Бастауыш сыныпта казак тілін оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2014 в 06:38, курсовая работа

Описание работы

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат – саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ ұрпақ қоғам иесі. Сол келешек қоғам иелерін
жан – жақты жетілген, ақыл парасаты мол мәдени – ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

Содержание работы

Кіріспе
1.Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының ана тілін дамытудың теориялық негізі.
1.1 Сөз,сөйлеу және сөздік қор ұғымдарына сипаттама.
1.2 Оқыту процесіндегі дұрыс сөйлеуді қалыптастырудың педагогикалық мәселелері.
2. Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту және сөз мәдениетін қалыптастырудың жолдары.
2.1 Бастауыш сынып оқулықтарының балалардың сөздік қорын байытудағы орны.
2.2 Сөз мәдениеті – мұғалім шығармашылық еңбегі (мұғалімнің дұрыс сөйлеуге үйретудегі оқыту қызметі ).
3. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Бастауыш-мектепте-ана-тілі-сабағын-оқыту.doc

— 293.00 Кб (Скачать файл)

Баланың тұңғыш ұстазы  - оның мектеп табалдырығышн алғаш аттағанда күтіп алып, әріп танытып, жазуға үйрететін мұғалімі. Ұстаз – адамдардың өмірге көзқарасын, сенімін қалыптастыратын, оларға өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектесетін, айналасына білім-тәрбие нәрін шашып, адамгершілік нұрын төгетін қоғамдық қайраткер, ойшыл тұлға.

Психология-педагогикалық зертеу мәліметтеріне қарағанда Ф.Н.Гоноболин, Н.В.Кузьмина, А.Сластенин, А.Н.Щербаков, т.б. педагогикалық қабілеттің бірнеше түрі кедеседі.Олардың бірі сөйлеу қабілеті.

Сөйлеу (экспрессивті) қабілеті – тіл арқылы өз ойын, ішкі сезімін нақты, түсінікті етіп жеткізе білуі.

                                                                                                                                                                                         

Қорытынды

 

Өмірдің бүгінгі таңдағы талабы қазақ тілін жас ұрпаққа үйретудің тиімді әдістемесі жасалуын қажет етіп отырғаны белгілі. Өйкені таяу жылдарда қазақ тілінің қоғамдық қарым-қатынастардың барлық салаларында: саудада, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерінде, кеңсе ісінде, т.б. жерлердің барлығында да қолдану аясының кеңи түсуін қамтамасыз ету міндеті қойылуда. Мұның өзі қазақ тілінің қарым-қатынас құралы ретіндегі мәнімен қатар, танымдық құралыретіндегі рөлін де күшейте түсетіні мәлім. Осыған орай, жас ұрпаққа білім беру, оларды қажетті дағды мен іскерліккі төселдіру, өз пікірлерін білдіріп, қорытынды жасай алуға баулу, бұл мәселелерде балалардың жеке ерекшеліктері мен жалпы даму деңгейін ескеру, мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған басты міндеттердің біріне айналуда. Бұл міндеттер, әсіресе, бастауыш сыныптарда балаларды ауызша, жазбаша тілін дамыту жұмысын күн тәртібіне бірінші мәселе етіп қойып отыр.

Жалпы оқыту барысында ұлттық ерекшеліктің ескерілмеуі бастауыш сыныптардағы тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыруға да кері әсерін тигізді. Оқулықтар мен оқу құралдарының тілі тым жұтаң болды. Бастауыш сыныптарға арналған мақал-мәтелдер жұмбақтар мен жаңылтпаштар, шешендер мен билер сөздері жинақ түрінде жарық көрмеді, түрлі сөздіктер жасалмады. «Ана тіл» оқулықтарына қосымша «Хрестоматия», грамматикаға қосымша «Жаттығулар жинағы» сияқты құралдар шығарылмады. Сондай-ақ ертерек кезде шыққан «Тіл дамыту», «Тіл ширату», «Тіл бақылау» оқу құралдары да қайталап басылмады.

Осындай кемшіліктер бастауыш мектеп мұғалімдердің жұмысында мынадай басты олқылықтардың орын алуына әкеп соқтырды:

а) ауызша, жазбаша тіл дамыту жұмыстары педагогикалық психология ғылымының соңғы жетістіктері мен дидактиканың негіздері принциптеріне сай анықталған жүйемен ұйымдастырылмады. Сондықтан да бұл жұмыстарда оқушыларға қандай деңгейде білім беріп, қандай деңгейде дағды, іскерліктерге үйрету керектігі анықталмады; ә) тіл дамыту жұмыстары бастауыш сыныптарда жасөспірімдердің қабылдауы мен есте сақтау ерекшеліктерін ескеріп, ойлауы мен қайта жасау қиялын жетілдіретіндей, сөйтіп, шығармашышылық қабілетіне қозғау салатындай дәрежеге көтеріле алмады;

б) тіл дамытуға қойылатын психологиялық, педагогиқалық, лингвистикалық талаптардың бағдарламада нақты көрсетілуімен және қажетті құралдардың жоқтығынан бұл жұмыс бастауыш сыныптарда жүйелі түрде, жаппай жүргізілмеді; кейбір мұғалімдердің осы жұмыстағы жетістіктері басқа мектептерге таратылмады.

Қазіргі қазақ мектептеріндегі тіл ұстарту жұмыстарындағы осы көрсетілген олқылытарды тереңірек зерттеп, тиісті әдістемелік бағдар сілтеуді көздейтін осы жұмыста негізінен мына сияқты мәселелерге көңіл аударылды;

Мектепте балалардың теориялық білімдерін тереңдедіп, нығайта түсетін, оларды қажетті дағдылар мен іскерліктерге төселдіретін тіл дамыту жұмысының мазмұны мен жүйесін анықтап, әдістемесін жасау. Бұл үшін орыс және шетел мектептеріндегі мұғалімдер қолданып жүрген жұмыс-тардың мазмұны мен жүйесі зерттеліп, олардың ішіндегі біздің ұлттық ерекшеліктеріміз бен ана тіліміздің оқытылу дәрежесіне сай келктін үлгілері іріктеліп алынды және оларды ұйымдастыру жолдары іздестірілді. Сөйтіп, өз жұмысымыздың мазмұнын байытып, оны қандай жүйемен, қалай жүргізу керектігі байқау арқылы анықталды. Мұнда жұмыс ең алдымен

балалардың ұлттық салт – сана, дәстүр мен әдет – ғұрыптан алыстамай, туған тілдің нәрінен бастау алуына негіделді.

Тіл дамыту жұмысын оқушылардың психикалық танымдық қызметін (түсіну, қабылдау, ес, ойнау, қиял) күшейтіп, шығармашылық белсенділіктерін арттыратындай деңгейде жүргізу жағы қарастырылды. Мұнда, әсіресе, бастауыш мектеп оқушыларын ажырата қабылдауға үйрету; олардың эмоциялық есінің басымдығы ескеріліп, саналы ұғындыруға көңіл бөлу; ойлау операцияларының және қиялдың қайта жасау мен шығармашылық түрлерінің іске асуына баса назар аударылды.

Тіл дамыту жұмыстары бастауыш мектеп оқушыларының жеке ерекшеліктеріне (темперамент, мінез, қабілет) сай келуі, яғни жұмысты балалар толық меңгеріп, орындай алатындай болу жағы қатты ескерілді. Байқау барысында бұл талаптарға тіл дамыту жұмысының мына түрлері (топтап көрсеткенде) сай келетіні анықталды;

а) мәтін арқылы әңгімелеу;

ә) сурет бойынша әңгімелеу;

          б) балалардың өз жандарынан шығарғандары;

в) мақал – мәтелдермен, жұмбақ, жаңылтпаштармен, ертегі мысалдармен жұмыс ұйымдастыру.

Осылайша сөйлемдер және мәтін құрастыру, байланыстыра сөйлеуге үйрету жұмыстары барысында сөздік жүргізіледі, бейнелік құралдар мен сөз тіркестері анықталады.

Тіл дамыту жұмыстарын жүргізуде мына мақсат көзделді;

а) оқушылардың бқылампаздқ танымын кеңейту;

ә) әр нәрсені салыстыра талдап, жинақтап, соның негізінде өз беттерімен қорытынды шығара білуге, пікір айтуға, пікірлерін бір – бірімен байланыстырып, себеп – саслдарлықты, тәуелділікті ажыратып, сақтай білуге үйрету;

б) оқушылардың алған білімдерін пайдаланып, ана тіл нормасына сай, өз көзқарастарын, өз сезімін, ниетін, ойын дұрыс айтып, жазып бере алатындай дағдыларға төселдіру, қажетті іскерлікке баулу, ана тілді сүйюге, оның алтын қорын, тамаша сырлы, көркем де нәзік сөз байлығын қолдана білуге, оны сезініп, құрметтей білуге тәрбиелеу;

в) оқушылардың іскерлік қабілетін арттырумен қатар, оларды өз елінің салт – санасын, дәстүрі мен әдет – ғұрпын қадір тұтатын, халқына шын берілген азамат болуға, бір – біріне достық, бауырластық сезімге, саналы да белсенді еңбек ете білуге баулу.

Жұмыс сыныпта да, үйде де орындалады.

Жұмыс өткізілу әдістемесі негізінен үйрету; бақылау; жанр жағынан:       

а)әңгімелеу (хабарлау);

ә) сипаттама түрінде;

б) әңгімелеу мен сипаттама аралас келеді.

Оқушылардың тілін дамыту жұмыстары мұғалімнің түсіндіру, байқау, әңгіме, сынау, іс-әрекет нәтижелерін қорыту әдістері арқылы және ойлаудың салыстыру, талдау, жинақтау, жалпылау, нақтылу, дерексіздендіру, тұжырымдау тәсілдеру, ойша қорытудың индукция, дедукция, аналогия түрлері арқылы өтеді, сондай-ақ ассоциаплық әдістер де кеңінен қолданылады.

Оқушыларға теориялық білім бергенде, дағды мен іскерлікке төселдіру барысында тіл дамыту жұмысының  барлық түрлеріне ортақ мынадай  негізгі әдістемелік нұсқауды басшылыққа алған жөн;

а) үйретіліге тиісті жұмыс түрін оқушыларға жеңіл де саналы меңгеруге көмегі тиетін тәсілдердің ең тиімдісін  кеңінен қолдану;

ә)оқушылардың ынтасы мен қызығуын арттыра отырып, материалды қабылдаудауын қамтамсыз ету;

б) естің түрлі заңдылықтарына сүйене отырып, материалдлың ұмытылмауына жағдай жасау;

в) ойлаудың салыстыру, талдау, жинақтау, жалпылау, нақтылау, дерексіздендіру амалдары амалдары арқылы жаңа материалды меңгерту;

г) индукция, дедукция тәсілдері арқылы қорытынды шығарып, ұғым қалыптастыру;

д) қиялдың қайта жасау, шығармашылық түрлерінің жұмысын күшейту үшін, балаларға өз жандарынын әңгіме, өлең шығартуға баса назар аудару;

е) мұғалімнің жетекші сұрағының негізінде әр материалдың өзіндік ерекшеліктерін оқушыларға байқату арқылы олардың ойлау қабілетін, ерік күшін арттырып, мүмкіндігінше өз беттерімен жұмыс істеуге үйрету. Оқушылардың шамасы келмеген жағдайда ғана оларға көмектесу. (Мұнда есте болатын жай – тіл дамыту жұмыстарының жоғарыда көрсетілген түрлерінің әр қайсысы мұғалімнің түсіндіруін қажает етеді,и ал осындай типтегі жұмыстар қосылып өтілгенде, мұғалімнің көмегі мейлінше азая баруге тиіс);

ж)тіл дамыту жұмыстарынбалалардың саналы да жеңіл меңгеріп, берік дағды мен іскерлікке тез үйренуін қамтамсыз ету үшін, көрнекілік әдістерін тиімді пайдалану.

Оқушылардың тіл дамыту жұмыстарының тақырыптары оқушының күнбе – күн көріп, бақылап, көңіл аударып жүрген айналадағы таныс заттары мен құбылыстарынак, яғни балалардың оқығандары мен естігендеріне, экскурсияда көргендеріне(табиғат, сурет, кино, қуыршақ театрының спекткльдері, т.с.с.) сондай-ақ өздерінің іс - әрекеттеріне (ойын, оқу, еңбек) байланысты алынды.

Сонымен қатар бастауыш мектеп балалары үшін тақырыптың дерексіз, жалпы алынбай, нақтылана түсінуінің көп пайдасы тиетіні ескерілді.

Оқушылардың ауызша айқандарында болсын, жазған жұмыстарында болсын, ойды дәл, анық, жүйелі, логикалық байланыста білдірулеріне, бейнелеп, мақалдап сөйлей алу, синонимдер қолдану арқылы  сөз мағынасын нақыштай түсу іскерліктеріне баса назар аударылды.

Тіл дамыту әдістемесінде сөйлеудің логикалық, стилистикалық және грамматикалық құрылысы жағынан дамуы орфоэпиялық және орфографиялық дағдының дамып, беки түсуімен қабысып жатуға тиіс екені қатаң қадағаланады. Ол үшін ауызша және жазбаша сөзді өзара байланыстыра жүргізу іскерлігін меңгере алатындай жұмыс түрлері іріктелді.

Бастауыш сыныптардағы тіл дамыту жұмысы оқулықтарда берілген теориялық білімдерді шәкірттердің саналы түрде меңгеруін қамтамасыз етумен бірге мыналарға дағдыландырады:

а) «шығарма түрінің ғылымы» (мәнерлік күші) мен «тілінің ғылымын» ( тіл қисыны, сөз талғау, тіл тазалығы, тіл анықтығы, тіл дәлдігі) меңгере алу және әңгімелейтін объектінің сөздік бейнесін жасау үшін, « алдын ала жосықтау» (А.Байтұрсынов), тақырыпты саналы түрде түсініп, оны толық игеру;

ә) мәтіндегі ойдың шегін ажырата алу;

б) бөліктерге ат қою;

в) материалды жүйесімен орналастыра білу;

г) тіл құралдарын. Қолдана білу;

д) пікірлерін өңдеп, түзетеалу.

Қазіргі қолданып жүрген бастауыш сынып оқулықтары дидактикалық жүйелілікпен түзілуі жағынан және тіл дамыту тұрғысынан қайта қаралуы керек. Жас балалардың тілін дамытуды жолға қою үшін, әрине, алдымен құралдар қажет. Бастауыш сыныптарға арналған түрлі сөздіктер, мақал мәтелдер мен нақыл сөздер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар және шешендер мен билер сөзінің жинақтары, сан алуан суреттер мен кестелер шығарылып, әрбір сыныпқа кешендіқұралдар жасалғаны жөн.

Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту граммактика мен оқу сабақтарындағы жұмыстармен шектелмейді. Бұл  барлық пәндерді оқыту барысында, тіпті мектептегі оқу тәрбие жұмысының өн бойында үздіксіз жүргізіліп отыратын жұмыс. Сондықтан мұндай күрделі мәселелердің барлық проблемаларын бір жолғы зерттеу жұмысында жан жақты талдап шығу мүмкін де емес. Сыныптағы тіл дамытуды баллық пәндерді ұштастыра жүргізу құралы ретінде жеке жеке зерттеу объектісіне айналдыру.

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

    1. Президентің халыққа жолдауы ,Егемен Қазақстан, 2014
    2. Верещегин Е.М. Язык и культура М., 1977
    3. Бастауыш мектептегі қазақ тілінің әдісі
    4. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілінің қысқаша синтаксистік курсы
    5. Сарыбаев Ш.Х. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері Алматы, 1956
    6. Бегалиев Ғ. Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері
    7. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі Алматы, 1991
    8. Әміров Е. Бірнші сыныпта оқушылардың тілін дамыту үшін істелетін
    9. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе Алматы, 1994
    10. Серғалиев М. Синактаксистің кейбір мәселелері Алматы, 1990
    11. Кәтенбаева Б. Тіл ұстарту жұмыстары бойынша әдістемелік нұсқаулар
    12. Құлмағанбетова Б. Кіші мектеп жастағы оқушылардың тілін дамыту
    13. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы Алматы, 1991
    14. Құлмағанбетова Б. Қазақ тілі сабақтарына байланысты тіл дамыту жұмыстарын
    15. Құлмағанбетова Б.1992 Қазақ тілі оқыту сабақтарында тіл дамыту 1992
    16. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы Алматы, 1992
    17. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары Алматы, 1994
    18. Ушинский .К.Д. Таңдамалы шығармалары
    19. Жинкин Н.И. Механихзмы и речи Алматы,1958
    20. Лурия А. Язык сознание Алматы,1979
    21. Шонаұлы Т. Тіл дамыту Алматы1932
    22. Сарыбаев Ш. Үшінші сыныптың қазақ тілін оқытуына методикалық нұсқаулар

 

 


 



Информация о работе Бастауыш сыныпта казак тілін оқыту