Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен агрессивті балалармен жұмыс істеу ерекшелігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2014 в 20:51, дипломная работа

Описание работы

Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда кәсіптік мектептерде қиын балалар көбірек кездесетіні белгілі, «Қиын балалар дегеніміз кімдер?» - деген сұраққа, былай жауап беруге болады: «Олар мектеп тарапынан ерекше, қосымша бақылауды талап ететін, тәрбиелеуге қарсылық білдіретін балалар». Сонымен қоса, білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мұғалімдердің талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, топтастарымен үнемі тіл табыса аламайтын, ол кейде психикалық дамуы, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ (әртүрлі жүйке ауруларына шалдыққан) балаларды қиын балалар және қиын жасөспірімдер қатарына жатқызуға болады. Қазіргі уақытта дәрігер, психологтар және инспекторлардың есебінде осындай балалардың пайызы жоғары болып отыр.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3-5
І тарау. Қиын жасөспірім мәселесінің әдіснамалық негіздері............................6-33
1.1 «Қиын бала» ұғымының шығуы және ғалым-педагогтардың
ой-пікірлері...............................................................................................................6-11
1.2 Жасөспірімдер арасындағы ауытқушылық мінез-құлықтың
шығу себептері мен факторлары............................................................................12-21
1.3 Қиын жасөспірімді тәрбиелеудегі мектеп ұжымы мен отбасының рөлі......22-33
ІІ тарау. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың профилактикасы мен агрессивті
балалармен жұмыс істеу ерекшелігі.......................................................................34-49
2.1 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың
қадағалауыныз және панасыз қалуының
алдын алу.................................................................................................................34-38
2.2 Әлеуметтік педагогтың агрессивті балалармен
жұмыс жасау ерекшелігі..........................................................................................39-42
2.3 «Қиын» баланы қайта тәрбиелеу жолдары......................................................43-49
ІІІ тарау. Әлеуметтік педагогтың қиын жасөспірімдермен жұмыс
жасауы және оларды қайта тәрбиелеу жолдары...................................................50-79
3.1 Жасөспірімнің дұрыс әлеуметтенуін әлеуметтік
педагогикалық тұрғыдан қарастыру......................................................................50-56
3.2 «Қиын» жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс ерекшелігі.............................57-76
3.3 «Қиын» жасөспірімдердің бос уақытын
дұрыс ұйымдастыру...............................................................................................77-79
Қорытынды...............................................................................................................80-82
Қолданылған әдебиеттер........................................................................................83-85
Қосымшалар............................................................................................................86-107

Файлы: 1 файл

Дип. «Қиын» жасөспірімдер.DOC

— 624.00 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ тарау. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен агрессивті балалармен жұмыс істеу ерекшелігі

2.1 Кәмелетке толмағандар  арасындағы құқық бұзушылардың  профилактикасы мен  балалардың   қадағалаусыз  және  панасыз   қалуының  алдын  алу.

Кәмелетке  толмағандар  арасындағы   құқық  бұзушылардың   балалардың  қадағалаусыз  және  панасыз    қалуының  басты  себептерінің   бірі   тәрбие   жұмысының   дұрыс  жүргізілмеуінен  деп  есептеймін.

Еліміздің   болашағы – білімді  ұрпақ.   Мың  өліп,  мың  тірілген  қазақ   халқы  ежелден – ақ,  өз  ұрпақтарының  болашағы   мен   тәрбиесіне   үлкен   жауапкершілікпен   қарап,    ерекше  көңіл  бөлген.

Тәрбие    халықтың   ғасырлар   бойы   жинақтап,    іріктеп   алған  озық   тәжірибесі   мен   ізгі  қасиеттерін   жас   ұрпақтың   бойына  сіңіру,    баланың   қоршаған  ортадағы   қарым-қатынасын,    дүниетанымын,   өмірге   деген   көз  қарасын   және  соған  сай   мінез – құлқын  қалыптастыру  болып  табылады.

Тәрбиенің   негізгі  мақсаты :  дені  сау ,  ұлттық  сана  сезімі  оянған, рухани  ойлау   дәрежесі   биік,   мәдениетті,   парасатты,   ар-ожданы  мол,  еңбекқор ,  іскер,    бойында   басқада   қасиеттер  қалыптасқан   адамды  тәрбиелеу.

Өскелең   ұрпақты   тәрбиелеу   жүйесі    қазіргі   заман   талабына    сай    өмірде   болып   жатқан  өзгерістерге   байланысты    жаңарып   отыруы  тиіс. Қазіргі   қоғам  жан – жақты  үйлесімді   жетілген   жаңа  адамды  тәрбиелеуді    талап  етіп  отыр.

Тәлім – тәрбиенің   мақсаты - баланың   жасы  мен  жеке  басының   ерекшелігін,   психикалық    процестерін  ескере   отырып,   салауатты   ұрпақты    тәрбиелеу.   Қоғамдық   тәрбие    халықтың   педагогикадан  бастау  алып,  ғылымда   дәлелденген   нәтижелерге   сүйенсе,   тәрбие   құралдары  мен   әдістері   дұрыс   таңдалып   жүргізілсе,    игілікті     тәрбиенің  негізі   қаланбақ.

Бала  тәрбиесін   жалпы  мынадай   үш   түрге  бөлуге  болады : рухани   тәрбие,  ата-ана  тәрбиесі,    стихиялы   тәрбие.

Жасөспірімдерге   берілетін    осы   үш   тәрбиенің   қазіргі    жағдайы   қандай ?

1. Рухани  тәрбие. Кеңес  дәуіріндегі    комунистік   рухани   тәрбие   қазір   жоқ  екендігі  баршамызға  аян.   Оның  орнына   қазір   халықтың  педагогика   негіздерін   пайдалану  қолға   алынып    жатыр.

Жас  ұрпақ – иіліп  тұрған   көк   шыбық.    Оның  түзу  немесе    қисық   өсуі    бағбанның  дұрыс  күтіп,   бағуына  байланысты.    Сол  сияқты  баланың  болашағы  да   оның  ата-анасы  мен   ұстаздарынан  алған  тәрбиесінің   сапасына  тікелей   байланысты.  Жас   ұрпақтың   рухани   тәрбие  алуына  ұстаздардың   берері  мол.

        Ұстазы   білімді   ұрпақ   қана   еліміздің   болашағын  көркейтер   азамат  болып   жетіледі.    Ұстаз  -  ұрпағымыздың   адамгершілікке ,   азаматтыққа,   ана  тілін  және    ұлттық  салт – дәстүрлерді    ардақтауға  тәрбиелейді.   Мектептегі    тәрбие   жүйесіне   тікелей  жауапты   мектеп   басшысының   тәрбие  ісі   жөніндегі   орынбасарының  алдындағы   міндеттер   өте    жауапты  әрі   күрделі.  Негізінен   мектеп  басшысының   тәрбие  ісі   жөніндегі   орынбасарлары  сынып   жетекшілерімен ,  әлеуметтік педагог – психологтармен   және  ата-аналармен   бірлесе   жұмыс  жасауымыз  керек. Тәрбие  ісінің   меңгерушілері   өздерінің   күнделікті  қызметінде «сынып  жетекшілер  әріптестірімен,  отбасымен,   жұртшылықпен   бірігіп   жұмыс  істейді»  деген   түсінікте.   Бірақ  қазіргі   таңда   бұл  пікірді  анықтау     қажет  сияқты :   біріншіден,    сынып  жетекшілер  оқушыны  тәрбиелеу   жөнінде   өзара  келісті,   ал  оқушы   бұл    жағдайдан – бейхабар. Ол   оқушыға   осы  жағдайда  қандай   көмек   қажет ,   немесе  ол  өзінің  проблемаларын   өзі  шешетіндей    мүмкіндігі  бар  ма ?  Бұл   жағы  тасада   қалады.    Сондықтан ,  көп  жағдайда,   тәрбие   жұмысы  нәтиже   бермейді.  Тәрбие   жүйесіндегі  сынып  жетекшісінің    орнын  анықтау   барысында  ең  басты   бағыттан  айырылмаған  абзал – ол  оқушы мен  сынып   жетекшісінің   өзара  байланысы. Оқушының   қалыптасуына   ықпал  жасайтын   жағдайлардың   бірнеше  түрлерін  атап  өтсек.  Олар:  баланың  бос   уақыты,  баланың  өмір  сүретін   ортасы,   тұрмыс – қалпы  және   мектептен  тыс  мекемелеріндегі  (спорт  мектебіндегі) тәлім – тәрбие. 

  Оқушының  бос  уақытын  ата – анамен  бірлесе  отырып  тиімді   ұйымдастырылса,    оқушының    тұрмыс  қалпы  тек  қана   үйдің  материалдық   жағдайымен   шектеліп   қалмайды.   Мектепте  ауық – ауық белгілі    бір  модаға  байланысты  «эпидемиялар»   болып  тұрады.   Мысалы «Бригада»  фильміне  еліктеу.   Кейбір  оқушылар   (әсіресе , ересек)  сыныптарындағы,    құрбыларындағы     киім  тағы басқа және  сол  сияқты  заттар  болмағанына  налып,    кемісітіп  жатады.  Сондықтан,  көп жағдайларда  ата – аналармен  келіспеушілік  туады.

Осымен   рухани  тәрбие    жөнінде   қорыта  келе   ұстаздардың   басты  назарында – оқушы – Адам,  оқушы – тұлға,   әр  оқушының    ерекше  қасиеттері,  оларды    қорғау,   дамыту  міндеттері.   Ал  сынып    ұжымы - әр  балаға   қолайлы  ортаға  айналуы  керек.

2. Ата-ана  тәрбиесі.  Қайтсек  күнімізді  көреміз  деп   базарда   тиын  санап  жүрген  ата-аналар   балаларының  тәрбиесіне   дұрыстап  көңіл  бөлуге  мүмкіндіктері   мүлде  аз.  Сабақтан  тыс  бос  уақыттарда   ата-ананың  бақылауынсыз  қалған   балалар   компьютер   клубында  немесе   сая  бақтарда  уақытын  өткізуде.   Бұл   жастарға  кері  әсерін   тигізуде .   Қазақстан  Республикасы  Ата  заңының  27  баптың 2 тармағында  «  балаларына  қамқорлық  жасау  және  оларды  тәрбиелеу – ата-ананың  табиғи   құқығы,  әрі  парызы»   делінсе,    Қазақстан  2030   бағдарламасында  «Әкелер  мен  аналардың    өз   балалары  алдындағы   жауапкершілігін   күнделікті  есте  ұстауға  тиіспіз...» делініп,    ұрпақ  тағдыры  мен  мемлекет  тағдыры   қатар   қойылған.

Баланың  өсу  процесінде   ата-анаға  деген  көз  қарасы   үш   бөлімнен   тұрады:

Сәбилік  кезең.   Бұл  кезеңде   сәби  ата-анасын  сөзсіз   жақсы  көріп,  айтқанын  бұлжытпай  орындауға  тырысады.

Бозбалалық   кезең. Бұл  кезеңде  бала  ата-анасының  бойынан,   айтқан  сөздерінен   кемшілік  тауып,   қарсы  шығып,   оның  айтқанын   істемеуге  тырысады.

Үлкейіп  ақыл  тоқтатқан  кезең.   Бұл   кезеңде    баласы  ата – анасын  мойындап,   сыйлап,   құрметтей  бастайды.

 Атақты  педагог А.С. Макаренко   «бес  жасқа  дейін   тәрбие  көрмеген  баланы   қайта  тәрбиелеуге   тура  келеді,    бірақ  «қиын»  болады»   деп  айтқандай    бала  ең  алдымен  өз   ошақ  басына  қарап  өседі.    Баланың   бас  ұстазы  ата-ана  болып  саналады.    Отбасы  мүшелерінің  барлық  қылықтары ,    іс-әрекеті  балаға   бұлжымас    заң   тәрізді   әсер  етеді» (48.).

Қазақстан  республикасының « Қазақстан  республикасындағы    балалар  құқығы   туралы»   заңының   24-ші   бабында   Ата-анасының   баланы  тәрбиелеу,  күтіп-бағу   және  асырау   жөніндегі  міндеттері   жазылған.   Осы  заңның  аясында  және  Қазақстан  республикасының   әкімшілік  кодексінің   111,  112,   113,  114,  115,   117,   331,   337,   338,  333 – ші  баптары  бойынша    өз  міндеттерін  орындамаған  ата-аналарға   әкімшілік  шара  қолданып,   айып  пұлдар  салынса,   ата-ананың    жауапкершілігі  артады.

3.Стихиалы   тәрбие.  Жасөспірімдер  нені   үйреніп   жатыр ?  Компьютерлік  ойындар  мен  теледидардан,   бейне  таспалармен  интернеттен     қатыгездік  пен  эротикалық   фильмдер   көріп,    батыстан  келіп   жатқан   сорақы   тәрбиенің  ықпалынан   кері  әсер  алуда.   Шекара  асып  келе  жатқан   есірткінің  де  әсері  аз  болып   жатқан  жоқ.

Сайып  келгенде,   нарық  эканомикасы   деп  жүріп,   жасөспірімнің   тәрбиесіне  айтарлықтай   көңіл  бөлінбегенін    мойындауымыз  керек.  Нарық  эканомикасы да  бір   қалыпқа   түсіп,  халқымыздың   эканомикасы   жақсарды.    Қорыта  келе,    жоғарыда  аталып   өткен  3-тәрбие,   оның     ішінде  ата-ана  тәрбиесі  мен   стихиялы  тәрбиені    дұрыс  жолға   қою  арқылы   және   Қазақстан  Республикасы   «Кәмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық   бұзушылықтардың     профилактикасымен   балалардың   қадағалаусыз   және  панасыз   қалуының    алдын  алу  туралы»  Заңының  10 – бап.  Ішкі  істер   органдарының   құзіреті,    12 – бап.   Білім  беру  органдарының  құзіреті,    және  3-бап.   Кәмелетке  толмаған  арасындағы   құқық   бұзушылықтардың   қадағалаусыз   және  панасыз   қалудың    профилактикасы  саласындағы    мемлекеттік  саясат.    Осы  аталған  заңның   аясында   ішкі  істер,  ата-аналар, ұстаздар және әлеуметтік педагогтар  бірігіп,   жұмыс  жасасақ   кәмелетке  толмағандар  арасындағы   құқық  бұзушылықтардың   алдын  аламыз.

Кентау қаласындағы  облыстық арнайы мектеп интернатыда тәрбиеленіп жатқан қиын   жасөспірімдердің «Құқық бұзушылы балалардың» мәліметін төмендегі статистикадан көруге болады.

 

Девиантты тәртіптің құрылымы

 

Девиантты тәртіптің құрылымы

Жасөспірімдердің тәртібіндегі ауытқушылықтың әр түрлілігін көрсету.

1 - топ

2 - топ

Көрсеткіш

%

Көрсеткіш

%

Алаяқтық

19

44,1

26

35,1

Бұзақылық

12

27,9

39

р<0,05

52,7

Қаңғыбастық

2

11,6

18

24,3

Тонаушылық

4

9,3

20

р<0,05

27

Транспорт айдап кету

-

-

10

13,5

Алкоголды және басқа да заттарды пайдалану және психиканың бұзылуы

33

76,7

61

82,5

Ерте жыныстық қатынас

37

86,1

69

93,2

Суицитальдік тәртіп

4

9,3

14

18,9


 

 

 

2.2.Агерсивті балалармен жұмыс жасау ерекшелігі

Бүгінгі   таңдағы   қоғамдағы   ірі   өзгерістер  мен  күрделене   түскен  экономикалық  жағдайлар   жас  ұрпақ  психологиясына   айрықша  әсер  етіп  қана  қоймай,  күн  сайын   күшейе   түскен  бұл  қолайсыз  факторлар  мектептегі   оқу  тәрбие   үрдістерін   жақсартудың  баламалы    жолдарын  іздестіруді   талап  етеді.

Ежелден  мәлім  қағида – адам  бойындағы  таза  қасиеттердің  пайда  болып,   қалыптасуында  отбасылық  ықпалдың  алар  орны  ерекше. Отбасының   рухани  тірегі – ата-ана. Өкінішке  орай,  кейбір  реттерде  мектептегі   тың  жаңалықтар  мен   бағдарламаларды  еркін  меңгеріп,   өмірдің  барлық   кедергілерінен   сүрінбей  өтуге  бейімділігі  бар  оқушыларға   рухани  және  материалдық   қолдау  көрсетуге  ой - өрісі, шамалары  жетпейтін  ата-аналарда  кездесіп  қалады.

Егер  ата-анасының  рухани  жан-дүниесі  кедей,  мәдениеті  төмен   болса,   ондай   адамдардан  ақыл – сезімі  нашар,   жігерсіз   нәресте  келетіні  шындық.  Ежелгі  Қытай  трактаттарында,   үнділердің  киелі  жазбаларында  бала  құрсағында  оны  дүниеге  әкелудің  нақты  әрекеттерінен  көп  бұрын-ақ  бищэнергетикалық  жағынан   қалыптасатыны  айтылған.  Бала  ата-анасының   психобиоэнергетикалық     жағдайынан   және   олардың  сүйіспеншілік    сезімінен,  жан-дүниесінің   толқыныстарынан  пайда  болады.   Осынау  көзсіз де   мөлдір    қарым-қатынастар      арқылы   ерлі-зайыптылар  ғарыштан балаға  тіршілік  дәнін   егетін  қуат,  қазақша   айтсақ,    баланың  жанын  таратын   көрінеді .   Егер  ерлі – зайыптылардың  ортасында   махаббат  болмаса    және   рухани  жағынан   мүгедек  болса,   әлгі  ғашықтық   қуатты     толық  тартуға   шамалары  келмей,   олардан  туған  сәбилер  өмірдегі   жағымсыз    құбылыстардың  алдында   әлсіз  болып  жаратылады.  Айналадағы   зиянды  әрекеттерді   бойына  тез   сіңіріп  алатын,   тиянақсыз,   жақсы  нәрселерге  жуымайтын   содырлар   осындайлардың  арасынан  шығады.     Сондықтан  қоғам  алдында   рухани   кемелденген   адам   қалыптасуындағы   ата-ананың  жауапкершілігі  аса  зор.   

Мектепке   балалар   көбінесе   отбасынан  мінез – құлқы  қалыптасып  келеді  де,  бұдан  кейінгі  оқу  тәрбие  ісі      оларға  ата – анасы  берген  қабілеттерін  шыңдау   үшін   бағытталады.    Міне,  осы  орайда,   балалардың   бойындағы   жағымды  қасиеттерді    оятып,   жағымсыз  мінез,   әдеттерді   жою  талабы   педагогикалық    іс-әрекеттердің      тиімділігіне   байланысты  болмақ.

Мұғалімдік  іс-тәжірибеде  ата-аналардан   үнемі: «балам  төбелесе   береді,   бір  орында  тыныш  отыра  алмайды,   немесе  тақтада  жауап  беруге   қорқады,  не   істеу  керек ?»  деген   сұрақтар   жиі   қойылады.   Ал  мұғалімдер  қауымынан: Қазіргі балалар өзгеше  «қиын»  болып  кеткен  деген  лебіздер  естиміз. Бұл  сұрауларға  мектеп  мұғалімі,    дәрігер,  ата-ана,  әлеуметтік педагог, психолог  бірлескен  іс-әрекет  негізінде  ғана  көмек  бере  аламыз.  Бастауыш сынып  оқушыларына   білім  беру   үрдісінде   әсіресе  «ерекше»   балалар  мінез   құлқы   өзіне   көңіл  аудартады. «Ерекше»  балаларға   әр  сыныпта   кездесетін:  агресивті  балалар,   өте  белсенді  балалар,  мазасыз  балалар  тобы   жатады.

Информация о работе Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен агрессивті балалармен жұмыс істеу ерекшелігі