Дарынды балалармен жұмыс жүргізу әдістемесінің практикалық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2015 в 11:55, курсовая работа

Описание работы

Дарындылық көптеген балалар үшін, ата-ана мен мұғалімдер үшін әлі де жұмбақ күйінде қалып отыр. Қалың көпшілік қауым үшін маңызды проблема болып, ең алдымен оның шынайы байқаулары, анықталу тәсілдері, дамуы мен әлеуметтік жүзеге асуы табылады. Дарынды балалар жөніндегі бүгінгі қамқорлық - бұл ертеңгі ғылым, мәдениет пен әлеуметтік өмірдің дамуы туралы қамқорлық.

Содержание работы

Кіріспе 3
1 Дарынды балалармен жұмыс жүргізу әдістемесінің теориялық негізі 5
1.1 Дарындылық және дарынды балаларға жалпы түсінік
1.2 Дарынды балалармен жұмыс жүргізу ерекшеліктері 18
2 Дарынды балалармен жұмыс жүргізу әдістемесінің практикалық негізі
25
2.1 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарын зерттеуді ұйымдастыру және оның әдістемелері
20
2.2 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарын зерттеу әдістемелерінің қорытындылары
22
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі 29

Файлы: 1 файл

Дарынды балалармен жұмыс жүргізу әдістемесі.docx

— 79.33 Кб (Скачать файл)

 

ГҮЛЖАН Т.

Зерттеу нәтижелері Гүлжанның логикалық ойлау деңгейі орта екенін білдіреді (47 ұпай). Ода құрамалау, өрнектің үзділіксіздігін қайта құруі ұқсастықтарын орнату және жалпылау қабілеттіліктері бар. Сонымен қатар, бейнені түйсіктеу, кеңістіктік қиялдау қабілеттіліктері жақсы дамыған. Ойлау оңтайлылығын, есептеу қабілеттіліктерін дамыту қажет. Тапсырмаларды шешу кезінде зейінді және ұқыпты болу керек.

 

ЖАСЫБАЙ Ш.

Вербальды интеллекті орта деңгейде (45 ұпай). Сериялар күрделенген сайын, сонымен қатар тапсырмалар да қиындай түскен сайын қателер көп жібереді. Тапсырмаларды орындау кезінде  зейінсіз болды, көп алаңдады.

Зейін шоғырландыру қабілеттілігі  нашар. Бірақ, ойлау операциялары жақсы  дамыған, логикалық талдауды, негізін бөліп алуды жасай алады, заңдылықтарды орната алады. Сонымен, Жасыбайға ақыл-ой білімділігін жоғарлату, еңбекке қабілеттілігін, зейін тұрақтылығын, шыдамдылығын дамыту  қажет.

Е.Е. Туниктің дарындылықты анықтау негізіндегі  шығармашылық ойлауды зерттеу әдістемесінің қорытындысы

Зерттеу зорлық-зомбылықсыз,  ішкі қалау ниеті жағдайында өтті.  Көптеген балалар өте үлкен ниетпен жауап берді.

1-ші  субтест.  Газетті  қолдану.  (вербалды сала).

Бұл тест бойынша кейбір балалар қиналды.  Жиі кездесетін жауатар мынандай болды:  «шапка,  ұшақ жасау,  газетті жамылу,  астыға төсеу,  оған бірнәрсе орау тағы басқа ерекше болған жауаптар:  «палатка етіп,  ойынға  қолдану және газет коллекциялау пакеттерді жапсыруда қолдану».

Өте көп ұпайлар санын  Марат  (35),  Гүлнәр  (33)  жинады.

2-ші субтест.  Қорытынды.

Бұл тестке де көп балалар қиналды орташа алғанда 3 минут ішінде 3 жауап берілді.  0-ден 5 жауапқа дейін берді.  75 жауап берілді.

Жиі кездесетін жауаптар: «адамдар мен аңдар бір-бірін  түсініп,  әңгімелесетін болады.  Бір-біріне қонаққа барып,  көмектесетін болады».

Ал ерекше деп танылған жауаптар:  «Аңдар олимпиадаларға қатысатын болады,  ғылымды алға жылжытатын болады,  теледидар құрайды,  адамдармен бірге оқып  -  өмір сүретін болады».

Жоғары нәтижені Алмас  пен Ринат көрсетті.

3-ші субтест.  Бейнелеу.  (бейнелік сала).

Балалар түрлі өз қалауы бойынша суреттерді салуы тиіс болады.  Көптеген балалар адам,  клоуы,  үй суреттерін салды.

Ал ерекше суреттер еркін  тақырыпта болды.  Олар:  түнгі  теңіз,  шаршаған өзге планеталық адам,  бассейндегі қайық,  жемістері  бар тәрелке.

4-ші субтест.  Жасырылған  форма.

Мұнда балаларға заттар жасырылып  сипатталады.  Олар сол зат сипатына орай жауап беруге тырысады.  Жиі берілген жауаптар:  шелек,  адам,  күн,  тышқан.

Ерекше сирек жауаптар:  тиын  (ақша),  көйлек,  стақандағы шыбын,  молекула,  су перісі,  шанышқы.

Алынған зерттеу нәтижелері арқылы балалардың шығармашылық ойлау  табиғатын зерттеуге,  әрі педагог-психологтар  өз қызметтерінде қолдануға,  ерекше дарынды,  талантты адамдарды іріктеуде  кеңінен  пайдалануға болады.

Екі аса ерекше дарынды  балалардың интеллект құрылымын  зерттеу үшін Р. Амтхауердің тестісі  қолданылды.  Бұл тест кәдімгі  топтық интеллектуалды тест болып табылады.  Тест тапсырмалары вербалды және сандық материал әрі бейнелерден тұрады.

 

“Он сөзді жаттау”  әдістемесінің қорытындысы

Зерттеуші сөздерді анық,  жәй оқиды. Әр сөзді айтылғаннан кейін қайта жаңғырту ретін және дәлдігін санмен немесе крестикпен белгілейді.  Ал,  кейде айтылатын сыналушының артық сөздері де хаттамаға тіркеліп отырады.  Дамытушы экспериментке дейін 3 сөзді қайта жаңғыртып есте сақтаған,  ал дамытатын эксперименттен кейін қайталап жаттаған сөздерінің саны 5-ті құрайды яғни,  есте сақтауы жоғарылаған. Дамытатын экспериментке дейін қайта жаңғырған сөздердің саны 5-ке тең,  ал дамытатын эксперименттен кейін қайталаған сөздерінің саны 7-ге тең,  яғни есте сақтаудың жоғарылағандығын білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Ғалымдар дарындылық ұғымын қаншалықты зерттесе де,  осы күнге дейін  оның тұрақты анықтамасы жоқ.  Дарындылықтың  пайда болу туралы көзқарастар да әр түрлі екенін анықтадық.

Бүгінгі күнде дарындылық мәселесі түбегейлі шешілмеген,  және дағдарысы  мен дарындылық табыстылығы арасында қарама-қайшылық бар.  Дарныдылық нәресте  шақтан пайда болады,  ол үнемі  дамытуы қажет етеді.

Арнайы ұйымдастырылған оқыту процесінің өзі оқытушы мен дарынды оқушының арасындағы түрі жағынан бірлескен-диалогтық,  ал мазмұны жағынан танымдық іс-әрекеттерді жүзеге асыруға болады.  Осыған байланысты дарынды баланың жеке тұлғалық дамуы жүреді.

Жүргізілген зерттеу  нәтижелерін және берілген курстық  жұмыстың теориялық бөлігін талдай келіп, келесі қорытындылар жасауға  болады:

1. Жалпы интеллектуалды  қабілеттіліктердің диагностика  проблемасының құрылысына теориялық  талдауы дарындылық көрсеткіші  ретінде мынаны айқындады:

а) психологияда, адамның  дамуында биологиялық-генетикалық (туынды, тума) деректер басымдылығын тұжырымдайтын, биологизаторлық ағым белгілі  бір  орын алады;

ә) қоғамның негізгі интеллектуалды мүмкіндігін құрайтын нақты дарынды балалардың тобы шектелген азсандығымен ерекшеленеді;

б) дербес өзгешеліктерін, даралығын және дарындылығын ескере отырып, дарынды балаларды ерте жасынан  таңдап білу, оқыту және тәрбиелеу  әлеуметтік міндет болып табылады.

2. Ақыл-ой қабілеттіліктерін  және дарындылығын айқындайтын  әдістемелік тәсілдерді зерттеу  мынаны көрсетті:

а) таңырқаларлық қабілеттеріне  ие болатын балаларды таңдап білу көп аспектілі мәселе болып та табылады;

ә) психодиагностиканың әр түрлі әдістемелері дарындылықтың сандық немесе сапалық сипатын айқындауға мүмкіндік береді (дарындылық түрін, даму деңгейін т.б.).

б) баланың дамып жатқан, әлеуметтік жағдайларын тіркеу үшін,   дарындылықты анықтайтын халықтың әр түрлі топтарының өкілдері, бейберекетті және аз қамтамасыз етілген жанұядағы балалар, әр түрлі кемшіліктері бар балалар үшін дифференциалдық әдістемелер құрастырылған.

3. Мектеп жасына дейінгі  балалардың ақыл-ой қабілеттіліктерін  анықтайтын дигностикалық әдістемелер  кешенін құрастыру және тандап  алу барысында жетістіктер және  интеллект тесттері апробацияланды  және қолдаланылды:

а)  “Равеннің прогрессивті матрицалар” әдістемесі;

ә) Е.Е. Туниктің дарындылықты анықтау негізіндегі шығармашылық ойлауды зерттеу әдістемесі;

б)  “Он сөзді жаттау” әдістемесі.

4. Потенциалды мүмкіндіктердің  дәрежелік және сапалық нәтижелерінің  анализы жалпы ақыл-ой, интеллектуалды  қабілеттіліктерінің деңгейлерін  анықтайды:

а)  ең жетістікті;

ә)  жетістікттіге жақын;

б) орта жетістікті.

5. Мектеп жасына дейінгі  балалардың жалпы ақыл-ой қабілеттіліктерін  анықтайтын зерттеулер психологтарға  әр баламен дара жұмыс істеуде  практикалық ұсыныстар жасауға  мүмкіндік берді;

6. Мектеп жасына дейінгі  балалардың жалпы ақыл-ой қабілеттіліктерін  анықтайтын зерттеу нәтижелерін  және психологтарға жасалған  әр кіші сынып оқушыларымен  дара жұмыс істеуге практикалық  ұсыныстарды қолданып, кіші сынып  оқушыларын дербес тәсілдермен  дифференциалды оқытуын ұйымдастыру  үшін ұстаздарға практикалық  ұсыныстар мен кеңестер жасалды.

Ұсыныстар: мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалды қабілеттіліктері және ақыл-ойының дамуы психологтың кәсіпқорлығынан, оның теориялық және практикалық хабардар болушылығынан және тұлғаның интеллекті дара даму бағдарламасын білу икемділігінен тәуелді болғандықтан, осы кеңестерді дарынды және талантты балалармен жұмыс істейтін, психологтар мен ұстаздарға ұсынамыз:

Психологтар үшін:

1. Арнайы бағдарламаларды  келісімді жасау үшін жалпы  ақыл-ой қабілеттіліктері биік  деңгейдегі балаларды ерте жастан  анықтап, білу қажет.

2. Зерттеуден алынған  нәтижелерді, сонымен бірге жас  және дербес өзгешеліктерін ескере  отырып, дара тәсілдерді қолдану  қажет.

3. Мектеп жасына дейінгі  балалар туралы, оның микроортасы  жөнінде толық хабарды болу  үшін, мектеп жасына дейінгі балалардың  ата-аналарымен ынтымақтасу қажет.  

4. Зерттеу нәтижелері  ақыл-ой дамуының динамикасын  бақылауға мүмкіндік береді.

Педагогтарға:

1. Мектеп жасына дейінгі  балалардың дербес, ақыл-ой мүмкіндіктерін  ескере отырып, озып оқуын дамыту  қажет.

2.  Мектеп жасына дейінгі  балаларды жетістікті оқыту үшін  тиімді тәсілдер қолдану қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1. Концепция выявления,  поддержки и развития одаренных детей в Республике Казахстан.  Дарын.  Информационно-методический сборник.  №3, 1999, с. 24.

2. Закон Республики Казахстан «Об обраовании»  -  Учитель  Казахстана. №21-24,  1999.

3. Матюшкин А.М.  Загадки одаренности.  -  Москва,  1993,  220с.

4. Чудновский В.Э.  Одаренность:  дар или … - Москва,  Знание,  1990,  с. 15-28.

5. Учителю об одаренных детях (пособие для учителя) под ред.  В.П. Лебедевой.  В.И. Панова – Москва,  Молодая гвардия,  1997, с. 18-26.

6. Психология одаренности детей и подростков (под.ред. Н.С. Лейтеса,  - Москва.  Издат. Центр  «Академия»,  1996,  с. 4-55.

7. Лейтес Н.С.  Об умственной одаренности.  – Москва,  1960.  С. 158-171

8. Краткий энциклопедический словарь.  Москва.  Юрид. Литер.  1997,  с. 13-17.

9. Яковлев Е.  Развитие творческой одаренности детей школьного возраста  (школьный психолог) №39,  2001,  с. 6-7.

10. Готсдиннер А.Л.  К проблеме многосторнних способностей.  Вопросы психологий.  М,  1991,  №4,  с. 82-88.

11. Лейтес Н.С.  Способности и одаренность в детском возрасте.  -  Москва,  1984.  С.3-12,  54-68.

12. Педагогика и психология одаренности школьников  (под ред.  У.Б. Жексенбаевой,  А.К. Сатовой -  Аламты,  2002,  248с.

13. Одаренные дети  (пер. с анг. // общ. Ред.  Г.В. Бурлинской и В.С. Слуцкого. – м.,  1991.  . 151-166,  166-314,  191-194.

14. Асмолов А.Г.  Личность как предмет психологического  исследования.  -  Москва,  изд. МГУ,  1984.  105 с.

15. Выгодский Л.С.  История развития высших психических функции.  В собр. Соч.  в 6-томах.  3 том.  Москва,  Педагогика,  1983.  С. 86-97.

16. Штерн В.  Умственная одаренность:  психологические испытания,  умственной одаренности в их применении к детям школьного возраста.  Пер. с нем.  А.П. Болтукова  (под ред.  В.А. Лукова  - Спб:  Союз),  1997.  С. 61-88.

17. Жұмабаев М.  Педагогика  Алматы,  1992.  24-26 б.

18. Савенков И.А.  Одаренные дети в детском саду и школе  (уч.  Пособие для студ. Высш.  Учеб. Завед.) – Москва,  Изд. Центр «Академия»,  2000.  С. 29-30.

19. Карне М  Одаренные дети. – Москва,  Знание,  1991,  360 с.

20. Чудновский В.Э.  Воспитание способностей и формирование личности.  Москва,  1986.  С. 4-32,  41-55.

21. Туник Е.Е.  Тест Е. Торренса.  Диагностика креативности. С.-петербург,  2000,  с. 50-60.

22. Дружинин В.Н.,  Хазратова Н.В:  Экспериментальное исследование формирующего влияния среды на креативность  (психологический журнал).  1994,  т.  15.,  №4,  с.83-93.

23. Матюшкин А.М.  Таланты нужно беречь.  /Мир психологии,  №1,  2000.  208 с.

24. Айзенк Г. Дж.  Узнай свой собственный ІQ. – Москва,  1996. С. 35-47.

25. Гильбух Ю.З.   Умственно одаренный ребенок.  Киев,  1993.  с.  11-23.

26. Семенов И.Н.  Возрастные особенности одаренных детей  //Инновационная деятельность в образовании  1994,  №1,  с. 56-64.

27. Кулемзина А.  Кризисы детской одаренности.  Школьный психолог,  № 41,   2002,  с. 4-5.

28. Моляко В.А.  Проблемы психологии творчества и разработка подхода к изучению одаренности.  Вопросы психологии,  №5,  1994.  С86-95.

29. Мелхорн Г.  Гениями не рождаются.  Общество и способности человека.  -  москва,  1989,  с. 107-135,  147-153.

30. Холодная М.А.   Существует ли интеллект как психическая реальность?  //Вопр. Психол.  1990.  №5 . с. 121-128.

31. Бекбаева К.  “Дарын”  ақпараттық-әдістемелік жинағы. №2,  2003.  Ауыл мектебінде дарынды балалармен жұмыс жүргізу жүйесі. Б.104

32. Клименко В.В.  Психологические тесты таланта.  Харьков,  1996, с.69-75.

33. Этнопедагогика и проблемы одаренных детей св системе образования (материалы Международной научно-педагогической конференции) Аламты 2000г.  447с.

34. Матюшкин А.М.,  Сиск Д.А.  одаренные и талтнливые дети. Вопр. Психол.  1989.  №4.

35. Попова Л.В.  Что такое одаренность  //Школа здоровья,  1995.  №1.

Информация о работе Дарынды балалармен жұмыс жүргізу әдістемесінің практикалық негізі