Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2014 в 06:38, курсовая работа
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат – саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ ұрпақ қоғам иесі. Сол келешек қоғам иелерін
жан – жақты жетілген, ақыл парасаты мол мәдени – ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Кіріспе
1.Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының ана тілін дамытудың теориялық негізі.
1.1 Сөз,сөйлеу және сөздік қор ұғымдарына сипаттама.
1.2 Оқыту процесіндегі дұрыс сөйлеуді қалыптастырудың педагогикалық мәселелері.
2. Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту және сөз мәдениетін қалыптастырудың жолдары.
2.1 Бастауыш сынып оқулықтарының балалардың сөздік қорын байытудағы орны.
2.2 Сөз мәдениеті – мұғалім шығармашылық еңбегі (мұғалімнің дұрыс сөйлеуге үйретудегі оқыту қызметі ).
3. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Әрбір жас кезеңдегі сөздік қордың қалыптасуындағы балалардың өзіндік ерекшеліктері мен сөздерді қабылдау және қолдану ерекшеліктеріне де баса назар аударады.
Тілдің гамматикасын меңгеру баланың жалпы дамуымен де (ақыл – ой қызметінің кеңеюі, өз бетінше ізденістері) сабақтас дамиды. Сондықтан да түрліше әрекет жасау барысында баланың мазмұнды өмір сүріп, ой - өрісін дамытуы, үлкендермен тілдік қарым – қатынас жасауы оның тілінің дамуына ықпал етеді. Олардың сөздік қоры молайып, алғашқы грамматикалық формаларды меңгеруі жетіле түседі.
Баланың сөйлеу білуге деген алғашқы талпынысы – оның дамуының бастапқы кезіндегі басты нәрсе. Ол үлкендердің сөйлеген сөздерінен бірнеше мәрте қайталанатын белгілерді ептеп түсіне бастайды. Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, екі жастан бастап бала тілі күрт дамиды. Мектеп жасына келген бала, яғни 6-7 жасар бала 3,5-4 мыңға жуық сөз біледі екен. Демек, ол тілдің бүкіл фонологиялық жүйесін түсінеді. Олай болса, өз бетінше сөйлемдер құрастыра, өз ойын өзгеге түсіндіре, жеткізе алады.
Зерттеулер көрсеткендей түске, үлкендікке, заттың жай күйіне байланыстыерекшеліктерді жас баланың естіп қабылдауынан гөрі, сол заттарды көріп, қолмен ұстап барып, ажырата қабылдауы 10-12 есе тезірек іске асады да, бала жадында ұзақ сақталады.
«Сөзге» қарағанда, балаға сол зат, белгі, құбылысты көрсету, оларды ажырата отырып көрсету арнайы үйретусіз-ақ тез қабылданады. Сөз жалпылама ұғым болғандықтан, бала тез арада өзі қабылдаған сөздерді белгілі бір топтарға бөле отырып меңгере бастайды. Баланың өз бетінше меңгеруі алғашқыда әрине, қателесусіз жүрмейді. Табиғаттағы зат пен құбылыс арсындағы байланысты білдіретін сөздер (кеңістік, сан т.б.) сезімдік қабылдауға негізделеді де, балаға көрінбейтін болғандықтан, ол нәрселер мен байланыстарды үлкендер түсіндіреді.Бұларды түсінуге талпыну және тілде қолдану баланың ойлау қабілетін дамытады. Сол секілді үлкендердің сезімдік, эмоциялық күйін білдіретін сөздерде балаға түсінікті бола бастайды да, бала да эстетика, адамгершілік туралы алғашқы түсінік қалыптасады.
Балада алғашқы кезде өз шамасын байқап көру қасиеті үлкендермен, заттармен байлнысқа түсу, яғни сөз арқылы жүзеге асады. Алғашқыда ол зат пен құбылыстың аттары арқылы,ал кейінірек жіктеу есімдіктері арқылы, содан соң өзін басқа балалармен салыстыру арқылы жақсы және жаман қаситтерді ажырата бастайды.Сөздік қорын дамыту арқылы бала ертегі, өлең тыңдауға, ән салуға, мәнерлі де, мәнді сөйлесуге бейімделе бастайды.
Демек, баланың алғашқы сатысында оның физиологиялық және физикалық дамуы мен ойлау белсенділігі үлкенденрдің жүйелі тәрбиелік жұмыстарына байланысты болады. Өмірдегі құбылыстарды көру, есту арқылы бұл жаста бала психикасында үлкен өзгерістер байқалады. Ол өзін қоршаған құбылыстарды, үлкендердің сөздері мен іс-әрекеттерін ойын арқылы ойнап, сол ойындарда қолдана бастайды.
Дұрыс ұйымдастырылған ойындарда балаларда жақсы дағдылар қалыптаса бастайды, яғни ойын – ойды дұрыс дамытады. Тек баланың ақыл-ой қызметін активтендіру және ұйымдастыру нәтижесінде ғана білімді меңгертуге болады. Н.А.Менчинскаяның пікірінше, «таным, танымның қалыптасуы өзара байланысты екі процестен тұрады: білімді игеру және оны қолдану».
Баланың екінші сигналдық жүйесі ретіндегі сөйлеуі бірінші сигналдарға қарағанда жетекші орында болады, екінші сигналдар оған қызмет етеді. Ал сөздік қоры мен ойлау жүйесі нашар дамыған балалардың сөздік қоры, сөз байланыстары тек белгілі бір ғана бағытта болады да, әр түрлі жағдайдың өзгеруіне қарамай, олардың жауаптары бір жақты болады. Психиклалық процестердің дамуындағы сөйлеудің рөлі жайындағы бұл саладағы зерттеулердің объектісіне жататын көптеген өзекті мәселелерінің туындауына әкеледі.
Балалардың тілінің дамуы мен қалыптасуын зерттеу балалар технологиясы мен психолингвистиканың проблемаларын шешуде ғана емес, сонымен қатар тілдің табиғаты жөніндегі аса маңызды, әсіресе, балалар тілі онтогенезін, оның осы арқылы тілдің лексикалық, грамматикалық категорияларын, оның фонологиялық жүйесін және мәтін тудыру механизмдерін танып-білуді аса маңызды роль атқарады.
ХХI ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында балардың сөйлеу тілін зерттеу психологтар мен тілші ғалымдар назарын өзіне аударды, балалар ойлауының, ой-өрісінің деңгейін білдіретін алғашқы жиілік сөздіктер пайда болды.
Оқушылардың сөйлеу әрекеті, оның құрылымдық-типологиялық ерекшеліктері жоғары лингвистикалық шамалар лексикалық, морфологиялық, семантика – синтаксистік ерекшеліктер нәтижесінде қалыптасады.
Элькониннің пікірінше, бала қызметінің барлық жағы мазмұны, формасы бойынша қоғамға байланысты, сондықтан бала өз өмірінің алғашқы ағашқы күндерінен бастап, қоғамдық дене болып табылады. Оның адамзатқа тән мәдениетке жетуі белсенді әрекетіне байланысты болады. Баланың сөздік қоры сыртқы жағдайлармен, динамикалық әрекетпен сипатталады. Баланың жеке іс - әрекеттерінің күшеюіне және өзге балалармен көбірек араласуы оның өз жолдастарынан көргендері мен алған әсерін айту үшін монолог түрінде түсіндіру, айту қажеттілігін тудырады. Бұған қоса әрекеттердің өзара байланысуы, бір нәрсеге баға беру, бұйыру т.б. формасында да сөйлеуі үнемі даму үстінде болады. Мұның барлығы балалардың сөздік құрам мен тілдің грамматикалық құрылысын интенсивті меңгеруіне әкеледі де, олардың сөзі бір-бірімен байланысты, жүйелі бола түседі. Ауызша тілді меңгерудің жүйесіз түрінен мектепте морфология мен лексиканы үйретудің жүйелі тәсілдеріне көшу үшін мектеп оқулықтарындағы мәтіндердің сөздігіне мүмкіндігінше тілімізде жиі және сирек қолданылатын жаңа мәнге ие сөздерді сұрыптап ала білудің айрықша маңызы бар.
Тілдің синтаксисі мен семантикасына квантитативтік әдістер қолдануда көптеген қиындықтар бар: біріншіден, өте үлкен мөлшердегі сөз, сөз тіркестерінің жиыны қажет, екіншіден, мәтіндердегі сөз тіркестерін қарастыруда жекелеген қиындықтар туындамай қоймайды.
Балалар тілін квантитативтік әдіспен зерттеу – олардың лексика – грамматикалық ерекшеліктерін ашуда, сонымен қатар бастауыш білім беру кезінде оларға берілуге тиісті материалдың сандық және сапалық ерекшеліктерін анықтай отырып, алынған зерттеу нәтижелерін көркем әдебиет пен публицистикалық жанрдағы үлгілермен салыстыру арқылы тілді меңгертудің кейбір тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануда аса маңызды.
Құрастырылған стандарт негізінде бастауыш білімнің бағдарламлалары жарық көрді. Сауат ашу әліппе мен оқу кітабынан тұрады. Бастауыш сынып пәні бойынша оқушылардың оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын байыту, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге үйрету, сөйлеу мәденниетін қалыптастыру; алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту, танымдық шығармашылық қабілеттерін дамыту; ана тіліне деген сүйіспеншілік, құрмет, мақтаныш сезімдерін қалыптастыру, адамгершілікке, ізгілікке, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсаттарын көздейді.
Бастауыш сыныпта оқушылар сөйлеу, сөйлем, сөз дыбыс және олардың шартты белгілерімен танысады. Дауысты, дауыссыз дыбысқа байланысты грамматикалық материалдар талдау әдісімен беріледі. Тіл дамытудың төрт міндеті жүзеге асырылады.
-сөздік қорын дамыту;
-байланыстырып сөйлеуге үйрету;
-грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге үйрету;
-сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
1.1 Сөз,сөйлеу және сөздік қор ұғымдарына сипаттама.
Сөз тілдің негізгі единицасы, дыбыстық таңбалар мен мағынаның көрінісі. Дыбыстық таңба сөздің материалдық жағынан қаласа мағына (мазмұн) оның идеялық жағын қарастырады. Бұлардың бірлігі т сөздің өмір сүруі мен қызмет атқаруының белгісі.
Сөз – тіл білімінің барлық саласының негізгі зерттеу объектісінің бірі болып табылады. Бірақ тіл білімінің әр саласы сөздің бір қырын ғана өз объектісі етіп алады да, өз заңдылықтары негізінде сөз етеді. Бұл сөздің күрделі құбылыс екеніндігін білдіреді. Тілдегі сөздер бір-бірімен дыбыстық ерекшелігі мен морфологиялық құрамы жағынан да қилы-қилы. Мәселен, Жомарт кеше Алматыдан жүрдек поездбен келді, деген сөйлемдердегі сөздерді жеке-жеке алып қарасақ, дыбысталу жағынан да, морфологиялық тұлғасы жағынан да, керек десеңіз, сөйлемдегі атқарылып тұрған қызметі мен орын тәртібі жағынан да түрлі-түрлі. Осындағы сөздерсіз ешқандай ой пікір құруға болмас еді.Сол сияқты тілдің грамматикалық заңдарынсыз айтылатын ой түсініксіз, әрсіз болар еді. Сондықтанда бұлардың әрқайсысына тән ерекшелігімен қызметі бар негізгі элементтер екендігін көреміз.
Сөздерді фонетикалық, грамматикалық жақтан талдау мүмкін болғанымен, сөздердің барлық қасиеттерін грамматикалық белгілері арқылы ашылу мүмкін емес. Фонотиканың ең кіші элементі болып саналатын морфема болсын – барлығы да сөз бойынан табылатын нәрселер. Сөз мағынасы, оның даму заңдылықтары, синоним, онтоним сияқты құбылыстарда сөздерге тән заңдылықтар. Дегемен осы ата аталған қаситтерді жеке – жеке өмір сүретіні анық, бірақ олар бірігіп қана сөз жасай алады. Екінші сөзбен айтқанда, дыбыссыз сөз болмайтындығы сияқты, грамматикалық жақтан тұлғаланбаған сөздер болмайды. Сөз болуы үшін дыбыстық,грамматикалық формалардың болуы жеткіліксіз. Жоғарыда аты аталған белгілері сөз элементтері деп аталуы үшін сол белгілер мен бірге, лексикалық мағынасының да болуы шарт. Жалаң лексикалық мағынаның грамматикалық мағынамен байланысын, астасып жататындығын, олардың өмір сүру формасы тек дыбыстық тіл болатындығын ескеріп талдау жасайтын болсақ, онда сөз мәселесінің қаншалықты қиын, күрделі екендігін дәлелдеп жатпай-ақ көз жеткізуге болады. Тіпті сөзге көпшілік тілші ғалымдар мойындаған ғылыми анықтаманың да берілмегендігін айтудың бұл мәселенің қаншалықты қиын екендігін көрсетеді.
Көптеген оқулықтарда «Сөз мағына мен дыбыстардың бірлігі» деген анықтама берілген. Ой елегінен өткізе зерделесе, шындығында сөздің құрамында мағына мен дыбыстың болатыны даусыз. Дыбысталусыз сөз болмайтын сияқты, мағынасыз да сөз болмайды. Бірақ бұл анықтама сөздердъің барлық қасиеттерін анықтап бере алмайды, өйткені бір сөздің мағынасы тіл-тілдерде әртүрлі сөз арқылы беріледі. Сондай-ақ бұл анықтама сөздердің көп мағыналы қасиеттімен синоним, антоним сияқты тілдік құбылыстардың басын ашып бере алмайды. І. Кеңесбаев «Сөз – дыбыстар мен мағынаның тұтастығы, ақиқат заттың, құбылыстың жиынтық белгісі», - деп, сөз
дің мағынасын күрделендірген.
1979 жылы жарық көрген Ә.
Тіл – тілдердегі сөздердің табиғаты мен түрлі қасиеттерінің өзара сәйкес келе бермейтіндігі кей ғалымдарымыздың жалпы сөзге тиянақты анықтама бежруге болмайды деген қорытындыға келуіне себепші болған. Мысалы, М.Н. Петерсон: «Сөздерге қанағаттанарлық анықтама жоқ, оны біреудің өзі де екі талай: сөз логикалық анықтама беріп болмайтын түсінік, сондықтан оны тек сипаттап не белгілерін көрсету мен ғана шектелгені дұрыс», - деген болатын. Осы пікірге жақын Л.В. Шербада да бар: «Шындығында, сөз деген не? меніңше, бұл түрлі тілдерде түрліше болады. Бұдан жалпы, сөз деген түсінік жоқ деген туады мен сөз туралы көптен бері ойлап жүрсемде, бұл проблеманы шешуді өз алдыма мақсат ете алмаймын», - дегенді айтады.
Мұнан сөзге тіпті анықтама беруге болмайды деген түсінік тумаса керек. Біз жоғарыдағы пікірлерді сөздің аса күрделі құбылыс екенін дәлелдеу үшін келтіртік. Біздің ойымызша, профессор М.Оразовтың «Сөз теориясы» деген еңбегінде «Сөз дегеніміз мағыны мен дыбысталудың тарихи әлеуметтік шартты байланысы», - деп берген анықтамасы сөздің аса күрделі қасиеттеріне жан-жақты талдау жасап берілген анықтама деп білеміз.
Олай дейтін себебіміз: тілдің негізгі қызметі адамдардың қатынас құралы болу екендігі анық. Сондықтан да тілдің белгілі бір адамзат қоғамына танылған сөздік құрамы мен грамматикалық құрылымы да болуы керек. Бұлардың барлығы да дыбыстар арқылы өмір сүреді, сол себепті дүниедегі тілдердің барлығыда тіл дегенге ешкім дау айтпаса керек. Бірақ мағынасыз дыбыстардың жалаң сөздері қатынас құралы қызметін атқара алмайды. Осы негізінде жүйелі дыбысталудың барлығыда сөз бола бермейтіндігі анық. Қатынас құралы болатын тілдің негізгі қызметі – адамдардың пікір алысуы. Бұл процесс сөз адамдарға тәуелді болмаған табиғи құбылыстар мен объективті дүниедегі түрлі жағдайлармен байланысты болады. Демек ғалымның (М.Оразов) сөзге берілген анықтамасы көңілге қонымды.
Жоғарыда аталған пікірлерден өз мақсатымызға ой қорытындысын шығаруға болады.
Жас балаға тіл үйреткенде дайын сөздерді мағына мен дыбыстар бірлігін үйретеміз де, оған біртіндеп мағынаны ажыратуды көрсетеміз.Екінші сөзбен айтқанда, тіл не жаңа сөз үйренгенде әр адам жаңа тіл не жаңа сөз жұмсайды, ертеден келе жатқан ата-бабадан мұра болып берілетін даяр форманы қабылдайды, біртіндеп оны үйренеді. Тіл үйренгенде үйренуші бала сөздің жеке фонемалық көтерілгенде ғана сөздің тұлғасына, байланысу тәсіліне, сөздердің сөйлемдегі орын тәртібіне, тағы басқаларына көңіл аударады.
«Сөз» деген ұғым мектеп жасына дейінгі балаларға үйретіле бастайды. Бала – бақшаларда аталмыш тақырыпта балаларға кез келген заттарды көрсету арқылы үйретіледі. Мысалы, мынау – орындық, анау – парта, бұл – кітап, ол – қалам тағы бақа. Осындай мысалдар келтіріп, әрбір заттың, құбылыстың аты «сөз» деп аталатындығы түсіндіріледі. Тәрбиешінің мұндағы көздеген мақсаты - әрбір сөздің жеке-жеке ұғымды білдіру, түсіндіру, әрбір заттар мен құбылыстардың атауы «сөз» деп есептелетіндігін ұғындыру.
Айналадағы заттар мен санамызға, ойлау мүшелерімізге өзінің бейнесін, сәулесін түсіріп, ұғымпайда етеді. Ұғым арқылы танылған зат пен құбылыстарға шартты түрде атау беріледі. Ол атау жеке сөз, сөз тіркестері арқылы жасалады. Сөз мағына арқылы ақиқатты бейнелейді. Мағына болмаған жерде сөз де өмір сүре алмайды. Сөз бір тектес зат пен құбылыстардың жеке атауын білдірумен бірге, олардың жалпылауыш атын да танытады.