Көмекші мектеп оқушыларының жазу дағдыларының ерекшелігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 22:56, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің мақсаты: Зияты бұзылған оқушыларының жазуында кездесетін қателердің ерекшеліктерін анықтау.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
1.Берілген тақырып бойынша арнайы әдебиеттерге талдау жүргізу.
2.Көмекші мектептің бастауыш сынып(3-4-5)оқушыларының жазуында кездесетін қателердің таралу деңгейін анықтау.
3.Көмекші мектеп бастауыш сынып (3-4-5 ) оқушыларының жазу қателерінің сипаты жазудың түрлеріне байланысты өзгеруін анықтау.

Содержание работы

Кіріспе .......................................................................................................3
1 . Жазудың ғылыми теориялық негіздері.
1.1 Жазбаша сөйлеу тілі қалыптасуының психофизиологиялық психологиялық –педагогикалық және лингвистикалық негіздері.............................................................................................................5
1.2Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылу себептері және түрлері ................11
1.3. Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылу жағдайында кездесетін қате түрлерінің жалпы сипаттамасы......................................................................19
1.4. Зияты зақымдалған балаларға сипаттама........................................................22
1.5. Зияты бұзылған оқушыларының жазбаша сөйлеу тілі бұзылуының ерекшеліктері....................................................................................................23

2. Зияты бұзылғанбастауыш сынып оқушыларының жазуындағы кездесетін қателердің еркшеліктері.
2.1. Зерттеудің әістемесі..................................................................................39
2.2. Зерттеудің нәтижелері................................................................................41

3. Зияты бұзылған оқушыларының жазу дағдыларын қалыптастыру жұмысының негізгі бағыттары.......................................50
Қорытынды......................................................................................................56
Әдебиеттер тізімі..........................................................................

Файлы: 1 файл

Диплом жұмыс Балқия.doc

— 429.50 Кб (Скачать файл)

         Сипаты бойынша мұндай оқушылар  жіберген қателер бір – бірінен  ерекшеленеді.

         Ақыл –ойы кем балаларда әріптің  образын игеруде көптеген қиындықтар  кездеседі. Ол үшін алфавитті әріптердің ұқсастығы бойынша топтарға бөлуге болады.Бір әріптер ұқсастығы бойынша топтасады, (п-н)басқалары бір-бірінен тек бір ғана элементерден ерекшеленеді (Н-Ц-Ш-Щ) қиыны ақыл-ойы кем оқушыларға бір бірінен тек бір ғана элементпен ерекшеленетін әріптерді меңгеруде қиындық туады көп қателер д және  б әріптерін жазғанда кездеседі. Бірнеше қате жібергеннен олардың есінде жақсы бекітіліп қалады. Ақыл-ойы төмен  оқушылар әріптің бір элементінің түсіп немесе ауысып кетуі буынды, сөзді өзгертетінін бірден түсінбейді. Төменгі сынып оқушыларында қабылдау және кеңістікте бағдарлау бұзылады. Мұндай балаларда әріпті салуда, әсіресе ережені сақтауда сызық бойынша жазуда қиындықа кездеседі. Психикалық процестердің де бұзылуы жазуға әсер етеді.Кейінгі кездері И.А. Денисованың сөйлеу тілі дамымаған төменгі сынып оқушыларында кездесетін дизорфографиялық қателерді алдын алуға бағытталған еңбегінде,               Қ.Қ. Өмірбекованың басшылығымен зияты бұзылғаноқушыларының жазу жұмысында кездесетін қателері туралы мағлұматтар ізбасарларының  жұмыстарында көрініс ала бастады.

 

 

 

 

 

 

 

2.      Зияты бұзылған оқушыларының жазуында кездесетін қателердің сипаты.

 

2.1.   Зерттеудің әдістемесі.

            Біздің зерттеуіміздің мақсаты көмекші мектеп оқушылардың жазбаша жұмыстарының қалпын анықтау. Осыған байланысты зерттеудің басты шарттарына мыналар: көмекші мектептің 3,4,5-ші сынып оқушылардың жұмыстарында жіберген қателердің түрін анықтау; олардың себебін талдау; жұмыстың түріне байланысты қателердің түрлері қалай өзгеретінін анықтау; оқу кезеңіне байланысты қателер түрлерінің өзгеруін талдау; сонымен қатар жұмыстардағы қателер түрлеріне сөйлеу қабілетінің бұзылуының қатысын қадағалау жатады.

Ең алдымен сөйлеу қабілеті бұзылған оқушылар жазбаша  жұмыстарды қатесіз жазуды қаншалықты меңгергендерін, әр топтағы қателер өзара қандай қатынаста екенін, сонымен қатар оқыту барысында оқушылардың жұмыстарының қалпының өзгеруін анықтау қажет.

Қойылған шарттарды  орындау үшін біз үш кезеңнен тұратын  педагогикалық тәжірибені өткіздік:

  1. Мәтінді көшіру
  2. Диктант

Зерттеу жұмысы Атырау облысы Махамбет ауданы №2 зияты бұзылған және №3 Мамандандырылған «Жанұя» кешенінің оқушыларына жүргізілді. Зерттеуге барлығы 51 оқушы қамтылды.

         3 сынып - 17 оқушы

         4 сынып - 17оқушы

         5сынып  - 17оқушы

           Барлығы 102 жұмыс  талданды. Оқушыларға  көшіріп жазу мен диктант жазуға  екі түрлі  мәтін берілді.  Мәтіннің  сөздік құрылымы әртүрлі  болып келеді.

3-сынып мәтіні он  жеті сөзден тұрады.

4-сынып мәтіні  отыз  сегіз сөзден тұрады.

5-сыныпқа берілген мәтін қырық жеті сөзден тұрады.

       Оқылған  мәтін  оқушыларға  бұрын оқылмаған.  Жазар алдында дұрыс жазу ережелерін  қайталап өтік. Мысалы: тақырыпты  парақтың қай жеріне жазамыз.  Қала, адам, аттарын қандай әріппен  жазамыз? т.б. сұрақтарға оқушылар жауап берді.

        Аталған сыныптарға төмендегідей  мәтіндер ұсынылды.

 Көшіріп  жазу

Үшінші сынып.      «КҮЗ»

         Күзде күн суытады. Ақ жауын  жауады. Ағаштардың жапырақтары  сарғаяды. Күзде жемістерді жинап  алады. Құстар жылы жаққа ұшады.

 

Төртінші сынып.  «МҰЗ АЙДЫНЫ»

         Алматы маңында Медеу мұз айдыны  бар. Ол табиғаты көркем Алатаудың  баурайында.  Онда  халықаралық  жарыстар болып тұрады. Демалыста  Зада мен Зере Медеу мұз  айдынына барды. Ауа таза. Олар сырғанақ тепті. Екеуі жақсы демалды. Олар  Медеу мұз айдынынан көңілді оралды.

 

Бесінші сынып. «ҚОБЫЗ»

        Қобыз  - қазақтың музыка аспабы. Қобыздың  алуан сырын Жаппас  ерте ұқты. Он бес жасында ел  арасында белгілі қобызшы атанды. Ол әсіресе, Ықылас күйлерін  жақсы орындайды. Халық сазгерлерінің күйлерін, Біржан, Ақан, Абай әндерін көп тыңдаған. Жаппас аға тек жүйрік орындаушы ғана емес, ол -әрі ұстаз, әрі сазгер.   

  

Диктант жазуға берілген мәтіндер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  2.2.   Зерттеудің  нәтижелері.

           Зерттеу барысында жинақталған жазу жұмыстарын талдау барысында әр сынып (3-4-5)  оқушыларының жазуында жазу түріне байланысты түрлі қателердің кездесетінін байқадық. Көптеген авторлардың жұмыстарында кездесетін қате түрлерін топтастыруларын негізге ала отырып, талдау жұмысының нәтижесінде жалпы қателерді төрт топқа бөлдік:

1.Сөздің дыбыстық  құрамындағы қателер.

   Айтылуы бойынша  алмасуы;

    Әріптің түсіп  қалуы;

     Әріпті  қосу;        

      Буынның  түсіп қалуы..

2. Лексико-грамматикалық қателер.

    Сөзді бірге  жазу

    Сөзді тастап  кету

    Сөздегі жалғаулардың  түсіп қалуы

3. Графикалық қателер

    Кинестикалық  ұқсастығы бойынша қателер

    Оптикалық  ұқсастығы бойынша қателер

4. Емлелік және тыныс  белгілеріндегі қателер

 Диктант  жазуындағы қателердің түрлері

           Зерттеу барысында 3-4-5 сынып оқушыларының диктант жазуындағы әр түрлі қателердің жиі кездесетіні байқалды. Қателер қаншалықты кездесетіні және қандай қате түрі көбірек кездесетіні туралы №1 кестеде көрсетілген. Енді әр сыныпта кездесетін қателерге толығырақ тоқталайық

      Үшінші  сынып оқушыларының диктант жазуындағы  қателері: сөздің дыбыстық құрамындағы  қателер ішіндегі айтылуы бойынша  дауыссыздың алмасуы 19,4%,  ал  екінші кезекте емлелік және  тыныс белгілеріндегі қателер  16,1%, үшінші орында айтылуы бойынша дауыстының алмасуы 16% төртінші әріптің түсіп қалуы дауыссыз 9,9%,  дауысты 6,4%, ең төменгі көрсеткішті графикалық қателер ішіндегі оптикалық ұқсастығы бойынша қателер 1,4%  алып отыр.

        Төртінші сынып оқушылырының  диктант жазуындағы қателер: айтылуы бойынша дауыссыздың алмасуы 18,6% емлелік және тыныс белгілеріндегі қателер 15,9%, ең соңғы орында 1,4% көрсеткішпен оптикалық ұқсастығы бойынша қателер иемденді.

         Бесінші сынып бойынша ең алғашқы  орында емлелік және тыныс   белгілеріндегі қателер 23,2%, екінші айтылуы бойынша дауыссыздың алмасуы 17,7%, үшінші даустының алмасуы 17,4%  ең аз көрсеткішті1,8% графикалық қате ішіндегі оптикалық ұқсастығы бойынша  қателер көрсетті.                     

   1-кесте

Диктант жазу жұмысында кездесетін қателердің (%) пайыздық

көрсеткіші

           сыныптар

 

қате түрлері

 

    3

 

    4

 

     5

 

дауысты

айтылуы бойынша алмасу

Сөздің  дыбыстық  құрамындағы   қателер

 

16

 

15,7

 

17,4

 

дауыссыз

 

19,4

 

18,6

 

17,7

 

дауысты

әріптің  түсіп қалуы

 

6,4

 

5,2

 

5,1

 

дауыссыз

 

9,9

 

9,8

 

8,6

 

дауысты

 

әріпті қосу

 

3,4

 

2,3

 

3,5

 

Дауыссыз

 

2,9

 

2,3

 

2,1

 

буынның түсіп қалуы

 

5,9

 

4

 

4,7

 

сөзді бірге жазу

Лексико-грамматикалық қателер

 

 

7,4

 

5,3

 

3,3

 

сөзді тастап кету

 

4,9

 

3,4

 

2,2

 

сөздегі жалғаулардың түсіп қалуы

 

3,9

 

3,6

 

4,1

кинестикалық ұқсастығы бойынша  қателер

графикалық

қателер

 

2,4

 

2,2

 

5,5

Оптикалық ұқсастығы бойынша қателер

 

1,4

 

1,4

 

1,8

Емлелік және тыныс белгілеріндегі қателер

 

16,1

 

15,9

 

23,2


 

      

 Кестеде көрсетілгендегі  төрт сынып оқушыларында жиі  кездескен қателер сөздің дыбыстық  құрамындағы қателер болып табылады. Оның ішіндегі айтылуы бойынша  дыбыстың алмасуы. Ондай қателер  саны үшінші сынып оқушыларында 35,4% төртінші сыныпта 34,3% бесінші сынып бойынша 35,1% кездесті.

       Дәлелдей  түсек, мысалы: Жапырақ –жабырақ, күн -көн, қобыз -қобыс, ағаштар  -ағастар, Жаппас- жаббас, Абай- Апай, жаңбыр- жәңбір, құстар -құсдар.т.б.

Бұндай қателердің көп  мөлшерде кездесуі көмекші мектептің  оқушыларына қатаң, ұяң дауыссыз дыбыстарды және жуан, жіңішке дауыстыларды жазу ережелері, айтылуы мен дыбысталуы ұқсас дыбыстарды ажырату ережелерін меңгеру өте қиын болудың деп таптық.

        Үшінші- төртінші сынып оқушыларының  оптикалық ұқсастығы бойынша  қателер бірдей 1,4% көрсетсе, бесінші сыныпта 1,8% көрсетті. Мысалы: қобыз- қобыд, демалды -дешалды, күзде- күззе, ағаштар- ағашшар, жауады- жауауы.(е-о, з-д, ш-т, м-ш). Үш сынып бойынша әріптің түсіп қалуы (дауысты, дауыссыз), үшінші сыныпта 16,3%  төртіші сыныпта 15% бесінші сыныпта 13,7%  көрсетті. Бұл көрсеткіштер сынып жоғарлаған сайын қате санын азайғандығын көрсетті, яғни үшінші сыныпқа қарағанда бесінші сыныпта 2,6% азайған. Мысалы: жинап- жинп, жауын - жуын, ағаштар- ағатар, таза -тза, барды -бары,  белгілі -белглі, сазгер- сазер -сазге.т.б. Әріпті тастап кету сөздің ортасында, сөздің аяғында да кездесіп отырғандығы байқалды.

    Лексикалық  пен грамматикалық қателердің  ішіндегі жиі кездескен қателер  сөзді бірге жазу. Ондай қателер  үшінші сыныпта 7,4%, төртінші сыныпта 5,3%, бесінші сыныпта 3,3% көрсетті. Мысалы: он -бес онбес, Жаппас аға- Жаппасаға, Зада мен Зере- Задамен Зере, ақ жауын -ақжауын деп жазған. Бұндай қателер оқушының жұрнақ, жалғау, қосымшалардың жазу емлесін толық игермеу салдарынан деп болжам жасадық.

         Емлелік және тыныс белгілеріндегі  қателерге тоқталар болсақ ең  көп қате бесінші сыныпта 23,2%, үшінші сыныпта 16,1%, төртінші сыныпта  15,9% көрсетті. Мысалы: Зада -зада Алатаудың-  алатаудың Жаппас- жаппас, Ықылас- ықылас, Ақан, Абай әндерін –ақан-абай әндерін және т.б.Оқушылар жалқы есімдерді жазу ережесін дұрыс игермеген және қос сөздерді ажырата алмағандықтан осындай қателер кездесіп отыр деп болжаймыз.

Графикалық қателер  ішіндегі кинестикалық ұқсастығы бойынша  қателер бесінші сыныпта 5,5% алтыншы сыныпта 3,8% үшінші сыныпта 2,4% төртінші сыныпта 2,2% көрсетуде. Мысалы: музыка- музықа, ауа- аиа, халық -халың, Қобыз- Ңобыз, Жаппас -Жаттас, Абай- Адай.Жиі кездесетін қателер. Жазба у-и,б-д, қ-ң, п-т, Қ-Ң.

      Сонымен  диктант жазуда 3-4-5 сынып оқушыларында сөздің дыбыстық құрамындағы қателер ішіндегі айтылуы бойынша дыбыстардың алмасуы жиі кездесетіндігін аңғардық.

 

 

 

 

 

Көшіріп жазудағы қателер

       

 Барлық сынып оқушыларының  көшіріп жазуындағы қателер жат   жат  жазуларындағыдай қателер жиі кездесетіні байқалды. Нәтижесі №2 кестеде қарастырылған: 3-4-5 сынып оқушыларының көшіріп жазуындағы қателерінің жиі кездескені сөздің дыбыстық құрамындағы қателер болып табылады. Оның ішіндегі дауыссыз әріптің түсіп қалуы. Ондай қателер үшінші сыныпта 16,6% төртінші сыныпта15,9% бесінші сынып оқушыларында 12,7% құрады. Мысалы:  Жаппас - Жапас, белгілі - белілі, ұстаз - ұсаз, күзде - күзе, сырғанақ -сыранақ, жақсы - жасы, қобызшы - қобышы.

 

 

Көшіріп жазу жұмысында кездесетін қателер санының (%)

пайыздық  көрсеткіші.

2-кесте

          сыныптар

 

қате түрлері

 

    3

 

    4

 

     5

 

дауысты

айтылуы бойынша алмасу

 

Сөздің  дыбыстық  құрамындағы   қателер

 

    4.6

 

   3,4

 

  2,9

 

дауыссыз

 

    8,3

 

   6,3

 

  4,9

 

дауысты

әріптің  түсіп қалуы

 

    5,7

 

    5

 

   5,5

 

дауыссыз

 

    16,6

 

   15,9

 

   12,7

 

дауысты

 

әріпті қосу

 

    2,7

 

   1,4

 

   2,9

 

дауыссыз

 

    2,7

 

   1,5

 

   3,8

 

буынның түсіп қалуы

 

    4,6

 

    3,4

 

   2,9

 

сөзді бірге жазу

Лексико-грамматикалық қателер

 

 

    7,4

 

   5,4

 

   4,9

 

сөзді тастап кету

 

    7,4

 

   5,8

 

    5

 

сөздегі жалғаулардың түсіп қалуы

 

    3,7

 

   3,2

 

   2,9

кинестикалық ұқсастығы бойынша  қателер

графикалық

қателер

 

    3,7

 

   3

 

   4,9

Оптикалық ұқсастығы бойынша қателер

 

    6,4

 

   6,3

 

   5,9

Емлелік және тыныс белгілеріндегі қателер

 

   15,7

 

  15

 

   14,9

Информация о работе Көмекші мектеп оқушыларының жазу дағдыларының ерекшелігі