Ойын технологиясын қолданудың тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2015 в 20:00, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен - күнге басты талапқа айналып , осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді .
Курстық жұмысының өзектілігі :
Курстық жұмысымдағы өзекті мәселе : жаңа педтехнологияларды сабақтарда қолдануы – сабақтың білім сапасын көтерудің факторы деген пікірді дәлелдеу .

Содержание работы

І. КІРІСПЕ. …………………………………………………. ……..3


ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ ..........................................................................5

2.1. Педагогикалық технология талаптары .

2.2. Оқытуды технологияндыру .

а) Ойын технологиясын қолданудың тиімділігі.

ә) «Деңгейлеп саралау» технологиясы

б) М. Жанпейісованың модульдік технологиясын сабақта қолдану –
сабақтың білім сапасын көтерудің факторы.

в) Ұжымдық оқыту технологиясын пайдалану.


ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………...23


ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ………………………

Файлы: 1 файл

жаңа технологиялар.doc

— 198.50 Кб (Скачать файл)

  МАҒЖАН  ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ

 ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

 

«САБАҚТА  ЖАҢА  ПЕДТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ  ҚОЛДАНУ » 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          Орындаған :

                                            

                                   Мамандық : мемлекеттік тілді

                                     оқымайтын мектептердегі қазақ

            тілі мен әдебиеті

                                                          Бөлімі : күндізгі , 3 курс, 381 топ

                                                          Жетекшісі :

                                                                           

 

 

 

 

 

                                    ПЕТРОПАВЛ – 2008 ж.

 

 

 

                                                           

                          ЖОСПАР.

 

І. КІРІСПЕ. …………………………………………………. ……..3

 

 

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ ..........................................................................5

 

2.1. Педагогикалық технология талаптары .

 

2.2. Оқытуды  технологияндыру .                                      

 

а) Ойын  технологиясын қолданудың тиімділігі.

 

ә) «Деңгейлеп саралау» технологиясы

 

б) М. Жанпейісованың модульдік технологиясын сабақта қолдану –

    сабақтың білім  сапасын көтерудің факторы.

 

в) Ұжымдық оқыту технологиясын пайдалану.

 

 

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………...23

 

 

ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ…………………………………………………26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      КІРІСПЕ.

    Қазіргі    заманда    мұғалімнің негізгі  талабы  - оқушының білім  сапасын  арттыру  болып  табылады . Ал  білім  сапасын  көтеру  дегеніміз  -  оқушыны  жоғары  деңгейге  көтеру . Осы  мақсатты  алға  коя  отырып , жаңа  технологияларды  қолдануды  жөн   .

« Педагогикалық  технологиялар  -  бұл  білімнің  басымды  мақсаттарымен  біріктірілген  пәндер  мен  әдістемелердің  оқу  -  тәрбие  процесін  ұйымдастырудың  өзара  ортақ  тұжырымдамамен  байланысқан  міндеттерінің  мазмұнын , формалары  мен  әдістерінің  күрделі  және  ашық  жүйелері , мұнда  әр  позиция  басқаларына  әсер  етіп , ақыр  аяғында  оқушының  дамуына  жағымды  жағдайлар  жиынтығын  құрайды .

Қазіргі  білім  беру  жүйесінде  жаңа  технологияларды  енгізу  күннен  -  күнге  басты  талапқа  айналып , осы  әдістерді  жетілдіре  түсу  қажеттігі  күшейіп  келеді .

  Курстық жұмысының өзектілігі :    

 Курстық жұмысымдағы өзекті мәселе :   жаңа педтехнологияларды сабақтарда қолдануы – сабақтың  білім сапасын  көтерудің факторы деген пікірді дәлелдеу   .     

Мақсаты мен міндеттері :

     Бұл курстық  жұмысымда менің сөз етіп қозғалғалы  отырған басты тақырыбым – « Сабақта жаңа педтехнологияларды қолдану ».

    Жұмыстың басты мақсаты –  жаңа технологиялардың түрлерін, қолданылатын мақсаттарын, мағыналық құрылымын анықтап, өзіндік ерекшеліктерін, белгілерін , қолданылатын маңыздылығын көрсету.

     Осы мақсатты  іске асыру үшін, мынадай міндеттерді орындау алға қойылады :

- жаңа технологиялардың қолданылатын  түрлерін анықтап, оларға сипаттама беру ;

-  әр технологияның өзіндік ерекшеліктерін көрсету ;

- сабақтарда жаңа технологиялардың қолданыдың тиімділігін көрсету.

- жаңа педтехнологияларды сабақтарда қолдануы – сабақтың  білім сапасын  көтерудің факторы деген пікірді дәлелдеу   .     

 

Курстық жұмыстың нысанасы, дерек көздері :

     Жұмыстың нысанасы –  жаңа педтехнологиялар , олардың түрлері, ерекшеліктері.

    Курстық жұмыс барысында зерттеушілердің , ғылымдардың , әдіскерлердің  еңбектерлерін пайдаландым. Сонымен қатар   пікірлері негізге алынды, , М. Жанпейісова , Б. Блум , Ж. Қараев, Г. Селевко , Ш. Амонашвилиның пікірлері негізге алынды.

Зерттеу әдістері :

  Курстық жұмысты орындау  барысында жинақтау, сипаттау, талдау, баяндау салыстырмалы әдістер  қолданылды.

Курстық жұмыстың құрылымы :  

 Курстық жұмыс үш  бөлімнен тұрады :

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім .

ІІІ. Қорытынды.

Әдебиет тізімі.

Негізгі бөлім екі пунктен құрылған .

 

 

 

 


 

2.1. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАЛАПТАРЫ .

     Соңғы  кездерде  « педагогикалық  технология »  жөнінде  жиі  сөз  қозғалып  жүр . Педагогикалық   технология  оқытудың  тың  әдістемесі  немесе  мүлде  жаңаша  жолдарын  қарастырады  деп  түсінбеу  керек . Оқыту  мен  тәрбие  беру  үрдістері  ешқандай  « науқандық » , өтпелілікті  көтере  алмайтыны  белгілі . Керісінше , адамзат  баласының  өз  ұрпағын  оқыту , тәрбиелеудегі  ең  озық , тиімді  ізденістерін , тәжібиелерін  жалғастырып , тың  жолдар  іздеу , классикалық  педагогиканың  озық  үлгілерін  жаңашылдықпен  дамыту  жалғаса  бермек .

     « Педагогикалық  технология »  дегеніміз  не ?  Педагог  ғалым  Беспалько  өзінің  « Слагаемое  педагогическое  технология »  деген  еңбегінде  былай  деді : « Оқу  -  тәрбие  процесінің  алдын  ала  жүйелі  түрде  жоспарлануы  және  оның  тәжірибеде  жүзеге  асыу  -  белгілі  бір  педагогикалық  жүйенің  тәжірибеде  жүзеге  асу  жобасы » . Технология  қарапайым  тілмен  айтқанда , жүзеге  асатын  ғана , нақты  мақсаттардың  алдын  ала  ойластырылған  нақты  жобасы , яғни ,  белгілі  педагогикалық  жүйенің  тәжірибеде  жүзеге  асатын  жобасы . Ал  педагогикалық  жүйе  -  педагогикалық  технология  негізі .

     « Педагогикалық  жүйе  -  бір  - бірімен  байланысты  әдістер , педагогикалық  процестер , жеке  тұлға  қалыптастыруға  әсер  ететін  нақты  мақсатты , бағытты  педагогикалық  әсер » делінген  Беспальконың  « Слагаемое  педагогическая  технология »  еңбегінің  он  үш  бетінде .

 

                  Педагогикалық  жүйе  тәжірибеде :


 

     дидактикалық  мақсат                             оқыту  технологиясы

                                                                        арқылы  жүзеге  асады .

 

    Қазіргі  таңда  оқытылатын  пәндердің  балалардың  болашағы , таңдайтын  мамандығына  қарай  бағытталуына , яғни  мақсатты  білім  беру  ісіне  ерекше  назар  аударулыда . Сондай  -  ақ , жеке  тұлға , яғни  дарынды , шығармашылық  тұлға  қалыптастыру  білім  мен  тәрбие  берудегі  мемлекеттік  істің  ең  маңыздысы  болып  отыр . Кәсіпке  дайындау , мақсатты  білім  беру  -  тұлға  дамуын  жүзеге  асыратын  мәселелер . Педагогикалық  технология  оқыту  мақсатына  жетудің  тиімді , нақты  жолдарын  көрсетеді .

      Сабақ   мақсатын  айқындау , оған  қойылатын талап  жаңалық  емес . Ал , педагогикалық  технология  ерекшелігі , оның  талабы  осы  мақсатқа     жету ,    оқушының     өзі   арқылы , оның  оқу  іс  -  әрекетін   ұйымдастыру арқылы , ойлау  дағдыларын  дамыта  отырып   жүзеге   асыруды     қарастырады . Оқушылардың  оқудағы  іс  -  әрекеті    арқылы , олардың  ойлау  дағдыларын  жетілдіре  отырып  мақсат  қою  технологиясын  былайша  көрсетуге  болады .

( Блумның  жүйесі ) .

 

Дағдылар

Анықтама

Оқушы іс - әрекеті

Білім

Берілген жаңа түсінікті ұғу, еске ұстау, бұрынғы білімді еске түсіреді.

Тындайды, қабылдайды, еске сақтайды, ойлайды.

Түсіну

Жаңа материалда берілетін білімді түсіну, өзінше түсіндіру немесе болжам жасауы.

Түсіндіреді, айтады, көрсетеді, жазады.

Қолдану

Жаңа білімді тәжірибеде, яғни нақты жаңа жағдайға пайдалану.

Бұрынғы білім негізінде соны пайдалана отырып жаңа проблема шешеді.

Талдау

(анализ)

Алған білімді жіктеу, саралау, ең негізгі түйінді дәнін бөліп ала білу. Яғни, бүтінді бөліктерге жіктеу арасындағы байланысты айқындау, т.с.с.

Ойланады, салыстырады, табады, талқылайды, ашады, ізденеді.

Синтез (бір нәрсе жасайды, жинақтайды)

Жеке бөлшектерден, дара ұғымдардан тұтас дүние жасау (жалқыдан жалпыға)

Ойлап табады, құрастырады, шығарады, байланыстырады.

Баға ( сын, пайымдау)

Жаңа ұғым, жаңа материалдың құндылығын, керектігін анықтау, пайымдау.

Бағалайды, талқылайды, өз талабын айтады.


 

   Бұл  жүйені  ары  қарай жете түсіну  үшін  мұғалім  қандай  тірек  ұғымдағы  сөздерді  пайдалануы  мүмкін , соған  көз жүгіртейік .

 

Білім

Айтыңдар, жазыңдар, атап беріңдер, орнына қойыңдар.

Түсіну, ұғу

өз ойларынды айтыңдар, түсіндіріндер, ұқсастық, айырмашылығын көрсетіңдер, мәнін түсіңдіріндер.

Қолдану

Қолданыңдар, табыңдар, пайдаланыңдар.

Анализ

Былай қарағанда, салыстырғанда, басқаша ойластырғанда, басқаша ерекшелігін табыңдар, негізгі қасиетін дәлелдендер.

Синтез

Құрайық, ойлайық (жаңа нәрсе), керісінше, мүмкін.

баға

Бәрінен жақсы, бәрінен жаман, неге солай, пікірдің біреуіне келісемін, сын айтыңдар.


 

 Беспальконың  еңбегінде  оқушының  білімді  меңгеру  сатысы  төмендегі  үлгіде  былай  көрсетілген .


                                                                  шығармашылық

ІҮ                   


                                                     эвристикалық

ІІІ


                            алгоритмдік

ІІ


              Оқушы деңгейі                                                                                                

І


     Бұл  кестеде  жоғарыда  біз  сөз  еткен  мақсатты  қою  технологиясы  білімнің  бастапқы  оқушы  деңгейінен  шығармашылыққа  дейінгі  жобасы  айқын  көрсетілген . Бірінші  сатыда  ( оқушы  деңгейі )  мұғалім  көмегімен  оқушы  алдындағы  мақсатты  шешеді , орындайды ,  оқушыға  бұрынғы  білімі  көмекке  келуі  мүмкін  болса , екінші  алгоритмдік  сатыда  ( көмексіз , ақыл  -  кеңессіз )  оқушы  мақсатқа  өз  бетінше  жетеді  ( алдағы  қойылған  мақсат , ситуация  анық  болған  жағдайда ) .

     Ал   мақсат  айқын , ситуация  түсініксіз  болса , оны  оқушы  өздері  шешсе , өз  еңбектерімен  жаңа  мәлімет , білім  алса , ол  эвристикалық  саты  болмақ .  Төртінші  саты  -  ең  жоғары  шығармашылық  саты . Мақсат  нақты  емес , жалпылама , оқушы  мақсатты  айқындап ,  сол  арқылы  шешуге  кіріседі , жаңа  білім  игеріледі , тың  мәлімет  шешіледі . Оның  технологиясы  бойынша  оқушының  осы  шығармашылық  сатыға  жету  жолдары  тек  мұғалім  арқылы  емес , оқушының  өзі , іс  -  әрекеті  арқылы  жүзеге  асады .  Технологияның  негізгі  ерекшелігі  де , тиімділігі  де  осынды . Бала  білімін  оқушы  деңгейінен  шығармашылық  деңгейге  жетелеуде  дамыта  оқыту  ( развивающее  обучение )  проблемалық  оқытудың  атқарар  орны  ерекше .

     Қазір  педагог  ғылымдар  оқыту  әдістерін  төмендегідей  жүйелейді .

  1. Түсіндірмелі иллюстративтік .
  2. Программалық .
  3. Эвристикалық .
  4. Проблемалық .
  5. Модельдік .

Бұл  әдістер  -  мұғалімдерге  жете  таныс , тәжірибеде  жиі  пайдаланылып , өнімді  нәтижелер  беріп  жүрген  әдістер . Модельдік  әдістерге  іскерлік  ойындары , сабақ  түрлері  ( баспасөз   сабағы , сот  сабағы , т. б. )  жатады .

     Модельдік  әдіс  оқушылардың  өз  бетінше , дербес  ізденуіне  жол  ашады , шығармашылық  жұмыстарға  баулиды . Қиялын , ойын  ұштайды .

    Белгілі  ғалымдар  Эльконин  мен  Давыдовтардың  дидактикалық  жүйесі  дамыта  оқыту  соңғы  кездерде  жаңашыл , ізденімпаз  ұстаздардың  тәжірибесіне  негізінен  енуде . Дамыта  оқыту  технологиясын  барлап  қарасақ , ол  ең  алдымен  « нені  дамыту  керек ? »  деген  сұрақтарға  жауап  іздеттіреді .

 

  1. Сезімін , түйсігін .
  2. Қабылдауын , тұшынуын , ынтасын .
  3. Зейінін , еске  ұстауын .                                                      Д
  4. Ұғынуын .                                                                             А
  5. Ойлау , қиялдау , болжау , қабілетін .                               М
  6. Ерік – қайратын .                                                                 Ы
  7. Оқу  іс - әрекеттерін , дағды , машықтарын .                    Т
  8. Жауапкершілігін , дербестігін , өз бетінше                        У

     ізденісін  ( жеке  адам  қасиеттері ) .   

 

  1. Дамыта  оқыту  ең  алдымен  өтілгелі  отырған  оқу  материалының  негізінде , оның  басты  ерекшелігіне  байланысты  жүзеге  асады .
  2. Екіншіден , оқу  мақсатын  шешу  кезнде , яғни  мұғалім  мен  оқушы  іс  -  әрекетінің  негізінде  жүзеге  асады . Бұл  процесте  оқушы  белсенді  субъектіге  айналады  да , ал  мұғалім  көмек  беруші , ұйымдастырушы ,  бағыт  беруші  деңгейінде  болады . ( Мысалы : түсіндір , дәлелде , сарала , салыстыр , қорытынды  жаса ) . Эльконин  мен  Давыдовтың  дидактикалық  жүйесі  бойынша  ДО  моделін  былай  беруге  болады .

Информация о работе Ойын технологиясын қолданудың тиімділігі