Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен агрессивті балалармен жұмыс істеу ерекшелігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2014 в 20:51, дипломная работа

Описание работы

Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда кәсіптік мектептерде қиын балалар көбірек кездесетіні белгілі, «Қиын балалар дегеніміз кімдер?» - деген сұраққа, былай жауап беруге болады: «Олар мектеп тарапынан ерекше, қосымша бақылауды талап ететін, тәрбиелеуге қарсылық білдіретін балалар». Сонымен қоса, білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мұғалімдердің талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, топтастарымен үнемі тіл табыса аламайтын, ол кейде психикалық дамуы, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ (әртүрлі жүйке ауруларына шалдыққан) балаларды қиын балалар және қиын жасөспірімдер қатарына жатқызуға болады. Қазіргі уақытта дәрігер, психологтар және инспекторлардың есебінде осындай балалардың пайызы жоғары болып отыр.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3-5
І тарау. Қиын жасөспірім мәселесінің әдіснамалық негіздері............................6-33
1.1 «Қиын бала» ұғымының шығуы және ғалым-педагогтардың
ой-пікірлері...............................................................................................................6-11
1.2 Жасөспірімдер арасындағы ауытқушылық мінез-құлықтың
шығу себептері мен факторлары............................................................................12-21
1.3 Қиын жасөспірімді тәрбиелеудегі мектеп ұжымы мен отбасының рөлі......22-33
ІІ тарау. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың профилактикасы мен агрессивті
балалармен жұмыс істеу ерекшелігі.......................................................................34-49
2.1 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың
қадағалауыныз және панасыз қалуының
алдын алу.................................................................................................................34-38
2.2 Әлеуметтік педагогтың агрессивті балалармен
жұмыс жасау ерекшелігі..........................................................................................39-42
2.3 «Қиын» баланы қайта тәрбиелеу жолдары......................................................43-49
ІІІ тарау. Әлеуметтік педагогтың қиын жасөспірімдермен жұмыс
жасауы және оларды қайта тәрбиелеу жолдары...................................................50-79
3.1 Жасөспірімнің дұрыс әлеуметтенуін әлеуметтік
педагогикалық тұрғыдан қарастыру......................................................................50-56
3.2 «Қиын» жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс ерекшелігі.............................57-76
3.3 «Қиын» жасөспірімдердің бос уақытын
дұрыс ұйымдастыру...............................................................................................77-79
Қорытынды...............................................................................................................80-82
Қолданылған әдебиеттер........................................................................................83-85
Қосымшалар............................................................................................................86-107

Файлы: 1 файл

Дип. «Қиын» жасөспірімдер.DOC

— 624.00 Кб (Скачать файл)

Енді осы девиантты мінезді  оқушылардың  психологиялық  ерекшеліктеріне    тоқтала  кетелік.

Бұл  қиын  балалар  өздерінің  интеллектуалдық  қабілеті  жағынан  өз  қатарларынан  қалмайды. Алайда,  олардың жоғары психологиялық  қасиеттері: зейін, абстрактілі  ойлау,  есте  сақтау тағы басқа  әртүрлі  жаттығулар  мен дағыдыларды  дамытпағандықтан  артта  қалған. Соның  салдарынан  олар  қисынды  ойлай  білмейді,   өз ісінің  ақырын  болжай алмайды,  сондай-ақ  танымдық  белсенділігі  төмен,  ғылым  және  саяси-қоғамдық  мәселелер  мүлдем  қызықтырмайды, рухани  мәдениеттің  не екенінен  тіпті  бейхабар. Негізінен,  олар  қарапайым  күнделікті  өмірдің  күйбеңінен  аспайды,  онда  да тек даярға тап  болып үйренген, салиқалы да пайдалы іс-әрекеттен гөрі  уақытты босқа өткізгенді тәуір көреді.

Дегенмен, олар  өздерінің алдына  қойған  мақсатын орындау  үшін  (темекі, ішімдік,  есірткі  зат,  ұрлық  жасау) әртүрлі  тапқырлық  көрсете алады. Сабақ оқу,  уәдеде тұру,  режимді сақтау, саналы тәртіпке бағыну  сияқты  оқушыға  тән  міндеттер  мен парызды  орындауға  келген  олардың ерік-жігері  тым  төмен,  табандылығы жетіспейді.

Зерттеулер  көрсеткендей,  ер балалар мен  қыздардың  арасында  едәуір  психологиялық  айырмашылықтар бар. Ер балалар  қыздарға  қарағанда  белсенді,  іс-әрекеті жылдам,  ұрыс-керіс  бейім. Қыздар  өз көңіл күйіне  көбірек  берілген,  айтқанды  орындағыш әрі жанашыр  болуға  жақын  тұрады. Сондықтан  тәрбие  беруде  ер балалардың  осы  ерекшеліктерін  есепке  алу керек.  Жасөспірім  шағында   олар «нағыз жігеттерге» ұқсағысы келеді. Дегенмен  олар дөрекі,  тек  күшіне  сенетін,  төбелескіш болып келетіні  жиі  байқалады. Сол  себепті  де  қыздарға  қолданған  тәрбие  құралдары  ер  балаларға  барлық кезде  жарамды  бола бермейді.

Девиантты  бозбалаларды  қайта  тәрбиелеу  кезінде  олардың темпераментін  ескермей кетуге  болмайды. Мысалы,  сангвиник  өзіне  қойылған  талаптарды  тез қабылдайды,  бірақ  дәл солай  тез ұмытады. Холерик  өзіне  қойылған  талапты  өзін  күлкіге  айналдыру, мазақтау,  кемсіту  деп  түсініп, оны дөрекі түрде қабылдамай тастайды. Меланхолик өзін  ұнамдысын,  өз   көзқарасына  тура  келген  жерін  ғана қабылдап,  басқасына  көңіл  де аудармайды. Флегматик  бәрін  әбден терең әрі  жан-жақты  ойланады. Осыған  орай,  тәрбие  жұмысында  темперамантінің  ерекшеліктерін  ескермейінше,  педагогикалық  шаралардың  іске аспай  қалуы әбден  мүмкін.

Тағы  бір  ескеретін жайт,  жасөспірімдердің  жыныстық  даму  кезеңінде  болатын  дене  құрлысындағы  өзгерістер.

Егер жақсы бағытта  дамыған  өзгерістер  баланың санасына  дұрыс  әсер етсе,  онда ол психологиялық  жағынан  да  дұрыс  қалыптасады. Ал  керісінше,  оның  дене   құрылымында  бойы  қортық,  артық салмақ,  көзінің,  тілінің не басқа да кемістіктері болса, онда  оның дұрыс  мінез  қалыптасуына  кері  әсерін  тигізері  сөзсіз. Сондықтан  да  тәрбиеші  мұндай  балалармен ерекше  ілтипатты  болуы тиіс.

Көтеріңкі  көңіл күй, құрмет  көрсету, сенім білдіру сияқты  психикалық  жағдайлар  тұлғаға  педагогикалық  әсер етудің  әсерлігін  күшейтеді. Ал ашуланшақ,  бойын  қорқыныш  билеген,  өкпелегіш  сияқты  жағымсыз  сәттер  оқушының  жақсы  болып  қалыптасуына үлкен  бөгет. Сондықтан   оқушыға  педагогикалық әсер етер  кезінде оның  қандай  психологиялық жағдайда  екенін  ескеру өте-мөте  қажет-ақ.

Әлеуметтік педагогтың  тағы бір  ескеретіні: ол оқушының  өзін  адами  тұрғыдан  тең  ұстауы,  оған сенім ұялата  білуі  керек.  Егер  әлеуметтік педагог  өзінің  айтқанын  оқушылардан  қалай  да  орындауын  талап етсе,  олардың адамгершілік  қасиеттерін  есепке   алмай  әрекет  жасаса,  олардың сый-құрметіне  бөленбек  түгілі  балалардың енжар  тартуына  себепші  болады.

Девиантты  мінезді  оқушыға ата-анасының  да, мектептің де  жағымды әсер  етуі  арқылы  оны  дұрыс  жолға  салуға  болмайтыны  белгілі болса,  онда  ол баланы  кешіктермей  дәл  уақытысында жабық  түрдегі  ерекше  педагогикалық режимдегі  арнайы   тәрбие  мекемесіне жіберу керек. Әрине,  бұл соңғы шара, себебі қиын  балалармен  жұмыс  жүйесін  қалыптастыру қаншалықты ауыр   болса да,  мінез-құлқын  түзету  шараларын  төмендегіше  ұйымдастыру  жөн деп санаймыз.

  1. Тәртіп  пен заңды  бұзуға  бейім  тұратын, сабақ  үлгерімі  нашар  оқушыларды  сынып  және мектеп бойынша  анықтау. Ол үшін біріншіден, әр тоқсан сайын  бір немесе екі  пәннен  үлгермейтін  оқушыларды  анықтап  отыру қажет. Үлгермейтін  оқушылардың  барлығының  тәртібі  нашар  болмас,  алайда,  қиын  оқушылардың  басым  көпшілігі  бірнеше  пәндерден  үлгермейтіні  ақиқат. Екіншіден, сауалнама  жүргізу арқылы қиын  оқушылар мен педагогтардың қарым-қатынасын  анықтап,  оны  жолға  қою  мәселесін  шешу қажет. Зерттеулер  көрсеткендй,  девиантты  мінезді  балалардың  басым  көпшілігі  бір немесе  бірнеше  мұғалімдердің  шиеленісті  жағдайда  болады,ондай қарым-қатынас  олардың  түзелуіне  кері әсер етеді. Үшіншіден,  қиын оқушылардың  өз сыныптастарымен  қандай  жағдайда  екенін  анықтау  және  соған  лайықты  іс-шаралар  жүргізу. Олардың  көпшілігі  өз сыныбында – басбұзар,  іріткі  салушылар  және  өзі сияқты  бұзақылардың  жетекшісі болып келеді. Төртіншіден, ата-аналармен және достарымен  әңгімелесу  арқылы  тәрбиесі қиын  оқушылардың  бос  кездерінде  кімдермен  жүріп-тұратынын, қандай  топтарда,  орталарда  болатынын анықтау. Себебі  дәл сол  бейресми топтарда  болу  арқылы  олар  темекі шегу, арақ ішу, құмар  ойындарын  ойнауды  әдетке  айналдырады.

 Сонымен қатар,  олар өзінен  кішілерге әлімжеттік  жасауын,  жануарларды қаншалықты  жәбірлейтінін  анықтау да  олардың мінез-құлқының  бұзылығын  көрсетеді.

Жоғары да көрсетілген  төрт  көрсеткіштің  екеуінің  бар  болуының  өзі-ақ  оқушыны  тәрбиесі  қиын  балалар  қатарына  қосуға  жеткілікті.

2. Аталған  тәрбиесі қиын балалардың  тәртібі мен  адамгершілік  қасиеттерін  дамытудағы  ауытқушылықтардың  себебін  зерттеу  және  жеке  басының  психологиялық  ерекшеліктерін  зерделеу.

Қиын балалардың «қиындығы» неде  екенін  білу  үшін  оның  себебін  табу керк. Біріншіден, оның жүйкесі  мен  психикасында  ауытқушылық бар-жоғын  анықтап  білу керек. Мамандардың пікірінше, олндай  ауытқушылығы  бар  оқушылардың 10-15 пайызы жүйке  немесе  психикалық  ауру  жағдайына  байланысты  болады екен. Мұндай  оқушыларды  тәрбиелеуден  бұрын  емдеу керек.

Екіншіден, сау балалардың  адамгершілік  қасиеттеріне қандай  факторлар  жағымды, ал қандай  факторлар  жағымсыз әсер  ететінін  анықтап алу  үшін ақпарат  жинау. Ол үшін  әңгімелер,  бақылау  сауалнама жүргізу,  құжаттарды  зерттеу  әдістері  қолданылады. Олардың  бәріне  дұрыс  талдау  жасау  дегеніміз – қиын  балаларды  анықтауда  қателікке  бой  ұрмау  жағын  қарастыру  болып табылады.

Девиантты  мінезді  оқушыны  қайта  тәрбиелеу  кезеңінде  төмендегі  факторларды  есепке  алмайынша істің  табысты  болмайтыны  белгілі: отбасындағы  жағдайы, досы  кім,  бос уақытында кіммен  және қалай  өткізеді,  сабақ  оқуда  неден  қиналады,  сынып  ұжымымен  және  педагогтармен  қарым-қатынасы  қалай, оның өзінің  тұлғалық  ерекшеліктері. Осындый ерекшеліктерін  есепке  алу оған  дұрыс  диагноз  қоюмен  бірдей. Дұрыс  қойылған  диагноз  аурудың  дұрыс  ем  қабылдауына  оң әсер  ететіні  белігілі жайт.

    1. Девиантты  балаларған  педагогикалық  әсер ету жолдары.

Ойланып  жоспарланған  түзету  жұмыстары оқу-тәрбие  жұмысында  қиын  балаларды  қайта тәрбиелеу  кезеңінде аса  маңызды  болып  табылады.

Біріншіден, мектеп  жоспарында  қиын  балалардың барлығы  үшін  жүргізілетін  іс-шаралар белгіленуі  тиіс. Екіншіден, әрбір  қиын  оқушымен  жүргізілетін  жеке жұмыс  жоспарының  болуы ләзім.

Осындай  жоспарларда   қиын балалрға  отбасы тәрбиесінің жағымсыз  факторларын  болдырмау,  кездейсоқ  топтардың жағымсыз  әсерінен  оларды қорғау, сабаққа  қызығуын арттыру,  қандай  да бір  істерге  ынталандыру  сияқты мақсаттар қойылуы шарт. Сондай-ақ,  қиын  оқушылардың  жағымды  жақтарын  нақтылап,  оны  олардың  өзін  түзету  ісіне  ұтымды пайдалана білу - әлеуметтік  педагогтің нағыз  ерлігі  болып саналды. әрине,  әлеуметтік  педагог  барлық уақытта  сабырлы  болуы тиіс. Өйткені,  түзету  жұмыстары  өз  жемісін  тез арада бере  қоймайтынын  саналы  ұғынуымыз керек.

  1. Қиын  балалардың  сыныптастары және  пән мұғалімдерімен қарым-қатынасын өзгерту  жолдары.

Қиын  балалардың  басым  көпшілігі  өздерін  өзі  оқитын  сыныптан  оқшау  ұстайды, оларды  сыныптың тіршілігі   қызықтырмайды,  олардан  қашқақтайды. Олар, әдетте,  нашар  оқығандықтан,  сыныптастары оларды  себепті  тәрбиеші  барлық кезде  сабырлы  болуы тиіс. Өйткені,  түзету  жұмыстары өз  жемісін тез арада  бере  қомайтыны  саналы  ұғынумыз  керек.

Девиантты  мінезді  оқушылар  өздеріне ұрысқанды ұната бермейді. Сондықтан  мектеп  мұғалімдері  олармен  болған  қарым-қатынаста  педагогикалық  этиканы аса қатаң  асқақтауы қажет.

  1. Қиын оқушыларды  әртүрлі  жағымды  істерге  қатысуға тарту арқылы  оларды  табысқа  жетелеу.

Қиын оқушыларды қайта тәрбиелеу дегеніміз:  оның жағымсыз  әдеттерін  жағымды  әдеттермен  шығарып  тастау. Оқу  жасындағы  балалардың  негізгі  айналыстаын  істері – оқу,  еңбек ету мен  қызыққан  ісімен  айналысу.

Оқу оқушылардың  негізігі  қызметі  болып  табылады,   сондықтан   қиын  оқуышларды  мектепке қайтару,  оқуға  қызығуын  арттыру – аса күрделі  әрі  әлеуметтік педагогтің  беделін  артытыратын  іс. Себебі қиын  балалардың  90 пайызының  сабаққа  ықыласы жоқ. Сондықтан  оларды  сыныптан тыс  іс-шараларға  тарту арқылы,  спортқа,  техникаға,  өнерге қызықтыру  арқылы  оқуға  бірте-бірте  тарту  әлеуметтік  педагогтердің және пән мұғалімдердің  қасиетті ісі  болып табылады. Себебі,  аталған  қызметтердің  бірінде  жеңіске  жету оларды  басқа  да  істерге  табысты  болуға  жетелейді.

Ол  үшін  әлеуметтік  педагог  адамның өзін-өзі дамытушылық  қасиетімен өзін-өзі тәрбиелеу  мүмкіндігін  еспке  алуы керек.

әрбір баланың  жақсы  болуға  тырысатын кездері  болады: оның  сондай  белсенділігі  мен  талпынысына  қолдау  көрету,  демеп  жіберу, сеніммен  қарау  балаға  қанат  бітіріп,  басқаларға  деген  сенімен  ұлғайтады.

Қиын  оқушыларға  әртүрлі жағдаяттар туғызу арқылы  сыныпта  оның  беделін көтеруге  мүмкіндік  беру,  ұжымдық  шығармашылық  істерге тарта  отырып  оның қабілетін  жақсы  жағынан  көрсете  білуіне  жәрдемдесу  олардың  мектеп  ұжымына  қайта оралуына  әсер  ететін  бақытты сәттер  болып  есептеледі. Әлеуметтік  педагог  қиын оқушылармен  жұмыс  жүргізгенде  осыларды  іске асыруға міндетті.

    1. Қиын  оқушылардың отбасылық  жағдайын  өзгерту.

Отбасының қиын  жағдайы  бала тәрбиесіне  кері  әсер  ететіні  бұрын  да  бірнеше рет  дәлелденгені  ақиқат.

Біз жоғарыда айтқандай, қалыптағы  отбасыдан  «қиын»  бала  шыға  қоймайтыны  белгілі. Алайда Л.Толстой  жазғандай: «барлық  бақытты  отбасылар  бір-біріне қандай  ұқсас  болса,  әрбір  бақытсыз отбасы бір-біріне  ұқсамайтындай  әрқилы  бақытсыз»(43.).

Бұл  жерде  айтпай  кетуге  болмайтын  біраз  жәйттер  де бар. Өзінің  физиологиялық  және  психологиялық ерекшеліктеріне  байланысты  қыздарға  қарағанда  ұл  балалардың  ішінде  девиантты  мінезділер  анағұрлым жиі кездеседі. Оның  дәлелді себебі жоқ емес. Қазіргі кезеңде  тәрбие  жұмысында фемизиациялану  үрдісі  жүріп  жатыр немесе бала   дүниеге  келгеннен бастап  әйелдердің  тәрбиесін көріп өседі: отбасы, балабақша, мектеп. Ана  тәрбиесі  мен әке тәрбиесі бірдей жүрмеген  жағдайда  табиғи  теңдік  бұзылатыны  айдан анық нәрсе. Себебін ашып көрелік.

Анасы  баланы  көтергеннен  бастап  оны тоғыз ай бойы өз бойында  сақтайды, құрасығында  жетілдереді. Сол  уақыттың  бәрінде  ана мен баланың арасында  тығыз  биологиялық  байланыстар  орнайды. Ананың  көптеген  қасиеттері  балаға  беріледі. Дүниеге келген  соң  да бала  ана  сүтімен  қоректеніп, жүргенге  дейін  тек  анасының  қамқорлығында  болады.  Бала-бақшаға  баратын  жағдай  туды делік, онда да оны  қарсы  алатын  өзінің  анасы  сияқты  тәрбиешілер, бастауыш  сыныпта  да әріп  танытатын  әйел мұғалімдер. Осы  факторлар  ер балаларда  ер адамға  лайық  мінездердің  толық  қалыптаспауына  әкеп соғады. Себебі,  үлкендер олар үшін үлгі. Ал ер балалардың  алатын  үлгісі  тек «ақ жаулықты аналар»  болғандықтан,  олардың  мінез-құлқы  солай  қалыптасады. Біз бұл жерде  әйелдерді  кемсітуден  аулақпыз,  тек  осындай  мәселенің  бар  екенін  айтпақпыз. Мінезі  солай  қылыптасқан  ер бала  жігіттің  сөзі,  намыс, уәде,  ар сияқты  еркекке  тән  ұғымдарды  бойына дарыта  қоймайды да  ұсақтыққа  көбірек  кетіп қалады. Сөйтіп, олар тез  өкпелегіш, біріне-бірін  шағыстырғыш,  өтірік  айтуға  бейім  болып  қалыптасады.

Біз бұл жерде  ер балаға әкенің  тәрбиесінің  қаншалықты  әсерлі  екенін  көрсетуді  мақсат  етіп  ғана  айтып  отырмыз. «Баланың ұяты  әкеге, қыздың  ұяты  шешеге», «Атадан бала туар, атасының жолын  қуар», «Ата – балаға сыншы», «Ата  баласының  ат  меңіндей  белгісі  болады», «Атадан  - өсиет, анадан - қасиет»  деген  қазақ  мақалдары  әкенің  балаға  қаншалықты  тәлім-тәрбие берудегі  рөлі  мен  орнын  көрсететіні  сөзсіз. Ал  жапон  мақалы  «Ер балаға  жүз  мұғалімнен  бір әке артық» десе, белгілі  педагог В.Сухомлинский «ер  бала  үшін  жақсы  минстрден  жаман  әке артық» деп  түйіндейді.

Баланың алғашқы  адами  құныдлықтары,  әрине,  отбасында  қалыптасады. Алайда, ешбір  ата-ана  өз баласының  жаман  болғанын  қаламайтыны  даусыз. Егер  әртүрлі  себептермен баласы  тура  жолдан  шығып  кеткеннің өзінде  ол  ата-аналарды  кіналай  бермей,  бірлесіп жұмыс  істеу  үшін  олармен  дұрыс  қарым-қатынас  орнату  керек, ал екіншіден, ол  отбасының  барлық  жағдайын  зерттеу керек. Бұл үшін  «Менің отбасым», «Мен не үшін  ата-аналарымды  жақсы  көремін  (сыйлаймын)», «мен  бос  уақытымды  қалай  өткіземін?»  тақырыптарында  шығарма  жаздырған жөн. Үшінден, істелген  жұмыстың  бәрі  алдын ала  терең  жан-жақты  ойластырған  болуы керек. Ата-аналармен,  олардың  тәрбиесі  қиын  балалармен  жүргізілетін  жұмыс  сол  отбасының жеке ерекшеліктерін  ескере  отырып  жоспарланғаны  дұрыс: Төртіншіден,  барлық жүргізілген  жұмыстар  өзінің  оң  нәтижесін  бермесе,  онда  атқарушы  органдарға  немесе құқық  қорғау  орындарына,  басқа да  комиссия  және сотқа  жүгінген жөн.

Информация о работе Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен агрессивті балалармен жұмыс істеу ерекшелігі