге жаттықтыру жұмысы мектепте зор орын алады. Жазба сөзге жетілу үшін істелетін жұмыстың ең маңыздысы – мазмұндама, шығарма жаздыру». Кітапта оқулықтардағы бар суреттерді пайдалану, шығарманы талдау үлгілері, сөздік жүргізу сияқтылар да әңгімеленеді. Сондықтан бұл кітапты тіл дамыту жұмысын зерттегенде,

басшылыққа алынатын құралдардың бірі деп есептейміз. Әрине, кітаптың көлемі шағын, әрі әңгімелеп отырған объектісі кітап оқыту әдістемесі болғандықтан, тіл дамыту жұмысының оқуға байланысты түрлері ғана сөз етілген, оның өзі де толық қамтылмаған.

С.Жиенбаев – алғаш рет мектепте жүргізілетін тіл дамыту жұмысының ауызша, жазуша болып бөлінетін жігін ашып, оның әрқайсысына жататын жұмыс түрлерін, юұл жұмыстардағы ой жүйесі мен сөз қлоданудың мәнін көрсеткен әдісекер.

Ғ.Бегалиев «Бастауыш класта қазақ тілі методикасының мәселелері» еңбектерінде бастауыш сынып оқушыларының тілін ұстартуға, оларға сөз мағыналары туралы түсінік беруге қатысты ойлар «Ана тілі» пәнін оқыту әдістемесіне байланысты да айтылады. «Ана тілі» пәнін оқу барысында кездесетін оқушыларға түсініксіз сөздерді 5 түрге бөледі:

1.Затты, сынды, я амалды білдіретін кейбір сөздерді мүлде білмейді. Мысалы: маусым, сонар, бетегелі, маужырау.

2.Оқылатын текстіде кездесетін  кейбір затты, сынды, я амалды  көрсететін сөздерді оқушылар  біледі, бірақ, сол затты, сынды, амалды  әдеби тілімізде қолданатын, жалпыға ортақ атаумен атауды білмейді, тек төңірегіндегілер білетін атымен немесе жергілікті атымен атайды. Мәселен, текстіде шалбар, дуал, алжапқыш, ықтық деген сөздер бар, бірақ оқушы сымбелдемше, аптаап деген аттарын ғана біледі, өйткені оларды төңірегінделер солай атайды.

3.Оқушы кездескен сөздің негізгі  мағынасын біледі, бірақ сол сөзге  жұрнақ жалғанғанда немесе сөз  тізбегінде айтылғанда, мағынасында  қандай өзгешілік болатынын айыра  алмайды: құладым – құлап кете  жаздадым, көл – көлшік, жылы –  жылылау, ат – атақ, оқылды – оқылған, оқимын – оқып отырмын деген сөздердің арасындағы айырманы дәлдеп білмейді.

4.Кездескен сөздердің тура мағынасын (бірме-бір мағынасын) біледі, бірақ  сол сөздің бұрама мағынасын  білмейді. Мысалы, құс ұшты – Сәрсен  үкідей ұшты, қолымды сермедім – қолымды кеш сермедім.

5.Текстіде кездескен кейбір  сөздердің екйбір мағыналарын  білмеуі мүмкін. Мысалы, көз тоймаушылық, күншілдік, әуестік, құмарлық, ұрыншақ, сосаны, т.б.

Оқушылардың тілін ұстарту әдістемесініңнегізін салып, оны өз алдына ғылым ретінде қалыптастыру қажеттігін анықтап берген – орыстың ұлы педагогі К.Д.Ушинский.

К.Д.Ушинский ең алдымен бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытумен байланысты жаттығу жұмыстарының жүйесін құрды.Ол жаттығулардың сатылары мынадай:

1. бақыланған заттарды атау;

2. іс мақалаларын мазмұндау;

3. заттарды салыстыру;

4. сипаттау;

5. болған оқиға жөнінде әңгіме  құру.

Ал, Телжан Шонанұлының  «Тіл дамыту»  оқулықтарындағы оқушы тілін дамытуға арналған жаттығулар түрлерін мына жүйеде берді

    1. Мәтін құрамымен таныстыру. Мәтінмен жұмыс жүргізу, жоспар түзіп, сол бойынша мәтін құрғызу.
    2. Граматикалық ережелерді игеруге бағытталған жаттығулар.
    3. Мәнерлеп оқуға арналған жаттығулар.
    4. Суреттерге қарап ауызша, жазбаша әңгіме құрғызу.
    5. Жазылған әңгімелер бойынша мәтін құрғызу.
    6. Іс-қағаздармен таныстыру.

7.  Кітап, оқулықтарды дұрыс пайдалануға  дағдыландыру.

          8.  Газет-журналдармен  жұмыс жүргізуге үйрету.

Өкінішке орай Телжан Шонанұлының әдістемелік мұралары, құнды пікірлері күні бүгінге дейін жарияланып, мұғалімдер мен әдіскерлердің игілігіне айналмай келеді.

Бастауыш мектепте ана тілді оқыту барысы жеке-жеке айқын мақсаттар көздейтін үш кезеңнен тұрады:

1. Сауат ашу, тіл дамыту (Әліппе).

2. Оқу, тіл дамыту (Ана тілі).

3. Грамматика, емле тіл дамыту (Қазақ  тілі).

Оқушылардың тілін дамыту, сөз дағдыларын қалыптастыру осы кезеңдердің әрқайсысында белгілі бір тақырыптың оқытылуына сүйене отырып, соның барысында жүргізіледі. Мұнда біз мына сияқты негізгі мәселелерді үйретуді,яғни белгілі тақырыпты оқыта отырып, баланың сөздік қорын дамыту; сөздерді үйрете отырып, жаңа сөздер жасайтын формаларды меңгертубарысында оларды байланыстырып сөйлем құрауға, сөз тіркесіне; сондай-ақ ойларын ауызша, жазбаша сауатты, жүйелі, дұрыс жеткізуге, сөйлей білуге үйретуді мақсат еттік.Егер осы үшеуі (сөздік жұмысы, сөз тіркесі мен сөйлем құрау және байланыстырып, сөйлеуге үйрету) күнделікті өтілетін сауат ашу, грамматика, оқу сабақтарымен байланыста біртұтас жүргізіліп отырылса, тіл дамыту жұмысы да біршама жүйелі өткізіледі деуге болады. Яғни тіл дамыту осы негізгі үш бағытта қатар жүреді, өйткені сөздік жұмысы сөйлем құрау үшін де, байланыстырып сөйлеу үшін де негіз болады; ал әңгіме айтуға дайындық жасау сөз бен сөйлемсіз іске асуы мүмкін емес. Сондықтан бұлайша топтаудың өзі – шартты түрде ғана, яғни тіл дамытудың мазмұнының нені қамтитығын көрсету.

Біз психология, педагогика ғылымдарының соңғы табыстарын басшылыққа ала отырып, үлгілі мұғалімдердің озық тәжірибелеріне сүйеніп, жоғарыда атап өткен үш кезеңдерге орай, тіл дамыту мына сияқты бағыттарды қамтуы қажет:

1. Оқушылардың сөздік қорын дамыту.

а) жаңа сөздер үйрету және осы үйренген сөздерінің, сондай-ақ балалардың бұрыннан сөздік қорында бар сөздердің мағыналарын үйрету;

ә) көркем мәтіндегі бейнелі құралдарды үйрету;

б) синонимдермен, омонимдермен жұмыс;

в) антонимдермен жұмыс;

г) көп мағыналы сөздермен жұмыс;

д) қанатты, нақыл сөздермен жұмыс;

е) мақал-мәтел, жаңылтпаштарды үйрету;

ж) оқушылардың үйренген сөздерін  қолдану белсенділігін арттыру мәселелері қамтылады.

2. Сөз тіркесі, сөйлемдермен жұмыс жүргізу.

3. Байланыстырып сөйлеуге үйрету. Мұнда балалар оқығандары мен көргендерінінің, естігендерінің мазмұнын жүйелі түрде ауызша айтып, жазбаша баяндауға үйренеді,сондай-ақ ұсынылғантақырыптарбойынша материалдар жинап, жүйелеп, өз жандарынан ауызша, жазбаша әңгіме құрастыруға үйренеді.

Бастауыш оқу жоспарына бүкіл ғылым атаулының барлығы енгізіле бермейді, ғылымдардың ең негізгілері, оның өзінде бастауыш сынып балаларына оқыту үшін сұрыпталып алынған, өмірді, қоғамның даму заңдылықтарынан білім беретін ғылымдардың негізі ғана ену мақсат етіледі. Пәндердің ішінде тілдің алатын орны ерекше зор. Өйткені тіл – адам баласының ең басты қатынас құралы. Тілді оқыту, оның ішінде ана тілін оқытудың міндеттері әрбір халықтың мәдениетінің, әдет – ғұрпының қалыптасуы мен дамуын таныту мақсаттарынан тұрады.

Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңында « Тіл – ұлттың аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі, ұлттық мәдениеттің гүлднену мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы – тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты» делінген.

Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін жетілдіру тіл үйренуде ең басты міндет. Сөйлеу тілінің бірнеше стилі блалады.Қазақ тілінде сөйлеу тілінің мынадай стилі бар. Ең алдымен сөйлеу стилі. Бұл – стиль жағынан өте нақышталмаған, қарпайым сөздердің күнделікті айтылуы. Сөйлеу тілімен салыстырғанда анағұрлым жоғары саналатын ақындық, шешендік, академиялық, ғылыми стиль бар. Әртүрлі жаргондар, сөздердің әдеби тілдегі айтылу нормасынан ауытқулары осы ауызекі сөйлеу стиліне жатады. Тілдің грамматикасын білу арқылы оқушылар бір – бірімен сөйлесуді,сұрақ қоюды үйрененді. Олардың сөйлеу тілін дамыту үшін өздерін қоршаған заттарға, ортаға қатысты, қайда отыр, не көріп отыр, олар не үшін қажет деген сұрақтарға жауап беретіндей жағдай туғызу қажет. Әр сыныптың бағдарламасына қарай оқушылар ждаңа сөздер меңгереді. Мұғалім оқушыларға жеке сөздерді жаттаумен тынбай, сол сөздерді қатынастыра отырып қазақша сөйлем құрастыруға үйретеді. Яғни оқушы неге осылай айтамыз? Қалай айтуға болады? Дұрысы қайсы деген сұрақтарға жауап іздейді.

Оқушылар өздерін қоршаған ортамен таныса отырып сөздік жұмысын іске асырады. Өздеріне аты белгісіз зат не құбылыспен танысқанда, оның өзімен немесе атауымен чөздік арқылы танысады. Сөз – тілдің құрылыс материалы. Ал грамматика болса сөздердің өзгеру мен сөйлем ішіндегі байланыстың заңдылығын үйретеді, қалыптастырады. Бұл заңдылықтарды білу үшін түрлі сөйлемдер, сөз тіскестері меңгеріледі.

Оқушы ең алдымен тілдің дыбыстық құрылысын меңгеруі шарт. Ол үшін дыбыстарды дұрыс айтуға (орфоэпиясын) жаттығады. Ол мұғалімнің айтқанына еліктей отырып, қазақ тілінің фонетикасын, сөзге түсетін екпінді, интонацияны, сөздерді дұрыс оқуды меңгереді, жаттығады. Мұғалім оқушыларды бірімен сөйлеу мәдениетіне, сөйлеу мәнеріне (дауыс ырғағы, өзін ұстау, сөйлеушіні тыңдай білуге) үйретуі қажет.

Оқушылардың өздеріне айтылған сөзді тыңдай білуге, оны түсініп, сөйлесе білуі (бір – бірімен) , сұрақтарға жауап беруі, сұрақ қоя білуі мұның бәрі олардың сөздік қорының тілдің грамматикалық құрылысын дұрыс меңгеруіне байланысты. Осының нәтижесінде оқушылар бір – бірімен кезектесіп сөйлесуге жаттығатын болады.

Оқушылар қазақ тілін де, ана тілін де байланыстырып, сөйлеу білуі үшін оқығанын, түсінгенін, өз пікірін айту бала – бақшадан үйретіліп, жаттықтырылуы керек. Оқушының түсінігін тыңдау арқылы оның сөздік қорын, сөйлем құрастыру дағдысын, мазмұнын қалай түсінгенін анықтауға болады. Әдетте балалар басқалардың айтқан әңгімесін тыңдай отырып, соларға еліктеп өз түсініктерін (сөз, сөз тіркесі, сөйлем) айтуға жаттығады.

Тілді оның дамуы мен жеке адамның қалыптасуындағы ролін зерттеу – адамның бүкіл таным қызметінің қалыптасуын қарастыруда ерекше маңызға ие болып отырған ғылымның басты мәселесіне айналды. Ал баланың танымдық қызметі баланың өзін қоршаған ортамен қарым – қатынас жасауы, яғни ұрпақтан – ұрпаққа бұрынғылардың тәлімі мен тәрбиесі, іс – тәжірибесінің берілуі процесінде қалыптасады. Балғын шақтан есейіп, ересектер қатарына өту барысында баланың психикалық дамуының негізгі бір формасы - өзара сөйлесу, пікірлесу арқылы өзгелердің іс – тәжірибесін бойына сіңіру болып табылады. Балалар тілінің рөлін, олардың сөйлесу қызметін зерттеу ғылымның басты міндеттерінің бірі болып отыр.

Ғылыми тұрғыда негіздей отырып, бала тілін, сөздік қорын зерттеуге алғаш ден қойған психологтар болды. 1940 жылдары О. Моурер фонологиялық даму теориясының негізін қалаушылардың бірі болды.

Р. Якобсонның болжамы бойынша балада алғашқы фонологиялық дағдылардың қалыптасуы алғашқы он – онекі айлық кезеңде басталады. Яғни, сөйлеу қабілетінің дамуына немесе оның жан – жақты дамуының бір бөлшегі ретінде қарастырса, енді біреулері (Д.Ольмстел 1971; Д. Стэмп 1969;) бала тілінің дамуын оның өзін қоршаған ортамен қарым – қатынас жасауына байланысты қалыптасатынындығын дәлелдеуге тырысады. Б. Московичтің пікірінше, бала бірте – бірте айқындала түсетін дыбыстық бірліктерді айтуды үйрене бастайды, буындардан ол өз бетінше дыбыстық құрылымдар түзуге (сөздер құрастыруға) бейімделеді.

Әдетте бала өзіндік сөйлеу әрекеті тән. Кейбір идеалистік бағыттағы психологтардың ( Д. Элласберг, Э. Клапаред, К. Бюлер) пікірі бойынша, баланың сөйлеу әрекеті бірден пайда болады. өз тіліндегі сөздік қорға қанағаттанбаған екі жасар бүлдіршін өзінше тілдесуге қажет сөздер ойлаптабады. Ол сөздер тек өзінің айналасындағы азғана ортаға түсінікті болады.

Баланың сөздік қоры 1 жыл 8 айдан асқан соң жедел дамиды. Егер 1,5 жастағы баланың сөздік қоры 18-25 – тен аспаса, 3 жастан кейін ол 1000-1200 сөзге жетеді. Мұның ішінде сөздік қордың басым бөлігін зат есімдер (60%), етістіктер (25-27%), сын есімдер (10-12%) құрайды.

Информация о работе Бастауыш сыныпта казак тілін оқыту