Ойын технологиясын қолданудың тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2015 в 20:00, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен - күнге басты талапқа айналып , осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді .
Курстық жұмысының өзектілігі :
Курстық жұмысымдағы өзекті мәселе : жаңа педтехнологияларды сабақтарда қолдануы – сабақтың білім сапасын көтерудің факторы деген пікірді дәлелдеу .

Содержание работы

І. КІРІСПЕ. …………………………………………………. ……..3


ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ ..........................................................................5

2.1. Педагогикалық технология талаптары .

2.2. Оқытуды технологияндыру .

а) Ойын технологиясын қолданудың тиімділігі.

ә) «Деңгейлеп саралау» технологиясы

б) М. Жанпейісованың модульдік технологиясын сабақта қолдану –
сабақтың білім сапасын көтерудің факторы.

в) Ұжымдық оқыту технологиясын пайдалану.


ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………...23


ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ………………………

Файлы: 1 файл

жаңа технологиялар.doc

— 198.50 Кб (Скачать файл)

 

1. Проблема - ізденіс

Проблема  қойылады , нұсқау  беріледі . Проблема  шешу  үшін  оқушы  өзі  белсене  кіріседі , оны  шешу  жолдарын  іздестіреді .

2. Пікір  таласы , дау , айтыс , талдау , қорытынды сөз .

Қарама – қайшы ұғым, түсініктер  ұсынылады. Ал оқушы өз идеясының авторы болып, өз пікірін қорғайды, басқа пікірлерді сынайды. Шындыққа жету үшін ізденеді. Әр түрлі көзқарастарды салыстырады, не сынайды, не жоққа шығарады.


 

    ДО  моделіне  барлап  қарасақ , оның , әсіресе , талдау , жинақтау , бағалау    сынды    мақсаттар   жүйесін  жүзеге  асыруда , білім  деңгейін  шығармашылық  сатыға  жеткізуде  тиімді  екеніне  көз  жеткіземіз .

     Сонымен  оқыту  технологиясы  бұрыннан  келе  жатқан  классикалық    педагогика    жетістіктерінен іздене  отырып , оны  жаңа    өнімді   әдістермен байытуды , білім  алуды  оқушының  өз  іс  -  әрекеттерін  ұйымдастыру  арқылы  жүзеге  асыруда  талап  етеді  екен .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. ОҚЫТУДЫ ТЕХНОЛОГИЯНДЫРУ .

     Қазіргі таңда   білім  жүйесі  күрделі  өзгерістерді  басынан  өткеруде . Тарихшы  -  педагогтардың  зерттеулеріндегі  сараптама  қорытындысы  көрсеткендей  оқыту  технологиясы  Ян  Коменскийден  бастап  жүздеген  жылдар  бойы  түрлі  ғылыми  көзқарастар  мен  пікірталастардың  негізгі  көзі  болып  отыр . Заманымыздың  негізгі  құндылығы  ақпарат  көздері . Сондықтан , педагогтар  үшін  басты  міндет оқушының  қызығушылығын  арттыру , оның  дамуына  жағдай  туғызу . Бүгінгі  күнде  оқушы  білім  үрдісінде  ( процесінде ) тек  объектілік  те  рөл  атқарады .

    Бүгінгі  неліктен  білім  технологиясы  жайлы  көп  айтылуда ? Жаңа  заманымыздың  білім  жүйесі  оқу  -  тәрбие  үрдісінде  технологиядағы  түрлілігімен  сипатталады . Егер  педагогикалық  технологияны  методикалық  ұйымдастырушы  құрал  деп  құрастыратын  болсақ , онда  түрлі  өзгеріп  отыратын  танымдық  технологияны  игеру  үшін  ұстазға  бейімділік  шығармашылық , жоғары  педагогтік  шеберлік қажет .

    Педагогика  ғылымында  іскерлік  және  шеберлік  технология  деген  түсінік  бір  ғана  ұғым  аясына  енген . Мұның  барлығы  мамандық  иесінің  жоғары  деңгейдегі  дайындығын  көрсететін  ең  басты  шығармашылық  аңғаратын  көрсеткіш . Бүгінгі  таңда  педагогикалық  технологияға  ерекше  көңіл  бөлудің  себебі  неде ?

    Біріншіден ,   педагогикада   іскерлік  -  жүйесінің  жаңа  жолын  табуға  қажеттіліктің  тууы . Екіншіден , оқытуда  жеке  -  белгілей  оқытуға  білім  беруде  тиімділігі  аз  жолдардан  бас  тарту . Ең   соңында   технологияны  жобалау  оқушы  мен  ұстаз  арасындағы өзара  қатынасты  қалыптастырып , білімге  қызығушылығын  арттыруды   бір  жүйеге   келтіру ,  әдіс  -  тәсілдердің ,   түрлерін  енгізу    білімнің  сапалығына , ал  мамандығына  сай  емес  ұстаздардың    төмен    дәрежеде    жұмыс   істеуіне   кедергі    жасайды .

    Технологияның  тиімділігі , оның  болашағы  маманның  психологиялық   ерекшелігіне , іскерлігіне  байланысты . Бұдан  шығатын  басты  талап  субъектінің  мән  бере  оқуы , жеке  бастың  даму  диагностикасы , жағдайларды  жобалау , ойлы  ізденістер  диалогы , оқулықтағы тапсырмаларды   өмірмен   байланыстырып  беру .

    Оқу  -  тәрбие  процесінде  жаңа  технологияның  кейбір  аспектілерін  даралап  көрсетуге  болады :

  1. Оқушының  оқу  үрдісіне  қызығушылығын  тудыру .
  2. Жеке  тұлғаны  жан  -  жақты  дамыту , оны  жетілдіру .
  3. Кең  көлемде  дамытып , білімді  терең  игеруіне  жағдай  туғызу .
  4. Білім  сапасын  көтеру .

Оқыту  технологиялары  оқу  процесіне , сабақ  түріне  байланысты  жан  -  жақты .

            а)     Ойын технологиясын  қолданудың тиімділігі .

 

     Бүгінгі   таңда   қоғамымыздың   даму  бағытында жан – жақы  дамығаң  сауатты , саналы азамат тәрбиелеу мәселесі   жүктеліп отыр. Ойын   арқылы оқушыны білім алуға,   оқуға   қызықтыра отырып , тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша барлық дидактикалық   ойындар оқушылардың   ақыл - ой белсенділігін     қалыптасырудың    маңызды   құралы  бола отырып , олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары   бойынша   алған   білімдерін  тереңдете түсуді , әрі  пысықтауды  көздейді . Бұл   ойындар  балалардың сабақ   үстіндегі    жұмысын   түрлендіре     түседі ,  олардың    пәнге   қызығушылығын    оятып, ынта – ықылас    қоюына баулиды және оқушылардың зейінің ойлау , зерде үрділерін дамытады . Өмір   тәржірибесін   бір  жүйеге келтіруге   үйретіп ,   нерв    жүйесін   демалдырады .  Міне ,  сондықтан  да  ойын оқу - әрекетінде жетекші рөл атқарады.

  Ойындардың  оқыту мазмұнына  сәйкес  түрлері :

  1. Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе   оқиғаларды  бейнелейді   бірақ   олар  ерекше түрде ашып көрсетіледі : қарапайым жұмбақ арқылы :қиындық  -  оңай жолмен ; қажеттілер  -  қызық жолмен беріледі ;

2. Ойын – тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.

  1. Ойын – болжамдар. Бұл  ойындар « Не болар еді... ? », « Мен не істер  едім егер... »  деген  сұрақтарға  негізделеді. Ойының дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық   міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай  ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс есептерін  тағайындауді  талап  етед і.

4. Ойын – жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі – логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.

5. Ойын - әңгімелер. Ол   мұғалімнің   балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым – қатынасына негізделеді . Бұл   қарым  – қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойының құндылығы – олар эмоциональдық   түрде белсендіруге , бір сөздікке , өзара әрекет   жасауға  , бірлесіп   ойлануға   мүмкіндік   туғызады. 

 Танымдық  іс-әрекет сипатына сәйкес ойын  түрлері:

1. Балалардың   орындаушылық   әрекетті талап ететін ойындар.

  1. Қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар.
  2. Қайта жасау іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар.
  3. Оқушылардың іс-әрекетін бақылауға бағыттаған ойындар.
  4. Ізденіс іс-әрекетіне бағытталған ойындар.

Құрылымы бойынша ойындарды мынадай  түрлерге жіктейді:

  1. Сюжеттік - рөлдік ойындар.
  2. Жаттығу ойындар.
  3. Драмалық ойындар.
  4. Шығармашылық ойындар.
  5. Әдеби-музыкалық ойындар.

Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай жіктемесі бар:

  1. Білім беретін ойындар.
  2. Тәрбиелейтін ойындар.
  3. Дамытатын ойындар.
  4. Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар.
  5. Диагностикалық ойындар.

     Сабақты бірыңғай әдістермен жүргізе беру оқушыларды жалықтырары сөзсіз. Егер арасында ойын араласып келіп отырса, оқушылар сабақ мазмұнына аса назар аударып, тез қабылдап, ұғып алады.

. Ойын – пәндік әрекеттерді жетілдіріп ,  бірлесіп  жұмыс  жасай   білуге   дағдыландырады. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп  отырған білімін аса зор ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.   ойын түрлерін қолдану, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.

Ойын түрлерін мұғалім сыныптан сыныпқа өткен сайын дидактикалық  " деректіден дерексізге , жеңілден ауырға, жақыннан алысқа " деген   принципті   негізге ала отырып , бірте –   бірте   күрделендіре   жүргізуге   болады .  Мүмкіншілігіне  қарай , әр тақырып бойынша ойын түрлерін қолданып сабақ жүргізу, мұғалімнің шеберлігін шыңдап , сабақтың сапасын арттырары сөзсіз.

     Ойынның  негізгі  мақсаты - баланы қызықтыра отырып  білімді берік меңгерту болса, мұғалімнің міндеті - сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті  меңгертуге қол жеткізу.

    ә ) «Деңгейлеп саралау» технологиясы.

     Жалпы  дидактикада  да , әлемдік  әдістеме  ілімінде  де  бұрыннан  қалыптасқан  « деңгейлік  оқыту »  ұғымы  бар . Деңгейлік  оқыту  мәселесінің  негізгі  қағидалары , заңдылықтары , оны  жүзеге  асыру  жолдары  аталған  ғылым  салаларында  қарастырылған .

     « Деңгей  »  сөзі  термин  ретінде  алғаш  математика  ғылымында  пайда  болған . Математикада  бұл  термин  « өлшеу  құралын » , « шаманы » белгілейді .

     Деңгейлік  идеясы  шет  елдерде  педагогика  ғылымына  1920  жылдың  басында  енген .

    Ал , кеңесті  педагогикада  деңгейлік  оқыту  мәселесін  О. Б. Лошкова  ( деңгейлік  саралап  оқыту ) , В. В. Фирсов  ( міндетті  нәтижеге  негіздеп  деңгейлеп  оқыту ) , В. П. Беспалько  ( тапсырмалардың  «  қиыншылығын  есепке  алу »  әрекетінің  төрт  деңгейі ) т. б.  ғалымдар  қарастырған .

    Педагог  -  ғалым  В. П. Беспалько  зерттеу  еңбектерінде  деңгейлеп , саралап  оқытуға  кеңірек  тоқталып , оның   ең  тиімді  әдістерін , тың  жолдарын , озық  үлгілерін  жаңашылдықпен  дәлелдеп  береді . Ғалым  оқу  материалдарын  меңгерудің  төрт  деңгейін  ұсынады :

      Бірінші , оқушылық  деңгей . Мұнда  білімнің  берілуі , деңгейлік  тапсырмалардың  іске  асырылуы  бағдарлама  талабына  сәйкес  қарастырылған ;

      Екінші ,   алгоритмдік  деңгейде  оқу материалдарының  түсініктілігі , мазмұны  деңгейлік  тапсырмалардың  күрделене  түсуінен  аңғарылады ;

     Үшінші , ізденушілік  деңгейде  білімнің  берілуі , жүйелілігі ,  сабақтыстығы , ізденушілік  ерекшелігі  басым  болып , деңгейлік  тапсырмалардың танымдық  жағынан  жетілуіне , тереңдетілуіне  айырықша  назар  аударылады ;

     Төртінші , шығармашылық  деңгейде  баланың  дарындылығы , таланты , тапсырмаларды  орындаудағы  ізденімпаздықғы , танымдық  рухани  интеллектуалдық  шеберлікке  ұштасады .

     Деңгейлік  тапсырмаларды  орындау  барысында  мынандай  әрекеттер  жүзеге  асырылады :

  • Интеллектуалдық  іс  -  әрекеттер ;
  • Ойлау  операциялары  ( талдау , жинақтау , жіктеу , т. б. ) ;
  • Тіл  таңбаларын  қолдану .

    Әр    деңгейдің    алдына  қоятын  мақсаты , міндеті  болатыны  белгілі .

 

    Жаңа  технология  күнделікті сабақтарға  енгізе  отырып , мынадай  мақсат  қою  керек :

    Біріншіден , оқушының  жас  ерекшелігін  ескеру , екіншіден , оқушылардың  қабілет  деңгейін  анықтай  отырып , өз  бетімен  жұмыс  жасауға  үйрету , ойлау  қабілеттерін  арттыра  түсу , даму  мониторингін  құрып  оқушының  дамуын  қадағалай  отырып , ата  -  анасымен  байланысты  нығайту  арқылы  әр  оқушы  стандарт  көлемінде  тиянақты  білім  алып  шығуға  көңіл  бөлу . Қабілетті  оқушылардың  даму  деңгейін  шығармашылыққа  ұштастыру .

    Ж. Қараевтың  «  Деңгейлеп  саралау »  технологияны  сабақта  қолдана  отырып , мынадай  тиімді  жақтары  барын  байқадым :

  1. Оқушы  өз  бетімен  жұмыс  жүргізуге  дағдыланады .
  2. Жеке  дара  қабілеттілері  айқындалады .
  3. Оқушылар  нақты  өз  деңгейінде  бағаланады .
  4. Даму  мониторингі  айқын  көрініп  отырады .
  5. Сабаққа  деген  қызыгушылығы  артады .

    Сонымен  бірге  мұғалімге  қиындық  келтіретін  жақтары  да  жоқ  емес . Біріншіден , сабақтағы  уақытты  тиімді  пайдалана  отырып , оқушы  тапсырмаларын  тексеріп  үлгеру  керек , сонымен  бірге  оқушының  жіберген  қателіктерін  түсіндіріп  үлгеру  керек , себебі  ол  келесі  деңгейге  көтерілуі  үшін  келесі  тапсырманы  дұрыс  шығаруы  керек , бүкіл  сыныпты  тексеріп  шығу  ауыр .

  б)   М. Жанпейісованың модульдік технологиясын сабақта қолдану – сабақтың білім сапасын көтерудің факторы .

      М. Жанпейісованың    модульдік  оқыту  технологиясының   негізі   алға   баланың  тұлғасын  қояды , бұл жаңа білім парадигмасына сай  келіп  отыр.

    Технологияның  басты  ерекшелігі  -  оның  тек  қана  білімді  меңгеруге  емес , тұлғаның  танымдық  қабілеттерінің  және  танымдық  процестерді , яғни , жадының  алуан  түрлерін  ( есту , көру , қимыл )  -  ойлауды , ынтаны , қабылдау  қабілетін  арнайы  жасалған  оқу  және  танымдық  жағдайлар  арқылы  дамытуға , сондай – ақ  тұлғаның  қауіпсіздігін , өзін - өзі  өзектілендіру , өзін - өзі  бекіту , қарым – қатынас , ойын , танымдық  және  шығармашылық қажеттіліктерін  қанағаттандыруға , белсенді  сөздік  қорын  дамытуға  бағытталады . Технология  модульдік  сипатта  беріледі . модуль  дегеніміз  -  қандай  да  бір  жүйенің , ұйымның  анықталатын , біршама  дербес  бөлігі  ( С. И. Ожегов ) .

Информация о работе Ойын технологиясын қолданудың тиімділігі