Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2015 в 11:55, курсовая работа
Дарындылық көптеген балалар үшін, ата-ана мен мұғалімдер үшін әлі де жұмбақ күйінде қалып отыр. Қалың көпшілік қауым үшін маңызды проблема болып, ең алдымен оның шынайы байқаулары, анықталу тәсілдері, дамуы мен әлеуметтік жүзеге асуы табылады. Дарынды балалар жөніндегі бүгінгі қамқорлық - бұл ертеңгі ғылым, мәдениет пен әлеуметтік өмірдің дамуы туралы қамқорлық.
Кіріспе 3
1 Дарынды балалармен жұмыс жүргізу әдістемесінің теориялық негізі 5
1.1 Дарындылық және дарынды балаларға жалпы түсінік
1.2 Дарынды балалармен жұмыс жүргізу ерекшеліктері 18
2 Дарынды балалармен жұмыс жүргізу әдістемесінің практикалық негізі
25
2.1 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарын зерттеуді ұйымдастыру және оның әдістемелері
20
2.2 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарын зерттеу әдістемелерінің қорытындылары
22
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі 29
Мұғалім ретінде оқу мен тәрбие саласындағы аса маңызды міндет – талабы таудай дарынды жеке тұлғаны іздеп тауып, оны жетілдіріп шығару. Ал мақсаты – тәрбие мен білім халықтық бола отырып, ұлттық дәстүрді ұстаушы, дені сау, адамгершілігі мол, қабілеті дамыған, жан-жақты, саяси сауатты, өресі биік азаматтарды тәрбиелеу.
Дарынды балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының жоғарлығымен, қоршаған ортасына деген құштарлығының басымдылығымен түсіндіріледі.
Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты
1.Баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту.
2.Пәнге терең қызығушылығын арттыру.
3.Оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру.
4.Оқушының белсенділігін
арттыру мақсатында даму
5.Жалпы білім – білік дағдыларын дамыта оқыту.
6.Білімнің бағасын арттыру.
Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстың міндеті
1.Оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру.
2. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, жан-жақты дамуына жеке адамдық ерекше көңіл бөлу.
3. Оқушыны қоршаған ортаны аялауға, ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жоспары
1. Дарынды баланы іздеп табу және іріктеу.
2. Тереңдетілген бағдарлама бойынша оқыту.
3. Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу.
4. Проблемалық оқыту әдістерін
пайдалана отырып оқыту. Ізденіс
жұмыстарын (реферат, баяндама, сөзжұмбақ,
ребус, шығарма, өлең шығару т.б),
өз бетінше ізденіп оқуды
5.Мектепішілік және аудандық, пәндік олимпиадаларға, конкурс- сайыстарға қатыстыру.
6. Жаңа педагогикалық
технологияларды пайдалана
Оқу – тәрбие жұмысында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың түрлері
1. Оқушыларды мұражайға апару
2. Өнер қайраткерлерімен, ақын – жазушылармен кездесу өткізу.
3. Түрлі тақырыптарда
әңгіме, пікірталас, кездесу өткізіп,
алған әсерлері бойынша
4. Ақпараттық құралдар жаңалықтармен таныс болу.
5. Ғылым мен техниканың озық үлгілерін пайдалану.
6. Күрделі тапсырмаларды орындау.
Осындай жұмыстардың үнемі жүргізілуі оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашуға, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Біреуі сурет салуға әуестенсе, екіншісі спортты, үшіншісі ән – күйді т.б. өнер салаларын таңдайды. Мұндай жағдайда тәртібі нашар балалардың да жақсы қасиеттерін танып, оларды сынып ұжымымен байланыстыру да ұстаздың біліктілігінде.
Баланың шығармашылық дарындылығының нәтижесінде мына ситапттамаларды атап айтуға болады:
- зерттеу кезінде білімге
ерекше құштарлық танытатын
- ақыл – ойдың жоғарғы қажеттілігі;
- тек кешегі мен бүгінгі
ғана емес, болашақ абстрактылы
идеялар мен теорияларға
- белгілі бір іс — әрекетке, кәсіпке аса қызығушылық таныту, бір іспен шұғылдану;
- өз бетімен белгілі
бір мақсатқа жетуге
- тапсырмаларды өз бетімен ойлай және шеше білуге ұмтылу.
Дарындылыққа барар жолдың басты міндеті:
- оқушының жеке ерекшелігімен қабілетін зерттеп- зерделеу;
- шығармашылық ғылыми ізденіске өзіндік зердесінің дамуын назарда ұстау;
- оқушының өз бетінше әрекет етуіне мүмкіндік беру.
Осы міндеттерді жүзеге асырудағы оқу – тәрбие үрдісін ғылыми зерттеу негізінде жүргізіп, оқушылардың дарындылығын дамытатын арнайы жоспармен жұмыс атқару керек. Осындай қабілетті, дарынды оқушыларды таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін арттырып, ата –ана, мектеп, оқушы, ұстаз байланысын жоғары ұстап, шығармашылықпен жұмыс істеп оқушының білімге ынтасын арттыру керек.
Табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйын одан әрі дамытып, ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра білейік!
2 Дарынды балалармен жұмыс жүргізу әдістемесінің практикалық негізі
2.1 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарын зерттеуді ұйымдастыру және оның әдістемелері
Біз практика өту барысымызда дарынды балаларды анықтау және олармен жұмыс жүргізу жолдарын зерттеу мақсатында мынадай бірнеше әдістемені қолдандық.
“Равеннің прогрессивтік мартицалар” әдістемесі
Берілген әдістеме біздің зеррттеу жұмысымызда мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой қабілеттерінің даму деңгейін анықтауға қолданылған. Ол зерттелушінің зейін шоғырлануының, бейнелі ойлау қабілеттілігін, перцепциясы қандай дәрежеде дамығанын, логикалық ойлау деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. “Равеннің прогрессивті матрицалары” әдістемесі бойынша алынған зерттеу нәтижелері биік сенімділік білдіреді және олар интеллект коэфициентіне айналуы мүмкін.
Е.Е. Туниктің дарындылықты анықтау негізіндегі шығармашылық ойлауды зерттеу әдістемесі
Мақсаты: Шығармашылық ойлаудың түрлі көрсеткіштерін - сөздік-шығармашылық ойлау, көрнекі-бейнелік ойлауды бағалау, дарындылықтың негізін анықтау.
Шығармашылық ойлау бағасының көрсеткіштері:
• ой жүйріктігі (жеңілдігі, өнімділігі) - бұл шығармашылық ойлаудың жүйріктігін сипаттайды.
• ой икемділігі - тез ойлауға көшуге сипаттайды.
• ой ерекшелігі - ойдың даралығын білдіреді.
• ойдың нақтылығы - шығармашылық ойлаудың логикалылығын, бірдйлігін, дұрыс шешімге келуді білдіреді.
Алынған нәтижелер сандық және сапалы талдауға, математикалық-статистикалық өңдеуге дайындалды.
“Он сөзді жаттау” әдістемесі
Әдістеме мақсаты: Он сөзді жаттау әдістемесі көмегімен естің негізгі амалдарын: есте қалдыру, есте сақтау және қайта жаңғыртуды зертетуге болады.
Бұл әдістемені А.Р. Лурия ұсынған.
Жабдықталуы: мазмұны жағынан байланысы жоқ он сөзден тұратын сөз қатары.
Сөз қатарының үлгісі:
1. Нан, бала, терезе, бал, үй, мысық, орман, су, саңырауқұлақ, орындық.
2. Түтін, ұйқы, шар, мақта, бұта, сағат, мұз, түн, еден, қалам.
3. Су, лақ, қап, ожау, қағаз, күн, қыс, гүл, терезе, өшіргіш.
Зерттеудің жүргізілу жолы: Алдымен зерттеуші сыналушылардың зертетуге қаншлықты дайын екендіктерін, көңіл-күйлерінің шамасын байқайды. Зерттеу әр баламен жеке жүргізіледі. Сыналушылардың алдағы орындайтын жұмысы келесі нұсқау көмегімен түсіндіріледі:
“Мен қазір, сіздерге он сөз оқимын, мұқият тыңдаңыздар! Мен оқып болған соң, естеріңізде қалған сөздерді кез-келген ретпен қайталаңыздар”.
2.2 Мектеп жасына
дейінгі дарынды балаларды оқыту
және тәрбиелеу бағыттарын
“Равеннің прогрессивтік матрицалар” әдістемесінің қорытындысы
ЕРЖАН А.
Зерттеу мәліметтерін талдағанда, зерттелушінің зейіні, кеңістіктік қиялы, бейнені қабылдауы т.б. жақсы дамыған деп айтуға болады, өйткені, жоғары нәтижелер алынды (52 ұпай). Ержан ең күрделі Е сериясында қателер жіберді. Бұл серияның шешімінде фигураларды элементтерге бөлшектеу заңдылықтарын орнату керек еді.
Зерттелушіде вербальды емес интеллекті, ұқсастықтарды, заңдылықтарды орнату қабілеттілігі дамыған. Зейінін шоғырландыра алады, талдау және жүйелеу қабілеттіліктері бар. Ойлау тәсілдері (операциялары) жақсы дамыған.
ТЕМІРТАС А.
Қиындықтарды көбейту әдістемесі бойынша жоғары нәтижелер алынды (55 ұпай). Сондай маңызды емес қателер жіберілді. Зерттелушінің салыстыру және негізін бөліп алу, өрнекті қайта құру қабілеттіліктері жақсы дамыған. Ойлау ептілігі тез, бейнені түйсіктеу және кеңістіктік елестету қабілетіліктері бар. Ақыл-ой білімділік деңгейі жоғары. Зейін тұрақтылылығын, шыдамдылығын, еңбекке қабілеттілігін, ойлау жылдамдығын дамыту қажет.
ДАНИЯ Ә.
Зерттеу нәтижелері (55 ұпай) зеттелушінің логикалық ойлау мүмкіндіктері жоғары екенін көрсетеді. Ол, жеңіл тапсырмаларға қате жауап берді, шамасы, бұл тапсырмаларды орындау кезінде зейінсіз болғандығынан шығар, өйткені күрделі және қиын тапсырмаларға дұрыс жауап берді. Сонымен бірге Данияның жоғары математикалық қабілеттіліктері, қиялы мен түйсігі бар деп айтуға болады.
Зейінің тұрақтылығын, еңбек қабілеттілігін дамыту керек.
РЫМГҮЛ Ж.
Қиындықтарды көбейтуші әдістемесі бойынша жоғары нәтижелер алынды (52 ұпай). Жанар А (А10), Б (Б12) және С (С12), серияларында қате жауаптар берді, бірақ күрделі Д сериясында бір да бір қате жіберген жоқ. Мүмкін, ол тапсырмаларды орындаған кезде жеткілікті зейін қоймады, сондықтан оған логикалық талдау жасау қиын түседі деп айтуға болмайды. Салыстыру және негізін жекелеу қабілеттіліктері жақсы дамыған.
Зерттелушінің зейін тұрақтылығын, ойлау шапшаңдығын дамыту керек.
ТИМУР Ж.
Вербальды емес интеллект дамуы орта деңгейде (48 ұпай), өйткені, латын алфавитінің А-дан Е-ға дейін әріптерімен белгіліненетің, әдістеме есептердің 5 сериясынан тұрады және есептердің күрделілік дәрежесі А сериясынан Е сериясына қарай және әр серияда бірінші тапсырмадан бастап соңғы тапсырмаға және Е сериясының бірінші 4 тапсырмасын ғана дұрыс игерді. Сондықтан, ол күрделі логикалық тапсырмаларды игермейді деп айтуға болады, өйткені, бейнені түйсіктену, логикалық талдау қабілеттіліктерінің дамуы жеткіліксіз.
МАШҮР З.
Жоғары нәтижелер алынды (51 ұпай). Машүр ең күрделі Е сериясында қателер жіберді, оның 12-ден 7 есебін шығарды. Бұл серияда фигураларды элементтерге бөлшектену заңдылықтарын орнатуы логикалық принципі болып табылады. Қурамалауға жақсы қабілеттілігін, ойлау шапшаңдығын және ойлау аумалылығын байқауға болады. Зейін шоғырландыру қабілеттілігі жақсы. Логикалық анализ жасау, кеңістіктік түйсіктену қабілеттіліктері бар. Конструктивтік практикалық қабілеттілігін, көрнекі әсерлі ойлау қабілетін, кеңістік бейнелермен тек операциялар жасау ғана емес және олардың ара қатынастарын жалпылау икемділігін, ақыл-ой біліктілігін жоғарлату қажет.
АЙНҰР М.
Жоғары нәтижелер алынды (55 ұпай). Шағын қателер жіберілді. Зертеллушінің құрамалау, негізін бөліп алу, орнекті қайта құру қабілеттіліктері жақсы дамыған. Ойлау шапшаңдығы жақсы, бейнені түйсіктеу, кеңістіктік қиялдау қабілеттіліліктері бар. Ақыл-ой білімділігі жоғары деңгейде. Байқағыштығын, шыдамдылығын, еңбекке қабілеттілігін дамыту қажет.
АЙЖАН Н.
Қиындықтарды көбейту әдістемесі бойынша алынған зерттеу нәтижелері зерттелуші А және В сериясындағы тапсырмалардың бәрін игергенін көрсетті, яғни “матрицаның” айналасындағы элементтерді бөліп алу және сол элементтер арасындағы байланысты анықтау, сонымен қатар жұп фигуралардың ара ұқсастығын орнату қабілеттіліктері жақсы дамыған.
Бейненің прогрессивті өзгеруінің беталыстарын орнатуды қажет ететін тапсырмалары бар сериясында төмен нәтижелер алынды. Заңдылықтарды анықтауда, сонымен қатар, фигураларды элементтерге бөлшектеу заңдылықтарын орнатуды ұйғаратын, ең күрделі Е сериясының есептерін шешуде, Әлия 12-нің әр сериясынан 6 ұпайдан жинап алды. Әдістеме, А сериясынан бастап Е сериясына қарай есептердің күрделілік дәрежесінің өсімін жорамалдайтын болса, ендеше Әлиә жеңіл тапсырмаларды ойдағыдай меңгеріп алады, ал күрделенген сайын, олардың шешуінде, нәтижелілігін төмендетіп көрсететін, қиындықтар пайда болады,- деп айтуға болады.
Сонымен, зерттелушінің, күрделі тапсырмалардан бұрын, оңай тапсырмаларды талдауға қабілеттіліктері бар деп айтуға болады. Кеңістіктік қиялды, зейін тұрақтылығын дамыту қажет, логикалық есептер, ребустер шешу керек.
САЛТАНАТ Р.
Салтанат жақсы нәтижелер алды (51 ұпай). Ол, басқа тапсырмаларға қарағанда, сондай қиын емес тапсырмаларға қате жауап берді, ал күрделі тапсырмаларды дұрыс орындады. Сондықтан, Салтанат тапсырмаларды орындаған кезде зейінсіз болды, жиі алаңдады деп айғақтауға болады. Д сериясында – 2 қате жауап және Е сериясында – 5 қате жауап берді, бұл тапсырмаларда фигуралды ауыстыру заңдылықтарын және фигураларды элементтерге бөлшектеу заңдылықтарын орнату керек еді, өйткені бұл ойлау операцияларының ең күрделі түрлерінің көру кеңістік қиял, түйсік комбинациясындағы талаптары болады. Зертеллушінің өрнектің үздіксіздігін қайта құру қабілеттілігі, жұп фигуралардың ара ұқсастығын, фигураларды ауыстыру заңдылықтарын анықтау қабілеттіліктері жақсы дамыған.
Салтанатқа ілтипатты және логикалық тапсырмаларды шешуде жүйелі болу керек.
МАНСҰР С.
Алынған нәтижелер Маңсұрдың ойлау шапшаңдығын, құрау қабілеттіліктерін, негізін бөліп алу, фигуралар арасындағы заңдылықтарды орнату қабілеттіліктері жақсы дамығанын білдіреді. Логикалық ойлау қабілеті жоғары деңгейде, зейін шоғырландыруы жақсы. Зерттелушінің кеңістік қиялы, конструктивті практикалық қабілеттіліктері, көрнекі әсерлі ойлауы өте жақсы дамыған. Мансұрға ақыл жылдамдығын дамыту, өздігінен білім алумен айналысу, жалпы ақыл-ой біліктілігін жоғарлату қажет. Жоғары нәтижелер алынды –52 ұпай.
Информация о работе Дарынды балалармен жұмыс жүргізу әдістемесінің практикалық негізі