Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен агрессивті балалармен жұмыс істеу ерекшелігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2014 в 20:51, дипломная работа

Описание работы

Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда кәсіптік мектептерде қиын балалар көбірек кездесетіні белгілі, «Қиын балалар дегеніміз кімдер?» - деген сұраққа, былай жауап беруге болады: «Олар мектеп тарапынан ерекше, қосымша бақылауды талап ететін, тәрбиелеуге қарсылық білдіретін балалар». Сонымен қоса, білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мұғалімдердің талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, топтастарымен үнемі тіл табыса аламайтын, ол кейде психикалық дамуы, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ (әртүрлі жүйке ауруларына шалдыққан) балаларды қиын балалар және қиын жасөспірімдер қатарына жатқызуға болады. Қазіргі уақытта дәрігер, психологтар және инспекторлардың есебінде осындай балалардың пайызы жоғары болып отыр.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3-5
І тарау. Қиын жасөспірім мәселесінің әдіснамалық негіздері............................6-33
1.1 «Қиын бала» ұғымының шығуы және ғалым-педагогтардың
ой-пікірлері...............................................................................................................6-11
1.2 Жасөспірімдер арасындағы ауытқушылық мінез-құлықтың
шығу себептері мен факторлары............................................................................12-21
1.3 Қиын жасөспірімді тәрбиелеудегі мектеп ұжымы мен отбасының рөлі......22-33
ІІ тарау. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың профилактикасы мен агрессивті
балалармен жұмыс істеу ерекшелігі.......................................................................34-49
2.1 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың
қадағалауыныз және панасыз қалуының
алдын алу.................................................................................................................34-38
2.2 Әлеуметтік педагогтың агрессивті балалармен
жұмыс жасау ерекшелігі..........................................................................................39-42
2.3 «Қиын» баланы қайта тәрбиелеу жолдары......................................................43-49
ІІІ тарау. Әлеуметтік педагогтың қиын жасөспірімдермен жұмыс
жасауы және оларды қайта тәрбиелеу жолдары...................................................50-79
3.1 Жасөспірімнің дұрыс әлеуметтенуін әлеуметтік
педагогикалық тұрғыдан қарастыру......................................................................50-56
3.2 «Қиын» жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс ерекшелігі.............................57-76
3.3 «Қиын» жасөспірімдердің бос уақытын
дұрыс ұйымдастыру...............................................................................................77-79
Қорытынды...............................................................................................................80-82
Қолданылған әдебиеттер........................................................................................83-85
Қосымшалар............................................................................................................86-107

Файлы: 1 файл

Дип. «Қиын» жасөспірімдер.DOC

— 624.00 Кб (Скачать файл)

1. Инспекторлық тіркеу, бақылауға  алу.

2. Конференцияларға, дәрістерге қатыстыру.

3. Ата-анасымен кездесіп, әңгіме  өткізу.

Ата-анасымен жүргізілетін жұмыстар:

  1. Отбасының материалдық жағдайымен танысу.
  2. Әртүрлі тақырыптарда сауалнамалар алу.
  3. Ата-анамен үнемі тығыз байланыста болып, ақыл-кеңестер беру.
    • ұстамды, сабырлы сөйлеу;
    • қол жеткен табыстары үшін мадақтау;
    • үйде қатаң күн тәртібін орнату;
    • балаға шектен тыс тыйым салмау және тағы басқа.

Оқушымен  жүргізілетін жұмыстар:

  1. Балаға ілтипатпен қарап, оның жағымды қасиеттерін ашуға тырысу.
  2. Сынып ұжымынан бөлектемей, іс-шараларға қатыстыру, қоғамдық тапсырма беру.
  3. Сабаққа қатысуын жүйелі бақылау.
  4. Бос уақытын үнемі пайдалануға дағдыландыру.
  5. Оқушылардың даму ерекшеліктерін үнемі бақылап, диагностикалық зерттеу жүргізу.
  6. Сауалнамалар, тест әдістерін пайдалану.

Нәтижесінде

    • өзара түсінік пайда болды;
    • сабақтан қалмайды;
    • мінез-құлқында оңалу байқалады;
    • бақылауға көне бастады;
    • ақыл-кеңестерді тыңдайтын дәрежеге жетеді;
    • ұжымнан бөлінбейтін болды;
    • жеке басының жақсы сапалары ашылды;
    • жүйке сауыға бастады;
    • өзіне деген сенімділік пайда болып, оң қадам басты;
    • 9-сыныпты бітіргін соң арнайы кәсіптік колледжге оқуға түсті.

  Отбасындағы мектептегі тәрбие  жұмыстарынан  кеткен  кемшіліктер  жинақтала   келе,  қоғамдық  тәрбиедегі  қателіктермен  байланысып  қиын  балалардың  тәртібін  одан  әрі шиеленістіре береді.

Елімізде  әлеуметтік-экономикалық  жүйені  басқаруда  әкімшілік  тәсілдердің  орын алуы,  қоғамымыздың  тұйыққа  тірелген  кезеңдерінде өндірістік  орындар  мен  мекемелердің  кейбір  қоғамдық  ұйымдардың  қызметкерлері  мен  жұмысшылары өз отбасындағы  балаларын  тәрбиелеуге  көңілдерін  аз  аударып  келеді. Кәмелетке  жасы  толмаған  жасөспірімдер  істері  жөніндегі  комиссия  мен милиция  органдарында  тәрбиені  дұрыс  жүргізбейтін  жанұяларды  дер  кезінде  айқындап  тәртіпке  шақырмаушылық  бар,  оларды де кезінде  қадағалап  отыру  да  нақтылы  жолға  қойылмаған. Сонымен   бірге  «тәжірибелі»  заң нормасын  бұзушы  үлкендердің  өз ісіне толық  жауап  бере  алмайтын  жеткіншектердің  ұрлық, тонау, озбырлық  жасау  сияқты  әрекеттерге  үйретулеріне  дер кезінде  тосқауылдардың  болмауында.

Міне, тәрбие  жұмыстарындағы  осындай  формализм,  немқұрайдылық, жауапсыздық тағы басқасы  қиын  балалардың  тәрбиесіне кері  әсер  тигізуде.

Тәрбиедегі  қиындықты  туғызатын  тағы бір жәйт – кездейсоқ  балалардың,  топтардың    жекелеген  балаға  тигізетін теріс  ықпалы  әлеуметтік  педагогтың  назарынан  тыс  болмауы қажет. Өйткені,  жеткіншек жастағы  балада  өз  қатарларындағы  құрбыларымен  достық,  жолдастық  қарым-қатынаста болу  мұқтаждығы  сияқты  ерекшелік  болады.

Көптеген  зерттеулердің  дәлеледегеніндей,  балалардың мектептен  тыс  кездерінде  тиянақты  түрде  араласып,  сырласып,  тұратын  компаниялары,  серіктері  баршылық. Бұл  серіктес  достардың  ұстаған  бағыты  дұрыс болса  жақсы,  ал  оған  керісінше  болса,  уақыттарын  қалай  болса  солай  келеңсіз  өткізіп,  бір  істен екінші  іске ауысып, бұзықтық  жасауға  қолайлы  жағдайлар  туады.

Қайта  тәриелеу  процесін  ұйымдастырғанда,  баланың  психологиялық-педагогикалық  ерекшеліктерін  әлеуметтік  педагогтар  білулері қажет. Себебі,  қандай бір  педагогикалық  ықпалдар жасамасын,  олар  баланың  ішкі жан дүниесімен сабақтасып  жатуы  тиіс, баланың  ішкі  позициясы жеке  адамның дербес  қасиеті болып  саналады.

Кеңес  психологы  С.Л.Рубинштейннің  «детерминизмді  түсіну  заңына талдау  беріп,  сыртқы  себептер  ішкі  жағдайдың   тікелей  қатысуымен  шешіледі»(8.) - деуі ден  қоярлық. Өйткені, жеке  адамның  ішкі жағдайы  сыртқы  әсерлерге  таңдамалы  түрде  қарайтындығымен  айқындамақ. Сондықтан, қайта  тәрбиелеу  процесінің  нәтижелілігі  педагогикалық  ықпалдардың жеке адамның ішкі   жағдайларына байланысты жоспарлы,  мақсатты  түрде  ұйымдастырылуы арқылы шешілмек.

Ол  үшін,  қиын  балалардың  дара ерекшеліктерін жан-жақты  зерттеу қажет. Осы мәселе  төңірегінде белгілі кеңес  психологы  К.К.Платоновтың  көзқарасына  жүгінсек,  «жеке адамның  психологиялық  құрылысы төрт  бірліктен  тұрады  екен. Олардың біріншісі – жеке  адамның  темперамент,  жыныс  және  жас  өзгешеліктері  (физиологиялық  ерекшеліктері); екіншісі – адам  дамуындағы  психологиялық  процестерінің  кейбір  дербес  ерекшеліктері: ес,  ерік,  түсіну,  эмоция, қабылдау  және ойлау тағы басқа  қабілеттер (биологиялық  ерекшеліктері) болмақ. Үшінішісі – баланың күнделікті  тәжірибесі, білімі,  әдет-дағдысы,  іскерлігі  мен  ептілігі,  ал , төртінші – жеке адамның  жалпы  бағыт-бағдары  мен адамгершілік қадір-қасиеттерінің  бірлігі мен  тұрмақ». әсіресе, соңғы  екі проблема  бір-бірімен  байланыс етсе,  жасөспірмдердің әлеуметтік  бағыт-бағдарлары, көзқарастары, бейім-қабілеттері  қалыптасады  екен.

Қиын  балалардың  психологиялық  ерекшеліктері.                                     1. Фамилия, есімі, жасы, оқиытын сыныбы, мекен-жайы.

2. Денсаулық күйі: а) дене пішіні, бет әлпеті, күш-қуаты, организмнің жалпы дамуы – жасына сай ма, сай емес пе?; ә) психикалық дамуы – жасына сай, сай емес; б) жалпы дамуындағы  ауытқушылық ( туа, туғаннан кейін), психологиялық  зақымдану (тұрмыстық  жағдай,  ұрыс-талас, дау-жанжал, миы  шайқалуы, шыжындық,  қорқақтық,томаға тұйықтық, жасқаншақтық,  ызақорлық, жылаңқылық).

Отбасындағы тәрбие жағдайы:

1. Отбасы      туралы жалпы мағлұмат: отбасы  құрамы, әлеуметтiк жағдайы, бiлiмi, тұрмысы, ара-қатынастары, дәрежесi, бiр-бiрiне әсерi, ықпалдары  (жағымды, жағымсыз).

2. Отбасындағы қарым-қатынас ерекшелiктерi: а) ата-ана мен отбасы мүшелерiнiң баламен қарым-қатынасы (жақсы көредi, еркелетедi, салқынқанды қатынас, әрбiр iсiн қадағалау, қадағаламау, селқос, дөрекi, ұрыс-керiс, жәбiрлеу, ұрлыққа үйрету тағы басқа).

а) қиын баланың ата-анасының жанұяның басқа мүшелерiне қатысы (бiрiн-бiрi сыйлау, сүйiспеншiлiк болу, көмектесу, әдептiлiк, енжарлық, немқұрайдылық, жек көру, жиркенiшпен қарау, сөйлеспеу тағы басқа).

б) отбасындағы үй жұмыстарына қатысуы (еңбек сүйгiштiк, өздiгiнен орындау, тұрмыс және өзiн көтеру еңбектерiне икемдiлiгi, икемсiздiгi, еңбекке неқұрайды қарау, жалқау, бастаған iстi аяқтамау тағы басқа).

3. Баланың өз үйiнде оқу жұмыстарын  ұйымдастыру (үй тапсырмаларын орындауға  жағдай жасалынған, жасалынбаған, үйде оқу жұмыстарын тиянақты орындауды қадағалау, салақтық жасайды, күн режимiн ұстайды, ұстамайды, ата-ана тарапынан көмектесу, бақылау, көмектеспейдi, қадағаламайды тағы басқа).

4. Отбасында баланың бос уақытын  ұйымдастыру (бiрiгiп әдеби кiтаптар  оқу, оқымау, кинотеатр, спектакльдерге бару, көңiл аудару, аудармау, уақытын қызғылықты өткiзу, қыдырымпаз, қаңғыбас тағы басқа)

5. Ата-ананың мектепке көмегi (баланың  оқу үлгерiмi мен тәртiбi жайлы  хабарласу, хабарласпау, оқу-тәрбие  процесiне көмектесу, көмектеспеу тағы басқа)

6. Отбасының тәрбие берерлiк  дәрежесi (ұжымдық рухта бiрiн-бiрi сыйлау, сый-құрмет көрсету, эгоистiк  пиғылдар, жеке мүдделерiн жоғары  ұстау, ұрыс-керiсте болу, тәрбиенi дұрыс  құрмау тағы басқа).

Сынып ұжымының     қиын балаға қатысы:

1. Сынып туралы жалпы мiнездеме (ұжымшылдық негiзде, ұйымшыл, ұжым    мүшелерiне талап қою көлемi, әрбiр баланы   қоғамдық жұмыстарға тарту немесе ұйымшылдығы жоқ, әрбiр оқушы өз мүддесiн ойлау, топ-топқа бөлiну, жiкшiлдiк).

2. Қиын баланың сыныптас құрбыларымен  қарым-қатынасы (сыныптағы қоғамдық тапсырмаларды белсендiлiкпен, тапқырлықпен орындау немесе енжарлық, немқұрайдылық көрсету, ұжым      мүддесiн жеке мүддесiнен жоғары санау немесе төмен қою, жолдастық достықты сезiну, сезiнбеу баланың құрбыларының арасында алатын орны, үстемдiк басшылыққа талпыну, өзiн-өзi жоғары санау немесе бағынышты болу, тұйықтық тағы басқа)

3. Педагогикалық  ұжымның     қиын баламен қарым-қатынасы (әрбiр  оқушыны бiркелкi санау, таңдап сыйлау, жеке бастарын сыйлау, сыйламау, өзара және жас ерекшелiктерiне ескермеу, ескеру, педагогтiк этикасын білу, дауыс көтеру, мәдениет дәрежесi төмен тағы басқа)

Қиын оқушының оқуға және еңбекке қатысы:

Оқуға ынта-ықылас мен қызығушылық көлемi (оқуға ынталы, ынтасы жоқ, оқу пәндерiн, таңдау, сыныптан тыс және үйiрме жұмыстарына қатысады, қатыспайды, оқығысы келмейдi тағы басқа)

2. Бiлiм жүйесiндегi кемшiлiктер (оқу  материалдарының түйiндi мәселелерiн  саралай алмау, ойлау операцияларын  талдау, бiрiктiру, салыстыру, есiнде  сақтау, орын-орнымен қолданбау, оқуға ынталы емес, жалқау және қиын оқушының қай пәндердi үлгермейтiндiгiн айқындау тағы басқа)

3. Қоғамдық пайдалы еңбекке қатысты:

а) еңбектiң қандай түрi болмасын соған қатысты (еңбексүйгiш, белсендi, өздiгiнен орындау, орындаушы, қадағалауға дағдыланған, жалқау, бастаған iстi аяқтамау, енжар тағы басқа)

ә) еңбектiң қандай түрiне икемдi (оқу-өндiрiстерiне, тұрмыстық шаруашылыққа, өзiн-өзi күту еңбегiне, оқу шеберханасындағы еңбекке тағы басқа).

б) қоғамдық еңбек пен жеке адамның жұмысына (сый-құрмет көрсету, немқұрайды қарау) көзқарасы;

в) еңбек әдет-дағдыларын, икемдiлiктерiн, бейiмдiлiктерiн өздiгiнен қалыптастыру, оған селқостық, енжарлық жасау.

Қиын баланың айналасындағы адамдармен және жеке өзiне қарым-қатынасы.

1. Оқушының қарым-қатынасындағы  мiнез ерекшелiгi:

а) қоғамдық ортада, өндiрiстiк ұжымда, жора-жолдастары мен басқа адамдармен қарым-қатынасы (елiмiздегi жаңалықтардан хабардар, хабардар емес, айналасымен байланыс жасай алады, шындықты айтады және жақтайды, үлкен-кiшiнi сыйлайды, сыйламайды, өзiн-өзi ұстай алмайды, ызақор, ашуланшақ, тұйық тағы басқа).

ә) қатар құрбылары мен мектеп оқушылармен қарым-қатынасы (өзiн бiркелкi ұстау, сыйласымды, ұстамды, артықшылығын сезiну, күш көрсету, жәбiрлеу, зорлықты сезiну, зорлық-зомбылық жасау, қорқақ, ұялшақ тағы басқа).

2. Жеке өз басына қатысты:

а) жеке басына сын көзбен қарау, дұрыс баға беру, артық санау, қатал, өзiне сенiмдi, сенiмсiз, төмен санау тағы  басқа;

ә) дене күшiне сену, басшылыққа ұмтылу, абройлы, жарамсақтау, жалынышты болу тағы  басқа;

б) үлкендерге ұқсауда өз пiкiрi болуы, бағынышты болмауы, өздiгiнен орындауға талпыну, ешкiмге қажет емеспiн деп сезiну.

3. Жеке басының ынта-ықыласы, құштарлығы, талап-тiлегi:

а) шығарамшылық, ұйымдастырушылық iстер мен техникалық, математикалық, музыкалық бейнелеу өнерiне бейiмдiлiгi және спорт ойындарына икемдiлiгi бар немесе жоқ.

ә) үйiрме және секция жүмыстарына қатысады, қатыспайды;

б)  көркем әдебиет, газет-журналдарды оқиды (оқымайды), спектакльдер мен кинофильм, теледидарды тиянақты көредi, көрмейдi;

в) қыдырымпаздыққа, қаңғыбастыққа, ұрлыққа, бұзақылыққа, арақ-шарап iшуге, темекi наша тартуға құмар, құмар емес.

4. Жеке басының мiнез-құлқын жөндеуге, өзiн-өзi тәрбиелеуге талаптануы:

а) түзеуге талаптану, әрекеттенбеу;

ә) мiнезiн түзеуге сенiмдi, сенiмсiз;

б) мiнез-құлқын жөндеудi ойластырмау, болашағына көзi жетпеу, көзбояушылық жасау.

5. Қиын баланың жалпы адамгершiлiк қасиетiне мiнездеме (ұжымшыл, бiр мақсатты, табанды, шыншыл, қарапайым, тұйық,   екi жүздi, қатыгез, қиқар, қырсық, дөрекi тағы басқа).

Педагогикалық   шешім:

1. Отбасыда,  мектепте, қоғамдық  орындарда қандай жағымсыз әдет-дағдылар  баланың мінез-құлқына, жүріс тұрысына  әсер ететіндігін анықтау.      

2. Қиын баланың бағыт-бағдарындағы  тіректі адамгершілік қасиеті  болса, соның негізінде қайта тәрбиелеу процесін  құрудың  бағдарламасын жоспарлау.

3. Қиын баланың  дербес  ерекшелігін  ескеріп, оның  адамгершілікті  сыр-сипатын,  оқу-тәрбие  процесінде  дамытуды  ұйымдастыру мен басқарудаа жеке  басын сыйлау, оның дамуына  объективті  жағдайлар туғызу.

Сөйтіп,  бағдарламаның  құрылысына  жүгінсек,  қиын  балалардың  психологиялық-педагогикалық  ерекшеліктерін  талдауда,  олардың айналасын   қоршаған  адамдармен   және  жеке  өзіне  деген қарым-қатынастар  жүйесіне,  оқуға,  еңбекке   ынта-ықыластарын, қызығушылық  және  сүйіспеншілік  күйлеріне  көңіл  аударып  отыру қажет.

Сонымен,  көп  жылғы  зерттеу  жұмыстарының  дәлелдеуінше,  қиын  балалардың  96 пайызына  тән  қаисет - өтірік айту.

Өтірік айту  тек  олардың  арына  тиетін  жағдайларда,  яғни  күшпен  әсер  етуде  ғана емес,  ешқашан да  сырттай  қысым  жасалмай-ақ   өтірік-фантазия  құрып  айтуға  икем  болады.

Қиын  балалардың  типтік  өзгешеліктері – эмоциялық   тұрғыдан  ашуланшақ,  білектің  күшіне  сену,  білекті  баланың алдында  жалпақтау,  мейірімсіздік,  дөрекілік,  қиқарлық,  өзімшілдік,  менмендік  қылықтарымен  сипатталады. Олардың  күнделікті  жүріс-тұрыстарында  кездесетін  кемшіліктер:  қиқарлық – 67 пайыз, қыңырлық – 28 пайыз, менмендік, өзімшілдік – 53 пайыз.

Көп ретте,  жанұядағы келіспеушілік,  оған  қоса  мектеп  жағдайларында  жеткіншектердің  жеке басын  сыйласпаушылық, әлеуметтік  педагогтар  мен  қиын  балалардың  арасында  туындайтын  дау-жанжал,  ұрыс-керіс  жинақтала  келе  баланың  үйінен  кетуіне,  мектепке  бармай  қалуына  қаңғыбастыққа  душар  ететді, Осы типтес  қиын  балалардың 87  пайызы  тек  қыдырып  қана  қоймай,  көршілес  ауылға,  облысқа,  одақтас  республикаға  да  қашып  кете  береді. Ал  қаңғыбастық,  қыдырымпаздылық  бірден-бір  ұрлық, тонау, жәбірлеу,  қорқытып  зат  нәрселерін  тартып  алу 79,4 пайыз тағы басқа  әрекеттерге  жүгіндіреді. Бұлардың  41,9 пайызы  өздерінен  жасы  үлкен «көше»  жолдастары  жоғарыдағы қылықтарға  үйретсе,  қалғандарын  темекі  тартуға, әртүрлі заттар,  тәтті  тамақ  сатып  алуға  мәжбүр  еткен.

Информация о работе Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен агрессивті балалармен жұмыс істеу ерекшелігі