Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен агрессивті балалармен жұмыс істеу ерекшелігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2014 в 20:51, дипломная работа

Описание работы

Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда кәсіптік мектептерде қиын балалар көбірек кездесетіні белгілі, «Қиын балалар дегеніміз кімдер?» - деген сұраққа, былай жауап беруге болады: «Олар мектеп тарапынан ерекше, қосымша бақылауды талап ететін, тәрбиелеуге қарсылық білдіретін балалар». Сонымен қоса, білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мұғалімдердің талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, топтастарымен үнемі тіл табыса аламайтын, ол кейде психикалық дамуы, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ (әртүрлі жүйке ауруларына шалдыққан) балаларды қиын балалар және қиын жасөспірімдер қатарына жатқызуға болады. Қазіргі уақытта дәрігер, психологтар және инспекторлардың есебінде осындай балалардың пайызы жоғары болып отыр.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3-5
І тарау. Қиын жасөспірім мәселесінің әдіснамалық негіздері............................6-33
1.1 «Қиын бала» ұғымының шығуы және ғалым-педагогтардың
ой-пікірлері...............................................................................................................6-11
1.2 Жасөспірімдер арасындағы ауытқушылық мінез-құлықтың
шығу себептері мен факторлары............................................................................12-21
1.3 Қиын жасөспірімді тәрбиелеудегі мектеп ұжымы мен отбасының рөлі......22-33
ІІ тарау. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың профилактикасы мен агрессивті
балалармен жұмыс істеу ерекшелігі.......................................................................34-49
2.1 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың
қадағалауыныз және панасыз қалуының
алдын алу.................................................................................................................34-38
2.2 Әлеуметтік педагогтың агрессивті балалармен
жұмыс жасау ерекшелігі..........................................................................................39-42
2.3 «Қиын» баланы қайта тәрбиелеу жолдары......................................................43-49
ІІІ тарау. Әлеуметтік педагогтың қиын жасөспірімдермен жұмыс
жасауы және оларды қайта тәрбиелеу жолдары...................................................50-79
3.1 Жасөспірімнің дұрыс әлеуметтенуін әлеуметтік
педагогикалық тұрғыдан қарастыру......................................................................50-56
3.2 «Қиын» жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс ерекшелігі.............................57-76
3.3 «Қиын» жасөспірімдердің бос уақытын
дұрыс ұйымдастыру...............................................................................................77-79
Қорытынды...............................................................................................................80-82
Қолданылған әдебиеттер........................................................................................83-85
Қосымшалар............................................................................................................86-107

Файлы: 1 файл

Дип. «Қиын» жасөспірімдер.DOC

— 624.00 Кб (Скачать файл)

         Тағы да  айтарымыз,  қиын  балаларға  тән  ерекшелік,  олардың  шамамен  90 пайызға  жуығы  мектептегі   оқу  бағдарламаларын  үлгермеушілер.

Бұлардың  көпшілігінің  ақыл-естері  бар,  денелері  сау, оқуға  қабілетті.  Бірақ  араларында  кездесіп  қалатын  бірлі-жарым  балалардың  ақыл-есінде көзге көріне  қоймайтын  ақаулары  бар,  сол  себептен,  олар  үлгермеушілер  қатарында  қалып  қояды. Негізінде, мұнадай  үлгермеушілік  мектепке  байланысты. Өйткені,  мектепте  көптеген  қиын  балалардың  дара  және  топтық  ерекшеліктерін оқу-тәрбие процесін  ұйымдастыруда  әлеуметттік  педагогтар  ескере  бермейді. Мысалы,  олардың  66,5 пайызы  оқу  материалдарының негізгі  түйінін  іріктей  білмеу,  оны  бұрынғы  білімдерімен  байланыстырмау,  дәлірек  айтқанда,  ойлау  операцияларын  орны-орнымен  қолдана  алмаудан,  кейбіреулері  механикалық  түрде  жаттап  алуға  жүгінеді. Қиын  балалардың  87 пайызы  оқу  материалдарын  танып-білуде  оқу  ықыластарының  жоқтылығынан  пән  үйірмелері мен  факультеттеріне  қатыспайды.

Сонымен,  қиын  баламен  әңгімелесуге  қойылатын  талап,  олардың  дара  және  жас  ерекшеліктер  жан-жақты білу қажет.

Қиын  балалармен  тәрбие   жұмыстарын  жүргізуде  көңіл  аударарлық  әдіс – олардың бейім-қабілеттерін  ескеріп,  қоғамдық  мәні бар  тапсырмалар  беру  және  орынды  педагогикалық  талаптар  қою,  көптеген  қиын  балалардың  мінез-құлықтар  стереотипін   өзгертіп  адамгершілік  қасиеттерге  бағдар  беруде  олардың  ұнамдық  писхикалық  күйлерін, яғни  қуанышты  эмоциясын  пайдалана  білсек,  мектептегі  қызықты  да  тартымды  қоғамдық  жұмыстарға  белсенді  қатыстыруға  болар еді.

А.С.Макаренконың  бай  тәжірибесін  басшылыққа  алып,  әрбір  баланың  бейім-қабілетін,  мінез-құлықына  сай  оңды  және  шығармашылық  қызметтерін  ұйымдастырып  отыру  керек.

Дәлел  ретінде,  қиын  балаларға  жеке  тапсырмалар  тәсілін  қолданғанда,  оны  алдын-ала жоспарламай,  еріксіз  сипатта  жүргізіледі. Бұл тәсіл  қиын  баланың дөрекі  қылықтарынан  кейін  артын суытпай  педагогикалық   талаптарды  қоя  білу әдістерін  әңгімелесу  әдісмен байланыстырып  жүргізіп,  қайта  тәрбиелеу жұмысын  өткізу  өзгешеліктерге  назар  аударайық.

Сәкен 7 сынып оқиды, 13 жаста,  оның  жолына,  бағыт-бағдарына,  іс-әрекеттеріне  талдау  жасаймыз.

1. Сәкен  жайлы  жалпы мінездеме  алу.

2. Сәкеннің  отбасындағы  қарым-қатынасын,  тәрбиесін  жағдай  мүмкіндігін  білу.

3. Сынып  ұжымы  мен Сәкен  арасындағы  байланысты  және  оқуға,  қоғамдық  пайдалы  еңбекке,  қоғамдық  тапсырмаларға  қатысын  байқау.

4. Сәкеннің  мінез-құлқындағы  ерекшеліктері  мен  ынта-ықыласына  анықтама  жасау.

Педагогикалық  бағдардың  нәтижесі:

а) Сәкен ашуланшақ,  көңіл-күйі құбылмалы,  тұрақсыз,  педагогикалық  талаптарды  мойындаймайды. Сынып   ұжымы  мүшелеріне  жек  көрінішті  болғанымен,  дене  күшінің  басымдылығын  қарай  оны  жалған  сыйлайды;

ә) екінші  бір  ерекшелік,  Сәкен  мадақтау  мен  сенім  артуды  ұнатпайды,  спорт  ойындарына  еліктейді;

б) жағымсыз  мінез-құлқының  қалыптасуына  «көше»  балаларының  ықпалы  әсер  еткен. Баланың  мінезінде қаталды,  менмендік,  күш  көресту  сияқты  ұсықынсыз  сипаттар  қалыптасқан. Осының  негізінде,  бала  мен шешенің  арасында  келіспеушілік  туған. Баланы сабау,  жәбірлеу,  үлкенге  деген  сенімді  төмендетіп,  мұғалімдердің талап-тілектеріне  қарсы  қиқарлық,  тіл  алмау,  дөрекілік  жасауға  себепші  болған.

Енді  Сәкенге  берілген  мінездемеге  сүйеніп,  эксиперемент  ретінде  қайта  тәрбиелеу  жұмысының  мақсат-міндетін   белгіледік:

- алғашқы  міндет – баланың  сынып  ұжымы  мен  әлеуметтік педагогтерінің  арасында  оңды  қарым-қатынастар  жасау;

- екінші   міндет – қиын  баланың  алдына  айқын  талаптар  қойып,  сол  талаптар  көлемінде  қоғамдық  пікірлер  туғызу және  оны  тәртіпке  шақыру;

- келесі  міндет – баланы  қоғамдық  жұмыстарға араластырып,  жалпы  бағыт-бағдарын  еңбекке,  оқуға  дұрыс  көзқарасын  қалыптастыру;

- ең  соңында – айтылып  отырған  міндеттерді іс  жүзіне  асыру  барысында  баланың  менменшіл,  дөрекілік,  қаталдық,  қатыгездік  қылықтарын  жою  және  өзін-өзі  тәрбиелеуге  дайындау.

Бұл  міндетттерді  іс  жүзіне  асыруда  кейбір  методикалық  жүйені  байқауға  болады.

Біріншіден,  әдіс-тәсілдердің  тууына  бала  тұрмысының  жай-жапсарын,  мінез-құлқының  кейбір  ерекшелігімен мүмкіндігін   бағдарлап  тану  себепші  болса,  екіншіден,  қиын  баланың  ұжыммен  қарым-қатынасындағы  елеулі  жақтарын  және   мінез-құлқындағы  басты  ерекшеліктерін  туғызатын  себептерін  тануға  негіз  болады. Себепті  білу,  баламен  жеке  тәрбие жұмысының  дәлелді  мақсатын  белгілуді  міндеттейді. Алдағы  тұрған  мақсатты  білу,  Сәкенмен  әртүрлі  жеке  тәрбие   жұмысының  жолдарын  көрсетсе,  ең  алдымен,  тәрбие  жолын  білу – сыны  жетекшісінің  белсенді  түрде  тәрбиенің  айқын  тәсілдерімен  баланың  ішкі  дүниесіне  өзгерістер  енгізіп,  оның  өз  сынып  ұжымымен  дұрыс  қарым-қатынастар  жүйесін  қалыптастырып,  соның  негізінде  баланың  өзін-өзі  тәрбиелеуіне  қиындықтар  болғаны  белгілі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ата-анасы мен қиын бала туралы әлеуметтік карта

 

Аты –жөні

Сариев Даурен Нұрманұлы.

Туған жылы

11.04.1990.

Оқитын мектебі

Н.Оңдасынов атындағы №38 мектпе гимназиясы.

Ата-анасы жайлы мағлұмат

Сариев Нұрлан – АЗС жұмысшы,

Елтаева Гүлнар – жұмыссыз.

Психикалық зақымдануы

//-//-//-//-//-//-//

1. Кімді өзіңе үлгі тұтасың?

Ата-анамды.

2. Бос кезінде немен айналысасың?

Спорт ойындарымен және футбол.

3.Теледидардан қандай бағдарламаларды  жиі көресің?

Кино. Боевик.

4.Сыныптағы жолдастармен қарым-қатынасың?

Жақсы.

5.Ішімдікке және темекіге қандай көзқараспен қарайсың?

Темекіге, ішімдікке теріс көзқараспен қараймын.

6.Спорт ойындарының қайсысын  ұнатасың?

Бокс.

7.Мектепте болатын кружоктарға  қатысасың ба? Қатысатын болсаң  қай түріне?

Қатыспаймын.

8.Қай пәнді сүйіп оқисың?

Тарих.

9. Жыл мерзімнің қайсысын ұнатасың?

Көктем.

10.Болашақта кім болуды қалайсың?

Қорғаушы.


 

 

 

3.3. «Қиын» жасөспірімдердің бос уақытын дұрыс  ұйымдастыру

ОАМИ «Болашақ» балалар  қоғамдық   ұйым  жұмысын   жоспарлауда   осы  облыстық  «Болашақ»   балалар   ұйымының  алға  қойған  мақсат-міндеттері  негізге  алынды.

Ол  мәдениетті  жан-жақты   дамыған   бәсекелеуге  икемі   бар,   жалпы  адамгершілік   қасиетін   игерудегі   шығармашылық   іскерлігі  мен  әділеттілігі  мамандықтарды  меңгеруге  ынталы,   өмірдің  барлық  саласындағы   ұлттық  және    әлемдік   жетістіктерді     дамытуға   және   түсінуге   мүмкіншілігі  бар  болашақ   жастарды    тәрбиелеу  мектепте.  Болашақ   балалар  ұйымы   жас  ерекшеліктеріне  қарай   үш   топқа  бөлінеді:

І-ші   топ:  «Балдырған» 7-10 жас  аралығы

ІІ-ші топ:  «Жас  ұлан» 11-13  жас  аралығы

ІІІ-ші топ: «Өркен»  14-15 жас   аралығы

Үш  топтың  да   өзіне  сәйкес   салтанатты  анты  мен  уәдесі  бар.

«Болашақ»  балалар   ұйымы  бес   бағытта    жұмыс  жасайды.

1-ші  бағыт: «Асыл  мұра»

2-ші  бағыт: «Мен  және  әлем»

3-ші  бағыт: «Мен  және  жанұям»

4-ші  бағыт: «Мен  және  мәдениет»

5-ші  бағыт: «Мен  және  экология»

Бірінші   қыркүйек  «Білім  күніне»  балалар  салтанатты  мерекеге   ұстаздарды  құттықтап  өнерлерін  көрсетеді.

«Қазақстан  халықтарының   тілдері»  апталығына  байланысты  «Тіл   тағдыры-ел  тағдыры»  атты  сайыс   жүргізілді.  Онда  әр  топ  бір  мемлекетті  алып,   оның   тілін ,   салт-дәстүрін  көрсетті.  1- ші  мен   2- ші  топтың  балалары  Ресей  мен  Украин  мемлекетін  таныстырып,  биін   билеп    салт – дәстүрлерін   көрсетті.   Қыздар   тобы   түрік   халқы  мен  таныстырып,    биін   билеп   өнерлерін  көрсетеді.  Мектеп  басшысы   Ш.Б. Сәрсенбаев  балаларды  алғыс   хаттармен  марапаттап,   сыйлықтар  табыс  етті.

Балалар   жас  ерекшеліктеріне   қарай  өз  елінің,   отанының  мәдениеті  мен  салт-дәстүрі,   әдет-ғұрпы  мен   тарихи,   туып   өскен  аймағының   тарихын   зерттеп  ерекшеліктерімен  танысады.   Осыған  орай  қаланың  50 – жылдық  мерей  тойына  байланысты   балалар  қаланың   мұражайына   барып,   қаланың   шығу   тарихына  танысып ,  ұлы  адамдарға   қойылған   кесенелер,  ескерткіштерден  мағлұмат  алды.

«Мұғалімдер   күніне»   арнайы   концерт   қойылды.  Балалар  ұстаздарды  құттықтап,   би   билеп  ән  айтты.   Әр  топ    ұстаздарға   арнап   қабырға   газетін   шығарды.   Мұғалімдер  балалардың    өнерлеріне   тән   риза  болып,   алғыстарын  айтты.  

Ата-ана  тәрбиенің  күре  тамыры.   Ата-ана  балаға   қандай  тәрбие   берсе,  солай   қарай   бала   қисаяды.   Балаға  сондай   ақыл   кеңес,  өнеге,  тәрбие  керек.  Келе – келе  инабатты,   зейінді  тындырымды,   жақсыға   жаны  құмар  болып  қалыптасады,   осыған  байланысты  мектеп,   «Жастар   нашақорлыққа  қарсы» атты  дөңгелек   үстел   өткізді.   Онда   жастар  орталығы,   нарколог  дәрігері,  ішкі-істер  бөлімінен   қатысып,   олар  балаларға    «нашаға  қарсы»,   «қылмысқа  қарсы»  неше   түрлі  бейне  таспаларды   көрсетіп,   балаларды  дұрыс   жолға  түсулерін  айтты.   Дөңгелек   үстел  өте  қызықта, танымалы өтті.

Қазан  айында  мектепте   «Ән  мен  әнші»  өтті,  онда   әр  топ  сайысқа  түсті.  Мереке  қалалық   ТВ «Икар»,  қала  әкімі   концертке  келді.   Сайысқа  қатысқанда  балалар  өздерінің  бойында    өнерлерін   көрсете  алды.

22-ші  қазан   күні   мектебіміз  қаладағы  мәдениет   сарайында  «Ораза  қабыл  болсын»   атты   үлкен  концерт  берді.   Концертке   қала  басшысы,   әр   ұйым  басшысы,   мектеп   оқушылары  келді.   Балалардың   өнерлеріне  қаланың   барлығы    риза  болды.  Қараша   айында  болған  қалалық  «нашақорлыққа  қарсы»  атты  дебатқа   түсіп   өз  пікірлерін  айтып  отырды,   өнерлі  балалар   ән   айтып,   би   биледі.

16  желтоқсан  Тәуелсіз   күні   « Бостандық  тұлғалары»  ашық  тәрбие  сағаты   өтті.    Онда  балалар   Л. Асанова ,  Қ. Рысқұлбеков,  С. Мұхамеджанқызын  көрсетті. 

Аяз – ата   шеберханасында   балалар  жаңа  жылдық   қойылымдар   көрсетті.   Осы   мерекеде  балалармен  бірге  ұстаздар,   тәрбиешілер   қатысып,.. ән  айтып  би  биледі.

Негізгі  мектептің  мақсаты  қоғам  алдында   тұрған  ең   жауапты  міндет,   Тәуелсіз  мемлекетіміздің   уығы  боп   қадалатын  келешек,  яғни   жас   ұрпаққа  адамгершілік,   патриоттық,   халықтық  тәрбие  беру.  Балаларды   жан-жақты   ынталандыру    және   ұйымдастыру   қызметіне   баулу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

Сонымен,  әрбір  әлеуметтік  педагог  қиын  баланың  дербес  ерекшелігі  мен  ынта-ықыласын,  тұрмыс  жағдайын  ескеріп,  айқын,  нақты  талаптар  қояды. Орындалмақ  әрбір  педагогикалық  талаптар  мен  тапсырмалар  балалардың жағдай-мүмкіндіктерімен  қабілет-икемділіктерімен  сәйкестендіру  шарт.

Қайта  тәрбиелеу  процесінде  өз  орынын  тауып  келе  жатқан  әдіс -   педагогикалық  иландыру. Көп  жағдайда  этикалық  тақырыптарға  түсіндіру,  әңгімелесу  тәсілдерін  қолдану  өз  нәтижесін  бере  бермейді. Қиын  оқушының  моральдық-эмоциялық  күйін  туғызып,  жанамалы  түрде  оны  нақтылы  пайдаланып,  оның  алдына  айқын  мақсаттар  қоюда  педагогикалық  иландырудың  орны  бөлек. Егер де,  айқын  мақсат  шамалы  болса  да  баланың  санасына  жетсе,  оның  тұрақты  қабылдауына  педагогикалық  жағдай  жасап,  саналы  іс-әрекеттерінің  дәлеліне айналдыруға  болады.

Педагогикалық  иландырудың  әсер  ететендігін (қатты  дауыс  шығару,  бұйыру,  өктемдік  білдіру,  байкот жариялау тағы басқа) байқаймыз.

Әрине,  бұл  әдіс  басқа  да тәрбие  әдістерімен  тығыз  байланыста  жүргізілуі  тиіс.

Педагогикалық  иландыру  фактор ретінде  оқу-тәрбие  процесінде  жекелеген  балаларға  педагогикалық  ықпалдар  жасалынғанда  еріксіз,  стихиялық  түрде  болғанмен  де белгілі  мақсатқа  негізделінеді.

Информация о работе Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен агрессивті балалармен жұмыс істеу ерекшелігі