Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2015 в 11:55, курсовая работа
Дарындылық көптеген балалар үшін, ата-ана мен мұғалімдер үшін әлі де жұмбақ күйінде қалып отыр. Қалың көпшілік қауым үшін маңызды проблема болып, ең алдымен оның шынайы байқаулары, анықталу тәсілдері, дамуы мен әлеуметтік жүзеге асуы табылады. Дарынды балалар жөніндегі бүгінгі қамқорлық - бұл ертеңгі ғылым, мәдениет пен әлеуметтік өмірдің дамуы туралы қамқорлық.
Кіріспе 3
1 Дарынды балалармен жұмыс жүргізу әдістемесінің теориялық негізі 5
1.1 Дарындылық және дарынды балаларға жалпы түсінік
1.2 Дарынды балалармен жұмыс жүргізу ерекшеліктері 18
2 Дарынды балалармен жұмыс жүргізу әдістемесінің практикалық негізі
25
2.1 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарын зерттеуді ұйымдастыру және оның әдістемелері
20
2.2 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарын зерттеу әдістемелерінің қорытындылары
22
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі 29
Потенциалды дарындылық - бұл қандай да бір іс-әрекет түрінде жоғары жетістікке жету үшін, белгілі психикалық алғышарттары потенциалды болатын баланың психологиялық ерекшелігі. Бірақ бала, бұл мүмкіндіктерді тап осы уақытта қызметтік жетіспеушілікке сәйкес орындай алмайды. Бұл потенциалды мүмкіндіктің дамуы қолайсыз себептермен бірге жүруі мүмкін (жанұялық қиын жағдаймен, квалификацияланған мұғалім - кәсіпкерлердің болмауынан тағы басқа). Потенциалды дарындылықты анықтау, кезеңмен жүргізілген диагностика бойынша орындалуы мүмкін. Өйткені әрі қарай дамуы туралы, тек кейбір белгілер бойынша айтуға болатын, әлі қалыптасып болмаған қабілеттіліктер туралы сөз болып отыр.
Дарындылықтың бұл турлері, бұған дейін айтылып кетілген іс-әрекет түрлерімен сәйкес жүреді. Шығармашылық дарындылығына байланысты дарындылықтың белгілі түрінің креативтілігін бөлуде ғалымдар пікірінде айырмашылық байқалады.
Бір ғалымдар берілген феномен туралы арнайы айтпай-ақ қоюға болады, өйткені стандартсыз ойлауы бар, жиі басқаларға ұқсас емес дүниеге ерекше көзқарасы бар балалар да кездеседі, - деп санайды. Шығармашылық дарындылығында көптеген түрлі варианттар болады: кез-келген іс-әрекетте сирек кездесетін шығармашылық қабілеттіліктерді көрсететін оқушылар бар, сонымен қатар мұндай стандартсыз емес елес, жеткілікті түрде тек бір ғана сферада анық көрінеді.
Үшінші критерий - дарындылықтың көрініс беру формасы бойынша, айқын және жасырынды дарындылықты бөледі». Дарындылықтың бұл түрлерінің мәні көбінесе осыған дейін қарастырылған дарындылықтың түрлеріне ұқсас. Айқын дарындылық - бала іс-әрекетінде қолайсыз жағдайлар болса да, жеткілікті түрде ашық немесе айқын түрде көрінеді. Мұғалімге немесе кәсіпкерге баладан осы дарындылықты айқындау және олармен әрі қарай жұмыс жасау бағдарламасын дұрыс белгілеу оңайға түседі.
Жасырынды дарындылық іс-әрекетте аздап білдірілген формада көрінеді. Сондықтан да дарындылықты балалардан анықтау және олармен жұмыс жасауда қателер кетуі мүмкін. Осымен қатар, мұндай «перспективасы жоқ балалар» уақыты келе жоғары нәтижелерге жетуі мүмкін. Мүндай қателер келтірмеу үшін, балаларға әдістемелерді кешендік-кезеңді қолданумен диагностика жүргізу қажет.
Төртінші критерий - дарындылықтың әр түрі іс-әрекет көрініс берудің ауқымдылығы бойынша, жалпы немесе ақыл-ой дарындылығы және арнайы дарындылықты бөледі. Жалпы дарындылық - іс-әрекеттің әр түрлері мен формаларында жалпы кезеңдер болуына байланысты. Ақыл-ой қабілеті кез-келген істі табысты орындау үшін қажет.
Арнайы дарындылықтың арнайы психикалық қасиеттері ашылатын, белгілі іс-әрекет түрлерімен байланысты (техникалық, музыкалық, сурет өнерінің, әдеби-ақындық дарындылық т.б.).
Бесінші критерий - «дамудың жас ерекшелігі» бойынша ерте және кешеуілдеген дарындылықты бөлуге болады. Өмірлік практикада дарындылықтың ерте көрінуі байқалып жүр. Бұл - психикалық даму жылдамдығымен байланысты. Ерте дарындылық мысалы ретінде «вундеркиндтер» («таңқаларлық бала» мағынасында) деп аталатын балалар бола алады. Мектепке дейінгі немесе мектеп жасындағы оқушылар болып табылатын вундеркиндтер, қандай да бір іс-әрекет түрінде тамаша табыстарға жетеді (музыкада, суретте, ән айтуда т.б.). Мұндай балалар кейде өте жақсы ақыл-ой қабілеттіліктерін көрініс етеді (ерте әріп танып, оқу, хат, санау т.б.). Атақты музыканттардың өмірбаяндары дәлелдейтіндей, дарындылық музыкада ерте көрінеді. Ал одан кешқұрым, сурет өнерінде көрінеді. Ал математикалық қабілеттілік ерте біліне бастайды. Ғылым жетістігінде мәнді нәтижелерге жету, әдетте кешқұрым өтеді, ол қандай да жаңалық үшін терең және ауқымды біліммен қамтамасыз етілу керектімен байланысты. Осы келтірілген дарындылық сыныпификациясымен қатар, әдебиеттерде басқа да көзқарастар кездесуде. Шетел ғалымдары дарындылықтың келесі түрлерін бөледі:
• интеллектуалды, оның түрі - академиялық
• көркемдік, шығармашылық (креативтілік)
• модерлік немесе әлеуметтік психомоторлы немесе спорттық.
Басқа ғалымдар шығармашылықты еңбектің өз бетінше түрі етіп бөлудің қажеті жоқ, - дейді. Шығармашылықты дарындылық - бұл тек жоғары деңгейлік емес, сонымен қатар оның өзгеруі мен дамуының ерекшелігі. Іс-әрекет әрдайым жеке орындалынады. Оның мақсаты мен мотивтері іс-әрекеттің жүруіне әсер етеді. Дарындылық жоғары деңгейдегі қабілеттілік кешенінің барын, сонымен қатар баланың мотивациясын, оның іспен айналысудағы қызығушылығын да болжайды. Адам өз жүмысын шын ниетпен орындаса, ол сол іс-әрекет процесінде туылатын жаңа ой-пікірлерді іске асырады. Іс-әрекеттің бала инициативасы бойынша дамуының өзі шығармашылық. Мүндай теориялық түсініктің практикалық маңызды мәні бар, өйткені дарынды балалармен жүмыс жасауда іс-әрекеттің ішкі мотивациясын қалыптастыру, жеке түлға бағыттылығы мен бағалық жүйесі үшін жағдай құру қажет. Бұл жеке тұлғаның рухани қалыптасуына негіз болады.
Шығармашылықта психикалық процестер (ойлау, ес, қиял, эмоциялар т.б.), психикалық күйлер (құмарлық, зерігу, яғни уайымдау мен қылықтың бірлігі) және индивидтің жеке түлғалық қасиеттері байқалады (Н.Д-Р.евитов, А.О.Прохоров). Ғалымдардың айтуы бойынша мүндай түсінік дарындылық типологиясының әлеуметтік критерийлерінен (әлеуметтік маңызды іс-әрекет пен жетістік деңгейінің басқа түрлері бойынша), дарындылықтың психологиялық құбылыс ретінде даму деңгейі үшін психологиялық критерий жасауға әсер етеді.
• психологиялық процесс түрінде, ол кейде эпизодтық түрде пайда болады, өйткені белгілі индивидтің жеке түлғалық дамуына әсер етпейді.
• психикалық күй түрінде, бұл уайым мен жеке тұлғалық өзін-өзі сыйлау үшін ситуациялар іздеу және қалыптастыру ретінде кездеседі. Бірақ ол белгілі индивид үшін «өміріндегі жалғыз ғана мән-мағына» болып табылмайды
• жеке тұлғалық мінездеме түрінде. Бұл «өмірдің жалғыз мағынасы» болып табылатын және шығармашылық актінің кез-келген ситуацияда өмір сүру қажеттілігінде көрінетін және кез-келген іс-әрекет түрінің, әсіресе жеке тұлғаға қызығушылық туғызатын іс-әрекеттің орындалуында көрінетін, жеке тұлғалық мінездемелер ерекшелігі .
Келтірілген психологиялық ерекшеліктермен сәйкес, балаларда дарындылықтың көрініс бесеуі 3 топқа бөлінеді. Оларды шартты түрде былай деп белгілеуге болады: дарындылықтың «эпизодтық», «ситуативті», «тұрақты» топтары.
Бала дарындылығының көрсетілген типтері, оқу процесінің индивидуализациясы мен дифференциациясын жасауда, сонымен қатар үлгілі технологияларда берілген ерекшеліктер бойынша, психологиялық білім беру деңгейімен сәйкес, диагностика жүргізуге көмектеседі.
Адамның шығармашылық мүмкіндіктері өте ерте байқалады. Өте қарқынды даму кезеңі - 2-5 жас. Осы жас кезеңінде жеке адамның негізі қаланады. Қабілеттің бірінші байқалуы түрлі іс-әрекет түрлеріне еріксіз ұмтылудан байқалады. Сондықтан, шығармашылық мүмкіндіктердің алғышарттарын осы арадан іздеу керек. Ата-ана, тәрбиеші, мұғалімдердің басты міндеті - баланың осы ұмтылыстарын қолдау.
Ерте жас кезееңінде дарынды балаларды өзгелерден айыратын нәрсе себеп-салдарлы байланыстарды бақылау қабілеттілігі және соған сәйкес тиісті қорытындыларды жасау.
Дарынды балаларды ақпаратты және тәжірибеені әрі жалпылай білу қабілеттілігі ерекшелендіреді.
Және бұл балалар жинақталған білімді кең қолдана біледі. Кішкентай «вундеркиндтер» үлкен сөздік қорға бай болады, сұрақ қоя біледі. Олар үлкен ниетпен сөздіктер мен энциклопедияларды оқиды, сөдер ойлап табады, ақыл-ой қабілетін белсенді ететін ойындарды ұнатады.
Дарынды балалар зейіні бір нәрсеге аса шоғырланғыш болады әрі қызыққан іс-әрекетінің нәтижесіне жетуде өте табанды болады.
Дарынды балаларда әділеттілік сезімі өте ерте байқалып, әділеттілік сезімі өте күшті дамыған. Олар өздеріне және айналадағыларға жоғары талаптар қояды, әрі шындыққа өте тез, жылдам үн қосады, әділдік, үйлесімді, табиғатты ұнатады.
Кішкентай таланттардың айқын, ашық қиялы әлемде жоқ жануарларды тауып, оларды жолдас етеді, және фантастикалық өмірді ойдан ойластырады.
Дарынды балалар үшін аса жоғары қорқыныш тән, себебі олар түрлі қауіпті оқиғаларды қиялдап ойдан шығаурға қабілетті. Бұл балалар аса сезімтал, эмоционалды тәуелді, шыдамсыз.
Дарынды балалар үшін танымдық процестерінің озыңқы дамуы тән болады.
1. Қабылдауларының кеңдігімен ерекшелене отырып, олар айнала әлемдегі болып жатқанды тік әрі тез қабылдайды, сол немесе өзге заттың қалай құралғандығына орай аса сұқтанып көп нәрсені құмартып білгіш болады. Олар бір мезгілде бірнеше процесті бақылауға қабілетті және барлық өзгерісті белсенді түрде зерттеуге бейім.
2. Олар заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты қабылдауға қабілетті әрі соның негізінде қорытындылар жасай алады; оларға өз қиялдарында балама жүйелеер құрау ұнайды.
3. Дарынды балалардың ерекше есі тілдік дамумен ерекше жетіле отырып, ақпараттың едәуір үлкен бөлігін жинақтауға бейім. Әрі оны қарқынды қолдана біледі.
4. Дарынды балалардың сөздік қоры бай, әрі олар оны еркін әрі нақты баяндай біледі. Дегенмен, жеке қанағаттануы үшін олар жиі жағдайда өздерінің жеке сөздерін ойлап табады.
5. Бұл балалардың зейіндерінің шоғырлануы ұзаққа созылады және міндетті шешуде үлкен табандылық танытады.
Дарынды балалардың психоәлеуметтік сезімталдығы.
1. Дарынды балалар әділ шешімге жақын болады; адамгершілік дамуы озыңқы дамиды.
2. Бұл балалар өзіне, айналадағыларға жоғары талаптар қояды.
3. Дарынды балаларға шығармашылық, ойлап тапқыштық, бай қиял мен фантазия тән.
4. Бұл балалар әзіл сезімге өте бай, қалжыңдарды ұнатады.
5. Дарынды балаларға эмоционалды баланс жетіспейді, себебі ерте жас кезеңінде олар өте-мөте шыдамсыз әрі шайпау болады.
6. Кейде оларға аса қорқыныш және жоғары сезімталдық тән.
7. Бұл кезеңде эгоцентризм де байқалады.
8. Кей жағдайларда дарынды балаларда жағымсыз өзін-өзі қабылдау, құрбылармен қарым-қатынаста қиындықтар пайда болып тұрады.
Дарынды балалардың тағы да кейбір сипаттамалары.
1. Дарынды балаларды жоғары энергетикалық деңгей ажыратады, әрі олар әдеттегідей аз уақыт ұйықтайды.
2. Олардың қол бұлшық еттерінің координациясы және қолдарын меңгеруі жиі жағдайда танымдық қабілеттерінен артта, яғни кеш дамиды.
Талай және дарындылық түрлі интеллектуалды және жеке ерекшеліктерде байқалуы мүмкін.
Н.Б. Шумакованың зерттеулері балалардың жаңа объектімен танысқан кезеңдегі пайда болатын қабілеттердің дамуында екі кезеңнің пайда болуын көрсетеді.
Осы мектепке дейінгі жас кезеңіндегі ең бір маңызды проблема - дарынды балаларды анықтау. Біріншіден, жанұяда дарынды балалар өз дамуларының бастапқы кезеңінде көпшілік арқылы түсінбейтін болады да, жиі жағдайда ата-аналардың өз балаларының белсенді танымдық қабілеттеріне жағымсыз реакция танытуы байқалады.
Екіншіден, белсенді шығармашылық қабілеттер балаларда аса жоғары жүйке – психикалық қозғыштықпен қатар жүзеге асады, әрі бұл шыдамсыздықта, тәбеттің бұзылуында бас ауруы, ұйқының бұзылуымен бірге байқалады. Дер кезінде көрсетілмеген медициналық психологиялық түзету шаралары невроздың пайда болуына және бірқатар психосоматикалық аурулардың пайда болуына әкеліп соғады.
Үшіншіден, дарынды балалар мектеп ұжымына түсе отырып, айналадағы құрбыларының орташа қабілеттілігін көріп, өздерін қолайсыз сезінеді. Нәтижесінде дарынды балалар өздерін ерекшелеп көрсетпеуге, «ақ қарға» болмауға тырысып бағады.
П. Торренс зерттеулері мынаны көрсетеді: дарынды балалар ақыл-ой дамудың бастапқы деңгейлерін тез бастан өткереді де, түрлі жүйкеге ауырлық тудыратын жұмыстарға қарсылық танытады.
Жиі жағдайда шығармашылық ойладың ерекше оригиналдығы айналадғылардың түсінбестігіне әкеліп соғады, әрі олардың бұл әрекетін өзгелер «ауытқу» деп түсінуі мүмкін. Дарынды балалар мектептегі 2/3 уақыт бөлігін құр босқа «интеллектуалды қарсылық» көрсете отырып өткізеді. Дарынды балалар өз құрбыларына қарағанда әлеуметтік бейімделудің бастапқы деңгейлерін тезірек, жылдамырақ өткереді.
Қазіргі таңда дарынды балалармен жұмыс істеудің арнайы бағдарламалары құрылып жасалуда, көптеген елдерде даралап, саралап оқытуға көшуде. Арнаулы кешендік - оқу бағдарламалары құрылуда, мұның шеңберінде балалар әдеттегі бағдарламаға қарағанда өздерін еркінірек ұстайтын болады.
1.2 Дарынды балалармен жұмыс жүргізу ерекшеліктері
ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты көтермейді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат – ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек.
Баланың белгілі бір іс -әрекетке белсенділігі жас кезінен байқалады. «Дарындылық» термині «дарын» сөзінен шыққан, адамның ерекше қолайлы ішкі алғы шарты дегенді білдіреді. Дарындылық білім беру, тәрбиелеу жұмысының әсерінен ғана емес, балалардың өз қүштерін жүзеге асыру кезінде ғана дамиды.
Информация о работе Дарынды балалармен жұмыс жүргізу әдістемесінің практикалық негізі