Көмекші мектеп оқушыларының жазу дағдыларының ерекшелігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 22:56, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің мақсаты: Зияты бұзылған оқушыларының жазуында кездесетін қателердің ерекшеліктерін анықтау.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
1.Берілген тақырып бойынша арнайы әдебиеттерге талдау жүргізу.
2.Көмекші мектептің бастауыш сынып(3-4-5)оқушыларының жазуында кездесетін қателердің таралу деңгейін анықтау.
3.Көмекші мектеп бастауыш сынып (3-4-5 ) оқушыларының жазу қателерінің сипаты жазудың түрлеріне байланысты өзгеруін анықтау.

Содержание работы

Кіріспе .......................................................................................................3
1 . Жазудың ғылыми теориялық негіздері.
1.1 Жазбаша сөйлеу тілі қалыптасуының психофизиологиялық психологиялық –педагогикалық және лингвистикалық негіздері.............................................................................................................5
1.2Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылу себептері және түрлері ................11
1.3. Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылу жағдайында кездесетін қате түрлерінің жалпы сипаттамасы......................................................................19
1.4. Зияты зақымдалған балаларға сипаттама........................................................22
1.5. Зияты бұзылған оқушыларының жазбаша сөйлеу тілі бұзылуының ерекшеліктері....................................................................................................23

2. Зияты бұзылғанбастауыш сынып оқушыларының жазуындағы кездесетін қателердің еркшеліктері.
2.1. Зерттеудің әістемесі..................................................................................39
2.2. Зерттеудің нәтижелері................................................................................41

3. Зияты бұзылған оқушыларының жазу дағдыларын қалыптастыру жұмысының негізгі бағыттары.......................................50
Қорытынды......................................................................................................56
Әдебиеттер тізімі..........................................................................

Файлы: 1 файл

Диплом жұмыс Балқия.doc

— 429.50 Кб (Скачать файл)

Ресейде ақыл-есінде ауытқушылығы бар адамдардың психологиялық ерекшеліктерін анықтау ХХғасырдың басында арнаулы мектептердің ашылуына байланысты тәжірибеге енгізіле бастады.

Көптеген ғалымдар:В.П.Кащенко,Г.И.Россолимо,О.Б.Фельцман Москва мектептеріндегі үлгерімі төмен  оқушыларға зерттеулер жүргізді.Зерттеу  бала туралы анкета қортындыларын жинақтау,педагогикалық-психологиялық мінездемелерге талдау жасау,үй тәрбиесінің деңгейін зерттеу,балалардың дәрігерлік анықтамаларын сараптау негізінде жүргізілді.

Осы жылдарда зерттеушілер дәрігерлік және психологиялық зертеу әдістерінің аздығынан үлкен қиыншылықтарға кездесті. Орыс невропотологы Р.И.Россолимо тест әдісінің қажеттілігін айтып,оны дәлелдеуге тырысты. Ол әрбір психикалық процестерді дамытуға арналған тестер жасақтауды дұрыс деп білді.Ол зейін мен ерік әрекетін,қабылдаудың дәлдігі мен тұрақтылығын зерттеді. Р.И.Россолимоның тестері 26 зерттеуден тұрады. Әрбір зерттеу 10тапсырмадан тұрды және ол 2 сағаттан жүргізілді. Бұл тест өте күрделі болғандықтан оны қолдану тоқтатылып,ол «Ақыл-естегі ауытқушылықты анықтауда қолданылатын қысқаша тестерді» қолданды.Бұл зерттеуде 11 психикалық процестердің әрқайсысы 10 тапсырма арқылы зерттелінді. Барлығы 110 тапсырма болды.

Психолог П.П.Блонский Р.И.Россолимоның бұл тестісі ақыл-есі  озық адамдардың психикасын зерттеуге  ыңғайлы деді. Психолог Л.С.Выготский өзінің: «Дамудың диагностикасы және «қиын» балалықтың педагогикалық клиникасы» атты еңбегінде бала психикасын сандық жағынан зерттеп, анықтау қате екендігін айтып,оның сапалық жағына мән беру керек екендігін айтты.

Зерттеушілер В.П.Кащенко,О.В.Фельцман т.б. ақыл-естегі кемшілікті анықтауда бақылау әдісінің де қажеттілігін айтты. Олар балаға жүргізілген бір ғана тест көп жағдайда оларды терең анықтай алмайтындығын түсіндірді. Психолог А.Ф.Лазурский адамдардың даралық ерекшеліктерін зерттеуге арналған бақылау түрлерін жасады, оның өзінің «Мінез туралы ғылыми очерктер»(1908), «Мектеп мінездемелері»(1913), «Жеке адамды зерттеу бағдарламасы»(1915) т.б. еңбектерінде түсіндірді. Ол табиғи экспериментті енгізуші болды.

Зерттеу әдістерінің  бір түрі – анамнестикалық мәліметтерді жинастыру арқылы зерттеу жүргізу,яғни ата-аналармен сөйлесе отыра баланың бір жасқа дейінгі мінездемесі зерттелінеді: бала жарыққа қашаннан бастап қарады, қай кезеңнен бастап басын ұстады,отырды, тұрды. Осы арқылы баланың қай кезеңнен бастап ауырғаны анықталынады. М.Ж.Д. балаларды зерттеу ойын арқылы жүргізіледі. Балаларға арналған «Почта жәшігі» жүргізуге болады.

Геометриялық фигуралар(шеңбер,квадрат,үшбұрыш) оларды балалар формаларына қарай  топтарға бөлуі керек. Әртүрлі формадағы кубиктер ойнында кішкентайын үлкендерімен бірлестіріп,түрлі формаларды тотастыру керек.

Шеңберлерді түстерімен ажырата отырып бөлу;

Мозаика: Оны балалардың дамуына қарай түрлі вариантта беруге болады: 1)үлгі арқылы құрастыру; 2)көру арқылы құрастыру;3) ерікті шығармашылық арқылы;

Лото: олда түрлі варианттарда беріледі ол ақыл-ойдың дамуын бақылауға көмектеседі, ой операцияларын пайдалану ерекшеліктерін анықтайды.

Заттар бейнеленген  суреттер: Балаларға таныс заттардың  суреттері көрсетіледі де ол не үшін қолданылатыны сұралады.

Адамдарда егде жаста  көрініс беретін ақыл-естегі ауытқуды деменция деп атайды, ол ақылдың  әлсіздігі,(слбоумие)

Деменция  балаларда  да, ересек адамдарда да ми аурулары,зақымданудың салдарынан болады. Деменция кейбір жағдайларда түрлі психикалық аурулармен шизофрениямен байланысады.Шизофрения –ол гректің сөзі,,шизо-бөлемін, френ- ақыл-ой,олда психикалық ауру. Ол жоғарғы жүйке қызметінің бұзылуынан, сондай-ақ әртүрлі аурулардың адам психикасына әсерінен пайда болады. Шизофрения кезінде сандырақ,аутизм,галюцинация,еліру,мелшиіп қозғалмай қалу т.б. өзгерістер арқылы көрініс береді. Басында аурудың белгілері айтарлықтай байқалмайды, кейін күшейе түседі. Ауру күшейген кезде  науқастың түсінігі өзгереді,,сөйлеген сөздері басқа адамдарға түсініксіз болады. Шизофренияның белгілері кейде өте айқын білінсе, кейде бірнеше жылдан кейін байқалуы мүмкін. Шизофрения : 1) катотониялық, 2) пароноидты, 3)қарапайым болып бөлінеді. Катотониялық шизофрения кезінде  науқас қимылсыз,мелшиіп қалады немесе көп күліп,күйзеліп,жылап, мағынасыз сөйлейді. Пароноидты шиз-я кезінде  ауру адам сандырақтайды,әртүрлі  нәрсені елестетіп, соған еліктеп,сөйлейді,күледі. Қарапайым шиз-я көбінесе жасөспірімдерде жиі кездеседі,олардың сабақ үлгерімі нашарлайды,мінез-құлықтары өзгереді,бұрын байқалмаған қиял көрініс береді. Олар кейде көңілденіп,ретсіз сөйлеп,бет пішінін өзгертеді,ауру кейде ұзақ,кейде ұстамалы болады, онымен көбінесе 16-25, 40-60 жас аралығындағы  адамдар жиі ауырады.Бұл аурулар психиканың бұзылуының салдарынан көрініс береді. Жүйке жүйесі ауруларына ұшыраған адамның кейбір органдары ештеңені сезбейді,(ыстық,суықты) Олар көбінесе инфекциялық аурулар,менингит,полиомелит,улану,ішімдікке салынудың салдарынан көрініс береді.

Ақыл-естегі ауытқушылықтардың басты себептері өте көп. Оларды экзогенді(сыртқы) және эндогенді (ішкі) деп бөледі. Ішкі жағдайлар ана құрсағында,бала өмірге келу сәтінде, баланың алғашқы айларында көрініс берсе, бірнеше сыртқы факторлар да дамудың заңдылықтарына әсер етеді. Оның көп тараған түрлері:

  • ананың бала көтеру кезінде жұқпалы аурулармен ауруы.
  • Ананың организміндегі зат алмасу процесінің бұзылуы,
  • Үй жануарларынан жұққан аурулар,тауық,көгершін,ит,мысық т.б.
  • Ұрықтың зақымдануы;
  • Мидың қабынуы;
  • Радиациялық зартаптар;

ТАНЫМ ПРОЦЕСІНІҢ ДАМУЫ: Психикасының дамуы артта қалған балалардың психикалық құрлымы өте күрделі, себебі бір кемшілік(дефект) өзге кемшіліктің қалыптасуына әсер етеді.

Зейін барлық психикалық процестерді жүзеге асырушы.Ақыл-есінде кемшілік бар адамдардың ырықты зейіні дамымаған,ол олардың еркінің әлсіздігімен сипатталынады. Олар бірнеше обьектіге зейіндерін бөле алмайды, олардыа көбінесе шыдамсыздық көрініс береді.

ТҮЙСІК ПЕН  ҚАБЫЛДАУ: Сыртқы ортаны танып білуде түйсікпен қабылдау маңызды орын алады. Олардың көру арқыы қабылдауы өте тар көлемде дамыған, осыған байланысты  олар сыртқы ортаны тани алмайды. Олар түсті ажырата алмайды,көздері шамалы көреді,өзгеріп,ауысып тұратын заттарды қабылдай алмайды,кеістікті бағдарлай алмайды.

Ақыл-есі кем балаларда  сипап-сезу(сенсорлық) арқылы қабылдау дамымаған.

ЕС: Ақыл-есінде ауытқуы  бар балалар өздеріне өте қызықты,үлкен  әсер қалдырғын заттарды ғаға естеріне сақтайды. Оны көре отыра қуанады  немесе ренжиді.

Олар қайталау арқылы есте сақтай алмайды. Сондықтан көбінесе олигофренпсихологтар оқушыларға өздеріне таныс,ерекше әсер ететін жағдайларды есте сақтатуға тырысады. Олардың есі шашыраңқы,тез ұмытады.

СӨЙЛЕУІ: Ақыл-есінде ауытқуы бар балалардың сөйлеуінің ерекшелігі ежелгі кезден философтар мен психологтардың зейінін өздеріне аударды. Оларда тіл өте кеш дамиды,ол анасымен қарым-қатынас арқылы қалыптасады. Үш жастың өзінде оларда тіл патологиясын байқауға болады. Дебильдердің тілі бар,бірақ олардың сөйлеуге құштарлығ төмен. Оларда тіл 5-6 жастан бастап дамиды,тілмен қатар қол қимылдары бірге дамиды, ересектермен сөйлесуге қиналады,себебі сөзді толық түсінбейді.

 

 

1.4.Көмекші   мектеп  оқушыларының  жазбаша   сөйлеу  тілі  бұзылуының  ерекшеліктері

 

Ақыл-ойы төмен  балалардың сөйлеу тілін зерттеу  мәселесімен  көптеген дефектолог - ғалымдар айналысқанына қарамастан,  зерттеушілердің көңілі  балалардың ауызша сөйлеу тілінің  ерекшеліктерін көрсетуге негізделген.  Оқушылардың жазбаша тілі жиі маңызды талданады.Осыған  орай  көмекші  мектеп  оқушыларында  кездесетін  жазу  қателердің сипатына тоқталайық.(И.И.Садовникова  берген  анықтамасын  негізге  ала  отырып)

           Әріп және буын деңгейіңдегі қателер.

          1. Көмекші мектепте оқитын оқушылардың жазуындағы қателердің арасына әріп және буындарың түсіп қалуы жатады. Ол оқушылардың сөздің барлық дыбыстық компоненттерін бөлмеуін дәлелдейді. Мысалы:<шна>- шана, <қамақ>- қаймақ. Екі немесе одан да көп әріптердің түсіп қалуы (дауысты да,дауыссыз да) дыбыстық анализдің терең бұзылуы салдарынан ,сөз құрамының бұрмалауына әкелді: ағаш -<аш> ,балалар-< балар.>

Бірдей буындарды ,әдетте дауыстылар жиі дауыссыздарды қосатын  буындардың көршіленуі. Мысалы:қа(ра) ндаш,ше(гі) ртке,қоян (да)р және т.б.

Жазуды айтумен көрсететін балаларда жазу темпіне қарамастан, сөз құрамындағы қайталанатын дыбысты кездестіргенде мағынасынан шатасады.

Алмастыру. Әріптердің алмасуы оқушының сөз құрамында жеке әріптерді бөліп алуын көрсетеді, бірақ оны белгілеу үшін сәйкес емес әріпті таңдау алады. Бұл мынадай орын алуы мүмкін.

  • әріп үлгісін көру және олардың арасындағы мағына нығаймаған кездегі фонеманың графемамен қатынасының тұрақсыздығы кезінде;
  • аккустика- артикуляциялық ұқсастығы бар әріптерді ажырату кезінде;
  • кескінінде ұқсастығы бар әріптерді айыру кезінде

Бір әріптің басқамен алмасу сирек кездеседі. Сол бір дыбыстың жазуда не дұрыс, не қате берілуі кезінде әріптердің шатасуы байқалады. Шатастыру үлгісінің 3 ұқсас типі бойынша қарастырайық: аккустикалық, артикуляциялық, кинетикалық. Жалпы қабылданған жіктелу дыбыстарымен (акустикалық және артикуляциялық) әріптердің (оптикалық) ұқсастықтарын бөліп көрсетеді. Аккустикалық және артикуляциялық ұқсастықтарды айыру мүмкін емес, олар бірін - бірі толықтырып  тұрады. Жұп ұяң және қатаң дауыссыздардың акустикалық ұқсастығы олардың артикуляциялық ұқсастығынан шығады.

        Дыбыстардың  акустикалық-артикуляциялық ұқсастығының шатасуы. Жұп қатаң және ұяң дауыссыздар нақты позицияда, яғни бұл дауыссыздардың жазылуы мен айтылуындағы сөйлеу жағдайлары:

д-т (тала, дарак); б-п ( пала, барақ); в-ф (фагон, вонтан); ж-ш (шапырақ, мажина). Лабиалды дауыстылар: е-ю(юлка,ае). Тіларты: г-к-х (колгоз, хала, кабар). Сонорлы: р-л (лучка, рашын). Ызың және ысқырық: с-ш (сана,шагыз),

с-щ (сетка, алась). Аффрикаттар: ч-щ (щемодан, четка); ч-ц (чирик, цемодан) ц-с (цагат, сикуль).Кинетикалық ұқсастығы бойынша әріптің шатасуы: о-а (қосық, арыдық);  и-у ( уне, баиырсақ).

         Қолмен жазылған ширифті әріптер  бұл берілген тілдің қабылданған  графикалық жүйесіндегі, белгілі  бір элементтерінің әртүрлі комбинациялары. Олардың арасынан оптикалық ұқсастықты бөлуге болады, ұқсастық жылдам жазуда ерекше күшейеді. Жазу кезінде қимыл – қозғалыс актісіне бақылау көріп қабылдау мен және қимыл қозғалыс түйсігі- кинестезияның арқасында жетіледі. Кинестезия негізінде әріп кескінінің  дұрыстығын бағалау біліктілігі жазушыға қимыл қозғалысын түзетуден қате жібермеуге дейін түзетуіне мүмкіндік береді .Көмекші мекғтепте оқитын оқушылардың қимыл-қозғалыс актісіндегі кенестикалық және динамикалық жағынан қалыптаспауы кезінде кенестезиялық бағытталған мағынасы болмайды,сол кезде ұқсас қимылдар талап ететін әріптің бірнеше элементінің кескіннің шатасуы байқалады. Мұндай қателер байланыстырып жазу стадиясына тән. Мұндай шатасулардың кең таралуы 1-сынып олигофрен балаларды оқытудыңсынып олигофрен балаларды оқытудың бірінші аптасынан бастап жазуға талап ететін әдістемелерді үзіліссіз қолдану керек.

          Кинестикалық ұқсастық бойынша  әріптерді шатастыру өзімен бірге  жазудың сапасының төмендеуіне  әкелуі мүмкін. Оқушыларды дыбыс  және әріп арасындағы байланыстың бұзылуы онша бекітілмеген.(фонема және артикуляциялық арасында, бір жағынан графема және кинема). 1-3сынып олигофрен балалардың көрсетілген әріптердің шатасуы жазудан қолмен сондай-ақ, бастырылған мәтіндегі оқуға ауысады. Мысалы: жуық қыс. Кіші сыныптарда келксі жылдары белгілі бірде – бір типке жатқызуға болмайтын сөздердегі қателер табыла бастайды, бірақ екінші рет сызық жол түрінде болады. Мысалы, Август т.б. Бұл қателер 1-сынып оқушыларына жазу жаттығуларындағы графомоторлы дағдыларының механикалық түрде бекітілуінің нәтижесі, оларға жазу үшін әріптердің үлгісі келесідегідей түрде беріледі: Вв; Лл; Сс; Дд және т.б. Бұл принцип бойынша мұғалім оқушылармен жазуда басқа қалған әріптермен жаттығу жүргізеді. Қосарланып жазылуы ақыл-ойы кем оқушының қимыл қозғалыстық есінде бекітіледі және олардыойы кем оқушының қимыл қозғалыстық есінде бекітіледі және олардың жазуында келесі жылдарыда сақталады.

          Орын ауыстыру әріп және буындардың  орын ауыстыруы сөздегі дыбыстардың  кезектілігімен талдауы қиындығымен байқалады. Осының негізінде буындық құрылым шатастрылусыз сақталады. Мысалы: чулан «чунал», ковром - «корвом». Сөздің буындық құрылымы шатастыратын көптеген орын алмастырулар сөзде әр түрлі типте кездеседі. Кері буыннан тұратын екі мағыналы сөз олардың біреуі керімен алмасады. Мысалы: сақа-«асқа», дина - «диан». Дауссыздардың тоғысуы бар сөзде орын ауыстыру жиі болады. Мысалы: серт-« стер».

 Қою. Дауысты әріптерді қою әдетте дауыссыздардың тоғысуында байқалады. Мысалы: «мекетеп»,«ноябырь».

        Бұл қоюларды сөзді баяу айту кезінде пайда болатын  дыбыспен түсіндіруге болады. Бұл қоюдағы бір ерекшелік : сөз құрамына кіретін дауыстылар болып табылады. Мысалы: «досотық», «сотол» . Кейбір жағдайда қайталау дауыссызбен болады. Мысалы: «қоныттық».

Егер жазуда бір уақытта қате және түзету әсер етсе, онда оқушыларда сөзде дыбыстардың кезектілігін қою көрсетіледі. Бірінші кезекте әріптердің қосарланып жазылуындағы механикалық жаттығуды шектеу керек . Екіншіден мысалы: «қиынкүндер болды», «жарықай» ,«айналатыныш» т.б. Сөздердегі бірінші бөлігінің түсіп қалуы орын алады.

           Мысалы: Әрбір күн – «әркүн», біздің шар - « бізшар»

        3. Дыбыстың талдаудың терең бұзылуы сөздердің ауысып қолдануында байқалады. Мысалы: «лептбау» - лепят бабу , «бизм» - была зима.

       4. Жақын сөздерге бір уақытта қосылуы немесе бір сөздің бұзылуы қосылатын сөз шекарасындағы өзіндік қателер: У деда Мороза-« у дедмороза».

Информация о работе Көмекші мектеп оқушыларының жазу дағдыларының ерекшелігі